Пестицидтер және химиялық құрамы
I. Кіріспе
Пестицидтер және химиялық құрамы ... 3.5
1.1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері ... ... ... ... ... ... ... ...6.9
1.2. Пестицидтердің классификациясы ...10.13
1.3. Бүрку түрлері ... ... ... ... ... ... ..14.16
II. Негізгі бөлім
2.1. Жалпы қорғау шаралары ... ... ... ... .17.21
2.2. Химиялық қорғау шаралары ... ...22.31
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер

Пестицидтер (латын сөздерінен pestis – жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) – мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.
Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:
1. хлорорганикалық қосылыстар – гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.
2. Фосфорорганикалық инсектицидтер – карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.

1. Сағитов А.О., Исенова Г.Ж., Рвайдарова Г.О., Нұржанов Ө.С., Қалмақбаев Т.Ж. Өсімдікті химиялық қорғау. 1-2 Зертханалық жұмыстар. 1-7 бет [1].
2. Агроинформ №5, Май 2007. Пестицидтердің Ауыл шаруашылық дақылдары мен қоршаған ортаға әсері. 13-14бет [2].
6. WWW.google.com [3].

Жоспар:
I. Кіріспе
Пестицидтер және химиялық құрамы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5
1.1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .6-9
1.2. Пестицидтердің классификациясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10-13
1.3. Бүрку түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .14-16
II. Негізгі бөлім
2.1. Жалпы қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..17-21
2.2. Химиялық қорғау шаралары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 22-31
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиеттер
I. Кіріспе
Пестицидтер және химиялық құрамы
Пестицидтер (латын сөздерінен pestis - жұқпалы ауру, caedo - өлтіремін) - мәдени өсімдіктерді зиянкестерден, паразиттерден, арамшөптерден, аурулардан және микроорганизмдерден қорғау үшін қолданатын барлық химиялық қосылыстар. Пестицидтерді пайдалану ауылшаруашылық өнімдерін 18-20% сақтайды. Қазіргі кезде оларды көп қолданатын болғандықтан биосфера мен адамдарға зияны тиіп жатыр. Оларды пайдаланбай өнім алуға мүмкіндік жоқ, себебі зиянкестер өте көбейіп кетті. Бунақденелілер пестицидтердің бір түріне тез бейімделетін және ол қасиетін ұрпағына бере алатын қабілеті бар. Сондықтан пестицидтерді қолданарда зиянкестердің түріне қарай таңдап алу керек.
Химиялық құрамы жағынан пестицидтер 5 класқа топтастырылады:
1. хлорорганикалық қосылыстар - гексахлоран, ДДТ (дуст) гексахлорциклогексан, полихлорпинен, полихлоркамфен т.б. Олар организмде жинала алады да, ыдырауы бірнеше ондаған жылдарға созылады. Хлорорганикалық қосылыстар диоксиндермен қосылысып, тұрақты органикалық қосылыстар түзеді.
2. Фосфорорганикалық инсектицидтер - карбофос, дихлофос, диазинон, фосфамид, метафос, амофос, өсімдіктің өсуін реттегіштер және т.б. Бұлар топырықта және басқа ортада тезірек ыдырайды.
3. Карбаматты инсектицидтер - карбамин қышқылының күрделі эфирлері (севин). Бунақденелілердің жекелеген түрлеріне ғана әсеретеді, ал жануарлар мен адамдарға зияны жоқ.
4. Хлорфеноксиқышқыл туындыллары - дефолиант ретінде су қоймаларында өсетін өсімдіктерді жою үшін қолданады.
5. Пиретроидты табиғаты бар пестицидтер - транс-хризантема қышқылы. Бұл инсектицидтердің жаңа түрі, оны табиғи материалдардан бөліп алған. Мысалы, түймедақ өсімдігінің сығындысынан табиғи пиретрин-І алынған. Бұдан басқа өте қатты әсер ететін жасанды пиретроидтер де алынған [2].
Адамдарға зиян келтірмейтін пестицидтерді атап кетейік
Олар: гидрохинон І туындылары, триазиндер (ІІ) және азолдар (ІІІ), бензой қышқылының (IV) туындылары және т.б. Тірі организмге түскен пестицидтердің әсері препараттың тұрақтылығына, яғни персистенттілгіне және организмде жүретін метаболизм процесінің жылдамдығына байланысты болады.
Пестицидтердің ыдырау механизмі
1. Қоршаған ортаға түскен пестицидтер абиотикалық және биотикалық жолдармен ыдырайды. Біріншісі - фотохимиялық, тотығу - тотықсыздандыру реакциясының және гидролиздің көмегімен жүзеге асса, екіншісі - ферменттердің әсерінен ыдырайды. Биотикалық ыдырау абиотикалыққа қарағанда тезірек жүреді. Ыдырау жылдамдығы ферменттердің концентрациясына және пестицидтерді ыдырата алатын микроорганизмдердің санына байланысты.
2. ----------------------------------- ----------------------------------- ----------
Пайдасы мен Зияны
А.Спутников тәжірибе жүргізу арқылы уытты заттардың жануарларға әсерін анықтап, пестицидтердің уыттылығын 1 кг дене массасына препараттың неше миллиграмм концентрациясы келетініне қарай сипаттады. Оларды уыттылық дәрежесіне қарай 4 класқа топтастырды. XX ғасыр аяғында Республика территориясында шикізат материалдары мен тағамдарда өсімдіктерді зиянкестерден қорғауға пайдаланатын химиялық заттар 20-30% жеткен. 1999 жылы шайдың сынамаларына (пробаларына) талдау жасалып, құрамында хлор бар пестицидтердің шекті рауалы концентрациясынан (ШРК) 40% артық болғандығы анықталған. Бұл жай Алматы қаласында, Оңтүстік және Шығыс Қазақстан, Алматы, Қызылорда және Жамбыл облыстарында байқалған. Соны мен қатар, 1999 жылы Республикалық санитарлық эпидемиологиялық қадағалау комитетінің токсикология бөлімі шайдың сынамаларына талдау жасағанда олардың 45%-да пестицидтердің бар екендігі, соның ішінде 10% дикофол пестицидінің ШРК (0,01 мгкг) артық екендігі анықталған. 1998 жылы Алматы облысы бойынша шикі және піскен тағамдардың 0,41%нда пестицидтердің қалдығы анықталып, ШРК-0,41%-ға және 0,16%-ға көп болған. 1999 жылы бұл көрсеткіштер 0,3% артқан [3].
1-сурет. Калифорнияда пестицид шашу
Бүкіл әлемдік денсаулық сақтау ұйымы жыл сайын дүние жүзінде пестицидтерді пайдаланудың салдарынан 500 000-нан 2 миллионға жуық адам уланып, олардың 10-40 мыңы өліп кеткен жағдайлар болғанын айтады. Көп елдерде пестицидтерді пайдалануға тыйым салынған. Әсіресе дихлордифенилтрихлорметилметанды (ДДТ) пайдалануға болмайды, себебі оның ыдырауына бірнеше жылдар керек. Бұл заттың шығу тарихы өте қызық. 1940 жылы швейцария химигі Пауль Мюллер ең алғаш синтездеу жолымен ДДТ-ны тауып, оны ауылшаруашылығының зианкестерімен күресуге пайдалануды ұсынған. Осы жаңалығы үшін ғалымға кезінде Нобель сыйлығы берілген. Алғашқы кезде бұл зат адамдардың көптеген қиыншылықтарын шешті. ДДТ-ны пайдаланып кесіртке мен көптеген зиянкес бунақ денелілерді қырды. Әсірісе ауру таратушы масаларды өлтіріп, миллиондаған Адам дарды безгек ауруынан құтқарды. Кейінірек ДДТ-ның күштілігінен зияндығы басым екендігі анықталды. ДДТ барлық тірі организмдерге тіпті балдырларға да зиянын тигізеді екен. Оның миллиардтан бір бөлігі фотосинтездің жылдамдығын баяулатады. Ал жасыл өсімдіктер атмосфераны ауамен қамтамасыз ететіндігі сіздерге белгілі. Кейінірек ДДТ-ның басқа пестицидтер тәрізді кумулятивтік эффектісі бар екендігі анықталды. Оның әсері уландырудан бастап мутагендікке дейін жетті. ДДТ тұрақты болғандықтан, ол қоректену тізбегімен өсімдіктер организміне өтедіде, өсімдікпен қоректенетін жануарларға, олардан аңдарға беріледі. Өсімдік және жануар тектес тағаммен тамақтанудың арқасында ДДТ адам организміне де түсетіндігін сезіп отырған боларсыздар. Осылайша жылжу кезінде әрбір организмде жинақталған ДДТ -- ның шамасы 10 есе артып отырады. Организмде жиналған препарат ондағы басқа заттармен қосылысып, улылығы артады да, адамдарды, жануарларды өлтіре алатын шамаға жетеді. Табиғи жағдайда ДДЭбастапқы ДДТ-дан да қауіпті. Себебі ДДЭ-нің ыдырау алғашқысынан да баяу жүреді. Ауылшаруашылығында пестицидтерді пайдаланудан гөрі өсімдіктерді қорғаудың биологиялық жолы іздестірілуде және пестицидтер пайдаланылмаған экологиялық таза өнім алу көзделіп отыр. Пестицидтердің адам организміне зиян екенін, табиғи процестерді бұзып, қоршаған ортаны ластайтынын ескеріп, оны өте сақтықпен басқа шара жоқ болған жағдайда ғана пайдаланған жөн. Бунақденелілермен күресудің кейінде шыққан биологиялық әдісінің бірін айта кетейік. Ол түрпілі материалдарды (абразивы) қолдану. Түрпілі материалдарды бунакденелілер көп жүретін жерге себеді. Оның үстімен жүріп өткен жәндіктің денесі кеуіп қалады, себебі сыртқы жабыны зақымданады. Түрлі заттардың өсімдіктерге, жануарларға және адамдарға ешқандай зияны жоқ [3].
1.1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану кезіндегі қауіпсіздік ережелері
1. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау, тасымалдау және қолдану пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі ұсынымдарға, сондай-ақ қолданыстағы экологиялық қауіпсіздік талаптарына және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормаларға сәйкес жүргізіледі.
2. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау және қолдану санитарлық-қорғаныс аймақтары мен кәсіпорындар, құрылыстар және басқа да объектілердің санитарлық жіктемесі жөніндегі қолданыстағы санитарлық нормалар мен ережелер талаптарын сақтай отырып жүргізіледі.
3. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау бұл үшін экологиялық қауіпсіздік, құрылыс және санитарлық-эпидемиологиялық ережелер мен нормалар талаптарына жауап беретін арнайы қоймалық үй-жайларда жүзеге асырылады.
4. Пайдаланатын немесе жабық қойма үй-жайларының жұмыс істеуінің гигиеналық қауіпсіздігінің өлшемдері жұмыс аймағының ауасындағы, атмосфералық ауадағы, ашық сутоғандар суындағы және топырақтағы химиялық заттардың шектеулі жоғарғы қоспалары, сондай-ақ физикалық факторлардың шектеулі рұқсат етілген деңгейлері болып табылады.
5. Пестицидтерді (улы химикаттарды) сақтау кезінде физикалық-химиялық қасиеттері (ұшпалығы, тотығуы және басқа қасиеттері), өрт және жарылыс қауіптілігі, реакциялық белсенділігі, температуралық сақтау режимі бойынша үйлеспейтін препараттарды бөлек сақтау үшін жағдай жасауды қоса алғанда, ыдыстың затбелгі жапсырмасында, нақты пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі ұсынымдарда, олардың жіктеме шифрларында көзделген талаптарды сақтау қажет.
6. Пестицидтерді (улы химикаттарды) поддондар мен сөрелерді пайдаланбастан қойманың еденінде үйіп сақтауға жол берілмейді. 7. Төгілген жағдайда пестицидтерді (улы химикаттарды) бейтараптандыру үшін қойма үй-жайлары сақтаулы пестицидтердің (улы химикаттардың) ыдыстың затбелгі жапсырмасында көрсетілген дезактивациялау құралдарымен қажетті мөлшерде қамтамасыз етіледі. 8. Халықтың тұру жағдайына қолайсыз әсер етудің алдын алу және болдырмау мақсатында қойма үй-жайларының аумақтарында және санитарлық-қорғаныс аймақтары шегінде талдау және аспаптық бақылау әдістерін пайдалана отырып тұрақты бақылау жүзеге асырылады. 9. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау көлік саласындағы уәкілетті орган берген қауіпті жүктерді тасымалдауға арналған лицензиясы болған кезде жүзеге асырылады. 10. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау, тасымалдау кезіндегі қауіптілік туралы ақпарат жүйесінің авариялық кәртішкелерін ("Абайла - пестицидтер (улы химикаттар)") қоса алғанда, әр түрлі көлік түрлерінде қолданылатын қауіпті жүктерді тасымалдау ережесінің талаптарына сәйкес өндірушінің герметикалық ыдысында, арнайы жабдықталған және тиісті таңбасы бар көлік құралдарында жүзеге асырылады. 11. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау белгіленген үлгідегі арнайы санитарлық паспорты бар көлік құралдарында ғана жүзеге асырылады. 12. Тамақ өнімдерін, жемшөп пен ауызсуын пестицидтермен (улы химикаттармен) және дәріленген тұқымдармен бірге немесе бұрын пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау үшін пайдаланылған көлік құралдарында тасымалдауға жол берілмейді. 13. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдау үшін пайдаланылған көлік алдын ала тазартылмай және залалсыздандырылмай басқа азық-түліктік емес жүктерді тасымалдауға жол берілмейді. 14. Физикалық-химиялық қасиеттері (ұшпалығы, тотығуы және басқа қасиеттері), өрт және жарылыс қауіптілігі бойынша үйлеспейтін пестицидтерді (улы химикаттарды) бірлесіп тасымалдауға жол берілмейді. 15. Тасымалдау кезінде көлік құралдарында бөгде адамдардың болуына жол берілмейді. 16. Көлік құралдары тасымалдау жұмыстары аяқталған және пестицидтерден (улы химикаттардан) босаған соң ыдыстың затбелгі жапсырмасында және тасымалданатын препараттардың ілеспе құжаттарында көрсетілген талаптарға сәйкес сумен жуылып, залалсыздандырылады. 17. Пестицидтерді (улы химикаттарды) тасымалдауға арналған әрбір көлік құралы пестицидтерді (улы химикаттарды) бейтараптандыру құралдарымен, тиісті өртсөндіргіштермен, құмның қажетті запасымен және жеке қорғаныс құралдарымен жабдықталады. 18. Дәріленген тұқымдарды сақтау мен тасымалдау мықты, пестицидтерді (улы химикаттарды) өткізбейтін материалдан жасалған, буып-түйілгеннен кейін тығыз жабылатын арнайы ыдыста жүргізіледі. Ыдыста "дәріленген" деген анық таңба жасалады. 19. Жеке және заңды тұлғаларды пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі жұмыстарға жіберу тиісті нормативтік құқықтық кесімдерде көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. 20. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер (улы химикаттар) тізімімен қамтылатын пестицидтер (улы химикаттар) ғана қолдануға жатады. 21. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану тіркеу куәлігі болған кезде ғана жүзеге асырылады. 22. Пестицидтермен (улы химикаттармен) істелетін барлық жұмыстар беттері тігілген және нөмірленген журналдарда тіркеледі, оларда міндетті түрде мынадай мәліметтер көрсетіледі: 1) пестицидтің (улы химикаттың) атауы; 2) әсер етуші заттың атауы және қабылданған пестицидтер жіктемесіне сәйкес пестицидтің (улы химикаттың) қауіптілігі; 3) зиянды организмнің атауы; 4) жұмсау нормасы; 5) ерітіндінің көлемі; 6) ерітіндінің дайындалған күні; 7) өңдеу түрі (жер үсті, авиациялық, аэрозольдік); 8) өңдеу орны мен алаңы; 9) өңделген күні; 10) өңделген дақылдың түрі. 23. Пестицидтермен (улы химикаттармен) жұмыс істелетін орындар пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану жөніндегі жұмыстарды жүргізу кезіндегі қауіпсіздік шаралары туралы көрнекі құралдармен, нұсқаулармен, жадынамалармен қамтамасыз етіледі. 24. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану пайдалану (қолдану) регламенттеріне (жұмсау нормасы, өңдеу тәсілі мен еселігі, шектеулер, күту мерзімдері, ұсынылған жеке қорғаныс құралдарынан қолдану) сәйкес жүзеге асырылады. 25. Пестицидтермен (улы химикаттармен) жұмыс істеген кезде жұмыс орындарында темекі шегуге, ашық отты пайдалануға, тамақ ішуге жол берілмейді. 26. Өсімдіктерді пестицидтермен (улы химикаттармен) тозаңдатуды және бүріктіруді ерте таңғы және кешкі сағаттарда желдің жылдамдығы жерүсті аппаратурасын қолданған кезде 3 мс және авиацияны қолданған кезде 2 мс аспағанда жүргізуге рұқсат етіледі. 27. Қала саябақтарын, гүлбақтарды, бульварларды, көшелер мен даңғылдарды, оның ішінде трамвай жолдары мен жолөтпелерді пестицидтермен (улы химикаттармен) ошақты өңдеу өте кешкі, түнгі және ерте таңғы сағаттарда, пестицидтердің (улы химикаттардың) ең төмен жұмсау нормасымен, жерүсті штангалық аппаратураны пайдалана отырып және тұрғын үйлерге дейінгі санитарлық қашықтықты 50 метрден кем емес сақтай отырып жүргізіледі. 28. Пестицидтерді (улы химикаттарды) шаруашылық-ауызсу су құбырлары көздерінің қатаң режим аймағында қолдануға жол берілмейді. Шектеу аймағында қауіптілігі 1 және 2-сыныпты пестицидтерді (улы химикаттарды) пайдалануға тыйым салынады. 29. Пестицидтерді (улы химикаттарды) балалық, спорттық-сауықтыру, медициналық мекемелер, мектептер, қоғамдық тамақтану және тамақ өнімдерін сату кәсіпорындары аумағында қолдануға жол берілмейді. 30. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолданған кезде барлық орталықтандырылмаған сумен жабдықтау (құдықтар, ұңғымалар) көздері берік жабылуы қажет. 31. Балдырларды, арамшөптерді, масалардың құрттарын, қоқысты балықтарды жою мақсатында сутоғандарды пестицидтермен (улы химикаттармен) өңдеу санитариялық-эпидемиологиялық қорытынды негізінде жүргізіледі. 32. Уақытша сақтауға арналған арнайы орындардан басқа, жұмыс орындарында пайдаланылмаған пестицидтерді (улы химикаттарды) қалдыруға жол берілмейді. 33. Пестицидтерді (улы химикаттарды) қолдану кезінде бұзушылықтар болған жағдайда пестицидтердің (улы химикаттардың) қалдық мөлшерінің болуына талдау зерттеулері жүргізілгенге дейін ауыл шаруашылығы өнімін сату тоқтатылады. Пестицидтердің (улы химикаттардың) құрамы белгіленген ең кеп рұқсат етілетін деңгейден артық өнімді халыққа сатуға жол берілмейді. 34. Азық-түлік запастары немесе ауыл шаруашылығы жануарлары мен құстарға арналған жемшөп салынған қоймаларда кеміргіштермен күресу кезінде сусымалы (оның ішінде дәндік) уландырылған еліктіргіштерді ыдысқа салынбаған тамақ өнімдері мен жемшөптердің жақын маңына салуға жол берілмейді. Дератизациялық құралдарды кеміргіштер оңай бүлдіретін ыдыстарға (картон қораптар, қағаз қалталар, қаптар және т.б.) салынған тамақ өнімдерінің арасына орналастыру қажет болған жағдайда кеміргіштердің еліктіргіштерді тасуын және улы заттардың абайсызда тамаққа түсуін болдырмайтын арнайы қорғаныс контейнерлеріне салынған дератизациялық блоктар (парафиндік, балауыздық) қолданылады. 35. Жеке және заңды тұлғалардың пестицидтерді (улы химикаттарды) аэрозольдік және фумигациялық тәсілдермен қолдану жөніндегі қызметі заңнамада белгіленген тәртіппен берілген лицензия негізінде жүзеге асырылады [3].
1.2. Пестицидтердің классификациясы
Химиялық табиғаты және патогендік қасиетіне байланысты пестицидтердің бірнеше: гигиеналық, химиялык., өнеркәсіптік классификациясы бар. Пестицидтер улылық дәрежелерінің әртүрлі болуымен ерекшеленеді. Улылығын бағалау үшін тәжірибеге алынған жануарлардың 50% өлетін дозаны, яғни орташа өлтіру дозасын (ЛД50) пайдаланады. ЛД50 мөлшеріне байланысты пестицидтерді: кушті әсер ететін улы заттар, улылығы жоғары, улылығы орташа,және улылығы төмен деп бөледі. Тұрақтылығына байланысты пестицидтерді: өте тұрақты (ыдырау уақыты 2 жылдан көп); тұрақ ты (0,5-1 жыл); салыстырмалы тұрақты (1-6 ай); тұрақтылығы аз (1 ай) деп бөледі. Көбіне хлорорганикалық, фосфорорганикалық және сынапорганикалық пестицидтер жиі қолданылады. Әсер ету обьектісіне (арамшөптер, зиянды жәндіктер, жылы қанды жануарлар) және химиялық табиғатына байланысты пестицидтер мынадай топтарға бөлінеді:
1-кесте
Пестицидтердің кластары
Кластар
Негізгі химиялық топтар
Альгицидтер
Органикалық қосылыстар (брестар)
Фунгицидтер
Дикарбоксимидтер(каптан) Хлорлы ароматикалық көмірсутектер (пентахлорфенол) дитиокарбаматтар (манеб) сынапқосылыстары (фенилсынап ацетаты)
Гербицидтер
амидтер, ацетамидтер (пропанил) бипиридилдер (паракват) карбаматтар, тиокарбаматтар (барбан) феноксиқышқылдар (2,4,-Д) динитрофенолдар (динитрокрезол) динитроанилин (трифлюралин) мочевина туындылары (монурон) триазиндер (атразин)
Нематоцидтер
галогенді алкандар (этилен дибромид)
Моллюскоцидтер
хлорлы көмірсутектер (байлусцид)
Инсектицидтер
хлорлы көмірсутектер ДДТ (ДДТ) аналогтары (алдрин) циклодиендер хлорлы терпендер (токсафен) фосфорорганикалық қосылыстар (паратион) карбаматтар (карбарил) тиоцианаттар (летан) динитрофенолдар (ДНОК) фторацетаттар (ниссол) өсімдік улары никотин ротеноидтар (ротенон) перитроидтар (перитрин) өсуші гормондардың аналогтары (метопрен) мышьяк туындылары (қорғасын арсенаты) фторқосылысты қосылыстар (натрий фториді)
Акарицидтер
күкірторганикалық қосылыстар (овекс) формамидин (хлордимеформ) динитрофенолдар (динекс) ДДТ аналогтары (хлорбензилат)
Родентицидтер
антикоагулянттар (варфарин) алкалоидтар (стрихнин сульфаты) фторқосылысты қосылыстар (фторацетат) тиомочевина туындылары (нафтилтиомочевина) каллий қосылыстары (таллий сульфаты)
Пестицид жалпы жиынтық термин, оның ішіне әр түрлі зиянды организмдрмен күресуге арналған барлық химиялық заттар кіреді. Бүгінгі таңда пестицидтерге өсімдіктің өсуін, дамуын реттегіштерді, дефолянттар мен десиканттарды т.б. заттарды жатқызады [1]. Пестицидтерді пайдалану ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының өнімділігін арттырады, өсімдіктерді қорғауда маңызы зор. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының мәліметтері бойынша жыл сайын дүние жүзінде пестицидтерді пайдаланудың салдарынан 500 000-нан 2 миллионға жуық адам уланып, олардың 10-40 мыңы өлім жағдайымен аяқталатыны туралы статистикада тіркелген. Көптеген елдерде пестицидтерді пайдалануға тыйым салынған. Әсіресе дихлордифенилтрихлорметилметанды (ДДТ) пайдалануға болмайды. Пестицидтер ішінде - дихлордифенолтрихлорэтанды (ДДТ) іс жүзінде көп қолданылып келді. 1940 жылы швейцария химигі Пауль Мюллер ең алғаш химиялық синтездеу жолымен ДДТ-ны тауып, оны ауылшаруашылығының зиянкестерімен күресуге пайдалануды ұсынған. Алғашқыда бұл зат адамдардың көптеген қиыншылықтарын шешті. ДДТ-ны пайдаланып кесірткелер мен көптеген зиянкес бунақденелілерге қарсы күрес ретінде қолданса, ауру таратушы масаларды жойып, миллиондаған адамдарды безгек ауруынан құтқарды. Сондай-ақ пестицидтерге өсімдіктердің жапырақтарын жою үшін пайдаланатын - дефолианттар, Дефолианттар -- (лат. folium -- парақ) -- өсімдіктен жапырақтарды түсіретін химиялық зат. Көптеген дефолианттар улы болғандықтан, адамдар мен жануарлар үшін қауіпті. АҚШ әскерлері Вьетнамда дефолианттарды немесе оның гербицидтермен аралас түрін шекараларды белгілеу үшін, орман және егістіктерді жою үшін немесе әуеден нысанаға соққы беру, жол алқаптарын, байланыстың әуе желісін, т.б. объектілерді жапырағы мол өсімдіктерден тазалау мақсаттарында колданды. Бұл кезде адамдар мен жануарлар уланып қалу жағдайы да көптеп кездесті. Өсімдіктің артық гүлдерін құрту үшін - дефлоранттар, өсімдіктің дамуы мен өсуің реттейтін - химиялық заттар, арамшөптерді жою үшін _ гербицидтер, жәндіктер, кемірушілер және басқа да жануарларды үркіту үшін қолданылатын химиялық заттар - репелленттер, жою үшін алдымен жәндіктерді еліктіретін - аттрактанттар, жәндіктерді жыныстық стерилдеу үшін қолданатын - стерилизаторларды жатқызады. Пестицидтерді пайдалану ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығының өнімдерін арттырғанымен топыраққа, қоршаған ортаға зиянды. Пестицидтердің ішінде - дихлордифенилтрихлорэтан (ДДТ) көп қолданылады. Кезінде дүние жүзінде жыл сайын осы пестицидтің 100 мың тонна мөлшері шығарылып отырған. Соңғы жылдары АҚШ, ТМД елдерінде, Венгрияда, Швеңияда, Нидерландыда және т.б. елдерде ДДТ-ның шығарылуы тоқтатылған. Себебі ауыл шаруашылығына тигізетін пайдасынан экологиялық тұрғыдан зияндылығы асып түскен. Жартылай ыдырау мерзімі 50 жылдан артық болғандықтан, қоршаған орта обьектілерінде жинақталған ДДТ қоректік тізбек арқылы адамдар мен жануарлардың денесіне өткен. Осы жағдайдың салдарынан әсіресе балалар өлімі, тұрғындардың арасында басқа да ауру түрлері көбейген. ДДТ- ның биосферада көп таралғаны соншалықты, Антарктидадағы пингвиндердің бауырынан да табылған. Сондықтан қоршаған ортаның пестиңидтермен ластануын азайту үшін өсімдіктерді қорғаудың биологиялық әдістерін кеңінен қолдану керек.
Табиғатты қорғаудың басты механизмдерінің бірі гигиеналық және санитарлық-техникалық (немесе экологиялық) нормативтер негізінде санитарлық бақылауды жүргізу және ауа атмосферасы, су, топырақ сапасын нормалау болып табылады. Нормалау - Бұл ластанудың адамдардың тұрмыс-тіршілігі мен денсаулығына әсерінің қауіпсіз деңгейлерін сипаттайтын және қоршаған орта обьектілерінде олардың сандық көрсеткіштерін анықтау болып табылады. Адам организмінде қайтымсыз өзгерістер болдырмау үшін медик-гигиенистер жағымсыз факторлардың организм тіршілігі үшін шекті мөлшерлі деңгейін белгілейді.Қоршаған ортаның нормалайтын факторына байланысты: Шекті мөлшерлі деңгей(ШМД) - организмге әсері (жеке фактор өзі немесе басқа факторлармен бірге), организмге немесе онын ұрпағында биологиялық өзгерістерге, әртүрлі аурулар мен психологиялық өзгерістерге (интеллектуалдық және эмоционалдық қабілетінің төмендеуі, ақыл-ой жұмысының қабілеті) алып келмейтін жағымсыз фактордың жоғарғы мәні. Жағымсыз факторлар химиялық топтарға жататын болса, Мұндай жағдайда шекті мөлшерлі деңгей - шекті мөлшерлі концентрация (ШМК) деп аталады. Шекті мөлшерлі төгінді (ШМТ) - су сапасының нормасын қамтамасыз ету үшін белгілі бір уақыт ішінде су обьектіне төгілетін ақпа сулардағы рұқсат етілген ең жоғарғы заттар салмағы.
Инсектицидтер (лат. insectum - жәндік және caedo - жою) - зиянды жәндіктерді құртуға арналған химиялық заттар.Организмге ену жолына байланысты Инсектицидтер бірнеше топқа ажыратылады:
* Жанасу Инсектицидтері - жәндіктердің сыртқы тері қабаттарымен жанасуы арқылы енеді; олар шанышқылы-сорғыш ауыз органдары бар жәндіктерді (биттер, қандалалар) жоюға арналған.
* Ішек Инсектицидтері - Инсектицидтерімен өңделген өсімдіктерді немесе уландырылған жемдерді жеуі арқылы жәндіктердің асқазан-ішек жолына енеді; олар кеміретін жәндіктерді (шегірткелер, қоңыздардың дернәсілдері мен ересектері, көбелектердің жұлдызқұрттары) жоюға арналған.
* Жүйелі инсектицидтер - өсімдікке топырақтың тамыры арқылы немесе беткі жағынан өсімдіктің сөлі мен ұлпалары арқылы еніп, жүйке-талшық жүйесі бойына тарайды.
* Фумигант немесе тыныс Инсектицидтері - жәндіктердің организміне бу, газ күйінде дем алу органдары арқылы енеді.
Инсектицидтердің көпшілігі органикалық заттардан тұрады, оларды синтетика жолмен алады. Солардың ішіндегі маңызы зор болып табылатын хлорлы органик және фосфор органик. Инсектицидтер Қазір күшәла мен фтор қосылыстары бар органикалық емес Инсектицидтер қолданылмайды. Бірқатар хлорлы органик. Инсектицидтер (альдрин, дильдрин, т.б.) мен ДДТ-ны (химиялық препарат) пайдалануға барлық дамыған елдерде тыйым салынған. Ауыл шаруашылығына кеңінен ендіріліп жатқан синтетика пиретроидтардың үлестік шығын мөлшері аз (1 га-ға 25-тен 200 га-ға дейін) және қоршаған ортаға зиянды газдарды шығаруы төмен. Оларды әр түрлі тәсілмен қолданады (бүрку, себу, тозаңдату, фумигация).
Акарицидтер (гр. akarі -- кене және лат. caedo -- өлтіру) кенежойғыштар -- кене жойғыш дәрілер.Олар негізінен астық, көкөніс, жеміс-жидек, мақта тағы басқа дақылдарға түскен кенелерді жою үшін қолданылады. Сонымен қатар акарицидтер мал шарушылығына көп зиян келтіретін және жұқпалы ауруларды тасымалдайтын экзопаразит кенелерді құрту үшін де пайдаланылады. Акарицидтердің түрін таңдау, қолдану тәсілі мен мерзімін белгілеу олардың уытына және кенелердің түрлеріне байланысты. Кейбір кенелердің көбею кезеңдері өте жиі болғандықтан олардың акарицидтерге төзімді басқа түрлері жылдам пайда болады [3].
1.3. Бүрку түрлері
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігімен пресс-тур ұйымдастырылып, Львов және Костычев ауылдық округтарының жұмыскерлері журналистерге Ақмола облысының Жарқайың ауданында шегіртке зиянкестерінің үйірлі түрлеріне қарсы өңдеу қалай жүргізілетіні көрсетті. Аймақта шегіртке зиянкестерімен күресу үшін аса жеңіл авиацияның 13 борты, 4 аэрозольдік генераторлар және 2 УМО атомайзерлік бүріккіштер қамтылған. Республика бойынша өсімдіктерді химиялық қорғауға барлығы 302 бірлік бүріккіш техникалар қамтылған, оның ішінде, 18 ұшақ, аса жеңіл авиация (АЖА)-43 борты, аэрозольді генераторлар - 43 бірлік, атомайзерлік бүріккіштер - 169 бірлік, жер үсті бүріккіштері - 25 бірлік және иыққа ілетін бүріккіштер - 4 бірлік. 2014 жылы аймақта республикалық бюджет қаражаты есебінен шегіртке зиянкестерінің үйірлі түрлеріне қарсы химиялық өңдеулер 580,1 мың гектар алаңда жүргізу жоспарлануда, оның ішінде италияндық прусқа қарсы 579,2 мың гектар және азия шегірткесіне қарсы 0,9 мың гектар. Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы ММ мәліметі бойынша Ақмола облысында италиандық прус бойынша көктемгі-жазғы кезеңдеді мониторингтің жоспары 1 210 мың гектарды құрайды. Ү.ж. 19 маусымдағы жағдай бойынша италиян шегірткесіне тексеру 580,0 мың гектар алаңда жүргізілді, өңдеуге жататын алаң 371,0 мың гектарды құрады, химиялық өңдеулер 355,0 мың гектар алаңда жүргізілді. Республика аумағында шегірткелердің үйірлі түрлерінің таралуы 4,2 млн. гектар алаңда болжамдалуда. ҚР АШМ-нің 19 маусымдағы мәліметі бойынша шегірткенің үйірлі түрлеріне қарсы химиялық өңдеулер шамамен 3,2 млн. гектар алаң белгіленді. Шегіртке тектес зиянкестермен орналасқан жаңа жерлерді анықтау жұмыстары жалғасуда. Бүгінгі күні республикада италиан шегірткесі бойынша өңдеуге жатқызылған 3,0 млн. гектар алаңның 2,8 млн. гектары өңделді. Азиа шегірткесі бойынша өңдеуге шамамен 485,0 мың гектар жатқызылған, ү.ж. 19 маусымдағы мәлімет бойынша оның 134,0 мың гектары өңделді, ал марокко шегірткесіне қарсы химиялық өңдеулер аяқталды. Пестицидтерді сатып алу және оларды сақтау, тасымалдау және қолдану жөніндегі қызмет көрсетулерді сатып алу конкурстары уақытылы өткізілді. Сатып алынған пестицидтер аймақтарға бөлініп, жеткізілді. Үстіміздегі жылы шегірткелермен күресу үшін аз уытты (IV сыныпты) препараттар қолданылады, оларды санаторлық-курорттық, су қорғау аймақтарында және елді мекендерде, сондай-ақ орташа уытты (IV сыныпты) инсектицидтерді қолдануға болады. Аэрозольдер дегеніміз дисперстік фазасы не сұйық, не қатты дене, ал дисперстік ортасы газ, әдетте, ауа болып келетін дисперстік системалар. Бұған тұман, түтін, шаң сияқтылар мысал болады. Аэрозольдердің дисперстілігі коллоидты бөлшектікінен кіші болғандықтан, ондағы бөлшектер ірілеу және біркелкі бола бермейді; Мысалы, темекі түтініндегі бөлшек өлшемі 0,1 -- 1,0 мкм. Мұнын, арасында диспергациялық әдіс жиі қолданылады: электр өрісінде шашу; Ауа қысымы арқылы тозаңдату; Ультрадыбыс көмегімен тозаңдату; Сұйықтарды ультрацентрифуга тәсілі бойынша тозаңдату. Аэрозольдердің кинетикалық тұрактылығы бөлшектердің өлшемімен анықталады. Аэрозоль бөлшектерінің шөгу жылдамдығы дисперстік ортаның тұтқырлығына тәуелді седиментациялық теңдеу арқылы анықталады. Мысалы, судан 1 сантиметр биіктіктен 10 минутта төмендейтін аэрозоль бөлшегі ауадағы осындай жолды бір секундта жүреді екен. Олар тұрақсыз болады, өйткені аэрозоль бөлшектері газбен де, сұйықпен де әрекеттеспейді. Ондағы бөлшектер космостық, гамма-ультракүлгін сәулелер әсерінен зарядталуы мүмкін. Әйтсе де ондағы заряд шамасы үлкен болмағандықтан, ол агрегацияға кедергі жасамайды. Ондағы зарядты жасанды жолмен арттыруға болады. Азрозоль бөлшектерінде коллоидты системалардағыдай диффузиялық қабат болмайды. Тұмандағы сұйық бөлшектер шар тәрізді болады, ал түтін мен шаңдағылар түрлі заттар мен кристалдардың сынықтарынан тұрғандықтан, олар аморфты және әр түрлі пішінді. Олар конденсация немесе диспергация негізінде туындауы мүмкін. Конденсациялық әдіс аэрозольдерді жоғары дисперстілікте және біркелкі етіп алуға мүмкіндік береді. Мысалы, газ күйіндегі хлорлы сутек пен аммиак қоспасынан қатты күйдегі ұнтақты аэрозольді алуға болады: НС1 + NН3 = NН4С1. Күкірт (VI) оксидін су буымен араластырғанда сұйық аэрозоль алынады: SОз + Н2О = Н2SО4. Аэрозольдердің пайда болуы беттік энергияның едәуір артуымен байланысты болғандықтан, ол біраз энергетикалық кедергілерді жеңумен сәйкес келеді. Сондықтан да конденсациялық тәсіл кезінде біршама қаныққандык, яғни тепе-теңсіздік қажет. Мұндай жағдайда буды бірден конденсациялау керек. Табиғаттағы тұман осылайша туындайды. Егер системада ұйтқы заттар болса, аэрозольдің түзілуі жеңілдейді. Аэрозольдер коллоидты системалар сияқты жарыкты шашыратады және олар Релей теңдеуіне бағынады. Осы кезеңде, дисперсті фаза мен дисперстік орталардың тығыздығы мен сыну көрсеткіштерінің айырмасы айтарлықтай өзгешелікте болуына байланысты аэрозольдердің оптикалық қасиетінің, әсіресе, жарық шашыратуының ерекше мәнде болатынын ескерген жөн. Оптикалық қасиетке негіздеп түтін пердесін қолданады. Олардын арасында фосфор (V) оксидінің орны ерекше. Оның жарықты шашырату және жұту қабілеті бірлік өлшем ретінде қабылданған. Аэрозольдердің қолданбалық орны ерекше мәнді. Аэрозоль 240 күйіндегі инсектицид өсімдіктерді түрлі зиянкестерден қорғайды. Сол сияқты медицина мен парфюмериядағы кейбір дәрі-дәрмектер, препараттар тек аэрозоль күйінде қолданылады. Кейбір жағдайларда аэрозольдер теріс роль атқарады. Мысалы, металлургия, цемент, химия өндірісі сияқты салаларда әрі айналаны қоршаған ортаға зиянды, әрі құнды заттар түтін, шаң, тозан, құрамында сыртқа шығарылады. Атап айтқанда шамамен тәуліпне он мың тоннадай кенді өңдейтін мыс балқыту заводының мұржасынан көк түтінмен бірге айналаға 26 кг АsSз; 1,9 т Sb, 2 т S; 1,9 т Сu; 2,2 т Рb; 2,8 т Zn; шығады екен.Соңғы кездері қоршаған ортаны қорғау адамзат денсаулығын сақтаумен тікелей сабақтас болып, ол мемлекеттік, дүниежүзілік мәні бар мәселе болып отыр. Жылу электр станциялары мен цемент заводтарынын, 2 км радиусында күн жарығы өзінін. 29%-ке дейінгі сәулесін, ал ультракүлгінді бөлігі 65%-ін жоғалтады екен. Ал үлкен қалалардың үстіндегі күн жарығының қуаты 30 -- 40%-ке төмендейді. Көмір, қант, қағаз сияқты органикалық қосылыстардың аэрозольдары қопарылғыш келеді. Олар оттекпен жеңіл әрекеттесіп, көп мөлшерде жылу бөледі. Өндірісте шаң-тозаңмен күресу үшін түрлі шан, ұстағыш камералар қолданылады. Аэрозоль ағымы үлкен камераға еніп, көлемі бірнеше есе үлкейіп, жылдамдығын жоғалтады. Осы кезде шаң-тозаңдар шөгеді. Сол секілді түрлі желдеткіш көмегімен аэрозольді кездемеден жасалған сүзгіштер арқылы өткізеді де тазалайды. Циклондарда бұрандалы бағытпен қозғалған аэрозоль бөлшектері қабырғаға қақтығысып, жылдамдығын жоғалтады да төмен шөгеді. Соңғы кезде электр сүзгіштері де жиі қолданылуда [3].
II. Негізгі бөлім
2.1. Жалпы қорғау шаралары
Бүкіл әлемде ауыл шаруашылығының жалғасып жатқан қарқынды химиялануы жыл сайын планетаның биосферасына - барлық жануарлар мен адамдар тіршілігіне - әртүрлі бөтен химиялық заттар (ксенобиотиктер), соның ішінде пестицидтердің көп мөлшерде түсуіне әкеледі. Сондықтан да, химиялық ластағыштардан (поллютанттардан) қоршаған ортаны қорғау мәселесі үлкен маңызға ие болды. Экожүйелер мен ландшафтарда пестицидтердің өзгеруі мен сипатын зерттеу - экожүйелер мен ландшафтарда ксенобиотиктер мен табиғи улы заттардың сипатын зерттейтін ғылымның қоршаған орта экотоксикологиясының - жаңа ғылыми тәртіптің бөлігі болып табылатын пестицидтер экотоксикологиясының мақсаты. Басқа химиялық заттармен салыстырғанда ортаны ластауы мүмкін пестицидтер төмендегідей сипатқа ие:
1) олардың биосферадағы циркуляциясының қайта қалпына келмеуі (авиация мен жер беті аппаратураларының көмегімен қолданғанда пестицид қоршаған орта объектісіне бірден түсіп, онда толығымен ыдырағанша болады). Қоршаған ортада барлық химиялық қосылыстардың циркуляциясы өзара байланысты сызба - нұсқа бойынша: атмосфера, гидросфера, литосфера және биосфера бойынша өтетіндігі бұрыннан белгілі. Әртүрлі заттардың циркуляциясының ұзақтығы бірдей емес, ал кейбір аз персистентті заттар циркуляцияның барлық кезеңінен өтпейді және алғашқы сатыларының бірінде толығымен ыдырайды. Бірақ персистентті заттар қоршаған ортаның кейбір объектілерінде жиналуға және қатты зиян келтіруге қабілетті. Олар әлемдік мұхитта гидробионттарда олардың концентрациясы болатындықтан жеткілікті қауіпті мөлшерде жиналады;
2) табиғат пен адам үшін потенциалдық қауіп туғызатын белгілеу бойынша препараттардың биологиялық белсенділігі;
3) қорғайтын шаралардың жоғары тиімділігін қамтамасыз ету мақсатында қолданатын шығын мөлшерінің азаюының мүмкін еместігі;
4) препараттардың шаруашылықтың әртүрлі салаларында қолданылуымен, қоршаған ортадағы айналымымен және азық - түлiк өнiмдерiнде қалдықтардың болуымен байланысты көп мөлшердегі адамдардың пестицидтермен жанасуы;
5) табиғи шарттарда препараттардың тұрақтылығы және азық-түлік тізбегі бойынша берілуі;
6) биологиялық белсенді деңгейге жеткенше төмен концен- трациялы препараттарға қатысты ағзаларда пестицидтердің жиналуы. Пестицидтердің ерекшелігіне тәуелді биосферада олардың әсер ету формасы жасалынды.
1. Тұйық әсер: а) зиянкес ағзаларға тікелей; б) қосымша басқа ағзаларға, топыраққа, суға. Пестицидтердің тұйық әсерінің тиімділігі жұмсалу мөлшерімен, формасымен, қолдану әдістерімен, әсерінің таңдамалылығымен және ыдырау жылдамдығымен анықталады.
2. Қолданғаннан кейінгі жақын әсер (ландшафты - аумақтық). Жалғасымдылығы мен әсер ету сипаты бойынша рельефтен, топырақты және климаттық жағдайлардан тәуелді. Неғұрлым климаты құрғақ, топырағы тұзды, жер астындағы су деңгейi жақын болса, соғұрлым топырақта, суда және биомассада тұрақты пестицидтердің және олардың метаболиттерінің екіншілік жиналуы мен сақтаудың ықтималдығы жоғары болады.
3. Қолданғаннан кейінгі алыс әсер (аумақтық - бассейнді). Ол өзендердің хауыздарына олардың жайылмалары және террасалар бойынша ерітінділер, суспензиялар түрінде немесе топырақты коллоидтармен сорбцияланған күйде көшуге қабілетті өте тұрақты препараттарға тән. Жайылмалар, дельталар және эстуарийлардағы миграция, қайта бөлу және жинақтау 3-4 және одан ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz