Экономикалық ресурстардың мәні мен түрлері


Мазмұны:
КІРІСПЕ . . . 3
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ . . . 5
1. 1Экономикалық ресурстар ұғымы және олардың классификациясы . . . 5
1. 2Ресурстардың абсалюттік және қатынастық шектеулігі
Өндіріс мүмкіндіктерінің қисық сызығы . . . 8
2 ҚАЗІРГІ КЕЗДЕ РЕСУРСТАРДЫҢ ШЕКТЕУЛІК МӘСЕЛЕЛЕРІ. . 13
2. 1 Қазіргі таңдагы экономикалық ресурстардың бейрационалды қолданудың проблемалары . . . 13 2. 2 Өмірге аса қажетті су ресурстары проблемалары . . . 19
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 24
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 26
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: ресурстардың шектеулігі проблемасы қазіргі кездегі ең кезекті, актуалды мәселелердің бірі болып табылады. Бәрімізге белгілі, көптеген табиғи ресурстардың қоры таусылды (немесе қазіргі таңда дефицит), ал көп мөлшерде кездесетін ресурстардың олардың таусылмайтындығын білдірмейді анық. Адам қажеттіліктерінің орындалуы ең тиісті жағдайлардың жасалуына қарай тікелей байланысты, ал сол жағдайлар өз кезегінде өндіріс үшін көптеген ресурстарды қажет етеді. Дүние жүзіндегі халық санының ұдайы өсіп отыруы, ресурстардың шектеулігіне әкеліп соғады, және кезең ол халықтың барлық қажеттіліктеріне қанағаттандырмайды. Сіздер байқағаныңыздай, қазіргі таңда адамдарға қолайлы жағдай тудыру үшін көптеген мөлшерде ресурстар қолданылады. Ресурстардың қолдануды осы кезден бастап тиімді қолдану керек, себебі кейін бұл проблема шешілмей, ауыр зардаптарға әкелуі мүмкін.
Экономикалық ресурстастардың мен өндірісттің факторлары. Ресурстардың шектеулілігі, олардың қол жетімділігі, қайта өндірушілік, айырбасталатындығы. Жер ( табиғи ресурстар), еңбек, капитал, кәсіпкерлік қабілеті өндіріс факторы ретінде.
Экономика екі іргелі экономикалық аксиомаға негізделеді: шексіз мұқтаждықтар мен шектеулі ресурстар. Мұқтаждықтар бұл адамдардың белгілі бір пайдалылығы бар игіліктерді иелену мен пайдалануға деген ынталығы. Мұқтаждықты қанағаттандыратын құралдар игіліктер болып табылады. Бір игіліктер шектеусіз мөлшерде болады, ал екіншісі шектеулі. Соңғылары экономикалық игіліктер деп аталады.
Қоғамдық өндірістің құрылымы. Материалдық және материалдық емес өндіріс. Қоғамдық өндірістің нәтижесі: заттар, қызметтер, байлық.
Өндіріс пен қайта өндіріс. Өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну. Қарапайым және кеңейтілген ( экстенсивтік және интенсивтік) қайта өндіріс. Экономикалық игіліктің айналымы және экономикалық агенттердің арасындағы өзара іс-әрекет.
Соңғы кездері бұл мәселе көп қозғалып жүр, себебі ресурстардың шектеулігі қоғамның ілгері дамуына тікелей әсер етеді. Кейбір ғалымдардың пайымдауынша, ресурстардың шектеулігі абсолюттік тұрғыда емес, қатынастық тұрғыда кездеседі, себебі ресурстың қанша уақытта жойылуы оның қоғамдағы қолданыс нәтижелілігіне тікелей байланысты. Екінші бір ғалымдар тобының айтуы бойынша, ресурстардың абсолюттік шектеулі және қатынастық шектеулі түрлері кездеседі. Бұл ғалымдар қатынастық шектеулік туралы бірінші ғалымдар тобымен келіседі, ал абсолюттік шектеулі ресурстар туралы олардың пікірі мүлдем басқа. Олардың айтуынша, кейбір ресурстардың түрлерін басқа ресурстармен ауыстыру мүмкін емес, және олар ерте ме, кеш пе жойылады. Осы таңда ғалымдардың бірінші тобының пікірі дұрыс көрінеді, себебі қоғам бір орында тұрған жоқ, технологиялар жылдан-жылға даму үстінде, тіпті, қазірдің өзінде қалдықсыз өндіріс саласы дамуда, бұл ресурстардың сақталуына қолайлы жағдай туғызады.
Адамзат қоғамы өмірінде табиғат байлықтарының алатын орны өлшеусіз. Дүние жүзі қауымдастығының дамып қалыптасуы оның жаратылыспен және географиялық ортамен үздіксіз әрекеттесіп келе жатқан тарихи қоғамдық процесс екендігінің дәлілі.
Адамзаттың қоршаған ортаға белсенді әері, оның жаратылыс сыйлықтарын шаруашылық іс әрекетінде барынша пайдалануы барысында айқын көрінуде. Осы уақытқа дейін олар жаратылыс байлықтарын табыс көзі ретінде иолынан асуды көздеп, оларды , табиғатты сақтау және күту шараларына мән бермей келеді. Жер қойнауындағы ресурстарды пайдалану қарқыны алдағы уақытта төмендейтін болса, олардың қоры азаятыны көзсіз. Ғаламшардың болжамы бойыша мысалы, алюминий, кенінің қоры 500-600 жылға, темірдікі 150 жылға жетеді екен және тағы басқалалары.
Соңғы жылдары адамзат өмірінде рекреациялық ресурстардың маңызы зор. Жалпы, рекреациялық ресурстар кешенді болып келеді. Қалай дегенмен де, оның негізгі табиғи құрауыштардан тұрғанымен, антропогендік нысандармен ұштасып жатады.
Еңбек ресурсын еңбекке жарамды адамдар құрайды. Халық еңбекке жарамды бөлігін кеңес одағы кезінде 16 -дан 60 жасқа дейінгі ерлер, ал әйел адамдр 16-дан 55 жас аралығында еңбек етеде алады.
Бұл уәждеменің негізгі- еңбек тәртібі, ал оның нәтижесі қызметкерлерге өзінің міндеттерін дұрыс орындамағаны үшін шараларды қабылдайтын тәртіптік жауапкершілік болып табылады.
Экономикалық әдебиетте адамды модельдеудің көптеген бағыттары кездеседі. Солардың кебіреулерін қарастырайық. Қазіргі шындықты көрсететін, әлеуметтік экономикалық үдерістердің субъектісінің жаңа моделі. Бұл модель үшін жеке адамның рухани тұтынушылығы қаншалықты болса, соншалықты материалдықты жүзеге асыруды қамтамасыз ететін бағытталған қызметтің өсуінің уәждемесіндегі өзгерістер сипаты тән. Оған жоғары білімді және мәдениет деңгейі жоғары және тағы басқа адамдар өмір сүретін әлем туралы елеулі ақпараттылықтың болуы тән.
Курстық жұмыстың мақсаты: Экономикалық ресурстардың абсолюттік және қатынастық шектеулігінің проблемасын түрлі тұстарынан зерттеп, оларды шешудің жолдарын қарастыру.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Экономикалық ресурстардың мәні мен түрлері
- Қазіргі кездегі шектеулік мәселелері
- Ресурстардың шектеулігін шешудің мүмкін жолдары
- Экономикалық ресурстар ұғымы және олардың классификациясы
Қазіргі таңдағы экономикалық ресурстардың бейрационалды қолданудың проблемалары.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден екі тараудан, 2 бөлімнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЭКОНОМИКАЛЫҚ РЕСУРСТАРДЫҢ МӘНІ МЕН ТҮРЛЕРІ
1. 1 Экономикалық ресурстар ұғымы және олардың
классификациясы
Өндіріс үшін ең қажетті нәрсе - ресурс. Өндірісте қолданылатын ресурстар өндіріс факторлары қызметін атқарады. Ресурстар өндіріске тікелей қатысты болып, белгілі бір нәтиже беретін болса ғана өндіріс факторы қызметін атқарады.
Ресурстар төмендегідей топтарға бөлінеді:
- экономикалық (функционалды) ;
- потенциалды
Экономикалық ресурстардың қатарына:
- табиғи ресурстар;
- еңбек (жұмысқа қабілетті кездегі халық)
- материалдық (өндіріс нәтижесі болып саналатын адам қолынан шығарылған барлық өнімдер) ;
- қаржылық (өндірістің ұйымдастырылуына халықтың бөлген қаражаты) ;
- ақпараттық (экономикалық өнім шығаруға керекті ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, т. б. интеллектуалды игіліктер) ;
Табиғи ресурстар - адам қолымен жасалынбаған, адам өмір сүруіне ешбір байланысы жоқ, белгілі мөлшерде адам игіліктерін қанағаттандыру мақсатында қолданылатын табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Табиғат ресурстары шаруашылықты дамытуда тікелей қолданылады. Пайдалы қазбалар жер, су, ауа, жел, топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі табиғат ресурстарын құрайды. Табиғи жағдайлар адамның өндірістік қызметіне мүмкіндіктер тудырады. Олардың қатарына күннің жылуы, жердің ішкі жылуы, рельеф, климат жатады. Өндірістік күштердің белгілі сатысында табиғи жағдайлар табиғи ресурстарға айналады. Мысалы, жел энергияны өндіруде қолданылады. Адамның қызметінің өндірістік немесе бейөндірістік қызметінде қолданылатын күштерді табиғи ресурстар дейміз.
Табиғи ресурстар қолданылуына байланысты төмендегідей бөлінеді:
- шынайы (өндірістік процеске тікелей қатысты) ;
- потенциалды (қазіргі таңда қолданылмайтын) ;
Табиғи ресурстар өз кезегінде:
- сарқылатын (таусылатын) ;
- сарқылмайтын (таусылмайтын) ;
- ауыстырылатын (заменимые)
- ауыстырылмайтын (незаменимые) болып бөлінеді.
Сарқылатын ресурстар - өндірістік қызметтің белгілі кезеңінде толық жойылуы мүмкін ресурстар.
Сарқылатын ресурстар :
- қайта қалпына келмейтін (жер қойнауында кездесетін, ауа, пайдалы қазбалар), мөлшері жағынан шектелген.
- қатынастық түрде қайта қалпына келтірілетін.
Сарқылмайтын ресурстар үш топтан тұрады:
- ғаламдық (космические) - (күн радиациясы, теңіздік толқын тасуы мен тартылуы) ;
- климаттық (атмосфералық ауа, жел, су энергиясы) ;
- су ресурстары .
Ауыстырылатын ресурстар деп басқа ресурстармен ауыстыруға келетін, экономикалық жағынан тиімдірек ресурстарды айтамыз.
Ауыстырылмайтынға - атмосфералық ауа, су жатады. Экономикалық ақарастырылады. Халықтың қажеттіліктері әрдайым оны атқаратын жағдайлардан гөрі тез артады. Яғни, халықтың әлеуметтік қажеттіліктерін шешу - мүмкін емес. Экономикалық қызмет осындай теорияға негізделген: «Басты экономикалық проблема, халықтың шексіз қажеттіліктері мен ресурстардың шектеулігі арасындағы проблемаға негізделеді».
Шын мәнінде, ресурстардың шектеулігі деген нені білдіреді? Мүмкін, бұл ұғым ресурстардың бей-берекет қолданылуын білдіреді. Мысалы, әр жылдары алтын өндіру өнеркәсібі халық қажеттіліктерін қанағаттандырды. Бұл орайда алтын ресурстарын шексіз деп қарастыру болады. Алайда, егер де біз алтыннан темір жолдың рельстерін жасайтын болсақ, онда алтын қоры баяғыда бітетін еді. Мұндай жағдайда алтынды сарқылмайтын (таусылмайтын) ресурстар қатарына жатқызуға болатын ба еді? Әрине, жоқ. Мұндай жағдайда біз адамды кіналап, бұл шаруашылыққа керек материалды басқа, көп мөлшерде кездесетін ресурстардан алмағандығын баса айтатын едік. Біз мұнайды жағамыз, сондықтан да бізге мұнай таусылатын ресурстар жататын көрінеді. Бұл таңда Д. И. Менделевтің сөзі есіме түседі: «мұнаймен жағу - қымбат ассигнациялармен жағуға пара-пар. Біз мұнайды отын-энергетика саласында қолдануымыз - оған альтернативті түрде басқа қолданғышты таппауынан» деп жазған. Ал бұл мұнай ресурстарының шектеулігін емес, адам ақыл-есінің шектеулігін көрсетеді. Басқаша айтсақ, ресурстар адамның бейрационалды түрде қолданылуы арқасында шектеулілер қатарына айналады. Мүмкін, адам ресурстарды толыққанды игермеген, соның нәтижесінде ресурстардың шектеулігі жайында сөз қозғалады. Мысалға: Табиғи рекреациалық ресурстар бұл дегеніміз демалыс, туризм және сауықтыру мақсатында қолданылытын табиғи нысандар: Рекреациялық ресурстарға шипажайлар, куроттық орындар, саябақтар, түрлі демалыс орындары, тарихи сәулет ескерткіштері, мұражайлар жатады. Мысалы: Версаль сарайы, Афины Акрополі, Египет пирамидалары.
Агроклиматтық ресурстарға ол дегеніміз ауаның катив температуралары жиынтығының +10 цельсий градустен жоғары көрсеткіштеріне, өсімдіктердің ылғалмен қамтамасыз етілуіне байланысты.
Қоғам мен табиғат арасындағы зат алмасу дегеніміз адамзат пайда болғаннан бері географиялық ортамен байланысып келеді және де оған үнемі әсер етіп отырады. Табиғат пен адамның арасындағы байланыс тоқтамайтын процесс. Адам табиғаттың байлығын пайдаланады және сол арқылы оған әсер етеді. Адам мен табиғат әрқашан да бір біріне тәуелді болып келеді.
Ресурстармен қамтамасыз ету туралы ұғым. Жердің географиялық қатпарында ораса зор және сан алуан табиғат ресурстары бар. Бірақ оладың түрлерінің қоры әртүрлі таралған. Бұл құрылысты ресурстар туралы ғылымдар зерттейді.
Ресурстармен қамтамасыз етілуі деңгейі дегеніміз бұл табиғат ресурстарының шамасы мен пайдалануы мөлшерінің арақатынасы. Ол жердің геологиялық құрылысына және де орналасуына байланысты болып келеді.
Бір жағынан қарастырсақ, адам қажеттіліктері мүлдем шексіз емес. Адам өзін көптеген қолайлы жағдайлармен қамтам Барлық экономикалық ресурстар маңызды ерекшеліктерге ие: олар сирек және шектеулі көлемде болып келеді. Бұл ерекшелік әр түрлі өнімдер арасындағы шектелген ресурстарды бөлу қажеттігі алдында және қатаң шектелген ресурстарды бөлу өндірістік жүйені қояды. Осыған байланысты өндірістік қызмет түрлері бойынша ресурстарды мақсатта дұрыс бөлу мәселелері пайда болады. Сонымен бірге экономикалық ресурстар қол жететін, өндіретін, айырбасталатын тәрізді ерекшеліктерге ие. Қолжетімділігі деген сөз өндіріс үдерісіне қажетті уақытында сол немесе басқа ресурстардың белгілі бір көлемін тарту мүмгіндігін білдіреді. Ресурстарды қайта өндіру сапаны көтеру мен олардың санын көбейту мүмкіндігімен байланысты болып келеді. Тіпті өнімділігін толық жоғалтқан жер телімдердін жер өндеу технологиясын пайдалану жолымен қайта қалпына келтіруге болады. Экономикалық ресурстардың айырбасталымы, бір ресурстың жетпей қалған кезінде, оны басқамен айырбастау болатыны көрсетіледі. Мысалға алатын болсақ, станоктардың шектелген көлемді көп жұмысшылар күшінң іске қосылатынын көрсетеді.
Жер өндіріс факторы ретінде жер қойнауын, ормандарды, ауа мен суды қосқандағы табиғи ресурстардың брлық түрі өндіріске тартылады.
Кәсіпкерлік қабілеті адамның бизнесті немесе кез келген жаңа істі ұйымдастыруға дайындығы мен істей білуіне, осыған байланысты шығынды, тәуелді және жауаптылықты өзіне қабылдануына байланысты қорытындылады. Әрбір адам мұндай қабілеттілікке ие бола бермейді.
асыз етуге ұмтылуы мүмкін, алайда ол оның тек қорытындысын ғана қолданады. Алайда, адамның көзінің тоймаушылығы, қажеттіліктердің үнемі артып отыруына алып келеді. Алайда, бұл адамның көптеген жылдар бойы қажеттілікте болуымен сипатталады. Мәселен, ауа жетіспеген жағдайда адам тереңірек, көбірек дем алады. Ал ауа жетіспеушілігі проблемасы болмаған кезде ол дем алудың қажеттілігін аңғармайды. Қолайлы жағдайлардың көп мөлшерде болуы адамның көптеген мақсаттарының жойылуына алып келеді. Сонымен қатар кез-келген қолданыс уақыт пен атқарылатын жұмысты қажет етеді. Ал көп мөлшерде қолдану - көп жұмысты қажет етеді. Ал адам, жер бетіндегі кез-келген тірі жан секілді, өзінің табиғи күштерін шектен тыс құртқысы жоқ.
Өндіріс мүмкіндіктер мен өндірістік қажеттіліктер арасындағы тепе-теңдік, термодинамикалық тепе-теңдік секілді. Ол тек минималды қолдану мен минималды күш жұмсау арқылы жүзеге асады. Қазіргі таңдағы адамдардың барлық нәрсені үнемдеуі экономикалық қолданыстың ең дұрыс шешіміне әкеледі, «экономикалық бумды» басынан кешіріп өткен халық біртіндеп «экономикалық тыныштық» күйіне келеді.
Адам - барлық өзінің қажеттіліктерімен (кейбірі тіпті фантастикалық) шексіз жаратылған дүниенің тек бір кішкентай бөлігі. Адам қазір ресурстарды қолданудың тиімді шешімін таба алмай келуде. Мүмкін, заман, экономика дами келе, біз адамзат баласы ресурстарды рационалды түрде жұмсауда үйренеміз. Соның нәтижесінде, табиғаттан жаратылған ресурстар халықтың қажеттіліктерін қанағаттандыруда жетеді деген ойдамын.
Қоғамдық өндірістің байлық, көрсетілген қызметтер және заттар түрінде көрінетін нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Заттар өмір сүрудің тұрақтылығымен қалыпты тәуелсіздікке ие болатын материалдық баршылықтың белгісі. Қызмет көрсету белгілі бір тұтынушылықты қанағаттандыруға бағытталған адам немесе кәсіпорының пайдалы қызметінің нәтижесі. Өндірістің ерекшелігі мен қызметтерін өткізу көп жағдайда өзара айырбасталмайтындығы, жинау, сақтау, жеткізудің мүмкін еместігіне орй, материалдық игіліктермен салыстырғандағы тұтыну мен өндіріс үдерістерін қатар алып жүрумен қорытындылады. Байлық бұл еңбекпен құрылған және жиналған материалдық игіліктердің жиынтығы. Ол мыналарды өзіне қосады: негізгі өндірістік қорлар ( ғимарат, машиналар және құралдар ) және өндірістік емес ( тұрғын үй, ғимарат, және білім мекемелерінің құралдары, мәдениет және денсаулық сақтау) , материалдық айналымдылық құралдар, азаматтардың жеке мүлкі.
Өндіріс бұл олардың тұтынушылығын қамтамасыз етуге бағытталған, адамдардың мақсатылықты қызметі. Материалдқ өндіріс пен материалдық емес өндірісті бөледі.
Материалдық өндіріс мыналарды өзіне қосады: материлдық игіліктерді өндіру жөніндегі кәсіпорындар мен салалар ( өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, құрылыс) ; материалдық қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен салалар(көліктер, сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызметтер) ; Материалдық емес қызметтерге мынаоар жатады: материалдық емес игіліктерді жүзеге асыратын кәсіпорындар мен салалар( кино, театр, тұтастай өнер) ; материалдық емес қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен салалар ( денсаулық сақтау, білім беру және тағы басқалары) . Қоғамдық өндіріс екі бөлімге бөлінеді: бірінші бөлім өндіріс құралдарын шығаратын салалар, кәсіпорындар; екінші бөлім тұтыну заттарын шығаратын салалар.
Барлық экономикалық ресурстар маңызды ерекшеліктерге ие: олар сирек және шектеулі көлемде болады. Бұл ерекшелік әр түрлі өнімдер арасындағы шектелген ресурстарды бөлу қажеттілігі алдында және қатаң шектелген қызмет төңірегінде өндірістік жүйені қояды. Осыған байланысты өндірістік қызмет түрлері бойынша ресурстарды мақсатта дұрыс бөлу мәселелері пайда болады. Сонымен бірге экономикалық ресурстар қол жететін, өндірітін, айырбасталатын тәрізді ерекшеліктерге ие болып келеді. Қолжетімділігі дегеніміз сөз өндіріс үдерісіне қажетті уақытында сол немесе басқа ресурстардың белгілі бір көлемін тарту мүмкіндігін білдіреді. Ресурстарды қайта өндіру сапаны көтеру мен олардың санын көбейту мүмкіндігімен байланысты. Тіпті өнімділігін толық жоғалтқан жер телімдерін жер өндеу технологиясын пайдалану жолымен қайта қалпына келтіруге болады. Экономикалық ресурстардың айырбасталымы, бір ресурстардың жетпей қалған кезінде, оны басқамен айырбастауға болатанын көрсетеді.
Ресурстар сарқылады, сондықтан да біз қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдалануды ойластыруымыз керек. Бұл дегеніміз, бар ресурстардан қандай және қанша мөлшерде халық тұрмысына қолайлы тауар өндіру керектігін білдіреді. Бұл үшін қазіргі таңдағы жоғары дамыған ресурстарды бейрационалды қолданумен күрес жүргізу керек. Бейрационалды қолданылатын ресурстар қатарына мұнай, отын, су жатады.
Бұларды шешу жаңа технологияларға әкеліп тіреледі. Олар ресурстарды үнемдейді. Қазірдің өзінде қалдықсыз өндіру дамып келуде. Мұның нәтижесінде қолданылған өнімдер қайта өндіріледі. Проблеманы шешудің тағы бір жолы - альтернативтік ресурстар табу. Ғалымдар мұнай мен көмірге бұрыннан бері альтернативті ресурстар іздеу үстінде. Мұндай ресурстарды табу мұнай мен көмір ресурстарын үнемді пайдалануға әкеледі.
Барлық экономикалық ресурстардың, өндіріс факторларының ұқсас қасиеті - олар шектеулі мөлшерде кездеседі. Бұл шектеулік тек қатынастық түрде ғана, яғни экономикалық дамудың белгілі бір сатысында ресурстар адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға керек мөлшерден аз кездеседі. Ресурстардың шектеулігі өндірістің шектеулігіне әкеліп соғады. Нәтижесінде, қоғамдық өндіріс халықтың тұтынылуына қажетті тауарларды керек мөлшерде шығара алмайды.
Адам қажеттіліктерінің шексіз көп болуы, ал ресурстардың шектеулі болуы халық қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауына әкеліп соғады. Бұған байланысты, өндірісте тауарларды іріктеп, халық тұтынысына аса қажетті тауарларды шығарып, қалғандарынан бас тартуға тура келді. Ресурстардың шектеулігі проблемасы: автокөліктерді шығару жылдан-жылға артуда, сонымен қатар көлікті сатып алушылардың да қатары одан әлдеқайда көп. Автокөліктерді шығаруды арттыру үшін көбірек металл, резина, двигатель, т. б. жұмсалады, ал қолданыстағы ресурстар шектеулі. Адам қолындағы экономикалық ресурстардың барлығы сандық немесе сапалық жағынан шектеулі. Олар о бастан-ақ адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға жетпейді. Ресурстардың шектеулігі, сиректігі осы принципке негізделеді.
Қайта өндіру өндірістің жалғасатын үрдісі. Қайта өндіру кезеңдері: өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну.
1. 2 Ресурстардың абсолюттік және қатынастық шектеулігі
Өндіріс мүмкіндіктерінің қисық сызығы
Ресурстардың жеткіліксіздігі оларды үнемдеу, таңдау мәселелерінің қажеттілігін тудырады. Қолда бар экономикалық ресурстардың шектеулігі кезінде өндіріс қоғамдағы барлық сұранымды қамтамасыз ете алмайды: аштық, ауру, кедейлікті жоя алмайды. Осындай жағдайда қоғамдық өндіріс мүмкіндігінің шектеулігі жағдайында нені өндіруге болады деген сұрақ пайда болады.
Экономикалық теорияда бұл мәселені өндірістік мүмкіндіктерінің қисық сызығы графигімен түсіндіреді.
Өндірістік мүмкіндіктерінің қисық сызығы ресурстардың толық пайдаланудағы баламалы нұсқауларды көрсетеді. Ол әр түрлі тауарлардың арасынан таңдау қажеттілігін көрсетіп, экономикалық мәселенің мәнін бейнелейді.
Барлық экономикалық ресурстардың, өндіріс факторларының ұқсас қасиеті - олар шектеулі мөлшерде кездеседі. Бұл шектеулік тек қатынастық түрде ғана, яғни экономикалық дамудың белгілі бір сатысында ресурстар адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға керек мөлшерден аз кездеседі. Ресурстардың шектеулігі өндірістің шектеулігіне әкеліп соғады. Нәтижесінде, қоғамдық өндіріс халықтың тұтынылуына қажетті тауарларды керек мөлшерде шығара алмайды.
Адам қажеттіліктерінің шексіз көп болуы, ал ресурстардың шектеулі болуы халық қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауына әкеліп соғады. Бұған байланысты, өндірісте тауарларды іріктеп, халық тұтынысына аса қажетті тауарларды шығарып, қалғандарынан бас тартуға тура келді. Ресурстардың шектеулігі проблемасы: автокөліктерді шығару жылдан-жылға артуда, сонымен қатар көлікті сатып алушылардың да қатары одан әлдеқайда көп. Автокөліктерді шығаруды арттыру үшін көбірек металл, резина, двигатель, т. б. жұмсалады, ал қолданыстағы ресурстар шектеулі. Адам қолындағы экономикалық ресурстардың барлығы сандық немесе сапалық жағынан шектеулі. Олар о бастан-ақ адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға жетпейді. Ресурстардың шектеулігі, сиректігі осы принципке негізделеді.
Қайта өндіру өндірістің жалғасатын үрдісі. Қайта өндіру кезеңдері: өндіріс, бөлу, айырбастау және тұтыну.
Өндіріс кезеңі өндіріс құралдары мен жұмыс күшін тікелей қосуды қарастырады. Бөлу кезеңі өндіріс факторын салалар және өндіріс аясы бойынша бөлуді қарастырады. Айырбастау бұл өз еңбегінің өнімдерімен өндірушіге айырбастауға мүмкіндік беретін жүйе. Тұтыну адамдардың тұтынушылығын қанағаттандыру үшін жасалған игілікті пайдалануды білдіреді.
Қайта өндіру түрлері: жай және кеңнйтілген.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz