Қазақстан Республикасының салық жүйесі жайында



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .2


НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1.Салықтар қызметтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2.Салық жүйесі және салық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.1.Салық салу элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
3.Салықтардың экономикаға ықпалы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
4.Салық жүктемесі (салық ауыртпалығы) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .8
5.Қазақстан Республикасының салық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9


ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9


ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11
Салық – мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар – шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. «Салық» ұғымымен «салық жүйесі» ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі – салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы – салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық салудың тәжірибесінде бір объектіге оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі.
1. Банк терминдері мен ұғымдарының қазақша-орысша сөздігі. / Ғ. Сейіткасымов, Б. Бейсенғалиев, Ж. Бекболатұлы — Алматы: Экономика, 2006.
2. 1.Құлпыбаев С. Қаржы. Оқу құралы.-Алматы: Мерей, 2000 жыл.-182 бет.
3. (Источник: Табала, Д. Ч. Налогообложение как фактор повышения конкурентоспособности предприятий Беларуси / С. А. Пелих, Д. Ч. Табала // Финансы. — 2004. № 11. — С. 73-76.)
4. Қаржы-экономика сөздігі. — Алматы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің Экономика институты, «Зияткер» ЖШС, 2007.

Пән: Салық
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР
oo
oo
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..2
oo
oo
НЕГІЗГІ БӨЛІМ:
1.Салықтар қызметтері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
2.Салық жүйесі және салық саясаты ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
2.1.Салық салу элементтері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .5
3.Салықтардың экономикаға ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ..7
4.Салық жүктемесі (салық ауыртпалығы) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8
5.Қазақстан Республикасының салық жүйесі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9

oo
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...9
oo
oo
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..11

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Кіріспе
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салық - мемлекеттік бюджетке заңды және жеке тұлғалардан белгілі бір мөлшерде түсетін міндетті төлемдер. Салықтар - шаруашылық жүргізуші субъектілердің, жеке тұлғалардың мемлекет пен екі арадағы мемлекеттік бюджет арқылы жүзеге асырылатын, қаржы қатынастарын сипаттайтын экономикалық санат. Салықтардың экономикалық мәні мынада: салықтар шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының қалыптасуындағы қаржылық қатынастардың бір бөлігін білдіреді. Сондай-ақ шаруашылық жүргізуші субъектілер мен халық табысының белгілі бір мөлшерін мемлекет үлесіне жинақтап, жиынтықтаудың қаржылық қатынастарын көрсетеді. Салық ұғымымен салық жүйесі ұғымы тығыз байланысты. Мемлекетте алынатын салық түрлерінің, оның құру мен алудың нысандары мен әдістерінің, салық органдарының жиынтығы әдетте мемлекеттің салық жүйесін құрайды. Салықтардың, оларды төлеушілердің, салықтарды алу әдістерінің, салық жеңілдіктерінің жиынтығының болатындығынан салық жүйелерінің әжептәуір күрделі үлгілері болуы мүмкін.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Барлық өркениетті елдерде салықтардың бүкіл жиынтығы әр түрлі қағидаттар бойынша жіктеледі. Салықтар мемлекеттің құрылуымен бірге пайда болады және мемлекеттің өмір сүріп, дамуының негізі болып табылады. Мемлекет құрылымының өзгеруі, өркендеуі қашан да болса оның салық жүйесінің қайта құрылуымен, жаңаруымен бірге қалыптасады. Әрбір мемлекетке өзінің ішкі және сыртқы саясатын жүргізу үшін белгілі бір мөлшерде қаржы көздері қажет. Мемлекет салықтарды экономиканы дамыту, тұрақтандыру барысында қуатты экономикалық тетік ретінде пайдаланылады. Салықтардың мәнін толық түсіну үшін, олардың экономикалық маңызын түсіну қажет. Ал салықтардың экономикалық маңызы олардың атқаратын қызметіне тікелей қатысты.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мемлекеттік бюджеттің түсімдерінің ең басты көзі - салықтар. Өнеркәсібі дамыған елдердің бюджетіндегі салықтардың үлесі 90 пайыз. Салықтың негізгі түрлеріне табыс салығы, одан басқа қоғамның құқықты мүшелерінің табыстарына, корпорация пайдаларына салынатын салықтар. Өндірістік бірлестіктер, кәсіпорындар, капитал иелері өздері жариялаған мәлімдемелері бойынша салық төлейді.Салық мәлімдемесі төлеушілердің өз табыстарының мөлшері туралы хабары, ал жалдамалы еңбек адамдарынан салық жалақы төлегенде ұсталады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Табыс салығын алу белгілі бір төменгі деңгейден басталады. Номиналдық табыстың ұлғаюына сәйкес табыс салығын өсірудің базасы жасалады, салық төлеушілердің саны артады, мемлекеттің шоғырландырылған жалпы қаржы-қаражаттары көбейеді. Салық салудың нормасы - салық ставкасы объектінің бір өлшеміне салынған мөлшері. Салық ставкаларының көптеген түрлері бар. Егер ставкалар табыстың өсуімен көбейсе, онда прогрессивті, үдемелі ставкалар болғаны. Салық салудың тәжірибесінде бір объектіге оның құнына қарамастан салынатын қатаң ставкалар кездеседі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қазіргі кездегі салықтардың маңызы мен рөлі мемлекеттік органдарды қаржы ресурстарымен қамтамасыз етумен шектелмейді. Салықтар ұлттық табысты мемлекеттендірудің басты құралы. Олардың макроэкономикалық шешуші рөлі артып келеді, мұны ЖҰӨ-нің көлеміндегі салық үлесінің ұлғаюынан көруге болады. Салықтар экономикалық белсенділікті арттырудың, ұдайы өндіріс процесіне әрекет етудің басты бір тұтқасы ретінде жаңа сипатқа ие болуда.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------

----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1.Салықтар қызметтері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салықтар негізгі мынадай қызметтері (функциялары) бар:
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
1. реттеушілік;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2. фискалдық;
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
3. қайта бөлу.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Жоғарыда көрсетілген негізгі функциялармен қатар салықтардың ынталандыру, бақылау функцияларын атап кетуге болады. Реттеушілік қызметі - салықтың ең негізгі қызметі. Осы қызмет арқылы салықтар ел экономикасына өз ықпалын тигізеді, яғни салықтар реттеу жүзеге асырылады. Салықтық реттеудің ең басты мақсаты - өндірістің дамуына ықпал ету. Салық түрлері, салық салу әдістері салықтық реттеудің тетіктері болып саналады. Жоғарыда көрсетілген салықтық реттеудің тетіктері тек қана өндірістің дамуын реттеп қана қоймайды. Сонымен қатар ақша және баға саясаты, шетелдік инвесторларды ынталандыру, шағын және кіші кәсіпкерлікті дамыту жұмыстарын жүзеге асырады. Әрине, салықтық реттеу тетіктері тиімді қызмет атқару үшін, олардың басқа да экономикалық тетіктермен тығыз байланыста болуы қажет. Салықтық реттеуде салық мөлшерлемелері мен салық жеңілдіктерінің алатын орны ерекше. Себебі ғылыми негізделмеген, шектен тыс жоғары қойылған мөлшерлемелер кәсіпкерлердің ынтасын төмендетіп, өндірістің төмендеуіне және мемлекеттік бюджет кірісінің азаюына әкеліп соқтырады. Осы сияқты салық жеңілдіктерінің де теңсіз жағы және бар. Дамыған елдердің тарихынан салық мөлшерлемелері жөнінде мынаны байқауға болады:
1. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- салық мөлшері салық төлеуші табысының 50 пайызынан асып кетсе, өндірістің тоқтап қалуына соқтырады;
2. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- салық мөлшері салық төлеуші табысының 45-50 пайызы аралығында болса, жай ұдайы өндіріске әкеледі;
3. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
- салық мөлшері салық төлеуші табысының 35-40 пайызы аралығында болса, ұлғаймалы ұдайы өндіріске әкеледі.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салықтардың екінші қызметі - фискалдық немесе бюджеттік қызметі. Бұл қызметі (функциясы) арқылы мемлекеттік бюджеттік кіріс бөлімі құрылып, салықтардың қоғамдық міндеті артады. Себебі, салықтар мемлекеттік бюджеттің кірісін топтастыра отырып, әлеуметтік, әскери-қорғаныс, тағы басқа да шаралардың іске асуын қамтамасыз етеді. Қайта бөлу қызметі арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлшегі мемлекет пайдасына өтеді. Бұл қызметтің іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімді салықтардың алатын үлес салмағы арқылы анықтайды. Соңғы жылдардағы мәліметтер бойынша Қазақстан Республикасының ішкі өнімдегі салықтардың үлестік салмағы 40 пайыздан асып отыр. Бұл экономикасы дамыған басқа елдерден әлдеқайда жоғары. Еліміздегі мемлекет мүддесі үшін қаржы көздерін орталықтандырудың бір айғағы осы. Мемлекет мына жоғарыда көрсетілген салықтардың қызметін (функциясын) пайдалана отырып елдің салық жүйесін анықтайды. Салық механизмінің қызмет ету жолдарын белгілейді, жалпы экономикалық саясатты негізге ала отырып салық саясатын анықтайды.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салықтардың әлеуметтік-экономикалық мәні мен мазмұны олар қарайтын функцияларда толық ашыла түседі. Қазіргі кезде салықтар фискалдық, реттеуші және қайта бөлу сияқты негізгі үш функцияны орындайды. Олардың әр қайсысы - осы қаржы санаттың ішкі қасиетін, белгілерімен ерекшеліктерін білдіреді. Фискалдық функция барлық мемлекеттерге тән негізгі функция. Оның көмегімен бюджеттік қор қалыптасады. Мұның өзі салықтардың қоғамдық міндеттерін арттыра түседі. Өйткені салықтар мемлекеттік бюджеттің кірістерін толтыра отырып, экономиканы, әлеуметтік-мәдени шараларды жүзеге асыруды қамтамасыз етеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салықтардың реттеуші функциясы мемлекеттің экономикалық функциясының ұлғаюына байланысты пайда болады. Ол халық шаруашылығының дамуына қабылдаған бағдарламаларға сәйкес ықпал етеді. Бұл кезде салықтардың нысандарын таңдау, мөлшерлемелерді белгілеу әдістерінің өзгеруі, жеңілдіктер мен шегерімдер пайдаланады. Бұл реттегіштер қоғамдық ұдайы өндірістің құрылымына, қордалану мен тұтыну ауқыбына ықпал етеді.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Қайта бөлу функциясы арқылы түрлі субъектілер табысының бір бөлігі мемлекет қарамағына өтеді. Бұл функцияның іс-әрекетінің көлемі ішкі жалпы өнімде салықтардың алатын үлесі арқылы анықталады. Соңғы жылдары Қазақстанда ішкі жалпы өнімдегі салықтар үлесінің төмендеу үрдісі орын алып отыр. 1997 жылы ішкі жалпы өнімдегі олардың үлесі 19,7 пайыз болса, 1998 жылы 16,6 пайыз, 2000 жылы 22,6 пайыз, 2001 жылы 22,2 пайыз болды (салыстыру үшін: Украинада - 29 пайыз, Ресейде - 33,3 пайыз). Салық салу объектілерін есепке алу және оларды бағалау тәсілдеріне қарай салық алудың мынадай төрт әдісі қолданылады: кадастрлык, салық төлеушінің декларациясы бойынша, табысты алу көзінен ұстап қалу, патент негізінде.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.Салық жүйесі және салық саясаты
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мемлекеттік салық салу саясаты - салық саласындағы шаралар жүйесі қоғамның нақтылы кезеңіндегі әлеуметтік-экономикалық мақсаттар мен міндеттеріне қарай әзірленген экономикалық саясатқа сәйкес жүргізіледі. Нарықтық экономиканың қалыптасу кезеңінде салық саясатының негізгі бағыты немесе салық саясатының басты мақсаты - салық жүйесін құру және оның тиімді қызмет етуіне мүмкіншілік беретін салық механизмін іске асыру. Салық жүйесі - өзінің құрамы жағынан бірнеше компоненттерден тұратын күрделі модель. Салық жүйесі компоненттерінің құрамы мынадай: қаржы қатынастары және оларды анықтайтын салықтар; салық механизмі, яғни салық салу әдістері мен жолдары; нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар; салық салуды басқару және салық органдары. Салық салудың әдістері мен жолдары, нұсқаулар мен әдістемелік құжаттар, салық салуды ұйымдастыру, салық салудың негізгі қағидаттары және т.б-лар салық механизміне жатады. Салық жүйесінің жақсы да тиімді қызмет істеуіне салық салу механизмінің тигізер ықпалы өте зор. Енді осы салық жүйесінің құрамы мен салық салу механизміне кеңірек тоқталайық. Қандай да бір механизмінің құрамында бірнеше тетіктер және элементтер болады. Салық салу механизмі де сол сияқты белгілі бір салық элементтерінен құралады.
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
2.1.Салық салу элементтері
----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салық салу элементтері мыналар: Субъект, объект, салық көзі, салық мөлшерлемесі, салық өлшем бірлігі, салық оклады, салық жеңілдіктері, салық төлеу мерзімі мен тәртібі, салық төлеуші мен салық органдарының құқықтары мен міндеттері, салықтың төлеуін бақылау, салықтық жазалау шаралары.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салық субъекті (салық төлеуші) дегеніміз - заң бойынша салық төлеу міндеті жүктелген жеке және заңды тұлғалар.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салық объектісі - табыс, мүлік, еңбек ету түрі, қызмет көрсету, ақшамен жасалатын операциялар, мүлікті басқаға беру, табиғи қорларды пайдалану, қосылған құн, айналым және т.б.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салық көзі - салық салынатын табыс.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салық мөлшерлемесі өлшем бірлігінен алынатын салық мөлшері.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Мөлшерлемелер тұрақты немесе пайыздық болып жіктеледі.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Тұрақты мөлшерлемелер салық объектісінен түсетін табыстың мөлшеріне байланыссыз, өлшем бірлігіне тұрақты сомамен белгіленеді.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Пайыздық мөлшерлемелер үш түрге бөлінеді: үдемелі немесе прогрессивті; регрессивті және пропорционалды. Үдемелі немесе прогрессивтік мөлшерлемелер салық салынатын табыстың өсуіне сәйкес ұдайы үдеп, өсіп отырады. Регрессивтік мөлшерлемелер, керісінше, салық салынатын табыстың төмендеуіне сәйкес, азайып отырады. Пропорционалдық мөлшерлемелер салық салу объектісінің мөлшеріне байланыссыз, тұрақты бір пайызбен белгіленеді.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салық оклады - салық төлеушінің белгілі бір салық объектісінен төлейтін салық сомасы.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салық жеңілдіктері дегеніміз заңға сәйкес салық төлеушіні салық төлеуден біртіндеп немесе толықтай босату. Салық жеңілдіктеріне салықтан босатылатын, салық салынбайтын минимум, шегерімдер, салық мөлшерлемесін төмендету, салық төлеу мерзімін ұзарту жатады.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салық төлеу мерзімі - салық төленетін уақыт.
oo ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Салық төлеу тәртібі - белгіленген мерзімде салықты төлеген ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Халықаралық салық салудың теориялық негіздері
Салық тексерулерінің қатысушылары болып салық қызметі органдарының өкілетті тұлғалары және салық тексеруінен өтетін салық төлеушілер
Қазақстан Республикасында жүргізілетін салық есебінің мәні мен принциптері
Кеден төлемдері мен алымдарын төлеуден жалтару қылмыстарының алдын алу және ашу, тергеу
Қазіргі кезеңдегі Қазақстан Республикасының салық саясаты жайлы
«Электрондық үкімет. Мемлекеттік қызметкерлерге электрондық қызмет»
Екінші деңгейлі банктерде есеп айырысу кассалық қызметі
Банктегі салық есебінің мәні мен принцптері
Қаржылық ағымдардың талдауы
Кедендік төлемдер
Пәндер