Бұршақ тұқымдас дақылдар
І. Кіріспе
1.1 Дақылға сипаттама
1.2 Зиянды организмге сипаттама
1.3 Ауруға сипаттама
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жалпы қорғау шаралары
2.2 Химиялық қорғау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
1.1 Дақылға сипаттама
1.2 Зиянды организмге сипаттама
1.3 Ауруға сипаттама
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жалпы қорғау шаралары
2.2 Химиялық қорғау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Оңтүстік Қазақстан облысы – Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 – 92 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2 788 653 адам (2015ж). Орталығы – Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар. Климаты. Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде –7 – 9°С, оңт-нде –2 – 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 – 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 – 150 мм, тау алдында 300 – 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм. Ауыл шаруашылығы. Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн га. Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді.
1. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер(улы химикаттар) анықтамасы Алматы 2011ж А.Ж.Ағыбаев, Ә.Қ.Төлеева.
2. Google интернет желісі http://www.izden.kz/referattar/biologiya-valeologiya/817.
3. Фитопатология Алматы 2014 Карбозова Р.Д, Туленгутова К.Н. 202-210бет.
4. Энтомология Ә.Т.Тілменбаев, Г.Ә.Жармұхамедова. Алматы «Қайнар» 1994ж. 237-247бет.
5. Ізденістер ҚазҰАУ, Қалиев А.Х., Әбдіқадыров Н.О.
6. Жаршы ҚазҰАУ Қожабаев Ж.
7. © izden.kz

Жоспары
І. Кіріспе
1.1 Дақылға сипаттама
1.2 Зиянды организмге сипаттама
1.3 Ауруға сипаттама
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жалпы қорғау шаралары
2.2 Химиялық қорғау
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Оңтүстік Қазақстан облысы - Қазақстан Республикасының оңтүстігіндегі әкімшілік-аумақтық бөлік. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1962 - 92 жылы Шымкент облысы деп аталды. Аумағы 117,3 мың км². Тұрғыны 2 788 653 адам (2015ж). Орталығы - Шымкент қаласы Солтүстігінде Қарағанды, шығысында Жамбыл, батысында Қызылорда облыстарымен, оңтүстігінде Өзбекстан Республикасымен шектеседі. Облыс құрамында 11 әкімшілік аудан, 4 қалалық әкімдік, 7 қала (Шымкенттен басқа), 13 кент, 171 ауылдық округ, 932 ауыл бар. Климаты. Облыстың климаты континенттік. Қысы қысқа, жұмсақ, қар жамылғысы жұқа, тұрақсыз. Қаңтар айының жылдық орташа температурасы солтүстігінде - 7 - 9°С, оңт-нде - 2 - 4°С. Жазы ұзақ, ыстық, қуаң және аңызақты. Шілде айының жылдық орташа температурасы 25 - 29°С. Шөлді аймағында жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 100 - 150 мм, тау алдында 300 - 500 мм, биік таулы бөлігінде 800 мм. Ауыл шаруашылығы. Облыстың ауыл шаруашылығына жарамды жерінің аумағы 10,3 млн га, оның ішінде жыртылатын жер аумағы 0,8 млн га. Ауыл шаруашылығында 63,3 мың шаруа (фермер) қожалығы, 956 ӨК, 6 АҚ, 608 ЖШС жұмыс істейді. Олар жалпы респ. ауыл шаруашылығы өнімінің 12,2%-ын береді. Ауыл шаруашылығының басты саласына стратегиялық маңызы бар мақта өсіру мен өндіру жатады. Оның егіс көлемі 170 мың га-ға (егіс көлемінің 30%-ы) жетті. Шитті мақтаны өңдеумен жылдық қуаты 650 мың тонналық 19 мақта зауыты айналысады. Олар облыстың Мақтаарал, Сарыағаш, Шардара ауданында және Түркістан қалалық әкімдігі жерінде орналасқан. Облыс әкімшілігі 2003 жылдың соңында мақта иіру фабрикаларының құрылысын бастады. Егіннің орташа жылдық өнімі: бидай - 400 мың т, күріш - 10 мың т, шитті мақта - 360 мың т, көкөніс - 400 мың т, бақша өнімдері - 291 мың т, картоп - 115 мың т. 2004 ж. мал саны: ірі қара - 603 мың, қой-ешкі - 3 млн., жылқы - 119 мың, түйе - 14 мың, құс - 1,8 млн., шошқа - 22 мың басқа жетті.
Облыстың жазық бөлігінде топырақ жамылғысын сұр, сортаңды сұр, бозғылт сұр, құмды, құмдақты топырақ құрайды. Тау етегінде шалғындық, таудың қызыл қоңыр топырағы таралған. Негізінен шөл белдеміне тән өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Сексеуіл, жүзгін, жусан, күйреуік, бұйырғын, ши, жантақ, еркекшөп; Сырдария, Шу өзенінің аңғарларында жиде, жыңғыл, тал; тау етегінде бетегелі-жусанды дала, тауларында жеміс ағаштары, арша, альпілік шалғын өседі. Жануарлардан қасқыр, түлкі, қоян, қарсақ, елік, арқар, таутеке, жабайы шошқа, қоңыр аю, барыс, сусар, борсық, шөлді аймақтарда бауырымен жорғалаушылардың түрлері тіршілік етеді. Құстардан ұлар, кекілік, бүркіт, шіл, торғайдың көптеген түрлері мекендейді. Табиғи өсімдіктерді, жануарлар дүниесін сақтап қалу үшін Төле би, Түлкібас аудандары аумағында мемлекеттік Ақсу-Жабағылы қорығы (1926) ұйымдастырылған.
Сарыағаш ауданы 1939 жылы құрылған. Оңтүстiк Қазақстан облысының ең iрi аудандарының бiрi болып саналады. Қазiргi кезде 7613 шаршы километр аумағы бар ауданда 40-тан астам ұлт өкiлдерiнен құралған 311,3 мыңнан астам халық тұрады. Ауданның әкiмшiлiк-аумақтық құрылымында 1 қала, 1 поселке және 24 ауылдық округтер бар. Сарыағаш аудан әкімдігі 1992 жылы ақпан айында құрылған. Бүгінге ауданда 13 бөлім қызмет атқаруда.
Сарыағаш ауданы - облыстың оңтүстік бөлігіндегі әкімшілік.-аумақтық бөлік. 1928 жылдары Келес ауданы болып құрылған. 1939 жылдан Сарыағаш аталады. Жерінің аумағы 7,7 мың км². Тұрғыны 226,7 мың адам (2003). Аудандағы 154 елді мекен 1 қалалық, 1 кенттік және 24 ауылдық округтерге біріктірілген. орталық - Сарыағаш қаласы Аудан жері негізінен төбелі, қырқалы жазықты келеді. Солтүстігін Белтау жотасы (592 м), батысын Ызақұдық құмы, Қауынбаймолда жотасы, оңтүстігін Шардара бөгені алып жатыр. Жер қойнауында мәрмәр, құм, бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда - 2 - 3°С, шілдеде 24 - 28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 - 300 мм. Ауданның батысын бойлай Сырдария, Оңтүстік-шығысынан Келес, Құркелес, Ащысай өзендері ағып өтеді. Жері сұр топырақты және құмды келеді. Бетеге, жусан, жүзгін, баялыш, өзен бойларында қамыс, бұта, аралас ағаш өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, күзен, жылан мен кесірткенің түрлері кездеседі. Халқы көп ұлтты, басым көпшілігі қазақтар (86,9%), одан басқа өзбектер (4,1%), тәжіктер (2,7%), әзербайжандар (1,2%), орыстар (1,1%), татарлар (0,9%), т.б. ұлт өкілдері тұрады. Ауданда 1 км² жерге 29,4 адамнан келеді.
Жер қойнауында мәрмәр, құм, бентонит балшығы, шипалы минералды суы барланған. Климаты континенттік, қысы жұмсақ, жазы ыстық, қуаң. Ауаның жылдық орташа температурасы қаңтарда - 2 - 3°С, шілдеде 24 - 28°С. Жауын-шашынның жылдық орташа мөлшері 200 - 300 мм. Ауданның батысын бойлай Сырдария, Оңтүстік-шығысынан Келес, Құркелес, Ащысай өзендері ағып өтеді. Жері сұр топырақты және құмды келеді. Бетеге, жусан, жүзгін, баялыш, өзен бойларында қамыс, бұта, аралас ағаш өседі. Қасқыр, түлкі, қоян, саршұнақ, күзен, жылан мен кесірткенің түрлері кездеседі. Климаты континенталды, қысы жылы (-100С төңірегінде), жазы ыстық (+400С-қа жетеді). Өсімдіктердің өсіп-өну мерзімі 220-320 тәулік. Атмосфералық жауын шашындардың орташа жылдық мөлшері 80-300 мм-ге дейін жетеді. Аудан аумағынан сулы Келес және Құр Келес өзендері ағып өтеді.
Дақылға сипаттама. Бұршақ тұқымдасы (лат. Fabceae, немес лат. Fabaceae s.l., немесе лат. Leguminsae, немесе лат. Papilionaceae) - қос жарнақтылар класына жататын бұта, шала бұта, шырмауық, кейде ағаш, көп жылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктертұқымдасы. (1-сурет). Жер шарында кең тараған: 730 туысы, 19,400 түрі белгілі. Қазақстанда 42 туысы мен 650-дей түрі бар.
1-сурет
Ботаникалық сипаттамасы. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бір тобының сабағы мықты емес, жер бауырлап өседі. Ал екінші бір тобының сабағы мықты, тік өседі. Енді бірінің сабағы мұртшаға айналып, өрмелеп өсуге бейімделген. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырағы бірнеше кішкене жапырақтардан құралатын қауырсын тәрізді, күрделі жапырақ; қатар салалы, үшқұлақты, саусақ салалы болып келеді. Гүлі дұрыс құрылмаған - зигоморфты, гүл қоршауы, күлтежапырақшасының мөлшері, пішіні де бірдей емес. Гүлсерігі қосарланған, біріккен тостағанша жапырақтардан - 5 тостағанша, күлтежапырақшадан - 5 күлте түзіледі. Күлтежапырақшалардың пішініне қарай аттары бар. Ең ірі жоғарғы күлтежапырақша - желкен, бүйіріндегісі - ескек, төменгі біріккен екі күлте жапырақша - қайықша деп аталады. Қайықша күлтесінің ішінде 10 аталық, бір аналық болады. Аналықтың бір ғана ұялы түйіні және бірнеше тұқым бүрлері болады. Андроцейіндегі аталық құрылысы туыстарында әртүрлі болады. Ақмия (софора), тентекмия (термопсис) туыстарында андроцейдегі 10 аталығы да бірікпеген бос болады, ал бөрібұршақ (люпин), бекіш (дрок) туыстарында андроцейдегі 10 аталықтары да аталық жіпшелері арқылы бірігіп кетеді. Бұршақ, жоңышқа, сиыржоңышқа (вика), әйкен (чина) туыстарының түрлерінде 10 аталықтың 9 бірігіп, 1 бос болады. Күлтенің түсі әр түрлі: ақ түстен қызыл және күлгін түске дейін өзгереді. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің гүл шоғырлары шашақ гүл, шатыршагүл және жұмыргүл т.б. болады. Жемісі - бұршаққап. Бұршақтың дәні екі қабыршақ болып ашылады және ішінде бірнеше ұрық болады. Ұрықтарының түсі, пішіні және мөлшері әр түрлі болып келеді. Дәнінің негізгі ерекшелігі - оларда ақуыздың көп болуында.
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамыр жүйесі кіндік тамырлы болады. Топыраққа терең бойлап жататын негізгі тамырдан жіңішке тамырлар тарайды, бұл жіңішке тамырлардың көпшілігі топырақ бетінен 20-25 см тереңдікте жатқан қабатқа таралады. Барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырынан жуандаған жерін, яғни тамыр түйнектерін көруге болады, бұл жерлерге ауадағы бос азотты бойына сіңіретін бактериялар жиналады. Оны түйнек бактериялары деп атайды.
Түйнек бактерияларымен бұлар селбесіп (симбиоздық) тіршілік етеді. Түйнек бактериялары ауадағы бос азотты сіңіріп, оны ақуыз заттарына айналдырады. өсімдік тамыры қурағаннан кейін осы ақуызды заттардың есебінен топырақ азотты қосылыстарға байиды.
Гүлдері шашақ гүл шоғырына жиналған, симметриясы зигоморфты. Гүлсерігі қосарланған: біріккен 5 тостағаншасы, пішіні әр түрлі жоғарыда сипатталғандай 5 күлтесі болады, күлтесінің түсі көк. Андроцейі 10 аталықтан тұрады. Аналығы біреу, үстіңгі жатын, бір ұялы, бірнеше тұқым бүрлері болады. Гүл формуласы: Са(5) Со 1+2+(2)А(81+1)G1
Жемісі - спираль тәрізді бұратылған бұршақ қап. Бұршақтар тұқымдасының түйінді тамырында ауадан азот жинайтын бактериялар орналасады. Олар ауадағы бос азотты сіңіріп, топырақты азотпен тыңайтып, құнарландырады. Бұлар бағалы мал азығы (беде, жоңышқа,бұршақ, таспа, т.б.) болып табылады. Ал бұршақ, кестежапырақ сияқты түрлері жасыл тыңайтқыш ретінде өсіріледі. Бұршақ тұқымдасының тех. дақыл ретінде де маңызы зор (мыс., арахис, соя, т.б. майы). Ағаштарының сүрегі құрылыста және жиһаздар жасауға пайдаланылады. Кейбір түрлерінің қабығынанбальзам, шайыр, сапонин, түрлі түсті бояуыш заттар алынады. Олардың ішінде мыс., мия, әйбәтмия, түйежоңышқа, жыланбұршақ сияқты түрлері - дәрілік өсімдіктер. Бұршақ тұқымдасының кейбір түрлері улы, олардың құрамында алкалоидтар, сапониндер, гликозидтер бар (ақмия, бойдана, таспа, кекіре, т.б.).Бұршақ тұқымдасының 120 мыңдай түрі бар (490 туысы бар, олардың көпшілігі өзгергіш полиморфты).[4]
Гүл формуласы:
[5]
[6]
немесе
Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің шаруашылық мәні зор. Бағалы азық-түлік және жемшөптік дақыл ретінде өсіріледі. Қазақстанда егістік және көкөністік мәдени бұршақ тұқымдас өсімдіктерден асбұршақ, үрмебұршақ, соя, жамбас бұршақ өсіріледі. Кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктер әсемдік үшін өсіріледі. Кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктер әсемдік үшін өсіріледі. Оларға сары қараған, ақ қараған және жұпар бұршақтарды атауға болады. Бұршақ тұқымдастар - қосжарнақтылар класына жататын, сырт пішініне қарай ағаш, бұта лиана, шала бұта, көпжылдық және бір жылдық шөптесін өсімдіктер болып келеді. Бұл тұқымдастардың шаруашылық мәні зор. Бағалы азық-түлік және жемшөптік дақыл ретінде ең ірі тұқымдастардың бірінен саналады. Жер шарына кең таралған 500 туысы, 12 мыңнан астам түрі бар. Қазақстанда бұршақ тұқымдастардың 42 туысқа жататын 650-ге жуық түрі бар Қазақстанда, егістік және көкөністік мәдени бұршақ тұқымдас өсімдіктерден асбұршақ, үрмебұршақ, соя, жамбасбұршақ өсіріледі. Кейбір бұршақ тұқымдас өсімдіктер әсемдік үшін өсіріледі. Оларға сары қараған, ақ қараған, және жұпар бұршақтарды атауға болады. Бұршақ тұқымдастардың кейбір іріктемелерінен, мысалы соядан, жер жаңғағынан май алынады. Ал кейбір тұқымдастарынан: қызғылт, қызыл және қара ағаштан қымбат үй жиһаздары жасалады. Сондай-ақ мия тамыр, түйежоңышқа, қоянсүйек сияқтылардан әр қилы дәрі-дәрмектер мен бояулар, илік заттар алынады. Бұл тұқымдастардың бірсыпыра түрлері шалғындықта, тоғай арасында бұта түрінде жабайы да өседі. Бұлар - жоңышқа, түйежоңышқа, егістік беде, т.б. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің бір тобының сабағы мықты емес, жер бауырлап өседі. Ал екінші бір тобының сабағы мықты, тік өседі. Енді бірінің сабағы мұртшаға айналып, өрмелеп өсуге бейімделген. Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің жапырағы бірнеше кішкене жапырақшалардан құралатын, қауырсын тәрізді, күрделі жапырақ болып келеді. Жапырақтарының пішінін көктеп шығу ерекшеліктеріне қарай үш топқа бөлуге болады:Қауырсын тәрізді, жапырақты және тұқым жарнақтары топырақ астында қалып қоятын өсімдіктер - бұршақ, ноқат, жасымық, сиыр жоңышқа және арахис;Үшқұлақты жапырақты және тұқым жарнағы жер бетіне көгеріп шығатын өсімдіктер - сүмбілбұршақ соя;Саусақ салалы жапырақты және тұқым жарнағы сыртқа шығып тұратын өсімдіктер - бөрібұршақ. Бұршақ өсімдіктерінің гүлі дұрыс құралмаған, гүл қоршауы, күлтежапырақшасының мөлшері, пішіні де бірдей емес. Гүлсерігі қосарланған, біріккен тостағанша жапырақтардан - тостағанша, бес күлтежапырақшадан - күлте түзіледі, олардың екеуі біріккен. Күлтежапырақшалардың пішініне қарай аттары бар. Ең ірі жоғарғы күлтежапырақша - желкен, бүйірдегісі - ескек, төменгі біріккен екі жапырақша - қайықша деп аталады. Қайықша гүлінің ішінде 10 аталық, бір аналық болады. Аналықтың бір ғана бір ұялы түйіні және бірнеше тұқым бүрлері болады. Күлтенің түрі әр түрлі: ақ түстен қызыл және күлгін түске дейін өзгереді. Бұршақ тұқымдастардың гүлдері шашақ не шоғырмақ түрлі болады. Жемісі - бұршаққап. Бұршақтың жемісі екі қабыршақ болып ашылады және ішінде бірнеше ұрық болады. Тұқымдарының түсі, пішіні және мөлшері әр түрлі болып келеді.Бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тұқымының негізгі ерекшелігі - оларда ақуыздың көп болуында. Бұршақ өсімдіктерінің тамыр жүйесі кіндік тамырлы болады. Топыраққа терең бойлап жататын негізгі тамырдан жіңішке тамырлар тарайды, бұл жіңішке тамырлардың көпшілігі топырақ бетінен 20-25 см. тереңдікте жатықан қабатқа таралады. Барлық бұршақ тұқымдас өсімдіктердің тамырынан жуандаған жерін, яғни тамыр түйнектерін көруге болады, бұл жерлерге ауадағы бос азотты бойына сіңіретін бактериялар жиналады. Оны түйнек бактериялары деп атайды. Түйнек бактерияларымен бұлар симбиоздық тіршілік етеді. Ал түйнек бактериялар ауадағы бос азотты сіңіріп, оны ақуыз заттарына айналдырады. Өсімдік тамыры қурағаннан кейін осы ақуызды заттардың есебінен топырақ азотты қосылыстарға байиды. Белгілі ғалымдар Д. Н. Прянишников, И. В. Якушин тағы басқларының деректеріне қарағанда өсімдіктердің түріне қарай өніп - өсу кезеңінде түйнек бактериялары 1 га жерде 60-300 килограммға дейін азот жинайды. Міне, сондықтан да бұршақ тұқымдас өсімдіктер ауыспалы егіс жүйесінде аса бағалы дақыл болып саналады. Бұршақты өсімдіктердің пайдасы тек бос атмосфералық азотты қоспа азотқа айналдырып, басқа өсімдіктер сіңіре алатын түрге ауыстыруымен ғана бітпейді. Бұршақты өсімдіктер топыраққа терең кететін, білеу тамырлары болғандықтан, топырақтың терең қабаттарынан өсімдікке керекті кальций тұздарын алып шығады. Өсімдіктер қурағаннан кейін топырақтың үстіңгі қабаты кальций тұзына байып, оны шірінділер өзіне жұтып алады. Кальций тұзы шіріндіге төзімді, яғни суда еріп кетпеуінен сақтайды.Зиянды организмге сипаттама. Ауыл шаруашылығы зиянкестері -- қолдан өсірілетін өсімдіктерді зақымдайтын не мүлдем құртып жіберетін жәндіктер мен жануарлар. Оларға омыртқасызжануарлардан жұмыр құрттар, өсімдік қоректі кенелер, жәндіктер, жалаңаш шырындар және ұлулар, ал омыртқалы жануарлардан -- құстар мен сүт қоректілердің кейбір түрлері (кеміргіштер) жатады. Зиянды жәндіктер мен кенелер қоректік заттарына байланысты монофагтар, олигофагтар және полифагтар болып 3 топқа бөлінеді. Монофагтар өсімдіктердің бір ғана түрімен немесе бір-біріне ұқсас бірнеше түрлерімен (бұршақтың дәнек қоңызы, таңқурай кенесі), олигофагтар өсімдіктердің бір тұқымдасына жататын көптеген түрлерімен (орамжапырақ тұқымдасының бүрге қоныздары мен қандалалары, түйнек бізтұмсықтары, дәннің сұр көбелегі), полифагтар өсімдіктердің көптеген түрлерімен (шегірткелер, шыртылдақ қоңыздар, күздік көбелек) коректенетінеді. Жәндіктер өсімдіктің ұлпасын, жапырақтарын, тамырын, жемістерін кеміріп немесе сорып бүлдіреді. Зақымдалған өсімдіктердің зат алмасу процесі өзгереді, өсуі, қор жинауы тежеледі немесе солып қалады. Көптеген зиянкес жәндіктер өсімдік ауруларын таратады. Кенелер ауыл шаруашылығы дақылдарын сорып зақымдайды және қоймаларда астық, дән, ұн, кепкен жеміс, көкөніс өнімдерімен қоректенеді. Кенелердің кейбір түрлері індет таратады. Жұмыр құрттар, негізінен өсімдіктердің тамырымен қоректенеді. Солардың ішінде бүлдірген, қызылша, картоп нематодасы көп зиян келтіреді. Зиянкес кеміргіштер Қазақстанда өте көп таралған. Олар астық дақылдарын, көкөністер мен жеміс-жидектерді зақымдайды, қоймада сақталатын азық-түлік қорына шығын келтіреді, сондай-ақ жұқпалы аурулар таратады. Ауыл шаруашылығы өнімдері шығынының 20%-ы зиянкес кеміргіштер кесірінен болады. Ауыл шаруашылығы ззиянкестерімен күресу мәдени өсімдіктердің зиянкестерге төзімді сорттарын шығару, ауыспалы егісті қолдану, зиянкестерге қарсы биологиялық тәсілдерді (трихограмма, афелинус т.б.), микробиологиялық препараттарды, химиялық заттарды (акарицидтер, инсектицидтер, зооцидтер т.б.) қолдану арқылы жүргізіледі.
Бұршақ дәнді дақылдарының зиянды жәндіктері. Бұршақ бітесі - бітенің денесі біршама жуандау, денесінің ұзындығы - 4,5-5 мм. Қанатсыз аналықтарының денесінің түсі жасыл, кейде қоңыр қоңыр қызыл болып келеді. Ұрықтанған жұмыртқа көпжылдық бұршақ өсімдігінің сабақтарының тамыр бөлігінде және жерге түскен бұршақта қыстайды. Біте осы жұмыртқадан дернәсілдік сатыдан өткеннен кейін аналық - негізге айналады. Партеногенетикалық жолмен көбейіп, колониялар түзеді. Мұнан ары қарай аналық - орналастырушылар пайда болады. Қанатты аналық - орналастырушылар бір жылдық бұршақ дақылдарына қонып, сол жерде жаңа колониялар құрады. Бір жылда 10-ға жуық ұрпақ беріп дамиды. Бітелер өсімдіктердің жас ұлпаларында және гүл шоғырына қоныстанады. Колонияның өсуі жоғарғы бөліктен басталады. Олар көп жылдық бұршақ дақылдарына ұшып келеді де, содан соң бұл жерге аталық пен аналық шағылысқаннан кейін қыстайтын жұмыртқа салады. Бұршақ бітесі бұршаққа, сиыр жоңышқаға, жоңышқаға, жасымыққа зиян келтіреді. Дернәсіл мен имаго шырынды сорып, жапырақты ширатады, дамуды тоқтатады, зақымданған мүшенің түрін өзгертіп, егіннің түсімін тқмендетеді. Бітенің жаппай көбеюі ауа райының қолайлы (жылы - жаңбырлы ) жағдайларында байқалады.
Бұршақ бітесі (Acyrthosіphon pіsum) - тең қанаттылар отрядының бітелер тұқымдасына жататын жәндік. (2-сурет). Дүние жүзінде кең тараған. Қазақстанның орманды-дала және далалы аймақтарында кездеседі. Дене тұрқы 4 - 5 мм-дей, жасыл түсті. Бұршақ бітесі - ас бұршақ, жасымық, сиыр жоңышқасы, беде, эспарцет, т.б. бұршақ тұқымдастарына жататын өсімдіктердің қауіпті зиянкестері.
2-сурет
Бұршақ бітесі күзде бұршақ тұқымдас өсімдіктерге жұмыртқа салады. Қыстап шыққан жұмыртқалардан ерте көктемде дернәсілдержетіліп шығып, олар ұрғашы бітеге айналады. Көктемнен күзге дейін 10 ретке дейін партеногенездік (жыныссыз) жолмен көбейеді. Бір ұрпақтың жетілуіне 10 - 15 күн керек. Әсіресе, жауын-шашынды жылы тым көбейіп кетеді. Бұршақ бітесі түскен өсімдік әрі қарай өспей, бірте-бірте солып, қурап кетеді. Күрес шаралары: егістікке культивация жүргізу, бұршақ тұқымдас өсімдіктерге инсектицидтер шашу.
Бұршақ немесе акция көбелегі - Etiella zinckenelle Tr.(Lepidoptera - қабыршақ қанаттылар отряды, Phicitidae - қара күйе тұқымдасы). (3-сурет). Құрттың денесінің ұзындығы - 15-20 мм басы сары қоңыр, ал тұлғасының түсі қоңыр жасыл, қоңырлау немесе ақшыл қызыл болып келеді. Құт пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде және түнде ұшады.
3-сурет
Жұмыртқаларын пісіп жетілмеген бұршаққа, гүлдің қалдықтарына салады. Құрттар жұмыртқадан шыққаннан кейін бұршақтың қабығының астында, содан соң тұқымымен қоректенеді. Құрттардың қуыршаққа айналуы топырақта өтеді. 2-3 ұрпақ беріп дамиды. Бірінші ұрпақ акцияда, бұршақта, сиыр жоңышқада, чинада дамиды. Екінші және үшінші ұрпағы сояға люпинге, жазғы мезгілде себілген бұршаққа қауіпті болып табылады.
Бұршақ қоңызы (Bruchus pіsorum) - қатты қанаттылар отрядының дән қоңыздары тұқымдасына жататын жәндік. (4-сурет). Негізінен Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік-шығыс облыстарына таралған. Даму циклі бір жыл. Денесін қоңыр түсті түктер басқан қарақоңыз, ұзындығы 4 - 5 мм, қанаттарының үстінде ақшыл дақтар мен жолақтар, құрсағының ұшында крест тәріздес ақ таңба бар. Бұршақ қоңызы қамбадағы және өнімді жинаған кезде егістікте шашылып қалған бұршақ дәндерінің ішінде қыстайды. Егістікте қоңыздар бұршақтың гүлдену кезінде пайда болып, гүлдің күлте жапырақтарымен және тозаңымен қоректенеді. Олар жұмыртқаларын бұршаққаптың жақтауларына салады. Эмбриондық дамуы 6 - 10 күнге созылады.
4-сурет
Дернәсілдері бұршаққапты кеміріп теседі де, дәннің ішіне енеді. Қоректену кезеңінде дернәсіл дәннің ішін үңгіп, қуыс жасайды. Дернәсіл мен қуыршақтың жетілуі түгелімен бір дәннің ішінде өтеді де, 1,5 - 2 айға созылады. Қуыршақтанар кезінде дернәсіл дәннің керегесін ішкі жағынан кеміріп, беті жұқа қабыршақпен жабылған дөңгелек тесік жасайды. Одан жас қоңыз шығады. Дернәсілдер зақымдаған бұршақ дәндерінің сапасы кемиді, дәмі нашарлайды, өнімділігі 75%-ға дейін төмендейді. Күрес шаралары: ауыспалы егіс жүйесінде дақылдардың кезектілігін сақтау, бұршақ дәнді дақылдар өсірілген жерге оларды кемінде 2 - 3 жылдан кейін ғана қайталап егу; өнімді жинап алған соң егістік жерді өсімдік қалдықтарынан тазартып, қысқа қарай терең етіп жырту. Бұршақ қоңызына қарсы күресте егісті децис, т.б. инсектицидтермен өңдейді.
1-кесте. Зиянкестер туралы негізгі деректер.
Дақылдың және зиянкестің аты
Қыстайтын стадиясы қыстайтын жері
Зақым келтіретін стадиясы зақымның түрі
Зақым келтіретін уақыты және жылына неше ұрпақ береді
Қай стадиясы жоюға ыңғайлы дәрілеу мерзімі
Бұршақ қоңызы
Бұршақ қоңызы қамбадағы және өнімді жинаған кезде егістікте шашылып қалған бұршақ дәндерінің ішінде қыстайды.
Дернәсілдері бұршаққапты кеміріп теседі де, дәннің ішіне енеді. Қоректену кезеңінде дернәсіл дәннің ішін үңгіп, қуыс жасайды.
Қуыршақтанар кезінде дернәсіл дәннің керегесін ішкі жағынан кеміріп, беті жұқа қабыршақпен жабылған дөңгелек тесік жасайды. Одан жас қоңыз шығады. Жылына 1 ұрпақ береді.
Бұршақ қоңызына қарсы күресте егісті децис, т.б. инсектицидтермен өңдейді.
Бұршақ немесе акция көбелегі
Құт пілләнің ішінде топырақта қыстайды.
Құрттар жұмыртқадан шыққаннан кейін бұршақтың қабығының астында, содан соң тұқымымен қоректенеді.
Жылына 2-3 ұрпақ беріп дамиды. Бірінші ұрпақ акцияда, бұршақта, сиыр жоңышқада, чинада дамиды. Екінші және үшінші ұрпағы сояға люпинге, жазғы мезгілде себілген бұршаққа қауіпті болып табылады.
Культивация жүргізу, бұршақ тұқымдас өсімдіктерге инсектицидтершашу.
Бұршақ бітесі
Қыстап шыққан жұмыртқалардан ерте көктемде дернәсілдержетіліп шығып, олар ұрғашы бітеге айналады.
Бұршақ бітесі түскен өсімдік әрі қарай өспей, бірте-бірте солып, қурап кетеді.
Көктемнен күзге дейін 10 ретке дейін партеногенездік (жыныссыз) жолмен көбейеді.
Егістікке культивация жүргізу, бұршақ тұқымдас өсімдіктерге инсектицидтершашу.
Ауруға сипаттама. Дәнді-бұршақ дақылдарының аса зиянды ауруларына пероноспороз, аскохитоз, антракноз, фузариоз, тамыр шіріктері, тат, бактериоздар мен вироздар жатады.
Пероноспороз. Кесел барлық жерде кездеседі, әсіресе республиканың оңтүстік-шығысында кең таралған. Ауруға негізінде өсімдіктің жапырағы, кейде басқа жер үсті бөліктері шалдығады. Кесел жергілікті және диффузды болуы мүмкін. Аурудың қоздырғыштары - Peronospora туысының саңырауқұлақтары. Бұл саңырауқұлақтар арнайы бейімделген өсімдіктерді залалдайды. Мысалы, асбұршаққа - P.pisi Syd., май бұршаққа - P.manshurica Syd. түрлері бейімделген. Вегетация кезеңінде саңырауқұлақ конидиялармен таралып, ал ооспоралары залалданған ұлпа ішінде түзіледі. Конидия тасушылары дихотомиялы бұтақталған, қоңыр-күлгін түсті, конидиялары домалақ немесе сопақша, сарғыш кейде түссіз, көлемі 17-30х14-27мкм. Ооспоралары домалақ шар тәрізді, қос қабатты, сарғыш-қоңыр түсті. Саңырауқұлақтың дамуына қолайлы жағдай 15-220С температура және жоғары ауа ылғалының су тамшысы. Инфекция қоры-өсімдік қалдықтарында қыстайтын ооспоралар. Кеселдің әсерінен өсімдік өскіні, жапырағы және бұршақбасы қурап, жойылады.
Аскохитоз. Кең таралған ауру, әсіресе республиканың оңтүстік-шығысында жиі кездеседі. Дәнді-бұршақ дақылдарын барлық даму кезеңінде залалдайды. (5-сурет). Ауруға шалдыққан өсімдіктің жер үсті мүшелерінде түрлі дақтар пайда болып, олардың бетінде пикнидалар түзіледі. Арудың сыртқы белгілері өсімдік пен қоздырғыш түрлеріне байланысты білінеді. Асбұршақ аскохитозы үш түрлі-бозғылт, қоңыр және тұтасқан. Бозғылт аскохитоздың қоздырғышы - Ascochyta pisi Lib. саңырауқұлағы. Залалданған мүшелердің қоңыр жиекті бозғылт дақтар пайда болады. Жапырақ пен бұршаққапта дақ дөңгелек, ал сабақ пен сағақта ұзынша болып келеді. Дақтар кейде көмескілеу көрінеді, бірақ екі жағдайда да дақ үстінде көптеген майда қара-қоңыр пикнидалар түзіледі. Залалданған тұқымдардың беткі қабаты қыртыстанып, ашық-сары түсті дақтар жайылып орналасады. Саңырауқұлақтың бұл түрі басқа дәнді-бұршақтарға қарағанда асбұршақты жиі залалдап, аурудың дамуы жоғары дәрежеде өтеді.
5-сурет
Бөрібұршақ аскохитозының қоздырғышы - A.lupinicola Pet. саңырауқұлағы. Өсімдік жапырағында ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz