Хламидия, микоплазма, спирохетаның морфологиялық ерекшелігі мен құрылысы


Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі

Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттік университеті

БӨЖ

Тақырыбы: Хламидия, микоплазма, спирохетаның морфологиялық ерекшелігі мен құрылысы.

Орындаған:

Тексерген:Зайнеттинова Д. Б Тобы:ОЗ-507

2015-2016 оқу жылы

Семей қаласы

Жоспар:

1. Хламидия құрылысы.

2. Микоплазманың морфологиясы.

3. Спирохетаның морфологиялық ерекшелігі мен құрылысы.

Хламидиялар (грек. chlamyda - мантия) - адам, жануар және құстарда әртүрлі ауру қоздыратын бактериялар. Хламидиялар жасуша ішінде өніп-өсіп, паразиттік тіршілік етеді. Зақымданған жасушаларда олар мантия (сырттан киетін ұзын шапан) сияқты қабықша түзетіндіктен, аты осыған байланысты аталған. Хламидияның бірнеше түрі бар:

  • C. trachomatіs, C. psіttacі - адамдарда;
  • C. pecorum, C. abortus, C. felіs - жануарларда ауру қоздырады.

Ұсақ, пішіні шар тәрізді. Хламидия адамдарда көз ауруларын (басыр, конъюнктивит, т. б. ), несеп-жыныс жолдарының (уретрит, простатит, эндометрит, сальпингит, т. б. ), шап бездерінің вирусты ауру (шап лимфогранулематозы) және өкпенің қабынуы (бронхит, пневмония, орнитоз, т. б. ) ауруларды қоздыруға себепкер болады. Қоздыратын ауру түріне байланысты жұғу жолдары да әртүрлі болып келеді. Көбінесе тұрмыстық қатынас арқылы (тікелей жанасу немесе тұрмыстық заттар арқылы), жыныстық жолмен және тыныс алу жолдары арқылы жұғады. Хламидия қоздыратын ауруларды жалпы атпен хламидиоздар деп атайды. Хламидиозбен ауырып тұрған адамда иммунитет ұзаққа созылмайды, сондықтан қайталап ауруы мүмкін. Ауруға диагнозды:

  1. зақымданған жерден жағынды алып, бактерия морфологиясын;
  2. серол. реакцияның көмегімен науқастың қан сарысуындағы арнайы антиденелердің деңгейін анықтайды;
  3. ұрықтанған тауық жұмыртқасына немесе жасуша дақылдарына жұқтыру арқылы науқастан алынған заттан Хламидияның таза дақылын бөліп алып зерттейді.

Емі: антибиотиктер, иммунды-стимулдеуші препараттар, т. б. беріледі. Жеке бастың гигиенасын, құс өсіретін кәсіпорындарда қауіпсіздік техникасын сақтау. Хламидияға қарсы егу әдісі қолданылмайды.

Микоплазма. «Микоплазма» термині Mycoplasmataceae және Acholeplasmataceae тұқымдастықтарына жататын барлық микробтар үшін қолданылады. Микоплазмалардың негізгі таксономиялық белгісі мочевинаны гидролиздеу қабілеті болып табылады.

Соңғы жылдардағы зерттеулер барысында M. fermentans және M. penetrans ЖИТС дамуына белсенді түрде қатысатындықтары анықталған. M. pneumoniae -респираторлық инфекциялар қоздырғышы, M. hominis, M. genitalium, U. urealyticum - урогениталдық инфекциялар қоздырғыштары болып табылады.

Морфологиясы . Микоплазмалар өте ұсақ, бос күйінде тіршілік ететін бактериялар. Олар екі ерекшелікке ие: 1) микоплазмаларға ғана тән құрылымы бар, 2) өте жиі жасуша дақылдарын контаминациялайды, өсімдіктер, жануарлар және адамдарда ауру тудырады. Бірқатар вирустардың (соның ішінде онкогенді, АИВ), көбеюіне әсер етеді, және де өздері де иммунды тапшылық тудыруға қабілетті.

Микоплазма - ұсақ сфера пішінді және жіпше тәрізді жасушалар. Спора түзбейді. Оларда жасушалық қабырғасы жоқ, сондықтан үш қабатты жұқа липопротеинді мембранамен қоршалған. Осының арқасында микоплазма пішіндері тұрақты емес, бактериалық сүзгіштерден өтіп кетеді, Грамша боялмайды, ал Романовский-Гимзе әдісімен жақсы боялады. Жасуша құрылымы өте қарапайым, үш қабатты цитоплазматикалық мемранамен қатар құрылымы прокариоттық нуклеоидтан және рибосомалардан тұрады. Микоплазмалар мембраналық паразиттер. Олар эукариоттардың жасушаларында жақсы паразиттік тіршілік ете алады, осы қасиеті оларды хламидиялардан ерекшелендіреді және қоздыратын патологиялық үрдістерінің патогенезіне тікелей әсер етеді. Қозғалатын және қозғалмайтын түрлері кездеседі. Минималды репродукцияланатын бірлігі - элементарлық денешіктері. Сонымен қатар микоплазмалар бүршіктену, бұтақталған және тізбектелген түрлерінің сегментациялануы арқылы, бинарлық бөліну жолымен, жіпшелерінің кокк тәріздес ыдырап кетуі арқылы да репродукцияланады. Олар сопақша немесе шар пішінді болады. Біртіндеп ұзарып жіпшелер құрастыруы мүмкін. Прокариоттар ішінде геномының көлемі бойынша ең кішісі - микоплазмалар (риккетсия геномының 1/16 бөлігіндей) . Микоплазма пенициллинге тұрақты. Дегенмен, тетрациклин мен эритромицин олардың өМикоплазмоз тобы адамдарда микоплазмалармен тудыратын ауру. Олар антропонозды бактериялық инфекция. Алғашқы рет 1898ж. микоплазмаларды Э. Нокар, Э. Ру, А. Боррель байқаған. 1910ж. Ж. Борде мен А. Боррель қоздырғыштың толық морфологиялық сипаттамасын берген. 1929ж. К. Новак «микоплаз­малар» деген атауды ұсынған. 1931ж. бактериялық сүзгіштердің көмегімен Эльфорд микоплазманың көлемін анықтаған. 1937ж. алғашқы рет Дианес пен Эдзалл бартолин бездерінің абцесінен бөлінген іріңнен адамдарға патогенді микоплазмаларды бөліп алған. 1944ж. М. Итон атипті пневмониямен ауырған науқастан микоплазмаларды бөліп алған. 1954ж. уретритпен ауырған науқастан Шепард патогенді Ureaplazma urealyticum бөліп алған. 1962ж. В. Д. Тимаков пен А. С. Про­зоровский респираторлы микоплазмоздың қоздырғышы Mycoplasma pneumoniaeекндігін дәлелдеген.

Қоздырғыштың түріне байланысты олар тыныс ағзаларын немесе несеп-жыныс жолдарын, өте сирек жағдайда басқа ағзаларды да зақымдайды

суін тежейді.

Антигендік қасиеті мен п атогенділік факторлары . Күрделі, жасуша мембранасында түрспецификалық антигені бар. Жоғарғы жиілікке ие мутация нәтижесінде антигендік полиморфизмі айқын байқалуымен ерекшеленеді. Химимялық құрамында полисахаридтер, ақуыздар, гликопептидтер болады. Ақуыздардың басым көпшілігі мен липидтер мембрана құрамына кіреді.

Патогенділік факторлары әртүрлі және құбылмалы. Негізгі патогенділік факторлары: адгезиндер, токсиндер, агрессия ферменттері және метаболизмнің өнімдері. Мембраналық ақуыздардың кейбіреулері адгезиндер рөлін атқарады.

Резистенттілігі. Қоршаған ортада тұрақсыз. Жоғарғы температураға, ылғалдылыққа, ультракүлгін сәулелерге шыдамайды. Ортаның рН-шы - 7, 5-8, 0, уреаплазмалар сілтілі ортаға өте сезімтал, оптимальды рН 6, 0+/-0, 2. Микоплазмалар және уреаплазмалар фторхинолондарға, цефалоспориндерге, азалидтерге, тетрациклиндерге сезімтал. Кең қолданылатын антисептиктер мен дезинфектанттарға сезімтал.

Эпидемиологиясы. Табиғатта микоплазмалар кең таралған. Инфекция көзі - ауру адам, тасымалдаушы. Таралу механизмі - аэрогенді, негізгі таралу жолдары - ауа-тамшылы, жыныстық қатынас арқылы. Ауруға адамның сезімталдығы жоғары. Ауру оқиғаларының жиілеу мезгілі - жаз айларының аяғы мен күз айлары.

Уреаплазманың жұқтыру көзі - ауру адам. Жыныстық жолмен жұғатын ауруларға (ЖЖЖА) жатады, сезімталдығы жоғары. Негізгі қауіпті топтары - гомосексуалистер мен жезөкшелер. Ерекшелігі - жиі соз, трихоманоз, кандидоз ауруларымен бірлесіп ауру тудырады.

Патогенезі мен клиникалық көрінісі. Микоплазмалар қоздыратын инфекцияларға ғана тән сипаттамалары жоқ. Клиникалық-морфологиялық белгілері бойынша микоплазмалық инфекциялар басқа бактериялық қоздырғыштар, хламидиялар, вирустар, саңырауқұлақтар т. б. тудыратын патологиялармен ұқсас болып келеді. Сондықтан дер кезінде анықтап, клиникалық диагноз қою қиын. Микоплазмалық инфекциялар жедел түрде өтуі мүмкін, бірақ созылмалы күйге жиі ауысып кетіп отырады.

Олар жоғарғы тыныс алу жолдарының эпителтоциттерінің мембраналық паразиттері болғандықтан фагоциттер мен эпителиоциттерде персистенцияланады. Бронхтар мен альвеолардың эпителиялық жасушаларына супероксиданттардың токсикалық әсер етуінің салдарынан бронхтар мен өкпеде қабыну дамуын, бауыр, ми басқа да ағзаларға гематогендік диссеминациялануын, уретраның цилиндрлі эпителиялық жасушалар мембраналының зақымдануын тудырады.

Иммунитеті. Кернеулі емес, жасушалық және гуморальдық болады. Жергілікті - SІgA иммуноглобулинін түзеді. Жеңіл түрінен кейін ұзақ емес, ауыр түрінен кейін − 5-6 жылдық иммунитет қалыптасады.

Микробиологиялық диагноз қою. Респираторлы микоплазмозға күдік туғанда зерттеу материалы ретінде қақырық, мұрын, жұтқыншақ шырышы, бронх шайындысы және түсік кезіндегі ұрық пен ана құрсағында өлген баланың ішкі ағзаларынан жағынды-препараттар алынады

Урогениталды инфекцияларда таңғы несептің ортаңғы бөлігі, уретра, қынаптың, цервикалды өзектің шырышты қабаттарынан қырынды алынып зерттеледі. Лапароскопия, амниоцентез жасағанда алынған материалдар да тексеріледі. Простатитте простатаның бөлігі, ер адамдардың бедеулігінде - сперма зерттеледі.

Спирохеталар . Спирохета Spirochaetaсеае, Treponemataceae, Leptospiraceae, Brachyspiracae тұқымдастығына біріктірілген, Spirochaetaes сыныбына, Spirochaetales қатарына жататын Treponema, Borrelia, Leptospira, Brachyspira туыстастығының медицинадағы орны ерекше.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Рикетсиялар.Микоплазма. Хламидиялар
Туберкулез. Алапес. Дифтерия, көкжөтел. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы. Спирохеталар, микоплазма, хламидия, риккетсия. Жалпы сипаттамасы. Диагностикасы, емі, алдын-алуы
Коринебактериялар, микобактериялар, алапес (лепра) қоздырғыштар
Бактерия клеткасының құрылысы
Жылқының көз аурулары және оның алдын алу
Патологиялық физиология пәні және патологиялық физиологияға үлес қосқан ғалымдар.Ауру туралы жалпы түсінік
Әйелдердің жыныс мүшелерінің қабыну аурылары
Жыныс қатынасы арқылы жұғатын аурулар
Жыныстық жолмен берілетін аурулардың түрлері және олардың алдын алу
Трансмисивті инфекция қоздырғыштары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz