Капустаға сипаттама



І. Кіріспе
1.1 Капустаға сипаттама ... ..3.4
1.2 Зиянды организмге сипаттама ... ... 5.9
1.3 Ауруға сипаттама ... ... ..10.15
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жалпы қорғау шаралары ... .16.20
2.2 Химиялық қорғау ... ... ... ... ... ... ... 21.23
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қырыққабат, қатпаршақкөк (орыс тілінде қырыққабат) (Brassіca) – орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдік туысы. қырыққабат туысына шалқам, тарна, қызылша сияқты өсімдік түрлері жатады. Еуразия және Cолтүстік Америкада, көбінесе Жерорта теңізі маңында кездесетін 35-ке жуық түрі белгілі. қырыққабатның дақылдық түрлері қолдан өсіру, өзара будандастыру және сұрыптау нәтижесінде алуан түрлі өзгеріске ұшыраған.
Қырыққабаттың бірнеше сорттары бар. Олардың ішінде түсті және Пекин қырыққабаттарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер. Қырыққабат бірінші жылы қаудан түзеді, ал екінші жылы гүлсидамдары өсіп, тұқым береді. Жапырақтары ірі, кезектесіп орналасады, түсі көк, қанықтылығы әр түрлі. Қырыққабаттың: қауданды қырыққабат, савойя қырыққабаты, брюссельдік қырыққабат, кольраби қырыққабаты, жапырақты қырыққабаты, Қытай қырыққабаты, Пекин қырыққабаты, түсті қырыққабат, т.б. түрлері бар. Барлығына ортақ сипат – қырыққабаттар жарық сүйгіш және суыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 15 – 18°С. Температураның төмендеуіне (–10°С-қа дейінгі суыққа) төзімді сорттары – жапырақты және брюссельдік қырыққабатлар, ыстыққа төзімділері – жапырақты қырыққабат және кольраби қырыққабатсы. қырыққабатның құрамында адам организміне қажетті көмірсулар, протеиндер, минералдық тұздар, С және В тобына жататын витаминдер мол.
1. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер(улы химикаттар) анықтамасы Алматы 2011ж А.Ж.Ағыбаев, Ә.Қ.Төлеева.
2. Google интернет желісі http://www.izden.kz/referattar/biologiya-valeologiya/817.
3. Фитопатология Алматы 2014 Карбозова Р.Д, Туленгутова К.Н. 202-210бет.
4. Энтомология Ә.Т.Тілменбаев, Г.Ә.Жармұхамедова. Алматы «Қайнар» 1994ж. 237-247бет.
5. Ізденістер ҚазҰАУ, Қалиев А.Х., Әбдіқадыров Н.О.
6. Жаршы ҚазҰАУ Қожабаев Ж.
7. © izden.kz

Пән: Биология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
І. Кіріспе
1.1 Капустаға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3-4
1.2 Зиянды организмге сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..5-9
1.3 Ауруға сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-15
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жалпы қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16-20
2.2 Химиялық қорғау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21-23
ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..26
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

І. Кіріспе
1.1. Капустаға сипаттама.
Қырыққабат, қатпаршақкөк (орыс тілінде қырыққабат) (Brassіca) - орамжапырақтар тұқымдасына жататын бір, екі және көп жылдық өсімдік туысы. қырыққабат туысына шалқам, тарна, қызылша сияқты өсімдік түрлері жатады. Еуразия және Cолтүстік Америкада, көбінесе Жерорта теңізі маңында кездесетін 35-ке жуық түрі белгілі. қырыққабатның дақылдық түрлері қолдан өсіру, өзара будандастыру және сұрыптау нәтижесінде алуан түрлі өзгеріске ұшыраған.

1-сурет. Қырыққабат.
Қырыққабаттың бірнеше сорттары бар. Олардың ішінде түсті және Пекин қырыққабаттарынан басқалары түгелдей дерлік екі жылдық өсімдіктер. Қырыққабат бірінші жылы қаудан түзеді, ал екінші жылы гүлсидамдары өсіп, тұқым береді. Жапырақтары ірі, кезектесіп орналасады, түсі көк, қанықтылығы әр түрлі. Қырыққабаттың: қауданды қырыққабат, савойя қырыққабаты, брюссельдік қырыққабат, кольраби қырыққабаты, жапырақты қырыққабаты, Қытай қырыққабаты, Пекин қырыққабаты, түсті қырыққабат, т.б. түрлері бар. Барлығына ортақ сипат - қырыққабаттар жарық сүйгіш және суыққа төзімді. Өсуіне қолайлы температура 15 - 18°С. Температураның төмендеуіне ( - 10°С-қа дейінгі суыққа) төзімді сорттары - жапырақты және брюссельдік қырыққабатлар, ыстыққа төзімділері - жапырақты қырыққабат және кольраби қырыққабатсы. қырыққабатның құрамында адам организміне қажетті көмірсулар, протеиндер, минералдық тұздар, С және В тобына жататын витаминдер мол. Вегетац. кезеңінің ұзақтығы бойынша қырыққабат сорттары: өте ерте пісетін (65 - 100 күнде, Куузику вараяне), ерте пісетін (100 - 115 күнде, Грибовский 147), ертелеу пісетін (115 - 130 күнде, Алтын гектар), орташа мерзімде пісетін (130 - 145 күнде, Даңқ 1305, Надежда), кештеу пісетін (145 - 160 күнде, Сыйлық) және кеш пісетін (160 күннен артық, Амагер 611, Завадская) болып бөлінеді. Қауданды қырыққабат Қазақстандағы негізгі дақылдық көкөністердің бірі. Оның диам. 10 - 45 см, салм. 16 кг-ға дейін жетеді. Ақ қауданды қырыққабатты жыл бойы жаңа піскен және қайта өңделген күйінде тағамға пайдалануға болады. Қауданын ашытады, бұқтырады немесе бұрыш, қияр, қызанақ, сәбіз, қызылша, алма, жасыл бұршақ ,пияз және сарымсақ қосып тұздайды. Сонымен қатар диеталық тағам ретінде, ас қорыту бұзылғанға, т.б. ауруларды емдеуге қолданылады. Қырыққабат - құнарлы мал азығы. Оның түсімі мол, әр га-нан 200 - 900 ц. өнім түседі. Қырыққабат зиянкестері:қырыққабат шыбыны, қырыққабат қоңыр көбелегі, қырыққабат ақ көбелегі, қырыққабат бітесі, т.б. жиі кездеседі; аурулары: фомоз, түкті және шырышты бактериоз. Қырыққабаттың құрамында қант, минералды тұздар (кальций, калий, фосфор), майлар, лактоза, липаза, протеаза, А, В1, С, P, К, В6 және тағы басқа дәрумендер бар. Қырыққабат жеуге жарамды, оны пісіріп, қуырып, ашытып, тағамдарға қосып және табиғи күйінде жейді. Қырыққабаттың шырыны асқазан, бауыр ауруларына жылдам әсер ететін дәрі ретінде қолданылады. Табиғи қалпында (қуырылмаған, қайнатылмаған) жиі қабылданған жағдайда қырыққабат ағзаның зат алмасуын реттеп, денеде май жиналуын болдырмайды. Бұған қоса дем алу жүйесі, анемия, демікпе ауруларын емдейді.
Қырыққабат кальций, калий, фосфор, май, қант, А, В1, С, P, К, В6 және тағы басқа дәрумендерге бай болғандықтан, адам ағзасы үшін өте пайдалы. Қатпаршақкөкті пісіріп, қуырып, ашытып және табиғи күйінде жеуге болады. Ас мәзіріне көп қолдана бермейтін қырыққабат асқазан, бауыр, анемия, демікпе ауруларына бір де бір ем. Қырыққабаттың ағзаның зат алмасуын реттей отырып, семіздіктің алдын алатынын көпшілігіміз біле бермейміз. Әлемде қырыққабаттың 35-ке жуық түрі кездеседі. Ең көп таралған, ас мәзіріне жиі қолданылатын 8 түрі бар. Олар: кәдімгі, савой, түсті (цветная капуста), кольраби, қытай, жапырақты, брюссель және пекин қырыққабаты. Сондай-ақ, қатпаршақкөктің туысына шалқам, тарна, қызылша сияқты өсімдіктер де жатады

1.2. Зиянды организмге сипаттама.
Қырыққабат зиянкестері: қырыққабат шыбыны, қырыққабат қоңыр көбелегі, қырыққабат ақ көбелегі, қырыққабат бітесі, т.б. жиі кездеседі.
Капуста ақ көбелегі (Pіerіs brassіcae) - капустаның және капуста тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Ақ көбелектер тұқымдасына жатады. Қазақстанда кең таралған. Қанаты жайылғандағы ұзындығы 55 - 60 мм, қанатының үстіңгі жағы ақ, астыңғы жағы жасыл түсті, сарғыш, алдыңғы қанаттарының жоғарғы бұрышында орақ тәріздес қара жолақ және екі қара нүктесі бар. Жылына 2 - 4 ұрпақ беріп көбейеді. Қуыршақтары қыстайды, сәуір - мамырда көбелек шығады. Жұмыртқаларын топтап (15 - 200) капустажапырағының астыңғы бетіне салады. Капуста ақ көбелегі 1-ұрпақтың жұмыртқаларын арамшөптердің жапырағына салады, ал келесі ұрпақтарын егістіктегі екпе айқыш гүлдер тұқымдасы өсімдіктерінің жапырақтарына салады.

2-сурет. Капуста ақ көбелегі (Pіerіs brassіcae).
Жұмыртқадан жаңа шыққан жұлдызқұрттар (ұзындығы 40 - 45 мм) бастапқы кезде шоғырланып капуста жапырағымен, кейінірек өсімдік бойымен өрмелеп жан-жаққа таралып, дараланып қоректенеді. Қырыққабат ақкөбелегінің жұлдызқұрты өскен кезде, ағашқа, дуалға немесе үйдің қабырғасына өрмелеп шығады. Осы жерде оның сыртқы жамылғысы түсіп, қуыршаққа айналады. Қуыршақтан шыққан көбелектің кішкене жұмсақ қанаттары болады. Ол қанаттары қатайып, жазылғанша бірнеше сағат бір жерде отырады.[1] Зақымданған өсімдіктің өсуі төмендеп, алатын өнім азаяды. Күресу шаралары: егіс даласын өсімдік қалдықтарынан тазарту, арамшөптерді құрту, биологиялық жәнехимиялық күрес шараларын қолдану.
Қырыққабат қоңыр көбелегі (Barathra brassіcae) - түн көбелектері тұқымдасына жататын қырыққабат (сондай-ақ темекі, күнбағыс, қызылша, т.б.) зиянкесі. Қанатын жайғандағы ұзындығы 50 мм, алдыңғы екі қанаты қоңырқай сұр түсті, бүршік тәрізді екі ақ дағы бар, артқылары - ашық түсті. Жұлдызқұртының ұзындығы 50 мм, түсі сұр жасыл, жасыл не қоңырқай. Жұлдызқұрты көпқоректі, көбінесе қырыққабатты зақымдайды.

3-сурет. Қырыққабат қоңыр көбелегі (Barathra brassіcae).
Қазақстанның батысы мен солтүстігінде, орталық және оңтүстік-шығысында көп таралған. қырыққабат қоңыр көбелегі қуыршақ түрінде топырақ арасында қыстайды. Республиканың оңтүстік және оңүстік-шығысында, жылына екі рет ұрпақ бере алатын жерлерде, көбелектері мамыр айында ұша бастайды. Қазақстанның солтүстігінде ол жылына бір рет қана ұрпақ береді, көбелектері шілде айының басында шығады. Көбелектер ымырт кезінде және түнде ұшады. Жұмыртқаларын 40 - 60-тан топтап қырыққабат жапырақтарының астыңғы жағына салады. Жұлдызқұрттары 6 - 15 күннен кейін пайда болып, жапырақтардың төменгі жұмсақ жақтарын жеп, өсімдік бойына тарап кетеді. Ересек жұлдызқұрттары қауданның ішкі қабаттарына еніп, жол салады және оларды өздерінің нәжісімен ластайды. Мұндай қаудан шіріп, жағымсыз иіс шығарады және жеуге жарамсыз болады. Күресу шаралары: агротехникалық шаралар, биологиялық және химиялық препараттарды қолдану.
Қырыққабат шыбыны - гүл шыбындары тұқымдасына жататын жәндік. Қырыққабат пен қырыққабат тұқымдасы өсімдіктерінің қауіпті зиянкесі. Көктемгі қырыққабат шыбыны (Delіa brassіcae) және жазғы қырыққабат шыбыны (Delіa scaralіs) деп аталатын түрлері белгілі. Қазақстанда шыбынның екі түрі де кең таралған. Көктемгі қырыққабат шыбыны ашық сұр түсті, ұзындығы 6 - 6,5 мм, жылына 1 - 4 ұрпақ беріп өсіп-өнеді, сәуір - мамыр айларында ұшып шығады. Жұмыртқаларын өсімдіктің тамыр мойнына немесе сабақтың түбіне таяу, топырақ бетіне әр жерге 13 - 15-тен топтап салады. Жұмыртқадан шыққан дернәсілдер қырыққабат тамырының бетіне немесе тамырына, сабағының тамырға жақын бөлігіне еніп қоректеніп, өсімдікті зақымдайды. Жазғы қырыққабат шыбыны көктемгі шыбыннан ірілеу, ұзындығы 7,5 - 8 мм, жылына бір ұрпақ беріп өсіп-өнеді.

4-сурет. Қырыққабат шыбыны.
Шыбынның ұшып шығуы маусым - шілде айларында басталады. Жұмыртқаларын қырыққабат сабағына жақын топырақ арасына топтап салады. Дернәсілдері өсімдіктің тамыры мен көсеусабағын (тамыр қалдықтарын) зақымдайды. Зиянкестің екі түрінің де қуыршақтары топырақ ішінде қыстайды. қырыққабат шыбыныдары зақымдаған өсімдіктердің өсуі нашарлайды немесе тамырлары шіріп кетеді. қырыққабат шыбыны, әсіресе, көшеттерге өте қауіпті. Күресу шаралары: ауыл шаруашылығы дақылдарын өсіргенде агротехникалық шараларды дұрыс қолдану, егістікті инсектицидтермен өңдеу.
Колорадо қоңызы (Leptinotarsa decemlineata) - жапырақ жегі тұқымдасына жататын pжәндік; картоп және т.б. алқа тұқымдас өсімдіктердің зиянкесі. Ұзындығы 9 - 11 мм, сопақтау келген, қанатының үсті қызғылт сары, он қара жолақты сызықтары (әр жағында 5-тен) бар. Жұмыртқаларының ұз. 2,4 мм, ұзынша-сопақтау. Дернәсілдерінің түсі қоңыр-қызыл, ұз. 15 мм-ге дейін жетеді. Колорадо қоңызы 1859 ж. Колорадо штатының (Солтстік Америка) картоп алқаптарында кездесе бастаған және осыған байланысты аталған. Солтүстік және Орталық Америкада, Түркияда, Батыс Африкада және Еуропаның (Ұлыбритания мен Скандинавия елдерінен басқа) көптеген елдеріне тараған. Бұрынғы КСРО республикаларында 1949 С-тан асқанда олар тіріледі. Қоңыздардың шығу кезеңі кейде 3 - 4 айға созылады.

5-сурет. Колорадо қоңызы (Leptinotarsa decemlineata).
Қоңыздары мен дернәсілдері картоп, баклажан, қызанақ, т.б-дың жапырақтарын зақымдайды. Олар қорек іздегенде ұша бастайды (күніне 500 м-ге дейін). Жұмыртқаларын жапырақ астына 18 - 20-дан 2500-ге дейін салады. Дернәсілдері 16 - 24 күнде жетіледі. Картоптың қауіпті жауы, өнім түсімділігін төмендетеді. Күресу шаралары: ішкі және сыртқы карантинді сақтау; терең деңгейдегі жылдан белгілі бола бастаған. Сол кезден бастап Орал тауы арқылы шығысқа қарай, оның ішінде Қазақстанның батыс, солтүстік, оңтүстік-шығысына, оңтүстігіннде таралған. Жылына 1 - 2, кейде 3 - 4 ұрпақ салады. Қоңыздары мен ірі дернәсілдері топырақта қыстайды, кейбіреулері қайта қыстайды. Қоршаған орта температурасы 12 агротехника, картоп отырғызатын жерлерді дернәсілдер пайда бола бастағанда және жас қоңыздар шыға бастағанда химиялық препараттармен өңдеу.
Қырыққабат бітесі (Brevicoryne brassicae) - теңқанаттылар отрядына жататын жәндік. Партеногенез жолымен дамитын қанатсыз аналығының ұзындығы 1,9 - 2,3 мм, пішіні жұмыртқа тәріздес көк жасыл сұр түсті. Қанатты аналығының ұзындығы 2,15 мм, басы мен кеудесі қоңыр, құрсағы сарғыш көк. Орамжапырақтар тұқымдасы дақылдарын, әсіресе, қырыққабатты көп зақымдайды.

6-сурет. Қырыққабат бітесі (Brevicoryne brassicae).
Қырыққабат бітесінің көбіне жұмыртқасы ғана қыстап шығады, ал Кавказдың субтропиктік аудандарында, Орта Азияның кейбір жерлерінде аналығы мен дернәсілі қыстайды. Көктемде жұмыртқадан дернәсіл шығып, одан қанатсыз аналық қырыққабат бітесі жетеді. Бұлар орамжапырақты арамшөптерде, тұқымдық қырыққабаттарда тіршілік етеді. Күзде жыныстық ұрпақ - аналық және қанатты аталық Қырыққабат бітесі жетіледі. Қырыққабат бітесі қырыққабат өзегіне не арамшөптерге 2 - 4 жұмыртқа салады. Қырыққабат бітесі қырыққабаттың шырын сөлінен қоректенеді, оның жапырақтарын бүрістіріп, өсуін тоқтады. Күрес шаралары: топырақты терең жыртып, арамшөптерді құрту. Түрлі инсектицидтер шашу.‎
Қырыққабат күйесі. Барлық жерде кездеседі. Қанатын жайғанда 14-17 мм болатын кішкентай көбелек. Жұмыртқасын жапырақтың астыңғы бетіне салады. Бір аналық 100 жұмыртқаға дейін салады. 7-10 тәуліктен соң жұмыртқадан құрт пайда болады. Алдымен олар жапырақтың жұмсағын тесіп кіреді де, онда да қысқа жолдар жасайды, сосын 2-3 тәуліктен соң сыртқа шығып, мәйегін жеп, эпидермисін қалдырады. Нәтижесінде жапырақтарда әйнекшелер пайда болады. Жаз бойы қырыққабат күйесі 4 ұрпақ береді. Жиын- терін қалдықтарына және арамшөптерде қуыршақ түрінде қыстап шығады. Күресу шаралары. Өткен жылғы шөп қалып-тасқанша 80% хлороспен немесе 20% метафос эмульсиясымен гектарына 2 кг препарат және 400-600л жұмыс сұйығын (0,3% ерітінді)шығындап өңдеу керек. Қырыққабат биті.Кең тараған зиянкес. Өзекте және басқа да қалдықтарда жұмыртқа күйінде қыстайды.Көктемде жұмыртқадан личинкалар туады да, арамшөптермен және қырыққабаттың тұқымдарымен қоректенеді. Биттер жапырақтардың астыңғы бетіне орналасады және шырынын сорады.

1.3. Ауруға сипаттама.
Жылыжайларда, егістіктерде және қоймада көкөніс дақылдары көптеген ауруларға шалдығып, өнім шығымы мен сапасы төмендеп сақтау мерзімі қысқарады. Ауыл шаруашылығына үлкен зиян келтіретін организмдердің түр құрамы саңырауқұлақтардан, бактериялардан, вирустардан, микоплазмалардан және т.б. ауру қоздырғыштардан тұрады. Көкөніс дақылдарының қоздырғыштарының көпшілігі факультативті және сапрофитті паразиттер. Олар табиғатта таралған полифагтар. Сонымен қатар көкөніс дақылдарын облигатты паразиттер де залалдап ақ ұнтақ, жалған ақ ұнтақ, кила және т.б. ауруларын туғызады.
Инфекцияның негізгі қоры залалданған тұқым мен отырғызылатын материалдарға, өсімдік қалдықтарында және топырақта сақталатын патогенді организмдер болып табылады.
Кеселдің пайда болуы әртүрлі жағдайларға - ауа райына, өсімдікті өсіру, өнімді сақтау, өнімді сақтау технолгиясына, тұқымдық және отырғызылатын материалдардың сапасына тікелей байланысты. Осыған орай өсімдіктерді зиянды организмдерден қорғау әдістері тұқым мен топырақты инфекцияны жоюға, сонымен қатар көкөніс дақылдарынан ауруларға төзімділігін арттыруға бағытталуы тиіс.
Қара мойнақ. Кең таралған кесел, әсіресе көшеттерде жиі кездеседі. Ауру алғаш көшеттерде білініп, оның сабағының түбі (негізі) және тамыр мойны қарайып, жіңішкеріп, шіріп, өсімдік жапырылып қурайды. Ауруға шалдыққан өсімдіктің тамыры нашар даму себебінен олар топырақтан оңай суырылады. Ауру қоздырғыштары әртүрлі микроорганизмдер - Rhizoctonia solani Kuehn., Olpidium brassicae Wor., Pythium debaryanum Hesse., Alternaria, Fusarium туыстарының саңырауқұлақтары және т. б.
Қазақстанда қырыққабат көшетін көбінесе Rh.solani залалдайды. Саңырауқұлақтың алғаш түссіз, кейін қоңырланатын жіпшелерінің үстінде ақ түсті, соңынан қоңырланған, түйіршіктер - псевдосклероцийлар түзіліп, топырақта бірнеше жыл сақталады. Залалданған көшеттерден дамыған өсімдіктерде, әсіресе кеш пісетін сорттарында, күзде ауру қайталанады. Жапырақтар өзегінен ажырап шіріп, орта жүйке маңайында ұсақ, қара түсті склероцийлар түзіледі. Ауруға шалдыққан қауданның сыртқы жапырақтары қоймада сақталу кезінде сарғайып, құрғап, кейде түгел шіриді.
Бұл аурудың пайда болуына жоғары ылғалдылық, егістікте өсімдіктің жиілігі, азот тыңайтқышының артық мөлшері, ауа температурасының күрт жоғарылауы және т.б. қолайлы жағдай туғызады. Шаршыгүлділерден басқа осы ауруға қияр, қызылша, сәбіз, салат, қызанақ, бұрыш, баклажан, қарақұмық және т.б. өсімдіктер шалдығады. Аурудың негізгі қоры - топырақ және өсімдік қалдықтары. Кеселдің салдарынан көшеттердің сапасы төмендеп, егістік сирейді.
Жалған ақ ұнтақ немесе пероноспороз. Кесел кең таралған, әсіресе жылыжайларда жиі кездеседі. Бұл ауруға көшеттер, ересек өсімдіктердің жапырағы, сонымен қатар тұқымдықтардың сабағы және тұқымқаптары шалдығады. Аурудың белгісі жапырақтың жоғары бетінде ашық-сары, жайылған дақ, ал оның төменгі бетінде ақшыл-сұр, селдір түзілуімен білінеді. Залалданған жапырақтар сарғайып, жансызданып, өсімдік қурайды. Тұқымдық өсімдіктердің жапырағында, сабағында, гүл сағағында, тұқымқабында түсі қара, көлемі әртүрлі дақтар түзіледі. Тұқымқабындағы басылған дақтардың бетінде селдір ақ түсті өңез пайда болып, онда түзілген тұқым да ауруға шалдығады. Мұндай тұқымды сепкенде ауру өскін дамып, саңырауқұлақ диффузды таралып, кеселдің белгісі тұқым жарнағы жапырақтарында білінеді. Қоймада сақталу кезінде залалданған қауданның сыртқы жапырақтарында ақ өңезді, жайылған сұрғылт дақтар пайда болады.

7-сурет. Жалған ақ ұнтақ немесе пероноспороз.
Ауру қоздырғышы - Peronospora brassicae Gaeum. саңырауқұлағы. Оның бір клеткалы жіпшумағы клетка аралығында таралып, жапырақ сыртына устьица арқылы конидиялы спора тасушылары шығып, ақ түсті, жеңіл өңез түзеді Конидия тасушылар дихотомиялы тармақталып, сәл иілген соңғы тармақтың ұшында бір клеткалы, пішіні сопақша, көлемі 12-28 х11-23 мкм конидиялар пайда болады. Ұлпа ішінде түзілген диаметрі 25-30 мкм ооспоралар өсімдік қалдықтарында қыстап шығып, көктемде өсімдікті алғаш залалдайды, ал қайта залалдану - конидиялармен жүреді. Кейбір авторлардың айтуынша саңырауқұлақ тұқым қабығында да сақталады. Залалданған көшеттерді егістікке отырғызғанда, аурудың дамуы тежеледі. Ылғал мол жағдайда ауру қайта өрбіп, белгісі төменгі жасыл жапырақтарда білінеді. Азыққа арналған қырыққабатқа ауру қауіпсіз, ал тұқымдықта аса зиянды. Қоздырғыш қаудан өзегіне еніп, көктемге дейін сақталып, одан ауру өсімдік өседі. Саңырауқұлақ 10-15оС температура мен су тамшысында жақсы дамиды. Қырыққабаттан басқа да шаршыгүлдер бұл қоздырғышпен залалданады. Аурудың әсерінен көшеттер сиреп, тұқымдық өспей, тұқым сапасы кеміп, қаудандар қоймада сақталу кезінде шіриді.
Кила. Республиканың солтүстік облыстарында және басқа аймақтардың ойпат, өзен аңғары топырақтарында кездеседі. Бұл ауруға жас және өсіп-өркендеген, ересек өсімдіктер шалдығады. Ауру өсімдіктердің тамырларында жеке ісіктер мен бұлтықтар пайда болып, олар бір-бірімен қосылып, кейде тамыр жүйесін түгел қамтиды. Көшеттерде бұлтықтар мұқият қарап тексергенде көрінеді, ал өсіп-өркендеген ауру өсімдіктердің жапырақтары ашық-жасыл немесе сарғыш түсті болып, кейін салбырап, қауданы жетілмейді. Егер ауру қарқынды дамыса, онда өсімдік қауданы мүлдем байланбайды.

8-сурет. Кила
Ауру қоздырғышы - Plasmodiophora brassicae Wor. саңырауқұлағы. Қоздырғыш облигатты паразит. Саңырауқұлақтың вегетативті денесі - плазмодий. Одан зооспорангий немесе тынышталған спора дамиды. Зооспора өнеді де тамыр түктеріне еніп, плазмодийға айналады. Залалданған клеткалардың көлемі ұлғайып (гипертрофия) ісіктер мен бұлтықтар түзіледі. Клеткалар бөлінгенде, плазмодий да бөлінеді. Залалданған клетка көлемі сауларына қарағанда 5 еседей ұлғаяды. Өсімдіктің қарқынды дамып, бөлінетін камбий клеткалары ауруға тез шалдығатындықтан, патогенге аса сезімтал болады. Залалданған өсімдікте жанама тамырлардың аз түзілуіне байланысты, оның су мен минералды заттарды сору қабілеті және түтіктермен жылжуы төмендейді. Күннің ыстық мезгілінде төменгі жапырақтары солып, өсімдік топырақтан оңай суырылады. Қолайсыз жағдайда саңырауқұлақ денесі (плазмодий) жеке түйіршіктерге бөлініп, әр бөлігі қалың қабықпен жабылып, тынышталған спора цистаға айналады. Қоздырғыш 18-23оС температурада, 80-90% топырақ ылғалдылығында және қышқыл ортада (рН 5,5-6,3) жақсы дамиды. Топырақ микроорганизмдерінің әсерінен тамырдағы бұлтықтар мен ісіктер ыдырап, цисталар босап, топыраққа түсіп, 4-5 жыл, кейде одан да ұзақ сақталады. Қырыққабаттан басқа да патоген шаршыгүлділер тұқымдасына жататын көптеген өсімдіктерді залалдайды. Ауру қоры жылыжай, көшетхана, егістік топырақтарында және өсімдік қалдықтарында сақталады. Ауыспалы егістік сақталмай шаршыгүлділер жылма-жыл бір танапта егілсе (бірдақылдылық), инфекция қоры көбейіп, өсімдік 100% залалданып, өнім шығымы 50% кемиді.
Альтернариоз. Ауру кең таралып, ылғалы мол аудандарда жиі кездеседі. Өсімдік барлық өсу, әсіресе тұқымдықтың пісіп-жетілу кезеңінде қатты залалданады. Өскіннің тұқым жарнағы мен сабағында және жас жапырақтарында қара некрозды сызықтар мен нүктелер пайда болады. Залалданған өскін қурауы мүмкін. Өсіп-өркендеген өсімдіктердің жоғарғы жапырақтарында түсі қоңыр, ірі, центрлі дақтар түзіліп, олардың бетінде күйе тәрізді өңез пайда болады. Егер түсті қырыққабат залалданса, онда оның басында қоңыр шірік көрінеді. Тұқымдық қырыққабаттың тұқымқабы мен сабағы қатты залалданады. Тұқымқап бетінде қара түсті, жылтыр, шашыраңқы орналасқан дақтар түзіледі. Тұқымқаптың ұшы залалданған жағдайда, саңырауқұлақ диффузды таралып, ауруға шалдыққан бөліктің түсі қоңырланып, жарылады. Ылғалы мол кезеңдерде дақ қара түсті, мақпалды өңезбен жабылады. Залалданған тұқымқапта түзілген тұқымдар қыртыстанып, жетілмейді.

9-сурет. Альтернариоз
Ауру қоздырғышы - Alternaria brassicae Sacc. саңырауқұлағы. Оның көп клеткалы жіпшумағы клетка аралығымен тарап, залалданған ұлпа бетінде қара-қоңыр түсті өңез пайда болады. Конидия тасушылары қысқа, түсі қоңыр, ал конидияларының құрылысы мен пішіні әр түрлі. Жас конидиялар бір клеткалы немесе бір перделі, сабақсыз. Жетіле келе көлемі ұлғайып, оны бойлаған және көлденең перделерінің саны көбейген, сарғыш-қоңыр түсті конидиялар тізбектеліп орналасады. Қыстап шыққан ауру қаудан өзегінде саңырауқұлақтың қалталы кезеңі дамиды. Бұл кезде оны Pleospora herbarum Rab. деп атайды. Саңырауқұлақ қара-қоңыр түсті, шар тәрізді, саңылауы бар перитецийлер түзеді. Қалталарының пішіні цилиндр тәрізді, ішінде көлденең және ұзынша перделі 8 қалтаспоралары болады. Қоздырғыш өсімдікке жарақат арқылы енеді. Инкубациялық кезең - 250С температура мен жоғары ылғалдылықта 1-2 күн. Ауру қоры - залалданған тұқым, өсімдік қалдықтары, тұқымдықтар.
Түтікті бактериоз. Бұл ауру шаршыгүлділер егілетін аймақтарда өсімдіктердің барлық даму кезеңдерінде кездеседі. Залалданған өскіндердің тұқым жарнағы ашық түске боялады. Егістікке отырғызылған көшеттерде ауру белгісі 2-3 аптадан соң білінеді. Жапырақ шетінен бастап ортасына қарай сарғайып, жүйкелер қоңыа-залалданған жапырақрланады. Өзек пен жапырақтың көлденең кесіндісінде түтіктердің қоңыр-ланғаны айқын көрінеді. Ерте залалданған өсімдікте қаудан байланбай, кейде ол қурайды. Кесел қауданды жинаған кезде жиі (50-70%) кездеседі. Бактериоз тұқымдыққа аса зиян келтіреді. Тұқымдық өсімдік ауру сәл дамығанда да қурауы мүмкін. Егістікке отырғызған тұқымдықтың өсуі саябырлап, жапырағы қарайып, сабақтарында қара сызықтар пайда болады. Бұршаққапта қара жылтыр, пішіні мен көлемі әр түрлі дақтар түзіліп, тұқым жетілмейді.

10-сурет. Түтікті бактериоз.
Ауру қоздырғышы - Xanthomonas campestris Dowson бактериясы Вегетация кезеңінде бактериялар ауру өсімдіктен сауына жаңбыр тамшысымен, желмен, насекомдармен және т.б. тарайды. Инфекция ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Құс лейкозы
Қызанақ дақылына жалпы сипаттама. Қызанақ дақылына зиян келтіретін бунақуденелілер және олармен күресу шаралары
Сленг сөзі ағылшын тіліне енген сөз
Сілекей бездерінің қатерлі ісіктері. Клиникасы, нақтамасы, емі, ақыры
Картоп ісігі
Ісіктерге қысқаша шолу, ісіктердің пайда болуы
Ет қоректілердің төлін кесерево тәсілімен жарып алу
Қазіргі жастардың жаргон, сленг тілінде сөйлеуі
Алматы облысы Ақсу ауданының табиғи - климаттық жағдайы
Жылыжайдың зиянкестері
Пәндер