Уыз май industry ЖШС-дегі материалдық ресурстарды рационалды пайдаланудың үдерістерін зерттеу нәтижесінде өндірісті метариалдық жағынан қамтамасыз ету жүйелерінің неғұрлым тиімді жұмыс істеуіне резервтер іздестіру


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 61 бет
Таңдаулыға:   

Абдыкадырова Сания

Мазмұны

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ . . .: 1 КӘСІПОРЫННЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫК НЕГІЗІ . . .
3: 8
КІРІСПЕ . . .:

1. 1 Материалдық ресурстар туралы түсінік, олардың құрамы

мен маңызы . . .

3: 8
КІРІСПЕ . . .: 1. 2 Кәсіпорындарды материалдық жағынан қамтамасыз етудің мәні, міндеттері мен функциялары . . .
3: 13
КІРІСПЕ . . .: 1. 3 Материалдық жағынан қамтамасыз ету жүйелерін жетілдірудің негізгі бағыттары . . .
3: 24
КІРІСПЕ . . .: 2 «УЫЗ МАЙ ИНДАСТРИЗ» ЖШС-нің ШАРУАШЫЛЫҚ ҚЫЗМЕТІНЕ ТАЛДАУ . . .
3: 31
КІРІСПЕ . . .: 2. 1 Кәсiпорынның экономикалық әлеуетiн талдау . . .
3: 32
КІРІСПЕ . . .: 2. 2 «УЫЗ МАЙ ИНДАСТРИЗ» ЖШС материалдық қорларын пайдалануды талдау . . .
3: 35
КІРІСПЕ . . .: 2. 3 «УЫЗ МАЙ ИНДАСТРИЗ» ЖШС материалдық ресурстарының басқару жүйесін сипаттау . . .
3: 42
КІРІСПЕ . . .: 3 КӘСІПОРЫНДА МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАРДЫ ТИІМДІ ҚОЛДАНУДЫҢ ЫҢТАЛАНДЫРУ ЖОЛДАРЫН ЖЕТІЛДІРУ . . .
3: 44
КІРІСПЕ . . .: 3. 1 Айналым қорларын тиiмдi пайдалану мақсатында жақсарту . . .
3: 44
КІРІСПЕ . . .:
  1. Кәсіпорындағы материалдық жағынан қамтамасыз ету жүйелерін толық жетілдіру . . .
3: 49
КІРІСПЕ . . .:
  1. Запастарды (қосалқы қорлар) басқарудың және тиімді пайдаланудың проблемалары . . .
3: 55
КІРІСПЕ . . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 65
КІРІСПЕ . . .: ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 68

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Нақты сектор кәсіпорындары мен компаниялары Қазақстан экономикасының дамуына, өсуіне, ұлттық табыс, жалпы ішкі өнім, жалпы ұлттық өнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және тағы да басқа көрсеткіштердің артуына тікелей әсер етеді.

Тақырыптың ғылыми зерттелу дәрежесі. Экономикалық әдебиеттерде аталған мәселенің жекелеген аспектілері бойынша теориялық, әдістемелік және қолданбалы ұсыныстар ғана бар. Кәсіпорыдардын материалдық ресурстарды тиімді пайдаланудың үдерістерін зерттеу және қызмет тиімділігін арттыруға ерекше мән беру қажет. Кәсіпорынның материалдық ресурстарын пайдалану тиімділігін жоғарлатудын ғылыми негізіне тереңнен қалам тартқан батыс елдерінің осы салада зерттеулер жүргізген маман-ғалымдардың еңбектері кеңінен қолданылды. Қазақстандық ғалымдардан кәсiпорын материалдық ресурстарды тиімді пайдаланудың үдерістерін түрлі аспектілерін, өндіріс тиімділігі мәселесін негіздеу Баймұратов О. Б., Оқаев Қ. О., Берішев С. Х., Мұхамбетов Т. И., Сағадиев К. Ә., Ниязбекова Р. К., Рахметов Б. А., Байнеев П. Т. Мейірбеков А. Қ., Әлімбетов Қ. Ә. Дүйсенбаев К. Ш., Төлегенов Э. Т., Жұмағалиева Ж. Г, Оразалин К. Ж, Кәмшат Т. Жуйриков К. К., Дауренбекова Ә. Н., Жумагалиева Ж. Т., Манапова Ш. М ., Бердәлиев К. Б. және т. б. еңбектерінде көрініс тапқан.

Зерттеу объектісі ретінде «Уыз Май Industry»ЖШС кәсiпорынның материалдық ресурстарының жағдайы мен оларды тиiмдi пайдалану үрдісін сипаттайтын өндірістік қатынастар жиынтығы алынды.

Зерттеу пәні - ретінде кәсiпорының материалдық ресурстарды рационалды пайдаланудың үдерістерін зерттеу нәтижесінде онын тиiмділігін қөтеру әдiстерi қарастырылады.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері . Бұл дипломдық жұмыстың мақсаты «Уыз Май Industry» ЖШС-дегі материалдық ресурстарды рационалды пайдаланудың үдерістерін зерттеу нәтижесінде өндірісті метариалдық жағынан қамтамасыз ету жүйелерінің неғұрлым тиімді (оңтайлы) жұмыс істеуіне резервтер (қосымша қорлар) іздестіру болып табылады.

Міндеттері:

  • Материалдық ресурстар туралы түсінік, олардың құрамы мен құрылым мазмұнын зерттеу мен оның көрсеткіштерін анықтау әдістемесін талдау;

-Касипорындарды материалдық жағынан қамтамасыз етудің мәні, міндеттері мен функцияларын ашу

-Материалдық жағынан қамтамасыз ету жүйелерін жетілдірудің негізгі бағыттары деңгейін жақсартуға қажет әлеуметтік-экономикалық жағдайларды анықтау мен оған сәйкес ұсыныстар әзірлеу

-Кәсіпорындағы материалдық жағынан қамтамасыз ету жүйелерін толық жетілдіру мүмкіндіктерін қарастыруға ерекше көніл бөлінді.

Дипломдық жұмыс құрылымы кiрiспеден, үш негiзгi бөлiмнен, қорытындыдан және қолданылған әдебиеттер тiзiмi мен қосымшадан тұрады.

Кiрiспеде зерттелетiн тақырып өзектiлiгi негiзделiп, мақсаттар мен мiндеттер белгiленiп, зерттелiнетiн тақырып объектiсi мен пәнi айқындалады, әдiстемелiк және ақпараттық база көрсетiледi.

Зерттеу жұмысында материалдық ресурстармен жабдықтаушылармен байланыстарды ұйымдастыру ерекшеліктеріне байланысты, фактологиялық деректерге сүйене отырып, объективті талдау жұмыстары жүргізілді.

Сонымен қатар, статистикалық мәліметтерді талдау негізінде өндірісті материалдық жағынан қамтамасыз ету жөніндегі іс-шараларды қаржыландыру ықпал ететін факторлар сипатталып, оның жекелеген құраушылары және аспектілері қарастырылды.

Зерттеудің тәжірибелік маңыздылығы. Теориялық және әдістемелік материалдарды жоғары оқу орындарында «Кәсіпорын экономикасы», «Кәсіпкерлік» пәндерінен дәріс оқу және тәжірибелік сабақтар жүргізу барысында қолдануға болады.

.

1 КӘСІПОРЫННЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ БАСКАРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫК НЕГІЗІ

1. 1 Материалдық ресурстар туралы түсінік, олардың құрамы

мен маңызы

Касипорындардың құрамына мынадай ресурстар кіреді:

  1. Техникалық ресурстар (өндірістік жабдықтар, керек-жарақтар, қосымша материалдар және тағы да басқа. ) .
  2. Технологиялық ресурстар (технологиялық әдістердің қозғалыста болатындығы, бәсекеге қабілетті идеялардың болуы және т. б. ) ;
  3. Кадрлар ресурстары (жұмыскерлердің біліктілік, демографиялық құрамы және т. б. ) ;
  4. Алқаптық ресурстар (өндірістік жайлардың, кәсіпорындар аумағының, коммуникациясының, кеңейту мүмкіндігінің сипаты және т. б. ) ;
  5. Ақпараттық ресурстар (кәсіпорынның өзі туралы және сыртқы ортасы туралы қолда бар ақпараттардың сипаты, олардың анықтығын, дәлдігін арттырудың мүмкіндігі) ;
  6. Қаржы ресурстары (активтердің жағдайы, өтімділігі, несиелік жолдардың болуы және т. б. ) .

Осы аталған ресурс түрлерінің әрқайсысы касипорындардың мақсаттарына жету мүмкіндігінің жиынтығы. Кәсіпорындар қызметінің мазмұны мен сипаты оның дамуының сыртқы және ішкі жағдайларымен анықталады. Сыртқы жағдайларға мыналар жатады: шаруашылық жүргізудің (басқарудың) қабылданған жүйесі (нарықтық, орталықтандырылған - жоспарлы, аралас), оның құқықтық (заңдық) негізі, мемлекеттік реттеу дәрежесі.

Кәсіпорындар жұмысының нәтижелілігі айтарлықтай дәрежеде олардың шикізатпен және материалдармен немесе материалдық ресурстармен қаншалықты қамтамасыз етілгеніне байланысты.

Барлық материалдық ресурстар шартты түрде шикізаттық және отын-энергетикалық деп бөлінеді. Шикізаттық ресурстар өнеркәсіптік өнімдерді өндіру үшін пайдаланатын еңбек заттарының жиынтығы болып саналады.

Шикізатты оны өндіруге және қайта өңдеуге шығындалған, және оның әсерінен белгілі бір өзгерістер жасалған қандай да бір еңбек нысаны деп түсінуге болады.

Шикізатқа әдетте өндіруші өнеркәсіптердің өнімдерін (кен, мұнай, құм, ұсақ тас) және ауылшаруашылық өнімдерін (астық, картоп, қызылша) жатқызады, ал материалдарға - өңдеуші өнеркәсіптердің өнімдерін (күкіртті және түсті металлдар, цемент, ұн, жіп) жатқызады.

Негізгі және қосалқы материалдар болып бөлінеді. Негізгі деп табиғи түрде дайын өнімнің құрамына кіріп, оның материалдық негізін құрайтын материалдарды атайды. Қосалқы материалдар дайын өнімнің құрамына кірмейді, тек оның түзілуіне мүмкіндік туғызады.

Отын мен энергия өздерінің экономикалық табиғатында қосалқы материалдарға жатады, алайда маңыздылығының күшіне қарай олар ресурстардың дербес тобына бөлінеді. Потенциалдық және нақты отын-энергетика ресурстары (ОЭР) болып бөлінеді, потенциалдық ОЭР - бұл тұтастай республикада, сонда немесе басқа бір экономикалық ауданда, бар барлық отын мен энергия түрлері запастарының көлемі.

Потенциалды шикізат базасына жер қойнауының байлығы және оларды пайдаланудың технологиялық мүмкіндіктері мен қажетті қуаты әлі де анықталмаған немесе жоқ болған қоршаған ортадағы ресурстар жатады. Оның құрамына өнеркәсіптік, қоғамдық және жеке пайдаланудан қалған, ештеме дайындалмайтын қалдықтар кіреді, себебі оларды пайдаланудың өндірістік әдістері жоқ.

1. 2 Кәсiпорында материалдық ресурстарды тиiмдi қолдануға әсер ететiн факторлар

Айналым қорлары - ақша қорларының айналымының үздiксiздiгiн қамтамасыз ететiн, өндiрiстiк айналым қорлары мен айналым қорларын құруға аванстайтын ақша қаражатының жиынтығы.

Айналым қорларын жоспарлау, есептеу және анализ тәжірибелерінде келесі белгілері бойынша жіктейді:

1. Өндіріс процесіндегі функцияларды рөліне байланысты -айналмалы өндірістік қорлар және айналыс қоры.

2. Жоспарлау, басқару, бақылау тәжірибелеріне байланысты -нормаланатын және нормаланбайтын айналым құралдары.

3. Айналым капиталын қалыптастыру көздеріне байланысты-жеке меншік айналым капиталы және қарызданған айналым капиталы.

4. Ликвидтілігіне байланысты, яғни ақшаға айналу жылдамдығына байланысты - тез өткізілетін айналым құралдары, баяу өткізілетін айналым құралдары.

5. Капитал салымдарының тәуекел салымдарына байланысты- минималды тәуекелділікті салымдар айналым капиталы, азайтылған тәуекелділікті салымдар айналым капиталы, орташа тәуекелділікті салымдар айналым капиталы, жоғары тәуекелділікті салымдар айналым капиталы.
6. Материалдық-заттық мазмұнына байланысты-еңбек құралдары (шикізат, материалдар, жанармай, аяқталмаған өндіріс және т. б. ) дайын өнім мен тауарлар; ақша қаражаттары және де есепшоттағы қаражаттар [13, 47б. ] .

Материалдық ресурстарының ың топтары . Құрамына кіретін құралдар.
1. Айналмалы өндірістік қорлар (өндіріс сферасындағы немесе өндіріс процесіндегі қорлар)

1. 1. Өндірістік қорлар (запастар)

- шикізат

- Негізгі материалдар

- сатып алынған жартылай фабрикаттар

- жанар май

- қосымша материалдар

- арзан бағалы тез тозатын құралдар

1. 2. Өндіріс процесіндегі құралдар

- аяқталмаған өндіріс

- өзі өндірген жартылай фабрикаттар

- болашақтағы шығындар.

2. Айналыс қорлары(айналыстағы айналым құралдары)

2. 1. Өткізілмеген өнім:

- кәсіпорын қоймаларындағы дайын өнім

- тиелген бірақ ақысы төленбеген өнім

- қайта сатуға алынған тауарлар

2. 2. Ақша қаражаттары

- касса

- есепшот

- валюталық шот

- бағалы қағаздар

- Басқа кәсіпорындармен, мекемелермен есеп айырысулар.

3. Басқару деңгейіне байланысты нормаланатын және нормаланбайтын болып бөлінеді [14, 71б. ] .

Нормаланатын құралдарға айналмалы өндірістік қордың барлық құрамы және айналыс қорының қоймадағы өткізілмеген дайын өнім түріндегі құрамы жатады.

Нормаланбайтын құралдарға айналыс құралдарының қалған элементтері жатады, яғни, тұтынушыларға жөнелтілген, бірақ бірақ әлі ақысы төленбеген құралдар және есеп айырысулар мен ақша қаражаттарының барлық түрлері жатады. Нормаланатын айналым құралдары кәсіпорынның қаржылық жоспарында көрініс табады, ал нормаланбайтын айналым құралдары жоспарлаудың объектісі болып табылмайды .

4. Материалдық ресурстарының жеке меншік және қарызданатын болып бөлінуі кәсіпорынға ұсынылатын айналыс құралдарының шығу көздері мен түрлерін көрсетеді, яғни материалдық ресурстарының ың қолданылу мерзімі уақытша әлде тұрақты екенін көрсетеді

Жеке меншік айналым капиталы кәсіпрорынның меншік капиталы (жарғылық, резервтік капитал) негізінде қалыптасады, бұл құралдар тұрақты қолданыс режимінде және жоспарлау объектісі болып, қаржылық жоспарда көрініс табады.

  1. Кезең шығындары материалдық ресурстарының ың элементi болмайды, олар жобалауға, өнiмнiң жаңа түрлерiн өндiруге арналған шығындарды бiлдiредi. Бұл шығындар берiлген кезеңде жүзеге асырылады да, өнiмнiң өзiндiк құны негiзiнде келесi кезеңде өтелiнедi [16, 41б. ] .

Айналымның үшiншi сатысындағы ақшалай нысанға ие болатын айналым құралдары сонымен бiрге материалдық ресурстарының ың алғашқы сатысы болады.

Материалдық ресурстарының айналысы келесi сызбамен жүредi:

Д - Т …П …Т 1 - Д 1 (1)

мұндағы

Д - шаруашылық жүргiзушi субъектпен авансталатын ақша қаражаттары;

Т - өндiрiс құралдары;

П - өндiрiс;

Т 1 - дайын өнiм;

Д 1 - өнiмдi өткiзуден түскен және жүзеге асырылған табысты қосатын ақша қаражаттары.

Нүктелер (…) - құралдар айналымның үзiлгендiгiн, бiрақ олардың айналыс үрдiсi өндiрiстiк сферада жалғасып жатқанын бiлдiредi.

Кәсіпорынның қаржылық жағдайы айналмалы қорлардың жағдайына тікелей тәуелді, сондықтан кәсіпорын айналмалы қорларды пайдалану және ұтымды қозғалысын ұйымдастыруға қызығушылық танытады.

Аналыым құралдарын қалыптастырудың меншiктi көздерiнен басқа тауарлық-материалдық меншiктi көздерге теңестiрiлген тұрақты пассивтер бөлiгiмен қамтамасыз етiледi [23, 65б. ] .

Тауарлық-материалдық құндылықтармен қамтамасыз ету үшiн айналыстағы емес активтерге салынған инвестициялармен байланысты меншiктi көздердiң жетiспеушiлiгi болса, онда оған мақсатты заемдық қаражаттар тартылады. Материалдық ресурстарының қалыптастырудағы меншiктi заемдық және тартылған қаражаттар көздерi арасындағы қатынастың дұрыс болуы - кәсiпорынның қаржы жағдайын күшейтуге мүмкiндiк бередi.

Кәсiпорынның материалдық ресурстарының тиiмдi қолдануға жиi қарама-қарсы бағытта болып келетiн көптеген факторлар әсер етедi (1-сурет) . Әсер ету кеңдiгi мен басқарылу деңгейiне байланысты факторларды шартты үш топқа бiрiктiруге болады: жалпы экономикалық, ұйымдастырушылық және техникалық прогреспен байланысты факторлар.

Cурет 2. Материалдық ресурстарының тиiмдi қолдануға әсер ететiн факторлар

Ескерту - Грибов В. Д., Грузинов В. П. Экономика предприятия: Учебное пособие. - 2-е издание, переработанное и дополненное. - М. : Издательство «Финансы и статистика», 2013г. -208 с

Материалдық ресурстарының көлемiн ұлғайтатын факторларға: саудалық қызмет көрсетудiң сапасының артуы, жаңа салынған аудандарда дүкендер желiсiнiң кеңейуi, баяу айналымдылықта болатын тауарлар айналымы құрылымында тауарлардың үлес салмағының ұлғайуы жағына қарай өзгеруi сияқтылары мысал бола алады [28, 10б. ] .

Тәжiрибе жүзiнде тiкелей есеп әдiсi кеңiнен қолданылады. Бұл әдiстiң артықшылығы деп жеке және жиынтық нормативтердi дәл есептеуге мүмкiндiк беретiн нақтылық, дәлдiктi айтуға болады. Материалдық ресурстарының ың жеке нормативтерiне өндiрiстiк запастарға шикiзат, негiзгi және көмекшi материалдар, сатып алынған жартылай фабрикаттар, жинақталған бұйымдар, отын, таралар, қосалқы бөлiктер; меншiктi өндiрiстегi жартылай фабрикаттың аяқталмаған өндiрiсi; болашақ кезеңдегi шығындарындағы өндiрiстiк запастар жатады. Әр элемент нормалау ерекшелiгiн айқындатады [34, 78б. ] .

Шикiзат негiзгi құралдар мен сатып алынған жартылай фабрикаттарға авансталған айналым құралдары нормативi келесi формуламен есептеледi:

Н = Р х Д (5)

Мұндағы: Н - шикзат, негiзгi материалдар мен сатып алынған жартылай фабрикаттардағы материалдық ресурстарының ың нормативi;

Р - шикiзат, материалдар мен жартылай фабрикаттардың орташа тәулiктiк шығыны;

Д - күндер түрiндегi запас нормасы.

Тұтынылатын шикiзат, негiзгi материалдар мен жартылай фабрикаттар номенклатурасы бойынша орташа тәулiктiк шығыны сәйкес тоқсандағы шығын сомасын тоқсанның күндерi санына бөлу арқылы есептеледi.

Запас нормасын анықтау - нормалаудың еңбек сыйымды және маңызды бөлiгi. Запас нормасы материалдардың түрiне ментобына қатысты анықталады.

Егер материалдар мен шикiзаттардың көп түрi тұтынылса, норма ортақ құнда 70-80% алатын негiзгi түр бойынша анықталады [35, 46б. ] .

Күндер түрiндегi запас нормасы транспорттық, даярлау, технологиялық, ағымдағы сақтандырылған қорларға қажет уақыттағы шикiзат материалдар мен жартылай фабрикаттардың жеке түрiмен айқындалады. Бiр күндегi шикiзат, негiзгi материалдар мен жартылай фабрикаттардың запасының ортақ нормасы жоғарыда айтылған запас түрлерiнен қалыптасады.

Кәсіпорынның шикізаты 100% меншігінде болғандықтан, олар бүкіл техникалық параметрлерінде және керамзит өндірісінде бәсекелестікке қабілетті өнім шығарады. Осы факторға байланысты бағасы төмен, басқа аймақтарға өз керамзит зауыттары бар жерлерге де тасмалдайды, осы зауыттар өзіне жақын жерден керамзитті алмай, «Солют» ЖШС-гі өндірген құрылыс материалын алады. Өйткені бағасы өте тиімді болып келеді. Кәсіпорын өнімін тек қана Қазақстан аймағында теміржол көлігі және автокөліктері арқылы тасмалдайды. Көп жылдар бойы серіктес компанияларымен өз ісін жүзеге асыруда, ол келесі (кесте 1) көрсетілген:

Кесте 1

ҚР-ның құрылыс серіктестіктері

Аты
Жеткізу шарты
Тұрғылықты жері
№:

1

2

3

4

5

6

7

8

Аты:

КСМК-1

КСМК-5

Корпорация «Казахмыс»

ЖШС Фаворит

ЖШС СК Атил

ААҚ Құрылысматериалы

ЖШС Испат Кармет

Узеньнефтегазстрой

Жеткізу шарты:

Вагонмен

Вагонмен

Вагонмен

Вагонмен

Автокөлікпен

Вагонмен

Вагонмен

Вагонмен

Тұрғылықты жері:

Алматы

Алматы

Жезқазған

Астана

Талдықорған

Алматы

Қарағанды

Өзен қаласы

Ескерту - «Солют» ЖШС-нің Жарғысы

Мына аймақтарда негізіне керамзит зауыттары болған: Талдықорған (КПД), Алматы (АДК), Астанадағы керамзит зауаттары керамзит түріне және сапасына байланысты бәсекелес бола алмады. Шымкент, Жамбыл облысындағы керамзит зауыттары өнімді сатып алып, оны жоғары бағамен өткізеді.

Өнім шығару кезінде кәспорын өнім сапасына толығымен жауапты, соған байланысты кәсіпорында «Керамзит сапасын бақылау саясатын» жүргізеді бұл саясатқа тек қана бақылау ғана емес, сонымен бірге жаңа технология арқылы өндіру, өнімді толық жетілдіру және сапаны бір қалыпты ұстау кіреді.

Керамзит сапасын жоғарлатуда күнделікті технологиялық жөндеу жұмыстары және модернизациялау, өндіріс жабдықтарының қолдану мерзімін ұзартады және өнім көлемін көбейтеді. Осы жерде мазут майын сақтайтын сыйымдылығы 700 тонна, бағасы 2223 мың тг. тұратын емкость салынды бұл өндірісті үзіліссіз үнемі жалғастырып отыратын процесс болып табылады .

2003 жылы пештің реконструкциясы жасалынды бұл көп қаражатты қажет етті. Керамзит өндірісінде мазут майының сапасы үлкен рөл атқарады, мазут күйдіру процесінде қолданылады, диллерлері мұнай компаниясы ААҚ «Шнос», ЖШС «АНПЗ-Транс» Атырау қаласынан әкелінеді.

Өнімнің бесекеге қабілеттілігін, бағасын, сапасын, өтімділігін зерттейтін арнайы Қарағанды және Астана қалаларынан диллерлер нарыққа түсетін өнімге бақылау жүргізеді. Маркетинг саясатында өзгерген өнімнің сапасын, бағасын белгілейді кәсіпорынға алдын ала ескертулер жасайды.

Кәсіпорында ИСО 9000 сапа стандарты негізінде танысу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бұл жүйені енгізу халықаралық нарықта кәсіпорынды бәсекелестікке қабілеттілігін көрсетеді. ИСО 9000 өнім сапа стандартының бірінші кезеңінің өзінде технологиялық процесті жақсарту, реконструкция жүргізу, өнімнің сапасын бақылауға өзгертулер енгізу арқылы біз бүкіл өнім сапасының жақсаруына және ИСО 9000 сапа стандартына сәйкес келтіруіміз керек дейді кәсіпорын басшысы Бузыкин А. А.

Осылай нормаланатын материалдық ресурстарының ың әр элементiне жеке нормативтер белгiленедi. Одан кейiн барлық жеке нормативтердi қосу жолымен жоспарланатын кезеңдегi материалдық ресурстарының а деген қажеттiлiктi бейнелейтiн жиынтық норматив анықталады.

2 «УЫЗ МАЙ ИНДАСТРИЗ» ЖШС МЫСАЛЫНДАҒЫ МАТЕРИАЛДЫҚ РЕСУРСТАРЫНЫҢ ТАЛДАУ

2. 1Кәсiпорынның экономикалық әлеуетiн талдау

«Уыз Май Industry» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі (әрі қарай Серіктестік) 2009 жылғы 2 қарашада ҚР Әділет министрлігінде тіркелген. Серіктестіктің жалғыз құрылтайшысы Қазақстан Республикасының азаматы - Көпесов Қайрат Қонысбайұлы болып саналады. Серіктестіктің ресми тіркелген заңды мекенжайы - ҚР, ШҚО, Өскемен қаласы, Қазақстан көшесі, 64/1. Нақты мекенжайы - ҚР, Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 17, «Нұрлы Тау» БО, 4б блогы, 505 кеңсе. Зауыттың (өндірістің) орналасу жері - ҚР, Алматы облысы, Көксу ауданы, Теректі ауылы, Е. Исамберлин көш, 51.

Жарғыға сәйкес Серіктестіктің негізгі қызметі:

Ауыл шаруашылық өнімдерін өндіру, қайта өңдеу, сатып алу, сақтау және оларды сату; Акцизделетін тауарларды өндіру мен өткізуден басқа көтерме-бөлшек саудасы; Делдалдық қызмет; Сыртқы экономикалық қызмет; Коммерциялық қызмет; Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамамен рұқсат етілген қызметтің барлық түрлері.

Қазіргі уақытта ауыл шаруашылығының дамуы мен құс шаруашылығы мен мал шаруашылығы үшін қосымша мал азығы өндірісінің дамуына ерекше көңіл бөлініп жатыр. Мұндай ауқымды міндеттің жүзеге асырылуы ҚР нарығында экспандирлі сояның көлемін ұлғайтуға мүмкіндік беретін, өндіріс қуаты 4 т/сағ, сояны өңдеу бойынша контейнерлік зауытты (СӨКЗ) іске қосу, оны сатып алу мен орналастыру жобасында көрініс тапты.

Берілген жобаны іске асыру мақсатында Серіктестік пен Оттенвагер Миллинг Инжениерс Б. В. нидерландтық фирманың арасында 2009 жылы СӨКЗ пайдалануға қосу, сояны жеткізу мен шеф-монтаж жасауға арналған келісімшарт жасалды. Оның алдында күзет бөлмесі (26, 8 м), кеңсе ғимараты (98, 6 м), содан кейін көкөніс қоймасы (ауданы 3480, 20 м) болған ауданы 1, 9493 га жер телімі сатып алынды.

2010 жылы жеке ресурстарының есебінен кеңсе ғимараты толық жөндеуден өтті. Соның ішінде әрлеу жұмыстары, аумақты абаттандыру, сыртқы келбетінің жөндеу жұмыстары. Сонымен қатар көкөніс қоймасының өзінде де жөндеу жұмыстары жүргізілді. Ол өнімді сақтауға арналған қоймалық бөлмесіне қайта жабдықталды, сол жерде СӨКЗ орналасқан. Күзет бөлмесі өлшеу бөлмесіне айналды.

Зауыт ғимараты автомобильды және темір жол магистральдарының бойында орналасқан. Бұл өз кезегінде Серіктестіктің транспорттық шығындарын қысқартуға септігін тигізеді.

Жеке және қарызға алынған қаражаттың есебінен Серіктестікпен СӨКЗ толық жұмыс істеу үшін барлық қажетті қосымша жабдықтар мен дайын өнімді Контрагентке жеткізу үшін арнайы техника сатып алынды.

2010 жылдың мамырында зауыт толық іске қосылды және қазіргі уақытта толық көлемде жұмыс істейді.

Өндірілетін өнімнің сұрыпталымын, сонымен қатар Қазақстанның ішкі нарығы мен оның сыртында өз үлесін көбейту үшін құрылтайшымен соя-бұршақты (соялық шрот пен соя майын бөліп шығару) өңдеу бойынша жаңа жабдықтарды сатып алуға шешім қабылданды. Осыған орай Wuxi COFCO EngineeringTechnology Co. Ltd Қытай компаниясымен тәулігіне 200 т өндіретін соялық бұршақтарды дайындау мен сығып шығаруға арналған өндірістік желіні және тәулігіне 200 т өндірілетін экструдерлі соялық бұршақтарды (соялық шротты өндіру, соя майын бөліп алу) бөліп шығаруға арналған желіні жеткізу мен орнатуға келісімшарт жасалды.

Жобаның стратегиялық артықшылығы іс жүзінде тауарды өткізудің шектелмеген нарығы болып табылады. Өйткені толықмайлы экспандирлі соя мен соялық шротты алу нәтижесімен соя бұршақтарын қайта өңдеу индустриясы тек қана аймақта ғана емес, сонымен қатар елімізде өте нашар дамыған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақта кешенінің бәсекелестікке қабілеттігін арттыру проблемалары
Тамақ өнеркәсібі өндірісін диверсификациялау үрдісін жетілдіру (Оңтүстік Қазақстан облысы мысалында)
«ВКТ Строитель» ЖШС-ндегі жүргізіліп отырған кадрлық саясатының ерекшеліктерін зерттеу және оны жетілдіру бойынша іс-шаралар жүйесінің әзірлемесін ұсыну
Пайдаланылатын шикізат ресурстары
Қазіргі жағдайдағы ауыл шаруашылық өнімдерінің сапасын басқаруды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу
Шетел инвестицияларын экономикаға тиімді тартудың мемлекеттік саясаты
Капитал бюджетін қалыптастыру
Шығыс Қазақстан облысының 2015 жылға дейінгі даму стратегиясы
Меншікті капитал айналымдылығының коэффициенті
Қазақстан экономикасының индустриалды-инновациялық дамуына талдау
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz