Қайнар-акб кәсіпорнының материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудің қалыптасқан түрлері мен әдістерін зерттеу және өндірісті матариалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудің тиімді жұмыс істеуінің жолдарын ұсыну


Мазмұны
КІРІСПЕ
Қоғам мен мемлекеттің негізін өндіріс пен экономика құрайды. Ал өндірістік құрылым өздігінен жеке-дара әрекет етіп, өнім шығара алмайды. Яғни, бір өнімнің, бірнеше сатыдан өтіп тұтынушының қолына жеткенге дейін біршама процестерден өтеді. Бір өнімді шығару үшін кәсіпорынға жанама және тікелей ықпал ететін цехтар, бөлімдер, тасымалдаушылар, делдалдар, қызмет көрсетуші ұйымдардың бар екені аян. Бірақ өндіріс ошағы - кәсіпорын - осы байланыстағы негізгі буын болып табылады. Өнім сапасы осы кәсіпорынның еңбек өнімділігіне және салынған ресурстардың тиімділігіне қаншалықты байланысты болса, басқа да қызмет көрсететін мекемелерге соншалықты байланысты.
Осы орайда Елбасы жолдауында атап өткен «Үшінші жаңғырудың» негізгі басымдығының мәні мен мазмұны диплом жұмысының өзектілігін айқындайды. «Бірінші басымдық - экономиканың жеделдетілген технологиялық жаңғыртылуы. Біз цифрлық технологияны қолдану арқылы құрылатын жаңа индустрияларды өркендетуге тиіспіз. Бұл - маңызды кешенді міндет. Елде 3D-принтинг, онлайн-сауда, мобильді банкинг, цифрлық қызмет көрсету секілді денсаулық сақтау, білім беру ісінде қолданылатын және басқа да перспективалы салаларды дамыту керек. Бұл индустриялар қазірдің өзінде дамыған елдердің экономикаларының құрылымын өзгертіп, дәстүрлі салаларға жаңа сапа дарытты. Осыған орай, Үкіметке «Цифрлық Қазақстан» жеке бағдарламасын әзірлеуді және қабылдауды тапсырамын. Жаңа индустриялар қалыптастырудың маңызды шарты инновацияны қолдау және оларды өндіріске тезірек енгізу болып саналады.
Бұл жердегі негізгі фактор Төртінші өнеркәсіптік революция элементтерін жаппай енгізу болуға тиіс.
Бұл - автоматтандыру, роботтандыру, жасанды интеллект, «ауқымды мәліметтер» алмасу, тағы басқа міндеттер.
Үкіметке бизнес өкілдерімен бірге 2025 жылға дейін базалық салаларды технологиялық тұрғыдан қайта жарақтандырудың кешенді шараларын әзірлеуді тапсырамын». [1] .
Яғни, экономикалық тұрғыдан да, жалпы тиімділік тұрғысынан да жаңа серпін беретін, қоғамдық және экономикалық шынайы пайда әкелетін технологиялардан сырттап қалмағанымыз жөн, егер біз осы процестерді іске асырып жатсақ, онда біздің өндірісіміз де жоғары сапаға көтеріледі.
Материалдық-техникалық камтамасыз ету материалдық өндіріс аясы мен бейөндірістік қызмет аясында пайдалану үшін кәсіпорындардың (фирмалардың, бірлестіктердің, ұйымдардың, кәсіпкерлердің, т. б. ) қажеттерін еңбек күралдарымен және заттарымен қамтамасыз ету үдерісі. Материалдық ресурстарды қажетсіну өнім шығару (жұмыстарды орындау, кызметтерді көрсету) көлемін, шикізат пен материалдар (отын, энергия, сатып алынатьш дүмбілзаттар, дайьш бұйымдар, т. б. ), босалқы қорлар шығынының нормаларын басшылыққа ала отырып айқындалады. Жеткізушілер мен тұтынушылар арасындағы шаруашылық байланыстар өнімді өндіруді, тасымалдауды, тұтынуды ескере отырып ұйымдастырылады.
Мемлекеттің экономикасын бір-бірімен және мемлекетпен өзара өндірістік, кооперативтік, коммерциялық және басқадай тығыз байланыстағы барлық мүмкін деген кәсіпорындардың жиынтығы ретінде қарастыруға болады.
Жұмыстың жаңашылдығы және тәжірибелік маңыздылығы. Материалдық-техникалық қамтамасыз ету кез-келген кәсіпорын үшін маңызды болып табылады. Сондықтан, жұмыста берілген мәселелер мен оны шешу жолдары кәсіпорын экономикасы үшін нұсқаулық ретінде пайдаланылса болады. Жұмыста материалдық-техникалық қамтамасыз ету бағыттары бойынша заманауи әдістер келтірілген, жаңашылдығы да осында.
Дипломдық жұмыстың мақсаты «Қайнар-АКБ» кәсіпорнының материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудің қалыптасқан түрлері мен әдістерін зерттеу және өндірісті матариалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудің тиімді жұмыс істеуінің жолдарын ұсыну болып табылады. Сондай-ақ, мына бағыттардағы мәселелерді шешуді қарастыратын кәсіпорын саясатын жетілдіру қажет:
- материалдық-техникалық ресурстар, олардың классификациясын түсіну;
- кәсіпорында материалдық-техникалық қамтамасыздандыруды ұйымдастыруды және сонымен айналысатын шаруашылықтардың қызметімен таныстыру;
- кәсіпорынның материалдық-техникалық ресурстарын талдау;
- материалдық-техникалық ресурстарды пайдаланудың экономикалық тиімділігін арттыру жолдарын көрсету.
Зерттеу пәні - Кәсіпорынды материалдық-техникалық қамтамасыз ету болып табылады.
Зерттеу объектісі - «Қайнар-АКБ» ЖШС.
Зерттеу әдістері : Зерттеу барысында ғылыми-теоретикалық, талдау, синтез, индукция, дедукция, салыстыру әдістері қолданылды.
Зерттеудің дерек көздері . Ақпараттық база ретінде Қазақстанның, ТМД мен алыс шетелдердің берілген мәселе бойынша зерттеулер жүргізген танымал ғалымдарының еңбектері, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдауының материалдары, «Қайнар-АКБ» кәсіпорнының есептік мәліметтері және интернет-ресурс көздерінен алынған мәлімет пайдаланылды.
Дипломдық жұмыстың құрылымы: кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен (63 атау) тұрады. Жұмыста 4 кесте, 8 сурет, қосымшада 3 тірек-сызба келтірілген.
1 МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ РЕСУРСТАР (ҚОРЛАР) ЖӘНЕ МАТЕРИАЛДЫҚ-ТЕХНИКАЛЫҚ ЖАҒЫНАН ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ ҚАҒИДАЛАРЫ
1. 1 Материалдық-техникалық ресурстар, олардың классификациясы
Еңбек заты ретіндегі материалдар мен оларға теңдестірілген ресурстар жұмыс күші (еңбек) және еңбек құралдарымен бірге, өндірістің үш элементінің бірін құрайды. Материал сыйымды салаларда осы ресурстарға жұмсалатын шығындар өзіндік кұнның 80 %-ына дейін жетеді.
Олардың құрамына мыналар жатады: шикізат (руда), материалдар (қорытпалар) ; отын; энергия (жылу энергиясы, ыстық су, екінші энергоресурстар) ; электр жарығы.
Негізгі материалдар мен оларға теңестірілген ресурстардан басқа, өнімді дайындаудың материалдық негізі болмағанымен (бояулар, лактар), қондырғылар мен құрал-жабдықтардың пайдаланылуы мен сақталуын қамтамасыз ететін (сүрту, майлау және басқа да материалдар) қосалқы материалдардың да өнімнің дайындалуында алатын орны ерекше. Мұндай материалдарға кететін шығындар жалпы материалды ресурстар шығынының 10-15 пайызын құрайды.
Адамзат қоғамының үшінші мыңжылдыққа материалдық ресурстардың шектеулі әрі қымбат болуы және оларға деген сұраныстың күрт артуы сияқты өткір де өзекті мәселелермен бірге аяқ басып отырғандығын айта кеткен жөн. Материалды қамтамасыз етілген елдер (РФ) есебінен дамыған елдерде (мысалы АҚШ-та) табиғи байлықтың ысырап болуы, қымбаттығы,
иесіздігі және тұтынудың шығынды болуы өнімнің материал сыйымдылығы толассыз өсіп жатқан кезеңде (мысалы, ауыр машина жасаудың материал сыйымдылығы 75 %-ға жетіп отыр) арабтың мұнайы мен ресейдің көмірі,
рудасы, газы және орманы есебінен "алты миллиард" адамдардың күн көру геосаясатының өткір мәселесін туьндатады. [2, 427б] .
Мұндай жағдайда ресурстарды шығындап пайдаланудан бас тартып, оның орнына ресурстарды өндіруден өнімді тұтынғанға дейінгі аралықтағы
тауарлар мен материалдар ағымын басқару мен ұйымдастырудың логистикалық жүйесінде қарқынды ресурс сақтау әдісін қолдану ең маңызды материал сақтау (үнемдеу) факторларының бірі болып табылады. Логистикалық жүйедегі материалдық және тауарлық ағымдардың ең оңтайлы қозғалысы ресурстарды тиімді пайдалану мен үнемдеу арқылы өнім өндіру көлемін арттырып, уақытты үнемдеуге мүмкіндік береді. Логистикалық жүйеде материалдық ресурстарды қарқынды пайдалану әдісіне көшудің экономикалық маңызы еңбек ресурстарын, капитал салымдарын (инвестицияларды) және материалдарды үнемдеу және тиімді пайдалану есебінен өнім өндірудің үлесін арттыру болып табылады.
Барлық материалдық ресурстар шартты түрде шикізаттық және отын-энергетикалық деп бөлінеді. Шикізаттық ресурстар өнеркәсіптік өнімдерді өндіру үшін пайдаланатын еңбек заттарының жиынтығы болып саналады.
Шикізатты оны өндіруге және қайта өңдеуге шығындалған, және оның әсерінен белгілі бір өзгерістер жасалған қандай да бір еңбек нысаны деп түсінуге болады.
Шикізатқа әдетте өндіруші өнеркәсіптердің өнімдерін (кен, мұнай, құм, ұсақ тас) және ауылшаруашылық өнімдерін (астық, картоп, қызылша) жатқызады, ал материалдарға - өңдеуші өнеркәсіптердің өнімдерін (күкіртті және түсті металлдар, цемент, ұн, жіп) жатқызады.
Негізгі және қосалқы материалдар болып бөлінеді. Негізгі деп табиғи түрде дайын өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін құрайтын материалдарды атайды. Қосалқы материалдар дайын өнімнің құрамына кірмейді, тек оның түзілуіне мүмкіндік туғызады.
Отын мен энергия өздерінің экономикалық табиғатында қосалқы материалдарға жатады, алайда маңыздылығының күшіне қарай олар ресурстардың дербес тобына бөлінеді. Потенциалдық және нақты отын-энергетика ресурстары (ОЭР) болып бөлінеді, потенциалдық ОЭР - бұл тұтастай республикада, сонда немесе басқа бір экономикалық ауданда, бар барлық отын мен энергия түрлері запастарының көлемі.
Нақты (ОЭР) отын-энергетика ресурстары кең мағынада - бұл ел экономикасында пайдаланылатын барлық энергия түрлерінің жиынтығы. Ал неғұрлым «тар» мағынада отын-энергетика ресурстары деп мыналарды түсінуге болады:
- Табиғи отын-энергетика ресурстары (табиғи отын) көмір, тақта тас (сланец), тарф (шым тезек), мұнай, жер асты газы, ағаш отын, табиғи механикалық энергия; табиғи отын көздері - күн, жер асты нары және термальды сулар;
- Отындарды өңдеу арқылы алынған өнімдер (кокс, брикеттер, мұнай өнімдері, жасанды газдар, байытылған көмір, оның қалдықтары және т. б. ) ;
- Негізінен технологиялық процесстер кезінде алынатын екінші энергетикалық ресурстар (отын қалдықтары, жанатын және ыстық газдар, өңделген газ, өндіріс өнімдерінің физикалық жылуы және т. б. ) .
Халық шаруашылығы тұтынатын барлық шикізат түрлері экономикалық тұрғыдан алғанда, екі үлкен топқа бөлінеді:
- Өнеркәсіпте өндірілетін және ең алдымен ауыр индустрия салалары тұтынатын өнеркәсіп шикізаты;
- Ауылшаруашылығы салаларында өндірілетін және негізінде жеңіл тамақ өнеркәсібі тұтынатын ауылшаруашылық шикізаты.
Өнеркәсіп шикізаты, өз кезегінде, екі шағын топқа бөлінеді:
минералдардан түзілген шикізат (минералдық шикізат), яғни жер қыртысынан (қойнауынан) алынған шикізат;
жасанды шикізат, яғни жасанды жолмен алынған шикізат, материалдар, минералдардан түзілген (пайда болған) табиғи шикізаттың ең көп түрі бар тобы. Ол өнеркәсіптің минералдық шикізат базасын құрайды және қара, түсті металлургия, отын және электр энергетикасы, т. б. өнеркәсіптің негізгі салаларының дамуын анықтайды. Өнеркәсіптің минералдық шикізат базасы - бұл геологиялық барлау жұмыстарының нәтижесінде анықталған жер қойнауындағы минералдық шикізаттар ресурстары. Сөйтіп, минералдың шикізат базасының негізі болып анықталған пайдалы қазбалар кен орындары табылады. [3, 27б] .
Ғылыми мен техниканың қазіргідей дамыған деңгейінде жер қойнауынан мейлінше тиімді өндіріліп алынған және өнеркәсіптік өндірісте пайдаланылған минералдық шикізат ресурстары пайдалы қазбалар деп аталады.
Өнеркәсіпте пайдаланылатын пайдалы қазбаларды үш топқа бөлуге болады:
- Жаңғыш пайдалы қазбалар (көмір, жаңғыш тақта тастар, шым тезек, мұнай, табиғи газ) ;
- Минералды пайдалы қазбалар (қара, түсті, бағалы және сирек металлдар) ;
- Металл емес пайдалы қазбалар (химия өнеркәсібіне арналған шикізат, құрылыс материалдары, қара металлургияға арналған металл емес шикізат) .
Экономикалық тұрғыдан алғанда кез келген кен орны ең алдымен
пайдалы қазбалардың сапасымен және оның запас қорымен сипатталады. Барланған және зерттелген дәрежесі бойынша пайдалы қазбалар кен орындарындағы запастар үш категорияға (санатқа) бөлінеді:
А - анықталған запастар
В - ықтимал запастар
С - болуы мүмкін запастар
А категориялы запастар - бұлар толығымен зерттелген, барланған және өндіруге дайындалған, олар кәсіпорынның пайдаға асыру жұмыстарына (эксплуатациялық), сондай-ақ кәсіпорынды жобалау және құрылысын салу жұмыстарына арналған.
В категориялы запастар - бұлар геологиялық зерттеулерге негізделген, біршама барланған және тау кені орындарымен, бұрғылау скважиналарымен картаға түсірілген. Олар тау кен кәсіпорындарының жүрделі құрылыстарын жобалауға негіз ретінде алынуы мүмкін.
С категориялы запастар аз зерттелген, геологиялық барлау жұмыстарын мұқият жүргізудің көмегімен анықтауды қажет етеді, олар тау кен өнеркәсібін дамытудың перспективалық жоспарын жасауға және геологиялық барлау жұмыстарын жоспарлауға пайдаланылады.
Сонымен қатар, пайдалы қазбалар кен орындарының запастары үш топқа бөлінеді: геологиялық және өнеркәсіптік. Өз кезегінде геологиялық запастар баланстық және баланстан тыс болып бөлінеді.
Баланстық запастар - ғылым мен техниканың қазіргі даму деңгейінде жер қойнауынан жеткілікті дәрежеде тиімді өндіріліп алынатын запастар.
Баланстан тыс - ғылым мен техниканың қазіргі даму деңгейінде экономикалық тұрғыдан алғанда жер қойнауынан қазып алу тиімсіз болатын запастар.
Өнеркәсіптік запастар - бұлар эксплуатациялық немесе жобалық шығындарды алып тастағандағы баланстық запастар. Эксплуатациялық шығындар неғұрлым аз болса, баланстық запастар соғұрлым көп шығарылады, пайдалы қазбалар кен орны соншалықты тиімді пайдаланылатын болады.
Пайдалы қазбалардың кез келген кен орнының экономикалық маңызы болады. Ең үздігін анықтау үшін оларға экономикалық бағалау жүргізіледі. Оның алдында геологиялық және технологиялық бағалау жасалады.
Геологиялық бағалауға кен орны туралы жалпы мәліметтер, ауданның геологиялық сипаттамасы және кен орнының геологиялық құрылысы кіреді.
Геологиялық бағалау негізінде геологиялық запастар, пайдалы қазбалардың сапасы, кен орнының орналасуының геологиялық жағдайы, кен шығатын орынның тереңдігі, топырақ қабатының қуаты және басқалар анықталады. [4, 65б] .
Технологиялық бағалау кен шығатын орынның технологиялық мүмкіндігін, қазбалардың өндіруге болатын көлемін, аршу, дайындау әдістерін анықтау үшін және т. б. жасалады.
Кен орындарына экономикалық бағалау геологиялық және технологиялық бағалау мәліметтерінің негізінде жасалады және сол немесе басқа кен орнын пайдалану кезінде мынадай көрсеткіштер анықталады:
- жалпы және үлестік күрделі қаржылар;
- өнімді өндіруге, байытуға және сатуға жұмсалатын шығындар;
- түсімділік (пайдалылық) индексі;
- еңбек өнімділігі;
- пайда және рентабельдік (тиімділік) ;
- өзін анықтау мерзімі;
- таза дисконтталған табыс (вексель есепке алынған кіріс) .
Түрі мен құрылымы бойынша пайда болуына және пайдалану
мүмкіндігіне қарай, пайдалы қолданылуының салаларына және мерзіміне және ұдайы өндірілуіне қарай шикізат базасы потенциалды және пайдаланылатын, биологиялық, литосфералық, гидрологиялық және атмосфералық, минералдық және биохимиялық, бірінші және екінші, отындық шикізат базасы және импортталатын шикізат, қысқа -, орта -, және ұзақ мерзімді болып бөлінеді. Шикізат базасы және оның құрамдас бөліктері 1 - суретте ықшамдалған түрде берілді.
Потенциалды шикізат базасына жер қойнауының байлығы және оларды пайдаланудың технологиялық мүмкіндіктері мен қажетті қуаты әлі де анықталмаған немесе жоқ болған қоршаған ортадағы ресурстар жатады. Оның құрамына өнеркәсіптік, қоғамдық және жеке пайдаланудан қалған, ештеме дайындалмайтын қалдықтар кіреді, себебі оларды пайдаланудың өндірістік әдістері жоқ.
Тұтыну қасиеті және пайда болу ортасы бойынша барлық табиғи шикізаттардың түрлері және ауыл шаруашылығының (егін шаруашылығы мен мал шаруашылығы, шабындық өсіру мен омарта шаруашылығы), орман шаруашылығының сығынды өнімдері, сондай-ақ өзен және теңіздегі балық шаруашылығы өнімдері биохимиялық шикізат базасына жатады.
Кен және кен емес қазба байлықтар литосфералық шикізат базасын түзейді (құрайды) . Жер астындағы және жер бетіндегі, ішкі және теңіз сулары, сондай-ақ ауа мен оның заттық құрамдас бөлшектері минералдық шикізат базасының құрамына кіреді. Пайда болуына байланысты шикізаттарды (өндіру, өңдеу және қалдықтарды дайындау) бірінші және екінші (қайталама) шикізат базалары деп бөлуге болады, өңдеуші кәсіпорындар аталған классификациядағы шикізаттар мен материалдардың барлық түрлерін пайдаланады.
Шикізаттар экономикалық мақсаты бойынша (еңбек түріне, дайын өнім), өндірісітк процесстегі ролі бойынша (негізгі, қосалқы), алу әдісі бойынша (өнеркәсіптік, ауыл шаруашылық және басқалар), өндіру мезгілі бойынша (маусымдық, маусымдық емес) бір жүйеге келтіріледі.
Сонымен қоса, өңдейтін кәсіпорынға түсетін шикізат бірінші және екінші шикізат ресурстарына бөлінеді (Қосымша 1)
Кәсіпорындағы материалдық - техникалық қамтамасыз ету логистиканың компоненті ретінде өндірістік менеджменттің жүйесін қамтамасыз ете отырып, дайын өнім өндіруде жүйеге ену сапасын анықтайды. Жүйеге енудің сапасы төмен болуы салдарынан оны шығаруды жоғары сапаға қол жеткізе алмайды. Кәсіпорында материалдық - техникалық қамтамасыз ету процесі бизнес - жоспарына сәйкес өз уақытында материалды - техникалық ресурстарды қоймаға немесе жұмыс орнына жеткізуге бағытталады. [5, 76б] .
Материалдық - техникалық ресурстар құрамына: шикізаттар, материалдар, комплектеуші бұйымдар, сатып алынатын технологиялық құрал - жабдықтар және технологиялық кесуші немесе есептеуші құрал, жаңа көлік құралдары, жүк тиеу мен жүк түсіру жабдықтары, есептеуші техника және басқа жабдықтар, сонымен қатар сатып алынатын жанар - жағар май, энергия, су т. б. Басқа сөздермен айтқанда кәсіпорынға заттай немесе энергиялық түрде түсіндіретін барлық өндіріс материалдық - техникалық қамтамасыз ету элементтеріне жатады.
Кәсіпорындағы материалдық - техникалық қамтамасыз етудің мақсаттары:
- кәсіпорын бөлімшелерін қажетті сапа және көлемді ресурс түрлерімен қамтамасыз ету;
- ресустарды тиімді пайдалану - өндірісті, еңбекті жақсарту, қор қайырымдылығы, өнімді өндірудің ұзақтық циклын қысқарту, айналым қорларының айналымдылығын азайту, қайталама ресурстарды толық пайдалану, инвестицияның тиімділігін арттыру;
- өндірістің ұйымдастыру техникалық деңгейінің анализі, шығарылатын өнімнің сапасы және өнімнің бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз ету.
Осы аталған кәсіпорынның негізгі мақсаттарына қол жеткізу үшін мынадай қызметтер атқару керек:
1. Белгілі бір ресурс түрі бойынша өткізу нарығына маркетингтік зерттеулер жүргізу.
2. Белгілі бір ресурс түріне қажеттілікті нормалау.
3. Ресурстарды шығаруды азайту нормалары мен нормативтерін ұйымдастыру және техникалық шараларын әзірлеу.
4. Материалдық - техникалық қамтамасыз ету каналдары мен формаларын іздеу.
5. Материалдық байланысты әзірлеу.
6. Кәсіпорында ресурстарды материалдық - техникалық қамтамасыз етілуін жоспарлау.
7. Жеткізуді ұйымдастыру, ресурстарды сақтау және өндіріске дайындау.
8. Жұмыс орындарын ресурстармен қамтамасыз етуді ұйымдастыру.
9. Ресурстарды пайдалану есебімен бақылау.
10. Өндірісте алымдарды ұйымдастырумен қалдықтарды қайта өңдеу.
11. Ресурстарды тиімді пайдалану анализі.
12. Ресурстарды тиімді пайдалануға ынталандыру.
Жылдам дами беретін ғылыми-техникалық революциясының нәтижелерін пайдалану, экономиканы дамытудың жинақтылығы, мамандандыруды тереңдету және қоғамдық еңбек кооперациясын кеңейту, бір мезгілде халықтың игілігін арттыра отырып материалдық-техникалық база құрудың негізгі байланысы нарықтық экономиканың маңызды ерекшеліктері болып табылады. Осыған байланысты тарату процесстерін жоспарлау және ұйымдастыру жүйесінде және өндірістің қаржы айналымында елеулі өзгерістер орын алды: өнімдерді таратудың және айырбастаудың салааралық функциялары едәуір күшейді және өндірістің қаржы айналымы саласын басқаруда ұйымдастырушылық және методологиялық бірлікті әрі қарай нығайту қажеттігі едәуір байқалды. [6, 78б] .
Халық шаруашылығының барлық салаларының материалдық ресурстарға деген сұранысын анықтау тәсілі, негізінен ұзақ мерзімді перспективаға, түпкілікті өзгерді, бұдан ғылыми негізделген нормативтік базаның ролі едәуір артты.
Жоспарлаудың баланстық әдісіне негізінде жаңа талаптар туындады, бұл материалдық баланстар жүйесінің және олардың аумақтық, салалық және халық шаруашылық резервтердегі салааралық және тиімді баланс аралық негізгі байланысын бұдан да гөрі толығырақ өзара үйлестіру үшін туындады.
Өндірісті материалдық-техникалық жағынан қамтамасыз етудің жинақтылығына қойылатын талаптар көбейді (көбінесе шикізаттардың, материалдардың, отын мен жабдықтардың прогрессивті түрлеріне), өндіріске ғылыми-техникалық жетістіктерді шапшаң енгізуге байланысты өндірістің динамикалық жағдайына толығырақ сәйкес келетін жабдықтаудың икемді формаларын дамыту қажеттігі өсті.
Өндіріс қаржысының айналымы саласының өзіне техникалық прогресс жасауға, жабдықтау және сату органдарының материалдық-техникалық базаларын қайта жарақтандыруға, қаржы айналымы саласындағы кәсіпорындарда еңбек өнімділігін шұғыл көтеруге мүмкіндік беретін қазіргі заманғы жоғары механикаландырылған және автоматтандырылған қойма кешендерін құруға және қоймаларды өнімдермен жабдықтауды уақытында оны өндірістік тұтыну циклымен тікелей байланыстыруға негізінен жаңа тәсіл қолдану қажет болды.
Экономикалық-математикалық аппараттарды, қазіргі заманғы электронды-есептеу және ұйымдық техникаларды қолдана отырып, жабдықтауды және сатуды басқарудың ғылыми әдіс-тәсілдерін енгізуге қойылатын талаптар анағұрлым өсті. [7, 86б] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz