Темекі өсіру технологиясы
Кіріспе
1 Темекі туралы түсінік
2 Халық шаруашылығындағы маңызы
3 Темекі дақылының биологиялық ерекшелігі
4 Жылыжайлар мен көшетханалардың түрлері, құрылысы. Көшет өсіру агротехникасы.
5 Көшеттер жиналғаннан кейінгі жылыжайда жүргізілетін жұмыстар
6 Шынықтыру
7 Көшет түрлері
8 Темекіні танапта өсіру технологиясы.
9 Темекі жапырықтарын жинау

Көшет деп, тығыз егістікте өсірілген, өнім беретін мүшелерін қалыптастырмаған, ашық және қорғаулы грунқа - тұрақты орынға отырғызуға арналған жас өсімдікті айтады.
Көшет кезеңінде салыстырмалы түрде өсімдіктің тығыз орналасуы, олардың тіршілік кезеңінің басында баяу өсуіне байланысты, соның себебінен олар өсіп тұрған үлескінің 0,5-1% ауданын ғана пайдаланады.
Көшеттік әдіс өнімнің 20-30 тәулік ертерек пісуіне мүмкіншілік жасайды, соның нәтижесінде халық жас көкөніс өнімдерімен ертерек қамтамасыз етіледі; тіршілік кезеңі ұзақ жылу сүйгіш дақылдарды солтүстік аудандарда өсіруге; өскіндер мен күш алмаған жас өсімдіктерді, аурулар мен зиянкестерден қорғауды жақсы ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Одан басқа көшеттік әдісте тұқымның шығынын 5-6 есе кемітуге болады, өскіндерді сиретудің қажеттілігі тумайды, қабыршақ пен арамшөптермен күресу жеңілдейді.
Сонымен бірге, көшеттік әдіс қымбат тұратын дақыл өсіретін құрылыстарды салуға қосымша шығынды талап етеді. Көшеттік әдіспен өсіру, сол уақытта тиімді, егер өндірістік шығындарды ерте алынатын өнім қайтара алса. Міне, сондықтан әрі нашар көшет өсіруде, әрі оны грунтқа кеш көшіріп отырғызса, ол тұқымды тікелей топыраққа сепкеннен әлдеқайда тиімсіз. Бірақ осындай теріс жақтары болғанымен көшеттік әдіс кең таралған: ашық жер көкөніс шаруашылығында егіс көлемінің жартысынан артығы көшетпен отырғызылады, ал жылыжайлар мен булы жайларда бұл әдістің үлесіне егіс көлемінің 90% келеді.

1. «Өсімдік шаруашылығы практикумы» Атақұлов Т.А. Арыстанғұлов С.С.
Каракальчев А.С.
Салақшынова Б. М. Елшібаев А.Е. Алматы, 2007. 135-бет
2. «Өсімдік шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы » Жаңабаев Қ.Ш. Саудабаев Т.С. СейітовИ.С. .
3. Анкалай Аврам и др. Механизация на тютюнопроизводство Земиздат. София, 1972, 361 с.
4. Асмаев П. Г., Загоруйко М. Г. Сортоведение табака и махорки. М., ,
«Пищевая промышленность», 1973, 296 с.
5. «Биологические особенности и технология возделывания табака»
Михайлова, А.Е. Лысенко, О.Д. Филипчук
6. «Көкөніс шаруашылығы» Б.М. Уызбеков, Н.Г. Шепетков, М.Ә. Ысқақов,
И.И. Жұмағұлов, Н.С. Еркенбаев
7. Бучинский А.Ф,Володарский Н.И Табоководство М. Колос 1979.
8. Леопов И.П,Петренко А.Г,Псарев С.М Учебник табаковода М. 1986.
9. Леопов И.П,Петренко А.Г Пособие для табаковода М.В. школа,1973.
10. Апушев А,Узбеков БМ Темекіні Қазақстанда өсіру технологиясы Алматы ,1998

Көшет деп, тығыз егістікте өсірілген, өнім беретін мүшелерін
қалыптастырмаған, ашық және қорғаулы грунқа - тұрақты орынға отырғызуға
арналған жас өсімдікті айтады.
Көшет кезеңінде салыстырмалы түрде өсімдіктің тығыз орналасуы, олардың
тіршілік кезеңінің басында баяу өсуіне байланысты, соның себебінен олар
өсіп тұрған үлескінің 0,5-1% ауданын ғана пайдаланады.
Көшеттік әдіс өнімнің 20-30 тәулік ертерек пісуіне мүмкіншілік
жасайды, соның нәтижесінде халық жас көкөніс өнімдерімен ертерек қамтамасыз
етіледі; тіршілік кезеңі ұзақ жылу сүйгіш дақылдарды солтүстік аудандарда
өсіруге; өскіндер мен күш алмаған жас өсімдіктерді, аурулар мен
зиянкестерден қорғауды жақсы ұйымдастыруға мүмкіншілік береді. Одан басқа
көшеттік әдісте тұқымның шығынын 5-6 есе кемітуге болады, өскіндерді
сиретудің қажеттілігі тумайды, қабыршақ пен арамшөптермен күресу
жеңілдейді.
Сонымен бірге, көшеттік әдіс қымбат тұратын дақыл өсіретін
құрылыстарды салуға қосымша шығынды талап етеді. Көшеттік әдіспен өсіру,
сол уақытта тиімді, егер өндірістік шығындарды ерте алынатын өнім қайтара
алса. Міне, сондықтан әрі нашар көшет өсіруде, әрі оны грунтқа кеш көшіріп
отырғызса, ол тұқымды тікелей топыраққа сепкеннен әлдеқайда тиімсіз. Бірақ
осындай теріс жақтары болғанымен көшеттік әдіс кең таралған: ашық жер
көкөніс шаруашылығында егіс көлемінің жартысынан артығы көшетпен
отырғызылады, ал жылыжайлар мен булы жайларда бұл әдістің үлесіне егіс
көлемінің 90% келеді.
Көшеттік өсімдік көшетсіз өсімдікпен салыстырғанда көшет кезеңінде
өсуі мен дамуында жүгіру (жеделдеу) алдын алады. Жүгіру өскін пайда
болғаннан көшіріп отырғызғанға дейінгі уақытта күнтізбегінің санымен, ал
кейіннен даму кезеңдерімен (жапырақ саны, гүлшоғырының қалыптасуы және т.т)
өлшенеді. Жүгірудің шамасы әдетте көшеттің жасымен байланысты. Жүгіру
неғұрлым көшеттің жасына сәйкес келсе, соғырлым ерте өнім жоғары болады.
Мәселен, ААШИ-ның тәжірибелерінде 23 тәуліктік қиярдың жүгіруінің шамасы
33 тәуліктікке қарағанда жоғары болған. Жылыжайда қиярдың өнімділігі
біріншісінікі 39,3кгм , екіншісінікі- 35 кг болды. Көшетті тұрақты орнына
отырғызғанда жүгіруді сақтап қалудың маңызы өте зор, ал оны
отырғызуға дайындауға байланысты. Нашар дайындалған көшет танапка
отырғызылғаннан кейін жүгіруін жоғалтып алуы мүмкін, себебі оның жапырағы
шапшаң сола бастайды.
Темекі туралы түсінік
Құрамында өте улы есірткілік қоздырғыш зат - алкалоид никотин бар
дақылдарға темекі мен қаратемекі жатады. Темекі Оңтүстік және Орталық
Америка тұрғындарына Европалықтар бұл құрылықты ашқанға дейін белгілі
болған. Мәдени дақыл ретінде темекі 1560 жылы Францияда егіле бастады, 1605-
1610 жылдар аралығында ол дүниежүзінің барлық елдеріне тарады.
Россияда Петр 1 жарлығымен 1716 жылы егіле бастады, ал 1768 жылы
Петербургта алғашқы темекі өңдеу фабрикасы ашылды.
Қазақстанда темекі Алматы облысында XIX ғасырда жеке шаруашылықтарды
егіле бастаған және олар Верный темекілері деген атпен ішкі және
халықаралық көрмелерде жоғары бағаланып Неаполь, Париж, Барселона
көрмелерінде алтын медальдарға ие болған.
Бәсекеге жол бермес үшін Қрым мен Закавказье плантаторлары Верный
темекілері тек Орта Азияда ғана сатылуға рұқсат етілетін патша жарлығын
шығартқызған. Өндірістік деңгейде Қазақстанда темекі 1920-1930 жылдары ғана
егіле бастады.
і
Қазіргі кезде темекі дүниежүзінің 115 елдерінде 4 млн. га жерде
егіледі. Темекіні ең көп егіп (2,96 млн. га), әлемде өндірілетін
шикізаттың 40%-ын Қытай өндіреді, АҚШ 0,7 млн т., Индия 0,54, Бразилия
0,40, ТМД елдері 0,30, Түркия 0,26 млн. т.
Қазақстанда темекі Алматы, Жамбыл облыстарында 10,0 мың га жерге
егіледі, орташа өнімділігі гектарынан 2,0 т, жылына 18-20 мың тонна темекі
жапырағы жиналады.Жекелеген шаруашылықтарда темекі жапырағының өнімі
гектарына 5,0 тоннадан асып түседі.
Халық шаруашылығындағы маңызы
Темемкіні папирос, сигарет, сигар және түтік шылымының шикізаты-
жапырақтары үшін егеді. Темекінің жасыл жапырақтарынан азық-түліктік ақуыз
өндіріледі. 1 т гүлшоғырынан парфюмерлік және химия
өндірісінде қолданылатын 2 кг эфир майлары өндіріледі.
Ферментациядан өткен темекі жапырақтарында 0,8-3% никотин, 4-15%
көмірсулар, 0,3-0,5%) -эфир майы, 7-12% ақуыз, 4-7% - смола және 12-17% күл
болады. Смола мен эфир майы темекіге өзіне тән иіс береді. Темекінің сапасы
көмірсу мен ақуыздың арақатынасымен анықталады: ақуыз аз болған сайын оның
сапасы жоғары болады. Темекінің жоғары сорттарында көмірсулар 11-13 %, ,
ақуыз 7%.
Темекінің никотині хром қышқылымен тотыққанда, кейбір фармацепттік
препараттарды синтездеуге қолданылатын никотин қышқылына айналады. Демек,
ол емдік заттар алу үшін медицина өнеркәсібінде де қолданылады.
Темекі негізінен шылым өнімдері күйінде қолданылады. Одан
сигарет, папирос, орама және трубкалық темекі алынады.
Темекінің отаны-Америка, онда мыңдаған жыл бұрын жергілікті халық
темекіні шегуге,емдеу мақсаттарына және әдет-ғұрыптарды орындау үшін
қолданған.Мысалы Колумбияда жартасқа салынған темекі жапырағы суретінің
жасы кем дегенде 5 мың жыл толады екен.Ал Америка ашылғаннан бері темекі
өсімдігі басқа құрлықтарға тез таралып кетті.
Қазіргі кезде темекі шикізатының бүкіл әлемдік өндірісі жыл сайын
6-7 млн. тонна құрайды.Сексенінші жылдары Қазақстанда жылына 10мың тоннаға
дейін темекі шикізаты өндірілді.Ал 90-жылдары оның өндірісі күрт
құлдырап,шикізат шетелден тасыла бастады.1996жылы біздің елде 1600 тонна,ал
1997жылы-3700 тонна темекі шикізаты өндірілді.Биылғы жылдың жоспарында кем
дегенде 10-15мың тонна шикізат өндіру көзделіп отыр.Қазақстанда темекі
шикізаттың өндірудің біден-бірі демеушісі болып Американың Филип Моррис
компаниясы болып табылады және бұл республикамыздағы ауылшаруашылығының
дамуына үлкен үлес қосады.Қазір Алматы қаласының маңында аса ірі,қуаты
жылына 25млрд. сигарет шығара алатын Гринфилд атты фабрика салынып
жатыр.Бұл отандық темекі шикізатына деген сұранысты арттырады.
Темекі шикізатын өндіру ауылшаруашылығындағы
күрделі,жауапкершілікті талап ететін,ал бірақта аса табысты сала.Ол басқа
ауылшаруашылық өсімдіктерімен салыстырғанда технологиясы ерекше,сондықтан
бірнеше сатылы күтіп-баптауды талап ететін дақыл.
Темекі дақылының биологиялық ерекшелігі
Темекі дақылы-Nicotiana -бір жылдық өсімдік,алқа тұқымдасына
solanaceol жатады.Сабағының биіктігі 100-110 см-одан да биік
болады.Тамыры-кіндік тамырлы – 1,5-2м тереңге топыраққа кіреді.Жапырақтары
үлкен ені 30 см,ұзындығы 70 см дана болады.Бір өсімдікте 25-50 дана жапырақ
болады.
Темекі жапырақ жинау үшін өсіріледі,ол сигареттер,папирос,оралған
темекі және сигарлар дайындауға қолданылады.
Темекі жапырағының құрамында никотин 13%,’эфир майы-1%,смала 4-
7%,белок 7-10%,көміртегі 4-13%,күлі 13-15% болады.Смала мен эфир майы оның
хош иістілігін береді.
Темекі дүниежүзінде 4 миллионға жер колемінде өсіріледі.Т.М.Д
елінде 170 мыңға Қазақстанда 6-7 мыңға көлемінде,темекінің өнімділігі 15-
20%;35-30цга.
Темекі өсімдігінің сабағы-домалақ т.б өседі,ұзындығы 1,5-
2м.Жапырағы ірі әрі отырған,тұтастай сиеткі,сопақ,жұмыртқа
тәрізді.Үшкірілген тегіс немесе әжім басқан бетін.Бір өсімдікте 25-50
жапырақ болады.Жапырағы мен сабағы жабысқан қысқа қылшықтармен
жабылған.Егер өсімдіктің негізгі гүл шоғырын қысқартса көптеген жанама гүл
шоғырлары пайда болады.
Гүлі-құбыр тәріздес,дұрыс орналасқан,бес бір-біріне жабысқан
күлте жапырақтардан тұрады.Жемісі-қорабша;көп тұқымды,қоңыр түсті.
Тұқымы-бүйрек тәріздес,домалақ,сопақша пішінді қоңыр-қошқыш
түсті.Жақсы пісіп жетілген тұқымдар жетілмеген тұқымдарға қарағанда суға
салғанда батып кетеді.
Кіндікті тамыр жүйесі 1,5-2м тереңдікте барады,жан-жағына 70-
80см,жылыжайда да көптеген жылдар бойы өсіп гүлдеп тұқым береді.
Темекі тұқымы жылулық 27-28С ылғалданған жағдайда 3-5 күндері
нүкте тәріздес болып шығады.Өте қолайлы өсімдікке температура 25-30С.Жас
өсімдіктерде үсік өте қауіпті жағдай(2-3С).
Темекінің транспроциалық коэффиценті 500-600 көшет өсіру
мерзімінде мынадай фазалардан өтеді;
а)Өніп шығуы жер бетіне екі тұқым жапырақша пайда болады.
б)Кресті-екі нағыз жапырақша пайда болады.
в)Құлақша-төрт жапырақша,бір-біріне жабысқан жарыққа созылған.
г)Отырғызуға дайын 4-5 жақсы жетілген жапырақты ұзындығы 12-
14см тамыры шашақты,жақсы жетілген,фазалардың бір-біріне өту мерзімдері
әртүрлі,олар сорттың биологиялық ерекшелігіне және өсіру жағдайына
байланысты.
Көшет ашық алаңға отырғызылғаннан кейін 2-3 күнде көшет
тіріліп,өсімдік өсуін жалғастырады.Осы фазаны сабақтану деп атайдыОсы
фазаны сабақтану деп атайдыОсы фазаны сабақтану деп атайды.Гүлдену негізі
сабақтан басталып жанама сабақтары ауысады.
Темекі өздігінен тозаңданатын өсімдік.
Темекі тұқымы екі пісу фазасынан тұрады.
Бірінші – биологиялық және физологиялық биологиялық пісу
өсімдік гүлі түсіп,қорабша ішіндегі тұқым тез ажырайтын мерзім,бірақ бұл
фазада тұқым өнгіштігі әлі толық қалыптасып үлгермеген.
Екінші фаза-физиологиялық,ал шамамен тұқымды сақтаудан бір
жылдан кейін болады.
3.Жапырақтың химиялық құрамына 70-ке жуық әртүрлі заттар
кіреді.Олар:никотин 1-3%, эфирлық майлар-1 %жуық, смала-4-7% ,белок-8-12
%,углеводтар-12-15%, пектин заттары-8-10%, қышқылдар-10-12%, кептірілген
жапырақтағы судың мөлшері сортына, өсірілген аймағына кептіру әдісіне
байланысты.Ыстық от лебімен кептіру 7% күн көзінде -8-10%,жапырақ ылғалдығы
12% кем,ілгенде сынып үгітіле бастайды.Сондықтан оның ылғалдығын 18-20%-ға
жеткізу қажет.Темекі жапырағындағы никотиннің мөлшерінің жоғарылауы
темекінің күштілігін анықтайды.Орташа күште темекіде -1,2-2,0%
никотин,күшті темекіде -2,5%,әлсіз темекіде -1,0%төмен.Жапырақ құрамындағы
органикалық тұз қышқылы темекінің жануын керісінше төмендетеді.
?-сурет. Темекі. 1, 2-гүлдеу және көктеу кезіндегі өсімдіктер; 3-
өсімдік сабағының басында орналасқан гүл шоғырлары мен жапырақтар; 4-
жемісі; 5-тұқым (сол жақта үлкейтілген).
Жапырақтары- ірі, сағақты немесе сағақсыз, шеті бүтін, сопақ, жұмыртқа
тәрізді немесе эллипс пішінді, үшкір, тегіс немесе бұдыр бетті. Бір
өсімдікте 25-50 және одан да көп жапырақтар болады. Жапырақтары мен
сабағының желімді қысқа түктері бар.
Гүлшоғыры- қалқан тәрізді сыпыртқы гүл. Г ү л д е р і - қос-жынысты,
сағақты, гүлсерігі бар. Тостағаншасы - қоңырау тәрізді. Күлтесі -
тостағаншадан ұзын, сырты қалың түкті. Күлте түтігі ақ, бүгілген жері
алқызыл немесе қызыл. Аналық ауыз екі қалақты. Аталығы - бесеу.
Темекі өздігінен тозаңданатын өсімдік болғанымен, айқас тозаңдануы да
мүмкін.
Ж е м і с і - екі ұялы, көп дәнді, сопақ, қоңыр түсті, піскенде жарылып
кететін қауашақ.
Тұқымы- сопақ, қара-қоңыр, ұсақ, 1000 дәннің салмағы 0,05-0,12г.
Темекі жылу, ылғал, жарық сүйгіш және қоректік заттарды көп қажет
ететін өсімдік.
Оның тұқымы 10-12°С өне бастайды. Өсіп-жетілуіне қолайлы температура 25-
30°С. 35°С жоғары температурада өсуі тоқтап қалады. Жас өсімдіктер -2-3 °С
үсікте опат болуы мүмкін. Бірақ ол күздегі қысқа мерзімді төмен
температураның әсеріне төзімді.
Темекі-жарық сүйгіш өсімдік, ұзақ күндік жағдайда жақсы өсіп жетіледі,
бірақ оның ген қорында қысқа күндік формалары да кездеседі. Жарық
жеткілікті болмаса, оның өсіп-жетілуі тежеледі, сапасы
нашарлайды. Көлеңкелеп өсіру тәсілі сигаралық темекі өсіргенде
қолданылады, өйткені көлеңкелі жағдайда өскен темекі жапырағының алақаны
жұқа және көлемі үлкен болып қалыптасады.
Темекінің өсуіне топырақтың далалық су сыйымдылығы 65-70% болғаны
қолайлы. Ылғалдың ең көп қажеттілігі көшет отырғызу мен оның шанақтануы
аралығында. Осы кезеңдерде ылғал жетіспесе, өсімдік жапырақтарының көлемі
кішірейіп, мерзімінен бұрын пісіп, өнімі төмен түсіп кетеді және оның
сапасы нашарлайды. Ылғал шамадан артық болса, әсіресе ауыр сазды
топырақтарда темекі егісіндегі өсімдіктер тұншығады.
Темекінің транспирациялық коэффициенті 500-600.
Ол қоректік заттарды да көп пайдаланады. Гектарына 15 ц жапырақ өнімін
түзу үшін шамамен 90 кг азот, 25 - Р2О5 және 70 кг К20 және 100 кг аса СаО
пайдаланады.
Темекіге механикалық құрамы жеңіл, құрылымды, қара-шіріндісі онша көп
емес топырақ өте қолайлы. Мол қарашірінділі топырақта темекінің сапасы
нашарлап кетеді. Темекіні ауыр сазды, тұзды және батпақтанған жерлерге
өсіруге болмайды. Натрийдің, әсіресе қальцийдің хлор қосылыстары темекінің
жану қасиетін төмендетеді.
Темекі өсірудің екі кезеңі болады: бірінші - жылыжайда тұқымнан көшет
өсіру, екінші көшетті танапта өсіру. Көшет өсіру 35-45 күнге созылып 5-6
нағыз
жапырақ пайда болғанда аяқталады. Екінші кезең - көшетті танапқа
отырғызғаннан жоғары қабат жапырақтарының техникалық пісуіне дейін - 80-120
күнге дейін жалғасады.
Темекі онтогенезі 10 кезеңге бөлінеді: тұқымның тыныштық кезеңі, өнуі,
көктеуі, тамырлануы, көшеттің қалыптасуы, көшеттің танапта жерсінуі,
өсімдік қалыптасуы, гүлдеу, тұқымның түзілуі және пісуі, жапырақтардың
түзілуі және пісуі.
Тұқымның тыныштық кезеңі. Темекі тұқымы 12-15°С температурада, ауаның
ылғалдылығы 60-70%, құрғақ қоймада сақтағанда өзінің тіршілік қабілетін 4-6
жыл сақтайды.
Тұқымның өнуі үшін қажетті мөлшерде ылғал (ең төмен ылғал
сыйымдылығынан 80%-дан кем емес) мен жылулық (25-28°С) қажет, мұндай
жағдайда тұқым бір тәулік ішінде бөрітеді, ал 2-3 күннен кейін көктей
бастайды.
Жылыжайлар мен көшетханалардың түрлері, құрылысы. Көшет өсіру
агротехникасы.
1.Темекі өсімдігінен жоғары сапалы жапырақ өнімдерін алу үшін
барлық агротехникалық талаптарға сай көшеттер өсірілуі қажет.
Жоғары сапалы көшеттерді өсіру үшін суықтан қорғалған ,қоректік
заттармен қамтамасыз ете алатын құрлыстар қажет.
Оларға жататындар:көшетжайлар мен жылыжайлар.Бұл құрылыстарды
жылытылуы жағынан екіге бөледі:
-жылытылатын;
-күн көзі(сәулесі)арқылы жылитын;
Көшеттерді ерте көктемде өсірген жағдайда міндетті түрде
жылытылған жылыжайлар мен көшетжайлар қолданылады.
Көшеттерді ашық алаңға орта және кеш мерзімдерінде отырғызылатын
жағдайда күн көзі арқылы жылитын құрылыстарды пайдалануға болады.
Көшет өсіретін құрылыстарға алаң таңдағанда олар мынадай талаптарға сай
келуі қажет.
1.Желден қорғалған,күнгей бетті
2.Жылыжай құрлысы қажетті су көзіне,көшеттерді ашық алаңға
жеткізуге қолайлы жол,жарық көзі тартылған,жұмысшыларға қолайлы демалыс
орны және т.б.
3.Биоотынды,топырақ қоспаларын тасымалдауға және оны
сақтауға,залалсыздандыруға қолайлы жабық алаңдары
Осы сұрақтағы айтылған ұсыныстар міндетті түрде ескеріліп орындалған
жағдайда көшет өсіруге қолайлы жылыжай құрлысы деп саналады.
2.Темекі көшеттерін өсіру
Темекі өсірумен шұғылданатын фермерлер сол аймақта
аудандастырылған және Филипп Моррис,Қазақстан темекі компаниясы өнімін
қабылдайтын темекі сорттарының тұқымын сепкені жөн.Оларға Талғар
25,27,Дюбск сорттары жатады.
Тұқымның лабораториялық өнгіштігі 70%-дан кем болған ондай
тұқымды пайдалануға болмайды.Жылайдың 1 шаршы метр алаңына тұқым себу
мөлшері:көктемде-0,4гр,қыс алдында -0,8гр ,топырақ жүйектерінде-0,5гр.
Тұқымды залалсыздандыру үшін формалин,моргонцовка
қолданылады.Формалин:40% формалиннің бір бөлігін 50 бөлік суға (501)
ерітеді араластырады.Дайындалған ертіндіге тұқымды 10 минутқа мешоктарға
салып(бөктіреді).1кг тұқымға 2 л формалин ертіндісі(501)қажет.Әр мешоктағы
тұқым 1кг аспауы қажет.Тұқымды 10 минуттан кейін алып сорғытып,тағы ағын
суға жуу қажет.Жуу мерзімінің ұзақтығы 10-15 минут.Одан кейін тұқымды
өндіруге қояды.
Алдын-ала өндірілген тұқым кеб тұқымдарға қарағанда өскіндері тез
пайда болады.
Тұқымды алдын ала өсіру таза қалталарда (мешоктарда) 1кг тұқымнан
аспайтын мөлшерде жүргізіледі.Тұқым салынған мата қалта(1кг)бір тәулікке
суға батырылып,30С(градус)дейін қыздырылады.Одан кейін тұқымды қалтамен
таза суда,қалтадан аққан су таза болғанға дейін жуады.Содан кейін тұқымды
жылы жерге орналастырып,сыртынан ылғалданған матамен жауып қояды.Тұқымды
өсіру барысында жылулық молшері 27С(градус).Жылулықты 6 сағат 27-
30С(градус) және 18 сағат 15-20С(градус) ұстау өте жақсы нәтижелерге қол
жеткізеді.
Егер темекі өсіру алаңы көп болғанда(5-10га)тұқымды арнайы
науаларда,8кг тұқым мөлшерінде өндіреді.Науаның ішкі жағы кенепқыналармен
қоршалады.
Тұқымды өсіру мерзімінде қапшықты аударыстырып оның ылғалдығы мен
жылулығын қалыптастыру қажет.Өсірудің 4-5 күндері тұқым жаппай өне
бастайды.Егер тұқым себу мерзімі кешіктірілген жағдайда тұқымды
тоңазытқышқа салып сақтауға болады.
Тұқым себер алдында мұқият түрде қарашірікпен немесе топырақ
қоспасымен араластырады.Қарашірік тұқыммен араластыраралда тор көздерінен
(1мм)өткізіледі.Тұқым+қарашірік қоспасы 2 шелекте (10л) 20 кәсекті рама
көшетжайына есептеп істейді.Тұқым себер алдында көшетжай немесе жылыжай
топырағының беті тегістеліп,біршама тығыздалып жақсылап
ылғалдалынады(суғарылады,шланга басында шашратқыш болуы міндетті).Тұқым
қоспалармен бірге біркелкі етіп шашылады.Артынан қарашірік пен 0,5 см
қалыңдықта жабылып,арнайы тығыздағышпен тығыздалып,су шашыратқышпен
суғарылады.Тұқым себу жұмыстары аяқталғаннан кейін көшетжайлар мен жүйектер
болған жағдайда,топырақ беті қамыс жабылады.
Көшеттерді күтіп баптау
Көшеттерді күтіп бапттау оларға өсуіне қолайлы жағдай жасаудан
басталуы қажет.
Көшнт өсіріліп жатқан көшет өсіретін құрлыс түріне,ауа-райына
байланысты жүргізіледі.Көшеттерді суғару таң ерте немесе кешкі мерзімде
жүргізілуі қажет.
Күн сәулесімен қызған көшеттерді суғаруға болмайды.Көшеттерді суғару
тәулікте бір рет немесе 1,5 тәулікте жүргізіледі.Көшеттерді екі рет
суғарумен бірге үстеме қоректендіру жұмыстары жүргізіледі.(N- 2гр,фосфор-
2гр,калий- 5гр,әсер ететін затымен 1 шаршы метр)
Көшеттерді бір-бірімен жақындасқанға дейін 2 рет
топырақтармен(қарашірік қоспасы)присыпка жүргізеді.Бұл агротехникалық шара
көшеттің тамыр жүйесінің көбеюіне себептерін тигізеді.
Көшеттерді отырғызуға таңдап алу
Көшет ашық алаңға дайын деп есептелінеді,егер сабағы иілгіш 5-6
жапырақты,сабақ ұзындығы тамыр мойнынан жапырақ ұшына дейінгі 12-14
см,жақсы жетілген тамыр жүйесі және аурулардан таза болуы қажет.Ашық алаңға
отырғызылған көшеттер жылыжайдағы жағдайға қарағанда нашар.Сондықтан
көшеттерді көшетжайлардан ашық алаңға шығарудың алдында 8-10 күн бойы
акклимализация жүргізіле бастайды.Ол жұмыстар суғаруды сирету ,желдету
жұмыстарының мерзімін ұзарту,түнгі жылулықты төмендету және т.б.Көшеттерді
ашық алаңға отырғызуға 2-3 күн қалғанда көшетжайды немесе жылыжайды мүлдем
жаппау қажет.Яғни сыртқы ортаның қоршаған ортаның жылулығымен теңестіру
қажет.
Көшеттердің барлығы бір мерзімде отырғызуға жарамды
болмайды.Сондықтан ішінен таңдап жарамдыларын,яғни 12-14см ұзындықты 5-6
жапырақтыларын алып 50 талдан біріктіріп жинайды.
Жылыжайдағы қалған көшеттерді қарашірік қоспасымен тамыр
мойындарын жауып,суғару жұмыстары жүргізіледі.Күн ыстық күндері көленке
түсіретін материалдармен көлеңкелінеді.Осы көшеттерді отырғызуға дайын
болғанда жинап ашық алаңға шығара бастайды.
Көшеттерді жұлу сол күнгі ашық алаңға отырғызу мүмкіндіктеріне
байланысты жүргізілуі қажет.Жиналған көшеттер пучками арнайы төсенішпен
ылғалданған жәшіктерге салынып ашық алаңға тасымалданады.Танап басында
жәшіктер көлеңкелі жерге жиналуы қажет.
Көшеттер жиналғаннан кейінгі жылыжайда жүргізілетін
жұмыстар
Жылыжайдағы көшеттерді ашық алаңға отырғызу барысында ондағы
жұмыстар көлемі азаяды.Көшеттер отырғызылғаннан кейін жылыжайда тек оны
келесі жылға дайындайтын жұмысшылар ғана қалдырылады.
Көшетхана кәсіктері ұқыпты түрде бірінің үстіне бірі жиналып
сынғандары жөнделуге тиісті.
Қолданылған еңбек құралдары жиналып оны 150 мөлшерінде
дайындалған формалин ерітіндісімен бүркеледі.Одан кейін үстін брезені
палаткамен 3-4 тәулікке жауып қою қажет.
Жылыжай мен көшетхана көшет қалдықтары мен арамшөптерден
тазартылып,қажет болған жағдайда гербицидпен бүрку жұмыстары жүргізіледі.
Топырақ қоспалары жиналып,кучалар жасалынады.Келесіжылға арналып
құм,топырақ,тыңайтқыштар еңбек құралдары толықтырылуы қажет.
Жылыжайлар мен көшетханалар түрлері және орналастыру
Көшеттерді өсіргенде жылыжайлардың әртүрлі конструкциялары
пайдаланылады.Олардың ішінен мыналарды атауға болады:
1.Тұрақты жылыжайлар-бұл үлкен,ауданы 250шаршы метрден артық,яғни ірі
шаруашылықтар мен кооперативтерге ыңғайлы.Бұл жылыжайларды жылыту үшін ең
қолайлысы жылу генераторларын пайдаланған жөн.Мұндай жылыжайлардың
конструкциясы неше түрлі болып келеді,соның дұрысы доға тәріздісін
пайдаланған,себебі пленка бетінде пайда болған конденсацияланған су
тамшылары көшет үстіне түспей екі жанына қарай ағып кетеді.
2.Уақытша пайдаланатын жылыжайлар-ауданы жағынан кіші және ағаш
белдіктерден(бөрене,тақтай)дайындал ады.Олар көшетханамен салыстырғанда
тиімдірек болады,себебі оның ішінде ауа-райының өзгеруіне қарамай әрқашанда
жұмыс істеуге болады.Тағы бір артықшылығы оны кіші шаруашылықтар және жеке
меншік адамдар үй іргесіндегі жерлеріне де құрып пайдалана алады.
3.Кішігірім көшетхана биіктігі 1 метрдей,ұзындығы 4,5-5,0 метр және
ені 1,3-1,5метр темір доғадан құрастырылған,пленкамен жабылған,көшетхананың
төменгі жағы негізінен бекітілген болуы тиіс.Мұндай көшетхананың
артықшылығы,оны құру арзанға түседі және келесі жылы басқа орынға оңай
көшіруге болады.Сол сияқты доға тәріздес форманы пайдаланғанда пайда болған
конденсат жүйектерге тамып түседі.
4.Көшетхана(парниктер) –арнайы жер беті 45-50 см қазылып жаңа көң
салынып жылу көзі ретінде пайдаланылады.
Шынықтыру
Жылылык (температуралық), жарықта және ауалык шынықтыруды
ажыратады, Жылылық шыныктыруда көшетті өсіру кезеңінде
температураның салыстырмалы түрде төмен болуға, әсіресе түн мезгілінде,
фосфорлы-калийлы қоректік деңгейінің жоғары болуын қадағалайды және
орташа суландырады.Көшетті отырғызуға дайындағанда өсімдіктің ашык грунт
жағдайына икемдеуге бағытталған агротехникалық шаралар кешенін шынықтыру
дейді. Шыныктырудың мәні температураның мүмкін көтерілу
мен төмендеуіне, күшті күн радиациясына, ауа және топырақ құрғақшылығына,
өсімдік төзімділігінің жоғары болуына ықпал жасайтын микроклиматты
қалыптастыру болып табылады
Жарықпен шынықтырғанда өсімдіктің жоғары сәулеленуіне жағдай жасайды,
сонда оларды грунтқа отырғызғанда ультракөгілдір сәулелерге төзімділігі
артады. Ауамен шынықтырғанда орташа суландыру арқылы ауанын салыстырмалы
ылғалдылығын жоғарылатпай, орташа деңгейде үстайды. Бұл өсімдіктің, әсіресе
көшетті танапқа отырғызған кезде жиі байқалатын ауа құрғақшылығына
төзімділігін арттырады.
Өсімдіктін шынығуына қоректік алаңның көлемі де ықпал жасайды. Мәселен,
қызанақ көшетінің жапырағының аумағы оның грунттағы алатын аумағынан 4-5
еседен артпауы керек. Баскаша жағдайда өсімдік сорайып өсіп кетеді, ұсақ
жапырақтар пайда болып, олар отырғызғаннан кейін тусіп қалады, әлсіз тамыр
жүйесі қалыптасады. Жоғары сапалы көшетте жапырақ массасының сабақ
массасына қатынасы 1,5—2, орташасында — 1 —1,5, сапасызында 1-ден кем
болады.
Көшет түрлері
Кешіктіріп отырғызу — жас өсімдіктерді қалыпты өсуі үшін молырақ
қоректік алаң беріп қайтадан отырғызу. Көшіріп отырғызуға арналған жас
өсімдіктерді, жарнақ жапырақ немесе 1-3 кәдімгі жапырақ сатысында екпе
көшет деп атайды. Тығыз; себіліп, кейіннен көшіріп отырғызылатынды екпе
көшет мектебі дейді. Алаңның көшіріп отырғызғандағы өрістеу еселігі — бұл
сан көшіріп отырғызғаннан кейін, өсімдіктің мектептегі алаңмен
салыстырғанда неше есе артық алаң алатынын көрсетеді. Қырыққабат үшін ол 5-
7-ге, қызанақ, бұрыш, баклажан үшін ол 8-10-ға тең.
Екпе кешеттерді көшіріп отырғызу үш тәсілмен өткізіледі:
саусақ, қазықша және жұқа тақтайша астына (1 сурет).
Саусақпен немесе қазықшамен отырғызғанда грунтта немесе құмырада
шұңқыршық жасап, оған екпе көшетті жарнақтық жапырағына дейін
отырғызады, сосын тамырын топырақпен жабады. Өнімді тәсіл — жұқа
тақтайша астына отырғызу, бірақ жұмыс сапасы жоғарғы екі тәсілден ,
нашарлау. Тақтайшамен қарық жасалынады да, екпе көшеттерді жарнақ
жапырақтары қарықтың үстінде болатындай етіп орналастырады. Содан
кейін қарықтан 2-3 см жерден екінші қарық жасап, оның топырағын
орналастырылған екпе көшеттерге қарай сырады. Бұл жұмысты екі адамның
орындағаны қолайлы.
Көшіріп отырғызуға мынадай талаптар қойылады: дертті, жетілмеген немесе
тым сорайып кеткен екпе көшеттерді жарамсыз деп шығарады:
өсімдіктердің белгіленген ара қашықтықтығын қатаң сақтайды;
екпе
і
1-сурет. Екпені көшіріп отырғызу:
көшеттерді топыраққа жарнақ жапырақтарына дейін сіңіреді; екпе көшеттің
тамыры отырғызғанда жоғары қарай бүгілмеуі кереқ; топырақ екпе көшеттің
тамыршаларына және гипокотильге (тамыр мойны мен тұқым жарнағы
аралығындағы сабақ бөлігі) тығыз жатуы керек. Көшіріп отырғызудың сапасын
екпені жарнағынан тартып байкайды. Егер жарнақ жұлынса, онда тамыр жүйесі
топырақпен тығыз көмілген және екпе дұрыс отырғызылған. Егер екпе жұлынса,
онда отырғызу нашар жүргізілген.
1-саусақ астына; 2-қазықша астына; З.-тақтайша астына; 4-көшіріп отырғызу
тақтайы өлшемдері мм берілген.I
Көшіріп отырғызардан бір тәулік бұрын мол етіп суарады. Бұл екпе
көшеттерді дұрыс іріктеуді жеңілдетеді, сұрыптағанда екпелерді бір-бірімен
жабыстырмайды, сау екпелерді дұрыс таңдап алуға мүмкіншілік болады және
қарасирақпен ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz