Күздік қара бидай



Кіріспе
2.1.Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы
2.2.Биологиялық ерекшелігі
2.3.Өсіру технологиясы
2.4.Ғылыми зерттеулер
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қара бидай қоңырбастар (Poaceae) тұқымдасына және Secale туыстығына жатады да 12 түрді біріктіреді. Дақылда негізінен күздік қара бидай өсіріледі, ал жаздық қара бидай – төмен өнімді, Қазақстанда мүлде өсірілмейді десе де болады. Қазақстанда 2 түрі бар: жабайы қарабидай (Secale sylvestre) және мәдени қарабидай (Secale cereale).
Мәдени қара бидай (лат. Secale cereale) — қара бидай тұқымдасының бір түрі және тағамдық дақыл. Құнарлы мал азығы ретінде де пайдаланылады. Республикада негізінен күздік қара бидай Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында өсіріледі.
Күздік қара бидайдың тамыр жүйесі қуатты дамыған, шашақты, ұрықтық және түйін тамырлардан тұрады, топыраққа 1,0-1,5м дейін бойлайды, алайда негізгі массасы топырақтың беткі қабатында шоғырланады. Күздік қара бидайдың тұқымдары көбінесе 3-4 ұрықтық тамырмен өнеді, олар өсімдіктер тіршілігінің алғашқы кезеңдерінде қоректенуде өте үлкен рөл атқарады. Негізгі өркеннің төменгі түйінінен түйін (екіншілік) тамырлар тарайды, олардың даму деңгейі топырақ-климат ерекшеліктері мен өсіру жағдайларына байланысты өзгереді.
1) https://kk.wikipedia.org/wiki
2) Қ.К. Әрінов, Қ.Н. Мұсынов, А.Қ. Апушев/ “Өсімдік шаруашылығы”, - Алматы: ЖШС РПБК «Дәуір», 2011. – 403- 411 б.
3) Жаңабаев Қ.Ш., Саудабаев Т.С., Сейітов И.С. / Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы: Оқулық.- Алматы: Қайнар, 1994.- 215-216 б.
4) Қ.М. Мұсынов, Қ.К. Әрінов , А.А. Қыпшақпаева/ Жаршы журнал/ Күздік дәнді дақылдардың тыңайтқыш аясы мен себу мөлшеріне байланысты астық өнімі мен сапасы:- Алматы: Бастау, 6/2005ж, 19-20 б.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Қара бидай қоңырбастар (Poaceae) тұқымдасына және Secale туыстығына жатады да 12 түрді біріктіреді. Дақылда негізінен күздік қара бидай өсіріледі, ал жаздық қара бидай - төмен өнімді, Қазақстанда мүлде өсірілмейді десе де болады. Қазақстанда 2 түрі бар: жабайы қарабидай (Secale sylvestre) және мәдени қарабидай (Secale cereale).
Мәдени қара бидай (лат. Secale cereale) -- қара бидай тұқымдасының бір түрі және тағамдық дақыл. Құнарлы мал азығы ретінде де пайдаланылады. Республикада негізінен күздік қара бидай Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Шығыс Қазақстан және Қарағанды облыстарында өсіріледі.
Күздік қара бидайдың тамыр жүйесі қуатты дамыған, шашақты, ұрықтық және түйін тамырлардан тұрады, топыраққа 1,0-1,5м дейін бойлайды, алайда негізгі массасы топырақтың беткі қабатында шоғырланады. Күздік қара бидайдың тұқымдары көбінесе 3-4 ұрықтық тамырмен өнеді, олар өсімдіктер тіршілігінің алғашқы кезеңдерінде қоректенуде өте үлкен рөл атқарады. Негізгі өркеннің төменгі түйінінен түйін (екіншілік) тамырлар тарайды, олардың даму деңгейі топырақ-климат ерекшеліктері мен өсіру жағдайларына байланысты өзгереді.
Сабағы - сабан, іші қуыс, биіктігі 0,6-1,8 м дейін және буынаралығы төрттен жетіге дейін, оның жапырылуы сабақтың биіктігі, төменгі буынаралығының ұзындығы мен жуандығына қарай өзгереді.
Жапырақтары - ланцетті, бидаймен салыстырғанда ендірек.
Гүл шоғыры - күрделі масақ, ақшыл-сары, масақ білігі мен масақшалар бекитін тұғырдан құралған. Масақ білігінің тұғырлары қысқа, түкті келген, сопақ, сатылы орналасқан. Әрбір тұғырда бір бірден масақша орналасқан, ал қос гүлді, үшіншісінің сілемдері анық байқалады. Гүл қауыздары бес жүйкелі және бір-екі килі болады. Масақта 30-40 масақшалар дамиды.
Жемісі - жіңішке ұзынша келген немесе сопақша келген дән, жасыл, сары, сұр және басқа түсті, 1000 санының массасы - 18-25 г. Қара бидай - айқас тозаңданатын өсімдік (желмен немесе бір бөлігі жәндіктермен).
Қазақстанда күздік қара бидайдың егіс көлемі 49,3 га (2008). 1 га-дан орта есеппен 14,0 ц өнім алынады. Аудандастырылған сорттары: Шолпан, Саратовская 4, Долинская, Харьковская 55, т.б. Негізгі зиянкестері - күздік шыбын, күздік көбелек, астық қандаласы т.б.; аурулары - қастауыш, қатты және сабақ қаракүйесі, қара зең және склеротиниоз.[1], [2]

2.1.Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы
Күздік қара бидай - маңызды азық-түліктік дәнді дақыл. Оның дәнінде толыққұнды белоктар, көмірсулары, майлар, өте бағалы айырбасқа жатпайтын амин қышқылдары (лизин, валин, триптофан), сонымен қатар А, В1, В2, Е, РР дәрумендері ж.б. элементтер бар, олар адамзат тіршілігінде өте маңызды. [2]
Соныме қатар күздік қара бидай - мал азықтық та дақыл. Оны жем ретінде де пайдаланады. Көктей орылғанда одан сүрлем. Шөп ұнын, пішендеме, көк жем дайындалады. Сабаны малға ірі азық ретінде пайдаланылады және малдың астына төселеді. Күздік қара бидайдың өндірістік те мәні бар, оның сабаны жоғарғы сапалы қағаз , тоқыма себет және қалпақ та болады. [3]
Қара бидай ұнынан әртүрлі нан сорттарын пісіреді, олар жоғары қоректілігімен, жақсы дәмдік сапасымен, хош иістілігімен ерекшеленеді. Ол техникалық және мал азықтық мақсаттарға да пайдаланылады, арамшөптерден танапты жақсы тазартатын дақыл, әрі бірқатар екпе дақылдарға жақсы алғы дақыл.
Қазақстанда 2009 жылы күздік қара бидайдың егістік ауданы 59,8 мың га, ал астық өнімі 13,1 цга болды. Оның негізгі алқаптары СҚО, ШҚО, Павлодар, Батыс Қазақстан облыстарында шоғырланған, оларда астық өнімі 10,8-17,2 цга аралығында. Әлеуетті астық өнімі - 18-20 дан 50-70 цга дейін. Өндірістік жағдайда бұл дақылдың астық өнімінің төмендігі оның өсіру технологиясының жетілдірілмегендігінде (тыңайтқыш қажетті деңгейде енгізілмейді, нашар алғы дақылдан кейін орналастырылады ж.б.). [2]

2.2.Биологиялық ерекшелігі
Күздік қара бидай тұқымы жеткілікті ылғал жағдайында 0,5-2,00С-да өне бастайды, ал температура 300С-дан асып кетсе - өнуі тоқтатылады.
Күздік қара бидай ауаның, 50С тәуліктік орташа температурасында жақсы түптенеді, жоғарырақ температурада оның түптенуі тездетіледі, алайда өркен саны аз қалыптасады. Күздік дақылдардың ішінде күздік қара бидай төменгі температураға барынша төзімді. Тіпті қар қабаты төмен болған қыстың өзінде ол - 25-300С аязды көтереді, ал қар қабаты 30-40 см болғанда күзгі шынығудан өткен өсімдіктер бір апта бойы - 40-430С аязды көтере алады. Қалыпты масақтану және гүлденуге қолайлы температура 14-150С. Ол гүлдену кезеңінде жоғары температураға өте сезімтал, дегенмен бидай мен сұлыға қарағанда шамалы деңгейде зақымданады. Жоғары температуралар дәннің байлануын күрт төмендетеді де босдәнділік пайызын арттырып жібереді. Пісу кезеңінде күздік бидайға оңтайлысы - 22-250С.
Күздік қара бидайды негізінен ылғалды өңірлерде өсіреді, алайда оны құрғақшылыққа төзімді дақылдар қатарына жатқызады. Ол бидай мен сұлыға қарағанда ылғалды аз талап етеді. Транспирациялық орташа коэффициенті - 400-420, сортына топырақ-климат жағдайлары мен себу мерзіміне байланысты ол көрсеткіш 240-тан 585-бірлікке дейін өзгереді. Ол үшін өте маңыздысы күзде түптену кезеңінде жеткілікті ылғал мөлшерімен қамтамасыз етілуі. Күздік қара бидай алғашқы даму кезеңінде ылғалға қажетсінуі шамалы, бірақ түптену кезеңінде ылғалды 3 есе артық шығындайды. Түптену кезеңінде ылғал жеткіліксіздігі байқалғанда қысқа қарсы жақсы түптеніп үлгермейді де егістіктің селдір болуына және астық өнімінің төмендеуіне әкеліп соғады. Күздік бидайдың ылғалмен салыстырғандағы қиын-қыстау кезеңі түтікке шығудан толық масақтануға дейін созылады, бұл кезеңдегі жеткіліксіз ылғал қоры, дәннің толысу кезеңінде де, бос дәнділікке ұрындырады және өнімді төмендетеді.
Күздік қара бидай ұзақ күннің өсімдігі. Күзгі шынығуды өткенде ол жарыққа жоғары талап қояды. Күннің пәрменділі жарығы күзгі түптену кезеңінде күздік бидай жапырақтары мен түптену түйінінде көп мөлшерде пластикалық заттарды, әсіресе қантты, жинақтауды қамтамасыз етеді. Бұл уақытта органикалық заттарды белсенді синтездейді, нәтижесінде күздік қара бидайдың аязға төзімділігін арттыруға мүмкіндік жасайды. Көктемгі ұзақ ашық күн оның шапшаң өсуі мен дамуын қамтамасыз етеді және ауаның температурасы 150С-дан жоғары болғанда масақтануы және кейінгі кезеңдері тездетіледі. Органикалық заттарды толассыз түзу үшін басқа кезеңдерде де жарық күннің жеткілікті болғаны абзал.
Күздік қара бидай басқа дәнді дақылдарға қарағанда топыраққа азырақ талап қояды. Оның тамыр жүйесі жоғары сіңіру қабілетімен ерекшеленеді, әсіресе қиын еритін фосфор қосылыстарынан қоректік фосфорды жақсы сіңіреді. Оған жақсысы қара, күңгірт - қоңыр топырақтар, бірақ ауыр саз және батпақтанған топырақтардың жарамдылығы шамалы. Әрбір центнер астық пен соған сәйкес сабанды қалыптастыру үшін күздік қара бидай топырақтан 3 кг азот, 1,5 кг фосфор және 2,5 кг калий шығындайды. Күздік қара бидай өсімдіктері фосфор қоректік затын бүкіл тіршілік үрдісінде біркелкі пайдаланса, азот пен калийдің барынша жоғары мөлшерін күзде және ерте көктемде талап етеді.
Күздік қара бидайдың пісуі күздік бидайдан 8-10 тәулік, ал жаздық бидайдан 13-16 тәулік бұрын болады. Ал бұл егін жинаудағы қарбаластықты бәсеңдетіп, техника мен жұмыс қолын тиімді пайдалануға септігін тигізеді. Жалпы оның вегетация кезеңінің ұзақтығы 270-тен 350 тәулікке дейін созылады.
Қазақстанда өсіруге рұқсат етілген сорттары:
Саратовская 5 - Ресейдің Оңтүстік-Шығыс АШҒЗИ-да шығарылған. Түршесі - вульгаре, орташа мерзімде пісетін сорт, қысқа, құрғақшылыққа, шашылып қалмауға төзімді (Қостанай, Павлодар, СҚО, Ақмола, Ақтөбе, ШҚО, Батыс Қазақстан облыстарында).
Саратовская 4 - Ақтөбе, ШҚО, Батыс Қазақстан облыстарында.
Чулпан - Солтүстік Қазақстан облысы мен Павлодар облыстарында.[2]

2.3.Өсіру технологиясы
а)Ауыспалы егістіктегі орны. Күздік кара бидай қолайсыз жағдайларға төзімділігінің арқасында, күздік бидайға қарағанда, көптеген алғы дақылдардан кейін егіле береді. Ылғал жеткілікті аудандарда оны екпе сүрі жерлерге себеді-ас бұршағы, сиыр жоңышқа мен сұлы қоспасы, картоп ж.б. Құмдауыт, жеңіл құрамды топырақтарда да екпе сүрі жерлерге себілген күздік қара бидай жоғары өнім түзеді.
Оңтүстік, оңтүстік-шығыс аймақтардың қуаңшылық жағдайларында екпе сүрі жерлердің екпе дақылдары толық жетіліп үлгермейтініне байланысты күздік қара бидайды таза сүрі жерге сепкен тиімді.
Күздік қара бидай бір орынға қайтара сепкенде де жоғары өнім түзеді.
Солтүстік Қазақстанның шаруашылықтарында күздік қара бидайды таза сүр танабына, дұрысы ықтырмалы сүрі танабына орналастырған абзал.
Күздік қара бидай басқа дақылдар үшін жақсы алғы дақыл: жүгеріге, картопқа, қант қызылшасына, мал азықтық тамыржемістілерге ж.б.
ә)Топырақ өңдеу жүйесі.Топырақты дайындау шамамен күздік бидайға ұқсас. Күздік қара бидай екпе сүрі алғы дақылынан кейін себілгенде оның күздік бидайдың топырақ өңдеу жүйесінен еш айырмашылығы жоқ.
Күздік қара бидай картоп және басқа отамалы дақылдардан кейін себілетін болса жер жыртудың орнына, бірге тырмалаумен 8-10 см-ге сыдыра қопсытылады.
Себу алдында топырақты себу тереңдігіне РВК-3,6, ВИП-5,6 немесе басқа агрегаттармен культивациялайды.
Тыңайтқыш жүйесі.Күздік кара бидай тамыры 2 м тереңдікке дейін кететін, топырақ кұнарлылығын аса кажет етпейтін құмды, сазды жерлерде өсе беретін дақыл. Басқа күздік дақылдарға карағанда қуаңшылық пен аязға төзімді.
Күздік кара бидайдың 1 тонна астығы және соған сәйкес мөлшердегі сабаны топырақтан шамамен 25-30 кг азот, 10-15 кг фосфор жене 20-25 кг калий пайдаланады. Қоректік заттарды түптену кезеңінен бастап түтіктену кезеңіне дейін өте көп мөлшерде қажет етеді.
Негізгі тыңайтқыш ретінде көң пайдаланылады, қуаңшылық жағдайында гектарына 15-20 тонна енгізіледі. Топыраққа көңмен бірге фосфорит ұнын енгізген жақсы нәтиже береді, мұндай компост 10-15 тонна көңнен, 3-4 ц фосфорит ұнынан тұрады.
Азотты ерте көтемде тыңайтқыш түрінде қосымша беру-оның өнімін арттырудың бірден-бір қолайлы шарасы. Күзде топырақта фосфор мен калийдің жеткілікті болуы оның суыққа төзімділігін күшейтеді, бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы. Өсіру технологиясы
Дақылдың халық шаруашылығындағы маңызы
Дақылдың халық шаруашылығындағы ролі
ДӘНДІ ЖӘНЕ ЖАРМАЛЫҚ ДАҚЫЛДАР, ОЛАРДЫ ӨСІРУДІҢ ИНТЕНСИВТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ
КҮЗДІК АСТЫҚТАР ӨСІРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Бақашық қандала
Астық дақылдарының ішінде барынша өнімдісі күздік бидай
Күздік бидайдың биологиялық және морфологиялық ерекшелігі
КАРА БИДАЙ
Бидайдың гүлшоғы - масақ
Пәндер