Кәсіпорынның баға және тарифтеу саясаты: қиыншылықтары мен оны қазіргі талаптарға сай жақсарту жолдарын теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
1 БАҒА МЕН ТАРИФ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
5
1.1 Баға, тариф экономикалық категория ретінде және оның функциялары 5
1.2 Кәсіпорынның бағалық, тарифтеу саясаты және баға стратегиялары ... .. 12
1.3 Шетелдегі баға саясаты мен тарифті реттеу тәжірибесі ... ... ... ... ... ... ... 19
2 ЭКОНОМИКА СЕКТОРЛАРЫ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ САПАСЫ МЕН ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

30
2.1 Кәсіпорындардың тұрақты дамуындағы баға және тариф саясатының ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
30
2.2 Ұлттық компаниялардың өнімдеріне баға белгілеуге әсер етуші факторларды бағалау және қаржы.шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

34
3 ОТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДА БАҒА, ТАРИФТЕУ САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІН РЕТТЕУ МЕН ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

43
3.1 Баға және тарифтеу саясатының негізінде бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
43
3.2 Табиғи монополиялар салаларындағы реттеуді дамыту және жетілдіру, ұзақ мерзімді перспективаға жоспарлау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
51
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 61
Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық экономикада тауарларда бағалар үнемі ауытқып отырады. Тауардың нақтылы түрлері және нақтылы кезеңдері үшін бағаны өзерту бағыты әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен Қазақстан экономикасының жалпы дамуына және шаруашылық жүргізушінің әрбір субъектісінде баға ерекше рол атқарады. Осыдан барып баға құрылымы жөніндегі саясатының мәндері туындайды. Кәсіпорын шығаратын өнімнің бағасы оны анықтайтын пайдасының маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар тауарды ойдағыдай өткізудің жағдайына байланысты.
Белгіленетін бағаның деңгейі сатып алушының артықшылығына оларды сол немесе басқада өнімді сатудан алатын болжамды пайданы көрсетеді. Егер де баға тауарларға тым жоғары белгіленсе, онда мұндай тауарлар сатып алынбайды. Ал сатып алынған күнде ол аз мөлшерде өтеді. Тәжірибеде баға стратегиясының тұтас бөлігі болады.
Баға саясатын дұрыс таңдау өзінше қарапайым жұмыс емес. Ең алдымен оны және басқада баға саясатын өндіріске енгізу үшін бағаның қазіргі жағдайындағы деңгейін күнделікті қадағалау қажет.
Нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық субъектінің баға қоюы көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты. Отандық кәсіпорынның көпшілігінде бағаның маркетингтік саясатымен маркетингтік бөлімдерінің менеджерлері айналысады. Кез-келген ашық акционерлік қоғамда баға саясатын марктингті басқару бөлімінің мамандары іске асырады. Бұл жалпы алғанда бағаның дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді. Көптеген кәсіпорында баға саясатымен экономика немесе басқа бөлімдерінің қызметкерлері айналысатындықтан тұтынушымен байланыс жасалмайды. Бұл баға бойынша әрқашан дұрыс шешім қабылдауға келе бермейді. Жоғары бағалар тауар өткізуді тежейді. Ал төмен бағалар бәсекелестердің назарын аудартады, сондықтан нарықтық жағдайды үнемі талдап отыру керек.
Тарифтер – ерекше түр тауарларының бағалары - қызметтер бағалары. Қызметтеің ерекшелігі - оның нақты материалдық-заттық формасы болмауында. Осыған байланысты сатып алушы қызметті сатып алуы кезінде оның (қызметтің) сапасы туралы толық түсінігін алуға мүмкіндігі болмайды. Сатып алушы сатып алатын қызметі туралы ақпаратты тек оның сатушысы арқылы біледі. Қызмет көрсету кезінде өндіріс мерзімі тұтыну мерзімімен дәлме-дәл келеді, яғни мұнда делдалдың көмегі қажет емес. Бұл қызметті бағалаудың ерекшілігін шарттайды және «қызметтерге арналған тарифтер» ұғымын түсіндіреді, бірақ «қызметтерге арналған бағалар» ұғымын қолдану дұрысырақ болар.
Жұмыстың мақсаты ─ Кәсіпорынның баға және тарифтеу саясаты: қиыншылықтары мен оны қазіргі талаптарға сай жақсарту жолдарын теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу және нақты тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.
1 Мұстафина Ә.Қ. Баға белгілеу: Экономикалық мамандықтарының студ. арналған тәжірибелік сабақтарды орындау бойынша әдістемелік нұсқау / Мұстафина Ә.Қ. – Павлодар: С.Торайғыров атындағы ПМУ, 2008. – 29 б.
2 Сагинова Б.К. Баға және баға белгілеу: оқулық / Б.К. Сагинова. – Алматы: Дәуір, 2011. – 280 б. – (АВ. ҚР Жоғары оқу орындарының қауымдастығы)
3 "Баға және баға белгiлеу" пәнi бойынша қысқаша дәрiстер жинағы / А.М.Қазамбаева, Р.С.Габдуалиева, Б.К.Сагинова. - Орал : БҚМУ, 2001. - 56 с.
4 Саденова С. Н., Мукантаева А. Ж., Баға белгілеу : экономика мамандықтарының студенттеріне арналған оқу-әдістемелік кешеннің жинағы / С. Н. Саденова, А. Ж. Мукантаева. – Павлодар : Кереку, 2011. – 91 б.
5 М.С.Абротина. Нарықтық экономикадағы бағалық құрылым. Оқулық «Құжат және сервис» 2002.256б.
6 Сарбасова А.Қ. Экономика және өндірісті ұйымдастыру: оқу құралы / А.Қ. Сарбасова, Ж.Т. Бейсенбаев. – Алматы: Қазақ ун-ті, 2010. – 185 б.
7 Үмбеталиев А.Д. Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік, Алм. 2006 ж.
8 Әмірбекұлы Е., Өнімнің бәсекелік қабілетін арттыру механизмін қалыптастыру. Автореферат, Алматы, 2014ж.
9 Стасевич Т. , Байманова Қ. Калькуляция және есеп бойынша практикум: оқу құралы / – Астана: Фолиант, 2008. – 67 б.
10 Кузовкин А.И. Тарифная политика Учебник. Учебник / Под ред. Чудновского А.Д. М.: ЮРКНИГА, 2003 31. . Ценовая политика. М.: ЭКМОС
11 Дүйсенбаев К.Ш. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау, Алм. 2007
12 Әбдікәрімова Г.И. Кәсіпорын экономикасы, Алматы 2008 ж. «Экономика»
13 И.Х.Салимжанов. Бағалық құрылым. Алматы – 2000
14 Bragg S. M. Management Accounting Best Practices: A Guide for the Professional Accountant / S. M. Bragg. – New Jersey: John Wiley&Sons;, Inc., 2007. – 283 р.
15 Международный маркетинг (Учебное пособие), часть 2. Автор: Матвейчук Л.И., ВГУЕС, 2016г.128стр.
16 Франция на пороге перемен: экономика и политика в начале XXI века / Отв. ред.: А.В. Кузнецов, М.В. Клинова, А.К. Кудрявцев, П.П. Тимофеев. – М.: ИМЭМО РАН, 2016. – 285 с.
17 Japan, Moving Toward a More Advanced Knowledge Economy, Volume 1: Assessment and Lessons., Edited by Tsutomu Shibata, 2006 The International Bank for Reconstruction and Development/The World Bank ISBN 0-8213- 6672-6
18 Ниязбекова Р.К., Рахметов Б.А. Кәсіпорын экономикасы, Алматы, 2008 ж.
19 Idrysheva S.K. The comparative civil-law characteristic of energy supply agreements in the Republic of Kazakhstan and Rus- sian Federation // Businessman and law. — 2008. — № 18. 20
20http://www.ks.com.kz/kz/news/?title=azastan_kmet_baalaryina_memlekettk_retteu_oyyilatyin_mnay_nmdern_tzmn_bektt
21 «KEGOC» АҚ Электр желілерін басқару жөніндегі Қазақстан компаниясының ресми мәліметтері
22 А.М. Ғазалиев, А.З. Исағұлов, С.Ж. Жалимбетов, В.В. Егоров, Д.Қ. Исин. Металдар және қорытпалар өндірудің теориясы мен технологиясы (Қара және түсті металлургия). Оқулық, 2012 - 693 б.
23 Жүк көлігі қызметіне тарифтер индексін құру әдістемесі, (Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрлігі Статистика комитеті төрағасының 2016 жылғы «3» маусым №104 бұйрығымен бекітілді)
24 Жамкеева М.К. ҚР ауылшаруашылық өнімдеріне тарифтік және баға саясатын жетілдірудің экономикалық аспектілері. Алматы 2014ж.
25 Баға белгілеу және сметалар бойынша мемлекеттік нормативтерді бекіту туралы
26 http://studopedia.org/1-100136.html Цены в отдельных странах
27 2014 жылғы қаңтарда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен Мемлекет басшысының 2012 жылғы 14 желтоқсандағы «Қазақстан – 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты Қазақстан халқына Жолдауы
28 Қазақстан Республикасындағы табиғи монополиялар салаларындағы тарифтік саясат жөніндегі 2020 жылға дейінгі бағдарлама, (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2016 жылғы 5 шілдедегі № 395 қаулысы) Астана.
29 «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы
30 http://www.kremzk.gov.kz/kaz/ Табиғи монополияларды реттеу, бәсекелестікті және тұтынушылардың құқықтарын қорғау комитетінің ресми сайты
31 Қазақстан Республикасында суға тарифтерді белгілеудің жаңа тетіктерін енгізу жөніндегі 2013 - 2015 жылдарға арналған кешенді жоспарды бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 29 желтоқсандағы № 1779 Қаулысы
32 Жылу желілерін жаңғырту жөніндегі 2014 – 2020 жылдарға арналған жоспар
33 Қазақстан Республикасын индустриялық-инновациялық дамытудың
2015 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, Астана, 2014 жыл
34 «Табиғи монополиялар және реттелетін нарықтар туралы» 1998 жылғы 9 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңы
35 Электр станцияларының жəне жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік техникасы қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің №122 бұйрығы, 2015 жылғы 20 ақпан. Астана қаласы
36 Үкімет мақұлдаған "ҚТЖ" ҰК" инвестициялық бағдарламасы компания тарифтерін жыл сайын 15%-ға өсіруді көздейді, Kazakhstan today жаңалықтары. 29.01.2008ж.
37 Энергиямен жабдықтайтын ұйым мен тұтынұшы арасында электр энергиясы үшін қаржылық есеп айырысу кезінде 0,4 дейінгі желілердегі электр энергиясының ысырабын анықтау әдістемесі, Астана 2012
38 Жылу энергиясын өндіру саласындағы реттеліп көрсетілетін қызметтерге (тауарларға, жұмыстарға) қол жеткізуге тең жағдайлар беру ережесі
39 Жылумен, сумен жабдықтау және су бұру жүйелерін салуды, реконструкциялауды және жаңғыртуды кредиттеу қағидаларын бекіту туралы Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 2 шілдедегі № 495 бұйрығы. Астана қаласы.
40 www.stat.gov.kz/
41 «ҚазТрансОйл» АҚ-ның қаржылық қорытынды есептері
42 Основные финансовые и производственные показатели группы компаний АО «НК «ҚТЖ» за 2015 год. г. Астана
43 http://aviation.mid.gov.kz Азаматтық авиация комитетінің ресми сайты
44 Табиғи монополиялар субъектілерінің реттеліп көрсетілетін қызметтеріне (тауарларына, жұмыстарына) тарифтерді (бағаларды, алымдар мөлшерлемелерін) бекіту кезінде қолданылатын шығындарды қалыптастырудың ерекше тәртібін бекіту туралы Қазақстан Республикасы Табиғи монополияларды реттеу агенттігі төрағасының 2013 жылғы 25 сәуірдегі № 130-НҚ бұйрығы
45 Инвестициялық бағдарламаларды әзірлеу, бекіту және келісу, сондай-ақ олардың өткізілуі туралы есептілікті ұсыну қағидасы Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 27 наурыздағы
№ 237 бұйрығы
46 Макарова Н.Н. Продвижение товара: Public relations Ялта 2011г.
47 Раздорский О.С. Оценка и повышение конкурентоспособности товаров, Самара 2002г.
48 Оразалин К.Ж . Кәсіпорын экономикасы, оқу құралы, А., 2007 ж.
49 О. Сәбден, Бәсекелестік экономика, А.: Экономика институты, 2014 ж.
50 Москаленко С.В. Стратегические направления в развитии конкурентоспособности фирмы., М.1996г.
51 «Қайнар-АКБ» ЖШС жылдық есептері., Талдықорған қ.
52 Жолдасбаева Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы – А.: Экономика,2002ж.
53 Ценовая политика предприятия.Учебник для вузов.Тарасевич В.М. СПб: Питер,2014
54 Н.Назарбаев: Табысты кәсіпкерлік – ҚР-ның 30 дамыған ел қатарына енуінің негізі // strategy2050.kz
55 Материалы НПП «Атамекен», Астана.2017г.
56 Қазақстанның әлемнің ең дамыған 30 мемлекетінің қатарына кіруі жөніндегі ТҰЖЫРЫМДАМА. Астана қ.2013ж.
57 Табиғи монополиялар салаларындағы реттеуді дамыту және жетілдіру ұзақ мерзімді перспектива. Астана қ., 2015ж.
58 Еуропа Қайта құру және Даму Банкімен бірлесіп, «Инфрақұрылымдағы реттеу және тарифтік саясатты әзірлеу» тақырыбында бірлесіп жүргізген зерттеудің қорытындылары. Астана қ., 2016ж.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 63 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3
1 БАҒА МЕН ТАРИФ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

5
1.1 Баға, тариф экономикалық категория ретінде және оның функциялары
5
1.2 Кәсіпорынның бағалық, тарифтеу саясаты және баға стратегиялары ... ..
12
1.3 Шетелдегі баға саясаты мен тарифті реттеу тәжірибесі ... ... ... ... ... ... . ...
19
2 ЭКОНОМИКА СЕКТОРЛАРЫ ҚЫЗМЕТТЕРІНІҢ САПАСЫ МЕН ТАБИҒИ МОНОПОЛИЯЛАР САЛАЛАРЫНЫҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

30
2.1 Кәсіпорындардың тұрақты дамуындағы баға және тариф саясатының ерекшеліктері ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

30
2.2 Ұлттық компаниялардың өнімдеріне баға белгілеуге әсер етуші факторларды бағалау және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

34
3 ОТАНДЫҚ КӘСІПОРЫНДА БАҒА, ТАРИФТЕУ САЯСАТЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ МЕХАНИЗМДЕРІН РЕТТЕУ МЕН ОЛАРДЫ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

43
3.1 Баға және тарифтеу саясатының негізінде бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .

43
3.2 Табиғи монополиялар салаларындағы реттеуді дамыту және жетілдіру, ұзақ мерзімді перспективаға жоспарлау жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

51
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
58
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...
61

КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Нарықтық экономикада тауарларда бағалар үнемі ауытқып отырады. Тауардың нақтылы түрлері және нақтылы кезеңдері үшін бағаны өзерту бағыты әртүрлі болуы мүмкін. Сонымен Қазақстан экономикасының жалпы дамуына және шаруашылық жүргізушінің әрбір субъектісінде баға ерекше рол атқарады. Осыдан барып баға құрылымы жөніндегі саясатының мәндері туындайды. Кәсіпорын шығаратын өнімнің бағасы оны анықтайтын пайдасының маңызды факторы ғана емес, сонымен қатар тауарды ойдағыдай өткізудің жағдайына байланысты.
Белгіленетін бағаның деңгейі сатып алушының артықшылығына оларды сол немесе басқада өнімді сатудан алатын болжамды пайданы көрсетеді. Егер де баға тауарларға тым жоғары белгіленсе, онда мұндай тауарлар сатып алынбайды. Ал сатып алынған күнде ол аз мөлшерде өтеді. Тәжірибеде баға стратегиясының тұтас бөлігі болады.
Баға саясатын дұрыс таңдау өзінше қарапайым жұмыс емес. Ең алдымен оны және басқада баға саясатын өндіріске енгізу үшін бағаның қазіргі жағдайындағы деңгейін күнделікті қадағалау қажет.
Нарықтық экономика жағдайындағы экономикалық субъектінің баға қоюы көбінесе мемлекеттің экономикалық саясатына байланысты. Отандық кәсіпорынның көпшілігінде бағаның маркетингтік саясатымен маркетингтік бөлімдерінің менеджерлері айналысады. Кез-келген ашық акционерлік қоғамда баға саясатын марктингті басқару бөлімінің мамандары іске асырады. Бұл жалпы алғанда бағаның дұрыс шешім қабылдауына әсер етеді. Көптеген кәсіпорында баға саясатымен экономика немесе басқа бөлімдерінің қызметкерлері айналысатындықтан тұтынушымен байланыс жасалмайды. Бұл баға бойынша әрқашан дұрыс шешім қабылдауға келе бермейді. Жоғары бағалар тауар өткізуді тежейді. Ал төмен бағалар бәсекелестердің назарын аудартады, сондықтан нарықтық жағдайды үнемі талдап отыру керек.
Тарифтер - ерекше түр тауарларының бағалары - қызметтер бағалары. Қызметтеің ерекшелігі - оның нақты материалдық-заттық формасы болмауында. Осыған байланысты сатып алушы қызметті сатып алуы кезінде оның (қызметтің) сапасы туралы толық түсінігін алуға мүмкіндігі болмайды. Сатып алушы сатып алатын қызметі туралы ақпаратты тек оның сатушысы арқылы біледі. Қызмет көрсету кезінде өндіріс мерзімі тұтыну мерзімімен дәлме-дәл келеді, яғни мұнда делдалдың көмегі қажет емес. Бұл қызметті бағалаудың ерекшілігін шарттайды және қызметтерге арналған тарифтер ұғымын түсіндіреді, бірақ қызметтерге арналған бағалар ұғымын қолдану дұрысырақ болар.
Жұмыстың мақсаты ─ Кәсіпорынның баға және тарифтеу саясаты: қиыншылықтары мен оны қазіргі талаптарға сай жақсарту жолдарын теориялық және тәжірибелік тұрғыда зерттеу және нақты тұжырымдар мен ұсыныстар жасау.
Алға қойылған мақсатқа жету үшін келесі міндеттер қойылды:
- Баға, тариф экономикалық категория ретінде және оның функциялары, факторларының мәнін ашып көрсету;
- Кәсіпорынның бағалық, тарифтеу саясаты және бағалық стратегияны таңдауын анықтау;
- Нарық жағдайында шетел мемлекеттерінің баға саясаты мен тарифті реттеу тәжірибелерін зерттеу;
- Кәсіпорындардың тұрақты дамуындағы баға және тарифтеу саясатын экономикалық талдау;
- Ұлттық компаниялардың өнімдеріне баға белгілеуге әсер етуші факторларды бағалау және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау;
- Баға және тарифтеу саясатының негізінде бәсекелік ұстанымды жоғарылату стратегиясын құру;
- Табиғи монополиялар салаларындағы реттеуді дамыту және жетілдіру ұзақ мерзімді перспективаға жоспарлау жолдары ұсыну.
Зерттеу объектісі ─ ҚР ұлттық компаниялары мен кәсіпорындары.
Диплом жұмысының теориялық және әдістемелік негізін Кәсіпорынның баға және тарифтеу саясаты: қиыншылықтары мен оны қазіргі талаптарға сай жақсарту жолдары бойынша Қазақстан Республикасының Президенті мен Үкіметінің бұйрықтары, қаулылары мен жарлықтары, отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпатраттар, сондай-ақ арнайы заңдар, заңнамалық құжаттар, нормативтік-құқықтық актілер мен ҚР ұлттық компанияларының статистикалық мәліметтері мен жылдық есептемелік құжаттары құрайды.
Диплом жұмысының құрылымы кіріспеден, үш бөлімен, қорытынды мен пайдалынылған әдебиеттер көздерінен тұрады. Диплом жұмысының кіріспесінде тақырыптың өзектілігі, мақсаты, зерттеу объектісі, теориялық және әдістемелік негізі, қарастырылған.
Бірінші бөлімінде баға мен тариф саясатының теориялық негіздері, қазіргі нарықтық экономикадағы орны анықталып жазылды.
Дипломдық жұмыстың екінші бөлімінде ұлттық компаниялардың өнімдеріне баға белгілеуге әсер етуші факторларды бағалау және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін талдау және кәсіпорындардың тұрақты дамуындағы баға және тарифтеу саясатын экономикалық талдау бойынша талдау жасалады. Яғни сол кәсіпорын өнімі қаншалықты бәсекеге қабілетті екендігі талданды.
Жұмыстың үшінші бөлімінде отандық кәсіпорында баға, тарифтеу саясатын қалыптастыру механизмдерін реттеу мен оларды жетілдіру жолдары қарастырылды.

1 БАҒА МЕН ТАРИФ САЯСАТЫНЫҢ ЭКОНОМИКАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1.1 Баға, тариф экономикалық категория ретінде және оның функциялары

Баға - бұл ақша сомасы. Осы үшін тауарды алушы сатып алуға ал өндіруші сатуға дайын деген ұғымды білдіреді. Нарықтық қатынастар жағдайында бағаның рөлі кез-келген коммерциялық ұйымдар үшін кенет артады. Мұндай жағдай көптеген себептерге себепші болады. Баға деңгейіне тәуелді болатындар:
- коммерциялық ұйымның пайда мөлшері;
- ұйымның бәсекеге жарамдылығы және оның өнімдері;
- кәсіпорынның қаржы жарамдылығы және оның өнімдер.
Сауда экономикалық кәсіпорындар баға негізінен 5 қызмет атқарады;
1) Есеп қисап қызметі - бұл өнім өндіргенде қоғамдық қажетті еңбек шығыны процесінің өзгеруінде байқалады және әртүрлі өнімді өндіру қалай немен жүзеге асқанын көрсетеді.
2) Ынталандыру қызметі- бұл кезде баға өндіріс тиімділігіне әсер етіп, өнімді жаңғыртуға, жаңа технологияны қолдануға, өнім сапасын арттыруға күш салады.
3) бөлу мен реттеу қызметі - бұл нарық жағдайында бағаның бөлу қызметі сұраным мен ұсынымды реттеу және тұтыну мәртебесінің өзгеруі кезінде байқалады. Баға түскен кезде тұтынушы көп сатып алады. Мейлі тамақ болсын, киім болсын , кейде қымбаттау өнімдерді де ала салады.Әрине бұл процесс кері де болуы мүмкін. Бағаның араласуымен ұлттық табысты бөлу және қайта бөлу, ұдайы және материалдық, ұлғаймалы, материалдық емес өндіріс саласын қаржыландыру жүзеге асырылады.
4) Тұтыну бұл нарықтық тепе-теңдік сақтағанда тұтыну мен өндірісті теңгергенде байқалады. Сұраным мен ұсыным арасындағы тепе-теңдікті бұзғаны жайлы баға белгі береді және оны жөндеу үшін шара қолдануды талап етеді.
5) Ақпараттық - тұтынушыға сатытушылар тарапынан тауар ұсынымы туралы белгі береді және олар өз өкілі үшінқанша алғысы келетіндігін баяндайды [1].
Баға және құн нарықтық экономикада әлемнің кілті болып табылады. Бірінші кезекте өндіріске тауар өткізуге құн қалыптасуына, құрылуына, үлестірілуіне, пайдаланылуына және ұлттық пайдаға жатады. Бағаның 2 теориясы бар. Ойшылдардың пікірінше 1-ші теория құнын көрсетеді, ал 2-ші теория тауар бағасын көрсетеді .Осыдан баға бұл тауардың құн көлемінің ақшаға шағылуы, баға тәуелді құн деңгейінен және тауардың ұсынысы мен сұранысының арасын көрсетеді. Бағадан баға белгілеу тауарды және қызмет көрсетудің бағасының % көрсетеді. Баға мен құн ұқсас ұғымдар алайда бір келкі пара-пар деп түсінуге болмайды. Құн тауар өндірісінің шығындарын көрсетеді ал жекелеген тауардың бағасы нарықта байқалады және ол құннан әбден ауытқуы мүмкін, себебі оған сұраным мен ұсыным, пайдалылық, инфляция және т.б. формалары ықпал жасайды. Нарық субъект арасында қатынасы құн механизмі тауар ақша қатынасы, сұраныс, ұсыныс және тауар айналымы заттың пайдалылығы оның адамды қанағаттандыру қасиеті тұтыну құны деп аталады. Тұтыну құнына ие болған тауар құнға да ие бола алады.құн тауарға сіңген қоғамдық еңбек пен айырбас арқылы байқалады
Баға жүйесі және классификациясы
1) Нарықтық экономикалық жағдайда нарық және бағаның барлық құралдарының даму деңгейі мен механизмі сұраныс және ұсыныс арқылы сипатталады. Сұраныс тұтынушының белгілі бір уақытта белгілі бір жерде тауар немесе қызметті сатып алу мүмкіндігі және қалауы. Сұраныс көлемі белгілі бір жерде анықталған уақыт арлығында берілген жағдайда сатып алуға мүмкіндігі бар. Тауарлар немесе қызметтер саны тауарға және оны анықтайтын факторға деген сұраныс көлемінің өзара байланысын сұраныстың жалпы функцияларында көрсетіледі:

Qux= f(Px,Py...Pz,I,W,Tx,F,S,q) (1)

Мұндағы:
Qux - уақыт бірлігіндегі х тауарына сұраныскөлемі;
Px- х тауарың бағасы;
Py,Pz - бірін бірі толықтырушы тауардағы ауыстырушы , тауар бағасы;
I - сатып алушының табысы;
W- тұтынушының сатып алу қабілеті;
Tx - сатып алушының талғамы және артықшылығы;
F - тұтынушының болжамдары;
S - берілген тауармен қанағаттандыратын қабілеттілік;
Q - сатып алушының саны.
Сұраныс заңы тауарлар мен қызметтер саны мен баға арасындағы байланысты көрсеттеді.Осы өзара байланысты тауардың қандай көлемі әртүрлі бағада сатып алынатынын көрсететін сұраныс тәсілі түрінде ұсынуға болады. Сұраныстың өзгерісі келесі жағдайлармен түсіндіріледі:
- тұтынушының біраз бөлігі тауарларды төмен бағада сатып алады.
- Төмен бағалар сатып алушының біразын басқа тауарларға қарағанда берілген тауарларды алуға итермелейді. Егер тауардың бағасы жоғары болса, сатушы белгісінің саны оны сатып алудан бас тартады.
2) Нарықта бағаны белгілеуде ұсыныстың рөлі өте зор болып келеді. Яғни ол анықталған уақытта, анықталған жерде сатушының сатып алушыға ұсынуға мүмкіндігі бар тауарлар саны. Ұсыныс төмен бағаға қарағанда жоғары баға кезінде сатушылар тауарының көп бөлігін сатуға қоятынын көрсетеді. Ол сатушының жоғары пайда алуға тырысқандығынан болады. Егер баға өскенде сұраныс қисығы төмендесе, онда ұсыныс қисығы өседі. Ұсыныс функциясы тауар ұсынымымен оны анықтайтын факторлардың арасында өзара тәуелділікті көрсеттеді. Бұл тәуелділік келесі түрде болады:
Qsk = f(Px,Py...Pz,K,L,N,q) (2)

Мұндағы:
Qsk - уақыт бірлігіндегі х тауарына деген ұсыныс;
Px - х тауарының ұсыныс бағасы;
Py,Pz - бәсекелес тауарлар мен берілген тауарлар бірлесе өндіретін тауарлар бағасы;
K - өндірістің технология деңгейі;
L - салықтар;
N - өндірістік ресурстарға төлем;
Q - сатушылар саны.

Сауда кәсіпорынның жағдайында өзекті мәселенің бірі бағаның экономикалық базасын дұрыстап анықтау себебі бағаның деңгейімен кәсіпорын тиімділігі байланысты. Көтерме баға деңгейімен кәсіпорын тиімділігі байланысты, бөлшек баға деңгейімен жұмыскердің нақты жалақысы байланысты. Баға тарихи категория болып табылады. Баға деңгейі ғана емес, сондай-ақ экономикалық мазмұны уақыт талабына сай өзгереді.
Бөлшек көтерме жіберілу бағаларын базалық құрылымын қалыптастыру, тауарқозғалысы кезіндегі бағаны есептеудің әдістері
Осылайша кәсіпорын көтерме бағаны мына формуламен (1) есептейді:

КБ = Өқ + Р
(3)

мұнда КБ - көтерме баға
ӨҚ - өнім бірлігінің толық өзіндік құны
Р - пайда, рентабельдік нормасы

Кәсіпорын өндіруші жіберілу бағасын мына формуламен (2) есептейді:

Жб = КБ + А + ҚҚС
(4)

мұндағы Жб - жіберілу бағасы
КБ - көтерме баға
А - акциз мөлшері
ҚҚС - қосымша қосылған салық

Бөлшек немесе жеке баға мына формуламен (3) есептеледі:

Бб = Жб*(Бжсаб) + СУ
(5)

мұндағы Бб - бөлщек баға
Жб - жіберілу бағасы
Бжсаб - басқа жабдықтаушының сатып алу бағасы.

Баға тауар құнының ақшалай өтемі болып көбінесе тауар шығыны мөлшерінен ауытқып отырады. Нақты механизм және ауытқу түрлері бағаға сұраным мен ұсынымның әсер ету дәрежесіне байланысты. Мемлекеттің бағаны реттеу мүмкіндігіне әлеуметтік факторларға айналымдағы қағаз ақша санына сондай-ақ инфлиция деңгейіне бәсеке сипатына, өндірушінің нарықтағы монополиялық жағдайына, пайдалылыққа, экономикалық тұрақсыздыққа әсер етеді [2].
Бағаның элементтері өндіріс пен айналым аясында болатын қосымша өнімнің әртүрлі формалары және оған айналыс шығындарында қосамыз. Жоспарлы экономика жағдайында бағаны құру принципі мынаған негізделген: баға тауарды тікелей өндірген кезде немесе оны өндіргенге дейін анықтау қажет. Бұл жағдайда нарық баға деңгейіне ешқандай әсер етпейді. Нарықтық баға құрлымына өту баға моделін, оның қалыптасу принципін өзгертеді. Себебі баға деңгейі нарықта қалыптасады немесе тауардың өткерілу аясында жүзеге асады.
Экономикадан еркін бейлеген елдерде көтерме және бөлшек бағалар кеңінен қолданылады. Оларға деген қолданыс сұраным мен ұсынымның өзара қатынасымен жүргізіледі. Нарықтық экономикада бағаның мынадай түрлері қалыптасқан:
Өндіріс бағасы - өндіріс шығындары жиынтығы және барлық авансталған капиталдың орташа шығынынан құралады.
Ұсыным бағасы - сатушының еш нәрсе қоспаған арнайы ұсталымы.
Базистік баға - сатушы мен сатып алушы арасындағы алдын ала келісілген баға.
Сатып алу, сату бағасы - сатушы бағасы немесе шартта тауарды жеткізуді көрсету.
Көтерме баға - ірі тауарларды сауда және өнеркәсіп кәсіпорындарына жеткізуде қолданылады.
Бөлшек баға - тауарды сатып алушыға бөлшектеп сатқан кезде қолданылады.
Монопольді баға - монополиялар бекіткен жоғарғы немесе төменгі өндіріс бағасы.
Номиналды баға - арнайы прескурантта, анықтамаларда жарияланады.
Анықтамалық баға - жасалған істің сандық нәтижесін көрсеттеді және базистік бағаның қалыптасуында қолданылады.
Қатты баға сату, сатып алу шартында көрсетіледі және өзгертуге болмайды.
Әлемдік баға - халықаралық сауда бағасы.
Өтімді баға - сұранымы жоғары ерекше тауар бағасы.
Нарықтық экономика жағдайында өндіріс тауарлы өндіріс екенін көрсетеді және тауарлардың бағасы негізінде олардың құнына жатқызады. Тауарлы өндірісте баға құнының ақшалай түрінде болады.
Нарықтық жағдайда тауар бағасы сұраныс пен ұсынысқа нарық жағдайда және тауардың бәсекеге жағдайында құрылады.
Тауарлардың бағасы, айналым қызметі мемлекет ықпалынан еркіндік дәрежесі, тұрақтандыру деңгейі негізделуі, уақыт әрекеттері сипаттарын топтастырады, тауарларға айналым бағасының қызмет теу тарифтері және т.б. ажыратылдады. Қорыта айтқанымызда еркін бәсекедегі нарық бағалары өндірілген тауарлардың біртектілігі және өзара алмасушылығы.
Еркін бәсеке жағдайында бірде- бір кәсіпорын баға құрылымына елеулі ықпал ете алмайды, тауардың бағасы тек қана сұраныс пен ұсыныстың жиынтығының ықпал жасауынан қалыптасады. Жеке кәсіпорындарды баға саясаты, яғни бағаны реттеу қабілеттілігі болмайды. Ол тек қана нарықтық бағаға бейімделеді [3].
Нарықтағы кәсіпорынның баға белгілеу әдістері.
Баға стратегиясы- тарихи қалыптаса отырып еркін нарық жағдайында сатып алушы мен сатушы бір-бірімен мәмілеге келген соң баға белгіленеді. Сатушы өзінің ойындағы бағасынан көп сұраса, сатып алушы төлейтін мөлшерден аз беруге тырысады. Саудаласа отырып олар екуіне ыңғайлы бағаға тоқталады немесе сұраным мен ұсыным әсерінен қалыптасатын тепе-теңдік бағаға келіседі. Соңғы 10 жылдықта батыс елдерде сатып алушылар таңдауында бағалық емес, бәсекелестік факторлар көбірек байқалады. Олар кәсіпорынлардың біркелкі өнім түрлерін кеңірек ұсынуы, өнімді жиі шығарып алмастыру оның сапасын ауыстыру, өнімнің техникалық сипаттамасын жетілдіру, сатлған өнімнің кепілдік мерзімін ұзарту және кепілдікті жетілдіре түсіру т.б.
Өндіруші кәсіпорынлар қазіргі кезде баға құрлымы факторының үнемі өзгеруі жағдайында бәсекелестік орта жағдайының ауысуында қызмет жасауға тура келеді. Кәсіпорын өздеріне баға бөлімін құрып, олар бағаны белгілеумен айналысады және баға құрылымына стратегиялық көзқарасты қалыптастырады. Кәсіпорындағы баға бөлімі бағаны жоспарлап отырады.
Баға құрылымы стратегиясы компанияның жалпы мақсатымен байланыстырады. Әртүрлі кәсіпорынлар әртүрлі мақсат қойып соған қарай нарықтық бағалық стратегиясын айқындайды. Сондықтан да кәсіпорын алдында әрбір жағдайға қарай қандай мақсатқа тауар бәсекелестігі көмегімен бәсекелестік қиын ортаға нені шешу керектігін белгілеп алады. Кәсіпорын бастапқы бағаны бекітеді. Содан кейін қоршаған бәсекелестік ортада оған әсер ететін әртүрлі факторларды есепке ала отырып реттейді:
1. Кәсіпорын пайда табуды көздейді. Нарықта сату үлесін молайту немесе өнім сапасын жақсарту;
2. Кәсіпорын тауардың көлемін болжайды;
3. Кәсіпорын шығындар сомасының өндіріс деңгейінде қалай өзгеруіне есеп жасайды;
4. Кәсіпорын бәсекелесінің бағасын ескеріп оны өз тауар бағасы ретінде қолданады;
5. Кәсіпорын баға құрылымының орта шығынмен қоса пайда тауар құндылығының негізінде бағаны бекіту күнделікті баға деңгейіне байланысты бағаны белгілеу;
6. Кәсіпорын тауарға бағаны психологиялық қабылдайды, толық ескере отырып міндетті түрде тексерген соң түпкілікті белгілейді.
Ұсынатын баға кәсіпорынның баға саясатына дәл келіп тәжірибеде одан ауытқымауы керек. Нарық экономикасына өтпелі кезеңде баға түрлері және алуан түрлілігіне байланысты сыныпталады. Тауар айналымы саласында қызмет көрсету бағасы бірінші немесе негізгі белгі бойынша сыныпталады. Баға негізгі түрлерге бөлінеді:
1. өнеркәсіп өнімінің көтерме бағасы;
2. құрылыс өнімінің бағасы;
3. ауылшаруашылық көтерме сатып алу бағасы;
4. бөлшек сауда бағасы;
5. жүк және жолаушылар көлігінің бағасы;
6. тұрмыс және коммуналдық қызмет көрсету бағасы;
7. сыртқы сауда айналымының қызмет көрсету бағасы.
Өнеркәсіп өнімінің көтерме бағасы кәсіпорынлардың, өнеркәсіптің, кәсіпорынның өнімін сатып алу және өткізу бағасы 2 түрге бөлінеді: кәсіпорынның көтерме бағасы; өнеркәсіптің көтерме бағасы.
Кәсіпорынның көтерме бағасы өнім дайындаушы баға бойынша кәсіпорында көтерме өткізу ұйымдарға немесе кәсіпорындарға шығарылған өнімді өткізеді. Негізгі көтерме баға кәсіпорында жоспарлау, талдау және есептеу арқылы анықтайды. Кәсіпорында көтерме баға өзіндік құннан пайда, акциздерден және ҚҚС құралады. Өнеркәсіптің көтерме бағасы кәсіпорындар мен ұйымдар өнім бағасы жабдықтау, өткізу арқылы ұйымдарға төленеді.
Құрылыс өнімдері бағасы мынадай түрлермен бағаланады:
1. сметалық құн - құрылыс объектісінің шекті мөлшер шығындары;
2. келісім баға- мердігерлер мен тапсырыс берушілердің арасындағы келісім;
3. көтерме сатып алу бағасы- келісімді баға сұранысымен ұсынысының ара салмағымен белгіленеді.
1) Кәсіпорын баға стратегиясы таңдау үшін оған қандай факторлар әсер ететінін біле отырып, оларды талдауы қажет. Бағаға әсер ететін негізгі факторлар:
1. өңдіріс шығындары;
2. тұтынушылар;
3. тауар қозғалысына қатынасушылар;
4. бәсекелестер;
5. мемлекет.
Өңдіріс шығындары түпкі бағаға аса қатты әсер етеді. Шығындар көлемі шикізат сатып алуға, жұмысшылардың жалақысын төлеуге, трансфортқа, қоршаған ортаны қорғауға кеткен қаражатқа байланысты. Бұл шығындар бағаны белгілеу кезеңінде есепке алынып, бағадағы пайданың үлесіне қарай баға деңгейі белгіленеді.
Баға деңгейі тұрақты болғанда шығындар көлемінің өзгерісі пайданың әр қалай көлемде түсуін белгілейді. Бағаның негізгі элементі - өзіндік құн, ал оның құрылымының маңызды бөлігін материалды шығындар құрайды. Өзіндік құнды азайту үшін факторлық талдау жүргізіп, жаңа технологияларды енгізу, өндірісті ұйымдастыруды, еңбек өнімділігі мен басқаруды жақсарту есебінен оны түсіру жолдарын анықтау қажет. Өнімнің өзіндік құнының азаюы пайда мен рентабельділіктің артуына едәуір әсер етеді. Өнім бағасына кіретін рентабельділіктің деңгейі кеңейтілген ұдайы өндірісті қамтамасыз ету, шығындарды жабу және бюджетке салық пен төлемдерді төлеу үшін жеткілікті болуға тиіс [4].
Шығындардың өзгермелі және тұрақты деген екі түрі болады.
Тұрақты шығындар өндіріс пен өткізу көлеміне қатыссыз қосымша шығындар екені белгілі. Компания өндіріс көлеміне қарамастан, ай сайын жалға алғаны үшін ақыны, несие үшін процентті, жылу ақысын, жалақыны т.б. төлеуге міндетті. Бұлар тұрақты шығындарға жатады.
Өзгермелі шығындар - өндіріс көлеміне тікелей байланысты болатыншығындар. Өнімнің әрбір бірлігі үшін шығындар тұрақты болып қалады, бірақ олардың жиынтық көлемі өндіріс көлеміне байланысты өзгереді. Бұлар - шикізат, материалдар, құрал-жабдықтар және т.б.
Жиынтық шығындар - бұл белгілі бір өндіріс көлемі кезінде болатын тұрақты және өзгермелі шығындардың жиынтық сомасы.
Тұтынушылар баға және сату көлемінің өзара тәуелділігіне 2 себеппен түсіндіруге болады: 1. Сұраныс пен ұсыныс заңының әрекеті, баға икемділігі 2. Әртүрлі рынок жағдаында тұтынушыларының бағаға деген жауапты әрекеті.
Бағаны қабылдау және тауарды сатып алу бағытына қарай тұтынушыларды 4 топқа бөлуге болады:
- үнемдеп сатып алушылар тобы бұл топтағы тұтынушылар тауар бағасына, сапасына, түріне көп көңіл бөледі және осы топтағы тұтынушыларға жарнама қатты әсер етеді;
- дербестендірілген сатып алушылар бұлар тауар бейнесіне сатушылардың қызмет көрсету деңгейіне көп көңіл бөледі;
- этикалық сатып алушылар өздерінің сатып алуымен кішігірім кәсіпорынларды қолдауға әзір және олардың тауарларына қымбат баға төлеуге дайын;
- көңілсіз сатып алушылар тауарды пайдалануының ыңғайлылығына, қолайлығына жоғары бағалайды, баға көлеміне қарамайды.
Тауар қозғалысына қатынасушылар. Бағаны белгілеу кезінде маңызды роль атқарады. Олардың пікірімен санасуға тура келеді. Өйткені олар тауардың өткізу көлемін ұлғайтуға, жағымды тауар бейнесін жасауға, сатып алуды жалғастыруға өз ықпалын тигізеді. Көтерме және бөлшек саудадағы тауар қозғалысының негізгі қатынасушылары бағаны қатаң қадағалуы мүмкін. Егерде өндірушіге өзінің маңызды екенін көрсете білсе, пайдасыз тауарды өткізуден бас тартса, бәсекелес тауарды қоса өткізіп, тұтынушылардың сатушыға деген адалдығын қалыптастырады.
Бәсекелестер баға бақылауының жағдайына байланысты бәсеке ортасы 3 түрге бөлінеді:
- Бағаны рынок бақылайтын орта онда бәсеке деңгейі жоғары тауар бір типтес ұқсас деп сипатталады. Бұл ортада кәсіпорын тауарын төмен бағамен ұсынса ол тауарға сұраныс көбеюі мүмкін, өйткені тұтынушылар бағасы төмендеген тауарға тез ауады.
- Бағаны кәсіпорын бақылайтын орта оған шектелген бәсеке. Ұсынған тауарлардың ерекшеліктері болады. Бұл ортада кәсіпорынның жұмыс істеуі және іс-әрекеті оңайлау болады. Тауарлардың бағасы жоғары немесе төмен болса да оны алушы тұтынушылар әрдайым болады.
- Бағаны мемлекет бақылайтын орта қоғамдық трансфорт, энергетика, коммуналды қызмет және де басқа салаларда кездеседі. Мемлекет органдары тұтынушылардан және өндірушілерден жан-жақты ақпарат жинаған соң нақты баға деңгейін белгілейді.
Мемлекет кәсіпорынның бағаны белгілеудегі еркіндігін мемлекет шектейді.Бұл шектеуді 3 дәрежеге бөлуге болады:
- мемлекет бағаны өзі белгілейді;
- мемлекет баға қою ережелерін бекітеді;
- бәсекеге және нарықты монополиялауға шек қою үшін нарықтық баға ережелерін орнатады [5]. Ол үшін мемлекет мына іс-әрекеттерді шектейді, кәсіпорындардың бағаны жоғары деңгейде сақтау мақсатымен келісім қабылдауына шек қояды, бәсекелестері жою мақсатымен тауарды өз құнына төмен бағамен сатуға шек қояды.

1.2 Кәсіпорынның бағалық, тарифтеу саясаты және баға стратегиялары

Кәсіпорынның бағалық саясаты - кәсіпорынның экономикалық жағдайға бейімделуін қамтамасыз ететін, оның жалпы шаруашылық саясатының аса маңызды бөлігі.
Қазіргі нарық жағдайында коммерциялық ұйымдар өзінің шаруашылық саясаттан, сонымен қатар бағалық саясатын өткізуге нақты мүмкіндігі бар.
Баға саясаты дегеніміз - тауардың ақша саласын білдіретін экономикалық категория. Баға саясатының айқындығы оның мәнімен сипатталады. Экономикалық теориядағыдай баға құнның ақшалай мәнімен түсіндіріледі. Оның мөлшері қоғамның қажетті еңбек шығынымен анықталады. Өндірісте жасалған құн тауарды сатып алу, сату процесінде белгілі бір бағамен өткізіледі. Баға саясаты өте қозғалмалы, көптеген факторлардың әсеріне бейімделген. Олар: сұраным мен ұсыным, өндіріс шығындары, бәсекенің күші және т.б. Баға саясатының құрылуына қатысты көзқарасты қалыптастыру барысында тұтынушылар ортасының көңіл күйімен қоғамдық ақуалға мемлекеттік тауар саясатына нарықтағы бағаның жағдайына өте мән берген дұрыс. Бағаның құрылуы күрделі және көп факторлы процесс болып табылады.
Кәсіпорынның баға саясаты нарықтық бағаның бет алысы көптеген жағдайда нарық құрылымының бәсекеге жарамдылығына байланысты. Әдетте нарық төрт түрге бөлінеді. Олардың әрқайсысы салалық және кәсіпорындар шығарған өнімдерін бағаларын қалыптастырудың ерекше жағдайларын сипаттайды.
Кәсіпорынның бағалық саясаты, тіпті жоғары дамыған еуропалық нарықтарда да тұтынушыларды жаулап алу құралы ретінде пайдаланылады. Әсіресе берілген сұрақ отандық нарықтың жоғары серпінді қалыптасуы жағдайында, нарыққа шетел бәсекелестердің белсенді енуі кезінде, қазақстандық кәсіпкерлердің сыртқы нарыққа шығу мүмкіндігі кеңеюі жағдайында Қазақстанның кәсіпкерлік қызметінің дамуы үшін аса өзекті болып табылады. Қазақстан экономикасының нарық жағдайына көшу кезеңінде баға белгілеу үрдісінің даму ерекшеліктерін талдау нәтижесінде келесі қорытындыға келді: инфляцияның төменделуі нәтижесінде, импорттың өсуі арқылы бәсекестік деңгейдің күрт артуы, өндірістік және тұтынушылық сұраныстың күрт төмендеуі іс жүзінде инфляциялық баға белгілеу моделін ысырып шағарды. Әлемдік тәжірибиеде қабылданған экономикалық қатынастардың қағидалары қолданыла бастады. Бұл отандық кәсіпорынлар кәсіпкерлік қызметті ұйымдастырудың әдістері мен сәйкес формаларын таңдауды, әдістердің барша түрлерін және нарықтық баға белгілеудің барлық әдістерін меңгеруді талап етеді.
Кәсіпорынның бағалық саясаты бағалық нарықтық стратегиялардың жүйесін қамтиды [6].
Бағалық стратегиялар - кәсіпорын үшін жоспарланған кезеңде максималды пайдаға жетуге бағытталған бірнеше нұсқалардың ішінен бағаның негізделген таңдауы ( немесе бағалар қатарынан).
Бағалық стратегиялық таңдау - кәсіпорын қызметінің басымдықтарын бағалауына негізделген баға белгілеудің стратегиясын таңдау. Нарық жағдайында әрбір кәсіпорын көпшілік бағалық стратегиялар ішінен таңдау жүргізе алады.
Негізінде, бағалық стратегияның сәттілігі және нәтижелілігі оның құрылу үрдісінен бастап дұрыс ұйымдастырылуына байланысты. Бағалық стратегияны жасаушылар үшін схема және сәйкес сұрақ тестерін құру қажет.
Бағалық стратегияны құрудың бірінші кезеңінде - бес бағыт бойынша бастапқы ақпарат жинау жұмысы жүргізіледі:
1) шығындардың бағалануы;
2) кәсіпорынның қаржылық мақсаттарын нақтылау;
3) әлеуетті тұтынушыларды анықтау;
4) маркетингтік стратегияны нақтылау;
5) әлеуетті бәсекелестерді анықтау.
Бағалық стратегияны жасаудың екінші кезеңінде де - бес бағыт бойынша стратегиялық талдауды жүргізіледі:
1) қаржылық талдау;
2) нарықтың сегменттік талдауы;
3) бәсекелестік талдау;
4) сыртқы факторлардың бағасы;
5) мемлекеттік реттеудің рөлін бағалау.
Бағалық стратегияның үшінші кезеңінде кәсіпорынның бағалық стратегиясының жобасын дайындау жүзеге асырылады.
Қазіргі бағалық стратегиялардың негізгі түрлері және оларды жүзеге асырудың салдары
Баға белгілеудің дифференцияланған стратегиясы.
Баға белгілеудің дифференцияланған стратегиясы бірдей тауарларды бірнеше бағалар бойынша сату мүмкіндігіне және тұтынушылар категориясының біртекті еместігіне ( әртекті, бірыңғай емес) негізделген.
Екінші нарықта жеңілдіктің бағалық стратегиясы келісім бойынша тұрақты және өзгермелі шығындар ерекшеліктеріне негізделген.
Мезгіл - мезгіл (периодический = оқтын - оқтын, әлсін - әлсін, қайта - қайта) жеңілдіктердің бағалық стратегиясы тұтынушылардың әртүрлі категориясының сұраныс ерекшеліктеріне негізделген.
Бағалық дискриминация стратегиясы. Бұл стратегияға сәйкес кәсіпорын бір уақытта, бірдей тауарды (қызметті) әртүрлі тұтынушылар категорияларына әртүрлі бағамен ұсынуды білдіреді. Сондықтан бағалық дискриминация туралы айтылады.
Баға белгілеудің бәсекелестік стратегиясы
Баға белгілеудің бәсекелестік стратегиясы кәсіпорынның бағада бәсекеге қабілеттілігін есепке алумен құрылады.
Нарыққа енудің бағалық стратегиясы өндіріс көлемінің өсуі арқылы үнемді пайдалануға негізделген.
Меңгеру қисығы бойынша бағалық стратегия алынған тәжірибе артықшылықтарына және бәсекелестермен салыстырғанда төмен шығындарға қатысты негізделген.
Бағаларды дабылдандыру (сигнализирования) бағалық стратегиясы бәсекелес кәсіпорынлармен құрылған бағалық механизмге сатып алушының сенімін пайдалануға негізделген.
Бағалық географиялық стратегия нарық сегменттері үшін баға белгілеудің бәсекелестеріне қатысты.
Баға белгілеудің ассортименттік (әр алуан тауар жинағы) стратегиясы
Баға белгілеудің ассортименттік (әр алуан тауар жинағы) стратегиясы кәсіпорында ұқсас жиынтықтар, қатысты немесе өзара алмастырушы тауарлар болған кезде қолданылады.
Жиынтық (набор) бағалық стратегиясы өзара алмаспайтын тауарларға сұраныстың бір қалыпсыз жағдайында қолданылады.
Жинақ (комплект) бағалық стратегиясы тұтынушыларға кәсіпорынның бір немесе бірнеше тауарларды әртүрлі бағалуға негізделген.
Номиналдан жоғары бағалық стратегиясы кәсіпорын алмасатын тауарлардың бір қалыпсыз сұранысына тап болған кезде және өндіріс көлемін ұлғайту арқылы қосымща пайданы алу мүмкіндігі болған кезде қолданады.
Имидж бағалық стратегиясы сатып алушылар өзара алмасатын тауарларды баға арқылы сапасын анықтаған кезде пайдаланылады [7].
Баға белгілеудің тактикасы - бұл өндірістің, тауарды өткізудің немесе бәсекелестердің әрекетінің өзгеру салдарынан ағымдағы бағаны түзетумен түсіндіріледі. Бағаны қайта қарастыру аса күрделі үрдіс болып табылады, сондықтан оның тек айқын сыртқы себептердің болуы кезінде түзетеді. Ондай сыртқы себептерге келесілер жатады:
- кәсіпорынның тауарына сұраныстың жалпы тенденциялары өзгерсе;
- тауар алмастырушыларға сұраныс өзгерсе;
- ілеспелі тауарлар нарығының дамуы өзгерсе;
- бәсекелестердің бағалық саясаты өзгерсе;
- инфляция.
Кәсіпорынны бағаны қайта қарауға итермелейтін ішкі себептерге келесілерді жатқызуға болады: шығындардың өзгерісі, кәсіпорын сату серпінділігі арқылы ұлғайтуға ұмтылатын қолма - қол қаражаттың жетіспеуі.
Бағаның төмендетілуі өте ауырсынды және қиратушы үрдіс болуы мүмкін, себебі ол табыстар мен шығындарың азаюына әсер етеді және келесі жағымсыз салдарларды әкелуі мүмкін: сатып алушы санасында тауардың беделі ( престиж= абырой,бедел) құлдырау. Кәсіпорынның бағаны төмендетуге мүмкіндік беретін негізгі жағдайлар:
- өндірістік қуаттылықтың артық қалуы - кәсіпорын үшін шығаратын өнімді ұлғайту арқылы жалпы орташа шығындарды төмендетіп және қосымша пайда табуға немесе бұрынғы деңгейде рентабельділікті сақтап қалуға мүмкіндік береді;
- әлуетті сатып алушыларды тартуға (қызықтыруға) мүмкіндік беретін баға бойынша икемді нарықтық сұраныс бойынша бағаны тқмендету;
- жақын уақытта бәсекелестер өз өнімінің бағасын төмендете алмауына толық сенімділік.
Бағаны төмендетудің бір салдары - инициаторға және осы шараны жалғастырушыға тым жағымсыз әсер ететін бағалар соғысының пайда болу мүмкіндігі.
Егер бәсекелестер жаңа модельдерді шығаруға көшсе ( егер кәсіпорын оған ештене қарсы қоя алмасы), өз өніміне бағаны төмендету жалғыз шешім болып табылады [8].
Бағаны төмендетудің негізгі себебі өндірістің азаюы және жиынтық сұраныстың қысқаруы болып табылады. Алайда, экономикасы дамыған елдердің тәжірибиесі көрсетіп отырғандай, қысқару кезеңінде кәсіпорын өнім көлемін қысқартып бағаны сол күйінде қалдырады. Тек санаулы кәсіпорынлар жалпы конъюктураның нашарлауы кезеңінде бағаны төмендетеді.
Бұл кәсіпорынлар берілген нарықта тастауға тастауға шешәм қабылдады немесе олардың бағасы бәсекелестерге қарағанда жоғары болды деп шешім қабылдауға болады.
Бағаны төмендетпес бұрын, кәсіпорынға түсетін шығындарға мұқият есеп жүргізу қажет және бәсекелестердің тарапынан болатын реакцияны ескеру қажет. Бағаны төмендетудің жағымды жағдайының бірі - берілген өнімді өндіруде жалпы шығындарда тұрақты шығындардың үлесі көп болады. Айтылғанды дәлелдеуүшін шартты мысал келтірейік.
Айталық, кәсіпорын шығындар құрылымымен ерекшеленетін үш түрлі өнім шығарады.
Айталық, әр бұйымға бағаны 10 % төмендету қажет, нәтижесінде жаңа баға Р2 тең болады, ол 90 у.е. тең болады, әдеттегі пайданы сақтау үшін (Q2) өнім көлемін өткізу керек.
Есепті әр өнім бойынша маржиналдық пайданың коэффециенті арқылы жүргізуге болады. Нәтижесінде маржиналдық пайданың кеелсі коэффециенттерін табамыз:

A = 0,834, B = 0,723, C = 0,612.

Кесте 1 - Шығындар калькуляциясы және А,В,С бұйымының пайдасы

Калькуляция баптары
Бұйымдар

А
В
С
Баға (Р), у.е
100
100
100
Көлемі (Q),дана
200
200
200
Тұрақты шығындар(FC) y.e
8000
6000
4000
Өзгермелі шығындар (VC) y.e
3000
5000
7000
Жалпы шығындар (TC) y.e
11000
11000
11000
Жалпы шығын.дағы өзгермелінің үлесі (FC:TC), %
0,72
0,55
0,36
Орташа өзгермелі шығындар (AVC = VC:Q), y.e
15
25
35
Жалпы түскен түсім (выручка) (TR = P*Q), y.e
20000
20000
20000
Жалпы пайда(TR-TC)
9000
9000
9000
Сату рентабельділігі (R), %
45
45
45
Маржиналдық пайда (Mп = TR-VC), y.e.
17000
15000
13000
Ескерту - Автордың есептеуімен құрастырылды

Бағаны төмендеткенде тұрақты шығындардың өте төмен үлесі кезінде қазіргі пайда деңгейін қалпына келтіруге қиын болады. Ол егер де сұраныс жоғары икемді және нарық кеңеюі жағдайында болса, мүмкін болады.
Бұйымның пайдалылығын арттырудың тиімді әдісі ретінде келесіні айтуға болады: шығындардың азаюы, әсіресе өнім көлемімен байланысты болатын тура (өзгермелі) шығындар.
Бағаның төмендетілуін хабардар еткенде ескеретін жайт: сатып алушыларға бағаның төмендетілуі тауардың тұтынушылық қасиеттерінің нашарлануымен байланысты емес екенін түсіндіру, сатып алушылардың теріс реакциясын әлсірету. Бағаларынызды бәсекелестердің бағасымен байланыстырып айтудың қажеті жоқ, әсіресе бағаның төмендетілуінен сатылым мен шығынға ықпал ету туралы хабарландыру айтымау тиіс [9].
Тариф көтерілу проблемалары
Әдеттегідей, тариф көтерілуі кәсіпорынның тауарына сұранысын қысқартады,сатылым қысқарады және пайда азаяды.
Тарифтың көтерілу қажеттілігін тудыратын ең басты себептердің бірі шығындар көлемінің өсуімен туатын тұрақты инфляция болып табылады. Өндірістің өсіміне байланыссыз шығындардың жоғарлауы пайда нормасының қысқаруына алып келеді және кәсіпорынға үнемі тарифтерді жоғарлатуға мәжбүр етеді.
Тариф көтерілуінің тағы бір себебі шектен артық сұраныс, бұл кезде кәсіпорын оны толық қанағаттандыра алмайды. Онда ол өз бағаларын көтереді, тауар бөлу нормалауын енгізеді немесе екеуін бір уақыттта қолданады.
Іс жүзінде жеңілдіктерді алып тастап, ассортиментке неғұрлым қымбат нұсқаларын енгізіп бағаны білдіртпей көтеруге болады, алайда оны ашық түрде жүргізуге болады.
Тәжірибеде шырмаланған тариф көтерілудің келесідей түрлері кездеседі:
- бағаны көтерудің орнына, бір ораманың ішіндегісін қысқарту;
- неғұрлым арзан материалдар мен детальдарды қолдану;
- өнімді дайындауды біршама жеңілдету;
- тегін қосымша қызметті қысқарту немесе мүлдем алып тастау;
- неғұрлым арзан ораманы қолдану;
- бұрынғы неғұрлым күрделі және қымбат тауар маркасының орнына жаңа арзан модель маркасын енгізу;
(әрбір осы шырмаланған баға көтерілудің әдістерінің негізінде шығындарды азайту жатыр) [10].
Өндірістік - техникалық тағайындау бойынша өнім нарығының ерекшеліктері (ӨТТ)
ӨТТ өніміне баға белгілеу бірқатар ерекшеліктерді қамтиды, олар келесілерге байланысты болады:
1) сатылатын тауар сипаттамасына;
2) нарық қатысушыларының санына;
3) сатылымға әсер ететін факторлар санына.
Бұл нарықта сатылатын тауар сипаттамасы аса әртарапты, алайда олардың бәрі тауар мен қызсетті құрудың технологиялық үрдісін жүзеге асыру үшін маңызды болып табылады. Осыдан бірнеше маңызды жағдайлар туындайды:
- нарықта осы өнімге деген сұраныс туынды сипат алады, яғни өндірістік - техникалық өнімді пайдаланып жасалған тауар (қызмет) нарығында конъюнктурамен анықталады;
- кейбір өнім түрлері ұзақ уақыт пайдаланылады, сондықтан сатып алушы үшін баға көлемі ғана емес, сонымен қатар берілген өнімді пайдалану бойынша кейінгі шығындар да маңызды, яғни барлық эксплуатация кезеңінің жиынтық (жалпы) шығындары.
- әдетте сатып алушы үшін өнімнің пайдалылығын техникалық құжаттарда нақтыланатын және сөзсіз тексеруге бағынатын параметрлер негізінде нақты сандық түрде бағалауға болады.
ӨТТ өніміне баға белгілеу ерекшеліктері тұрғысынан негізгі екі классын ажыратуға болады:
1) бірнеше рет алынатын тауарлар.
Бұл категорияға негізгі капиталдың элементтері жатқызылады (машиналар, ғимарат, құрылыс, құрал - жабдық, кемелер, ұшақтар және т.б.);
2) қайта - қайта алынатын тауарлар.
Бұл категорияға келесілер жатады: шикізат, материалдар, құрамдастар.
ӨТТ өнімінің экономикалық маңызы тұрғысынан алыну мүмкін:
1) оның негізінде тікелей дайын өнімді жасау үшін;
2) өндірістік қызмет шарттарын қамтамасыз ету үшін;
3) өндірістік ( физмкалық) капиталдың қалыптасуы үшін [11].
Нарыққа қатысушылар мұнда сатылатын тауарлар сипаттамасымен анықталған және келесілерді қамтиды:
1) тауар өндіруші - кәсіпорынлар;
2) өткізуде делдал болатын дилерлік кәсіпорынлар;
3) қоғамдық игілікті құрумен байланысты қызметті жүзеге асыру үшін өндірістік - техникалық өнімді сатып алатын мемлекеттік ұйымдар.
Сатуға әсер ететін факторлар қатарына келесілер кіреді:
1) тауар ерекшелігі ( сатып лаушы үшін экономикалық құндылықты анықайтын оның функционалды параметрлері: өнімділігі, қуаттылығы, пайдалы заттар құрамы және т.б.);
2) кәсіпорын ерекшелігі ( тауар маркасының имиджі, сатып алудан кейінгі қызмет көрсетуді ұйымдастыру);
3) дилер ерекшелігі ( нарықта өндірістік - техникалық өнімнің қозғалысын қамтамасыз ететін сауда делдалдарының жаулап алу (басып алу, агрессивтік) және шеберлігі деңгейі.
Бұл нарықтың тұтынушылық нарықтан тағы да бір ерекшелгіне сатып алушыға ықпал ету шамасы (нарықтық күш) сияқты факторды ескеру қажеттілігі жатады.
Сатып алушыға ықпалдылық деңгейі ( нарықтық күш) - келіссөздер үрдісінде сатып алушы өзіне қолайлы келісім шарттарын сатушыға артып қоюға мүмкін болатын шара. Іс жүзінде тұтынушылық тауарлар нарығында кездестіруге болмайтын шекті жағдай монопония болып табылады ( нарықта тек бір сатып алушының болуы) [12].

1.3 Шетелдегі баға саясаты мен тарифті реттеу тәжірибесі

Баға - бұл экономикалық түсінік. Оның маңыздылығын түсіндіруді де, дәлелдеуді де қажет етпейді. Адам сатып алуға жас кезінен қатысады және тұрмыстық деңгейде бағаның өмірде қандай рөлі бар екеніні түсінеді. Жоғары баға - заттың қымбаттылығын және оған үлкен қаражат керектігін түсіндіреді. Ал төмен баға керісінше, заттың арзандығын көрсетеді. Баға, яғни бағалар жиынтығы тек жеке емес қоғамдық категория болып табылады. Олар тек жеке сатулар мен сатып алулардың ғана емес сонымен бірге толықтай экономикалық процесстерді оның ішінде өндіріс тауарды бөлу, игіліктерді алмастыру және тұтыну қызмет көрсетуді қалыптастырып отырады. Мұндағы барлық бағалар бірдей бағалық механизмді, құралыд монополиялық нарықта бағаның қалай қалыптасатынын қарастырайық. Сұраныс қисығына сәйкес келеді, ал ұсыныс қисығы ұсыныс заңының емес нарықтық монополистке тәуелді болады. Монополист берген сұраныс арқылы тауар сатудан пайда түсіреді. және осыны негізге ала отырып, ұсынысты қалыптастырады. Шығару көлемін және тауар сатуды қатаң бекіте отырып монополсит тауар бағаларын өзі бекітеді. Өйткені ол өзінің шығаруы мен сұраныс көлемін алдын-ала болжайды және сол мөлшерде тұтынушыны қағаттандырады.
Жетілген бәсекенің барлық даулы жақтарымен қатар оның елеулі кемшіліктері бар. Нарықтың процесстің дайындықсыз жүруі шаруашылық секторларының кейбір салаларының монополиялануына әкеліп ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Еңбек нарығын экономикалық - құқықтық реттеу
КӘСІПОРЫНДА ЕҢБЕКАҚЫ ТӨЛЕУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ
Ұйымдар мен кәсіпорындарда бухгалтерлік есепті ұйымдастыру
Персоналды басқарудың сызықтық ұйымдастырушылық құрылымы
Қазақстанда нарықтық экономика жағдайындағы экологиялық таза тамақ өнімі өндірісімен байланысты ұйымдастыру –экономикалық-экологиялық мәселелер жиынтығы
Нарықтық экономика жағдайында кәсіпорында еңбекақыны ұйымдастыру
Кәсіпорында еңбекақы төлеуді жетілдіру жолдары
«Сауда - көлік компаниясы» ЖШС кадрлық саясаттың қазіргі жағдайы мен даму деңгейі
Кәсіпорындардың маркетингтік қызметтері
Кәсіпорында еңбекақы төлеудің ұйымдастырудың жіктемесі
Пәндер