Ұлттық экономиканың салалық дамуын талдау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 82 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .: 1 ӨНДІРІСТІК СФЕРАНЫҢ САЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ . . .
3: 7
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Ұлттық экономика жүйесіндегі салалық құрылымның мәні және мақсаты . . .
3: 7
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Шаруашылық салаларының инфрақұрылымы: экономикадағы ролі және қызметі . . .
3: 11
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Аймақтық өндірістік салалардың инфрақұрылымдық дамуын мемлекеттік қолдау аясы . . .
3: 16
КІРІСПЕ . . .: 2 ҚР ӨНДІРІСТІК СФЕРАСЫНЫҢ САЛАЛЫҚ ИНФРАҚҰРЫЛЫМЫН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ . . .
3: 24
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 ҚР өндірістік сферасының салааралық кешендерің бәсекеге қабілеттілігі: технологиялық инновациялар . . .
3: 24
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 Мемлекеттің салалық инфрақұрылымдық саясаты: табиғи монополиялар қызметін бағалау . . .
3: 36
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 «ТАТЭК» АҚ инфрақұрылымдық дамуына талдау . . .
3: 43
КІРІСПЕ . . .: 3 ҚР САЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУ ҮРДІСІ
3: 60
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Қазақстандағы салалық құрылымның қалыптасуы және даму жағдайы . . .
3: 60
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 Өндірістік сфераның салалық инфрақұрылымын дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын іске асыру тетіктері . . .
3: 64
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 79
КІРІСПЕ . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 81


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Макроэкономикалық аспектіде ұлттық экономиканың құрылымы елдің өндірістік ресурстарының бір-бірімен нақты қалыптасқан қатынастар жүйесімен олардың мөлшерінің экономикалық агенттер арасында өндіріс бөлумен, сонымен қатар ұлттық өнімнің өндірілу, бөлу, айырбас және тұтыну процесінде қалыптасқан құрамдық бөлінуімен сипатталады.

Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының Президентінің жолдаулары мен мемлекеттік даму бағдарламаларымызда отандық өндірушілер мен барлық әлеуметтік қызметтегі тұлғалардың қызметі әлемдік қарым-қатынастар аясында бәсекеге қабілетті болу мақсаты атап көрсетіледі. Қазіргі күнгі дүниежүзіндегі экономикалық дағдарыстар, халықаралық сауданың әрқилы жағдайларға ұшырауы елімізге де теріс әсерлерін тигізді. Осындай халықаралық экономикалық қатынастарда Қазақстанның дамуы отандық өндірушілер мен кәсіпорындардың бәсекеге қабілеттігіне байланысты болып табылады. Еліміз бәсекеге қабілетті алдыңғы қатарлы елдер санатына қосылу үшін, тұрақты экономикалық өсуді және экологиялық тиімді өндірісті қамтамасыз ету үшін «Қазақстан Республикасының Индустриялды-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған ұзақ мерзімді стратегиясын» қабылдады және ол алғашқы жылдан бастап оң нәтижелер бере бастады. Стратегияның негізгі мақсаты - ғылым мен техника жетістіктерін пайдалану негізінде елдің ұзақ мерзiмдi әлеуметтiк-экономикалық дамуының бiрыңғай мемлекеттік саясатын қалыптастыру мен жүргiзу. Бағдарламасына сәйкес экономикамыз шикізаттық бағыттынан арылып, индустриялануын тездетілуге, машина жасау мен өнеркәсіп жабдықтарын жолға қойылуда. [1]

Еліміздегі нарықтық экономиканың қалыптасып дамуы нарық субъектісіне қызмет көрсететін объектілер мен кәсіпорындардың құрылуын талап етеді. Әсіресе, материалдық және материалдық емес өндірісті әр түрлі қызмет түрімен қамтамасыз ететін банктік, несиелік, инновациялық, қаржылық, ақпараттық, технологиялық, коммерциялық салаларды, сондай-ақ ауыл шаруашылығын дамыту және үйлестіру біздің экономикамызда шешімін күтіп тұрған мәселелер.

Елімізде мемлекет тарапынан қолға алынып жатқан шараларға қарамастан инновациялық белсенділікті арттыру әлі де мүмкін болмай отыр. ЖІӨ-дегі жаңа ғылыми өнім үлесінің соңғы жылдары күрт кеміп, 2015 жылы небәрі 3, 87%-ға тең болса, кәсіпорындардың ғылыми өнімдер өндіру жөніндегі белсенділігі де 2007 жылғы 2, 4% деңгейден 2008 жылы 1, 3% мөлшеріне дейін төмендеген. [2] Бұл ғылыми-техникалық қызметтің елдің экономикалық дамуына әлі де негіз бола қоймағанын аңғартады. Әлемнің көптеген елдерінде елдерде бұл көрсеткіш өте жоғары. Мәселен, АҚШ-та 50%, Түркияда - 33%, Венгрияда - 47%, Эстонияда - 36%. Сондай-ақ, дамыған елдердің тәжірибесі көрсеткендей, жаңа білімдері мен ғылымның негізінде туындаған жетілдірілген технологиялар, өнімдер, жабдықтардың үлесіне ЖІӨ өсімінің 70-тен 85%-іне дейін келеді.

Ұлттық экономиканың өсуі экономиканың негізгі салаларының тұрақты дамуымен өлшенеді. Егер адыңғы кезде экономикалық өсу негізінен мұнайгаздық сектордың негізінде болса, 2008-2014 жылдар аралығында қаржылық қызмет және мемлекеттің ЖІӨ 10% шамасында өсуін қамтамасыз еткен құрылыс саласына ауысты. Несиелік белсенділіктің төмендеуінің нәтижесінде осы жылда ерекше байқалған нақты экономикалық өсудің төмендеуі негізінен ресурстардың өткен жылдарға қарағанда бағалары да өсті. 2013 жылы нақты экономикалық өсу нәтижесі өткен жылғы осы уақыт аралығындағы 2, 5 есеге азайды. Экономикалық өсудің төмендеуі тек қана құрылыс және қайта өңдеу өнеркәсібінде қамтыды.

Жақсы өсімнің сақталуы алдымен тау-кен өндірісі саласымен (5%) қамтамасыз етіледі. ЖІӨ-де оның салмағы сәйкесінше өткен жылдық осы мерзімімен салыстырғанда 14, 9% -дан 20, 6%-ға дейін өсті. Өз кезегінде ЖІӨ-нің өсуі соңғы жылдарда үй шаруашылығындағы тұтынудың жоғарғы дәрежеде болуы, негізгі капиталдың көп мөлшерде жинақталуы есебінен қамтамсыз етілді. Оның өсуі өз кезегінде несиелік белсенділік дәрежесінің жоғары болуымен де қамтамасыз етілді. Осымен қатар экономиканы несиелеу факторының енгізілуі ЖІӨ-нің нақты өсуіне әсерін жеткілікті дәрежеде жоғары бағаланады.

Қазақстан дағдарыстан кейінгі кезеңде ел экономикасын дамытудың бағыт -бағдарын айқындап, маңызды деген жобаларды 2013 жылдан бастап қолға алуда. Соның бірі - индустриалды-инновациялық бағыттағы серпінді жобаларды іске асыру. Елді индустрияландыру, инновациялық технологиялар мен шешімдерді өндіріске енгізу - дамудың дұрыс жолы ретінде таңдалып отыр. Оған қажет алғышарттар да жетерлік: ғылыми әлеует, өндірістік-қаржылық инфрақұрылым және ең бастысы, кәсіпкерлердің талпынысы.

Қазіргі уақытта бәсекелестікті талдау мен бағалаудың өте көп әр түрлі әдістері қолданылады. Алайда шетелдік компаниялармен салыстырғанда отандық кәсіпорында осы әдістер өте төмен деңгейде пайдаланылады. Біздің ойымызша, бұған осы әдістерді пайдалануға қажетті ақпаратқа қол жеткізудің қиындығы немесе осы ақпараттың шынайы болмауынан қажетті ақпараттық базаның, білікті мамандардың аздығы, озық консалтингтік компаниялардың жетекші мамандарын тарту үшін қаражаттың болмауы қолбайлау болып отыр.

Ұлттық экономиканы дамыту бойынша сараптаулар мен талдауларды, әдіснамалық тәсілдері, озық тәжірибелерді, аталған тетіктерді қолдануға қатысты ұсыныстар мен тұжырымдарды ғылыми негіздеудің маңызы да жетіле түспек. Бұл ерекшеліктер зерттеу тақырыбының өзектілігін айқындайды және оның ғылыми-тәжірибелік құндылығын арттырады.

Тақырыптың зерттеліну деңгейі. Теориялық тұрғыда қалыптасқан әр түрлі, әр бағыттағы ғылыми классикалық концепцияларға мән беріп, олардың өзектілігі мен артықшылықтарын анықтау болып табылады. Сонымен бірге қазіргі Қазақстан жағдайына үйлестіре отырып, ұлттық экономикамызға тән ерекшеліктеріне баға беріп, өзекті мәселелерді шешу үшін қолданылды. Ұлттық экономиканың басымды бағытының бірі болып табылатын экономиканың нақты секторы мемлекеттің әлеуметтік-экономикасында маңызды орын алады. Әлемдік нарықтағы туындаған дағдарыс пен оның салдары экономиканың нақты секторының макроэкономикалық аспектісін зерделеу басты мәселесінің өзектілігін бұрынғыдан да салмақтап, дүниежүзілік экономикалық саясаттың алдыңғы қатарына шығарды. Ғылыми зерттеулерде И. Шумпетердің, Ж. Б. Сэйдің, Дж. Кейнстің, Дж. Б. Кларктың, К. Менгелл, Л. Вальрас, Ф. Визер, Дж. Р. Хикстің теориялары ерекше орын алады.

Ұлттық экономиканың құрылымдары және оларды жетілдіру бағыттары жайлы соңғы кездері отандық еңбектерде де көптеп жарияланып жатыр, себебі бұл біздің экономикамызда жүргізіліп жатырған жаңа өндірістік іс-шара болып табылады. Осы мәселелерді жетілдіру, нақты өндірістің бәсекеге қабілеттігін арттыру, адам ресурстарының маңыздылығы жайында келесі Қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде жарияланған: Әубәкіров Я. Ә., Кошанов А. К., Есентүгелов А. Е., Сабден О. С., Кенжегузин М. Б., Әбишев А. А., Е. Б. Жатқанбаев, Р. Е. Елемесов, Кубаев К. Е., Алшанов Р. А., Айманова Л. Б., Жақыпова Ф. Н., Көпешова С. Т. және т. б.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеті . Ұлттық экономиканың салалық дамуын талдау арқылы төмендегі міндеттерді белгілейді:

  • экономиканың өндірістік сферасының салалық құрылымын ғылыми-теориялық негізде зерделеу;
  • өндірістік сферадағы инновацияның ролі және бәсекеге қабілеттілігін бағалау;
  • ұлттық экономика дамуының әлемдік тәжірибесіне талдау жасау;
  • нақты өндірістегі инновациялық дамуды жетілдіру үшін жаңа үрдістерді сараптау;
  • еліміздегі ғылыми-техникалық әлеуеттің қазіргі жағдайын талдау және оны дамыту мүмкіндіктерін бағамдау;
  • ҚР ұлттық экономикасының басымдылықтарын анықтау болып табылады

Зерттеу пәні - Қазақстан экономикасы өндірістік сферада туындайтын экономикалық қатынастар жүйесі.

Зерттеу объектісі - Ұлттық экономикадағы кәсіпорындар мен қоғамдар, өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы салалары.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі ұлттық экономика дамуындағы әр қилы деңгейдегі теңсіздігін, мемлекеттің өндірісті дамыту саясатындағы басты стратегиялық басымдылықтарындағы бағдарламаға сүйене отырып, жою, ұтымды әрекет жасау, жаңғарту болып табылады. Аталмыш зерттеу жұмысында Қазақстан Республикасының заңдары мен экономикалық мәселелері бойынша ақпараттық басылымдардағы нормативтік-құқықтық құжаттар зерттеліп қолданылды. Зерттеудің мәліметтік базасы ретінде Қазақстан Республикасы Статистика агенттігінің деректері және ҚР аймақтары мен Алматы облысы мәліметтері мен мемлекеттің даму стратегиялары мен бағдарламалары пайдаланылды.

Зерттеу әдістері ретінде ғылыми еңбекте жалпы ғылыми зерттеу әдістерінің экономика-статистикалық және салыстыру, логикалық ойлау, кешенді сипаттау, сараптамалық бағалау, топтау және басқа да түрлері қолданылды.

Қорғауға шығарылған негізгі тұжырымдар:

  • «өндірістік сфера» және «салалық құрылым» ұғымы жүйеленді;

- ұлттық экономиканың әлеуметтік-экономикалық дамуына өндірістік секторлардың қызметінің әсер етуі, әлемдік экономикалық кеңістікке ұлттық өнеркәсіптің интеграциялануы анықталды;

-ұлттық экономиканың нақты секторындағы бәсекеге қабілеттілігін арттыру мен инновацияның ролі бағаланды;

- ҚР экономикасының нақты секторын дамытуда ғылыми технология деңгейінің тез өсуі, жаңа өндіріс пен қаржылық орталықтардың бірігіп қалыптасуы да әсер етеді. Нақты өндірісте кәсіпорындардың тез жетілуін қамтамасыз етуде инновация мен инвестиция тартудың ерекшелігі сараланды.

Ғылыми жұмыстың тәжірибелік маңызы. Курстық жұмыста анықталған ғылыми тұжырымдар мен нәтижелер нақты өндірісте кәсіпорындардың қызмет етуінің механизмін жетілдіру, инновацияны енгізу және дамыту жөніндегі ұсыныстар осы сектордың өнімділігі мен табыстылығының өсуіне көмектеседі.

Зерттеу нәтижелерінің жүзеге асырылуы. Зерттеудің негізгі тұжырымдары экономиканың дамуы және басқарудың өзекті мәселелеріне арналған халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда жүзеге асырылған.

Зерттеу жұмыстың құрылымы мен көлемі кіріспеден, үш тараудан, тұжырымдардан, қолданылған әдебиеттер тізімі, суреттер, кестелерден тұрады.


1 ӨНДІРІСТІК СФЕРАНЫҢ САЛАЛЫҚ ҚҰРЫЛЫМНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ

1. 1 Экономика жүйесіндегі салалық құрылымның мәні және мақсаты

Жаһандану жағдайында экономиканың бәсекеге қабiлеттiлiгiн арттыру кез келген елдiң алдына қойып отырған маңызды мақсаты болып табылады. Бұл әсiресе, Қазақстан секiлдi дамушы елдер үшiн өзектi. Дамыған елдер қатарына қосылу үшiн сол елдердiң даму жолын зерделеп, отандық экономикаға сай келетiн элементтерiн алып қолдану объективтi қажеттiлiк. Ұлттық экономиканың басымды бағытының бірі болып табылатын экономиканың нақты секторы мемлекеттің әлеуметтік-экономикасында маңызды орын алады. Әлемдік нарықтағы туындаған дағдарыс пен оның салдары экономиканың нақты секторының макроэкономикалық аспектісін зерделеу басты мәселесінің өзектілігін бұрынғыдан да салмақтап, дүниежүзілік экономикалық саясаттың алдыңғы қатарына шығарды. Ғылыми зерттеулерде И. Шумпетердің, Ж. Б. Сэйдің, Дж. Кейнстің, Дж. Б. Кларктың, К. Менгелл, Л. Вальрас, Ф. Визер, Дж. Р. Хикстің теориялары ерекше орын алады. [3]

Танымал американдық ғалым Й. Шумпетер (1883-1950) өндіргіш күштерді жаңаша ұйымдастыру, үйлестіру және олардың қозғалысы өз кезегінде жалпы экономикалық өсімге немесе өндіріс циклінің жеделдеуіне алып келеді. Оның ойынша, экономиканың нақты секторы - экономикалық өсімді қамтамасыз етуде, капиталистік экономиканың дамуында маңызды рөл атқаратын жаңашылдықты жүзеге асыру. Осыған байланысты Шумпетер кәсіпкерлік қызметті іске асыруда пайдаланылатын немесе ескерілетін негізгі мәселелерді атап көрсеткен. Оларға төмендегілер жатқызылады:

  • жаңа өнімдер өндіру және қызметтер көрсету;
  • өндірістің жаңа әдістерін анықтау немесе жаңа технологиялар енгізу;
  • өткізудің жаңа нарықтарына ие болу;
  • жабдықтаудың (шикізаттың) жаңа көздеріне ие болу мүмкіндіктері;
  • ұйымдастырудың жаңа нысандарын анықтаудың қажеттілігі. [4]

Қоғамның постиндустриялық даму кезеңінде шаруашылық жүргізудің басқа басымдықтары пайда болды. Енді кәсіпкердің қызметінің негізгі буынына ресурстарды ұтымды пайдалану ғана емес, шаруашылық жүргізудің нысаны мен тәсілін ұтымды ету айналды. Жеке нәтижені барынша арттыру емес шаруашылық ұйымның ұзақ мерзім бойы тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсаты қойылады. Қазіргі уақытта өзгеретін жағдайға бейімделуге емес, шаруашылық жүргізу жағдайын қоғамдық тұтыну мен өндірістің даму тенденциясына сәйкес қайта құруға бетбұрыс жасалады. Сондықтан инновациялық қызмет кәсіпкерлікке тән негізгі белгі ретінде танылып, кәсіпкерлік қоғамдық өндірісте басты рөл атқара бастады. Инновациялық функцияны бүкіл ұжымның күш - жігерін жұмылдырып қана іске асыруға болады, сондықтан кәсіпкерлікті жүзеге асыру үшін оған барлық қатысушыларды осы процеске жаппай тарту керек.

Ұлттық экономиканың дамуында Ж. Б. Сэй (нарық заңы) заңы үлкен роль атқарды. Бұл заңды автордың өзінің пайымдауынша, «өнім өнімге сатылып алынады». Сэй келесідей пікір айтады: адамдарға әр түрлі игіліктер, заттар қажет. Экономикада дамыған еңбек бөлінісінің салдарынан тауарлар мен қызметтерді сатып алудың жалғыз мүмкіндігі эквивалентті тауарлар мен қызметтерді өндіру болып табылады. Бір нәрсе сатып алмас бұрын бәр нәрсені сату керек, яғни сатып алушы бір уақытта басқа тауардың сатушысы болып табылады. Өндіріс тек қана ұсынысты көбейтіп қана қоймай, сонымен бірге тауарларға сұранысты туындатады. Осы жерден Сэйдің пікірінше, қоғам масштабында ұсыныс пен сұраныс әрқашанда теңеседі және қайта өндіріс мүмкін емес болады, «кез келген өнім өндірілген уақыттан бастап, өзінің құндылығының барлық сомасына басқа тауарға айырбасталады». Сауда ақша арқылы жүргізілгенімен де, ақша бұл жерде тек арға түсуші құрал ғана, және оны адам алып сол уақытта-ақ басқа тауарға ауыстырады. [5]

Ұлттық экономикада шаруашылық тәжірибесі сияқты қоғамдық өнімнің әр қилы өлшемдерін пайдаланады. Бұл әр қилылық мына жағдайлармен байланысты: біріншіден, қоғамдық өндірісті сипаттауға теориялық тұрғыда жан-жақты қарау, екіншіден (бұл бірінші жағдайдан туындайды) статистикалық есептеудің сан алуан методологиясы, үшіншіден, қоғамдық өнім қозғалысының әр түрлі сатысы тиісінше макроэкономикалық көрсеткіштерді талап етеді.

Кеңес елінің ұлттық экономиясында материалдық өндіріс саласына жұмсалған еңбек қоғамдық өнімді өндіреді деп түсіндіріледі. Материалдық өндірістен тысқары қалғандар қайта бөлуден кейін қоғамдық өнімді тұтыну саласын құрайды. Демек, бұрынғы КСРО-да жиынтық өнім материалдық өндіріс саласы өнімдерінің қосындысы ретінде анықталды (өнеркәсіптің, құрылыстың, ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының, жүк транспортының, байланыстың (материалдық өндіріске қызмет ететін бөлігі), материалдық-техникалық жабдықтау, ауыл шаруашылығы өнімдерін дайындаудың, сауда мен қоғамдық тамақтандырудың, металл қалдықтарын жинау мен дайындау, кинофильм өндірісінің, кітап және газеттерді баспадан шығару, отын дайындау т. б. салалары) . Айналыс саласында өндіріс процесінің қорытындысын саудадан анықтау практикалық тұрғыдан мүмкін болмағандықтан КСРО статистикасында сауда толығымен өндірістік салаға жатқызылды, сөйтіп жалпы өнім мен ұлттық табысты есептеудің құрамдас бөлігіне айналды.

Материалдық өндіріс саласы материалдық игіліктерді өндіруші салаларды қамтитын белгілі (өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, құрылыс), сонымен қатар материалдық қызмет көрсету саласы (өнімдерді) тұтынушыларға жеткізуші транспорт пен сауда, коммуналды шаруашылық, тұрмыстық қызмет көрсету, атап айтқанда, киім тігу мен жөндеу, киімді жуу, тазалау, радио және электрлік тұрмыс тауарларын жөндеу т. б. Соңғы отыз жылда ғылыми-техикалық революцияның қарқынды және терең дамуына байланысты материалдық өндіріс түбегейлі өзгерістерге ұшырады. Жаңа технологияның пайда болуы мен қоғамдық еңбектің төмендеуі, қоғамның бүкіл әлеуметтік шаруашылық жүйесінің күрделенуі жаңа салалардың пайда болуына, ал ескі салалардың рөлі өзгеріп, жаңаша сипатқа ие болуда. Мысалы, ғылым бірте-бірте қоғамның тікелей өндіргіш күшіне айналуда. Күрделі де, көп салалы және көп дәрежелі қоғамдық өндіріс организмі осы мамандығы терең де жоғары басқарушылар мен ұйымдастырушыларды, қаржы-несие мәселелері, маркетинг т. б. бойынша маман кадрларды талап етуде. Бұл қызметкерлердің еңбегіне деген сұраныс, еңбекті өнімді және өнімсіз деп бөлудің қандай да болмасын жолдарының теориялық негізін жоюда.

Материалдық емес игіліктерді (рухани байлықтарды) өндіретін сонымен қатар материалдық емес қызмет көрсететін сала (денсаулық сақтау, білім беру, ғылыми болжам жасау) үлкен маңызға ие болуда. Аталған салалардың барлығы да ұдайы өндірісте және өндірістің басты факторы-жұмыс күшіне баға белгілеуде тікелей қатынасады. Көрсетілген салалардың даму деңгейі еңбек өнімділігінің дәрежесімен қоғамдық өндірістің тиімділігіне ықпал етеді. Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ұлттық экономиканың жалпы (жиынтық) қоғамдық өнім, қоғамның бір жыл ішінде өндірілген материалдық игіліктер қосындысы десек, онда тек материалдық өндірісте еңбек ететіндердің қоғамдық еңбегі-қазіргі экономиканың жағдайын сипаттайтын өлшем деп айтуға болмайды.

Ұлттық экономиканың жалпы қоғамдық өнім көрсеткішінде еңбек заттары қайталама (екінші рет) есептеліп отыр, яғни шикізат материалдар, аспаптар, отын, энергия. Мұндай қайталама есеп біртекті еңбек заттарын өндіріс циклының әр қилы сатысында есептеуіне байланысты орын алды. Бір айта кететін жағдай, батыс статистикасында қайталама есепте үстеме құн көрсеткішін пайдаланады, сқңғысы болса бір фирманың екінші бір фирмадан материалдар мен қызмет көрсетуді сату және сатып алуымен байланысты көрсеткіш.

Кеңестік ұлттық экономикалық статистикада қайталама септі болдырмау үшін түпкі өнім көрсеткішін пайдаланып келді. Бұл көрсеткіш жеке және қоғамдық өндірістік емес заттарын, инвестициялық қаражатты қамтиды. Түпкі өнім элементтері осы жылғы қайтадан өңдеуге түспейді. Түпкі өнімді жалпы өнім көлемінен еңбек заттарының айналымын шегеру арқылы да алуға болады. Сонымен қатар, оның құрамында затталған еңбек құралдары шығынының бір бөлігі бар, ол өзінің экономикалық қызметі бойынша еңбек құралдарын жаңартудың көзі болып табылады, яғни амортизация көзі. [6]

Ұлттық табыстың абсолюттік мөлшері аса маңызды. Бұл қоғамдық өндірістің нақты нәтижесі, осы мерзімдегі халықтың әл-ауқаты дәрежесі мен қоғамның болашақта экономикалық даму мүмкіндігін сипаттайды. Ұлттық табыс қоғамдық өнімнің 50 пайызын құрайды (қайталама есеп орын алмайды) . Ол қоғамның түпкі өнімінен амортизация сомасына, шамамен 80-10 пайызға кем. Ұлттық табыстың физикалық мағынада өсуі, біріншіден, қоғамдағы жұмсалған еңбек шығынының мөлшеріне тәуелді, яғни қызметшілердің саны мен еңбек қарқындылығына байланысты. Екіншіден, қоғамдық еңбек өнімділігінің өсуіне тәуелді. Ұлттық табыстың қозғалысы қоғамдық ұдайы өндірістің мынадай сатылары арқылы жүзеге асады ׃ өндіріс, бөлу, айырбас, тұтыну, пайдалану. Өндіріс сатысында ұлттық табыс қоғамдық өнім өндіретін барлық салалардың таза өнімі (таза табыс), бөлу (қайта бөлу) сатысында - әр қилы алғашқы және қайталама табыстар, айырбас сатысында-өндіріс құрал-жабдықтары мен тұтыну заттары түріндегі тауарлар сомасы, тұтыну (пайдалану) сатысында - түпкі табыстар тұтыну және қор жинау мақсатында жұмсалады.

Ұлттық табысты зерттеумен әр қилы бағыттағы экономистер айналысты. XVII ғасырда өмір сүрген ағылшын экономисі У. Петти 1664 жылы капиталистік қоғамның табыстарын және оны бөлуге, талдау асауға әрекет жасады. Ол сол кезеңдегі Англия халқының табыс және шығыс балансын жасады. Ол ұлттық табысты есептеп шығара отырып, оның бүкіл халықтың, жерден, үйлерден, капиталдан және еңбек шығындарынан түсетін табыстар сомасы деп анықтады.

Ұлттық экономикадағы ұдайы өндіріс пен ұлттық табыс мәселелерін А. Смит пен Д. Рикардо да зерттеді. Олар бүкіл қоғамдық өнім құнын қоғамның табыстарының сомасы (қосындысы) дей отырып, одан өнім құнына ауысқан өндіріс құрал-жабдықтарының құнын шегеріп тастаған. Швейцария экономисі Симон мен Сисмонди осындай көзқараста. Ол қоғамның жылдық өнімі мен ұлттық табыс айырмашылығын көрсетпеді. Француздық Ж. Б. Сэй болса құн мен пайдалылық өндірістің үш факторының еңбек, капитал және жер қызметінің нәтижесі деді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Экономиканың дамуын болжау және жоспарлау
Мемлекеттiң құрылымдық - инвестициялық саясатын қалыптастыру негiздерi
Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері туралы
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау және болжау мемлекеттік қызметті реттеу бойынша алғашқы кезең ретінде
Мемлекеттің құрылымдық-инвестициялық саясатын қалыптастыру негіздері туралы ақпарат
Индустриялық - инновациялық инфрақұрылымның теориялық негіздері
Инвестициялық саясат жайлы
Мемлекеттік басқарудағы индикативтік жоспарлаудың теориялық негіздері
Макроэкономикалық деңгейде оны жүзеге асырудың шешуші механизмі - басымды салалар дамуының мақсатты бағдарламалары
Әлеуметтік-экономикалық жоспарлау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz