Картоп
1 Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі
2 Ботаникалық сипаттамасы
3 Картоп өсірудің өндірістік (индустриальная) технологиясы
4 Картоп плантациясын дұрыс орналастыру (ауыспалы егістер).
5 Тыңайтқыш қолдану жүйесі
6 Картоп түйнегін отырғызуға дайындау
7 Картопты отырғызу

Халық арасында «Нан-астық атасы, картоп-анасы», «Картоп-нанға қосымша» немесе «Картоп-нанға үнем». Шындығында, картоп – жан-жақты пайдаланылатын маңызды ауыл шаруашылығы дақылы. Картоптың түйнегі, ең алдымен, тағамға кеңінен және әртүрде қолданылады. Бір килограмм түйнек 840 калорияға дейін және адамның тәуліктік рационында айтарлықтай орын алады, сондықтан оны заңды түрде «екінші нан» деп атайды.
Картоп түйнегінде 25%-ға таяу құрғақ зат болады, оның ішінде 14-22% крахмал, 1,4-3% белок, 1%-ға таяу клетчатка, 0,2-0,3% май, 0,8-1% күл болады. Картоп белогі өзінің құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогінен анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында адам және жануарлар ағзасында (организмінде) синтезделмейтін амин қышқылдары – ванилин, лизин, триптофан, лейцин ж.б. бар,
Картоп түйнегі адам ағзасының қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы дәрумендер – аскорбин қышқылы (С дәрумені), В, А, РР, К дәрумендер тобы мен минералды тұздардың (Менделеевтің периодтық жүйесінің 22 элементі – темір, кальций, магний, натрий, фосфор, йод ж.б.) маңызды көзі.
Егер тауық жұмыртқасының биологиялық құндылығын 100% деп есептесек, онда бидай белогінің құндылығы 63-65%, ал картопта – 84-85%. Біздің елімізде тағам, тігін, қағаз және басқа өнеркәсіп салаларына қажетті крахмал өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады. Одан спирт, глюкоза, декстрин, көмір қышқылын ж.б. өндіреді. Құрамында 17% крахмалы бар бір тонна түйнектен орта есеппен 112 л спирт, 55 кг сұйық көмір-қышқылын, 39,0 кг сивуш майын немесе 170 кг крахмал мен 100,0 кг картоп ұнын немесе 80 кг глюкоза мен 65 кг гидрол өндіруге болады.

5.1 КАРТОП
Халық шаруашылығындағы маңызы, таралуы, өнімі. Халық арасында Нан-астық атасы, картоп-анасы, Картоп-нанға қосымша немесе Картоп-нанға үнем. Шындығында, картоп - жан-жақты пайдаланылатын маңызды ауыл шаруашылығы дақылы. Картоптың түйнегі, ең алдымен, тағамға кеңінен және әртүрде қолданылады. Бір килограмм түйнек 840 калорияға дейін және адамның тәуліктік рационында айтарлықтай орын алады, сондықтан оны заңды түрде екінші нан деп атайды.
Картоп түйнегінде 25%-ға таяу құрғақ зат болады, оның ішінде 14-22% крахмал, 1,4-3% белок, 1%-ға таяу клетчатка, 0,2-0,3% май, 0,8-1% күл болады. Картоп белогі өзінің құндылығы жағынан дәнді дақылдар белогінен анағұрлым жоғары бағаланады, өйткені оның құрамында адам және жануарлар ағзасында (организмінде) синтезделмейтін амин қышқылдары - ванилин, лизин, триптофан, лейцин ж.б. бар,
Картоп түйнегі адам ағзасының қалыпты қызметіне өте қажетті көптеген бағалы дәрумендер - аскорбин қышқылы (С дәрумені), В, А, РР, К дәрумендер тобы мен минералды тұздардың (Менделеевтің периодтық жүйесінің 22 элементі - темір, кальций, магний, натрий, фосфор, йод ж.б.) маңызды көзі.
Егер тауық жұмыртқасының биологиялық құндылығын 100% деп есептесек, онда бидай белогінің құндылығы 63-65%, ал картопта - 84-85%. Біздің елімізде тағам, тігін, қағаз және басқа өнеркәсіп салаларына қажетті крахмал өндірісінің негізгі шикізаты болып табылады. Одан спирт, глюкоза, декстрин, көмір қышқылын ж.б. өндіреді. Құрамында 17% крахмалы бар бір тонна түйнектен орта есеппен 112 л спирт, 55 кг сұйық көмір-қышқылын, 39,0 кг сивуш майын немесе 170 кг крахмал мен 100,0 кг картоп ұнын немесе 80 кг глюкоза мен 65 кг гидрол өндіруге болады.
Картоп, әсіресе сауын малы, шошқа және құстар үшін малазықтық дақыл ретінде де жоғары бағаланады. Мал азығына түйнектер, сабақ-жапырағы және өнеркәсіптік өңдеудің қосымша өнімдері (барда, мезге) пайдаланылады. 100 кг картоп түйнегінде 31 азықтық өлшем және 1,6 кг қорытылған протеин бар. Картоптың сабақ-жапырағы тамыржемістер, қырыққабат жапырақтары және жүгерімен қоспалары мал тәбетпен жейтін тамаша сүрлем береді. Картоптың әр гектардан 150 ц түйнек пен 80 ц сабаңжапырақ өнімінің малазықтық құндылығы шамамен 5500 азықтық өлшемге (а.ө.) тең.
Картоптың агротехникалық және агро-экономикалық маңызы да зор. Отамалы дақыл ретінде ол көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл, мелиорация мен тыңайтқышқа қайтарымы мол. Жоғары агротехника жағдайында бір орынға қайта отырғызуға, тіпті дара дақыл ретінде өсіруге болады. Сонымен қатар, картоп бір өлшем жерде жоғары өнім құрайтын потенциалды мүмкіндігі бар өнімді танаптық дақылдардың бірі. Танаптарда картоп өсіру, - деп жазған кезінде Ресей ғалымы академик Д.Н. Прянишников, - бұрын бір масақ өскен жерде енді үш масақ алуға болады деген сөз.
Картоптың шыққан тегі - Оңтүстік Америка, ол біздің жыл санауымыздан, 1-2 мың жыл бұрын өсіріле бастаған. Европаға (Испания) картоп 16-ғасырда әкелінген. Бұл дақылдың Ресейде таралуын дәнді дақылдардың егін өнімінің жиі түрде төмен болғандығымен және 18-ғасырдың екінші жартысымен түсіндіріледі. Картоп көршілес Ресей елінде таралуы әрі қызық, әрі қайғылы жағдайда өрбіді және халық толқуларымен қабаттасып жүрді.
Қазіргі кезеңде картоп барлық континенттерде өсіріледі, жалпы егіс аумағы шамамен 23,0 млн гектарға тең. ТМД елдеріндегі жалпы картоп түсімі бүкіл дүниежүзілік өндірістің үштен бірін қамтиды (негізгі өндірушілері Ресей Федерациясы, Украина, Беларусь, Балтық бойы елдері, Қазақстан ж.б.).
Солтүстік Қазақстанда картоп салыстырмалы түрде жаңа дақыл. Оның алғашқы алқаптары 19-ғасырдың орта шенінде орыс көшпенділерімен салынған және 20-ғасырдың 30-жылдарына дейін егістік аумағы шамалы болды және тауарлы сипатқа ие бола алмады. Картоп өндірісінің айтарлықтай өсуі бұл аймақта тың және тыңайған жерлерді игерумен байланысты болды. Бұл кезде ауыл және қала тұрғындарының көбеюі картоп шаруашылығының берік базасын жасауды талап етті. Бұл күндері Солтүстік Қазақстанның төрт облысы мен Орталық Қазақстанда (Қарағанды обл.) Республикамыздағы бүкіл картоп егістігінің 60 % (шамамен 170 мың га) шоғырланған (Кесте 35).
Кесте 35. Облыстар бойынша картоп егістігінің аумағы (2004 ж., мың га)
Облыстар, қала
Барлық шаруашылық категориялары
оның ішінде
ауыл шаруашылығы мекемелері
шаруа (фермер) шаруашылықтары
үй шаруашылығы
Қазақстанда
169,1
6.4
26
136.7
оның ішінде Ақмола
16,9
0,7
0,1
16,1
Ақтөбе
6,1
0,3
0,5
5,3
Алматы
34
0,8
13
20,2
Атырау
1
0,2
0,8
ШҚО
27
0,6
1,9
24,5
Жамбыл
6
0,4
1,8
3,8
БҚО
4
0,5
3,5
Қарағанды
10,3
1,6
1,2
7,5
Қостанай
9,9
0,4
0,7
8,8
Қызылорда
7,9
0,1
0,2
7,6
Павлодар
12,1
0,4
1,9
9,8
СҚО
22,5
0,5
0,5
21,5
ОҚО
10,2
0,3
3,5
6,4
Астана қ.
1,1
0,3
0,8
Алматы қ.
0,1
0,1
Барлығы
166,8
5,7
22,2
138,9
Қазақстанда картоп өнімі 2004 жылы орта есеппен барлық шаруашылық нысандарында 134,0 цга болды (Кесте 36)
Дүние жүзінде барлық өндірілген картоптың 60% азық-түлікке жұмсалады, ал ТМД елдерінде бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен. Біздің елімізде жекелеген жылдары өндірілген картоптың үштен бірі ғана азық-түлікке пайдаланылады, көп бөлігі шығынға ұшырайды, ал дамыған АҚШ-да картоп шығыны 5% ғана құрайды екен.
Кесте 36. Облыстар бойынша картоптың өнімділігі (2004 ж., цга)
Облыстар
Барлық шаруашылық категориялары
оның ішінде
ауыл шаруашылығы мекемелері
шаруа (фермер) шаруашылықтары
үй шаруашылығы
Қазақстанда
134
121,1
148,6
131,8
оның ішінде
Ақмола
107,1
56,9
78,6
109,5
Ақтөбе
115
60,7
111,9
118,6
Алматы
154,8
130,6
153,4
156,7
Атырау
107,8
61,2
103,6
111,3
ШҚО
135,9
110,1
103,9
138,9
Жамбыл
170
89,5
188,4
167,2
БҚО
83,4
64,2
94,2
82,2
Қарағанды
164,2
183,3
167,2
159,8
Жан басына шаққанда картоптың пайдалануы ТМД елдерінде - 120 кг, АҚШ-да - 60 кг, Қазақстанда - 90 кг.
Ботаникалық сипаттамасы. Картоп алқа тұқымдасына жатады және егістіктегі негізгі түрі Solanum tuberosum. Табиғи тегі бойынша картоп сабағы жыл сайын өліп отыратын көпжылдық шөптесін өсімдік, бірақ жер шарының көптеген елдерінде бір жылдық өсімдік түрінде өсіріледі (Сурет 42).
Оны вегетативті түрде (түйнек, көз-ше, бүршіктерімен) және тұқымымен көбейтуге болады. Өндіріс жағдайында картоп негізінен түйнегімен - қысқарған жер асты өркенінің өзгерген түрі - көбейтіледі. Тұқыммен көбейтіл-генде картопта күндік тамыр мен жалғыз сабақ, ал түйнегімен көбей-тілгенде шашақ тамырлар жүйесі мен бұта пайда болады. Картоп бұтасы бірнеше сабақтардан құра-лады. Өсімдігі қосжарнақты, әлсіз дамыған тамыр жүйесін қалыптас-тырады (бүкіл картоп өсімдігі массасының 6-7 %, ал астық дақылдарында ол көрсеткіш - 20-25%) және топырақтың 60 см қабатында орналасқан.
Картоп жуандаған столон қалыптастырады, ол түр өзгерісіне ұшырған жер асты сабағы болып табылады, ұштары жуандап түйнекке айналады. Түйнектерде көзшелер бұранда тәртібімен орналасқан (кеңірдектелген жапырақтар). Картоп түйнегі маңызды биологиялық қасиеті - тыныштық күйі кезеңімен сипатталады, мұның өзі тұқымдық материалды келесі өніміне зиян келтірмей күзгі-қысқы кезеңде сақтауға мүмкін береді. Тыныштық күйінің ұзақтығы картоптың сорты мен сақтау жағдайларына байланысты. Ортадан кеш пісетін және кеш пісетін сорттарының тыныш-тық күйі ерте және орташа мерзімде пісетіндерге қараған-да ұзағырақ. Қысқы сақтау ережесін (тәртібін) дұрыс қолданғанда картоп түйнегі 6-7 ай бойы көктемей жақсы сақталады.
Сурет 42. Картоп. 1 - өсімдігі; 2 - тұ-қым өскіні; 3 - гүл шоғыры; 4 - гүлдері; 5 - жапырақтары; 6 - жемістері; 7 - тұқымы
Түйнектер өне бастағанда тыныштық күйдегі өркен-көзшелерден өскіндер түзіледі, олар жарықта қысқа және жасыл, ал қараңғыда - ұзын және түссіз болады. Өскіндерден картоп бұтасы пайда болады, ол бірнеше сабақтарды біріктіреді (Сурет 43). Картоп басқа танаптық дақылдар сияқты өзінің тіршілік үрдісінде үнемі қоршаған ортамен байланыста болады. Қалып-ты өсіп-дамуына, мол өнім алуда өсімдіктерді барлық тіршілік факторларымен (су, жылу, жарық, ауа, қоректік заттармен) бір мезгілде, үздіксіз және қажетті мөлшерде қамтамасыз ету қажет.
Сурет 43. Картоп түйнектері
Картоп өсімдігінің қоршаған орта факторларына талабы тіршілігінің әр кезеңінде бірдей емес. Оның үстіне, әр фактор басқа жағдай қалыптасқанда басқаша әсер етеді, міне сондықтан өсу жағдайларына қоятын талаптарын тереңірек оқып-үйреніп және өсімдіктердің оларға қажетсінуін ескеру абзал. Сорттары. Пісу мерзімінің ұзақтығына байланысты картоп сорттары ерте пісетіндер (50-60 тәулік, Приекульский ранний ж.б., асханалық, жазда пайдалану үшін), ортадан ерте пісетіндер (60-80 тәулік, жазда және күзде пайдалануға), орташа мерзімде пісетіндер (80-100 тәулік, негізінен асханалық), ортадан кеш пісетіндер (110-120 тәулік, әмбебап), кеш пісетіндер (125 тәулік және одан жоғары, негізінен техникалық мақсатқа пайдалануға).
Топтардың арасындағы айырмашылықтарды белгілеу қиын. Сорт неғұрлым кеш пісетін болса, солғұрлым оның потенциалды мүмкіндігі көп. Аязсыз кезеңнің шектеулілігінен көптеген аудандарда ортадан кеш және кеш пісетін сорттар өсірілмейді.
Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттар төменде келтірілген:
Ерте пісетіндер. Приекульский ранний. Сортаралық шағылыстыру тәсілімен Приекуль генетикалық тәжірибе стансасында шығарылған. Өте ерте пісетін сорт. Мол өнімді, ауруларға әлсіз төзімді. Түйнектері ақ түсті, ұсақ көзшелері бар, домалақтау - сопақ пішінді, жұмсағы ақ, крахмалдығы ортадан төмен, дәмдік сапасы жақсы, сақталуы қанағаттанарлық. Барлық облыстарда өсіруге рұқсат етілген.
Весна - бұрынғы БӨШИ Опорный пунктісінде түраралық будандастыру тәсілмен шығарылған. Асханалық, жоғары өнімді сорт. Саңырауқұлақ, бактериялық, вирус ауруларына төзімді. Түйнектері ашық-қызғылт түсті, ұзынша-сопақ пішінді. Көзшелері ұсақ, жұмсағы ақ. Дәмдік сапасы қанағаттанарлық, крахмалдығы орташа, сақталуы жақсы. Қостанай, Қарағанды, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Полет - ерте пісетін, асханалық, жоғары өнімді сорт, рак ауруларына төзімді. Гүлдері ақ, түйнектері қызыл, сопақтау-бұрышты. Көзшелері ұсақ, жұмсағы ақ. Ақмола, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан, Қарағанды облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Кокшетауский ранний - Ақтөбе, Батыс Қазақстан, СҚО, Қарағанды облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Ақкөл - Солтүстік Қазақстан облысында өсіруге рұқсат етілген.
Просвит - Ақмола, Қостанай облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Фреско - Ақмола, Қостанай облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Ярла - Алматы, Павлодар облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Ортадан ерте пісетіндер: Невский - Ресейдің Солтүстік-Батыс АШҒЗИ-да сортаралық шағылыстыру тәсілімен шығарылған. Ортадан ерте пісетін сорт. Асханалық, жоғары өнімді, пәрменді типтегі сорт. Саңырауқұлақ, бактериялық ауруларға төзімді. Түйнектері ақ түсті, ұсақ көзшелері бар, домалақтау-сопақ пішінді, крахмалдығы орташа. Дәмдік сапасы мен сақталуы жақсы. Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Мурманский. Ортадан ерте пісетін асханалық сорт, дәмдік сапасы жақсы. Сорт рак ауруларға төзімді, бірақ фитофтора, сабақ нематодасы және вирус ауруларымен залалданады. Сабақтары негізінде күлгін түсті. Гүлдері ақ, түйнектері ақ түсті, домалақ пішінді. Ақмола, Қарағанды облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Шортандинский - Қазақ АШҒЗИ мен Қазкартоп шаруашылығы ҒЗИ клондық сұрыптау тәсілімен шығарылған. Ортадан ерте пісетін, асханалық, өнімі ортадан жоғары, аурулармен әлсіз залалданады, қуаншылыққа төзімділігімен ерекшеленеді. Түйнектері ақ, домалақ пішінді, көзшелері орташа тереңдікте, жұмсағы ақ түсті, крахмалдығы орташа, дәмдік сапасы мен сақталуы жақсы. Ақмола, Қостанай, Алматы, Жамбыл, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Огонек - ортадан ерте пісетін асханалық сорт. Рак ауруына төзімді. Дәмдік сапасы мен сақталуы жақсы. Түйнектері ақ, домалақтау-сопақ пішінді, жұмсағы ақ, қабығы тегіс. Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Акколь - Солтүстік Қазақстан облысында өсіруге рұқсат етілген.
Никита - Қостанай облысында өсіруге рұқсат етілген.
Тамаша - Алматы, Қарағанды облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Эскорт - Ақмола, Қостанай облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Романо - Шығыс Қазақстан облысында өсіруге рұқсат етілген.
Тениз - Жамбыл, Қызылорда облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Розара - Алматы облысында өсіруге рұқсат етілген
Орташа мерзімде пісетіндер. Ақсор - Алматы, Қызыл-Орда, Павлодар облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Гатчинский - Жамбыл облысында өсіруге рұқсат етілген.
Ресурс - Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Тамыр - Жамбыл, Қызыл орда облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Ортадан кеш пісетіндер. Ақжар - Ақтөбе, Қостанай облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Курант 1 - Қостанай облысында өсіруге рұқсат етілген.
Лорх - Батыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында өсіруге рұқсат етілген.
Халық шаруашылығында пайдалану бағытына қарай картоп сорттары 5 топқа бөлінеді:
- асханалық;
- техникалық;
- асханалық-техникалық;
- мал азықтық;
- әмбебап.
Асханалық сорттардың түйнектері дұрыс пішінді, дәмдік сапасы мен сақталуы жақсы, тез піседі, бірақ үгітілмейді, көзшелері тайыз орналасқан (бұлар әдетте ерте және орташа мерзімде пісетін сорттар).
Техникалық (зауыттық) - әдетте кеш пісетін сорттар, крахмалдығы жоғары (20%-дан жоғары) және жақсы сақталады.
Асханалық-техникалық - түйнектері дәмді, жұмсағы қараймайды, жоғары крахмалды. Олар өндірістік өңдеу мен тағамдық мақсаттарға пайдаланылады.
Мал азықтық - бұлар жоғары өнімді сорттар, құрғақ заттар мен белок мол жинақталған.
Әмбебап - сорттар жақсы дәмдік сапасымен және біршама крахмалының молдығымен ерекшеленеді, жан жақты пайдаланылады.
Картоп сорттарын пайдалану бағытына қарай топтау шартты. Көптеген сорттарының дәмдік сапасы жақсы және оның үстіне крахмалдылығы жоғары болуына байланысты техникалық өңдеуге жарамды. Қазақстанда асханалық бағыттағы сорттар басым болуы керек.
Биологиялық ерекшеліктері. Картоп айтарлықтай жылусүйгіш өсімдік. Тыныштық күйден өткен және температурасы 3-50С-дан төмен емес топыраққа отырғызғаннан кейін өне бастайды. Бірақ бұл температурада оның өнуі баяу жүреді, тамырлары нашар дамиды, ал түйнектер саңырауқұлақ ауруларымен жеңіл залалданады. Температура +7 -- 8° дейін көтерілгенде түйнектердің қалыпты өнуі байқалады. Әрі қарай температура жоғарылағанда түйнектердің өну белсенділігі, әсіресе ылғалды топырақта кенеттен арта бастайды. Түйнектердің белсенді өнуіне ең қолайлы тсмпература + 16 -- 18° деп есептеледі.
Картоптың сабағы мен жапырағының өсуіне қолайлы температура +5-6°. Олардың максимум өсуі орташа ылғалды топырақта +17 -- 22° температурада байқалады. +25°-тан жоғары температура есімдіктерді әлсірстеді, ассимиляңия процесі баяулайды, ал 42°-тан жоғары температура жер бетіндегі өсімдік массасының өсуін тоқтатады. Картоптың сабағы мен жапырағы төмен температураға да өте сезімтал. -- 1 -- 1,5° суықтықта және ауаның жоғары салыстырмалы ылғалдылығында өсімдік карайып кетеді және өліп қалады. Картоп түйнектері гүл қауыздары пайда болған кезде түзіле бастайды және бұл кезеңдегі топырақ температурасы +16 -- 18°, немесе +22 -- 25° ауа темпе-ратурасына сәйкес келеді де ең қолайлы болып табылады. Топырақ температурасы +6°-тан төмен және +23°-тан жоғары болғанда түйнектердің өсуі тежеледі, ал +26 -- 29°-та түйнектің тузілуі мүлде тоқтайды.
Өсімдіктің толық дамуына қажетті биологиялық белсенді температура жиынтығы (+10°-тан жоғары) пісу мерзімі ерте және ортадан ерте пісетін сорт үшін 1400 -- 1600°, орташа мерзімде пісетін сорт үшін 1600 -- 1800° ортадан кештеу және кеш пісетін сорт үшін -- 1800 -- 2000°. Бұл көрсеткіш Солтүстік Қазақстанда 1800 -- 2200° аралығында, ал негізінен 1600°-ден 2600°-қа дейін езгереді. Сондықтан ортадан кештеу, әсіресе кеш пісетін сорттар қажетті оптимум температураны алып үлгермейді, нәтижесінде ерте және орташа мерзімде пісетін сорттардың өнімінен анағұрлым төмен өнім қалыптастырады.
Картоп топырақ ылғалдылығына талғампаз. Бүршіктердің өнуі мен өркендердің пайда болуына қажетті ылғал аналық түйнек есебінен қанағаттандырылады. Өсімдік көгінің пайда болуы мен сабақ-жапырактар қалыптасуының алғашқы кезеңінде өсімдіктің ылғалға кажетсінуі шамалы, өйткені жапырақтардың буландыру беті үлкен емес және осы кезеңде олар қуаңшылыққа айтарлықтай төзімді. Өсімдік өсе келе ылғалға қажетсінуі арта түседі де барынша қажетсіну жаппай қауыздану-гүлдену кезеңіне сәйкес келеді, бұл кезде олардың жер бетіндегі массасы жақсы дамыған және тіршілік қызметі жоғары. Бүл кезеңде түйнектер пайда бола бастайды, сондықтан ылғалмен үздіксіз түрде қамтамасыз ету-жоғары өнім алудың басты шарттарының бірі. Бүл кезеңдегІ судың жетімсіздігі тургордың тәмендеуі мен жапырақтың солып калуына әкеліп соғады, ал мүның өзі фото-синтезге теріс әсерін тигізеді, өнімнің мөлшері мен сапасы төмендейді. Тамырлардың негізгі массасы тараған алаңда осы топырақтың ылғалдылығын ТДЫ 70 -- 80% дәрежесін.де үстағанда өнімнің қорлануына ең қолайлы жағдайлар жасалады.
Өсіп-өну соңында, сабақ пен жапырақтың солып, түйнектің өсуі төмендегенде алғашқы кезеңдерге қарағанда картоптың ылғалға қажетсінуі кемиді. Өсіп-өну кезеңінің соңына карай қалыптасқан жылы әрі қүрғақ ауа-райы түйнектердің түзілуін тездетеді, оларда мықты әрі қалың қабықтың пайда болуына мүмкіндік жасайды, соның нәтижесінде өнімді жинаған кезде түйнектер аз жарақаттанады да қыста жаксы сақталады. Керісінше, жауын-шашынды ауа райы түйнектердің пісуін кешеуілдетеді, оларда жүқа, әлсіз кабық түзіледі, жинаған кезде олар жеңіл жарақаттанады және нашар сақталады.
Топырактағы ылғалдың тым артық мөлшері, оның жөтімсіздігі сияқты картоп өніміне теріс әсерін тигізеді: түйнектер сылбыр өседі, олардағы крахмал мөлшері азаяды, бактериялык және саңырауқүлак ауруларымен залалдану артады.
Метеорология жағдайларына, сорттың ерекшеліктеріне және өсіру әдістеріне байланысты картоптың транспирациялык коэффициенті 330 -- 700 өлшем бірлігінде өзгереді. Орта есеппен 1 кг картоп түйнегін алу ушін 150 л су қажет. Алайда бұл көрсеткіш топырақ қүнарлығы мен механикалық құрамына байланысты өзгереді: кұнарлы саздақ топырақ 85 -- 100 л, құнарсыз құмдак топырақта 160 -- 200 л дейін көтеріледі.
Солтүстік Қазақстан жағдайында аудандастырылған картоп сорттарының көпшілігінде интенсивті өсу мен түйнек түзу шілденің аяғы, тамыздың бас кезінде болады, бұл жазғы ылғалдың мол түсетін кезіне сәйкес келеді де өнімнің қалыптасуына мүмкіндік жасалады. Алайда, осы кезеңде қолайсыз ауа-райы қалыптасса (қуаңшылық, жоғары температура), өсімдіктер қысы-лып өседі әрі жекелеген жағдайларда вирусты аурулар да етек алып кетеді. Климаттың мұндай теріс құбылыстары аймақтың оңтустік бөлігінде суарылмайтын жерлерде өсірілетін картопқа қатты әсер етеді.
Картоп-жарық сүйгіш өсімдік. Жарық жетімсіз болғанда сабақ созылып кетеді, жапырақтар сарғаяды, буршіктену мен гүлдену әлсізденеді, өнім қатты төмендейді. Сондыктан алқапқа өсімдікті дұрыс орналастыру арқылы бұтаның жан-жақты жарықталуын қамтамсыз ету кажет, ал бұл фотосинтездің қолайлы жағдайда өтуіне мумкіндік береді. Оптималды отырғызу жиілігін таңдап алу сортқа, отырғызылатын материалдың көлеміне, ылғалмен камтамсыз етілуі мен топырақ құнарлығына байланысты.
Нақты жағдайда бір гектарда 40 -- 50 мың м2 жапырак беті ауданын түзетін картоп жиілігі ең колайлы деп еселтеледі. Картоптың көптеген сорттары сабақ-жапырақтарының дамуы мен гүлдеуіне қарай ұзақ күнді өсімдіктер қатарына жатады.
Биологиялық ерекшеліктеріне сәйкес картоп топырақтың борпылдағына, оның ауа, ылғал өткізгіштігіне жоғары талап қояды, органикалық және минералдық заттарға бай орташа саздақ қышқылдау реакциялы топырақта жақсы өнім береді. Картоптың тамыр жүйесі мен столондарының жақсы дамуына қолайлы ауа режімі тығыздығы 0,9 -- 1,1 гсм3 қара және коңыр топырақта жасалды.
Қатты тығыздалған, әсіресе сортандау -- сазды топырақта өсімдік көгі кешігіп (5 -- 7 күн) шығады, өсімдіктердің өсуі тежеледІ, тамыр жүйесі нашар дамиды, топырақтың беткі кабатында шоғырланады да тез өліп қалады. Ауыр сазды топырақтардың тығыздығы 1,3 -- 1,4 гсм3 жеткенде түйнектер киқы-жиқы пішінде түзіледі, азықтық және тұкымдық сапасын жоғалтады әрі нашар сақталады.
Мұның бәрін Солтүстік Қазақстан жағдайында кең тараған механикалық құрамы ауыр топырақта және суармалы жерлерде қатты ескерген жөн, себебі олар жаздың екінші жартысына карай өте тығыздалып калады.
Картопты колайлы мерзімде отырғызғанда оның гүлденуі маусымның соңы және шілденің басында, ал ортадан кеш пісетін сорттарында тіпті шілденің аяғында байқалады. Қалыпты өсіп-өну кезеңінде түйнектің пайда болуы әсіресе аймақтың солтүстік бөлігінде, айтарлықтай агрометеорологиялық қолайлы жағдайларда өтеді.
Солтүстік Қазақстан аймағында көптеген картоп сорттары түйнектерінің ең қарқынды өсуі тамыз айына сәйкес келеді де барлық түйнек өнімінің 60-80%, ал кейбір жылдары 93-95 пайызға дейін жетеді. Ортадан кештеу пісетін сорттарда тіпті қыркүйек айында да, егер ерте күзгі үсік өсіп-өнуді тоқтатып тастамаса, өнімге айтарлықтай салмақ қосылады.
Картоптың құрғақ заттарының құрамында 26 әртүрлі химиялық элементтердің барлығы анықталған. Алайда еліміздің көптеген топырақ-климат аймақтарында, оның ішінде Солтүстік Қазақстанда, картоп үш негізгі элементті - азот, фосфор, калий - қажетсінеді.
Топырақтан қоректік заттарды шығындауы бойынша картоп көптеген ауыл шаруашылығы дақылдарынан асып түседі. Оның әрбір 100 ц түйнек өнімі орта есеппен топырақтан 50 кг азот, 20 кг фосфор, 70 кг калий қоректік заттарын шығындайды, бұл көрсеткіштер астық дақылдарынан анағұрлым көп. Өсімдіктердің қоректік заттарға қажетсінуі жапырақ-сабағының өсуімен арта түседі де ең жоғарғы деңгейі (максимум) бүрлену-гүлдену кезеңіне, басқаша айтқанда түйнектердің түзілуі мен пәрменді қорлану кезіне сәйкес келеді.
Өсімдіктермен топырақтан қоректік заттарды сіңіру мөлшеріне ауа-райы жағдайлары, топырақ ертіндісінің реакциясы, тыңайтқыш түрлері ж.б. көп әсер етеді. Ылғалды жылдары және суармалы жағдайда картоп құрғақ және суарылмайтын жағдайға қарағанда азот, фосфор, калий қоректік заттарын айтарлықтай көп мөлшерде пайдаланады. Бұл ылғалды топырақта қоректік заттардың жылжымалы түрде болуымен және картоптың жерүсті массасының қарқынды дамуымен түсіндіріледі. Картоп қышқыл ортаның өсімдігі, оған топырақтың су сығындысының (рН) 5,5-6,5 көрсеткіші қоректік заттарды сіңіруге барынша қолайлы деп есептеледі.
Картоптың биологиялық ерекшеліктері мен тіршілік факторларына қажетсінуін және топырақ-климат, метеорологиялық жағдайларды ескере отырып ғылыми негізделген агротехниканы қолдану - бұл маңызды дақылдан мол өнім алудың кепілі.
Картоп өсірудің өндірістік (индустриальная) технологиясы төмендегідей негізгі элементтерді қарастырады:
1) картоп плантациясын дұрыс орналастыру:
2) топырақ өңдеудің дұрыс жүйесін жасау;
3) органикалық және минералды тыңайтқыштардың жеткілікті мөлшерін (нормасын) енгізу;
4) алдын-ала қырқалар тілу;
5) отырғызылатын түйнектерді сапалы дайындау;
6) жоғары өнімді картоп отырғызатын машиналарды пайдаланып дер кезінде және сапалы түрде түйнектерді отырғызу;
7) уақытында күтіп-баптау (агротехникалық және химиялық тәсілдерді тиімді жүргізе отырып арамшөптерге, зиянкестерге, ауруларға қарсы тиімді күрес жүргізу);
8) шабу немесе десикациялау арқылы дер кезінде сабақ-жапырақ массасын аластату;
9) сапалы жинау және түйнектерді жинағаннан кейін сақтауға дайындау.
Картоп плантациясын дұрыс орналастыру (ауыспалы егістер).
Ауыспалы егісте картоптың алғы дақылдарға талаптары топырақ пен климат жағдайларынна байланысты өзгереді. Ылғал жеткілікті аймақтарда өзінен кейін мүмкіндігінше көп тамыр мен аңыз қалдықтарын қалдыратын танаптарды арамшөптерден тазартуға себептесетін және топырақта зиянкеситер, саңырауқұлақ пен бактериялық ауру қоздырғыштарының жинақталуы мен көбеюінің алдын алатын дақылдар жақсы алғы дақылдарға жатады.
Жоғары өнім алудың басты шарттарының бірі - картоппен қаныққан ауыспалы егіс көлемінің 50-60% дейін сүрі жер - отамалы, шөпті-отамалы дақыл және отамалы дақыл сияқты мамандандырылған ауыспалы егістерді игеру болып табылады. Негізінен картопты Қазақстанда суармалы жерлерде өсіреді және оны жақсы алғы дақылдан кейін орналастырып өсірген дұрыс. Еліміздің солтүстік аудандарында, негізінен кәдімгі оңтүстік қара топырақтарында және ылғал мол түсетін басқа аймақтарда картопты суарылмайтын, тәлімі жерлерде өсіруге болады. Аталған ерекшеліктерді ескере отырып суармалы жағдайда өсірілетін картоп үшін мынадай ауыспалы егістер кескіндері ұсынылады:
1. Көпжылдық шөптер (2 жыл) - картоп - тамыржемістер-картоп;
2. Біржылдық шөптер - картоп - жүгері - картоп;
3. Жүгері - картоп - тамыржемістер - картоп;
4. Қырыққабат(орамжапырақ) - картоп - қияр - картоп - пияз - картоп.
Тәлімі (суарылмайтын) жерлерде;
1. Ықтырмалы сүрі жер - картоп - бидай;
2. Ықтырмалы сүрі жер - картоп - сұлы + бұршақ тұқымдастардың қоспасы - картоп;
3. Ықтырмалы сүрі жер - картоп - жүгері - картоп.
Келтірілген ауыспалы егістер кескіндерін жобалы деп қарастырған дұрыс. Белгілі бір ауыспалы егісті таңдап алу нақты картоп өсірілетін аймақ пен шаруашылық жағдайларына, өсіру мақсаттарына, егістік алқаптардың құрылымына, мамандануына және басқаларға байланысты өзгереді.
Ғылыми мекемелер деректері мен озат шшаруашылықтар тәжірибелеріне қарағанда суармалы жерлерде картоп үшін ең жақсы алғы дақылдар: көпжылдық шөптер, асбұршақ, жүгері, қант қызылшасы және т.б. Сонымен қатар көкөніс дақылдары ішінде қияр, пияз, қырыққабат және бақша дақылдарынан кейін өсірілген картоп өніміжоғары болады. Солтүстік Қазақстан жағдайында және басқа қуаңшылықты аймақтарда суарылмайтын картоп үшін жақсы алғы дақыл ықтырмалы сүр танабы болса, Қазақстанның Оңтүстік шығысында жасыл балаусаға өсірілген асбұршақ пен сұлы қоспасы екені дәлелденген.
Топырақ өңдеу жүйесі. Толыққанды егін көгін алу, пәрменді өсу және даму, қуатты тамыр жүйесін қалыптастыру үшін картопқа борпас, ауа өткізгіш топырақ қажет. Борпас топырақтарда минерализация үрдісі қарқынды жүреді, соған сәйкес сіңімді қоректік заттар мол жинақталады. Тығыз топырақтарда тамыр нашар және беткі қабатта ғана дамиды, әлсіз дамыған тамыр жүйесі өсімдіктерді ылғалмен қамтамасыз ете алмайды, әсіресе жиі қайталанатын қуаншылықта. Сонымен қатар тығыз топырақта ұсақ, деформацияға ұшырған және крахмалдығы төмен түйнектер түзіледі. Бұл ерекшелікті Солтүстік Қазақстанда кең тараған механикалық құрамы ауыр топырақтарда ескерген жөн.
Топырақ өңдеудің нәтижесінде борпас құрылым ғана жасалмайды, сонымен бірге арамшөптер, аурулар мен зиянкестердің жойылуына да алғы шарт жасалады, егіс паясы, органикалық және минералды тыңайтқыштар топыраққа сіңіріледі. Өнімнің қалыптасуына ықпал ететін топырақтың су және жылу ережелері де айтарлықтай реттеледі.
Жүргізу кезегі мен мерзіміне қарай картопқа арнап топырақ өңдеу негізгі (сүрі жер өңдеу немесе сүдігер жырту) және отырғызар алдындағы өңдеуден құралады. Топырақ өңдеу тәсілі мен мерзімі алғы дақылдарға топырақ тығыздығы мен арамшөптермен ластануына және өсіру жағдайларына (суармалы немесе тәлімі жерлерде) байланысты өзгереді.
Суармалы жерлерде сүдігерлік өңдеу кайырмалы соқалармен 30 -- 35 см тереңдікте жүргізіледі және бір мезгілде алқапқа шашылған көң де жыртылып сіңіріледі. Егер алғы дақыл ерте жиналса, онда араңдату мақсатымен топырақты әуелі қопсытқыштармеп өңдейді, соның нәтижесінде арамшөп пен зиянкестердің жойылуына мүмкіндік туады. Егер алғы дақыл кеш жиналса онда алқап бірден жыртылады да, кейіннен өскен арамшөпті қосымша куль-тивация жүргізу арқылы жояды. Көктемде, топырақтың физикалық пісуі жеткен кезде негізгі өңдеу бағытына көлденең, немесе айқыш-ұйқыш бағытта орташа ауырлықтағы тісті тырмалармен, немесе ауыр топырақта -- ауыр тырмалармен өңдейді. Отырғызар алдындағы топырақ өңдеу жазықтілгіш құралдарымен 18 -- 22 см, ал ауыр саздау топырақта 30 см тереңдікке дейін өңдейді. Көктемде қайырмалы соқалармен қайта жырту жургізілмейді, өйткені ол топырақты кептіріп жібереді және өнімді төмендетеді.
Картопты суармайтын жерлерде өсіргенде топырақты негізгі өңдеу таза сүрі жер дайындау, немесе сүдігер жырту түрінде терең қопсытқыштармен жүргізіледі. Мұнда ылғал корын жинау мен оны сақтау маңызды рөл атқарады. Ерте көктемгі тырмалау БИГ-3 иректісті тырмамен жургізіледі, картопты дәл отырғызар алдында топырақты сыдыра жыртқыштар немесе культиваторлармен 14 -- 16 см тереңдікке қопсытады.
Әсіресе суармалы жерлерде топырақ нашар өңделген болса және алқап беті тегіс болмаса картоп отырғызар алдында тегістегіштердің көмегімен бұл кемшіліктер түзетіледі. Мұның өзі отырғызуды сапалы жүргізуге және түйнектерді оңтайлы тереңдікке сіңіруге мүмкіндік жасайды.
Тыңайтқыш қолдану жүйесі. Картоп өніміне керекті қоректік заттарға азот, фосфор, калий, кальций, магний, темір, күкірт, бор, марганец және т.б. заттар жатады.
Өсімдік тіршілігінде әрбір қоректік заттың өзіндік орны бар, солардың біреуі жетіспесе өсімдік ойдағыдай өсіп-дамымайды.
О р г а н и к а л ы қ т ы ң а й т қ ы ш т а р. Органикалық тыңайтқыштардың өсімдіктің өнімін көтеру жолындағы маңызы өте ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz