Пестицидтерді қолданудың санитарлық-гигиеналық негіздері



І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Пестицидтерді қолданудың санитарлық.гигиеналық негіздері ... ...5
2.2 Пестицидтермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері ... ..11
2.3 Бүркудің түрлері ... ... ... ... 16
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Қазіргі таңда агроөндірістік кешеннің негізгі бағыттарының бірі - елімізді ауыл шаруашылық шикізаттары және өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету. БҰҰ тамақ және ауылшаруашылық ұйымының санағы бойынша жыл сайын зиянды ағзалар ауылшаруашылық өнімдерінің 30 пайызын төмендетеді. Оның ішінде топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды сіңіретін, күн көзінен көлеңкелейтін, улы тұқымдарымен ластайтын арам шөптердің үлесі мол. Ауылшаруашылық өнімдерінде таралған ауру қоздырғыштары (қара күйе, тат, ақ ұнтақ, таз қотыр, жалған ақ ұнтақ, фитофтороз және т.б.) дәнді залалдап, микотоксиндер (афлатоксиндер, охратоксиндер) түзеді. Талдау бойынша микотоксиндер жоғары улы заттарға (ЛД50 1,6-30 мг/кг) жатады. Аурулардың эпифитотиялық таралу жағдайында
ауылшаруашылық дақылдары өнімін түгелдей жояды. Жәндіктер, кенелер тез көбейіп, мысалы колорад қоңызы бір мезгілде 3 рет генерацияланып, 30 млн. дана, ал қандала одан да көп жұмыртқа салады. Қазақстанда 2000 жылы жәндіктердің ішінде шегірткенің кең көлемде таралып, егістіктер мен шабындықтарға орасан зиян келтіргені белгілі. Адамзат өсімдік шаруашылығымен айналысқаннан бастап, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен әр түрлі жолдармен күресуде. Өсімдікті химиялық заттармен қорғау осыдан 2000 жыл бұрын басталған.
1. Сағитов А.О.,Исенова Г.Ж.,Рвайдарова Г.О.,Нұржанов Ө.С.,Қалмақбаев Т.Ж. «Өсімдікті химиялық қорғау». Алматы, 2013. ( 53-54 бет)
2. https://www.google.kz/search?q
3. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етілген пестицидтер(улы химикаттар) анықтамасы Алматы 2011ж А.Ж.Ағыбаев, Ә.Қ.Төлеева.
4. Google интернет желісі http://www.izden.kz/referattar/biologiya-valeologiya/817
5. © izden.kz

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Жоспары
І. Кіріспе
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Пестицидтерді қолданудың санитарлық-гигиеналық негіздері ... ...5
2.2 Пестицидтермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері ... ..11
2.3 Бүркудің түрлері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Қазіргі таңда агроөндірістік кешеннің негізгі бағыттарының бірі - елімізді ауыл шаруашылық шикізаттары және өнімдерімен тұрақты қамтамасыз ету. БҰҰ тамақ және ауылшаруашылық ұйымының санағы бойынша жыл сайын зиянды ағзалар ауылшаруашылық өнімдерінің 30 пайызын төмендетеді. Оның ішінде топырақтағы ылғал мен қоректік заттарды сіңіретін, күн көзінен көлеңкелейтін, улы тұқымдарымен ластайтын арам шөптердің үлесі мол. Ауылшаруашылық өнімдерінде таралған ауру қоздырғыштары (қара күйе, тат, ақ ұнтақ, таз қотыр, жалған ақ ұнтақ, фитофтороз және т.б.) дәнді залалдап, микотоксиндер (афлатоксиндер, охратоксиндер) түзеді. Талдау бойынша микотоксиндер жоғары улы заттарға (ЛД50 1,6-30 мгкг) жатады. Аурулардың эпифитотиялық таралу жағдайында
ауылшаруашылық дақылдары өнімін түгелдей жояды. Жәндіктер, кенелер тез көбейіп, мысалы колорад қоңызы бір мезгілде 3 рет генерацияланып, 30 млн. дана, ал қандала одан да көп жұмыртқа салады. Қазақстанда 2000 жылы жәндіктердің ішінде шегірткенің кең көлемде таралып, егістіктер мен шабындықтарға орасан зиян келтіргені белгілі. Адамзат өсімдік шаруашылығымен айналысқаннан бастап, өсімдік зиянкестерімен, ауруларымен, арамшөптермен әр түрлі жолдармен күресуде. Өсімдікті химиялық заттармен қорғау осыдан 2000 жыл бұрын басталған. Демокрит (б.э.б.460-380 ж.) өсімдікті аурулардан плинус (б.э.б. 79-23 ж) күл, ұсақталған кипарис жапырақтарын және сұйытылғын зәр ерітіндісін өсім-
дікті қорғау үшін ұсынған. Қазіргі кезде жер шарында адамзат саны жылдан жылға өсуде. Болжам бойынша дүние жүзінде 2040 жылдары халық саны 8,5 млрд. құрауы мүмкін, ал адамзатқа жер өңдеу өнімдерінің мөлшері бірнеше есе артуы тиіс. Ауылшаруашылық өнімдерін жоғарылату үшін - экстенсив-
ті механикаландыру, топырақ қопсыту тәжірибесін жақсарту, жаңа сұрыптарды алу, т.б. шаралардың кешендері қолданылады. Өсімдікті химиялық әдіспен қорғау негізгісі болып саналады.
Өсімдіктерді залалдайтын, ауылшаруашылық өнімдерін, материалдарды және бұйымдарды бүлдіретін зиянды ағзаларға, паразиттерге, ауру тасымалдағыштарға қарсы қолданылатын химиялық заттар - пестицидтер деп аталады. Пестицидтер химиялық құрамына, қолдану нысанына, ағзаларға енуі және әсер ету сипатына байланысты талданады. Химиялық құрамы бойынша үш негізгі топқа бөлінеді:-бейорганикалық қосылыстар (күкірт, мыс, хлор, бор қосылыстары); -өсімдік, бактерия, саңырауқұлақ негізіндегі препараттар (пиретриндер, бактериялық және саңырауқұлақ препараттары, антибиотиктер, фитонцидтер); -органикалық қосылыстар (галогенді көмірсутектер, фосфордың органикалық қосылыстары, аминдер және аммоний негіздері тұздары, кетондар, спирттер, нитрофенолдар, жай эфирлер, синтетикалық пиретроидтар, карбамин, тио және дитиокарбамин қышқылы туындылары, фенолдың нитротуындылары, мочевина туындылары, симтриазиндер, бес мүшелі гетероциклді қосылыстар). Қолдану нысаны бойынша барлық химиялық заттар келесі топтарға бөлінеді: инсектицидтер (insectum-жәндік) - жәндіктермен күресу
үшін; акарицидтер (acarys-кене) - кенелермен күресу үшін; инсектокарицидтер - жәндіктермен және кенелермен күреу үшін; овицидтер (ovum-жұмыртқа) - зиянды жәндіктермен және кенелердің жұмыртқаларын жою үшін; ларвицидтер (larva-құрт) - жәндіктер мен кенелердің құрттарын жою үшін; Пестицидтерді қолдану нысанына байланысты жіктеу шарт-ты, өйткені олардың жәндіктерге, кенелерге және олардың 8 жұмыртқаларына әр түрлі әсері бар. Мысалы, карбофос әрі инсектицид, әрі акарицид. Оларды инсектоакарицид деп атауға болады. Көптеген препараттар саңырауқұлақ ауруларын және тағы сол сияқты зиянкес жәндіктерді, кенелерді құртады. (Мысалы, каратан, мороцид, күкірт препараттары). Бұларды акарофунгицид деп атайды. Көптеген гербицидтер қолдану мөлшерін жоғарылатқан жағдайда ағаш бұталарды жояды. Оларды арборицид деп атайды. Инсектицидтер ағзаға ену және әсер ету қасиетіне байланысты ішекпен баратын, жанаспа әсерлі, фумиганттар болып жіктеледі. Ішекпен баратын инсектицидтер қоректік заттар мен бірге зиянды жәндіктердің ағзасына еніп уландырады. Жанама әсері бар инсектицидтер жәндіктердің тері қабатын тікелей жанасу арқылы улайды. Фумиганттар - жәндіктердің ағзасына тыныс жолдары арқылы, газ күйінде енеді. Барлық пестицидтер жанама әсерлі, жүйелік болып екі топқа бөлінеді. Жанама әсерлі пестицидтер зиянды ағазаларды тікелей жанасу арқылы жояды. Жүйелік пестицидтер өсімдік-тердің ағзасына сіңгіш, ұлпаларымен жылжи отырып, зиянды ағзаларды жояды.

2.1.Пестицидтерді қолданудың санитарлық-гигиеналық негіздері. Өсімдіктерді қорғауға қолданылатын пестицидтер - бұлар биологиялық белсенді заттар. Олар өсімдіктерді қорғауға қолданылғанымен, қоршаған орта мен адам өміріне қауіпті. Пестицидтерді қолданғаннан кейін қоршаған ортаның нысандарында ұзақ уақыт сақталуы мүмкін. Кейбір химиялық препараттар сыртқы ортадан қоректік заттар арқылы жануарлар мен адам өміріне, яғни экожүйеге, биоценозға, ландшафтарға үлкен қасірет әкелуі мүмкін. Елімізде ауылшаруашылық дақылдарының бәрі осы пести- цидтермен өңделеді. Олардың қалдық мөлшерлері ауада, суда, топырақта және өсімдіктер мен жануарлар организмдерінен табылады. Сондықтан, ауылшаруашылығында қолданылатын осы химиялық заттарды қолдану үшін, олардың гигиеналық нормативтерін сақтаған жөн. Пестицидтердің қолдану гигиена- сының басты мақсаты - препараттың тиімді мөлшерін қолдану және сыртқы орта әсіресе, атмосфералық ауаның, тамақ өнім- дерінің, су көздері мен топырақ құрамындағы химикаттардың мөлшері адам өміріне зиянды болмауы керек. Пестицидтердің сыртқы ортаға таралу себептері мен мөлшерлерін анықтай отырып, гигиенашылар препараттардың қауіпті екенін болжап, улануды болдырмайтын әдістер жасауда. Қазіргі таңда пестицидтерді қолдану гигиенасы бойынша көптеген ғылыми-зерттеу институттары мен санитарлық-эпидемиологиялық стансалар да зерттеулер жүргізеді. Сондықтан, ауылшаруашылығында қолданылатын пести- цидтердің бірде-біреуі терең зерттелмейінше қолданылмауы тиіс. 45 Уланудың жағдайлары және себептері Адамзат пен жануарлар пестицидтермен өңделген тамақ өнімдерін қолданғанда улануы мүмкін. Уланудың өзі кәсіби және тұрмыстық болып екіге бөлінеді. әсіби улану - бұл пестицидтерпен жұмыс жасайтын, яғни бақтарды, егістіктерді, тұқымдарды пестицидтермен өңдеген кездегі улану. Сонымен бірге, қондырғыларды жөндегенде пестицидтердің кездейсоқ шашырауы, ішетін суға пестицид- тердің түсуі, т.б. әрекеттер улануды тудырады. Немесе пести- цидтер өсімдіктерге қолданылғаннан кейін егістіктерде отау, кесу жұмыстары кезінде улануы мүмкін. Кәсіби уланудың себептері аяқ астынан болады. Кәсіби улануды болдырмау үшін пестицидтермен жұмыс істеу ережесін дұрыс пайдалану, препараттарды дұрыс сақтау және тасымалдау керек. Тұрмыстық улану. Пестицидтер сақталған ыдыстарды азық-түлікке қолданса, үй бөлмелерінде сақтаса - бұл тұрмыстық улануға әкеледі. Тұрмыстық улануды болдырмау үшін пестицидтерді сақтаудың, қолданудың, тасымалдаудың қатаң бақылау шаралары болуы керек. Жылықанды жануарларды уланудан сақтау керек, өйткені мал уланса, адамның да улануы сөзсіз. Химиялық заттарды дұрыс қолданбаудың әсері малдан адамды, суға түскен улы зат дәнді-дақылдарды улайды, осының бәрі қоршаған орта мен адам өміріне, құстар мен судағы балықтардың өміріне өте қауіпті. Сондықтан, осы химиялық улы заттармен жұмыс істеген кезде қауіпсіздік ережелерін сақтаған жөн. Адам мен жануарлардың денелерінде осы химиялық заттар- дың болуы пестицидтердің мөлшерден көп бүркілуі және басқа факторлардың әсері болуы мүмкін. Ағзаға пестицидтер кірген- нен кейін, ол денеге түгелдей тарайды, ақуыздар мен жасушаның басқа да құрағыш заттарымен байланысып, ағзадан шығады. Фосфорорганикалық қосылыстар, карбамин қышқылдары туындылары (севин), ароматты нитроқосылыстар (ДНОК) тірі ағзалардың әртүрлі терілерінен бірнеше минуттан кейін табылған. Осы пестицидтердің максималды концентрациясы ішкі терілерде 0,5-6 сағат бойы жүреді. Пестицидтердің мөл- шері СД50 - бір рет қайталануда ағзадан 24-96 сағатта шығады. Хлорорганикалық пестицидтер ағзаға баяу енеді, олардың максималды концентрациясы 25 күннен кейін ғана шығады. Осы пестицидтер көбінесе бауырда, бүйректе және жүректе көп сақталады. Олардың аз мөлшері миға да кіреді. Кейбір тері- лерде хлорорганикалық пестицидтер майлы жерлерге тез енеді. Сонымен қатар, дене терісіне жабысқан химиялық зат қанға да өтуі мүмкін. Пестицидтердің ағзада сақталуы метаболизмді тудырады немесе ағза белсенділігін төмендетеді. Улы заттар бүйрек, ішек-қарын, өкпе, тері, сүт бездері арқылы шығады. Пестицидтердің улылық механизмі жұтылумен, тасымал- данумен, метаболизммен және ағзадағы зат алмасумен анықта- лады. Препараттардың улылығы әртүрлі. Олардың кейбірі жасу- ша құрылысын өзгертеді (мысалы, митохондрий), өмірлік маңызы бар заттардың тотығуы мен фосфорлану процестерін бұзады. Пестицидтермен жұмыс істегенде тиген жерінде олар теріге әсер етуі мүмкін. Олар денені тітіркендіріп, қышытады және көздің жасаурауы мен өкпенің қабынуына әкеледі. Хлорорганикалық пестицидтер орталық жүйке жүйесіне әсер етеді, тыныс алу ферменттерін істен шығарады, бауыр, бүйрек, жүрек қан тамырларының жұмыс істеу процестерін бәсеңдетеді. Кейбір пестицидтер тері ауруларына шалдықты- рады (тері ауруы, қышыма) және тыныс алу мүшелеріне де әсер етеді. Сонымен қатар, біршама препараттар денеде ісіктің пайда болуына әкеледі, оның ішінде жазылмайтын ісіктерді, құрсақтағы сәбиге және ұрықтандыру процестеріне әсері өте көп, мутация жасауы да әбден мүмкін. Осы пестицидтердің адам мен жануарларға кері әсерінің механизмін зерттеу, олар әсер ететін негізгі буындарды анық- тау, пестицидтердің улылық әсерін бәсеңдететін және өсімдікті қорғаудың химиялық құралдары әсеріне ұшыраған адамдарды емдеуде болашағы бар уға қарсы заттардың мақсатты бағыт- талған ізденісіне негіз болады. Ондай заттар табылған және кеңінен қолданылып та келеді. Осылайша, фосфорорганикалық қосылыстар тобы пестицидтерімен уланған кезде дипироксим сияқты (ТМБ-4), холинэстераза реактиваторларын қолданады. Табиғи қосылыстардың сульфгидрилді топтарына әсер ететін препаратпен уланған кезде, антидот ретінде унитиол қолданылады. Гигиеналық классификация Гигиеналық талдау әртүрлі препараттардың патологиялық әсері бойынша қауіптілігіне салыстырмалы сипат беру. Улылығымен және қауіптілік дәрежесіне тәуелді пестицид- тер негізгі критериялар бойынша бірнеше топтарға бөлінеді: I. Тәжірибелік жануарлардың (көртышқан) асқазанына енгі- зу кезіндегі улылығы бойынша. 1.Күшті әсер етуші уытты заттар - СД50, 50мгкг дейін. 2.Жоғары улылықты - СД50, 50 - 200 мгкг. 3.Орташа улылықты - СД50, 200 - 1000мгкг. 4.Аз улылықты - СД50, 1000 мгкг көп. Күшті және улылығы жоғары заттарға жататын пестицид- тер, өткір улануға әкелетін болғандықтан үлкен қауіп тудыра- ды. Өткір уланудың қауіпін болжау үшін, орташа өлу мөлшерін (СД50) бастапқы мөлшерге қатынасы бойынша препараттың улылық әсері аумағын анықтайды. Егерде де, осы қатынас аз болса, онда улылық әсердің аумағы мен өткір уланудың қаупі жоғары болады. Біздің елімізде күшті әсер етуші және жоғары улылықты уытты заттарды қолдану жыл сайын азайып келеді. Бірінші топтың пестицидтерімен тұрақты қызметкер жұмыс істейді; олардың алу реті, тасымалдау, сақтау және тіркеу арнайы нұсқау бойынша реттеледі. Күшті және улылығы жоғары препараттарды үй жанындағы немесе елді мекенде орналасқан жерлердегі саябақтар мен жасыл желектерді өңдеу үшін қолдануға рұқсат етілмейді. II. Тері жамылғысы арқылы өту кезіндегі улылығы бойын- ша (тері - резорбтивті улылық). 48 1. Бірден көріну - СД50 300 мгкг-нан аз, тері-ауыздық коэффициент 1-ден төмен. 2. Көріну - СД50 300-1000 мгкг, тері-ауыздық коэффициент 1-3. 3. Әлсіз көріну - СД50 1000мгкг-нан көп, тері-ауыздық коэффициент 3-тен көп. Тері-ауыздық коэффициенті СД50 - шамасы қатынасындай, яғни теріге препарат тигенде СД50 асқазанға да барады. Мыса- лы, егер СД50 теріге түскенде 300 мгкг болса, ал асқазанға түссе - 400 мгкг, онда тері-ауыздық коэффициент 0,75-ке тең болады. Мұнда тері-ауыздық коэффициенттің шамасы көп болса, терінің улануы аз болады. Теріге қатты әсер ететін улылығы күшті препараттар қатарына бромофос, тиодан, ДДВФ және т.б. жұмыс істегенде теріні қорғайтын арнайы киімдер керек. Сондықтан теріге әсері аз болатын препараттар таңдалады. III.Ұшу дәрежесіне қарай. 1. Өте қауіпті зат - қанығу концентрациясы көп немесе улылығына тең. 2. Қауіпті зат - қанығу концентрациясы көп. 3. Қауіптілігі аз зат - қанығу концентрациясының әсері болмайды. IV. Кумуляциялау. 1. Кумуляциядан жоғары зат - кумуляция коэффициенті 1- ден төмен. 2. Көріну - кумуляция коэффициенті 1-3 арасы. 3. Бірқалыпты - кумуляция коэффициенті 3-5 арасы. 4. Әлсіз көріну - кумуляция коэффициенті 5-тен жоғары. Кумуляция кезінде ағзада у жиналады, нәтижесінде жарты- лай ыдырайды және ағзадан шығады немесе әсері күшейеді. Кумуляцияны материалды және функционалды деп бөледі. Материалды кумуляция кезінде қайтадан байланысқа түсуі нәтижесінде ағзада у жиналады. Осы материалды кумуляцияға қабілетті препараттардың ішінде хлорорганикалық қосылыстар мен сынап препараттары кіреді. 49 Функционалды кумуляцияда у жиналмайды, әсер ету тиім- ділігінің қосындысын айтады. Мұндай қасиетке кейбір фосфор- органикалық қосылыстар (метафос, карбофос) ие. Кумулятивті әсердің шамасы жануарларға жасалған тәжіри- белерде әртүрлі мөлшерде пестицидтермен бірнеше рет өңдеу кезінде анықталады. Кумуляция шамасының көрсеткіші Кумуляция коэффициенті аз болған сайын, препараттың кумулятивті әсері анық болады. Кумуляциядан жоғары және анық кумулятивті әсері бар пестицидтер биологиялық ортада тұрақтылығы жоғары, ағзада ақырындап жиналады. Оларға хлорорганикалық қосылыстар тобының (гексахлоран) препараттары кіреді. V. Тұрақтылығы бойынша (топырақта). 1. Өте тұрақты зат - усыз компонеттерде ыдырау уақыты 2 жылдан көп. 2. Тұрақты - усыз компоненттерде ыдырау уақыты 0,5-2 жыл. 3. Бірқалыпты тұрақты - усыз компоненттерде ыдырау уақыты 1-6 ай. 4. Тұрақтылығы аз - усыз компонеттерде ыдырау уақыты 1 ай ішінде. Тұрақтыға ұшқыштығы өте төмен, атмосфералық фактор- лардың әсерінен химиялық өзгермейтін симазин, ТМТД, мине- ралды майлар, ДНОК және т.б. пестицидтер жатады. Ұшқыштығы төмен препараттарға химиялық қасиеттері баяу өзгеретін гексахлоран, карбофос, хлорофос, фосфамид, цинеб, карбатион, 2,4-Д эфирлері және басқалары шамалы тұрақты топтарына жатады. Қоршаған орта әсерінен буланатын, химиялық өзгеретін пестицидтер тұрақтылығы аз топтарға жатады: фумиганттар, 50 сынап препараттары кіреді. Оларды герметикалық ыдыстарда сақтау қажет. Пестицидтерге гигиеналық баға беретін осы жоғарыда айтылған негізгі критерилерден басқа, бластомогендік, мутагендік, тератогендік, эмбриотроптық және т.б. сияқты олардың патологиялық әсерлері де зерттеледі. Бластомогендік деп - заттың ісік туғызу қабілетін айтады. Егер ісік жазылмайтын болса, ол препарат канцерогендіге жатады. Ісік туғызу қабілетіне қарай заттар адамдарда қатерлі ісік ауруын тудыратын анық канцерогенді және жануарларға тәжі- рибе жасағанда күшті канцерогенді; жануарларда ісік тудыратын канцерогенді (адамдарға әсері көрсетілмеген); әлсіз канце- рогенді - жануарларды зерттеу бірнеше топқа бөлінеді. Мутагендікті тудыратын пестицидтер өсiмдiктерде, жануарларда және дрозофильдерде мутациялардың пайда болу жиiлiгімен сипатталады. Осыған байланысты пестицидтер 5 топқа бөлінеді: супермутагендер - өсімдіктер мен жануарларда 100% мутация тудыратын заттар (100% деп 100 хромосомада 100 мутация деп қабылданады); күшті, орташа, әлсіз және өте әлсіз мутагендер - дрозофильдерде сәйкесінше 5-10, 2-5, 1-2 және 0,5-1% мутация тудыратын заттар. Пестицидтердің кемтар ұрпақтардың пайда болуын туғыза- тын қабілеті тератогендікпен сипатталады. Оның бірнеше түрі бар. Анық тератогендер - адамдарда кемтарлықты тудыратын препараттар және тератогендікке күдікті, яғни тәжірибелік жануарларда кемтарлықты тудыратын препараттар деп бөлі- неді. Эмбриотроптылық - ұрықтың қалыпты дамуын бұзатын пестицидтердің қасиеті. Таңдамалы және бірқалыпты эмбриотроптылық деп екіге бөлінеді. Таңдамалы эмбриотроптылық аналық ағзаға улы әсер етпейді, бірқалыпты - басқа улы әсер етумен қатар айқындалады. Сондай-ақ, кейбір пестицидтердің аллергенді қасиеті бар екендігі анықталды. Олар қайталап өңдеу кезінде ағзаның реакцияға түсу қабілетінің бұзылуын тудырады. Осындай заттардың біріншілік әсер етуі кезінде ағзада қорғаныш реакциялары нәтижесінде ақуызды антиденелер түзіледі. Ағзаның өзгерген реакциясы берілген аллергенге ағза сезімталдығының төмендеуімен немесе көбінесе жоғарлауымен білінеді, сондай- ақ аллергенді әсер ету өте аз мөлшерде пайда болады. Осылайша, теріге түскен ТМТД препараты (1000-2000 м) тітір- гендіргіш әсер бермейді, ТМТД препараты теріге қайта түс- кенде (50 мгкг) қатты гиперемия байқалды. Аллергия варианттарының бірі - кейбір заттарға ағзаның жоғары жеке сезімталдығымен байланысты идиосинкразия. Ол сілекей қабықшаларының қызаруымен, ісіктің, бөртпенің пайда болуымен, терінің қышуы, қыжылдау арқылы білінеді. Тіпті аз мөлшердің өзінде көптеген адамдарда аллергия беретін күшті аллергендер және кейбіреулерінде ғана аллергия тудыратын әлсіз аллергендер деп бөлінеді. Гигиеналық классификация пестицидтерге жан-жақты баға беруге мүмкіндік береді. Егер препарат көрсеткіштердің бірі бойынша гигиеналық классификацияның бірінші тобына жататын болса, ол адамдар мен жылықанды жануарлар үшін өте қауіпті. Пестицидтерге келесі гигиеналық талаптар қойылады: ауылшарашылығында адамдар мен жылықанды жануарлар үшін улылығы аз препараттар қолданылуы керек; -табиғи жағдайда 2 және одан да көп жылдар ішінде улы емес компоненттерге ыдырамайтын тұрақты заттарды қолдану- ға болмайды; кумуляциясы бірден көрінетін препараттарды қолдануға болмайды; алдын-ала зерттегенде олардың канцерогенділігі, мутаген- дігі, эмбриоулылығы және аллергендігі айқындалған заттар қолдануға жіберілмейді. Пестицидтердің жаңа токсикологиялық-гигиеналық қасиеттерінің ашылуымен, зерттеудің дәлірек және сенімді әдістерінің пайда болуымен гигиеналық классификация ауқымы кеңеюде. Қолдану регламенті.Қолдану регламенті деп - пестицидтердің қолданылу сипаттарын - препараттық күйіндегі белсенді затының концентрациясын, жұмсалу мөлшерін, бүрку санын, қосалқы заттарды қолдануын, керекті мөлшерін анықтайтын өңделетін ауданын, бүрку және өнім жинауға дейінгі аралық мерзімдерін айтады. Пестицидтердің қолдану регламенті дегеніміз, пестицид- терді қолдану жағдайына байланысты қойылатын талаптар. Пестицидтердің улылығына, қоршаған ортаның нысандарында ұзақ уақыт сақталуына байланысты әр препаратқа ғылыми тұрғыдан негізделген ұсыныстар талап етіледі. Пестицидтердің регламентін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Кеден одағындағына мүше болатын мемлекеттер аумақтар- ына Мемлекеттік пестицидтер тізіміне тіркелген препараттар кіргізіледі. Пестицидтерді қолданудың қауіпсіздігі белгіленген талаптарға сай, олардың тиісті қаптамасына, маркіленуіне, гигиена- лық регламенттеу жағдайына байланысты. Халық денсаулығын қорғау және пестицидтердің табиғатта айналымын болдырмау мақсатында жұмыс орнының ауасы, ашық су қоймалары, топырақтағы мөлшерлері шектік рұқсат етілген концентрациямен (ПДК-предельно-допустимая концентрация) белгіленген. Пестицидтердің тамақ өнімдеріндегі қалдық мөлшерін санитарлық бақылау үшін әр препараттың тамақ өнімдеріндегі жоғары шектік мөлшерін ҚР Денсаулық сақтау министрлігі бекітеді. Пестицидтердің жоғары шектік мөлшерлері химиялық заттардың жануарларға улылығын, әртүрлі дақылдарда қалдық мөлшерлерінің таралу динамикасын зерттеу барысында анықталады. Пестицидтердің жоғары шектік мөлшері адамның 1 кг тамақ рационындағы қауіпсіздігі мг мөлшерінде белгіленеді. Пестицидтердің жоғары шектік мөлшерлеріне байланысты өнім жинауға дейінгі соңғы бүрку мезгілі анықталады. Соңғы бүрку мезгілі пестицидтердің әсер етуші заттарының физикалық-химиялық қасиеттері, препараттық формасына, бүркілетін нысанаға, климаттық жағдайға және пестицидтердің қоршаған орта нысандарындағы тұрақтылығына байланысты анықталады. Тез ыдырағыш, улылығы төмен препараттардың күту мерзімі 2-20 күнге дейін, ал мейлінше улы препараттар үшін 1-2 айды құрайды. Фосфорорганикалық қосылыстарының көпшілігі үшін күту мерзімі 15-30 күнді құрайды. Жеке және жалпы қауіпсіздік шарттары. Зиянды заттардың адам ағзасына әсер етуі бойынша бірнеше класқа бөлінеді: -өте қауіпті; -жоғары қауіпті; -шектеулі қауіпті; -қауіптілігі төмен.
2.2. Пестицидтермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік ережелері. Барлық пестицидтер канцерогенді, кумулятивті, адам иммунитетін төмендететін заттар. Сондықтан, қауіпсіздік ережелеріне жеңіл тұрғыдан қарауға болмайды, өйткені оның зиянды әсері уақыт өте білінеді. Пестицидтермен жұмыс істегенде міндетті түрде респиратор және адам терісін қорғайтын киім кию керек, өйткені пестицидтер тері, ауадан өкпе арқылы қанға өтеді, ары қарай ағзаның бүйрек, бауыр жасушаларын зақымдайды. Пестицидтермен жұмыс істегеннен кейін міндетті түрде ағзадан токсиндерді шығаратын сүт, Е витаминіне бай тағамдар қабылдаған жөн. Пестицидтер қоймаларында қоректік заттар сақталуына тыйым салынады. Қойма берік құлыпталып, өте улы заттар арнайы мөрленген қаптамада сақталады. Буланатын гигроскопиялық пестицидтер герметикалық ыдыстарда сақталады. Құрамында су, формалин, карбатион, 2,4-Диметиламин және майлы эмульсия концентраттары бар химиялық заттарды жылу берілетін бөлмелерде сақтау қажет. Пестицидтердің химиялық қатарына байланысты хлорлы магний, хлорлы калий өздігінен қызатын болғандықтан жеке сақталады. Пестицидтердің қоршаған ортаға әсері. Бүкіл әлемде ауыл шаруашылығының жалғасып жатқан қарқынды химиялануы жыл сайын планетаның биосферасына - барлық жануарлар мен адамдар тіршілігіне әртүрлі бөтен химиялық заттар (ксенобиотиктер), соның ішінде пестицидтер- дің көп мөлшерде түсуіне әкеледі. Сондықтан да, химиялық ластағыштардан (поллютанттардан) қоршаған ортаны қорғау мәселесі үлкен маңызға ие болды. Экожүйелер мен ландшафтарда пестицидтердің өзгеруі мен сипатын зерттеу - экожүйелер мен ландшафтарда ксенобиотиктер мен табиғи улы заттардың сипатын зерттейтін ғылымның қоршаған орта экотоксикологиясының - жаңа ғылыми тәртіптің бөлігі болып табылатын пестицидтер экотоксикологиясының мақсаты. Басқа химиялық заттармен салыстырғанда ортаны ластауы мүмкін пестицидтер төмендегідей сипатқа ие: 1) олардың биосферадағы циркуляциясының қайта қалпына келмеуі (авиация мен жер беті аппаратураларының көмегімен қолданғанда пестицид қоршаған орта объектісіне бірден түсіп, онда толығымен ыдырағанша болады). Қоршаған ортада бар- лық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пестицидтердің қоршаған ортаға және адам организміне әсері
Агроэкология негіздері пәні және оның міндеттері
Химиялық улы заттар
Пестицидтердің қолдану регламенті
Паталогиялық әсерлері бойынша жіктелуі
Негізгі химиялық топтар
Пестицидтер туралы жалпы мәлімет. Қоршаған ортаның пестицидтермен ластануы, олардың мутагендік әсері
Пестицидтердің қоршаған ортадағы айналымы
Пестицидтер және химиялық құрамы
Пестициттердің қоршаған ортаға әсер Қолдану шаралары мен зардаптары
Пәндер