Қазақстандық ірі кәсіпорындардың интеграциялану үрдісі мен бәсекеге қабілеттілігі


Қазақстандық ірі кәсіпорындардың интеграциялану үрдісі мен бәсекеге қабілеттілігі
1 Интеграциялық қатынастардың қазіргі моделі МЕН ғылыми-теориялық концепциясы
- Интеграциялық үдерістерді зерттеудің ғылыми-методологиялық бағыты
- Мемлекеттердің аймақтық интеграциясы: ұлттық шарушылықтардың өзара ықпалдастығы
- Интеграциялық топтардың экономикалық тиімділігі мен бәсекеге қабілеттілігі
2 ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ БІРІГУЛЕРДІҢ ТИІМДІЛІГІН БАҒАЛАУ МЕН ТАЛДАУ («Қайнар АБК» ЖШС кәсіпорыны мысалында)
2. 1. Алматы облысының экономикалық даму үрдісіне бәсекеге қабілеттілік тұрғысынан сипаттама
2. 2. «Қайнар АБК» ЖШС кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін бағалау
2. 3. Кәсіпорынның интеграциялық дамуына әсер етуші факторларға талдау
3 ҚР ИНТЕГРАЦИЯЛЫҚ БІРІГУЛЕРДІҢ аймақаралық ұйымдастырушылық ПРОБЛЕМАЛАРЫ МЕН мүмкіндіктері
3. 1. Аймақ деңгейінде сыртқы экономикалық қызметті қолдау мен ұйымдастыруды жетілдіру бағыттары
3. 2 «Қайнар АКБ» ЖШС интеграцияланудың экономикалық тиімділігі мен түйінді мәселелердің шешілу жолдары
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
БЕЛГІЛЕУЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР
АҚ - Акционерлік қоғам
АӨК - агроөнеркәсіптік кешен
АҚШ - Америка Құрама Штаттары
АСЕАН - Оңтүстік-Шығыс Азия мемлекеттерінің Ассоциациясы
БСҰ - бүкіләлемдік сауда ұйымы
БҰҰ - Біріккен Ұлттар Ұйымы
ГАТС - Қызметтермен сауда бойынша Бас келісім
ГАТТ - Тауарлар мен сауда бойынша Бас келісім
ҒЗТКЖ (НИОКР) - ғылыми зерттеулер және тәжірибе-конструкторлық жұмыстар
ҒТП - ғылыми техникалық прогресс
ІЖӨ - ішкі жалпы өнім
ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім
ҚҚС - қосымша құн салығы
ҚӨТ - қаржы-өнеркәсіптік топтар
КСРО - Кеңестік Советтік Республикалар Одағы
КО - кедендік одақ
ТМД - тәуелсіз мемлекеттер достастығы
ТҰК - трансұлттық корпорациялар
ТРИПС - Интеллектуалды меншік нәтижелерімен сауда бойынша келісім
ҚР - Қазақстан РеспубликасыҚҚС - Қосымша құн салығы
ЕО - Еуропалық Одақ
ЕурАзЭҚ - Еуразиялық экономикалық қауымдастық
ЕҚЫҰ - Еуропадағы қауіпсіздік пен ынтымақтастық ұйымы
ССҚ - Сыртқы сауда қызметіССО - Сыртқы сауда операциялары
СЭБ - Сыртқы экономикалық байланыс
СЭҚ - Сыртқы экономикалық қызмет
СЭҚ ТН - Сыртқы экономикалық қызметтің тауарлық номенклатурасыИСО - Халықаралық стандарттар сериясы
ЭҚ - экономикалық қауіпсіздік
ХЭҚ - халықаралық экономикалық қатынастар
НАФТА - Еркін сауда-саттыққа байланысты Солтүстік Америкалық келісім
ЭЫДҰ - Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымы
ХЕБ - Халықаралық еңбек бөлінісі
КІРІСПЕ
Тақырыптың өзектілігі. Жаһандану - мемлекеттер арасындағы өзара байланыстар мен өзара тәуелділіктердің жедел кеңеюі мен күрделенуінде. Жаһандану процесін қазіргі кезеңдегі халықаралық қатынастардың барлық жүйесіндегі болып жатқан терең өзгерістердің басты белгісі ретінде айтуға болады. Интеграция процесінің үйлесімділігі ғаламданудың экономикадағы елеулі белгілердің біріне айналды.
Интеграциялық үдерістердің шетелдік тәжірибелері, әлемде әртүрлі елдер мүдделерінің тоғысуына, географиялық, дәстүрлік жақындықтары, экономикалық даму деңгейлері және т. б. сипаттағы ұқсастықтарына қарай топтарға бірігудің сан түрлі үлгілерінің бар екендігін куәландырады. ТМД елдерінің де тарихи, географиялық, саяси және экономикалық ерекшеліктерін, сондай-ақ, сынаққа толысқан шетелдік бай тәжірибені ескере отырып, бірегей экономикалық аймақ үлгісі қалыптасты. Іскерлік ынтымақтастықтағы экономикалық қажеттілік келесі басымдылықтарға ие болды: Қазақстан Республикасы мен ТМД мемлекеттерінің өзара қарым-қатынасын айқындайтын, географиялық жағдайы, Қазақстан мен ТМД мемлекеттерін достық, ынтымақтастық, экономикалық, мәдени және тағы басқа қарым-қатынастар байланыстырады.
Бүгінгі күні елдің экономикалық қуатын арттыруға негіз болатын ең басты күш - бәсекеге қабілетті, жоғары қайтарым беретін кәсіпорындарың болуы алғы шарт саналары сөзсіз. Елбасының «Қазақстан жолы - 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы бойынша Президенттің жалпыұлттық идеясы - болашақ табыстардың негізі екені баса айтылды. Ал ең бастысы - еліміздің рухын көтеретін, ұлы мақсаттарға жеткізетін «Мәңгілік ел» ұлттық идеясы жарияланды. «Мәңгілік ел» идеясы - елімізді өз мақсатына талай дәуір сынынан сүріндірмей жеткізетін тұғырлы идея. Осының барлығы дамыған 30 елдің қатарына кіруімізге жаңа серпін беретіні сөзсіз. Елбасы биылғы жылғы Жолдауында «Қазақстан, әлемдік экономиканың бір бөлшегі, ал әлемдік нарықтарда баға құлдырауда және, тұтастай алғанда, экономикалық өсім баяулауда» [1, 2 б] деген болатын. Сондықтан, қазіргі таңда қандай да бір өнеркәсіп саласында бәсекеге төтеп беретін қажеттілік - өндіріске инновациялық техникаларды енгізу тек қажеттілік емес, заманауи міндеттердің басты қатарында болуы тиіс . Осы орайда отандық электр энергетика тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру қазіргі кездегі маңызды мәселелердің бірі болып отыр. Осы проблеманы шешу энергетика секторының тұрақты өсуіне, кәсіпкерлік бастаманың дамуына, экономикалық қызметті үйлестіруге, ел экономикасын жандандыруға қол жеткізеді.
Бәскелестік қабілеттілігі жоқ тауарсыз кәсіпорындар тиімді жұмыс жүргізе алмайды, ал мұндай нәтиже әдетте нарықтық механизмдердің кемшіліктерімен олар орналасқан аймақтың табиғи-экономикалық жағдайларды толық ескермеуден туындайды. Аймақтық айырмашылықтарды есепке алу сала деңгейінде бәсекелестік артықшылықтар алуға жағдай туғызады [2, 22 б] .
Қазіргі жағдайдағы технологиялық прогресс шикізатты үнемдеуге, оны кешенді және көп жақты пайдалануға, синтетикалық материалдарды енгізуге жағдай жасады, ал ол өнеркәсібі дамыған елдердің сыртқы шикізат көздерінің қажеттілігін төмендетті. Бірақта экономикадағы құрылымдық өзгерістер, жаңа салалар мен өндірістердің пайда болуы шикізаттың кейбір түрлерін басқа елдерден әкелуді кеңейтуді, мысалы түрлі-түсті және сирек кездесетін материалдарды, мұнайды, газды қажет етті.
Қазіргі заманғы кәсіпорындар өздерінің бәсеке бағытын нығайту үшін әлемдік нарықтың жоғарылап келе жатқан талаптары, тұтынушылық сұраныстың дифференциялануы, инновациялық айналымдардың азаю қажеттілігі және өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді еңгізу мәселелерімен бетпе-бет кездесуде.
Қазақстанның алдағы кездегі БСҰ-на кіру жағдайында отандық электр энергетика тауарларының көптеген түрлері нарықта бәсекеге қабілетсіз болып тұрғаны, осы жағдайды жеңіп шығу үшін ұйымдық-экономикалық шараларын дайындау қажеттілігін алға қояды. Мұнда энергетика өнімдерінің бәсекелестік қабілеттін арттыратын басым бағыттарды іздестірудің аса маңызды мәні бар. Осыған байланысты бәсекенің теориялық негіздерін зерттеу, электр энергетика тауарларының бәсекеге қабілеттілігін арттыру механизмдерін негіздеу мен басым бағыттарын дайындаудың ғылыми-тәжірибелік маңыздылығы мен өзектілігі жоғары болады.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Кәсіпорынның сыртқы экономикалық проблемалары мен оның әр түрлі құбылыстарын шетелдік ғалымдармен қатар, отандық ғалым-экономистер де зерттеп келеді. Кәсіпорынның жалпы проблемаларын зерттеушілер: А. Смит, П. Самуэльсон, Р. Макконнелл, Л. Брю, И. Шумпетер, Ф. Хайек, Д. В. Робинсон, М. Портер, Г. Азоев, С. Емельянов, А. Челенков, А. Ю. Юданов және басқалар.
ТМД елдерінде нарықтық реформалардың жүргізілуі зерттеліп отырған сыртқы экономикалық қызмет тақырыбына ғылыми қызығушылық тудырды. Г. Л. Азоева, А. П. Градова, И. Н. Герчиковой, В. В. Кулибанова, И. М. Лифица, Р. М. Петухова, Р. А. Фатхутдинова, А. Ю. Юданова сияқты ТМД елдері ғалымдарының еңбектерінде бұл мәселелер жақсы қарастырылған. Сонымен қатар сыртқы экономикалық қызметтің түрлі аспектілері А. А. Алимбаева, С. Б. Ахметжанова, У. Б. Баймуратов, Ф. М. Днишев, В. Ю. Додонов, С. Р. Есимжанов, Р. С. Жоламан, М. Г. Исаева, М. Б. Кенжегузин, Р. И. Космамбетова, А. К. Кошанов, Н. К. Нурланова, К. Р. Нурмаганбетов, О. С. Сабден, А. А. Сатыбалдин, К. А. Сагадиев, Б. Д. Хусаинов сияқты Қазақстан Республикасының алдыңғы қатарлы ғалым экономистерінің еңбектерінде шешімін тапқан.
Біз көтеріп отырған проблема өте күрделі және жан-жақты талдауды қажет етеді, осы бағытта өтіп жатқан процестер серпінділігі соншалық, оны әрі қарай кешенді зерттеулердің өзектілігі өз мағынасын жоғалтпайды. Осылар аталғандар дипломдық жұмыстың тақырыбына негіз болды.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық жұмыстың мақсаты - өнеркәсіптік кәсіпорындардың сыртқы экономикалық қызметін ғылыми-негіздеу.
Осы мақсатқа сәйкес зерттеу барысында өз шешімін тапқан міндеттер:
- интеграция және нарықтық экономикадағы оның роліне ғылыми-теориялық көзқарастар серпінін зерттеу;
- кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметіне әсер ететін экономикалық факторлардың маңызын, механизмдерін және оны қозғаушы күштерін ашып көрсету;
- зерттеу жүргізген кәсіпорынынң өндірісіне қаржы-экономикалық талдау жасап, оның интеграциялану деңгейін анықтау;
- зерттеу жүргізген кәсіпорының сыртқы қызметін ұйымдастыруды жетілдіру механизмін бағалау;
- «Қайнар-АКБ» ЖШС кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметін арттырудағы басым бағыттарды негіздеу.
Зерттеудің нысаны мен объектісі. Зерттеу жұмысының пәні - аккумуляторлық батареяларды өндіруші кәсіпорынның сыртқы экономикалық қызметі және оны бағалау әдістері бойынша негізгі бағыттар, зерттеу объектісі «Қайнар-АКБ» ЖШС.
Диссертацияның теориялық және әдістемелік негіздері. Отандық және шетелдік ауыл шаруашылығы ғалым экономисттердiң еңбектері, Қазақстан Республикасының заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің халыққа Жолдауы, Қазақстан Республикасы Президенті мен Үкіметінің жарлықтары, шешімдері және қаулылары, ғылыми-тәжірибелік конференциялардың құжаттары, агроөнеркәсіп өндірісін дамыту бағдарламалары диссертациялық зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізі болды.
Дипломдық жұмыстың зерттеудің барысында материалистік диалектика, мәліметтерді жинау және өңдеудің жүйелік пен кешендік тұжырымдамасы, абстракция, талдау және синтез, дедукция және индукция әдістері, сонымен қатар, салыстыру және факторлық талдау, экономикалық-математикалық модельдеу және болжау, баланстық әдіс және т. б. әдістер қолданылды.
Зерттеудің ғылыми-тәжірибелік мәні. Ғылыми зерттеудiң негiзгi жағдайларын жүзеге асыру - агроөнеркәсіп өндірісінің қазiргi жағдайына сәйкес интеграциялану үрдісін нақты тиімділігін экономикалық бағалауды қамтамасыз ететін экономикалық тетiктерді анықтауға және оны жүзеге асыратын әдiстер мен құралдарды жетiлдiруге, оларды реттеудiң кешендi iс-шараларын әзірлеуге мүмкiндiк бередi.
Ғылыми зерттеу жұмысында қойылған мәселелердi шешу үшiн ғылыми есептеулер көмегiмен кәсіпорынның интеграциялық дамуына қажетті ресурстардың ұтымды бөлiну мүмкiндiгiне жетуге болатындығы дәлелдендi.
Зерттеу нәтижелері агроөнеркәсіп саласын аймақтарда дамытудың теориялық тұстарын жоғары оқу орнында оқитын студенттерді және магистранттарды дайындауда пайдалануға мүмкіндік береді
Зерттеудің теориялық және практикалық маңызы. Зерттеуде аккумуляторлық батареяларды өндіруші кәсіпорындарының сыртқы экономикалық қызметі бойынша отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері, монографиялары, оқулықтары мен оқу құралдары, мерзімді баспасөздегі мәліметтер мен ақпараттар, сондай-ақ экономика проблемалары бойынша қолданыстағы заңдар, аккумуляторлық батареяларды өндіру нарығындағы қызмет ететін «Қайнар» АҚ-ның жылдық есептемелік құжаттары басшылыққа алынды.
Зерттеу барысында статистикалық-экономикалық, есепті-конструктивтік, экономикалық-математикалық және экономикалық талдаудың басқадай әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңашылдығына мына төмендегілер жатады:
- өнеркәсіптік кәсіпорындардың интеграциялану қызметінің теориялық негіздері мен экономикадағы оның ролі қорытындыланған;
- кәсіпорынның интеграциялық бірігуінің маңыздылығы мен оған әсер ететін факторлар тұжырымдалды;
- «Қайнар-АКБ» ЖШС кәсіпорнының аккумуляторлық батареялар өндірісінде қалыптасқан бәсекелестік жағдайына және кәсіпорынның интеграциялану қабілеттілігіне баға берілді.
Дипломдық жұмыстың қорғалуға шығарылатын негізгі тұстары:
- Интеграциялық процестердің дамуы тауарлар мен олардың өндіріс факторларының халықаралық қозғалысының өсуінің заңды нәтижесіне айналды. Осы орайда елдер арасында неғұрлым берік өндірістік байланыстар құру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысы жолындағы көптеген кедергілерді жою қажеттіліктері туындады. Толық түрде мұны тек макро-микроэкономикалық интеграциялық бірігулер шеңберінде ғана жүзеге асыруға болады;
- мемлекеттердің аймақтық және әлемдік экономикалық жүйеге кірігуі өндіруші және қайта өндіруші өнеркәсіп тауарларының ірі нарығының қалыптасуына, терең деңгейлі өңделген өнімді жоғары нормалы қослылған құнмен алуға мүмкіндік береді;
- Алматы облысында агроөнеркәсіп өндірістің дамуының қазіргі жағдайының серпіні, тенденциясы және даму бағыттарының талдануы мен Талдықорған қаласында орналасқан «Қайнар-АКБ» ЖШС қаржы-экономикалық талдау жасалып, интеграциялық қызметінің бағалануы;
- кәсіпорын өзінің өндірістік потенциалын сақтап қана қоймай, оны тұрақтандырып және ұлғайту үстінде. Көптеген мемлекеттермен ынтымақтаса еңбек етуде. Кәсіпорын аймақтық деңгейде белсенді қызмет атқарып, бәсекенің бағалық емес әдістерін қолдануы тиіс. Отандық нарықтағы позицияны өндіріс шығындарын азайту арқылы бекітуде;
- интеграциялану үрдістерді кәсіпорын деңгейінде болашақта дамыту бойынша негізделген басымды бағыттары мен дамыту жолдары айқындалып, бәсекелестік қабілеттін арттыратын басым бағыттарды іздестірудің жаңа жолдары мен механизмдері анықталуд;
Жұмыстың құрылымы және көлемі. Дипломдық жұмыс 85 бет компьютерлік мәтінмен баяндалған, көптеген кестемен, суреттермен және қосымша материалдармен көрнектелген. Кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 Интеграциялық қатынастардың қазіргі моделі және ғылыми-теориялық концепциясы
1. 1 Интеграциялық үдерістерді зерттеудің ғылыми-методологиялық бағыты
ХХ ғ. соңы жаңа ғылыми-техникалық өзгерістермен - интеллект, білім, технология маңызды экономикалық активтер бола бастады. Экономикалық ынтымақтастық пен даму ұйымына (ЭЫДҰ) кіретін, алдыңғы қатарлы елдерде, жалпы ішкі өнімнің көлемінің жартысынан астамы интеллектуалды өндірісте жасалады.
Жаһандану адамзат жолында тарихи мүмкіндіктерді ашумен қатар, өз дамуында жаңа қауіптерді де туғызады. Әрине, оның оң қырлары да сөзсіз, айталық, мемлекеттер арасындағы экономикалық байланыстар тереңдей түседі, экономикалық адамзаттық алдыңғы қатарлы жетістіктерге елдердің кедергісіз енулеріне жағдай жасалады, әртүрлі аймақтар даму деңгейлерінің теңестірілуіне себепші болатын капитал тасқынына оң әсерін тигізеді [3, 43б. ] . Десек те, жаһанданудың кері әсер етуші аспектілерінің ішінде ерекше көңіл аударарлық қырлары да бар. Мысалы, қаржылық ғаламданудың кері әсері технологиялық ғаламдануға қарағанда басымырақ екендігін айтуға болады. Айталық, 1992 ж. ТМД елдерінің қабылдаған қосымша құн салығы (ҚҚС) үлгісінің салдары олардың шикізат пен жартылай дайын өнім экспорттауларына мәжбүр етті. Реформа жылдарында ТМД-дағы кен өндіру саласының үлесі орта есеппен 20, 9%-дан 27, 4%-ға дейін ұлғаяды (Әзербайжанда - 49, 1-ден 63, 8%-ға, Қазақстанда - 28, 2-ден 38, 7%-ға, Грузияда - 5, 7-ден 21, 3%-ға дейін) . Бұл посткеңестік мемлекеттер экономикалары үшін ғаламданудың кері әсерінің бірі - капиталдың шетелдерге кетуінің себебі болды [4, 46б. ] .
Жаһандану процесін тұтастай әлемде орын алып отырған обьективті процесс дейтін болсақ, интеграция процесін қажеттілігі жөнінен - обьективті, ал оны қалыптастыру жаһандануға қарағанда субьективті процесс екендігін айта аламыз. Осы тұста бұл екі процестің басты ұқсастықтары мен айырмашылығын жіктегенде байқаймыз (1-ші сурет) .
Интеграцияның әлемдік экономика мен саясатқа өте терең енгені соншалық, олардың қазіргі уақыттағы жағдайына талдау жүргізуде, болашаққа болжам жасауда интеграциялық процестерді есепке алмау мүмкін емес. Әлеуметтік-экономикалық мазмұны мен салдары әртүрлі болып келетін бұл процестер қазіргі әлемдегі мемлекеттердің барлығына сан түрлі дәрежеде өз дамуын алды.
Интеграциялық процестердің дамуы тауарлар мен олардың өндіріс факторларының халықаралық қозғалысының өсуінің заңды нәтижесіне айналды. Осы орайда елдер арасында неғұрлым берік өндірістік байланыстар құру және халықаралық сауда мен өндіріс факторлары қозғалысы жолындағы көптеген кедергілерді жою қажеттіліктері туындады. Толық түрде мұны тек мемлекетаралық интеграциялық бірігулер шеңберінде ғана жүзеге асыруға болады.
ұқсастықтар
айырмашылықтар
Сурет 1 «Жаһандану» мен «интеграция» құбылыстарының негізгі ұқсастықтары мен айырмашылықтары
Ескерту: [5, 20 ] әдебиеттер негізінде автордың құрастыруы
Ұлттық экономикамыздың жетістігін - ең алдымен табиғи және адам ресурстарының молдығы мен біліктілігі, нарықтық реформаларды іске асыруда тек қана заң шығаратын өкімет қана емес, атқарушы өкіметтің де еңбектерінің үйлесімділігімен байланыстыруға болады. Кеңістік кезеңнен кейінгі кеңістікте Орталық Азия өңірінде Қазақстанның ролі мен беделі күшейе түсті, біздің еліміздің әлемінің саяси және экономикалық кеңістігінде маңызы да артып келеді.
XX-XXI ғасырлар аралығында дүниежүзілiк дамудың процесстерiн сипаттайтын негізгі ұғым ғаламдану болды. Оның негізгі мәнi адамдардың және мемлекеттердің бір бірімен өзара байланыстарын кеңейту болды. Ол планетарлық ақпараттық кеңiстiктiң, дүниежүзілік нарық және экологиялық мәселелердi шешудегi интернационализация, ұлтаралық және конфессияаралық өзара әрекеттесулер және шиеленістердің қалыптасу процесстерімен өрнектеледi.
Ғаламдану мәдениеттердiң бiр-бiрiне сiңуiне көмектесуге, өркениеттердiң өзара түсiнiсуiне, халықаралық құқықтың нормаларының бекiтілуiне және тұлғаның құқығының сақталуына көмектеседі.
Ғаламдану өзара байланыстардың күшейуіне және адамгершiлiк бiрлестiктердiң кiрiгуiнiң басқа да көп жақтарын қосады. Олар:
ұлтаралық құрылымдар және халықаралық қатынастардың қатысушыларының рөлiнiң жоғарылауы;
аймақтық және қоғамдық ұйымдар;
құқықтық нормалардың универсализациясы;
әлеуметтік стандарттар және т. б.
ДВФ-тің (МВФ) анықтамасына сәйкес, ғаламдану - бұл қарқынды өсетiн интенсивті интеграция. Жалпы ұғым бойынша дүниежүзілік жүйе бұл, ұлттық экономикалар араласуы нәтижесiнде пайда болатын процесс.
Ол капиталдың кедергiсiз орын ауыстыру мүмкіндігімен, тарифтік барьердің төмендеуімен және тауар қозғалысының либерализациясы, капиталдың, коммуникациялық және ақпараттық жақындаумен негiзделуi керек.
Ғаламдану процессі экономикалық шекаралардың жойылуына, аймақтық бірігу шаралары бойынша мемлекеттердің әлеуметтік - экономикалық деңгейін бір біріне жақындатуға шақырады. Ғаламдану болмысында қаржылық - экономикалық критерийлер шешуші мәнге ие болады [6, 75б. ] .
Мемлекеттің экономикасы тұрақты және бәсекеге қабілетті және ғаламдану процесске қатысуы жоғары болған сайын оның халықаралық қауымдастықта позициясы күшейе түседі. XX ғасырда ұлттық мемлекет мағынасы қайта қаралды. Аймақтың әлемдік қауымдастықтың бір бөлігі ретінде болуы танымал болып келеді.
Халықаралық тәжірибенің айғақтауынша, белгілі бір жеке аймақтың интеграциялық үрдістерге тереңірек енген сайын оның маңыздылығы және беделдігі арта түседі.
Халықаралық экономикалық интеграция бұл, тұрақты экономикалық байланыс негізінде көршілес мемлекеттердің экономикасының біртұтас шаруашылық кешенге астасуы, ол бір біріне жақындау процессі, ұлттық шаруашылық жүйелердің өзара бейімделуі. Бұлардың барлығының негізінде шаруашылық жүргізуші субъектілердің қызығушылығы және халықаралық еңбек бөлінісі жатыр. XX ғасырдың соңында ол аймақтық экономикалардың қарқынды дамуына және интеграциялық топқа мүше елдердің дүниежүзілік нарықта бәсекелестікке қабілетін арттыратын құралға айналды.
«Интеграциялану» термині латынның integratio - толықтыру сөзінен, integer - бүтін. Шоғырланудың жалпы сипаттамасы келесідей сипатталады: шоғырлану - бұл жақындау, қосылу, өзгешілікті сақтай отырып бөлшектердің біртұтастыққы бірігуі, яғни, ортақ сауда, экономикалық, валюталық және саяси одақ құра отырып ұлттық өзгешілігін сақтап қалу [7, 63б. ] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz