Оңтүстік Қазақстан облысы мақтарал ауданына сипаттама



I. Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданына сипаттама
1.1. Мақта дақылына сипаттама
1.2. Зиянды организм
II. Негізгі бөлім
2.1. Жалпы қорғау шаралары
2.2. Химиялық қорғау шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
Мақтарал ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың км (облыс аумағының 1,5%-ы). Тұрғыны 268,7 мың адам. Аудан жеріндегі 176 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Жетісай қаласы. Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы - Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүстігіңде, Сырдария өзінінің сол жағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 метр төбелі, белесті жазықта орналасқан. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстанмен шекаралас. Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені (1974) арқылы Сарыағаш, Шардара ауданымен шектеседі. Ауданның жер қойнауынан минералды су, құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. "Достық" (бұрынғы С.И.Киров атындағы) каналы - ауданның басты су көзі. Жер асты суының мол қоры бар.
1. Груздев и др. Химическая защита растений. М,. 1987. 55-56 л [1]
2. Защита кормовых культур от вредителей и болезней в казахстане / сб. Трудов казниизр/. Алматы., 1979. 26-29 л [2]
3. Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы/ оқу құралы/ Қ. Жаңабаев, Т. Саудабаев, И. Сейітов 1994жыл, 204-206 б [3]
4.Сельскохозяйственная энтомология / Подред. А.А. Мигулина.- М.: Колос, 1983, 122-146 л [4]
5.Тілменбаев Ә.Т., Жармұхамедова Г.Э. Энтомология. Алматы, Кайнар, 1994, 332-336 б. [5]

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар:
I. Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданына сипаттама
1.1. Мақта дақылына сипаттама
1.2. Зиянды организм
II. Негізгі бөлім
2.1. Жалпы қорғау шаралары
2.2. Химиялық қорғау шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

I. Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтарал ауданына сипаттама
Мақтарал ауданы - Оңтүстік Қазақстан облысының қиыр оңтүстік бөлігінде орналасқан әкімшілік-аумақтық бөлік. Жерінің аумағы 1,8 мың км (облыс аумағының 1,5%-ы). Тұрғыны 268,7 мың адам. Аудан жеріндегі 176 елді мекен 1 қалалық, 3 кенттік және 21 ауылдық округке біріктірілген. Орталығы - Жетісай қаласы. Бұрынғы Сырдария губерниясы, Ташқазақ уезінің Иіржар болысы таратылып, соның негізінде 1928 жылы 3 қыркүйекте Иіржар ауданы болып қайта құрылды. 1930 жылдан Мақтаарал ауданы. 1997 жылы 24 сәуірде мақталы үш аудан (Асықата, Жетісай, Мақтаарал) таратылып, олардың аумағында әкімшілік орталығы - Жетісай қаласы болатын Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтарал ауданы Мырзашөл құмды жазығының солтүстігіңде, Сырдария өзінінің сол жағалауында, абсолюттік биіктігі 150-250 метр төбелі, белесті жазықта орналасқан. Ауданның батысы, шығысы мен оңтүстігі Өзбекстанмен шекаралас. Солтүстігін түгелдей алып жатқан Шардара бөгені (1974) арқылы Сарыағаш, Шардара ауданымен шектеседі. Ауданның жер қойнауынан минералды су, құрылыс материалдары барланған. Климаты континенттік, қысы қысқа, біршама жұмсақ, жазы ыстық, аңызақты. Қаңтардың жылдық орташа температурасы -3-4°С, шілдеде 28-29°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200-250 мм. "Достық" (бұрынғы С.И.Киров атындағы) каналы - ауданның басты су көзі. Жер асты суының мол қоры бар. Ауданның жерінде эфемерлі өсімдіктер, жусан, баялыш, жантақ, қараған, жыңғыл, жиде өседі. Жануарлардан түлкі, саршұнақ, бауырымен жорғалаушылар кездеседі. Кезінде ақбөкендер болған. Аудаңда 60-тан астам ұлт бар. Қазақтар, тәжіктер, өзбектер, орыстар, тағы басқа ұлт өкілдері тұрады. Облыстағы халқы ең тығыз қоныстанған аудан. Ірі елді мекендері: Жетісай қаласы, Атакент, Асықата, Мырзакент кенттері және Минералды сулар, Алғабас, Жалын, Бескетік, Қызылқұм, Сәтбаев тағы басқа ауылдары. Ауыл шаруашылық өндірісінің негізгі бағыты - шитті мақта өндіру. Оның үлесіне ауданның ауыл шаруашылық жалпы өнімінің 70,8% тиесілі, егіс аумағының 80%-ын алып жатыр. Ірі кәсіпорындарына "НИМЭКС" жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің мақта өңдеу, "ЮТЕКС"-мақта тазарту зауыттары, "Ақ алтын", "Мақтаарал", "Мақташы", "Ынтымақ", "Мырзакент" ашық акционерлік қоғамдықдары, "Жұлдыз", "Жалын" шаруа қожалықтары, "Ақ май", "Жетісаймай" жауапкершілігі шектеулі серіктестіктері жатады. Олар аудан экономикасының дамуына тікелей үлес қосуда. Мақтаарал ауданы республикадағы шитті мақтаның 80%-ын береді. "Молчанов және К" спирт, шарап өндіруші кәсіпорын, "Мақтаарал тәжірибе стансасы", "Оңтүстік су шаруашылығы" мемлекеттік кәсіпорындары, 2 минералды су цехы, 1 бетон зауыты, Қазақ-Қытай жіп иіру-тоқыма кәсіпорындары сияқты 37 өнеркәсіп орындары жұмыс істейді. Өнеркәсіп өнімдерінін 83%-ы тоқыма және тігін өндірісі кәсіпорындарының үлесіне тиеді. Білім беру мекемелерінен "Сырдария" университеті, гуманитарлық-медициналық, гуманитарлық-экономикалық, агробизнес колледждері, 117 мектеп, 2 кәсіптік-техникалық мектеп, 1 оқу-өндірістік комбинат, 2 музыкалық, 2 спорт мектептері, 1 көмекші мектеп-интернат, 13 балалар бақшасы бар. Денсаулык сақтау мекемелерінен "Диагностикалық орталық", 6 аурухана, 31 отбасылық дәрігерлік емхана, 87 фельдшер-акушерлік пункт бар. 2001 жылдың 1 қарашасында Сырдария өзенінің үстінен халықтарға маңызы бар, ұзындығы 400 метрлік "Тәуелсіздік" көпірі және ұсақ 5 көпір пайдалануға берілді. Ауданның орталығы - Жетісай қаласынан Шымкентке дейінгі қашықтық - 232 км. [2] Ауыл шаруашылығы 2007 жылдың 1-жарты жылдығының қорытындысы бойынша ауданда тұтас алғанда ауыл шаруашылығының жалпы өнім көлемі жоспардағы 4404,2 млн. теңгенің орнына ағымдағы бағамен есептегенде 4461,5 млн.теңгені құрады, бұл 2006 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 566,0 млн теңгеге артып отыр. Орта мерзімдік даму жоспары 101,3 пайызға орындалды. Нақты көлем индексі 2006 жылдың тиісті мерзімімен салыстырғанда 102,8 пайызды құрады. Аудан дихандары 139 мың гектар егістік жердің 122744 гектарына шитті мақта, 4834 гектарға дәнді дақылдар, 5092 гектарға бау-бақша өнімдері (көкөніс, бақша, картоп,) 860 гектарға жеміс-жидек, 566,2 гектарға жүзім, 5830 гектарға азықтық дақылдар егіп, бүгінгі таңға 1400 тонна бидай, 29000 тонна көкөніс, 37500 тонна бақша өнімдері өндіріліп алынды. Есепті кезеңде биылғы көктемгі дала жұмыстарына арзандатылған минералды тыңайтқыштар тікелей шаруа қожалықтарына жеткізіліп таратылды. Сондай-ақ, егілген дақылдардың құрылымына қарай жұмсалған жанар-жағар майға 616,6 млн. теңгенің көлемінде субсидия бөлініп отыр. [3]

1.1. Мақта дақылына сипаттама
Мақта (Cossypіum), қоза - құлқайыр тұқымдасына жататын көп жылдық өсімдік туысы, бағалы талшықты дақыл. Мақта б.з. дейін Орта Азия республикаларында, Үндістанда, Иран, Қытай, Мексика, Перу аймақтарында өсірілген. Қазақстанда 1918 жылы Түркістан жерін суландыруға байланысты қолға алынды. 1924 жылы мақта өсіретін Мақтаарал ауданы құрылды. Мақтаның биіктігі 1 - 1,5 м. 1 - 2 негізгі бұтақтан 10 - 15 жанама бұтақша тарайды, одан кейін осы бұтақшаларға гүл мен қауашағы шығады. Гүлі жеке, ірі не ақ. Мақта өздігінен, кейде айқас тозаңданады. Сабағы 90 - 130 см-ге жетеді, жапырағы жүрек тәріздес. Жемісі 3 - 5 ұялы қауашақ, оның ішінде талшық, оның ортасында 20 - 40 мақта тұқымы болады. Мақтаның 35 түрі бар, оның 5 түрі қолдан өсіріледі. Мақта - жарық, жылу, ылғалды көп керек етеді. Тұқымы 10 - 12C-та өне бастайды, 25 - 30C-та жақсы өседі, 0C-та үсікке шалдығады. Гүлдеу және пісу кезінде ылғалды көп керек ететіндіктен, суармалы жерлерде жоғары өнім береді. Облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара, Ордабасы, Отырар аудандарында, Арыс, Түркістан қалалық әкімдік аумақтарында Мақтаның орта талшықты нөмірлері (Қырғыз-3, С-4727, С-6524, 108-Ф) өсіріледі. Оңтүстік Қазақстан облысы ауа-райына байланысты мақта сәуір-мамыр айларында толықтай егіліп бітеді. Шиті жерге түскеннен кейін жер құнарлылығы жақсы болса 5-10 күннің көлемінде жер бетіне шығады. Ал егер жер бетіне шықпай тұрып, жаңбыр жауған жағдайда, тез арада бетін тырнап шығу қажет. Себебі жердің беті қатып мақта тұншығып қалады. Мақта өсіп жетілемін дегенше, арам шөптерден тазалап, түрлі зиянкестерден қорғайтын химиялық заттар беріліп тұрады. Жылына 2 рет суарады. [1]

1.2. Зиянды организм
Мақта дақылына зиян келтіретін бунақденелер
Мақта қоңыр көбелегі-Heliothis armigera Hpm. Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядының түн көбелектері (Noctuidae) тұқымдасына жатады. Мақта өсірілетін аймақтардың барлығында тегіс таралған өте қауіпті зиянкес. Әсіресе Орта Азия республикалары мен Азербайджанда көп зиян келтіреді. Қазақстанның оңтүстік мақталы аудандарында оқтын-оқтын жаппай көбейіп тұрады. Полифаг-оның жұлдызқұрттары әр түрлі тұқымдастарға жататын өсімдіктердің 120-дан астам түрлерімен қоректенеді.

Мақта қоңыр көбелегі-Heliothis armigera Hpm

Көбелектің қанаттарының өрісі 30-40 мм, алдыңғы қанаттарының түсі қызғылт немесе жасылдау реңді сұрғылт, жиегінде қара-қоңыр түсті аспа бау тәрізді көлденең жолақ болады. Артқы қанаттары ақшылдау келеді де сыртқы жиегінде қоңыр жолақ және ортаңғы бөлімінде орақ тәрізді қара дақ орналасқан. Жұмыртқалары алғашында бозғылт-сары, кейіннен жасылдау, пішіні жарты шар тәрізді, диаметрі 0,5-0,5 мм. Жұлдызқұрттары даму барысында ақшыл-жасыл және сары түстен қызыл-қоңыр және күлгін-қара түске дейін өзгереді, басы көп дақтар бар сары, денесінде орналасқан қара-қоңыр түсті жалпақтау келеген 3 жолақ болады.
Дамуы аяқталып қалған жұлдызқұрттардың ұзындығы 35-40 мм. Қуыршағының ұзындығы 15-20 мм, түсі қара-қоңыр немесе қызғылттау қоңыр.
Мақта қоңыр көбелегі қуыршақ фазасында топырақ арасында 10 см тереңдікте қыстайды. Көктемде топырақтың температурасы 10 см тереңдікте 15-16 градусқа, ал тәулік бойынша орташа температура 18-20 С градусқа жеткенде қыстаған қуыршақтардан көбелектер ұшып шыға бастайды. Көбелектің негізгі көпшілігі 10-15 күн ішінде ұшып шығады, ал бұл процесстің жалпы ұзындығы бір айға және одан да ұзаққа созылады.
Көбелектер жұмыртқаларын алғашында өсімдіктің жапырағына кейіннен оның генеративті мүшелеріне бір-бірінен, кейде 2-3 данадан салады. Орташа өсімталдығы 500 жұмыртқа. Эмбрионалдық дамуы көктемде және күзде 4-12 күнге, ал жазда 2-4 күнге созылады. Бірінші генерацияның жұлдызқұрттары жоңышқа, нұт, темекі, жүгері, қызанақ дақылдары мен жабайы өсетін өсімдіктерде дамиды. Ал мақта өсімдігіне зиянкестің екінші генерациясы- көбелектері, оның шанақтану және гүлдену фазасының бас кезінде жұмыртқалайды. Оңтүстік Қазақстан облысының жағдайында мақта егісінде зиянкес вегетациялық бір маусым ішінде 2-3 генерация береді.
Мақта көбелегінің жұлдызқұрттары бітеу гүлдің ішіндегі аналық және аталық мүшелерін жеп құртады. Ішіндегі тұқымдарымен қоректеніп мақтаның қауашақтарын да зақымдайды. Зақымданған қауашақтар түсіп қалады немесе жартылай ғана ашылады. Нәтижесінде талшықтар қысқа болып, сапасы төмендейді. Жұлдызқұрттардың әрқайсысы өз өмірі ішінде мақтаның бітеу гүлдері мен қауашақтарының орта есеппен 15 шақтысын құртады. Зиянкестің өсіп-өніп көбеюіне әсер етіп, сан мөлшерін реттеуде оның табиғи жауларының рөлі өте зор. Солардың ішінде ең маңыздылары: көбелектің жұмыртқалары мен жас жұлдызқұрттарына шабуыл жасап, оларды құртатын жыртқыш қандала-ориус, жұмыртқа паразиті-трихограмма және жұлдызқұрттардың паразиті-габрабракон.
Карадрина немесе кіші жер үстілік көбелек-Spodoptera exigua Hbn. Қабыршақ қанаттылар (Lepidoptera) отрядының түн көбелектері (Noctuidae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда тегіс таралған көпқоректі зиянкес. Оның жұлдызқұрттары өсімдіктердің 46 тұқымдасына жататын 128 түрімен қоректене алады. Әсіресе мақта, қызылша, қызанақ, темекі, жоңышқа, зығыр, картоп дақылдарын қатты зақымдайды.

Карадрина немесе кіші жер үстілік көбелек-Spodoptera exigua Hbn.

Көбелектің қанаттарының өрісі 23-24 мм, алдыңғы сұрғылт-қоңыр, бүйрек тәрізді таңбаның түсі қоңыр, ал дөңгелек таңба тот басқан қызыл түсті болады, артқы қанаттары ақшылдау келеді. Жұмыртқалары маржандай құлпырған жасылдау сары, диаметрі 0,5 мм. Жұлдызқұрттары ақшыл-жасыл түстен қоңырқай-сұр түске дейін өзгереді, бүйір жақтарында бойлай орналасқан қара жолақ болады. Олар дененің бауыр жағындағы ақшыл-сары, кейде қызғылт-сары жолақпен шектеседі. Жетілген жұлдызқұрттардың ұзындығы 25-30 см дейін жетеді. Қуыршағы сарғылт-қоңыр түсті, ұзындығы 13 мм. Карадрина Қазақстанның солтүстік аудандарында 2-3, оңтүстік аудандарында 3-4 генерация беріп көбейеді. Ол қуыршақ күйінде немесе жұлдызқұрт фазасында топырақ арасында қыстайды. Көбелектер наурыздың аяғы мен сәуірдің бас кезінде ұшып шығады. Бірінші ұрпақтың жұлдызқұрттары әдетте арам шөптерде немесе ерте көктеген дақылдарда дамиды. Көбелектер ымырт кезінде және түнде ғана белсенді тіршілік етеді, жасанды жарық көзіне жақсы ұшады. Зиянкестің өсімталдығы өте құбылмалы-әрбір ұрғашы көбелек 200-300 тіпті 2000 дейін жұмыртқа бере алады. Ол оның қосымша қоректенуінің қарқындылығына байланысты. Жұмыртқаларын топтап (250-ге дейін) қоректік өсімдіктердің жапырағына орналастырады. Бірінші генерацияның көбелектері жұмыртқаларын әр түрлі жабайы өсімдіктерге, ал келесі генерациялардың көбелектері жоңышқа, мақта және т.б. дақылдарға салады. Эмбрионалдық даму жаз айларында 2-4, күзде 10 күнге дейін созылады. Ал жұлдызқұрттардың дамуы жазда 2-2,5 жетіге, күзде 3-4 жетіге созылады. Сол мерзім ішінде олар 4-5 рет түлеп, 5-6 личинкалық жастан өтеді.
Карадриннің жұлдызқұрттары алғашында бір-бірінен ажыраспай топталып тіршілік етеді де, кейіннен жан-жаққа таралып, жеке-жеке тіршілік етеді. Олардың өсімдікті зақымдау сипаты да өзгеше болады. Жас жұлдызқұрттар жапырақтың жүйкелеріне тимей жұмсақ тканьдерін ғана жейді. Ал ересек жұлдызқұрттар жапырақты ойып-ойып теседі немесе түгелдей жеп қояды. Олар мақтаның сабағы мен генеративті мүшелерін де зақымдайды. Ауа райы ыстық болған кезде және түнде топыраққа, жердің жарығына, өсімдік қалдықтарының астына еніп жатады. Дамуы аяқталған соң жұлдызқұрттар топырақ арасында 3-5 см тереңдікте қуыршаққа айналады. Қуыршақ фазасының дамуы жаз айларында 1-2 жетіге, күзде 3-4 жетіге созылады.
Кәдімгі өрмекші кене-Tetranychus urtica Koch. Акариформдылар- (Acariformes) отрядының өрмекші кенелер (Tetranychidae) тұқымдасына жатады. Өте кең таралған, әсіресе оңтүстік аймақтарда мақтаға және басқа дақылдарға қатты зиян келтіреді. Солтүстік аудандарда жабық орындарда өсірілетін өсімдікті зақымдайды. Ұрғашы кененің дене пішіні сопақша ұзындығы 0,43 мм, түсі сұрғылт-жасыл немесе сарғылт-жасыл, жазда бүйір жақтарында қара дақтары бар, қыста біркелкі сарғылт-қызыл болады, перитремнің соңғы бөлімі бұтақталмаған, 4 камералы. Еркегінің артқы жағы бірден кілт сүйірленген ұзынша болады. Жұмыртқасы шар тәрізді, жасыл реңді мөлдір, диаметрі 0,14 мм, ұрықтың даму барысында күңгірттене келе, личинка шығар алдында құлпырған інжу тәрізді түске көшеді.

Кәдімгі өрмекші кене-Tetranychus urtica Koch
Ұрықтанған ұрғашы кенелер мақта өсірілген егістік далаларда, солардың аралығындағы басқа учаскелерде, арық және жол жағаларында жерге түскен жапырақтардың, басқа да өсімдік қалдықтарының, топырақ түйірлері мен кесектерінің, ағаш қабығының астында және т.б. жерлерде қыстайды.
Көктемде орташа тәулік бойынша жылылық 7-10 0С жеткенде кенелер қысқы ұйқыдан оянып, алғашында жабайы өсімдіктер мен ағаш-бұталардың жапырақтарын мекендейді де, кейіннен мақтаға көшеді. Жұмыртқаларын сол өздері қоректенген жапырақтарға бір-бірлпеп салады және сонымен қатар мекендеген жапырақтарының астыңғы бетін қөте жіңішке өрмек жіпшелерімен шырмап тастайды. Өсімталдығы-әр ұрғашы кенеге 100-120 жұмыртқадан келеді. Кененің бір генерациясының дамуы жазда 10-12 күнге созылады. Оның дамуы үшін ең үйлесімді температура 29-31 0С, ал ауаның салыстырмалы ылғалдылығы-35-55 пайыз. ОңтүстікҚазақстан облысында генерация беріп дамиды.
Кәдімгі өрмекші кене-өсімдіктердің әр түрлі тұқымдастарға жататын 200 шамасындай түрлерімен қоректене алатын көпқоректі зиянкес. Әсіресе мақта, соя, бұршақ, бүлдірген, қызылша, бақша және т.б. дақылдарға зиян келтіреді.
Кенелер мен олардың личинкалары мақта өсімдігі жапырағының астыңғы бетінде шоғырлана колония құрып тіршілік етеді. Қатты зақымданған жапырақтардың түсі қоңырқайланып қурап қалады. Ал мақтаның кейбір сорттарының жапырақтары кенелердің зақымдануынан қызғылт-қоңыр түске айналып, одан соң қурай бастайды. Жапырақтарының түсіп қалуы және зат алмасу процесінің бұзылуы салдарынан мақтаның бітеу гүлдері мен гүлдері түсіп қалады, қауашақтарының салмағы кеміп, талшықтарының сапасы төмендейді.[4]
Бақша бітесі немесе мақта бітесі - Aphis gossypii Hov. Тең қанаттылар (Homoptera) отрядының бітелер (Aphididae) тұқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік бөлігінде, соның ішінде мақта дақылы өсірілетін аймақтардың барлығында тегіс таралған. Полифаг, мақтадан басқа да көптеген өсімдіктерді зақымдайды. Тек партеногенетикалық жолмен дамиды. Қанатсыз ұрғашы бітенің ұзындығы 2мм шамасындай, түсі жасыл-сары немесе күңгірт-жасыл, шырын түтікшелерінің түсі қара, түп бөлімі жуандау, мұртшалары ақшыл-сары, ең ұшындағы бунағы қара, құрсағында қара түсті дақ бар. Қанатты бітелердің бас, көкірек бөлімдері және түтікшелері күңгірт-қара түсті болады.Қазақстанда жағдайында зиянкес ересек біте күйінде арам шөптерде қыстайды. Ерте көктемнен бастап сол қыстап шыққан өсімдіктермен қоректеніп көбейеді де, мамырдың бас кезінде қанатты ұрғашы бітелер мақта және бақша дақылдарына көшеді. Оларда жаз бойы личинкаларын тірі табу жолымен өсіп - өніп, вегетациялық мерзім ішінде 18 генерацияға дейін береді. Бір генерацияның дамуы 7-10 күнге ғана созылады. Сөйтіп, тез көбейіп, өсімдік бойында шоғырланып, яғни тығыз конидия құрып, тіршілік етеді. Бітенің дамуы үшін ең үйлесімді температура 16-22ºС аралығы. Бұдан жоғарғы температура бітенің дамуын тежейді. Сондықтан жаз ортасында оның азаяды. Бірақ күзге қарай өсіп-өнуі қайтадан өршіп, тез көбейеді. Бітелердің көктемдегі қоректенуі мәдени өсімдіктің жалпы күйін әлсіретеді, өсуін едәуір баяулатады. Ал жазда олар көбінесе мақтаның генеративті мүшелерімен қоректенеді. Нәтижесінде зақымдаған өсімдіктердің тұқым түйіні мезгілінен бұрын төгіліп қалады және бітелерден бөлінетін жабысқақ сұйық заттар ашылып келе жатқан мақта қауашағының талшықтарын ластап желімдейді. Ондай талшықтарда сапрофитті құрым саңрауқұлақтары мен бактериялардың дамуына қолайлы жағдай туады. Сөйтіп мақта талшықтарының сапасы төмендейді. Үлкен мақта бітесі - Acyrtosiphon gossypi Mordv. Бұл зиянкес те тең қанаттылар (Homoptera) отрядының бітелер (Aphididae) тұқымдасына жатады. Партеногенездік ұрғашы бітенің ұзындығы 4мм жетеді, түсі жасыл, мұртшалары денесінен ұзынырақ, ал шырын түтікшелері дене ұзындығынан екі есе қысқа. Бақша бітесінен айырмашылығы - мақта өсімдігінің жапырағында немесе басқа мүшелерінде ірі колония құрып шоғырланбайды, бытыраңқы тіршілік етеді.Әр түрліді өсімдіктердің сабағына салынған жұмыртқа фазасында қыстайды. Көктемде бітелер негізінен жабайы өсетін өсімдіктерде де өсіп-өніп, мамыр айының орта кезінде немесе маусым айының басында, қанатты ұрғашылары шыққан соң, мақта егісіне көшеді. Күзге дейін сонда өсіп-өнеді. Жылына 15 генерацияға дейін беріп көбейеді. Өсімдікті зақымдау сипаты және келтіретін зияндылығы жағынан бақша бітесіне ұқсас.[2]

Мақта аурулары
Вилт - вертициллезды солу. Ауру қоздырғышы - Vetricillum dahlia Kleb. саңырауқұлағы. Үнемі топырақта кездесетін 700 - ге жуық өсімдік түрлерін залалдайтын саңырауқұлақ. Жіпшумағы түссіз, пердерлі, конидия тасушылары күлтеленіп, ұштары бірнеше тарамға бөлінеді. Тарамдар ұшында конидиялар топтанып жинақталады. Конидиялар эллипс тәрізді, бір клеткалы, бір ядролы, көлемі 3-6 х 1,5 2мкм. Саңырауқұлақ өзінің даму циклында хламидоспоралар мен микросклероцийлар түзеді. Микросклероцийлар сопақтау, сыртқы қабығы қалың, қара - қоңыр түсті ішкі бөлігі жіңішке түссіз жіпшелерден тұрады. Олар өсімдік сола бастағанда пайда болады. Склероцийлар көктемде 7ºС температурада өне бастайды, қолайлы даму температурасы 24-26º,ылғалдылығы 60-70%. Бірақ бұл саңырауқұлақ тіршілік қабілетін аса жоғары және төмен температурада - 30ºС сақтайды.Өсімдік көбінесе тамыр жарақаты арқылы залалданады. Залалдану жіпшумақ немесе оның үзінділері, конидиялар, хламидоспоралармен жүреді. Түтіктер арқылы саңырауқұлақ өсімдіктің барлық бөлігіне тарайды да, жапыраққа, жеміс сағағына, өсу нүктесіне жетеді. Инфекция қоры - топырақ, әсіресе дара дақылды мақта егісі.

Вилт - вертициллезды солу
Өсімдіктің төменгі жапырақтарында шашыраңқы орналасқан дөңгелек немесе бұрышты сарғыш дақтар түзіліп, жасыл ұлпалар жүйке бойында сақталып, дақтар кейін қоңырланып, кебеді. Гүл түйіні байланған кезде мақта дақылы жаппай ауруға шалдығады. Кесел алғаш астыңғы жапырақтарда таралып, өсімдік жапырақтары бірден түгел түсіп қалады да, қауашақтары жетілмей қурайды. Жас өсімдіктердің залалданған жапырақтары түсіп, өсуі тоқтап, қурайды. Кейбір өсімдіктің жоғарғы бұтақтары қайта жапырақтануы мүмкін, бірақ бұл жапырақтар хлорозды сарғыш болып, өсімдік өнім бермейді. Мақта өсімдігі кейде кенеттен солып, жапырақтары салбырап, қурап, бірақ түспей 2-3 күнде өсімдік жойылып қауашақтағы талшық пен тұқымдар жетілмейді.Кеселдің негізгі белгісі- түтіктер қоңырланып, оған жақын ұлпалар күңгірттенеді. [5] Фузариозды солу. Ауру қоздырғышы - Fusarium oxysporum Schl. Саңырауқұлағы. Қоздырғыш жіпшумағы түссіз, перделі, өсімдік түтікшелерінде дамиды. Микроконидиялары бір клеткалы майда, эллипс тәрізді, түссіз. Макроконидиялары орақ тәрізді, үш перделі, көлемі 33-43 х 4,2-4,5 мкм. Хламидоспоралары бір клеткалы, қалың қабатты температураның күрт өзгеруіне төзімді. Саңырауқұлақ 10-35ºС температура аралығында дамиды, бірақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Оңтүстік Қaзaқстaн oблысының егіншілік шaруaшылығынa сипaттaмa
Оңтүстік Қазақстан облысының экономикасы
Мақтаарал ауданының топонимиясына тарихи — лингвистикалық және сөзжасамдық сипаттамасын, тілдік ерекшеліктері
Мақтарал ауданы жер телімінің топырақ мониторингі
Оңтүстік Қазақстан облысы Мақтаарал ауданы жер ресурстарын тиімді пайдалану мәселелері
Оңтүстік Қазақстан облысы табиғатының өзгеруіндегі антропогендік факторлардың ролі
Нысанның орналасқан жері
Оңтүстік Қазақстан облысында өндірістік шағын және орта кәсіпкерліктің даму тенденциялары
Жер ресурстары туралы түсінік
Оңтүстік Қазақстан облысының ауыл шаруашылық кешені
Пәндер