Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін талдай отырып, ұлттық экономиканың ашықтығы жағдайындағы экономикалық мәселелердің шешімін табуға бағытталған теориялық және тәжірибелік ұсыныстар жасау


Мазмұны
КІРІСПЕ
Диплом жұмысының өзектілігі. Кез-келген мемлекет үшін өзінің ұлттық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қашанда өзекті болып, заман талаптарына сай күрделене түсіп, мемлекет және қоғам өмірінің барлық жақтарын қамтитын жүйелі саясатқа айналды. Жаһандану үрдісі күшейген сайын ұлттық қауіпсіздік мәселесі, әсіресе экономикалық қауіпсіздік бағыты ерекше орын алды. Өйткені әлемдік қауымдастықта егеменді ел ретінде әрекет ету мемлекеттің экономикалық қуаттылығы, ал түбінде ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуінің бірден-бір көрсеткіші - ұлттық экономикалық даму деңгейі болады.
Қазіргі ұлттық экономиканың қуаттылығы өндіргіш күштердің даму деңгейімен ғана анықталмай, бірінші кезекте мемлекеттің сол өндіргіш күштердің немесе ұлттық экономиканың белсенді дамуына жағдай жасап, ұлттық мүдделерді анықтап, оларды қорғау мүмкіндігімен көрінді. Жаһандану үрдісінің ұлттық экономикаға тигізетін оң ықпалын барынша тиімді пайдалану мен оның теріс әсеріне тойтарыс беру мемлекеттің белсенді іс-әрекетімен жүзеге асады [1] . Сондықтан Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының 2010-2015 жылдарға арналған Ұлттық қауіпсіздік стратегиясының жобасын талқылауда «Қауіп-қатерлерді алдын-ала анықтап, жоюға, тұтастай алғанда елдің дағдарысқа қарсы әлеуетін арттыруға бағдарланған тиімді де осы заманғы ұлттық қауіпсіздік жүйесін қалыптастыру қажет, бұл ретте аталған жүйе халықаралық қауіпсіздік саласындағы осы заманғы әлемдік үрдістерге бейімді келіп, икемді, қауіпсіз ішкі және сыртқы ортаны қалыптастыру жөніндегі белсенді іс-әрекетке қабілетті болуы тиіс» деп көрсеткен. «Қазақстан - 2050» стратегиясы бойынша елдің одан әрі шарықтап дамуы үшін алдымен елдің экономикалық қауіпсіздігі мәселесін шешіп, қауіпсіздікке төнетін қауіп-қатерлерден сақтау керек. Міне, сондықтан экономикалық қауіпсіздік мәселесі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр [2] .
Мемлекеттің ұлттық қауіпсіздігі елдің ұлттық мүдделерінің нақты және әлуетті қатерлерден қорғалған жағдайында өз құрамына экономикалық, қорғаныс, білім, ақпараттық, т. б. құрамдас бөліктерді біріктіреді. Ашық экономика бағытында дамып келе жатқан Қазақстан Республикасына, осы жағдайларда ұлттық экономикалық мүдделерді қалыптастыру, оны қорғау мен жүзеге асыру қажет. Ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру мен оларды қорғаудың дәстүрлі құралы протекционистік саясат. Әлемдік рыноктағы шиеленісті бәсеке барысында талаптарына сай түрленгендіктен, біздің еліміздің алдында әлемдік тәжірибеге сүйеніп, экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудің мүмкін болатын шаралар жүйесін жасақтау өзекті болып табылады. Себебі, әлемде ғаламдану үрдістері кең құлашын жайып отырған кезеңде, Қазақстан Республикасының экономикалық өсуінің әлемдік экономикалық кеңістікке интеграциялануынсыз өтуі мүмкін емес. Интеграция барысында ел экономикасы оң нәтижелерін, ұтымды тұстарын, қауіпсіздігін жоғалтып алмауы керек. Осы тұрғыдан елдің экономикалық қауіпсіздігін макро-, мезо-, микродеңгейлерде қамтамасыз ете білу бүгінгі күннің өзекті талабы болып отыр. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету арқылы ұлттық қауіпсіздікке қол жеткізуге үлес қосылады [3] .
Ғылыми зерттелу дәрежесі. Экономикалық қауіпсіздік тұжырымдамасы және мемлекеттің экономикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету теорияларының қалыптасып, дамуы бірқатар шет елдік және отандық ғалымдардың ғылыми зерттеулерінің негізі болып табылады. Атап айтқанда, зерттеліп отырған тақырыптың теориялық негізін түсіну үшін мына ғалымдардың еңбектері өте пайдалы болды: А. Смит, А. Маршалл, Д. Рикардо, Р. Столлер, Э. Оукли, С. Аманд және т. б.
Рыноктық экономикаға көшуде мемлекеттік экономикалық қауіпсіздік шектерін бағалауды әдіснамалық жетілдіру мәселесі шет елдік экономистер арқылы кеңінен зерделенген. Олардың қатарында Л. Абалкин, С. Афонцев, Л. Гайгер, В. Гантман, С. Глазьева, А. Гусаков, А. Илларионов, П. Линдерт, А. Колосов сияқты ғалымдардың еңбектері ғылыми құндылықтар болып табылады.
Сонымен қатар, аталмыш мәселенің ғылыми тұрғыдан жасақталуына мол үлес қосқан қазақстандық ғалымдарды да ерекше атап өту керек: К. Арыстанбеков, Р. Елемесов, Е. Жатканбаев, А. Қошанов, С. Молдабаев, А. Рамазанов, Е. Садыков, М. Спанов, М. Тулегенова және т. б. . Мәселеленің әлеуметтік аспектілері К. Мухтарова, Ө. Шеденовтың еңбектерінде қаралған.
Дегенмен, экономикалық қауіпсіздіктің ұлттық негіздерін қамтамасыз ету және оның ұлттық күш-қуатты нығайтудағы маңызы жете зерделенбеген. Қазақстанда ұлттық экономикалық қауіпсіздіктің теориялық негіздері мен тәжірибелік қамтамасыз етілуін нақты белгілеп берген зерттеулер жоқтың-қасы.
Осылайша, ұлттық экономикалық қауіпсіздік мәселесінің терең талданбауы, «экономикалық қауіпсіздік индикаторларының» қолдану аясы мен деңгейінің анықталу жолдарының белгіленбеуі диссертациялық зерттеу тақырыбының өзектілігін анықтайды.
Дипломдық жұмысының негізгі мақсаты - Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігінің қамтамасыз етілуін талдай отырып, ұлттық экономиканың ашықтығы жағдайындағы экономикалық мәселелердің шешімін табуға бағытталған теориялық және тәжірибелік ұсыныстар жасау болып табылады.
Осы мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:
- ұлттық экономиканың ашықтығы кезіндегі экономикалық қауіпсіздіктің ролі анықтау;
- экономикалық қауіпсіздіктің теориялық мәнін ашу мен сипаттау;
- экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі шетелдік тұжырымдамаларын айқындау;
- «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» ММ-ң жалпы сипаттамасы мен басқару құрылымын көрсету;
- Алматы облысы АӨК-ң экономикалық қауіпсіздік кезіндегі дамуын анықтау;
- Алматы облысы бойынша ауылшаруашылығының қаржылық-экономикалық сипаттамасын талдау;
- Қазақстандағы азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелерін анықтау;
- Еліміздің аграрлық секторындағы қауіпсіздікті нығайту қызметін жетілдіру жолдарын ұсыну.
Дипломдық жұмыстың зерттеу объектісі - «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесі.
Дипломдық жұмыстың зерттеу пәні - мемлекеттің ұлттық экономиканың ашықтығы шеңберінде экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік іс-шаралар мен құралдарын қолдану тиімділігін жоғарылату үрдісі.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы - ұлттық экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету негіздеріне талдау жасай отырып, оны жетілдіру бағыттарын ұсынумен анықталады.
Жұмыстың теориялық негізін отандық және шет елдік экономикалық және ұлттық қауіпсіздік саласындағы ғылыми зерттеулері қалайды. Зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасы Үкіметінің Қаулылары, ҚР Ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету Стратегиясы, Индустриалды-экономикалық даму стратегиясы, басқа да заңнамалық және құқықтық актілері және басқа да ресми деректер пайдаланылды.
Қойылған мақсат пен міндеттерге байланысты бұл жұмыста логика-теориялық, теориялық-әдіснамалық, экономикалық статистикалық салыстыру, сипаттамалық және т. б. әдістер пайдаланылды.
Ақпарат көздері ретінде Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері, Қазақстан Республикасының Статистика агенттігінің, Экономикалық даму мәліметтері мен ресми құжаттары, ұлттық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қатысты бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары қолданылды.
Дипломдық жұмыстың тәжірибелік базасы болып «Алматы облысының ауыл шаруашылығы басқармасы» мемлекеттік мекемесінің материалдары мен 2014-2016жж. қаржылық есептері, заңнамалык және нормативтік актілер, әдістемелік материалдар табылады.
Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 ЖАҺАНДАНУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАУІПСІЗДІКТІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Ұлттық экономикадағы экономикалық қауіпсіздіктің ролі мен функциялары
Экономикалық қауіпсіздік - ұлттық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі, оның іргетасы, материалдық негізі. Экономикалық қауіпсіздік көрсеткіштері - жалпы экономикалық жүйенің жай- күйі, оның орнықтылығы мен жұмылғыштығы туралы жалпы түсінік беретін ең елеулі параметрлер. Оның маңызды көрсеткіштері: жалпы ішкі өнімнің өсуі, тұрмыс деңгейі мен сапасы, инфляция қарқыны, жұмыссыздық нормасы, экономиканың құрылымы, халықтың мүліктік жағынан жіктелуі, экономиканың қылмыстық сипат алуы, шаруашылыктың техникалық базасының жай- күйі, бәсекелесуге қабілеттілік, импортқа тәуелділік, ішкі және сыртқы борыш, т. б. Экономикалық қауіпсіздікке төнген қатер - елдің шаруашылығына келеңсіз әсерін тигізетін, жеке адамның, қоғамның, мемлекеттің экономикалық мүдделеріне нұқсан келтіретін құбылыстар мен үдерістер. Эконмикалық қатерлер ең жалпы түрде алғанда ішкі және сыртқы қатерлер сиякты біріккен белгілері бойынша жіктелуі мүмкін [4] .
Жалпы, экономикалық қауіпсіздік деген жүйенің күрделі ішкі құрылымы бар, соның ішінде оның үш маңызды элементтерін бөлуге болады:
1. Экономикалық тәуелсіздік. Экономикалық тәуелсіздік абсолюттік сипатқа ие емес, себебі халықаралық еңбек бөлінісі ұлттық экономикаларды бір-бірінен өзара тәуелді қылдырады. Осы жағдайларда экономикалық тәуелсіздік ұлттық ресурстарды бақылау мүмкіншілігін білдіреді. Өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін және әлемдік саудаға, кооперациялық байланысқа, ғылыми-техникалық жетістіктерді айырбастауға тең қатысуға рұқсат беретін өндіріс, тиімділік және өнім сапасының осындай деңгейіне шығу керек.
2. Ұлттық экономиканың бірқалыптылығы мен тұрақтылығы меншікті барлық оның формаларында қорғау, кәсіпкерлік белсенділік үшін сенімді кепілдеме мен жағдай жасау, ахуалдың бірқалыптылығын бұзатын факторларды тоқтату дегенді білдіреді.
3. Өзін-өзі дамытуға және прогреске қабілет. Бұл әсіресе қазіргі, динамикалық дамушы әлемде маңызды. Инвестициялар мен инновацияларға қолайлы климат жасау, өндірісті ұдайы жаңарту, қызметкерлердің кәсіби, білім және қоғамдық-мәдени дәрежесін жоғарлату ұлттық экономиканың тұрақтылығы мен өзін-өзі қорғаудың керекті және міндетті шарты болып жатыр.
Экономикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздік қойылған мақсатқа қол жеткізуге бағытталған мемлекеттік шаралар мен кепілдіктердің жүйесімен қамтамасыз етіледі, және одан мынадай міндеттер туындайды:
1. Республикада экономикалық қызметтің тұрақты заңды базасын құру.
2. Валюта - қаржылық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, ішкі және сыртқы қарызды реттеу.
3. Өндіріс, экспорт, импортты оңтайландыру.
4. Шетел капиталын пайдаланатын кәсіпорындардың құрылуы мен қызмет істеуін реттеу.
5. Жабық, құпия, коммерциялық құпияны және басқа да ақпаратты, меншіктік зияткерлікті қорғау жүйесін құру.
6. Экономикалық қауіпсіздік пен тәуелсіздікті қамтамасыз етуге жауапты мемлекеттік басқару органдарының жүйесін құру.
«Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздігі мәселесі және оны шешу жолдары» тақырыбындағы ғылыми мақаланың негізінде төмендегідей қорытынды және бірнеше ұсыныстар жасауға болады:
1. Ұлттық және экономикалық қауіпсіздіктер кез-келген ұлттың, мемлекеттің қорғалған жай-күйі болып, барлық мемлекеттік органдар жүйесі қорғану іс-шараларына жұмылдырылады. Мұндай үдеріс, сондай-ақ Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік заңы бойынша да байқалып отыр. Ұлттық қуаттылыққа келетін болсақ, ол қолда бар ресурстарды ұтымды пайдаланып, керісінше, өзге мемлекеттерге қауіп төндіретін элементтермен ерекшеленеді.
Егер ұлттық және экономикалық қауіпсіздік теориясы бойынша басты мәселе Қазақстанға жұдырық көрсететін субъектілер мен мемлекеттерден қорғанудың жай-күйі болса, ұлттық қуаттылық теориясына сәйкес басқа мемлекеттерге Қазақстанның өзі жұдырық көрсетуі керек және оған қажетті ресурстарды жоғары деңгейде үнемі ұстап отыру қажет.
2. Қазақстан Республикасы ұлттық қуатының стратегиялық ресурстары екі бөлімнен яғни қатаң және жұмсақ (идеационалдық) факторлардан құралуы керек. Қатаң факторларға экономикалық ресурстар; қаржы ресурстары; территория; табиғи ресурстар; Әлемдік мұхитқа шығу жолы; білім, ғылым және технология саласындағы ресурстар, басқару ресурстары және әскери ресурстар жатады. Сонымен бірге, адам мен қоғамның қауіпсіздігі, азаматтардың конституциялық құқықтарының мүлтіксіз сақталуы қамтамасыз етілуі, әлемдегі сапалық жаңа сауда-қаржылық жағдайларда елдің экономикалық қауіпсіздігі қамтамасыз етіледі
Қазақстан Республикасының ақпараттық қауіпсіздігі қамтамасыз етіліп, бәсекеге қабілетті отандық ақпараттық кеңістік құрылуы қажет.
Оған қосымша экожүйелерді сақтау жене қалпына келтіру, тәуекелдерді азайту және техногендік авариялардан, апаттардан дүлей зілзалалардан болатын зардаптарды барынша азайту бойынша жағдайлар жасалуы қажет.
Ұлттық қауіпсіздіктің демократиялық және ашық доктринасы негізінде халықаралық қауіпсіздік жүйесімен біріктірілген (ұлттық мүддені ескере отырып) ұлттық қауіпсіздіктің тұтас және тиімді жүйесі қалыптастырылады [5] .
3. Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етуде келесі бағыттар жүзеге асырылуы тиіс:
- экономиканы қалпына келтіруге дайындық үдерісінде Қазақстан оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін реформаларды жеделдетіп іске асыруы керек. Бірінші түйінді бағыт - дағдарыстан кейінгі дамуға дайындық - бірінші онжылдық кезеңінде нәтижесі көрінетін шараларды қамтиды. Бұл біршама қолайлы бизнес орта құру, қаржы секторын нығайту және құқықтық жүйені жетілдіру.
Екінші түйінді бағыт шеңберіндегі іс-қимылдар елді үдемелі индустрияландыру бағдарламасын іске асыру және инфрақұрылымды дамыту нәтижесінде Қазақстан экономикасын әртараптандыруды жеделдетуге ықпал ететін болады. Бұл экономикалық үлгіні өзгертуге және экстенсивті, шикізаттық даму жолынан индустриялық-инновациялық дамуға көшуге мүмкіндік береді. Елді инфрақұрылымдық дамыту жоспарлары экономиканы үдемелі әртараптандыруға және елге шетел инвестицияларын тартуға ықпал ететін энергетика, көлік және телекоммуникация салаларын жаңғыртуға шоғырланады [6] .
4. Ұлттық экономиканың қауіпсіздігін қамтамасыз ету экономиканы жемісті әртараптандырумен, республиканың орнықты дамуымен тікелей байланысты.
Соның ішінде:
- жаңартылатын ресурстар мен энергия көздері негізінде қазіргі заманғы технологияларды енгізу, жел энергетикасының, күн және геотермалдық энергетиканың дамуы үшін ынталандырушы жағдайлар жасалады, су ресурстарын бірігіп басқару принциптерін ескере отырып, елдің су ресурстарын тиімді пайдалану технологиялары енгізіледі, сондай-ақ халықты ауыз сумен қамтамасыз ету жөнінде одан әрі күш-жігер жұмсалады;
- инвестициялар тарту, экологиялық проблемаларды шешу, антропогендік ауыртпалықтардың келеңсіз әсерін азайту, табиғатты пайдаланушылардың қоршаған ортаға эмиссияны азайту жөніндегі жауапкершілігін күшейту, қалдықтарды кешенді қайта өңдеу мәселелерін де қамти отырып орнықты дамуды басқару жүйесін оңтайландыру және көмірлілігі төмен экономиканың «жасыл» саясатын енгізу жолымен үздіксіз байланысты [7] .
Экономиканы әртараптандыру экономикалық әлеуеттің ұтымды аумақтық ұйымдастырылуын құру мен халықтың тыныс-тіршілігі үшін қолайлы жағдайлар жасау мақсатында экономикалық өсу орталықтарын қалыптастыру жөніндегі жоспарлармен үйлестіріледі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz