Дақылдың халық шаруашылығындағы маңыздылығы


Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

  1. Кіріспе
  2. Негізгі бөлімДақылдың халық шаруашылығындағы маңызыБиологиялық ерекшелігіӨсіру технологиясы

а) алғы дақыл

ә) топырақ өндеу жүйесі

б) себу жұмыстары

в) күтіп баптау жұмыстары

г) жинау

2. 4 Ғылыми зерттеулер

  1. Қорытынды
  2. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Зығыр (лат. Línum) - зығыр тұқымдасына жататын бір жылдық және көп жылдық шөптесін өсімдіктер туысы; тінді, талшықты, майлы дақылдар. Зығырдың 230-ға жуық түрі белгілі. Қазақстанда 13 түрі кездеседі. Республиканың солтүстік-шығыс және оңтүстік-шығыс облыстарындағы қара және қоңыр топырақты жерлерде өсіріледі. Сабағының биіктігі 50 - 100 см., жапырағы қандауыр пішіндес, қондырмалы, гүлшоғыры - шатыр тәрізді шашақ. Гүлдері ұсақ, басым бөлігі көкшіл түсті, өсімдіктің жоғарғы жағында шоғырланып өседі. Жемісі - қауашақ. Зығырдың талшығын және тұқымын алу үшін, негізінен, дақылдық зығыр ( Linum usitatissimum L. ) өсіріледі. Ол 5 түр тармағына бөлінеді. Олардың ішінде кең тарағаны: салалы (талшықты) зығыр, майлы (шашақты) зығыр, жатаған зығыр, т. б (1-сурет) . Салалы зығыр - бір жылдық өсімдік. Қоңыр салқын ауа райында жақсы өседі. Салалы зығыр салқынға шыдайды. Вегетациялық өсу мерзімі 75 - 90 тәулік. Өздігінен тозаңданады, кейде айқас тозаңдануы да мүмкін.
Майлы зығыр (шашақты зығыр) - бір жылдық, жылу сүйгіш, ылғалды аса қажет етпейтін (салалы зығырмен салыстырғанда) өсімдік. Вегетациялық мерзімі 150 тәулік. Желмен тозаңданады. Майлы зығырдың тұқымында 52%-ке дейін май болады. Салалы зығырдың майы сияқты мұны да олифа, лак, бояу дайындауға және тағамға пайдаланады. Зығыр күнжарасы - өте құнарлы мал азығы талшығының бір гектарынан 7 - 11 центнер өнім алынады. Зығыр тұқымы мен зығыр майын медицинада, талшығын кенеп мата, брезент, кендір жіп жасау үшін пайдаланады. Маусым айынан гүлдеп, шілденің аяғында жеміс береді. Қазақстанда аудандастырылған сорттары: “Сибиряк”, “Авангард”, “Қарабалық 3”, “ВИР-1650”, т. б. Негізгі зиянкестері: зығыр бүргесі, көк көбелек, трипстер; аурулары: антракноз, фузориоз.

Flax flowers.jpg

1-сурет. Зығыр

  1. Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы

Зығыр - бағалы майлы дақыл, оның тұқымынан сапалы кебетін май өндіріледі (35-42 %) және оны техникалық, тағамдық мақсаттарға пайдаланады. Техникалық маңызы - сыр, олиф, лак, линолеум өндірісінде қолданылуында. Майлы зығырдың тұқымы мен майы фармацевтикада да қолданыс тапқан.

Май өндірісінің қалдықтары (күнжарасы мен шроты) - бағалы құнарландырылған мал азығы, олардың құрамында 30 %-ға таяу белок болады. 1 кг күнжарасы 1, 15 а. ө. тең. Зығыр өндірісінің қалдығы - кострадан - жиһаз плиталарын, изоляциялық жіптер, шпагат, қағаз ж. б. дайындау шикізаты болып табылады.

Зығыр - азиялық және жерортатеңіздік текті біржылдық өсімдік, ертеден өсіріліп келе жатқан дақыл. Дүниежүзілік егістікте майлы зығыр (кудряш) 1, 0 млн га астам өсіріледі. Үлкен алқаптары Аргентина, АҚШ, Канада, Үнді елдерінде шоғырланған. ТМД елдерінде оның егіс аумағы жыл сайын жер шарындағы егістіктің 10 %-на таяу (90 мың га) .

Құрғақшылыққа төзімділігі мен ерте пісетіндігіне байланысты майлы зығыр негізінен Орал, Батыс Сібір мен Солтүстік Қазақстанның орманды-дала және далалық аудандарында өсіріледі.

Солтүстік Қазақстанда 1986-90 жж. Жалпы егістігі 28-29 мың га, оның ішінде барынша үлкен алқаптары (16-17 мың га) Қостанай облысының үлесінде болды. Тұқым өнімі жоғары емес - 1, 2-3, 1 ц/га аралығында.

Ботаникалық және морфологиялық сипаттамасы. Көптеген түрлерінің ішінде барынша өндірістік маңызы бар зығыр түрі - мәдени, немесе кәдімгі зығыр (Linum usitatissimum) .

Майлы зығыр - біржылдық аласа өсетін (40-50 см) өсімдік. Сабағы тік өседі, бұтақты және түксіз. Жапырақтары қарапайым, ланцетті, ұштары үшкірленген, сабақта кезектесіп орналасқан. Гүл шоғыры - борпас шатыр тәрізді шоқгүл. Гүлдері қосжынысты, бестік түрде, күлтеше жапырақтары ақ және күлгін түсті, жемісі - бес ұялы домалақ келген қорапша. Тұқымдары - сопақ, жылтыр, тегіс бетті, қоңыр түсті, 1000 санының массасы 4-6 г (2 - сурет) .

  1. Биологиялық ерекшелігі

Майлы зығырдың басты ерекшеліктерінің бірі - оның жартылай қуаңшылықты далалық және орманды-дала аудандарының жағдайларына бейімділігі. Ол жылуға жоғары талап қояды, әсіресе пісу кезеңінде, тұқымдары 3-4 0 С-да өне бастайды, көктеуіне оңтайлы температура 12-14 0 С. Зығырдың егін көгі - 3-4 0 С бозқырауды жеңіл көтереді. Орташа мерзімде пісетін сорттары үшін белсенді температура жиынтығы 1600-1800 0 С. Майлы зығыр көктеуден гүлденуге дейінгі кезеңде қуаншылыққа барынша төзімді. Бұл уақытта тамыр жүйесінің өсуі мен топыраққа тереңдей бойлауы жүреді.

Майлы зығыр ылғалға орташа талап қояды, транспирациялық коэффициенті 370-430. Ылғалға барынша жоғары талабы гүлдену-тұқымның толысу кезеңінде байқалады. Бұл кезеңдегі ылғал жетімсіздігі өнімді күрт төмендетеді. Майлы зығырға ең жақсысы механикалық құрамы орташа қара және күңгірт-қоңыр топырақтар. Сортаң кешенді топырақтар оған жарамсыз.

Майлы зығыр өздігінен тозаңданатын өсімдік, алайда төменгі температура мен ауаның төмен салыстырмалы ылғалдылығында гүлдердін бір бөлігі айқас тозаңдануы мүмкін. Зығыр таңғы сағаттарда гүлдейді, жекелеген гүлдер 3-5 сағат бойы гүлдейді, алайда танаптың гүлдеуі 30-40 тәулікке дейін созылады.

Майлы зығырда мынадай фенологиялық кезеңдер ажыратылады: көктеу - 6-7 тәулік (тұқым жарнақтары жапырақтарының пайда болу кезеңі), қосқұлақ - 28-29 тәулік себуден бастап.

Майлы зығырдың Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттары: Кустанайский янтарь (Ақмола, Қарағанды, Қостанай, СҚО) ; Исилькульский (СҚО) ; Карабалыкский 7 (Ақмола, СҚО) ; Опал (Ақтөбе обл. ) .

  1. Өсіру технологиясы

а) Алғы дақыл. Майлы зығыр алғы дақылға талапты және міндетті түрде жеміс алмастыруды қажетсінеді. Аймақ жағдайында ол үшін сүріден кейінгі жаздық бидай, жүгері, дәнді бұршақ дақылдары, бұршақ-астық тұқымдастар қоспасы, көпжылдық шөптер қыртысы жақсы алғы дақыл болып табылады. Бұл Солтүстік Қазақстан мен Батыс Сібір ғалымдарының зерттеулерімен дәлелденген.

ә) Топырақ өндеу жүйесі. Топырақ өңдеу жүйесі дәнді дақылдарға ұқсас. Ол топырақты алғы дақылды жинағаннан кейінгі негізгі өңдеуді (сүдігер дайындау), қысқы екі рет қар тоқтату шараларын қарастырады. Көктемде-топырақтың беткі қабатын қопсыту (ылғал жабу) және себу алдындағы топырақты тұқым сіңіру тереңдігіне (4-6) см өңдеу жүргізіледі. Қажет болған жағдайда (топырақтың тығыздалып қалуы, арамшөптермен ластануы жоғары болуы) себу алдындағы өңдеу қайталануы мүмкін, әсіресе жеңіл топырақтарда қосымша себу алдындағы тығыздау. Бұл шаралар егіннің жаппай көктеуін қамтамасыз етеді.

Аймақта сүдігер дайындағанда немесе себумен қатар фосфор тыңайтқышын (Р 30 ) енгізу жақсы нәтиже береді.

б) Себу жұмыстары. Себу алдында тұқым құрғақ ауада қыздырылады және дәріленеді (ТМТД, 80 %, 2-3 кг/т) .

Майлы зығырды топырақта тұқымның сіңіру қабатында температура 12-14 0 С-ға жеткенде - күнтізбелі 15-20 мамыр - сепкен дұрыс. Себу тәсілі - жаппай қатардағы немесе таспалы, себу мөлшері - 6-7 млн/га өнгіш тұқым (45-50 кг/га) . Қазақстанның өте қуаңшылықты жағдайларында кейде кең қатарлы тәсілмен әр гектарға 20-30 кг тұқым себуге болады. Екі бағытта пайдаланатын аралық зығырды (май және талшық өндіруде) өсіргенде тұқымның себу мөлшерін 10-15 кг/га арттыру ұсынылады. Тұқымның сіңіру тереңдігі 4-6 см.

в) Күтіп баптау жұмыстары. Қажеттігіне байланысты майлы зығыр егістігінде арамшөптерге қарсы гербицидтерді қолдануға болады: қосжарнақты арамшөптерге қарсы дақылдың «қосқұлақ» кезеңінде 2М-4Х гербицидімен (1, 0-1, 2 кг/га ә. е. з. ) бүркеді; біржылдық астық тұқымдас арамшөптерге қарсы себуге дейін немесе майлы зығыр көктегенге дейін 1, 0-1, 2 кг/га ә. е. з. мөлшерінде топыраққа триаллат гербицидін енгізеді.

г) Жинау. Егінді бөлектеп жинайды, қораптардың 75 % қоңырланғанда (толық пісуге 10-12 тәулік қалғанда) дестеге шабады да, тұқым ылғалдылығы 11-13 %-ға жеткенде дестелер бастырылады.

2. 4 Ғылыми зерттеулер

Майлы зығыр өсімдігінің биометрикалық көрсеткіштеріне макро жəне микротыңайтқыштардың əсері

Жəңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық - техникалық университетінің ауылшаруашылығы ғылымдарының кандидаты, доцент М. Қ. Мусина мен магистрант А. Р. Зейнешева 2014 жылы Батыс Қазақстан облысының майлы зығыр өсімдігінің биометрикалық көрсеткіштеріне макро жəне микротыңайтқыштардың əсерін зерттеді.

Олар өз мақалаларында: “2014 жылдың вегетациялық кезеңдерінің ауа-райы жағдайы өте құрғақшылығымен ерекшеленді, əсіресе жылдың екінші жартысында. Күзгі-қысқы жауын-шашын мөлшері топырақта жақсы ылғал қорының сақталуына əсерін тигізді, бұл зығыр өсімдігінің толық жəне біркелкі өскіндердің пайда болуын қамтыды. Бірақ мамыр айында басталған ыстық ауа-райы əрі қарай жаз бойы жалғасты, бұл өз кезегінде дақылдың өсіп - дамуына теріс əсерін тигізбей қоймады. Бірақ ауа-райының құрғақшылығына қарамастан тыңайтқыш енгізілген барлық нұсқаларда бақылау нұсқалаларымен салыстырғанда, өсімдіктің тығыздығы мен бағыттық өсуі құрылып, қауашақ саны мен қауашақта тұқым пайда болды. Кейіннен өсімдік биіктігінде, өсімдіктегі қауашақ санында жəне қауашақтағы тұқым санында да жоғары көрсеткіштер болды. Минералды тыңайтқыштар жəне олардың фонындағы «Наномикс» микро тыңайтқышы майлы зығыр өсімдігінің биіктігін біршама жоғарлатты. Бақылау вариантымен салыстырғанда қоректену деңгейлерінің айырмашылықтары: «шыршалану» кезеңінде - 1, 2-2, 7; гүлдеу - 3, 5-5, 2; жасыл түрінде пісу - 3, 7-5, 4 см. Ең биік өсімдік N20P30 + «Наномикспен» шыршалану кезеңінде үстеме қоректендіру вариантында - 35-37 см қалыптасты, бұл бақылау вариантынан 12, 6 %-ға жəне минералды тыңайтқыштармен қоректендірілген басқат варианттардан 8-10% - жоғары болды”- деп, майлы зығыр өсімдігінің өнімінің құрылымын құрғақшылық аймақтардың өзінде де, үстеме қоректендіру жоғарғы көрсеткіштер бермеген және өсімдіктің өсіп дамуына біршама жақсы əсер тигізетінін зерттеген.

Майлы дақылдардың тұқымының жинақталуы жылдық ылғалдылығына байланысты.

В. И. Слабуш - майлы дақылдарды сұрыптау бөлімінің орынбасары.

В. А. Мельников - Қостанай ҒЗИ АШ-ң аға ғылыми қызметкері.

И. В. Сидорик - Қостанай ҒЗИ АШ-ң аға ғылыми қызметкері.

Су өсу организмінде негізігі бөлімін құрайды. Өсімдікке органикалық заттың пайда болуына ылғалдылықтың көп мөлшері керек.

Ыстық, оңтүстік аудандарда дәнді дақылдарды (пішініне, түріне, сортына) суару кезінде олардың дәндеріндегі майдың және йодтың пайда болуы күрт өскенін тәжірибе жүзінде дәлелденді.

Орталық және солтүстік аудандарда егілген кейбір дәнді дақылдардың сорттарында әр түрлі ылғалдылық жағдайында өніп- өсу кезеңінде дәндерден бөлінетін майдың және йодтың көрсеткіші өте көп. Ылғалдылық жағдайында өскен дәнді - дақылдар сортынан бөлінетін май мен йодтан айырмашылығы анық көрінді. Н Иванов (1926 жылы) бір келкі жағдайдағы суарылған және суарылмаған зығырмен жасаған тәжірибесінде ұқсастық тәуелділігін анықтады. Тәжірибе Уральск аймағында жүргізілді: тәжірибе 10 сортпен жүргізілді. Майдың шығуы төмендегідей болды: суарусыз - 35%, суарылғанда - 36, 9%, айырмашылық 1, 9% болды. Суарудың нәтижесінде майдың өсу пайызымен бірдей йодтың өсуі де байқалды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Күздік арпа жапырақтарының түрлері
Күріш және күріш суы
Күріш дақылының биологиялық ерекшеліктері
Жасымықты өсіру технологиясы
Күздік бидай және қара бидай
ОҚО, Аксукент ауылы жағдайында күздік бидай дақылынан жоғарғы өнім алудың технолгиясын жасау
Картоптың негізгі вирус аурулары
Өсіру технологиясы
Егістік ноғатық
Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz