Өндірістік кәсіпорындар ресурстарының қалыптасуын анықтау және оларды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 85 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .: 1 КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК РЕСУРСТАРЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ . . .
3: 5
КІРІСПЕ . . .: 1. 1 Өндірістік ресурстар мәні, түрлері және ресурс шектеулілігі проблемасы . . .
3: 5
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Кәсіпорынның негізгі және айналым капиталы . . .
3: 12
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Кәсіпорынның еңбек ресурстары және оны ұйымдастыру . . .
3: 22
КІРІСПЕ . . .: 2 ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫННЫҢ РЕСУРСТАРЫН ТАЛДАУ («Қайнар-АКБ» ЖШС мысалында) . . .
3: 32
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 «Қайнар-АКБ» ЖШС кәсіпорынның даму тарихы және сапа саласындағы саясаты . . .
3: 32
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 «Қайнар-АКБ» ЖШС кәсіпорынның өндірістік ресурстарын талдау . . .
3: 39
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 «Қайнар-АКБ» ЖШС өнімі және оның бәсекеге қабілеттілік факторлары . . .
3: 48
КІРІСПЕ . . .: 3 ӨНДІРІСТІК КӘСІПОРЫННЫҢ РЕСУРСТАРЫН ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ ЖОЛДАРЫ . . .
3: 54
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Негізгі капиталдың, резервтік қордың тиімділігін көтеру . . .
3: 54
КІРІСПЕ . . .: 3. 2 Ұлттық экономикадағы кәсіпорынды қаржыландыруды жетілдіру . . .
3: 63
КІРІСПЕ . . .: 3. 3 Адам ресурстарын дамыту, ұдайы жетілдіру және интеллектуалдық әлеуетін барынша ұтымды пайдалану . . .
3: 68
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 79
КІРІСПЕ . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 81
КІРІСПЕ . . .: ҚОСЫМША . . .
3: 85

КІРІСПЕ

Экономикалық ресурстар - қоғамдық өндірістің жұмыс істеу үшін ең маңызды аспектілерінің бірі. Еліміздің жоғары деңгейде өзіндік жолы бар мемлекет ретінде танылуы, оның әлеуметтік-экономикалық үстемелеп дамуы, халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартудың негізі болып табылады. Кәсіпорынның өндірістік ресурстары - бұл өндіріс процессіне кәсіпорында қолданылатын және кәсіпорынның дамуы мен қызметіне байланысты ресурстар. Кез келген мекеменің өндірістік - экономикалық қызметі өндірістік ресурстарды қалыптастырудан басталады. Қағида бойынша, өндірістік тұтынуды қанағаттандыру үшін барлық экономикалық ресурстар жеткіліксіз. Өндіріс құралдарының, жұмысшы күшінің, шикізаттардың шегі болуы керек. Кез келген кезде экономикалық ресурстардың шектеулігі болған. Бұл шектеулік қоғамның өндірістік және тұтыну күштерінің арасындағы қатынастың болмауы. Өндіріс тұтынуды туғызады. Қоғамның экономикалық потенциалының өсуі ресурстарға деген сұранысты өсіре түседі. Көптеген ғалымдар өздерінің зерттеулерінде ресурстардың сиректігімен шектеулігі олардың тиімді пайдалану проблемасын туғызады деп атап көрсеткен.

Осы орайда, 2017 жылғы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» атты Қазақстан халқына жолдауында Президент бірнеше бағыттардың даму қажеттілігін айқындап берді. Елбасы төртінші өнеркәсіптік революцияның басталғанын ескерте отырып, бірнеше кешенді міндеттерді қояды. Атап айтсақ, «елдің жаһандық бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ететін экономикалық өсімнің жаңа моделін құру, жаңа индустриялар құрумен қатар дәстүрлі базалық салаларды дамытуға серпін беру, еңбек нарығын жаңғырту сияқты кешенді міндеттер қою - кәсіпорын экономикасына, оның ресурстық дамуына зор ықпал ететін шаралар кешені болып табылады [1] .

Еліміздің белгілі ғалымы, экономист О. Сабденнің сөзімен айтсақ, «Дүниежүзілік экономиканың жаһандану процесінің күннен-күнге күшейіп, әрбір өркениетті мемлекет осы саладағы өзіне лайықты орнын табу үшін жанталаса арпалысуда. Қазақстан үшін сындарлы бәсекенің көкейкестігін барынша арттыру мәселесі жүзеге асырылуы кезек күттірмейтін басты шаралардың біріне айналды.

Әлемдік нарықта бәсекеге қабілетті экономиканы қалыптастыру ол еліміздің салыстырмалы ұлттық артықшылықтарын (табиғат сыйлары) барынша тиімді пайдалана отырып, тек сапалық көрсеткіштерін арттыру арқылы, яғни ғылыми-техникалық жетістіктерге, инновацияларға, сондай-ақ, жаһандық экономикалық жүйеге тиімді интеграциялану негізінде бәсеке артықшылықтарын әрқашан да жетілдіре отырып іске асырылуы мүмкін. Бәсеке индустриялық қоғамның қарқынды дамуының негізін құрайды, халықаралық интеграция мен еңбек бөлінісін тереңдетудің алғышарттарын жасайды, ХХІ-ші ғасырдың ерекше бөлігі болып кележатқан постиндустриалды даму сатысына өтуге жағдай қалыптастырады» [2] .

Жұмыстың өзектілігі. Кәсіпорынның өндірістік ресурстарын тиімді пайдалану жолдарын іздестіру бүгінгі таңдағы алдыңғы қатардағы өзекті мәселе десек қателеспейміз. Себебі, экономика, өндіріс басқа салалар үшін негіз, базис болып табылады, демек олардың қажеттіліктерін тек өндіріс қанағаттандырады. Яғни, бұдан шығатын тұжырым ресурстарды тиімді пайдалану мәселесін ел болып, қоғам болып шешкен әлдеқайда тиімдірек. Сондықтан да бұл мәселенің өзектілігі бір тақырыппен ғана шектелмейді.

Жұмыстың жаңашылдығы және тәжірибелік құндылығы. Өндірістің ресурстарын оңтайландыру бойынша жаңа заманғы әдістерді топтастырып жүйелеу нәтижесінде кәсіпорын үшін бағыт-бағдар болып табылатын нұсқаулық және оқу орнына қажетті материалдар алуға болады. Заманауи шешу жолдарын біріктіру арқылы кәсіпорын ресурстарын оңтайлы үйлестіру әдістерін ұсыну жұмыстың жаңашылдығы болып табылады.

Дипломдық жұмыстың мақсаты өндірістік кәсіпорындар ресурстарының қалыптасуын анықтау және оларды тиімді пайдалану жолдарын қарастыру.

Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажет:

- өндірістік ресурстар мәні және түрлерін қарастыру;

- кәсіпорынның негізгі және айналым капиталының мазмұнын ашу;

- кәсіпорынның еңбек ресурстары және оны ұйымдастыру қағидаларын меңгеру;

- «Қайнар-АКБ» ЖШС кәсіпорынның даму тарихы және сапа саласындағы саясатты көрсету;

- «Қайнар-АКБ» ЖШС кәсіпорынның өндірістік ресурстарын талдау;

- «Қайнар-АКБ» ЖШС өнімі және оның бәсекеге қабілеттілік факторларын атау;

- негізгі капиталдың, резервтік қордың тиімділігін көтеру жлдарын көрсету;

- Ұлттық экономикадағы кәсіпорынды қаржыландыруды жетілдіруді ұсыну;

- адам ресурстарын дамыту, ұдайы жетілдіру және интеллектуалдық әлеуетін барынша ұтымды пайдалалану бойынша даму жолдарын қарастыру.

Зерттеу пәні - Кәсіпорын экономикасының өндірістік ресурстары болып табылады.

Зерттеу объектісі - «Қайнар-АКБ» ЖШС.

Зерттеу әдістері : Зерттеу барысында ғылыми-теоретикалық, талдау, синтез, индукция, дедукция, салыстыру әдістері қолданылды.

Зерттеудің дерек көздері. Ақпараттық база ретінде Қазақстанның, ТМД мен алыс шетелдердің тақырып бойынша зерттеулер жүргізген танымал ғалымдарының еңбектері, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының материалдары, «Қайнар-АКБ» кәсіпорнының есептік мәліметтері және интернет-ресурс көздерінен алынған мәлімет пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен (59 атау) тұрады. Жұмыста 6 кесте, 5 сурет, 1 қосымшада кесте келтірілген.


1 КӘСІПОРЫННЫҢ ӨНДІРІСТІК РЕСУРСТАРЫ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ

1. 1 Өндірістік ресурстар мәні, түрлері және ресурс шектеулілігі проблемасы

Өндіріс - бұл қоғамның дамуы мен өмір сүруі үшін қажет материалдық және рухани игіліктерді құру процесі. Өндіріс процесі үш фактордың - адамның күші, еңбек заты мен еңбек құралдары - өзара іс-әрекеті арқылы жүзеге асуы мүмкін. Жұмыс күші - бұл адамның дене және рухани қабілеттілігінің жиынтығы және оны өндіріс процесінің материалдық игіліктер мен қызмет көрсетуінде қолданады. Еңбек заты - болашақ тауардың материалдық негізін құрайтын және еңбек процесінде адамдар әсер ететін заттар. (мұнай, руда, шикізат т. б. ) . Еңбек құрал-саймандары - қажетті игіліктерге адамдардың әсер ету заттары - бұл әр түрлі механизм мен машина, инструмент пен қажет тетіктер, двигатель, жекізетін құрылым және т. б. нәрселер.

Өндіргіш күштер - бұл қоғамдық өндірістің жеке (жұмысшы күші) және заттық (өндіріс құрал-жабдықтары) факторларының өзара әрекеті адам мен табиғат қатынасының шешуші, белсенді элементтері.

Ғылыми-техникалық революция өндіріс факторларын өзгертеді. Осылайша, өндіріс құрал-жабдықтары информатика, электронды-есептеуіш және компьютерлік техникамен жетілдіріледі. Өз кезегінде жұмыс күші құрылымында да сапалы өзгерістер жүреді: оның ғылыми ұйымдастырылуы пайда болып, жұмыскерлердің біліктілік және интеллектуалдық деңгейлері көтеріліп, адамның кәсіпкерлік қасиеттерінің ролі мен маңыздылығы арта түседі.

Экономикалық қатынастар - бұл адамдар арасында қызметтер мен материалды, рухани игіліктерді өндіру, бөлу, айырбастау мен тұтыну процесі барысында пайда болатын қатынастар. Экономикалық қатынастардың сипаты өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формасымен анықталады, бұны экономикалық базис деп атаймыз.

Өндірістік қатынастар біріншіден, тек өндіріс сферасында болатын қарым-қатынастар, екіншіден, өндірістік емес сферада қалыптасатын қатынастардан тұрады.

Құрылымы бойынша экономикалық қатынастар ұйымдастыру-экономикалық және әлеуметтік-экономикалық болып бөлінеді.

Ұйымдастыру-экономикалық қатынастар өндірілген өнім өндірісінің, бөлінуі және айырбасталуының қалайша ұйымдастырылғанына қарай қалыптасады. Ұйымдастыру формаларына еңбек бөлінісі, еңбек кооперациясы, өндіріс концептрациясы (фирмалардың, т. б. іріленуі), өндірістің орталықтандырылуы (көптеген шаруашылық бірліктерінің бір тұтас бірігуі) және т. б. жатады.

Әлеуметтік-экономикалық қатынастар өндіріс құрал-жабдықтарына меншік формаларымен анықталатын өндіріс жағдайларына байланысты адамдар арасында қалыптасады. Меншік формасында басты нәрсе: өндіріс, бөлу, айырбас пен тұтыну қатынастарының әлеуметтік-экономикалық мазмұны туындайды. Бұл қатынастардың дамуы меншік иелерінің жеке мүддесіне, сана-сезімдеріне қарай жүзеге асырылады.

Бір жыл бойы өндірілетін адамдардың шаруашылық қызметінің нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Өзінің қозғалысында ол 4 сатыдан өтеді: өндіріс, бөлу, айырбас және тұтыну.

Өндіріс - пайдалы өнім шығару процесі. Бұл бастапқы саты.

Бөлу өндірілген өнімдегі әр адамның үлесін анықтауды білдіреді.

Айырбас - бұл бір өнімнің басқа өнімге айырбасталу процесі. Бөлу мен айырбас органикалық түрде өндіріспен байланысты, олар бір тізбектің бөліктері болып табылады. Бөлу мен айырбас өндіріс пен тұтыну арасын жалғайды.

Тұтыну - адамның қажеттіліктерін өтеуі үшін өндірілген игіліктерді қолдануы. Тұтыну өнімді пайдаланудың тәмамдаушы кезеңі болып табылады.

Тұтыну екі сипатта: өндірістік және өндірістік емес болуы мүмкін. Өндірістік тұтыну дегеніміз өндіріс процесінде өндіріс құрал-жабдықтары мен жұмысшы күшін пайдалану ұдайы өндіріс негізін құрайды.

Өндірістік емес тұтыну жеке және қоғамдық болып екіге бөлінеді.

Жеке тұтыну - бұл адамджардың тамаққа, киімге, білім, демалысқа және т. б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Қоғамдық тұтыну - қоғамның ғылымға, білімге, мәдениетке, басқаруға, қорғанысқа және т. б. қажеттіліктерін қанағаттандыру.

Өнімдерді тұтынған кезде олар оң мағынада жойылады, яғни оларды ұдайы өндіріп тұру қажет.

Ұдайы өндіріс - бұл өндіріс процесінің қайталануы. Ұдайы өндірістің жай және ұлғаймалы түрлері бар. Жай ұдайы өндіріс - бұл өндіріс процесінің бұрынғы ауқымында қайталануы. Ал, ұлғаймалы ұдайы өндіріс - ұлғаймалы мөлшерде өндірістің жаңартылып отыруы.

Қоғамдық өнімнің барлық өтетін төрт сатысы немесе кезеңдері өзара тығыз байланысады және қоғамдық өндірісті құрайды.

Қоғамдық өндірістің әрекет етуінің маңызды көрсеткіші - оның тиімділігі. Бұл көрсеткіш өндіріс нәтижелерінің оның шығындарына қатынасымен анықталады.

Өндіріс үшін ең қажетті нәрсе - ресурс. Өндірісте қолданылатын ресурстар өндіріс факторлары қызметін атқарады. Ресурстар өндіріске тікелей қатысты болып, белгілі бір нәтиже беретін болса ғана өндіріс факторы қызметін атқарады.

Экономикалық ресурстардың қатарына:

- табиғи ресурстар;

- еңбек (жұмысқа қабілетті кездегі халық)

-материалдық (өндіріс нәтижесі болып саналатын адам қолынан шығарылған барлық өнімдер) ;

- қаржылық (өндірістің ұйымдастырылуына халықтың бөлген қаражаты) ;

- ақпараттық (экономикалық өнім шығаруға керекті ғылыми, ғылыми-техникалық, технологиялық, т. б. интеллектуалды игіліктер) .

Табиғи ресурстар - адам қолымен жасалынбаған, адам өмір сүруіне ешбір байланысы жоқ, белгілі мөлшерде адам игіліктерін қанағаттандыру мақсатында қолданылатын табиғаттың ажырамас бір бөлігі. Табиғат ресурстары шаруашылықты дамытуда тікелей қолданылады. Пайдалы қазбалар жер, су, ауа, жел, топырақ, өсімдік және жануарлар дүниесі табиғат ресурстарын құрайды. Табиғи жағдайлар адамның өндірістік қызметіне мүмкіндіктер тудырады. Олардың қатарына күннің жылуы, жердің ішкі жылуы, рельеф, климат жатады. Өндірістік күштердің белгілі сатысында табиғи жағдайлар табиғи ресурстарға айналады. Мысалы, жел энергияны өндіруде қолданылады. Адамның қызметінің өндірістік немесе бейөндірістік қызметінде қолданылатын күштерді табиғи ресурстар дейміз. [3, 15б. ]

Шын мәнінде, ресурстардың шектеулігі деген нені білдіреді? Мүмкін, бұл ұғым ресурстардың бей-берекет қолданылуын білдіреді. Мысалы, әр жылдары алтын өндіру өнеркәсібі халық қажеттіліктерін қанағаттандырды. Бұл орайда алтын ресурстарын шексіз деп қарастыруға болады. Алайда, егер де біз алтыннан темір жолдың рельстерін жасайтын болсақ, онда алтын қоры баяғыда бітетін еді. Мұндай жағдайда алтынды сарқылмайтын (таусылмайтын) ресурстар қатарына жатқызуға болатын ба еді? Әрине, жоқ. Мұндай жағдайда біз адамды кіналап, бұл шаруашылыққа керек материалды басқа, көп мөлшерде кездесетін ресурстардан алмағандығын баса айтатын едік. Басқаша айтсақ, ресурстар адамның бейрационалды түрде қолданылуы арқасында шектеулілер қатарына айналады. Мүмкін, адам ресурстарды толыққанды игермеген, соның нәтижесінде ресурстардың шектеулігі жайында сөз қозғалады.

Барлық экономикалық ресурстар маңызды ерекшеліктерге ие: олар сирек және шектеулі көлемде болып келеді. Бұл ерекшелік әр түрлі өнімдер арасындағы шектелген ресурстарды бөлу қажеттігі алдында және қатаң шектелген ресурстарды бөлу өндірістік жүйені қояды. Осыған байланысты өндірістік қызмет түрлері бойынша ресурстарды дұрыс мақсатта бөлу мәселелері пайда болады. Сонымен бірге экономикалық ресурстар қол жететін, өндіретін, айырбасталатын тәрізді ерекшеліктерге ие. Қолжетімділігі деген сөз өндіріс үдерісіне қажетті уақытында сол немесе басқа ресурстардың белгілі бір көлемін тарту мүмкіндігін білдіреді. Ресурстарды қайта өндіру сапаны көтеру мен олардың санын көбейту мүмкіндігімен байланысты болып келеді. Тіпті өнімділігін толық жоғалтқан жер телімдердін жер өндеу технологиясын пайдалану жолымен қайта қалпына келтіруге болады. Экономикалық ресурстардың айырбасталымы, бір ресурстың жетпей қалған кезінде, оны басқамен айырбастау болатыны көрсетіледі. Мысалға алатын болсақ, станоктардың шектелген көлемі көп жұмысшылар күшінің іске қосылатынын көрсетеді.

Жер өндіріс факторы ретінде жер қойнауын, ормандарды, ауа мен суды қосқандағы табиғи ресурстардың барлық түрі өндіріске тартылады.

Кәсіпкерлік қабілеті адамның бизнесті немесе кез келген жаңа істі ұйымдастыруға дайындығы мен істей білуіне, осыған байланысты шығынды, тәуекелді және жауаптылықты өзіне қабылдауына байланысты. Әрбір адам мұндай қабілеттілікке ие бола бермейді.

Өндіріс мүмкіндіктер мен өндірістік қажеттіліктер арасындағы тепе-теңдік, термодинамикалық тепе-теңдік секілді. Ол тек минималды қолдану мен минималды күш жұмсау арқылы жүзеге асады. Қазіргі таңдағы адамдардың барлық нәрсені үнемдеуі экономикалық қолданыстың ең дұрыс шешіміне әкеледі, «экономикалық бумды» басынан кешіріп өткен халық біртіндеп «экономикалық тыныштық» күйіне келеді.

Адам - барлық өзінің қажеттіліктерімен (кейбірі тіпті фантастикалық) шексіз жаратылған дүниенің тек бір кішкентай бөлігі. Адам қазір ресурстарды қолданудың тиімді шешімін таба алмай келуде. Мүмкін, заман, экономика дами келе, біз адамзат баласы ресурстарды рационалды түрде жұмсауда үйренеміз.

Қоғамдық өндірістің байлық, көрсетілген қызметтер және заттар түрінде көрінетін нәтижесі қоғамдық өнім болып табылады. Заттар өмір сүрудің тұрақтылығымен қалыпты тәуелсіздікке ие болатын материалдық баршылықтың белгісі. Қызмет көрсету белгілі бір тұтынушылықты қанағаттандыруға бағытталған адам немесе кәсіпорының пайдалы қызметінің нәтижесі. Өндірістің ерекшелігі мен қызметтерін өткізу көп жағдайда өзара айырбасталмайтындығы, жинау, сақтау, жеткізудің мүмкін еместігіне орай, материалдық игіліктермен салыстырғандағы тұтыну мен өндіріс үдерістерін қатар алып жүрумен ерекшеленеді. Байлық бұл еңбекпен құрылған және жиналған материалдық игіліктердің жиынтығы. Ол мыналарды өзіне қосады: негізгі өндірістік қорлар ( ғимарат, машиналар және құралдар ) және өндірістік емес ( тұрғын үй, ғимарат, және білім мекемелерінің құралдары, мәдениет және денсаулық сақтау) , материалдық айналымдылық құралдар, азаматтардың жеке мүлкі.

Өндіріс бұл олардың тұтынушылығын қамтамасыз етуге бағытталған, адамдардың мақсатты қызметі. Материалық өндіріс пен материалдық емес өндірісті бөледі.

Материалдық өндіріс мыналарды өзіне қосады: материлдық игіліктерді өндіру жөніндегі кәсіпорындар мен салалар ( өнеркәсіптік, ауыл шаруашылығы, құрылыс) ; материалдық қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен салалар(көліктер, сауда, коммуналдық шаруашылық, тұрмыстық қызметтер) ; Материалдық емес қызметтерге мыналар жатады: материалдық емес игіліктерді жүзеге асыратын кәсіпорындар мен салалар( кино, театр, тұтастай өнер) ; материалдық емес қызметтер көрсететін кәсіпорындар мен салалар ( денсаулық сақтау, білім беру және тағы басқалары) . Қоғамдық өндіріс екі бөлімге бөлінеді: бірінші бөлім өндіріс құралдарын шығаратын салалар, кәсіпорындар; екінші бөлім тұтыну заттарын шығаратын салалар. [4, 45б. ]

Ресурстар сарқылады, сондықтан да біз қолданыстағы ресурстарды тиімді пайдалануды ойластыруымыз керек. Бұл дегеніміз, бар ресурстардан қандай және қанша мөлшерде халық тұрмысына қолайлы тауар өндіру керектігін білдіреді. Бұл үшін қазіргі таңдағы жоғары дамыған ресурстарды бейрационалды қолданумен күрес жүргізу керек. Бейрационалды қолданылатын ресурстар қатарына мұнай, отын, су жатады. Бұларды шешу жаңа технологиялды енгізуге әкеліп тіреледі. Олар ресурстарды үнемдейді. Қазірдің өзінде қалдықсыз өндіру дамып келе жатыр. Мұның нәтижесінде қолданылған өнімдер қайта өндіріледі. Проблеманы шешудің тағы бір жолы - альтернативтік ресурстар табу. Ғалымдар мұнай мен көмірге бұрыннан бері альтернативті ресурстар іздеу үстінде. Мұндай ресурстарды табу мұнай мен көмір ресурстарын үнемді пайдалануға әкеледі.

Барлық экономикалық ресурстардың, өндіріс факторларының ұқсас қасиеті - олар шектеулі мөлшерде кездеседі. Бұл шектеулік тек қатынастық түрде ғана, яғни экономикалық дамудың белгілі бір сатысында ресурстар адам қажеттіліктерін қанағаттандыруға керек мөлшерден аз кездеседі. Ресурстардың шектеулігі өндірістің шектеулігіне әкеліп соғады. Нәтижесінде, қоғамдық өндіріс халықтың тұтынылуына қажетті тауарларды керек мөлшерде шығара алмайды.

Адам қажеттіліктерінің шексіз көп болуы, ал ресурстардың шектеулі болуы халық қажеттіліктерінің қанағаттандырылмауына әкеліп соғады. Бұған байланысты, өндірісте тауарларды іріктеп, халық тұтынысына аса қажетті тауарларды шығарып, қалғандарынан бас тартуға тура келді. Ресурстардың шектеулігі проблемасы: автокөліктерді шығару жылдан-жылға артуда, сонымен қатар көлікті сатып алушылардың да қатары одан әлдеқайда көп. Автокөліктерді шығаруды арттыру үшін көбірек металл, резина, двигатель, т. б. жұмсалады, ал қолданыстағы ресурстар шектеулі. Адам қолындағы экономикалық ресурстардың барлығы сандық немесе сапалық жағынан шектеулі.

Экономикалық ресурстардың ішінде өндіріс процесінде тікелей қолданылатын өндірістік ресурстар маңызды орын алады. Себебі, халық тұтынатын материалдық игіліктердің барлығы осы процесте жасалады. Өндірістік ресурстарға келесілерді жатқызуға болады: өндірістік күштер (еңбек құралдары ресурстары) ; еңбек және материалдық ресурстар; құрал-жабдықты қамтамасыз етуге және өндіріске шығаруға кеткен шығындар; цех және жалпы зауыттық шығындар; еңбек шартының бұзылуына байланысты өндірістік емес шығындар; қорлар.

Кесте 1 - Өндіріс факторлары және ресурстары

өндіріс факторлары
ресурстары
табыстары
өндіріс факторлары: жер
ресурстары: табиғи
табыстары: рента
өндіріс факторлары: еңбек
ресурстары: еңбек/жұмыс күші
табыстары: жалақы
өндіріс факторлары: капитал
ресурстары: материалдық, қаржылық
табыстары: пайыз
өндіріс факторлары: кәсіпкерлік қабілеттілік
ресурстары:
табыстары: пайда

Ескерту - Шеденов Ө. Қ., Сағындықов Е. Н., Жүнісов Б. А., Байжомартов Ү. С., Комягин Б. И. - Жалпы экономикалық теория. Ақтөбе «А- Полиграфия» 2004. - 20б.

1-кестеде келтірілген ресурстар кез-келген өндіріс процесі үшін міндетті шарт болып табылады. Барлық өндірістік ресурстарды біріктіріп қана, адамдарға қажетті игіліктерді өндіруге болады. Алайда, ерекше білуге тиіс мәселе, басқару процестерінің күрделенуі және машиналар мен механизмдердің көмегімен игіліктерді өндіруге көшу барысында адамдардың кәсіпкерлік қабілетінің ролі мен мәні өсе түседі.

Кәсіпорынның өндірістік ресурстары - өндіріс процесінде пайдаланылатын кәсіпорын ресурстары. Жер - өндіріс процесінде қолданылатын барлық табиғи ресурстар (жер, орман, кен орындары, су) . Капитал - өндіріс құралдарын алу үшін пайдаланылатын ақшалай құралдар, өндірістік инфрақұрылым, өндіріс құралдары. Еңбек - тауарлар мен қызметтерді өндіру барысында қолданылатын адамдардың ой және дене қабілеттерінің жиынтығы. Ақпарат - реттелген білімдер жүйесі. Кәсіпкерлік қабілет - адамның іскерлік қабілеті, жаңа мүмкіндіктерді іздеу процесі, тәуекелділікке бару қабілеті. Барлық ресурстар тегін болып табылмайды. [5] .

Адам еңбегімен өндірілген және өндірістік тұтынуда пайдаланылатын игілікке капитал, ал адам еңбегінің жемісі емес өндірістік игілікке жер жатады. Жердің маңызды бір сипаты оның көлемінің шектеулі болуы. Адам оның көлемін өз ықтиярынша өзгерте алмайды, сәйкесінше өндіре де алмайды. Жер адам еңбегінің «жемісі» емес, табиғаттың сыйы, ол табиғи ресурс. Белгілі жер телімін пайдалану бастапқыдан адамның қолынан келер істің бірі. Әр уақытта есте болатын жәйт, экономикалық теорияда «жер» ұғымы өте кең мағынада колданылады. Ол белгілі бір өлшемдегі табиғат сыйлаған бүкіл пайдалылықтар - жердің өзі, су ресурстары, қазбалы байлықтар. Жер бетінің белгілі бір телімдері адамның өндірістік қызметінде қолданылады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы коммерциялық банктердің ресурстарын басқару әдістері
Ұлыбританиядағы шағын бизнес
Тұтыну қоры, қалыптастыру және пайдалану
Кәсіпорын капиталының құрылымы мен құнын бағалау
Нарықтық экономиканың теориялық негіздері
ҚР -ғы нарықтық экономиканың қалыптасуының теориялық негіздері
Кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру және пайдалану механизмі
Кәсіпорын қызметінің негізгі факторлары
Кәсіпорынның қаржылық саясатының стратегиясы мен тактикасын қалыптастырудың теориялық негіздері
CAPITAL PROJECTS LTD ЖШС - ның менеджмент жүйесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz