Теориялық тұрғыда қалыптасқан әр түрлі, әр бағыттағы ғылыми классикалық концепцияларға мән беріп, олардың өзектілігі мен артықшылықтарын анықтау


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 59 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ . . .

1 АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-РЕТРОСПЕКТИВАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ . . .

  1. Аймақтық экономика ғылымының әлеуметтік-экономикалық даму сипаты . . . 7
  2. Қазіргі кезеңдегі аймақтық басқару ерекшеліктері: әдістері, нысандары және атқаратын қызметі . . . 14
  3. Аймақтық экономиканы мемлекеттік реттеу және оның заңды-құқықтық аясы . . . 1
  1. Аймақтық әлеуметтік-экономика негізі және оның тұрақты дамуын талдау. . .

2. 1 Аймақтық әлеуметтік-экономика маңыздылығы және оның қызметін талдау . . . 29

2. 2 Аймақтық әлеуметтік-экономиканың бәсекеге қабілеттілігін бағалау . . . 39

2. 3 Алматы облысының әлеуметтік-экономикалық даму жағдайына талдау . . . 49

3 қазіргі кездегі Аймақтық әлеуметтік-экономиканың даму басымдылықтары . . . 58

3. 1 Қазақстан Республикасы аймақтарының әлеуметтік-экономикалық әлеуеті және оның қызметін модернизациялау бағыттары . . . 58

3. 2 Аймақтық әлеуметтік-экономиканың тиімділігін қамтамасыз ету жолдары . . . 68

Қорытынды . . . 79

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 81

КІРІСПЕ

Аймақтық дамуды нақты реттеудің бірінші маңызды шарты - төменгі деңгейдің біреуінде де жеткілікті құқы және (немесе) ресурс жоқ болған кезде, федералды өкімет жақтан қолдауына жүгінбей-ақ, сол немесе басқа аумақтық даму мәселесін өз бетінше шешуде ғана қолдану болып табылады. Әрбір нақты жағдайда мемлекет араласуы тек қалаулы ғана емес, керекті, баламасыз екенін дәлелдеу керек.

Қазіргі кезеңде негізгі шаруашылық қызметтің аймақтарда жүзеге асырылатындығын ескерсек, оларға әлеуметтік -экономикалық мәселелерді өздігінен шешуге лайықты қаржылық дербестіктің берілуі маңызды болып табылады [1, 19 б] . Осымен байланысты бүгінгі таңда мемлекеттік басқару деңгейлері арасындағы өкілеттіліктерді ажырату, бюджетаралық қатынастарды реттеу мәселелері еліміз аймақтарының экономикалық өсуіне мүмкіндік беретін негізгі шарттар ретінде қарастырылуда. Осындай маңызды мәселелердің шешімін табуы аймақтық басқаруды дамытумен тікелей байланысты. Осы аталып өткен мәселелер дипломдық жұмыстың тақырыбын таңдауға негіз болды.

Аймақтық жүйе шаруашылық құрылымдарға қарағанда күрделі және инерциялы, ал аймақтық ұдайы өндіріс циклі уақыты бойынша шаруашылықтікімен тіпті салыстыруға келмейді. Аумақтық даму процесі барысының ерекшеліктері жедел нәтижелерге сенуге негізделмейді. Тек аймақтық байланыстардың барлық тізбегі бойынша өзгерістерден өткеннен кейін болуы мүмкін маңызды және оқшауланған өзгерістерден ағымдағы және кездейсоқ өзгерістерді ажырата білу керек.

Әлеуметтік норма - адамдардың жеке мінез-құлқы мен қарым-қатынастарын реттеудің тарихи бекітілген формасы. Қоғам өмірін құндылық тұрғыдан реттеу үшін оларды құқықтық жөне моральдық нормаларға бөлудін маңызы зор. Құқықтық нормалар заң пішімінде кейде мемлекеттік немесе әкімшілік нормативтік актілер түрінде көрініп, тиісті органдар жүзеге асыратын нақты занды нормаларды санкцияларды қолдану жайын мазмұңдайды [2, 22 б] .

Индикаторлар белгілі бір саладағы тенденцияларды анықтайды және түзетуді қажет ететін және/немесе мақсаттар мен іс-шараларды салыстыруға және соларға қол жеткізуге мүмкіндік беретін салалар жөнінде белгі береді. Сонымен қатар, оларды сапаның теоретикалық аспектілерін басқаша түсіндіру үшін де пайдаланады.

2005 жылдан бастап бірыңғай базалық әлеуметтік индикатор - адам денсаулығын сақтау және оның тұрмыс-тіршілігін қамтамасыз ету үшін қажетті ең төменгі тұтынушы кәрзеңкесі құнының негізінде анықталатын ең төмен күнкөріс деңгейі болып табылады. Зейнетақы мөлшерін анықтау, әлеуметтік көмек беру ең төмен күнкөріс деңгейі негізінде жүзеге асырылады.

Қоғам дамуын анықтаушы-аймақтық экономиканы зерттеу нысаны мен пәні , әлемнің көптеген елдерінің экономикалық кеңістігі бір тұтас болғанымен біріңғай емес әртекті. Тұтас аймақ деңгейінде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық проблемаларды қарастыруда аймақтық ілім өте қажетті. Бұл синтетикалық ғылыми бағыт басымдылықты пәнаралық зерттеулерге бере отырып аймақты тұтас жүйе ретінде зерттеуге бағытталады.

Аймақтық экономика жайындағы бітіру жұмысымның басты мақсаты мен міндеті , теориялық тұрғыда қалыптасқан әр түрлі, әр бағыттағы ғылыми классикалық концепцияларға мән беріп, олардың өзектілігі мен артықшылықтарын анықтау болып табылады. Сонымен бірге қазіргі Қазақстан жағдайына үйлестіре отырып, ұлттық экономикамызға тән ерекшеліктеріне баға беріп, өзекті мәселелерді шешу үшін қолданылды.

Аймақтық экономиканың тәжірибедегі маңыздылығы - аймақтарының дамуындағы әр қилы деңгейдегі теңсіздігін, мемлекеттік аймақ саясатындағы басты стратегиялық басымдылықтарындағы бағдарламаға сүйене отырып, жою, ұтымды әрекет жасау, жаңғарту болып табылады.

Тақырыптың зерттеліну деңгейі. Аймақтық теорияның бағыттары ең белгілі, беделді ғылыми мектептер Германия, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ және Францияда қалыптасты. Германияда дәстүрлі ең көп көңіл бөлінген орналастыру теориясы Й. Г. фон Тюннен, В. Лаунхардт, А. Вегер, А. Предель, А. Лещ, Р. Гроц, Х. Зиберт, В. Кристаллер және А. Лещ және б. т. .

Аймақтық теория төңірегінде зерттеудегі жетістіктерге орыс экономистері мен географтары Н. Н. Барановский, Н. Н. Колоссовский, И. А. Витвер және Ю. Г. Саушкин өз үлестерін қосты.

XIX және XX ғасырлардың қазақстандық ағартушы ғалымдары Ш. Уәлиханов, Ә. Бөкейханов, А. Байтұсынов және т. б. ғалымдардың еңбектерінде аймақтық экономикаға жақын концептуалды жетістіктерін атауға болады. Сонымен қатар, аймақтық экономика мәселелерін жетілдіру, маңыздылығы жайында келесі Қазақстандық ғалымдардың еңбектерінде жарияланған: Әубәкіров Я. Ә., Кошанов А. К., Сабден О. С., Кенжегозин М. Б., Е. Б. Жатқанбаев, Р. Е. Елемесов, Кубаев К. Е. С. Б. Байзақов, А. Е. Есентугелов, және т. б.

Қоғам дамуын анықтаушы-аймақтық экономиканы зерттеу нысаны мен пәні , әлемнің көптеген елдерінің экономикалық кеңістігі бір тұтас болғанымен біріңғай емес әртекті. Тұтас аймақ деңгейінде қалыптасқан әлеуметтік-экономикалық проблемаларды қарастыруда аймақтық ілім өте қажетті. Бұл синтетикалық ғылыми бағыт басымдылықты пәнаралық зерттеулерге бере отырып, аймақты тұтас жүйе ретінде зерттеуге бағытталады.

Ғылыми жұмыстың мақсаты мен міндеті . Теориялық тұрғыда қалыптасқан әр түрлі, әр бағыттағы ғылыми классикалық концепцияларға мән беріп, олардың өзектілігі мен артықшылықтарын анықтау болып табылады. Сонымен бірге қазіргі Қазақстан жағдайына үйлестіре отырып, ұлттық экономикамызға тән ерекшеліктеріне баға беріп, аймақтың әлеуметтік-экономикалық өзекті мәселелерін шешу үшін қолданылады.

Зерттеудің теориялық-әдіснамалық негізі Аймақтық экономика тақырыбына жазылған шетелдік және отандық монографиялық еңбектер мен оқулықтар, сондай-ақ оқу құралдары, ғылыми-тәжірибелік конференциялар материалдары, Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Жолдаулары, ҚР Ұлттық Статистика Агентінің статистикалық деректері, бұқаралық ақпарат құралдарының материалдары, мерзімді басылым мақалалары негізін құрайды. Зерттеу жұмысында дәстүрлі салыстыру, статистика-экономикалық талдау және модельдер құру арқылы талдау әдісі қолданылады.

Диплом жұмысының ғылыми жаңалығы келесі нәтижелерден көрініс тапты:

- аймақтық экономиканың әлеуметтік-экономикалық негіздерін, негізгі құрылымдарын, мәнін, мазмұны мен мемлекеттік реттеу жолдары мен орнықты дамуына әсер етуші факторларын соңғы дамыған дәуірдегі өзгерістерге байланысты талданды;

- аймақ ұғымына мән беріліп, аймақтық экономика туралы анықтамаларға талдау жасалды. Аймақтық жүйедегі ерекшеліктеріне яғни аумақтың даму және аймақтың ұдайы өндіріс әлеуетіне көңіл бөлінді;

- елімізде соңғы жылдары аймақтық экономикаға, аймақтарды дамытуға, дәлірек айтсақ, республикадағы әрбір аймақтың экономикалық өсуіне, әлеуметтік жағдайына, қаржы жағдайын тұрақтандыруға, халықтың әл-ауқатын көтеруге, отандық және шетелдік инвестицияларды тарту және оны тиімді пайдалануға, өнеркәсіпті, ауыл шаруашылығын сонымен қатар шағын және орта бизнесті дамытуға көңіл бөлінуде. Ғылыми еңбекте осы мәселелерге айтарлықтай көңіл бөлініп, нақты талдаулар жасалды.

Диплом жұмысының тәжірибелік маңызы. Аймақтық экономиканың дамуындағы әр қилы деңгейдегі теңсіздігін, мемлекеттің аймақ саясатындағы басты стратегиялық басымдылықтарындағы түрлі бағдарламаға сүйене отырып, жою, ұтымды әрекет жасау, жаңғарту болып табылады.

Диплом жұмысымның құрылымы үш бөлімнен тұрады. кіріспеден, үш тараудан, тұжырымдардан, қолданылған әдебиеттер тізімі, суреттер, кестелерден тұрады.

1 АЙМАҚТЫҚ ЭКОНОМИКАНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ҒЫЛЫМИ-РЕТРОСПЕКТИВАЛЫҚ ТЕОРИЯСЫ

1. 1 Аймақтық экономика ғылымының әлеуметтік-экономикалық даму сипаты

Аймақтық ілімнің басталуы сонау антикалық ойшылдарды еңбектерінде, кейіннен біздің заманымызда социал-утопистер, XVII-XVIII ғасырлардың аралығындағы экономикалық теорияның құрылымында жиі кездесіп, аумақтың ретіндегі байланыстарын әржақты қарастырады. Аймақтық экономика көптеген теориялық ілімдермен үйлесіп экономикалық ілімдер жүйесінде орнықты орнын тапты. Айталық, оның эволюциясын және қазіргі құрылымдық теориясын түсіну үшін жалпы экономикалық теорияның, теоретикалық географияны және де басқа тән аралық теориялардың әсерін талдап, бағалау қажет. Сонымен, аймақтық теорияны негізін қалаушылар, батыс елдерінде жарияланған алғашқы көзқарастарына көңіл бөлейік. Аймақтық теорияның бағыттары әр елде әр түрлі басымдылыққа ие болады. Ең белгілі, беделді ғылыми мектептер Германия, Швеция, Ұлыбритания, АҚШ және Францияда қалыптасты. Германияда дәстүрлі ең көп көңіл бөлінген орналастыру теориясы (Й. Г. фон Тюннен, В. Лаунхардт, А. Вегер, А. Предель, А. Лещ, Р. Гроц және басқалар) ; аймақтық өсу проблемасын зерттеген (Х. Зиберт) және аумақтық дамуды зерттеу (В. Кристаллер және А. Лещ) көбінесе тек басқа ұлттық мектептердің өкілдерінің идеясын дамытып, жалғастырады [3, 61 б] .

XX ғасырдың бірінші жартысында орналастыру теориясымен қарқынды шұғылданылды, Швецияда смокгомдық мектеп экономикалық ілімнің ішінде 1920-1930-шы жылдары ең әйгілі, танымалы Т. Палландар еңбегі атанды. Кейіннен Г. Мюрдаль аймақтық өсу базалық үлгісінің бірін құрды. Швед ғалым-аймақшылардың арасынан және де Т. Хэгерстрандты атауға болады, оның орны орналастыру ретіндегі даму теориясында да, сонымен және аумақтық дамуды реттеуде де ерекше мәнге ие.

Британдық мектеп аймақтық теорияны барлық бағытындағы зерттеулермен ерекшеленеді. (Д. Смит, Х. Ричардсон, С. Деннисон, Э. Робинсон, Г. Камерон және бірнеше басқа ғалымдар) . Мұнда бұлар американдық мектеппен ұқсас. (орналастыру теориясына басымды үлестерін қосқан: Х. Хотеллинг, Р. Верном, М. Сторпер, Р. Уолкер, аймақтық өсу теориясына - Дж. Фридман, Э. Таафе, аумақтық дамудың мемлекеттік реттеу теориясын - Э. Гувер болып табылады. ) Дегенмен, англо-саксондық аймақтық проблемаларды зерттеуде Германия классикалық орналастыру теориясының деңгейінде толықтырып қалыптастыра алмады [4, 33б. ] .

Француз экономистері және экономгеографтары барлық уақытта әлеуметтік сұрақтарға жоғарғы талпыныстық қызығушылықпен қарады, аймақтық теориясында олардың урбанистикамен байланысты - «өсу полюстары» және «даму осі» (Ф. Перру, Ж-Р. Будвиль, П: Потье) концепциялары ғылыми даму бағытында ең көп үлестерін қосты.

Аймақтық теория төңірегінде зерттеудегі жетістіктерге орыс экономистері мен географтары да ерісті. Ең басты ерекшеліктері университеттік жергілікті райондық мектептердің экономикалық және әлеуметтік географтардың өкілдерінің еңбектері болып табылады. Оның нығаюына қосқан ауқымды үлестері бар. Н. Н. Барановский, Н. Н. Колоссовский, И. А. Витвер және Ю. Г. Саушкин [5, 56б. ] .

Ал, Шығыс елдеріндегі әлеуметтік-экономикалық сараптаудың өзгешелігі бар. Қазақстан аймағында экономика ілімі қалыптаспағанымен, тарихи-экономикалық ілімге және алғашқы институционалистерге сәйкес ғылыми-шығармашылық еңбектерді кездестіруге болады. Ғұлама философ әл-Фарабиден бастап, XIX және XX ғасырлардың ағартушы ғалымдары Ш. Уәлиханов, Ә. Бөкейханов, А. Байтұсынов және т. б. ғалымдардың еңбектерінде аймақтық экономикаға жақын концептуалды жетістіктерін атауға болады.

Қазақ қоғамының дамуының объективті шарттары өмірдің көшіп-қону салтымен және кең дала кеңістігін пайдаланудағы мал шаруашылығымен айналысатын экстенсивтілігімен айқындалады. Мысалы Ш. Уәлиханов жайлау аумағының кесілуіне байланысты (Ресей саясаты) жерді пайдалану жүйесін қайта құру міндетін алға қойды. Оның кеңесі «Аз жердің кеңістігінен көп пайда алуға болатындығын» - айтады. Сонымен, аймақтық экономика және географияның қиылсқан жері ретінде қарастырады «дұрысы: физикалық география және қоғамдық ілім бөлігі) . Яғни, қорыта келсек жеке ғалым тұлғаларының еңбектерінде қазақтың аймақтық теория ретінде талдап аталып өткеніне куә болып отырмыз.

Ал, енді қайта батыс елдерінің аймақтық теория концепцияларын қарастырайық. Жоғарыда аталған аймақшылардың басым бөлігі орналастыру теориясына тоқталады. Барлық орналастыру теориясы статикалыққа және динамикалыққа бөлінеді. Статикалық теория XIX-шы ғасырдың бірінші жартысында, динамикалық жобамен бір ғасыр аралығында XX-шы ғасырдың басында пайда болды. Алғашқы орналастыру теориясы, қазір классикалық штандартты теория деп санайды, И. Г. фон Тюнен, В. Лаунхарт және А. Вегер аттарымен байланысты. Бұл теорияның негізгі ерекшеліктері:

  • ауыл шаруашылығындағы немесе өнеркәсіптік кәсіпорынды жеке бөлек алумен қарастырады.
  • Кәсіпорын құрылысының үйлесімді, орнықты орны жайында өндіріс факторларының барлық көрсеткіштерін жинау, біріктіру және нақты жауабын алудағы алдын ала мүмкіндігі (өндірісті орналастыру)

И. Г. фон Тюнен өндіріс тауарларын орналастырудың объективті заңдылықтарының барлығын көрсеткен алғашқылардың бірі болып саналады (оның бірінші еңбегі 1826 жылы жарық көрді) . Тюнен ауылшаруашылық өнімдерін өткізу және өндірістік тауарды жеткізу нарығына арналған орналастыру моделін, мамандандыру және қалаға дейінгі аралыққа байланысты ауыл шаруасын жүргізу тәсілдерін таңдауды ұсынды. Тюнен моделінде орналастыру негізгі факторы ретінде транспорттық шығындар енеді [6, 95б. ] .

Өнеркәсіп кәсіпорынды қарастырушы В. Лаунхартта транспортты факторды шешуші деп санады. Оларды орналастыру үшін орынды дұрыс таңдау, шикізатты, көмекші материалдарды және даяр өнімдерді жеткізудегі транспортты шығындарды минимизациялауды негіздеді.

А. Вебер өнеркәсіптік орналастыру теориясының тұтастығын алғашқы қарастырушы болып саналады. (XX ғ. Басында пайда болды) Үйлесімді орналастыру негізгі критериясын Вебер теориясының сәйкес өндіру мен өткізу шығындарының қосындысын минимизациялау болып табылады. Бұл жағдайда да транспорттың және еңбек шығындары, шикізат, энергия шығындары және де агломерация факторы есепке алынады.

Классикалық стандартты теория 1920-шы жылдары А. Предел және Е. Паландера тарапынан сынға ұшырады. А. Предел орналастырудың көптеген ең ұтымды орындарын көрсетті, яғни локализациялау орнының үйлесімділігін математикалық анықтау мүмкіндігін терістеді. Паландер арнаулы (әр түрлі саладағы кәсіпорындар үшін) және жалпы штандартты теорияларды ұсынды. Одан алдындағылардың қарастырған орналастыру факторларынан басқа, ол сұраныстағы әр түрлі аумақтарға, ресурстарға баға дифференциясы және де кәсіпорынның орналастыру орнына байланысты альтернативті технологияларды пайдалану мүмкіншілігіне ерекше көңіл бөлді. Предел және Паландер еңбектерді орналастыру теориясының дамуындағы жаңа кезеңге өтуін көрсетті.

Берілген штандарттық теория дамуы кәсіпорынды орналастыру орнын таңдауда есепке алынатын факторлардың көп саны қарастырылды. А. Лещ салық жүйесін, мемлекеттік шекараны, техникалық прогресті есепке алу қажеттілігін айтты, Д. Смит: - қоршаған ортаны күзету проблемаларын, Б. Зимин: - орналастыру инерция факторын (жаңа орналастыруға ескі қуаттылық орнының әсері) қарастырды [7, 25б. ] .

Динамикалық орналастыру теориясы жоғарыда айтылғандай XX ғасырдың бірінші жартысында пайда болды. Біріншісі, өте қарапайым ескі динамикалық концепциясы деп атауға болатын Х. Хотеллинг моделі, өндірушілердің өзара бәсекелесуіндегі екі кәсіпорынның үйлесімді орналасуы 1920-шы жылдың соңындағы еңбектерінде орын алған. Статикалықтан ерекшелігі динамикалық теория шеңберінде бірзаводты компаниялар емес, көбінесе көпзаводтылықты қарастырады. Динамикалық орналастыру теориясын Р. Вернон өнімдік-өндіріс цикл концепциясын санауға болады (1960 жылдары пайда болды) дегенмен, әрине ол аймақтық теория шеңберінен тыс алыста жатыр. Р. Вернон негізі болып табылатын тезисі - кез-келген өнім шектеулі өмірлік циклы бар, оны өндіру процесіндегі оның ағымындағы өзгеріс сипаты, сонымен қоса және оны орналастыру үйлесімділігіндегі өзгерісі көрінеді. Жаңа өнімнің өмірлік циклы бірнеше сатыны қамтиды - өңдеу, меңгеру, жетілуі, стандарттанылуы және орналастыру негізгі факторлар қатынасына байланысты айрықша өзгешеленеді [8, 68б. ] .

Қазіргі динамикалық теория салыстырмалы көп санды емес, олардың зерттеуі онша таныс емес зерттеушілердің аттарымен байланысты. Динамикалық концепция шеңберінде өнеркәсіптік фирмалар аумақтық даму сатыларында бөлінеді, компаниялардың әрбіреуі өз іс-әрекетінде орналастыру критерияларын басшылыққа алады. Осымен, Сторпер және Уолкер сондай төрт кезеңге бөледі. Бірінші - «локализация» (таратпаушылық) - жаңа аумақтарға жаңа өнеркәсіптік фирмалармен кәсіпорындарды орналастыру. Екінші - «селективті субурбанизация» (қалалану маңайында өзгерту арқылы асылдандыру) - бастан таңдалған аумақта фирманың нарықтық позициясын нығайту шамасына байланысты олардың қуаттылығы өсе береді. Үшінші - «дисперсия» (бытырау, шашылу) - өнеркәсіптік фирмалардың қозғалуы кейіннен периферия (орталық орыннан алшақтау) . Сонымен, төртінші - «орналастыруда орталық ауырлығының ауыстырылуы» - өнеркәсіптік құрылымды жаңарту әсерімен өндірісті тасымалдау, мысалы технологиялық жаңалықты енгізу, сұраныс құрылымының өзгеруінен, ескі салалар және өндіріс эволюциясы негізінде. Фирмалар - жаңғырту процестерін алып жүрушілер - алдында пайда болған ірі өнеркәсіптік орталықтан тыс жерлерге жиі орналасады, процесс «локализация» сатысына алып келеді.

Тікелей шетел инвестицияларына қолданбалы А. Кузнецов инвестицияны қабылдаушы, елдің аумағы бойынша әр түрлі мемлекеттерден кәсіпорын фирмалардың таралуының екі негізгі типі бар. Бірінші, ұзақ қашықтықтағы елдердің компанияларына тән, өз іс-әрекетін елдің ірі экономикалық орталықтарынан бастап, кейіннен жақын жатқан қалаларға таралады, немесе елдің басқа райондарында иерархиялық деңгейі төмен орталықтарында. Екінші - жақын арадағы фирмалар үшін, алғашқы ашылып жатқан ірі кәсіпорындар ірі қалаларда ғана емес, сонымен бірге географиялық және мәдени-тарихи жақындығы салдарынан кішігірім орталықтарда да ашылып жатады [9, 45б. ] .

Қаншалықты дегенмен тұтас динамикалық орналастыру теориясы қазіргі уақытта өкінішке орай қалыптаса қойған жоқ. Келесі кезек аймақтық экономиканың негізгі өзекті мәселелерінің бірі аймақтық өсу теориясы болып табылады. Алдымен жеке аймақтың өсу теориясын талдаудан бұрын, осыған байланысты екі сұрақты қарастыру қажет. Бірінші - «өсу» және «даму» категорияларының қатынасы, екінші - аймақтардың шекарасын анықтау, онда қолдануға болатын өсу проблемаларын қарастырады. Өсу мен дамудың ара қатынасына не тиесілі болып табылады, жай өсу емес. Сонымен, П. Самульсон жазғандай тек өндірістің жай сандық өсуіне ғана талпынуына болмайды (халықтың адам басына есептеуде болсын [10, 61 б] . Сонымен бірге барлық қоғамның әлеуметтік-экономикалық құрылымының ішкі дамуы да қажетті. Кейіннен көптеген шетел және отандық авторлардың ескерткеніндей, қадағалаусыз сандық өсу барлық адамзат тіршілігіне қауіп төндіруі мүмкін, солай болғандықтан ол экологиялық, энергетикалық шикізат және де басқа жаһандық проблемаларды туғызады. Осы қиыншылыққа қарамастан, аймақтық теория шеңберінде және аймақтық саясат шараларын тәжірибе болсын, сөз жайында емес, көбірек экономикалық өсу туралы айтылады. Біріншіден, экономикалық өсу дамудан өзгешілігі сандық бағалауға келеді және сондықтан да оны көбірек зерттеулерде және тәжірибеге қолдануға әлдеқайда ыңғайлы. Екіншіден, бір елдің төңірегінде, ереже бойынша даму емес, экономикалық өсу қарқыныда аймақтық диспропорциялар жайында айтылуы әділеттілеу. Тағы бір айта кететін жайт, бірқатар зерттеушілер өсуді даму деп түсінеді. Бұл айрықша Француз экономикалық мектебіен тән. Олар өсуді, қоғам құрылымын трансформациялау ретінде анықталады [11, 25б. ] .

Аймақтық өсу теориялары дамушы батыс елдерінде мемлекеттің тәжірибесіндегі іс-әрекетпен тығыз байланысты болды және бар статистикалық көрсеткіштерге сүйенеді.

Аймақтық өсу теориясын екі топқа бөлуге болады: - неокейнсиандық, инстиционалды және эконом-географиялық модельдердің синтезі болып табылатын, өндірістік функциясында және кумулятивті өсу теориясында негізделген неоклассикалық теория (анығы бірінші кумулятивті өсу моделін институционалистер ұсынды, эконом-географтар басты болып дамытты, ал оларға неокейнсиандықтар аймақтық саясат шарасын тәжірибеде іске асыруда сүйенеді. )

Неоклассикалық мектепке тиісті, алғашқы аймақтық қарқынды өсуде зерттеу айырмашылығы мұнда жалпы ұлттық экономикалық өсуді түсіндіру үшін және пайдаланылатын теорияға негізделген. Алғашқы аталған қағиданы қолданған Дж. Бортс. Мұндай амал 1960 жылдың ортасына дейін билік етті, бірақ ол қазіргі уақытта да пайдаланылады. Негізгі сүйеніші мұнда экономикалық жүйенің өндірістік потенциалын көтеруші факторларды айтады. Осы тәсілге сәйкес аймақтық өсу көрсеткіштері табиғи ресурстардың сапасы немесе санына, еңбек ресурстарының квалификациясымен жалпы санына, капитал қорымен технология деңгейінде анықталады. Әрі, аймақтардың экономикалық даму деңгейін теңестіруге алып келетін өндіріс факторларына оның тұсындағы мобилділігі бағаның жақындауы болжанады [12, 58б. ] .

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Аймақтық өсу теориялары
Білім беру экономиканың бәсекеге қабілеттілік факторы ретінде
Әдеби шығармашылық және әдебиет теориясының методологиясы. Қазіргі әдебиеттану теориясындағы ғылыми ағымдар. Қазақ әдебиеттану ғылымындағы эстетика мен теория мәселелері
ДІНТАНУ ПӘНІН ОҚЫТУ МЕН ЗЕРТТЕУДІҢ ӘДІСТЕРІ
Тарихи-педагогикалық білім беруді жетілдіру
Қазіргі дағдарыстан кейінгі даму кезеңіндегі ұзақ мерзімді тұрақты дамуды қамтамасыз ету мақсатында еңбек өнімділігін арттырудың негізгі бағыттары мен жолдары
ХХ ғ тіл біліміндегі лингвистикалық мектептер мен бағыттар
Құқық философиясы пәнi
XIX ғасыр тіл білімінде қолданылған әдістер
ФИЛОСОФИЯ. МЕТОДОЛОГИЯ. ҒЫЛЫМ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz