Жүгері дақылының морфологиялық, биологиялық сипаттамасы



Кіріспе
2.1 Жүгері дақылының морфологиялық, биологиялық сипаттамасы
2.2 Жүгері дақылының өсіру технологиясы
2.3 Жүгері дақылында кездесетін негізгі аурулары
2.4 Жүгері дақылының зиянкестері
III. Қорғау шаралары
3.1 Аурулардан қорғау шаралары
3.2 Зиянкестерден қорғау шаралары
IV. ҚОРЫТЫНДЫ
Қызылорда облысы Сырдарияның сол жақ жағалауында – Жаңадария мен Қуаңдария өзендірінің құрғақ арналары кесіп өтетітн Қызылқұм топырағының төбелері мен кең жазықтығы, оң жақ жағалауында үстірттері (Егізқара, 288 м.), құм учаскелері (Арысқұм және өзгелері), сорға толы таяз шұңқырлар кездеседі. Солтүстігінде – құм төбелері массивтері (Кішкентай Барсұқ және Қарақұм топырағы) бар. Оңтүстік-шығыс бөлігінде Қызылорда облысының аумағына Қаратау тауының жоталары кіреді (биіктігі 1419 м-ге дейін).
Облыс аумағының негізгі бөлігі Тұран ойпатында, шығысында Қаратау тауының жоталары, солтүстік-батысында Арал маңы Қарақұмы, оңтүстік-батысында Қызылқұм орналасқан. Қызылорда облысының климаты жазы ұзақ мерзімді ыстық және қары аз қысқа мерзімді суық, күрт өзгермелі континентті. Мұндай климаттық режим еуроазиялық материгінің ішінде орналысуымен, оңтүстік аймаққа жақындығымен, атмосфераның ауысымдылығының ерекшелігімен және өзге де факторлармен сипатталады. Климаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық элементтердің тәуліктік, айлық және жылдық өзгеруімен байқалады.
Жазы ыстық және ұзақ мерзімді. Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды. Кейбір жерлерде шілде айының орташа температурасы 36-39 0С. Облыс аумағының басым бөлігінде температураның абсолютты максимумы 44-48 0С құрайды.
Қыс мезгілінде облыстың солтүстік және оңтүстік аймақтарынының арасында температурада айтарлықтай айырмашылықтары бар. Мысалы, ең салқын ай-қаңтардағы орташа температура 35-36 0С құрайды. Солтүстікке ашықтылық қасиеті облыс аумағына кедергісіз салқын ауа массасыынң енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды. Ауа температурасының абсолютты минимумы 420С дейін жетеді.
1. Google.kz e-kyzylorda.gov.kz › Басты бет › Табиғат‎
2. Қ. К. Әрінов, Қ. М. Мұсынов, А. Қ. Апушев, Н. А. Серекпаев, Н. А. Шестакова, С. С. Арыстанқұлов « Өсімдік шаруашылығы ». Алматы 2011. 346-360 бет
3. Карбозова Р.Д.Фитопатология. Алматы,2002 (1;4;5 – лекция).
4. Тілменбаев, Ә.Т. Жармұхамедова Г.Ә. Энтомология. Алматы «Кайнар» 1994жыл (1 – лекция; 3 - тәжірибелік сабақ.).
5. Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлiгiнің Агрокешендегі инспекция комитетінің Төрағасы 2022 жылғы 27 желтоқсандағы № 143 бұйрықтың қосымша «Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген пестицидтердiң, 2013–2022 жж. ТIЗIМI»

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қызылорда облысы Сырдарияның сол жақ жағалауында - Жаңадария мен Қуаңдария өзендірінің құрғақ арналары кесіп өтетітн Қызылқұм топырағының төбелері мен кең жазықтығы, оң жақ жағалауында үстірттері (Егізқара, 288 м.), құм учаскелері (Арысқұм және өзгелері), сорға толы таяз шұңқырлар кездеседі. Солтүстігінде - құм төбелері массивтері (Кішкентай Барсұқ және Қарақұм топырағы) бар. Оңтүстік-шығыс бөлігінде Қызылорда облысының аумағына Қаратау тауының жоталары кіреді (биіктігі 1419 м-ге дейін).
Облыс аумағының негізгі бөлігі Тұран ойпатында, шығысында Қаратау тауының жоталары, солтүстік-батысында Арал маңы Қарақұмы, оңтүстік-батысында Қызылқұм орналасқан. Қызылорда облысының климаты жазы ұзақ мерзімді ыстық және қары аз қысқа мерзімді суық, күрт өзгермелі континентті. Мұндай климаттық режим еуроазиялық материгінің ішінде орналысуымен, оңтүстік аймаққа жақындығымен, атмосфераның ауысымдылығының ерекшелігімен және өзге де факторлармен сипатталады. Климаттың континенталдығы көптеген метеорологиялық элементтердің тәуліктік, айлық және жылдық өзгеруімен байқалады.
Жазы ыстық және ұзақ мерзімді. Бұл кезеңде температурадағы күрт өзгеру сипаты байқалмайды. Кейбір жерлерде шілде айының орташа температурасы 36-39 0С. Облыс аумағының басым бөлігінде температураның абсолютты максимумы 44-48 0С құрайды.
Қыс мезгілінде облыстың солтүстік және оңтүстік аймақтарынының арасында температурада айтарлықтай айырмашылықтары бар. Мысалы, ең салқын ай-қаңтардағы орташа температура 35-36 0С құрайды. Солтүстікке ашықтылық қасиеті облыс аумағына кедергісіз салқын ауа массасыынң енуіне мүмкіндік береді және нәтижесінде қыс айларында күрт салқындайды. Ауа температурасының абсолютты минимумы 420С дейін жетеді.
Құрғақшылық - облыс климатының ерекшелектерінің бірі. Жауын-шашын өте аз жауады. Орташа жылдық мөлшері 100-190 мм аспайды және жыл маусымдарында оның түсімі біркелкі емес: барлық жауын-шашынның 60 пайызы көктемгі-қысқы кезеңдерге тиесілі. Облыс аумағының барлық бөлігінде солтүстік-шығыс бағытындағы күшті және жиі желдер болып тұрады. Оның орташа жылдық жылдамдығы секундына 3,1 метрден 6 метрге дейін ауытқып отырады. Қыс мезгілдеріндегі күшті желдер төменгі температура жағдайында жер бедерлерінің биік беткейлеріндегі қар жамылғыларын ұшырып кетеді, нәтижесінде топырақтың беткі қабаттарының терең қатуына және жарылуына әкеліп соғады. Жазғы уақытта шаңды дауылдар байқалады[1].


2.1 Жүгері дақылының морфологиялық, биологиялық сипаттамасы
Жүгері (Zea mays L.), қоңырбастар тұқымдасына (Роасеае L.) жатады, бірақ морфологиялык белгілері мен биологиялық қасиеттері бойынша осы тұқымдастың басқа дақылдарынан көп айырмашылықтары бар. Оның жалғыз мәдени түрі белгілі, жабайы түрлері табылған жоқ.
Жүгерінің сабағы мықты, іші өзекшемен толтырылған, орташа биіктігі 2-2,5 м, буынаралықтар саны 8-25 дейін. Жапырақтары - таспалы, ірі, шет жақтары кірпікті, тақтасының үстіңгі жағы түкті. Тілшесі қысқа, мөлдір, құлақшасы жоқ. Жүгері - екі ұялы, бірақ даражынысты өсімдік. Аталық гүл шоғыры - шашақгүл (сіпсебас) сабақтың басында орналасады, ал аналық гүл шоғыры - собық (сұлтан) жапырақ қолтығында жайғасқан. Бір өсімдікте бір-екі, кейде үш собық қалыптасады. Оның орташа массасы 250-300 г. Собық өзектен тұрады. Оның ұяшықтарында тік қатарда жұптасып аналық гүлдерімен (200-800) масақшалар орналасқан. Тұқымның қатарлары жұп, көбіне олар - 10-12. Собық бірнеше қабатты түрі өзгерген жапырақпен жабылып тұрады. Гүлдену кезеңінде түйін бағаншалары жапырақ орамынан сыртқа шығып, буда түрінде салбырап тұрады. Жүгерінің дәні көпшілік түр тармақтарында ірі, 1000 санының массасы 250-300 г. Дән пішіні сортқа, қатарлардың орналасу тығыздығына байланысты, түсі - ақ, сары, қызыл және басқа да реңді болады.
Жүгері дәнінің құрамында 9-12% ақуыз, 65-70% азотсыз экстракты заттар (АЭЗ), 4-6% май, 1,8-2,2% клетчатка, 1,2-1,5% күлді заттар, 12-14% су болады. АЭЗ құрамына 90% крахмал, 10% тростник қанты кіреді. Крахмал эндоспермде, қант ұрықта шоғырланады, дәннің майлылығы 6,5%, ал ұрықтың майлылығы 40%-ға дейін жетеді. Ұнның сапасын көтеру үшін, тартар алдында бөлініп алынған дәннің ұрығынан тағамдық және дәрілік май өндіріледі.
Дән құрамында ақуыз, көмірсулар, майлар, күлді заттардан басқа ферменттер мен витаминдер бар. Ферменттер тұқымдағы қоректік заттар қорын өніп келе жатқан ұрыққа сіңімді жағдайға дейін ыдыратады. Негізгі ферменттер: диастаз көмірсуларды ыдырататын (крахмалды қантқа дейін), липаза, майларды ыдырататын, ақуыз заттарды өзгертетін-протеолетикалық ферменттер, тотықтырушы ферменттер-пероксидаза. Жүгері дәнінде В витаминінің кешені (В1, В2, РР, В6) және А провитамині.
Жүгері біздің елімізде сүрлемдік дақыл ретінде бірінші орында. Оның сүттену-балауыздану мен балауызданып пісу кезеңінде жеке собықтарынан, немесе собықтарын жапырақтары және сабақтарымен қосып сүрлем дайындайды. Жүгері сүрлемінің жемдік қасиеті өте жоғары. Сүрлемнің ақуыздық тепе-теңділігін арттыру үшін оған бұршақты шөптерді немесе жембұршақты қосқан дұрыс. Жүгерінің құрғаған жапырақтары мен сабағын малға азық ретінде туралған күйінде, әсіресе шырынды жемдермен араластырып та пайдаланады. Ал жүгерінің жасыл жапырақтары мен сабақтары өңдемей-ақ тамаша мал азығы[2].

2.2 Жүгері дақылының өсіру технологиясы
Жүгеріні арамшөптерден таза, құнарлы топырақты танаптарға сепкенде, агротехникалық шараларды толығынан, талаптарға сай өткізген жағдайда қант қызылшасынан басқа барлық алғы дақылдардан кейін жоғары өнім береді. Заманауи агротехниканы қолданғанда жүгеріні бір танапқа көптеген жыл қайталап себуге болады. Жүгерінің жақсы алғы дақылдары - сүрі танабы, күздік бидай мен күздік қарабидай, жаздық бидай, арпа, дәндібұршақ дақылдары және отамалылар. Ылғал жеткілікті жағдайда жүгері көпжылдық шөптердің қыртысы мен оның аударымына да өсіріледі. Жауын-шашыны аз аймақтарда оны топырақты қатты құрғатып жіберетін күнбағыс және қант қызылшасынан кейін орналастыруға болмайды.
Жүгерінің өзі де жаздық және күздік дақылдар үшін жақсы алғы дақыл. Сүрі жер танабының дақылы болып сүрлем мен көк балаусаға себілген жүгері, келесі күздік бидайдың жоғары өнім беруін қамтамасыз етеді.

1-сурет. Жүгері дақылы.
Топырақ өңдеу. Жүгері тамыры топырақтың борпас болуын және терең жыртылуын қалайды. Сондықтан оны себуге арналған жер, күз айларында алғы дақылдар орып алынғаннан кейін ЛДГ-10, ЛДТ-15 сыдыра жыртқыштарымен немесе БД-10, БДТ-7 тырмаларымен 7-8см-ге қопсытылады, сонан кейін 25-27см-ге, ал механикалық құрамы ауыр сазды, батпақты жерлер 27-30см тереңдікке жыртылады.
Жүгеріні жаңа ресурс үнемдегіш әдістермен, гербицидтерді тиімді қолданып өсіргенде, барлық аймақтарда да қатараралықты өңдеудің қысқартылуына байланысты, арамшөптерді тегіс құрту, топырақ ылғалын мол сақтау, негізгі жыртудың сапасымен тығыз байланысты.
Оңтүстік аудандарда суармалы жоңышқадан кейін сепкенде, өсімдік қалдықтарының минералдану бәсеңдету мақсатында жер өңдеу оларды жерге терең сіңіруге бағытталуы тиіс. Ол үшін қыркүйек айының басында жоңышқа пішенге орылып алынғаннан кейін оның тамырының мойнын қырқып кептіру үшін жер ЛДГ-10, ЛДГ-15 сыдыра жыртқыштарымен немесе КПГ-350 сыдыра қопсытқышпен өңделеді. Осы өңдеуден 10-15 күннен кейін, тамыр мойындары кепкен кезеңде танапқа жыртар алды су беріледі де топырақ түренді соқалармен 30-35см-ге жыртылады. Келесі жылдары өңдеу тереңдігі 25-27см-ге, ал механикалық құрамы жеңіл топырақтарда 20-25см-ге дейін азайтылады.
Отамалы дақылдардан кейінгі және арамшөптерден таза танаптарды алдын ала сыдыра өңдеусіз-ақ сүдігерге жыртады. Жел эрозиясы қаупі бар аймақтарда КПГ-250, КПС-2-150 жазық тілгішті қопсытқыштарды пайдаланып топырақты терең қопсытады. Ылғал жеткілікті аймақтарда топырақты жартылай сүрі жер типінде өңдейді.
Топырақты көктемгі өңдеу ылғал сақтауға, ұсақ түйіртпекті борпас топырақ қабатын қалыптастыруға бағытталуы керек. Ол ерте көктемгі тырмалау, 2-3 қопсытумен бірге қосымша тырмалаудан тұрады. Бірінші қопсыту, ерте мерзімде арамшөптер шыққаннан соң 10-14 тереңдікке, ал тұқым себу алдындағы қопсыту тұқым себу тереңдігіне жүргізіледі. Гербицид енгізілген егістікте, көктем ылғалды болғанда тегістеу жүргізілмес бұрын, БП-8 тырмасымен немесе УСМК-5, КПС-4, КПГ-4 қопсытқыштарымен қопсытылады[2].



2.3 Жүгері дақылында кездесетін негізгі аурулары
Жүгері дақылында көп кездесетін қара күйе аурулары болып табылады. Оның ішінде көпіршік қара күйесі және тозаңды қара күйесі аурулары.
Қара күйе ауруларының қоздырғыштары астық тұқымдастарына жататын барлық мәдени және жабай өсімдіктерді залалдайды. Осы қоздырғыштар Basidiomycetes класы, Ustilaginales қатары, Tilletiaecae және Ustilaginaceae тұқымдастарының облигатты паразиттері. Қара күйе ауруларын қоздыратын саңырауқұлақтар белгілі өсімдіктерге бейімделіп, жіпшумақтары мүшелер мен ұлпаларда дамып, диффузды таралады. Қоздырғыштары көбінесе астық дақылдарының дәнін, кейде жапырағын, сабағын, гүлін, гүл шоғырын және т.б. залалдап, аталған мүшелерде қара күйелі қапшықтар немесе түйіршіктер, ісіктер мен бұлтықтар, жолақтар сияқты белгілер түзіледі.
Қара күйе ауруларының телиоспоралары саңырауқұлақтың тынышталған кезеңі болып табылып тұқымда, өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталады. Кейбір қара күйе түрлері жіпше түрінде дән ішінде қыстайды. Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ тек бір ұрпақ беріп, инфекциялық үрдіс әрқашан телиоспора түзілумен аяқталады. Телиоспоралар базидия мен базидиоспороларға өніп, соңғысы жұптасып қосылып, өсімдікті залалдайтын инфекциялық жіпше түзеді.
Астық дақылдарының қара күйе аурулары егін өнімінің төмендеуіне едәуір ықпалын тигізеді. Мысалы, ауру 0,5-1% дамығанда, өнім 6-12%, ал ауру жаппай дамығанда өнім шығыны 30-40% кемиді.
Жүгерінің көпіршік қара күйесі. Ауру республиканың оңтүстік, оңтүстік-шығыс бөлігінде кездеседі. Бұл кесел өсімдіктің жер үсті бөліктерін барлық өсу кезеңдерінде залалдайды. Ауруға шалдыққан бөліктерде ақшыл дақтар пайда болып, олар өсе келе көлемі мен пішіні әртүрлі бұлтықтар түзеді. Бұлтықтардың іші алғаш ақшыл, кейін қызғылт немесе сұрғылт түсті болып, етті бөлігі қарайып, зәйтүн-қара түсті тозаңды телиоспора массасына айналады (2-сурет).

2-сурет. Жүгерінің көпіршік қара күйесі

Жүгерінің тозаңды қара күйесі-өсімдіктің шашағы мен собығы залалданып, қара спора массасына айналады да қабықтармен қапталады. Жүгерінің сұлтаны қара күйе телиоспора массасына айналып, кейде басқа жеке гүлдері де залалданады. Ауруға шалдыққан өсімдіктердің өсуі саябырлап, жапырақтары шамадан тыс үлкейіп өседі. Споралар шамалы ылғалдылық пен 25-30ºС температурада өне бастайды.
Собықтың ақ жарығы - сүттену кезеңінің соңы мен балауызданып қата бастағанда дәндерде жарық пайда болып, ішкі бөлігі эндосперм көрінеді. Кейде сыртқы көрінісі бүтін болғанымен тұқым қабықшасының жарылғанын байқауға болады. Жүгерінің дән түзу кезеңінде ылғалдың бірқалыпты берілмеуі аурудың негізгі себебі болып табылады. Сондықтан жоғарғы агротехниканы сақтап, уақытылы суару керек.
Фузариоз - ауру қоздырғышы Fusarium туысының саңырауқұлақтары. Паразиттің микроконидиялары түссіз, жұмыртқа тәрізді, бір немесе екі клеткалы тез ыдырайтын тізбек құрады. Макроконидиялары түссіз, біз немесе орақ тәрізді, ұштарына қарай жіңішкереді.
Жіпшумақта кейде түсі қара, пішіні домалақ склероцийлар түзіледі. Егістіктегі өсімдік қалдықтарында саңырауқұлақтың преитецийлері пайда болады. Олардың қалталары цилиндр тәрізді, қалта споралары ұзынша, екі клеткалы. Собықтың жеке бөліктерінде жеңіл немесе тығыздалған қызғылт өңез түзіледі. Дәндердің түсі қоңырқай тартып, егін жинаған кезде оңай үгітіледі 3-сурет. Ауру қоры өсімдік қалдықтары, әсіресе собық аралықтарында жімшумақ және склероцийлар. Залалданған дәндердің өну қабілеті жойылады. Аурудың қоздырғыш жүгерінің балауыздануынан бастап өсу кезеңінің соңына дейін егістікті залалдайды да, қоймада процесс дамиды [3].

3-сурет. Жүгерінің фузариоз ауру
2.4 Жүгері дақылының зиянкестері
Түркістандық жүгері қоңызы (Pentodon dubius Ball) көп өсімдіктерінің тамырларының етті ұлпаларын зақымдайды, ал түйнек тамыр жемістілер үшін өте қауіпті. Дернәсілдері өсіп келе жатқан тұқыммен қоректенеді. Қортық қоңыздың өзі ғана зиянды. Негізінен өскіннің жер үстіндегі бөлігімен қоректенеді. Батыстық мамыр қоңызы, жетісулық мәрмәр қоңыз, маусым қоңызы отамалы, көкөніс және жеміс-жидек дақылдарының негізгі зиянкестері. Олардың дернәсілдері топырақта 2-3 жыл өмір сүріп мәдени өсімдіктердің жер астындағы мүшелерімен қоректенеді (4-сурет).

4 - сурет. Түркістандық жүгері қоңызы
Түн көбелектер орташа мөлшерлі, жайылған қанаттары-20-45 мм, толық денелі. Көп түрлерінің түстері сұрғылт қоңыр. Алдыңғы қанаттарында өздеріне тән суреттері бар. Суреттердің пішіндеріне қарап үкі көбелектердің түрлерін анықтауға болады. Көбелектер негізінен ымырт түсе және түнде ұшады. Құрттары ұзынша жолақтары бар сұрғылт қоңыр немесе жасыл түсті болады. Үш жұп кеуде аяқтарынан басқа 3-5 жұп құрсақ аяқтары болады.
Тіршілік етулеріне, қоректену жолдарына байланысты кеміргіш және жапырақ кеміргіш көбелектер болып бөлінеді. Кеміргіш көбелектер топырақтың жоғарғы қабатында жасырын өмір сүреді. Олар қоректеніп топырақ деңгейінде күздік, жаздық астық дақылдарын, жүгері, қызылша, картоп, мақта,темекі, көкөніс, бақша т,б дақылдарының мүшелерін кеміріп зақымдайды. Түн көбелектердің ең қауіпті түрлері: күздік-Agrotis segetum Schiff. және лепті-A.exclamations L.

Түн көбелектердің жұлдызқұрттары соңғы жастарында топырақ астында қыстайды. Жұлдызқұрттарының 6 жастық кезеңі болады. Көктемде олар қуыршақтанады. Ересек көбелектердің жұмыртқаларын сабақтың негізіне, төменгі жапырағына, топырақ бетіндегі өсімдік қалдықтарына салады. Жылына 1-3 ұрпақ береді, ол мекендеген жерінің ауа райы жағдайларына байланысты. Жұлдызқұрттар топырақ деңгейіндегі сабақтарды, тұқымын, жас өскінін кеміреді, тамыр жемістерді, түйнектерді кеміріп, қуыс жасайды (5-сурет).

5 - сурет. 1. Күздік түн көбелегі 2. Лепті түн көбелегі
Жер үстілік түңгі көбелектер өсімдіктердің жапырағымен, сабақтарымен, генеративті мүшелерімен қоректенеді. Көбінесе жоңышқаны, ноқатты, темекіні, қызанақты, жүгеріні және басқа да дақылдарды зақымдайды.
Сабақ немесе жүгері көбелегі (Ostrinia nubilalis Hb.) Ересек бунақденелілердің жыныстық деморфизмі анық байқалады. Жұлдызқұрттың түсі сұрғылт жасыл, денесін бойлаған күңгірт жолақтары бар. Дене ұзындығы 25 мм-ге дейін жетеді. Жұлдызқұрттар өсімдік сабағында қыстайды. Тіршілік кезеңінде 2 ұрпақ беріп дамиды. Мәдени және жабайы өсімдіктер зақымданады. Көп зиян жүгері мен күнбағысқа келтіреді. Өсімдік сабағының ішін жұлдызқұрттар кеміріп, жолдар мен қуыс жасайды. Кемірудің әсерінен тесіктерден сыртқа үгітілген ұлпа шашылады. Кейін сабақ сынады. Зиянкестің дамуына ылғал өте қолайлы.
Қамба бізтұмсығы- Sitophilus granaries L. Қаттықанаттылар немесе қоңыздар отрядының бізтұмсұқтылар (Curculiolidae) тұқымдасына жатады. Қойма зиянкестерінің ішінде кең таралған түрлері бірі. Тек жабық орындарда ғана өсіп-өне алады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарында көп болады. Ал солтүстік облыстарында диірмен, наубайхана, сыра заводы сияқты жылы жайларда көбірек зиян келтіреді. Қоңыздың денесі сопақтау, ұзындығы 3,5 мм, түсі қара-қоңыр немесе қара, аяқтары және мұршалары қызыл-қоңыр. Үстіңгі қанаттары бір түсті, дақсыз, артқы қанаттары жетілмеген. Қоңыз ұша алмайды (6-сурет).

6 - сурет. Қамба бізтұмсығы
Жұмырқасы сопақша, түсі сарғылт болады. Дернәсілдерінің басы қара, денесінің қалған бөліктерінің түсі ақ, аяқтары болмайды, ұзындығы 4 мм жетеді. Қуыршағы ақшыл-сары, ұзындығы 2,7 мм шамасындай. Зиянкес жұмыртқадан басқа фазаларының барлығында қыстап шыға алады. Төменгі даму табалдырығы +10˚С. Дәннің дымқылдығы 15-16 пайыз болғанда, дамуы үшін үйлесімді температура 20-26˚С. Дәннің дымқылдығы 11 пайыздан төмен болса, зиянкес дами алмайды. Өсімталдығы орташа шамамен алғанда 150 жұмыртқаға жетеді. 25˚С температурада даму кезеңі 36-40 күнге, ал 12˚С температурада 7 айға созылады. Солтүстік Қазақстанда жылына 2, оңтүстікте 4 ұрпақ беріп өсіп-өнеді.
Бізтұмсұқтылардың ұрғашылары жұмыртқаларын дәннің ішіне, өздері кеміріп жасаған, кішкентай қуысқа салады. Астық тұқымдастарының әр дәніне бір жұмыртқадан, ал жүгерінің дәніне екі жұмыртқадан орналасады. Жұмыртқадан шыққан соң дернәсілдер дәннің ішін үңгіп жеп, сонда тіршілік етеді. Қуыршақ стадиясында сол дәннің ішінде өтеді. Қоңыздар және оның дернәсілдері бидай, қара бидай, арпа, сұлы, күріш, тары, жүгері дәндерін, бұршақ тұқымдастар мен астық тұқымдас шөптердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік бидайға жалпы сипаттама
Биология пәнін оқытуда жүгері өсімдігінің биологиялық және өнімділік ерекшеліктері
Астық дақылдарының бірінші және екінші топтарын ажырату белгілері жайлы мәлімет
Ноқат дақылының биологиясы
Жүгері дақылының биологиялық ерекшеліктері
ӨСІМДІК ШАРУАШЫЛЫҒЫ БОЙЫНША ӨНДІРІСТІК ІС-САНА БОЙЫНША ЕСЕП
Мақсары
Аймақтың топырақ жағдайлары
Картоп дақылының халық шаруашылығындағы маңызы
Қазақстанның оңтүстік - шығыс жағдайында жүгері өсірудің агротехникалық шаралары
Пәндер