Бұрышқа зиян келтіретін бунақденелердің биологиясы, зияндылығы, таралуы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар:

Кіріспе:

  • Негізгі бөлім:

Бұрышқа зиян келтіретін бунақденелердің биологиясы, зияндылығы, таралуы
Оларға қарсы күресу шаралары
Қорытынды:
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Бұрыш (Сapsіcum) - алқа тұқымдасына жататын бір жылдық шөптесін өсімдік. Қазақстанның оңт. облыстарында бір жылдық түрлері өсіріледі. Тропик аймақтарда көп жылдық өсімдік ретінде өседі. Қазақстанда Б-тың 1 түрі - қызыл Б. (С. annuum) бар. Б. - жылу және ылғал сүйгіш өсімдік. Биікт. 30 - 130 см, сабағынан жанама сабақшалар шығады. Жапырағы жұптасып орналасқан, жұмыртқа тәрізді тықыр немесе түкті келеді. Маусым - шілдеде гүлдейді, гүлдері жалқы немесе жұптасқан, түсі ақ сары, күлгін түсті. Б. тұқымынан алынған көшеттерінен өсіріледі. Қазақстанның оңт. ауд-нда Б-тың “астрахандық”, “болгарлық”, “ласточка”, “подарок”, “ротонда”, т. б. сорттары егіледі. Б-ты тамаққа дәм беруге, маринадтауға, консервілеуге және салаттар жасауға пайдаланады. Б-тың аурулары: шірік, вирус, солуБұрыш - алқа туысына жататын біржылдық бақша өсімдігі. Оның түрі өте көп. Жапырақтары ұзынша келген немесе қысқа табақ тәріздес, жекелей немесе бір түпке жиналып орналасқан, түсі ақшыл жасылдан, қою қара жасыл түске дейін өзгереді. Гүлдері ірі, ақшыл немесе жасыл түсті, түбі сарғыш немесе күлгін болады. Жемісі тұқымды, ортасы бос, қызыл, сары, қызыл-сары, жасыл түсті, түріне қарай пішіні әр түрлі, салмағы 0, 25-190 грамм тартады. Бұрыштың Отаны - Америка. Табиғи түрін Американың тропикалық аймақтарында кездестіруге болады. Жер шарының тропикалық және субтропикалық белдеулерінде өсіріледі. Бұрыш - жылусүйгіш өсімдік, оның қалыпты температурасы - 18-25 °C. Тыңайтылған топырақта ғана жақсы өседі. Бірқалыпты суғарып тұрған жөн. Зиянкестері: карадрина, нематодтар т. б. Аурулары: солу, вирустар және т. б. Бұрыш құрамында алкалоид, капсаицин (0, 03 % шамасында), қант (8, 4 % дейін), ақуыз (1, 5 % дейін), С дәрумені (500 мг% дейін), каротин (14 мг%), P, B1, B2 дәрумендері, эфир майы (1, 5 %) және майлар (тұқымында 10 %), стероид сапониндері бар. Бұрыш(Сapsіcum) Жемісі - етжеңді, іші қуыс, көп тұқымды жидек, салмағы 50 - 200 г, түсі қызыл, сары, жасыл, қоңыржасыл, 2 - 4 ұялы болады. Тұқымы дөңгелек, ақсары түсті. Бұрыш дәмдік сапасына қарай ащы, тұщы және жұпарлы сорттарға бөлінеді. Жемісінің құрамындағы капсаицин алкалоиды оған ащы дәм береді. Бұрыш витаминдерге (А, С, т. б. ), оның ішінде аскорбин қышқылына өте бай. Жемісінің құрамында белок (тәтті сорттарында 2 - 5, ащы сорттарында 1 - 1, 5) болады. Б. жемісінің құрамындағы эфир майлары оған өзіне тән жұпар иіс, дәм береді. Бұрыштың(Capsicum annum) 100 г - 26 ккал С және А дәрумендерінің, сондай-ақ бета-каротиннің бай көзі. Жасыл бұрыштың құрамында С дәрумені көп, ал сары мен жасылында - бета-каротин көбірек. Белсенді және белсенді емес шылым құмарлардың назарына - мәзірде бұрыштың болуы қатерлі ісіктің және өкпе эмфиземасының даму қауіп-қатерін төмендетеді. Ақжелкен көгінен кейінгі барлық көкөністердің ішінен бұрыш C дәруменінің ең бай көзі болып табылады. Бұрыштың 200 грамы ересек адамның С дәруменіне деген күндізгі қажеттілігін қамтамасыз етеді. С дәруменінен басқа бұрыштың құрамында А дәрумені бар, бұл бос радикалдардың көзін жоятын коктейл болып табылады. Бұл керемет дуэт склероздан және жүрек ауруларынан қорғай отырып, холестериннің жиналуына кедергі жасайды. Сонымен қатар, ол қатерлі ісіктердің, шелдің және шорбуынның түзілуінің алдын алады. Бұрышты көптеген тағамдардың құрамына, атап айтқанда, «Лечо», фаршталған бұрыш дайындауға, сорпаларды қоюландырғыштарға, тұздықтарға, салаттарға қосады.

Red, yellow and green pepper

1-сурет Бұрыш

Бақша бітесі-Aphis gossypii Glov(Homoptera отряды, Aphididae тұқымдасы) . Бұл жәндік қиярды, бұрышты, асқабақты, патиссонды, кәдіні зақымдайды. Бақша бетінің ұзындығы -1, 2-2мм, түсі сарыдан бастап қара жасыл, тіпті қара болып келеді. Баланқұрттары сары және жасыл. Ересек бітелер немесе баланқұрттар сары және жасыл. Ересек бітелер немесе баланқұрттар арамшөптерде қыстайды. Көктемде 12 С температурада бітелер ұрықтанбаған күйінде көбейе бастайды, бастапқыда арамшөптермен қоректенеді, одан кейін екпе өсімдіктерге көшеді. Ашық алаңда біте қиярда шілде-тамыз айларында, ал жабық алаңда көктемде пайда болады. Бітелер тобы жапырақтардың төменгі бетінде, өскіндерінде, гүлдері мен түйіндерінде орнығады да, олардың бүрісуіне, қатпарлануына және кеуіп қалуына әкеп соқтырады. Кейде жапырақтар бетінде, бітелердің тәтті шырынына күйе саңырауқұлақтары орнығады.

C:\Users\user\Desktop\images (1).jpg C:\Users\user\Desktop\images.jpg

Бақша бітесі-Aphis gossypii Glov 2-сурет

Күресу шаралары. Арамшөптерді жүйелі түрде жойып отыру, себебі біте екпе дақылдарына тек арамшөптерден ғана көшеді. Тускен жапырақтардың астындағы қыстап жатқан қанқызын жинап, оларды жылыжайларға жіберу; сілті (10 л суға 200 г күл мен 50 г сабын араластырып) бүрку. Инсектицидтерді «Тізімге…» сәйкес қолдану.

Жылыжай аққанаты -Trialeurodes vaporarium Wstw. (Homeptera отряды, Aleyrodidae тұқымдасы ) . Қиярды, қызанақты бұрышты салат жапырақтарын, бүлдіргендерді және басқа өсімдіктерді зақымдайды. Ересек аққанаттының сары денесінің ұзындығы 1, 5 мм дейін жетеді және көлемі жағынан бірдей болып келетін екі жұп аппақ қанаттары болады. Бір жастағы дернәсілдері мөлдір болып келеді және дамудың жалғыз -ақ жылжымалы сатысы болып табылады. Ересек дернәсілдері ұзындығы 0, 8-0, 9 мм-ге дейін жетеді, ол ақшыл жасыл және қызыл көздері бар, үстін қысқа түктер басқан, денесінің шетінде 2 жіпшесі болады. Аналықтары ақшыл жасыл кішкене жұмыртқаларын тобы мен салады, жас жапырақтардың төменгі бетіне көбінесе дөңгелек түрінді 10-20 данадан салады. Жұмыртқалары жапырақ бетіне сабақшалар арқылы орнығады және бастапқы кезде өсімдіктен оларды көру мүмкін емес. 1-2 күннен соң жұмыртқалар қоңыр түске айналады. Ұрықтықтық даму 7-12 күн ішіндегі температураға байланысты жалғасады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдері, одан кейін ересек дарақтар өсімдік шырынымаен қоректеніп, олардың өсуін қатты әлсіретеді. Қою шырынды сұйықтықта күйе саңырауқұлақтар дамиды, олар жапырақтың фитосинтетикалық қызмтін әлсіретеді. Сондай-ақ саңырауқұлақтары толықтай немесе жартылай балауызды сұйықтықпен жабылады. 7-15 тәуліктен кейін құрттар қозғалыссыз нимфаларға, 10-16 күннен кейін ересек жәндіктерге айналады. Жылыжайларда аққанат жыл бойы 10-15 ұрпақ беріп дами алады.

C:\Users\user\Desktop\aleurode.jpg C:\Users\user\Desktop\images (2).jpg

Жылыжай аққанаты -Trialeurodes vaporarium 3-сурет

Күресу шаралары Өткен жылғы егін орағынан кейін қалған барлық өсімдік қалдықтарын жою. Өсіп келе жатқан арамшөптерді жүйелі түрде жойфп отыру. Аз зақымдалатын дақылдарды өсіру. Жылыжайлардың желдеткіштері мен есіктерін бір қабат дәкемен жабады, желімді торлар құрады. Ол үшін фанер кесіндісін алып, оны сары немесе ақ түске боялады, бұлар жәндіктерді тартады және оларды вазелинмен, бал қосылған канифольмен немесе касторамен майлайды. Жәндіктер оған қонады да, жабысып қалады. Көшетте аққанат байқалған жағдайда 1:10 арақатынасында энкразиялар жібереді.

Жұмыр құрттар, нематодтар (Nemathelmіnthes) - төменгі сатыдағы құрттар типі. Жер шарында кең тараған (теңіздер мен мұхиттарда, тұщы суларда, топырақта, биосферада), кездеспейтін жері жоқ, сондықтан оларды космополиттік жануарлар қатарына жатқызады. Жұмыр құрттардың 5 класы бар: нағыз Жұмыр құрттар (Nematoda) ; құрсақ кірпікшелілер (Gastrotrіcha) ; киноринхалар (Kіnorhyncha) ; түкті құрттар (Nematorpha) ; коловраткалар (Rotatorіa) . 27 мыңдай түрі белгілі. Бұлардың жалпақ құрттардан айырмашылығы - ішкі мүшелерінің арасында дене қуысының (схизоцельдің) болуы. Сондықтан Жұмыр құрттарды бірінші реттік дене қуысы бар жануарларға жатқызады.

C:\Users\user\Desktop\800px-Corn_worm.jpg C:\Users\user\Desktop\640px-Soybean_cyst_nematode_and_egg_SEM.jpg

Жұмыр құрттар 4-сурет

Беде қоңыр көбелегі, зығыр қоңыр көбелегі (Chlorіdea dіpsacea) - қоңыр көбелектер тұқымдасына жататын ауыл шаруашылығы дақылдарының зиянкесі. Далалы және орманды-далалы белдемдерінде кездеседі. Қанатының жайғандағы ұзындығы 30 - 35 см-дей. Көбелек 600 - 700, кейде 1500 жұмыртқасалады. Оны не қызғылтсұртүсті (ұзындығы 21 - 40 мм) . Бұрыш, беде, зығыр, соя, мақта, кендір, арахис, күнбағыс, темекі, көксағыз, т. б. дақылдардыңжапырағын, тұқымбүрін, тұқымынжепқоректенеді, топырақарасында (2 - 5 см тереңдікте) қуыршаққаайналады. (оңт. аудандарында) не аяғында (солт-те) ұшабастайды. Жылына 2 - 3 ретұрпақбереді.

C:\Users\user\Desktop\Lymantria_dispar_MHNT.CUT.2012.0.357_Claix_(Isère)_Female.jpg

Беде қоңыр көбелегі 5-сурет

Негізгі күрес шаралары: Б. қ. к. қуыршаққа айнала бастаған кезде егістікті қопсыту, оның шөбі алынғаннан кейін сүдігер жырту, тех. дақылдар мен бұршақты өсімдіктер себілген жерлерге инсектицид (хлорофос, метафос, т. б. ) шашу.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жүзім шоғы жапырақ ширатқышы
Алма жемісіне зиян келтіретін бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын кешенді қорғау шаралық жүйесі
Астық дақылдарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын кешенді қорғау шаралар жүйесі
БИOЛOГИЯ САБАҒЫНДА ПАЙДАЛЫ НАСЕКOМДАРДЫҢ БИOЛOГИЯСЫН OҚЫТУ ЕРЕШIЛIКТЕРI
Ересек аралар - қорғансыз жәндіктер
Бунақденелердің қан айналу жүйесі ашық
Жеміс ағаштарына зиян келтіретін кеміргіш бунақденелердің таралуы, биологиясы, зияндылығы және оларға қарсы қолданатын күресу шаралар жүйесі
Зиянды бақашық
«Оңтүстік Қазақстан облысы Түлкібас ауданында қызанақ егістерінде кездесетін зиянды нематодтардың, кенелердің және кеміргіштердің таралуы, зияндылығы және күресу шаралары»
Ұзынша кене
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz