Қазақстандағы азық-түлік нарығы мәселелерін теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу


МАЗМҰНЫ
Анықтамалар, белгілеулер және қысқартулар . . . 4
Кіріспе . . . 5
1 Азық - түлік нарығының теориялық және әдістемелік негізі
1. 1Азық - түлік нарығы экономикалық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде . . . 10
1. 2 Азық-түлік нарығы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының факторы ретінде . . . 261. 3 Әлемдік азық - түлік нарығының даму тәжірибелері . . . 37
2 Қазақстандық азық - түлік нарығын қамтамасыз ету жағдайын талдау . . . 48
2. 1 Қазақстандағы ауыл шаруашылық секторының қазіргі ахуалы . . . 48
2. 2 Алматы облысы бойынша азық - түлік экспортына талдау . . . 55
2. 3 Мемлекеттітің АӨК-нін оңды реттеу саясаты - елді азық-түлік қауіпсіздігімен қамтамасыз етуінің кепілі . . . 63
3 Әлемдік азық-түлік жағдайында қазақстанның азық-түлік нарығын қамтамасыз етілуін жетілдіру жолдары . . . 72
3. 1 ДСҰ мүшесі ретінде Қазақстан Республикасында азық-түлік экспортының кейбір мәселелері . . . 78
3. 2 Қазақстан Республикасында азық-түлік нарығын қамтамасыз етуді құқықтық реттеудің жолдары . . . 85
Қорытынды . . . 89
Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 92
Қосымшалар . . . 93
КІРІСПЕ
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету - күрделі жаһандық мәселе және Қазақстан Республикасы үшін де экономикалық қауіпсіздік жүйесіндегі орталық мәселелердің бірі болып табылады, өйткені азық-түлікпен сенімді қамтамасыз етпейінше бір де бір ел басқа мемлекетке тәуелділіктен құтыла алмайды. Қазақстан экономикасының тұрақтануы және экономиканың өсуі бұл проблеманың өткірлігін бәсеңдетеді. Азық-түлік қауіпсіздігі - барлық адамның әр уақытта физикалық және экономикалық тұрғыдан қауіпсіз азықпен қамтамасыз етілуі. Ол аграрлық және экономикалық саясаттың басты мақсаты болып табылады.
2009 жылы 11 желтоқсанда «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң қабылданды. Онда бірқатар қолданыстағы заңдарға толықтырулар енгізілді. Заңда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің алдын алуға және оларды бейтараптандыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, әкімшілік және өзге де шараларды әзірлеу және іске асыру арқылы жүзеге асырылатыны айқындалған. Заңда азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қауіп-қатерлердің алдын алуға және оларды бейтараптандыруға бағытталған әлеуметтік-экономикалық, ғылыми-техникалық, әкімшілік және өзге де шараларды әзірлеу және іске асыру арқылы жүзеге асырылатыны айқындалған. Соның ішінде жасына, мүліктік және әлеуметтік жағдайына, тұрған және тұрғылықты жеріне қарамастан тұтынудың физиологиялық нормаларына сәйкес сапалы азық-түлік тауарларына халықтың нақты және экономикалық қол жеткізуін қамтамасыз ету көзделген. [1, 3 б]
Мемлекет басшысы 2012 жылы 14 желтоқсанда еліміздің келешегіне айқын бағдар көрсеткен, ХХІ ғасырдағы басты міндеттерді қамтыған «Қазақстан-2050» Стратегиясын жария етті. Елбасы әлемдегі үшінші сын-қатер деп жаһандық азық-түлік қауіпсіздігіне төнетін қатерді атады. Президент өз сөзінде жер-жаһанда халық саны өсуінің жоғары қарқыны азық-түлік проблемасын күрт шиеленістіре түсетінін, бүгіннің өзінде әлемде миллиондаған адам аштыққа ұшырап, миллиардқа жуық адам тағамның ұдайы жетіспеушілігін бастан кешіріп отырғанын еске салып өтті. Елбасы Қазақстанның қазірдің өзінде астық дақылдарын аса ірі экспорттаушылар қатарына енгенін, аса ірі экологиялық таза аумақтар бар екенін және экологиялық таза тағам өнімдерін шығара алатынымызды, сондықтан да, ауыл шаруашылығы өнеркәсібінде сапалы секіріс жасауға толық мүмкіндігіміз бар екенін сенімді жеткізді. «Аса ірі экспорттық нарықты меңгеру үшін біз қай азық-түліктің жаппай өндірісін басты етіп қоятынымызды айқындауымыз керек. Алынған шаралардың нәтижесі 2050 жылға қарай ел ІЖӨ-індегі ауылшаруашылық өнімінің үлесі 5 есе артуы болуы тиіс», деді Н. Ә. Назарбаев. [2, 6б]
Жолдауда берілген осы салаға қатысты тапсырмаларды жүзеге асыру мақсатында Үкімет өте қысқа мерзім ішінде Қазақстан Республикасында агроөнеркәсiптiк кешендi дамыту жөнiндегi 2013 - 2020 жылдарға арналған «Агробизнес-2020» бағдарламасын әзірледі. Бұл құжат Үкiметтiң 2013 жылғы 18 ақпандағы арнайы №151 қаулысымен бекітілді.
Сонымен қатар Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылдың 17-қаңтарындағы, «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына Жолдауында: «Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенін инновациялық бағытқа түсіру маңызды. Бұл - біздің дәстүрлі саламыз. Азық - түлікке деген қажеттілік арта береді. Бұл секторға инвестиция көбірек салынады. Сондықтан бүгінгі фермерлер тек уақытша әрі ауа райына байланысты кездейсоқ жетістіктерді малданып қалмай, өндірістің өсімі жөнінде ойлануға тиіс. Жаһандық ауыл шаруашылығы өндірісінде бәсеке өсе беретін болады. Біз аграрлық ғылымды дамытып, сынақтық аграрлық - инновациялық кластерлер құруымыз қажет. Уақыт көшінен қалмай, табиғи азық - түлік өндірумен қатар құрғақшылыққа төзімді гендік-модификацияланған өнімдер өндірісін де жүргізу маңызды. Айтылған міндеттерді ескере келіп, Үкіметке агроөнеркәсіп кешенін дамыту жоспарына түзету енгізуді тапсырамын. » деген. [3, 3б]
ХХ ғасырдың екінші жартысында бастау алған адамзат баласының өсімі жыл өткен сайын арта түсуде. Халықаралық зерттеу бойынша, соңғы жылдары Жер тұрғындары жыл сайын 80 миллион адамға ұлғайып келе жатыр екен. Осындай пікірді Германиядағы Кампус Seilersee президенті, профессор Дитрих Вальтер Алматыға келгенде «Жасыл экономика және тұрақты даму» деп аталатын халықаралық ғылыми семинарда айтқаны белгілі. Халық орналасуындағы үлесіне келсек, алдымен Азиядан кейін Африка, Оңтүстік Америка, Австралия, Еуропа орын теппек. Ал 17 миллиондай тұрғыны бар Қазақстанға келсек, біздің елдегі халық өсімі 2050 жылы шамамен 23-24 миллион адамға жетпек. [4, 15 б]
Халық санының өскені елдің экономикалық жағдайының арта түсуіне ықпал ететіні белгілі. Дегенмен, әлемге ортақ бір проблема алдан шығатыны даусыз. Ол - халықты азық-түлікпен қамтамасыз ету. Осы орайда, бүгінгі таңда әлем назары азық-түлік қауіпсіздігіне ауып отыр. Халықты сапалы әрі қауіпсіз азық-түлікпен қамтамасыз ету қашан да өзекті тақырып күйінде қала бермек.
Қазіргі таңда Республикадағы тамақ өнімдерін тұтыну жағдайы ауыл шаруашылығын дамытуға ерекше көңіл бөлу нәтижесінде біршама тұрақтандыруға қол жеткізілді. Бірақ ауыл шаруашылығы шикізатының үлкен бөлігі өңдеуші кәсіпорындардың өндірістік қуаттарының төмендігінен немесе жеткіліксіз қолданылуынан қайта өңдеуден өткізілмеуде. Мемлекеттің азық-түлік нарығында тамақ өнімдеріне экономикалық қол жетімділіктің біраз төмендегеніне қарамастан, табиғи қол жетімділігі қамтамасыз етіліп жатыр.
Қазақстан нарығындағы терең өңдеуден өткен азық-түлік тауарларының тапшылығы импорттық өніммен өтелуде, оның үлес салмағы тұтынудың жалпы көлемінде азық-түлік қауіпсіздігінің белгіленген деңгейінен 37 %-ға жоғары. Импорттық өнімді тұтынудың ғылыми ұсынылған шекті деңгейі 20, 0 %, ал оның 60, 0 %-дық мәнінде салалар толық бұзылады, және азық-түліктің әлемдік нарығына толық импорттық тәуелділік пайда болады. Міне сондықтан импорттық өнімдерді отандық өндірістің өнімдерімен алмастыру арқылы, оны қысқарту мақсатына бағытталған саясатты жүргізу қажет. Әрі азық-түлік тауарларымен өзін-өзі қамтамасыз ету тұтынудың жалпы көлемінің 80, 0 %-нан кем болмауы керек. Осыған байланысты азық-түлік қауіпсіздігін реттеудің тиімді тәсілдерін іздеу ерекше маңызға ие болады. Мұның бәрі тақырыптың өзектілігін анықтайды.
Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Азық-түлік нарығының мәселелері экономикалық ілім классиктерінің еңбектерінде қарастырылған. Т. Мальтус, К. Менгер басқалары өздерінің еңбектерінде азық-түлікті өндіру мен тұтынудың маңыздылығын көрсетті.
Азық-түлік нарығын қамтамасыз ету мәселесінің әртүрлі аспектілері Ресейдің көптеген ғалымдарының зерттеулерінде, соның ішінде Л. И. Абалкиннің, А. Архипованың, О. С. Белокрыловтың, В. А. Богомоловтың, Г. С. Вечканованың, С. Ю. Глазьеваның, А. Г. Гранбергтің, Р. Гумерованың, Е. А. Олейникованың, В. А. Савиннің, В. К. Сенчагованың, C. B. Степашиннің
еңбектерінде қарастырылған.
Отандық ғалымдардыңА. А. Кайгородцевтің, М. У. Спановтың, Р. А. Алшановтың, К. А. Сағадиевтың, Э. С. Оспановтың, А. Б. Молдашевтың және көптеген басқалардың жұмыстарында азық-түлік қауіпсіздігің теориялық, әдістемелік және тәжірибелік аспектілері қарастырылған.
Қарастырылып жатқан мәселе бойынша орындалған еңбектер санының көптігіне қарамастан, аймақ деңгейінде азық-түлік қауіпсіздігінің мәселелері жеткіліксіз зерттелген. Республиканың азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмі негізінен алғанда оның аймақтағы жағдайымен анықталады. Өз кезегінде әрбір аймақ өзіне тән ерекше табиғи-климаттық жағдайларынан бастап әлеуметтік-экономикалық жағдайларына дейін ие болады. Бұл жағдайлар үнемі өзгеріп тұрады: халықтың қажеттіліктері көбейеді, ресурстық мүмкіндіктер азаяды, ал ол әрбір кезеңде азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету механизмін жетілдіруді талап етеді.
Дипломдық жұмыстың мақсаты. Дипломдық жұмыстың мақсаты Қазақстандағы азық-түлік нарығы мәселелерін теориялық, әдістемелік және тәжірибелік тұрғыдан зерттеу, ғылыми негізделген ұсыныстар жасаудан тұрады.
Дипломдық жұмысты орындаудың негізгі міндеттері:
- Азық - түлік нарығы мен экономикалық қауіпсіздіктің теориялық аспектілеріне тоқталу;
- Азық-түлік нарығы елдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі факторы екендігін дәлелдеу;
- Азық - түлік қнарығын қамтамасыз етудің әлемдік тәжірибелеріне тоқталу;
- ДСҰ кіру жағдайында Қазақстандағы ауыл шаруашылық секторының қазіргі ахуалына тоқталу;
- Алматы облысы бойынша азық - түлік қауіпсіздігін талдау
- Қазақстан Республикасында азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді құқықтық реттеудің кейбір мәселелерін қарастыру.
Зерттеу объектісі - азық-түлік нарығын қалыптастырушы факторы ретінде Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешені.
Зерттеудің пәні - азық-түлік нарығын қамтамасыз етудің жетілдіру жолдары, әдістері мен мәселелері.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдістемелік негізіне ҚР Президентінің жарлықтары, ҚР Үкіметінің қаулылары, ҚР нормативтік-құқықтық, заңнамалық актілері, сондай-ақ шет елдердің тәжірибесі, экономикалық үдерістерді талдау мен үлгілеудің әдістері, азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша отандық және шетел ғалымдарының классикалық және қазіргі замаңғы еңбектерінде баяндалған зерттеу нәтижелері алынды.
Зерттеу жұмысының ақпараттық базасы. Азық-түлік нарығына қатысты Қазақстан Республикасының заңдары мен нормативтік актілері, Мемлекеттік бағдарламалар, Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлықтары мен Халыққа жолдауы, ҚР Қаржы Министрлігінің статистикалық бюллетені және ҚР стаистика жөніндегі Агенттігінің ресми мәліметтері, Алматы облысының статистикалық басқармасының мәліметтері және нормативтік-анықтама материалдары, ауыл шаруашылық кәсіпорындарының жылдық есептері, ҚР ауыл шаруашылығы министрлігінің ресми интернет-ресурстары қолданылды.
Ғылыми жаңалығы. Зерттеуден алынған нәтижелердің ғылыми жаңалығы келесілерден тұрады:
- Алматы облысының агроөнеркәсіптік кешенінің қазіргі жағдайына талдау жасалды, оның нәтижесінде АӨК дамуының жағымды және жағымсыз үрдістері анықталды;
- халықтың азық-түлік нарығын қамтамасыз ету бойынша елде атқарылып жатқан іс-шаралар қарастырылды.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Диплом жұмысы компьютерде терілген, кіріспеден, 3 тараудан, ұсыныстар мен қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізіміне тұрады.
1 АЗЫҚ-ТҮЛІК ҚАУІПСІЗДІГІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ ЖӘНЕ ӘДІСТЕМЕЛІК АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Азық - түлік қауіпсіздігі экономикалық қауіпсіздіктің құрамдас бөлігі ретінде
Азық-түлік нарығы - елді азық-түлікпен қамтамасыз ету стратегиясы, негізгі мақсаттары мен оларға қол жеткізу жолдары, жалпы қоғамның әрекетінің ортақ бағыттылығын қамтамасыз етуге бағытталады. Қазақстан Республикасының экономикалық қауіпсіздік саясатының мақсаты болып, әлуметтік - экономикалық дамуын қамтамасыз ету жағдайын жасау, негізгі құндылықтарды қорғау, Қазақстан халқының өмір сүруінің материалдық негіздерін, оның құқықтары мен бостандықтарын, республиканың ішкі және сыртқы саясатына саяси қысым мүмкіндіктерін болдырмауға жағдай жасау. [4. 112б]
Экономикалық қауіпсіздікті қамтамасыз ету үрдісі ішкі және сыртқы қауіптерден немесе қатерлерден қорғалу механизмдерін қалыптастыруға негізделген. Өйткені, экономикалық қауіпсіздік - ішкі-сыртқы экономикалық қатерлердің бетін қайтаруға қабілетті, экономикалық тұрақтылықты сақтау және ұлттық экономиканың мемлекет тарапынан қорғалуына бағытталған өзара байланысты экономикалық кешенді шаралардан тұратын динамикалы жүйені білдіретін экономиканың жай-күйі ретінде анықталады (1-сурет) .
Экономикалық қауіпсіздік
Ішкі
Сыртқы
Қаржы-лық
Ақпа-раттық
Эколо-гиялық
Шикі-заттық
Энергетика-лық
Азық-түлік
Технология-лық
Сауда
Сурет 1 ─ Экономикалық қауіпсіздік элементтері
Дерек көзі: Кайгородцев А. А. Экономическая и продовольственная безопасность Казахстана. Вопросы теории, методологии, практики: Монография. - Усть-Каменогорск: Медиа-Альянс, 2006. - 384 с. ; [5, 89б]
Азық-түлік нарығын қамтамасыз етуінің сандық және сапалық көрсеткіштері бар болғанымен, оның негізгі түйіні ұлттық экономикалық мүдделерді жүзеге асыру қабілетімен көрінеді. Экономикалық мүдде қоғам мен мемлекеттің қысқа мерзімдегі мақсаттарына ғана емес, ұлттық экономиканың стратегиялы дамуын қалыптастыруға әсер етеді. Оны жүзеге асыруда басты субъект мемлекет боып табылады.
Қазақтан жағдайындағы ішкі экономикалық қатерлерге жататындар:
- горизонтальді және вертикальді түрдегі шаруашылық байланыстардың бұзылуы;
- шаруашылықтың техника-технологиялық базасының азаюы;
- жұмыссыздық;
- инфляция;
- салық салудан көпшіліктің қашуы;
- қазақстандық экономиканың монополизациясы;
- экономиканың және қоғамның қылмысы;
- ішкі және сыртқы қарыздың ірі көлемділігі;
- валюталық ресурстардың азаюы.
Қазақстандық экономиканың сыртқы экономикалық қатерлеріне келесілерді жатқызамыз:
- импорттық тәуелділіктің өсуі;
- экономиканың тым ашық болуы; [5, 89б]
Ішкі қайшылықтардың өрши түсуінен, басшылықтың тиімді шешім қабылдай алмауынан ішкі қауіптер өсу үрдісіне ие болады да, сыртқы қауіптер үшін қолайлылық тудырады. Бұл, біріншіден, ішкі қауіптер мемлекеттің экономикалық, әсіресе, қаржылық қуаттын әлсірете отырып, әскерді модернизациялауға мүмкіндік бермейді. Екіншіден, мемлекеттің экономикалық әлсіздігі ұлтты халықаралық қаржылық ұйымдардың алдында тәуелді етеді, өйткені, елдің бюджеттік ресурстары мемлекеттің минималды әлеуметтік міндеттемелерін де төлеуге мүмкіндік бермейді. Қарызды көптеп алу бюджет мәселесін шешпейді, қайта сыртқы қарызға көрсетілетін қызмет шығындарын өсіре түседі. Үшіншіден, ішкі қауіптер отандық тауар өндірісінің ішкі сұранысты қанағаттандыра алмауы экономиканың импортқа, сыртқы рынок конъюнктурасына, оның тауарлық және қаржылық сегменттеріне, оның ішінде азық-түлік, машина құрал-жабдықтар, халықаралық несиелерге деген тәуелділікке әкеп соқтырады. Төртіншіден, ішкі қауіптерді жеңе алмаған мемлекет сыртқы саясатты да белсенді жүргізе алмайды, отандық өндірушілердің мүдделерін қорғамайды, бәсекеге қабілетті өнім шығармайды. [6, 58б]
Азық-түлік нарығы қызметіне арналған экономикалық әдебиеттерде бұл сұрақтар қарастырылмаған, егер қарастырылса да бір-бірінен алшақ. Қоғам танымы терең және толық болған сайын әлеуметтік - экономикалық категориялар қолданылған сайын әлеуметтік- экономикалық тиімділігі жоғары болатындығы белгілі. Сондықтан қойылған сұрақтардың жауаптарының ғылыми мәнділігі зерттеу бөлігінде ғана емес, нарық жағдайындағы азық-түлік қауіпсіздігінің рөлі мен функциясы, оның әрекетінің механизмін түсінуді ашу, жабдықтардың өте тиімді түрлерін іздеу бағыттарын құру. Бұл жазықтықтағы зерттеу мемлекет құрған кешеннің жағдайын, талаптарын, құқықтық нормаларын, экономикалық нормативтерін, инструкция мен директиваларын тамаша анықтауға мүмкіндік береді, және мемлекет экономикасына төнетін ішкі және сыртқы экономикалық қауіптерден қорғауға кепілдеме береді, әрі қамтамасыз етеді.
Азық-түлік қауіпсіздігі-қажетті, тіпті жеке адамның материалдық жағдайы жеткіліксіз болса да, кез - келген адамдар тобы мен қоғам түгелдей оның функциясы мен даму мүмкіндігін - демографиялық, экономикалық, саяси, мәдени, интелектуалды т. б. анықтайды. [6]
Қоғамның тұрақты даму кезеңінде, азық-түлік өндіру- жай қоғамның өндіріс, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері өзекті емес. Ол апатты жағдайларда, өнім жоқта, соғыс кезінде, ауылшаруашылық өндірісі жер өңдеу және тамақ өнеркәсібі бұзылғанда, экономикалық дағдарыстарды, қоғамның эономикалық құрылымы мен жерге меншікті түбегейлі түрлендіруде туындайды.
Әлеуметтік реформалар мен төңкерісшілер адам қоғамын жетілдірудің козсіз идеясының әсерімен ХХ ғасырдағыреформа мен техникалық төңкерістің тәжірибесі дәлелдегендей кез келген радикалдлы экономикалық түрлендірудің мүмкін шегі конструктивті және деструктивті әсерінің қоғамға тигізер күші зор- тұрғындар, физикалық және рухани денсаулық, білім беру кешені, экономика, оның ішінде ауыл шарушылығы, жеңіл және тамақ өндірісі, көлік және энергетиканы қайта өндіру. Осыған байланысты қауіпсіздік мәселелерінің әр түрлі аспектілері туындайды, яғни адам, қоғам, мемлекеттің эономиклық және саяси түрлендірулер кезеңінде маңызды мүдделерін қорғау мәселелері туындайды.
Азық-түліктің жетіспеуі 70- жылдарда әлемдік дағдарысқа себеп болды. БҰҰ Бас Ассамблеясы 1974 жылы «Әлемде азық-түлік қауіпіздігін жабдықтау бойынша халықаралық міндеттеме» қаулысын қабылдады, және ол нақты түрде азық-түлік қауіпіздігінің мәнін анықтады. Сол кезде көптеген елдердің азық-түлік мәселелерін шешудің дамыған елдер «көмегімен» импортқа шығару концепциясын орнату жылдам әрі тиімді жағы болды. Бірақ азық-түлік тауарларын өткізу қатаң монополиялық нарыққа айналған соң, көптеген елдер 70 жылдары «өз күштеріне сену» концепциясын өтуге мәжбүр болды, әрине ол жүзеге асқан жоқ. [7, 69б]
Тұрақты түрде азық-түліктің жетіспеуі мемлекеттің валюта табысының деңгейі төмен болғанда, сыртқы нарықтан азық-түлік сатып ала алмағанда пайда болады. Мерзімді жетіспеушілік банк бағалауы бойынша әлемдік бағаның өсуінен болуы ықтимал. АҚШ-дағы 80- жылдардағы жағдай тағы бір азық-түлік жетіспеушілігінің басы болды. Елдің жер қоры түгелдей пайдаланылғанда, дәнді дақылдар алқабы өспегенде, ірі қара жайылымнан жендеуге көшірілгенде, 2030 жылы АҚШ тұрғындары 95 млн адамға арту күтілуде, су жетіспегенде, шаруашылық тиімсіз жүргізілгенде осындай қуатты елде азық-түлік қауіпсіздігі дабыл қағады.
Шетелдік экономикалық әдебиеттерде «азық-түлік нарығы», «азық-түлік тәуелсіздігі» ұғымдарына анықтамалар кездеседі. Бірақ, екінші жағдайда елді азық- түлікпен өзі қамтамасыз ету деңгейі анықталады. Тұрғындар тұтынымын тағам өнімдерімен қамтамасыз ететін ішкі өндіріс елдің өзін - өзі жабдықтау көрсеткіші, азық- түлік тәуелсіздігі, азық-түлік қауіпсіздігін ұлттық қамтамасыз етілуінің қажетті шарты. Осы мәселелерді шешуге поляк ғалым экономистері А. Бушковский, Г. Войцеховский, А. Воев, З. Колодзеяна, А. Клявс, С. Лоявский, И. Точна т. б. едәуір үлес қосты.
Экономикалық өзін-өзі жабдықтауға ішкі жағдайлар және климат әсер етеді. Шикізатпен озін өзі жабдықтау сол кезде болады, егер тағамдану деңгейіне рационалды (тиімді) әсер ететін өндірісі үшін азық-түлік шикізаты өз елінде өндірілсе. Өндіріс үнемі ауытқып отыратындықтан тұрақты түрде азық-түліпен жабдықтау қиын. Мұнда бір адамға 1000 кг мөлшерде дән есептелуі тиіс. Сонымен олардың пікірінше, азық-түлік қауіпсіздігі кең көлемде айтылады. «азық-түлікпен» жабдықтау ұғымында біріңғай түсінігі жоқ. Әр елдің азық-түлікпен жабдықталуы әр түрлі. Егер азық-түлік тұтынымын қанағаттандыру халық шаруашылығы қабілеттілігін минимал деңгейде өсіру деп қабылдасақ, онда өзін өзі қамтамасыз етудің үш категориясын аныықтауға болады дейді поляк зерттеушілері:
- Абсолютті өзін - өзі қамтамасыз ету - сыртқы саудадағы ауылшаруашылық өнімдерін сату айналымы нөлге тең болғанда өзін өзі жабдықтау.
- Салыстырмалы өзін - өзі қамтамасыз ету, сыртқы сауда айналымы баланста болғанда жүзеге асады. Оны ел тұрғындарының азық-түлік тұтынымын кешенді қамтамасыз ету деп анықтайды, ол кезде ауылшаруашылығы экспорты мен шикізат импорты шығындары түгелдей жабылуы тиіс (нетто) . Мысалы, Польшада бұл мүмкіндік 39 млн халық үшін күндік рационы адамға 2755-3200 калория деп анықталған. [8, 11б]
Жоғарыдағы айтылғандарға байланысты азық-түлік нарығын қамтамасыз ету - бұл ең алдымен белгілі бір кезеңде елдің азық-түлік қауіпсіздігінің потенциалын қамтамасыз етуге қабілетті, өзара қатынастың ұйымдық-экономикалық жүйесі. Ол тауар өндірушілерден соңғы тауарды тұтынушыларға дейінгі отандық және импорттық азық-түлік тауарларының қозғалысын қамтамасыз етуге қабілетті желіні ұйымдастырудан тұрады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz