Туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі мен оның қажеттілігін, маңыздылығын көрсету


Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 88 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Дипломдық жұмыс тақырыбының өзектілігі. Тарихи практиканың көрсетуі бойынша, экономиканың қай саласының болсын дамуы мемлекеттік-құқықтық институттармен реттеледі. Бұл жағдайда мемелекет заң жүйесі мен басқару органдарының қызметіне сүйене отырып, қызмет көрсетуші мен тұтынушы арасындағы қарым-қатынасты реттейтін, белсенділік қызмет субъектілерінің арасында жүретін бәсекелестік күрестің ережелерін анықтайтын, кәсіпкерлердің белгілі бір қызмет түрін монополиялау мүмкіндіктерін шектейтін ерекше аппарат ретінде көрініс табады. Осы мүмкіндігінің арқасында мемлекеттік-құқықтық жүйе қоғамда тұрақтылықты сақтап, экономика мен қоғамдық тәжірибедегі дағдарыстық процестерді дұрыс жолға бағыттап, реттей алды.

Экономиканың ең табысты салаларының бірі туризмнің толыққанды дамуы саланың дұрыс қалыптасуы мен оның көрсеткіштерінің ілгерілеуі үшін құқықтық-нормативтік негіздеменің болуын, оған қоғам мен экономикадағы өзгерістерге сәйкес толықтырулар енгізіліп тұруын, туризм саласында қызмет атқаратын мемлекеттік басқару органдарының болуын, бұл органдардың саланы дамытуда нақты мақсаттар мен шетелдік тәжірибенің қыр-сырын ескеру негізінде даму бағдарламаларын әзірлеуін және олардың жүзеге асуын бақылауын талап етеді.

Еліміз тәуелсіздік алған жылдардан бастап-ақ мемлекет тарапынан осы саланы дамыту үшін қажетті деген барлық іс-шаралар жүргізіле бастады. Бұл шаралар қатарына сала мамандарын дайындайтын Абай атындағы Алматы мемлекеттік университетінде алғашқы туризм мамандығы мен кафедрасының ашылуы, алғашқы туристік жорықтардың ұйымдастырылуы мен туристік базалардың ашылуын айтуға болады. Ал мемлекеттік басқару органдарының бұл реттегі алғашқы қадамы туризм саласын мемлекеттік реттеудің негізі болып табылатын 2001 жылы 13 маусымда «ҚР-ның Туристік қызмет туралы заңын» қабылдауы болды. Осыдан кейін туристік қызметті мемлекет тарапынан реттеуді жетілдіру мақсатында «ҚР-да туроператорлық, турагенттік қызмет пен туризм инструкторы қызметтеріне қойылатын квалификациялық талаптар және лицензия алу ережелері туралы», Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Қазақстан Республикасында қонақүй қызметтерін көрсету ережелері туралы», Қазақстан Республикасы Мемлекеттік Стандартының «Туристік және қонақүй қызметтерін сертификациялау ережелері туралы» Қаулылары, ал туристік саланы дамыту мақсатында Туризм дамуының Концепциясын, «Жеті пилоттық» бағдарламасын, ҚР-ның туризмдi дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасын қабылдады.

Ал қазіргі таңда жүзеге асырылып жатқан Қазақстан Республикасының 2010-2014 ж. ж. арналған туристік индустрияның басым бағыттарын дамытуға арналған бағдарламасының, «ЭКСПО - 2017» халықаралық туристік көрмесіне дайындығының және жалпы Қазақстанның дамуындағы «Қазақстан -2030» стратегиялық жоспарының шеңберінде жасалатын жұмыстардың елдегі туризм саласын ілгерілетуде маңызы өте зор.

Дипломдық жұмыс осы және өзге мемлекеттік басқару органдарының жүргізген іс-шаралары мен олардың нәтижелері, болашақта атқарылмақ жұмыстар мен бағдарламалар және оларға жасалған болжамдарды қамтымақ.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - туристік қызмет саласындағы мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі мен оның қажеттілігін, маңыздылығын көрсету; туристік саланың дамуын тежеуші факторларды анықтау; Отандық туризмдегі мемлекеттік реттеу мен қолдауды жетілдіру жолдарын ұсыну.

Дипломдық жұмыс мақсатының негізінде төмендегі міндеттер анықталады:

  1. Туризм саласындағы мемлекеттік реттеудің қаншалықты керек екендігін анықтау;
  2. ҚР-да туристік саланы мемлекеттік реттеу және қолдаумен айналысатын мемлекеттік басқару органдары мен олардың құзыретін көрсету, органдар құрамында болған өзгерістерді талқылау;
  3. Еліміздегі туризм саласына қатысты құқықтық қатынастарды реттейтін құқықтық-нормативтік негіздеме мен оның маңыздылығын саралау;
  4. Туристік индустрияны дамытуға байланысты әзірленген бағдарламалар мен олардың жүзеге асу барысын зерттеу;
  5. Туризм саласын басқару жүйесіндегі нақты проблемаларды анықтау;
  6. Туристік саланы мемлекеттік реттеу мен қолдаудағы шетелдік тәжірибені талдау, талдау нәтижесін ескере отырып, Отандық туризмді дамытуда ұсыныс ретінде енгізу.

Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік құндылығы. Зерттеу барысында байқағаным, туризм саласындағы мемлекеттік реттеу мен қолдау тақырыбы ТМД елдерінің ғалымдары мен зерттеушілері тарапынан ауқымды көтерілмеген.

Дипломдық жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспеден, негізгі үш тараудан, қорытынды бөлімнен, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және жұмыс барысында қолданылған қосымшалар қатарынан тұрады.

1 ТУРИЗМ САЛАСЫН МЕМЛЕКЕТТІК РЕТТЕУ МЕН ҚОЛДАУ ЖҮЙЕСІНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ-ӘДІСТЕМЕЛІК НЕГІЗІ

1. 1 Мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесі және оның туризм саласындағы қажеттілігі

Бүгінгі күні туризм дүниежүзіндегі көптеген елдер мен өңірлердің шаруашылығына елеулі түрде әсер ететін дүниежүзілік экономиканың күрделі әрі кешенді салаларының бірі ретінде көрініс тапқан. Сондықтан туризм мен экономиканы екі бөлек сала ретінде емес, туризмді экономиканың маңызды секторы ретінде қарастырған абзал. Осыған орай, экономика ғылымында қолданылатын барлық заңдылықтарды, дәлірек айтқанда, мемлекеттік реттеу мен қолдау жүйесіне қатысты пайымдауларды туризм саласында пайдалануға әбден болады.

Сонымен, экономиканы мемлекеттік реттеу (ЭМР) қолданып жүрген әлеуметтік-экономикалық жүйені өзгерген жағдайға бейімдеу және тұрақтандыру мақсатында құқығы бар мемлекеттік мекемелер мен қоғамдық ұйымдарда жүзеге асырылатын заңдық, атқарушы және бақылау сипатындағы типтік шаралар жүйесі болып табылады. Нарық шаруашылығының даму барысында, жеке меншік шеңберінде шешілмейтін, яғни экономиканың өзін-өзі реттеу қағидалары негізінде экономикалық және әлеуметтік проблемалар туындайды және шиеленіседі. Өндіріс күшінің дамуы елеулі инвестицияның қажеттілігін туғызады, өндірісті мамандандыру, капиталдың шоғырлануы күшейді, өндіріс пен капиталдың бірігуі, әр түрлі елдің бір-бірімен өзара тәуелділігі өсті. Сонымен бірге қоғам дамуының белгілі бір сатысында еңбек пен капиталдың арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсті, жаппай жұмыссыздық пайда болды, экономикалық дағдарыстар салалық шеңберден асып, жалпы ұлттық кейін әлемдік дағдарыстарға айналды. Монополияның үстемдігіне әкелген, бәсекелестікті күшейткен ақша айналымының бұзылуы, нарықтың әрі қарай тиімді дамуына көмектесетін (экономикалык саясатты жүргізу), нарық пен іс-әрекеттің қарама-қайшылықтарының жұмсаруына әкелуге тиісті сыртқы күштің әсерін, атап айтқанда мемлекет күшін талап етеді.

Нарық экономикасына мемлекеттік араласу қатынасы оның дамуы мен қалыптасуының әртүрлі сатысында түрліше болды. ХVII-XVIII ғасырлардағы нарықтық қатынастардың қалыптасу кезеңінде үстем болған экономикалық доктрина-меркантилизм - елдегі сауда мен өндірістің дамуы үшін, мемлекеттік реттеудің сөзсіз қажеттілігін тануға негізделген. Жалпы мемлекеттің экономикадағы рөлін бағалауда бір-біріне қарама-қайшы шығатын екі мүдде бар (1 сурет), олар А. Смит пен Дж. М. Кейнстің есімдерімен байланысты.

Сурет 1. Экономикадағы мемлекеттің рөлін танудағы көзқарастар

Нарықтық қатынастардың дамуымен күш жинаған кәсіпкерлер табы мемлекеттік араласуды және осымен байланысты шектеуді өз қызметтеріне кедергі ретінде қарастыра бастады. А. Смит өзінің «Табиғат және халықтың баюының себептері туралы зерттеу» еңбегінде, экономикалық либерализм идеяларының пайда болуын алғаш рет толық негіздеген және оның көптеген жақтаушылары да болды.

А. Смит көзқарасы бойынша, пайда алуға ұмтылуға байланысты, жеке мүдде көздеген нарық жүйесі өзін-өзі реттеуге қаблетті екенін байқатты. Бұл мүдде экономикалық дамудың ең басты қозғаушы ретінде көрінеді.

А. Смиттің іліміндегі идеяларының бірі, экономикадан мемлекеттік реттеуді алып тастаса, онда экономика тиімді қызмет етеді деген идея болатын. А. Смит: нарық басты реттеуші болатындықтан, нарыққа толық еркіндік беру қажет, - деп есептеді.

Нарықтық үйлестіру ресурстардың тиімді пайдалануды қамтамасыз етпегенде, нарық сәтсіздігі деп аталатын жағдай болатынын экономикалық тәжірибе растады. Нарықтағы нарық сәтсіздігі қоғамның игілігі мен сыртқы әсерлерге ғана емес, басқа жағдайларға да байланысты пайда болады. Оның ең маңызды себебі - нарыққа тән монополияланған беталыс. Бұл жағдайда бәсекелесті қамтамасыз ету үшін, нарық қызметін реттейтін жағдайды толық анықтау - монополияға қарсы заңды әзірлеу және оны мемлекеттің қолдануы өмірлік қажеттілік болды [2, 120 б. ] .

Нарық экономикасында мемлекеттің рөлін теориялық танудың маңызды сатысы көрнекті ағылшын экономисі Дж. М. Кейнстің есімімен байланысты. «Кейнсиан революциясы» барысында алға қойылған идеялар, экономикалық құлдыраудан өз бетімен сауығудың мүмкін емес екенін, мемлекеттік саясат экономиканы дағдарыстық жағдайдан шығару үшін, жиынтықты сұраныс пен жиынтықты ұсынысты теңдестіруге және әрі қарай тұрақтандыруға көмектесетін қабілетті құрал ретінде қажет екенін дәлелдеді. Дж. М. Кейнс идеяларын екінші дүниежүзілік соғыстан кейін әлемнің көптеген елдері қабылдады. Сұраныс жиынтығын реттеуде кредиттік-ақшалы және қаржылық саясатты пайдалану, бұл елдердегі экономиканың кезеңдік ауытқуларын жұмсартуға көрсетеді деп есептеледі.

Сөйтіп, экономиканы мемлекеттік реттеудің объективті мүмкіндігі экономикалық дамудың белгілі бір деңгейіне жетумен, өндіріс пен капиталдың үйлесуінде, өндірістің шоғырлануында, өндіріс күші мен өндіріс қатынастарының дамуында пайда болды. ЭМР қазіргі замандағы жағдайда ұдайы өндіріс үдерісінің құрамды бөлігі болып табылады. Олар экономикалық өсуді ынталандыру, жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу, салалық және аймақтық құрылымдағы ілгерілеушілікті көтермелеу, экспортты қолдау сияқты әр түрлі тапсырмаларды шешеді. ЭМР-дің көлемінің нақты нысаны қоғам дамуындағы әр сатыдағы сипатпен, экономикалық және әлеуметтік мәселелердің өткірлігімен анықталады.

ЭМР-дің объектілері - бұл автоматты турде шешілмейтін немесе алыс келешекте шешілетін қиындықтар, проблемалар пайда болуы мүмкін немесе пайда болған еліміздің өміріндегі әлеуметтік жағдай мен оқиғалардың аялары, салалары, аймақтары, сонымен бірге бұл проблемалардың алып тасталуы - әлеуметтік тұрақтылықты қолдау және экономиканың қалыпты дамуы үшін қажетті.

ЭМР-дің негізгі объектілеріне шаруашылықтың экономикалық кезеңін, секторлық, салалық және аймақтық құрылымын; капитал жинақтау жағдайын; жұмыспен қамтамасыз етілуін, ақша айналымын; төлем балансын; бағасын; бәсекелестік жағдайын; әлеуметтік қатынастарын; әлеуметтік қамтамасыз етілуін; кадрларды дайындауы мен қайта дайындауын; қоршаған ортаны; сыртқы экономикалық байланыстарды жатқызады.

Мемлекеттің кезеңдікке қарсы немесе шаруашылық жағдайды реттеу саясатынын мәні тоқырау мен дағдарыс кезінде тауарлар мен қызметке сұранысты қолдау мен капитал салу және жұмыспен қамтамасыз етуден тұрады. Ол үшін жеке капиталға қосымша қаржылық жеңілдіктер беріледі, мемлекеттік шығындар мен инвестициялар өсіріледі.

Экономиканың ұзақ мерзімді көтерілу кезінде, тауар қорларының азаюы, импорттың өсуі және баланс төлемінің нашарлауы, жұмыс күшіне сұраныстың күшеюі тәрізді қауіпті жағдайлар пайда болуы мүмкін және осыдан келіп, баға мен еңбекақының негізсіз өсуіне әкеледі. Мұндай жағдайда, ЭМР-дің міндеті - «экономиканың қызып кетуіне» жол бермеу үшін, яғни тауарларды артық өндіру мен артық қорланудың мүмкін болуына кедергі жасау үшін, сұраныстың күрделі қаржы жұмсалымының және өндірістің өсуіне жол бермеу қажет [3, 64 б. ] .

ЭМР сонымен бірге, аумақтық құрылым мен салалық шеңберде маңызды рөл атқарады. Мұнда қаржылық ынталандыру мен мемлекеттік күрделі қаржы жұмсалымы көмегімен бөлек салалар мен аймақтарға артықшылықты жағдай қамтамасыз етіледі: бір жағдайда созылмалы дағдарыста қалған шаруашылық бірліктері мен салаларына қолдау көрсетіледі; басқа жағдайда - салалардың ішінде, салалар арасында және барлық халық шаруашылығында оның тиімділігін көтеруде және бәсекелестік қабілетін арттыруда құрылымдылық ілгерілеушілікке әкелетін, өндірістің түрлері мен жаңа шаруашылық саласының дамуы көтермелейді. Сонымен бірге, өндірісті шектен тыс шоғырландыруға кедергі жасауға шаралар қабылдануы да мүмкін.

Экономика мемлекеттік реттеудің объектісі капиталды жинақтау болып табылады. Әр түрлі уақытта инвесторлар үшін экономикалық кезең мен құрылымға ықпал ететін, қосымша ынталандырулар жасалады.

Жұмыспен қамтамасыз етуді реттеу - бұл нарықтық экономика көзқарасы тұрғысынан жұмыс күшіне сұраныс пен ұсыныс арасындағы қатнастарды қалыпты қолдау. Бұл қатнастар еңбекақысы еңбекке жеткілікті тартуға қызмет ететін экономиканың білікті және тәртіпті қызметкерлерге деген талабын қанағаттандыруы тиіс. Бірақ сұраныс пен ұсыныстың арасындағы қатынастар ұлттық бәсекелестік қабілетке кері әсер ететін еңбекақының шектен тыс өсуіне апармауы тиіс. Жұмыспен қамтамасыз етудің қажетсіздігі және тез төмендеуі жұмыссыздар армиясын көбейтуге, тұтынушы сұранысының, салық түсімнің төмендеуіне, жәрдемақыға салықтың өсуіне және қауіпті әлеметтік нәтижелерге әкеледі.

Ақша айналымын реттеуде ерекше назар аударылатын негізгі бағыттар: инфляциямен күрес, баланс төлемінің жағдайына әсер ету, ұлттық валюта бағамының көтерлуі мен төмендеуі, (валюталық «дәлізді» анықтау), халықаралық экономикалық интеграцияға қатысу.

Реттеудің тағы бір маңызды объектісі баға болып табылады. Бағаның серпіні мен құрылымы экономиканың жағдайын көрсетеді. Сонымен бірге сол баға шаруашылық құрылымына, күрделі қаржы жұмсалымының жағдайына, ұлттық валютаның тұрақтылығына күшті ықпал етеді.

ЭМР объектілерінің шешілетін міндеттерге фирманың деңгейінен, салалардың ұлттық және интернационалдық деңгейіне дейін байланысты айырмашылықтары және иерархиялық сипаты болады.

Экономикалық қызметтерді жүзеге асыру үдерісінің мемлекет алдында тұрған міндеттерді шешу үшін мемлекет өкімінде бірнеше құралдар болады. Олардың ішіндегі маңыздыларына - қазыналық және қаржылық саясат, әлеуметтік саясат пен табыстарды реттеу саясаты; сыртқы экономикалық саясат және т. б. жатады.

ЭМР-дің ең басты мақсаты - экономикалық және әлеуметтік тұрақтылық, шетелде және елдің ішінде қоғамдық құрылымды нығайту. Осы басты мақсаттан иерархиялық тәуелділікте болатын көптеген нақты жағдайлар пайда болады. Бұл нақты мақсат, яғни экономикалық кезеңді тегістеу объектісіне бағытталған. Шаруашылықтың салалық және аймақтық құрылымын жетілдіру секторлық, салалық жіне аймақтық құрылымға бағытталған. Көбіне жеке мақсаттарға дараланып қол жеткізу мүмкін емес.

Мемлекеттік реттеудің құралдары әкімшілік және экономикалық деп бөлінеді. Әкімшілік құралдары қосымша материалдық ынталандыруды құрумен немесе қаржылық залалдың қауіптілігімен байланысты емес. Ол мемлекет билігінің күшіне, яғни тыйым салу, рұқсат беру, күштеуге негізделеді (мысалы, үкімет Мәскеу шектерінде кәсіпорын салуға тыйым салды. Ол салық пен айыппұлды көбейткен жоқ, тек лицензия беруді тоқтатты) . Мемлекет өндірістік кәсіпорындарды сол жерде кәсіптік оқытуға, өндірісте жұмыс істейтін жұмысшылар үшін тұрмыстық жағдай жасауға күштеу шарасы арқылы мәжбүрлейді [4, 189 б. ] .

Нарықтық экономикалы дамыған елдерде реттеудің әкімшілік құралы елеусіз көлемде пайдаланады. Олардың қызметінің аясы негізінен қоршаған ортаны қорғаумен, әлеуметтік әлсіз қорғалған тұрғындар үшін жағдай жасаумен шектеледі. Төмендегі суретте (2 сурет ) мемлекеттік реттеудің негізгі құралдары көрсетілген. Мемлекеттік реттеудің бұл құралдары мемлекеттің әлеуметтік те, экономикалық нысандарында да пайдаланылады.

Сурет 2. Мемлекеттік реттеуде қолданылатын негізгі құралдар

Жоғарыда аталған негізгі құралдарды қолдана отырып, мемлекет келесі қызметтерді (2 сурет) орындайды.

  1. экономиканың қызмет ету үшін құқықтық негіздерді құру мен реттеу;
  2. монополияға қарсы реттеу;
  3. макроэкономикалық тұрақтандыру саясатын жүргізу;
  4. ресурстарды орналастыруға ықпал ету;
  5. табыстарды бөлу аясындағы қызмет;
  6. мүліктік қатынастар субъектісі ретіндегі мемлекет қызметі.

Заңдық базаны құру - бұл барлық тауар өндірушілер, тұтынушылар және мемлекеттің өзі іс - әрекетінде жетекшілікке алуға тиісті экономикалық агенттің тәртібінің ережесін, экономикалық араласудың заңдық қағидаларын белгілеу. Бұл ереженің ішінде жеке меншіктің құқығын қорғайтын, кәсіпкерлік қызметтің нысанын, кәсіпорынның қызмет ету жағдайын, олардың өзімен және мемлекет арасындағы өзара қатнастарды анықтайтын заңдар мен нормативті актілерді атап өтуге болады.

Макроэкономикалық тұрақтану экономикалық өсумен, жұмыспен толық қамтамасыз етілуімен және бағаның тұрақты деңгейімен байланысты.

Ресурстарды қайта бөлу өнеркәсіптік және ауыл шаруашылығы өндірісіне қатысты болуы мүмкін. Әрбір нақты жағдайда мемлекеттік ықпал етудің белгілі бір түрлері қолданылады. Салықтар, демеу қаржылар, тікелей реттеу және т. б. құралдар ретінде қолданылуы мүмкін [5, 97 б. ] .

Бәсекелестік тетіктерін қамтамасыз етудегі бөлу - әлеуметтік топқа жіктелуге және кедейлікке әкеледі. Қоғам әлеуметтік қорғау бағдарламасында қолданылған, табыстарды салықты қайта бөлу арқылы ауқатсыз азаматтарға қамқорлық жасауды өз мойнына алады.

Мемлекеттік меншік - сату-сатып алу объектісі болмайтын және пайда әкелмейтін ұлттық игілікті көрсетеді. Мемлекеттік меншіктің қалыптасу көзі мемлекет меншігіне айналдыру және мемлекеттік кәсіпкерлік болып табылады. Жоғарыда аталған мемлекеттің негізгі қызметтері 3 суретте айқын көрсетілген:

Сурет 3. Мемлекеттік реттеудің негізгі қызметтері

Ал нақты туризмді мемлекеттік реттеуге келетін болсақ, бұл дегеніміз - туристік салада нарықтық құрылымның қалыпты жұмыс жасауын бақылау, мемлекеттік әлеуметтік-экономикалық іс-шараларды жүзеге асыру мен туризмнің біртұтас даму коннцепциясын жасау үшін мемлекеттің нарық конъюнктурасы мен шаруашылық субъектілерінің қызметіне әсер етуі; туризмнің дамуының мемлекеттік реттеу саясатын қалыптастыруды, оның мақсаттары мен міндеттерін, негізгі бағыттарын, оны жүргізудің әдістері мен құралдарын негіздеу сияқты үрдістерді қамтитын күрделі процесс.

Мемлекеттік реттеу қызметін жүзеге асырудың маңызды жолдарының бірі мемлекеттің туризм мен сервистік қызмет саласында әртүрлі субъектілердің қызметтерін жандандыратын немесе шектейтін қажетті нормативтік-құқықтық актілерді қабылдау болып табылады. Бұл жолдағы алғашқы маңызды қадамдардың бірі 2001 жылы 13 маусымда «Қазақстан Республикасының туристік қызмет туралы» Заңының күшіне енуі болды. Бұл нормативтік құжат Қазақстан Республикасындағы туристік қызметті мемлекеттік реттеудің болмысы мен қағидаларын қарастырады.

Қазақстан Республикасының туристік қызмет саласын мемлекеттік реттеудің негізгі қағидалары төмендегідей:

  1. Туристік қызметтің дамуына қалыпты жағдай жасау;
  2. Туристік қызметтің басым бағыттарын анықтау және қолдау;
  3. Қазақстан Республикасы туралы туристік қызмет немесе сапар үшін қалыпты ел ретінде түсінік қалыптастыру;
  4. Қазақстан Республикасындағы туристердің және туристік мекемелер мен олардың бірлестіктерінің құқықтарын, қауіпсіздіктерін қамтамасыз ету, сонымен қатар олардың қызығушылықтары мен меншіктерін қорғау.

Туристік қызмет саласын мемлекеттік реттеудің негізгі мақсаттары:

  1. Азаматтардың туристік қызмет аясында еркін қозғалысын және демалу құқығын қамтамасыздандыру;
  2. Қоршаған ортаны қорғау;
  3. Туристерді тәрбиелеу, білім беру және сауықтыру сияқты шараларды өткізуге жағдай жасау;
  4. Саяхат жасау барысында азаматтардың қажеттіліктерін қамтамасыз ететін туристік индустрияны дамыту;
  5. Туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын ашу, мемлекет пен ел азаматтарының табыс көлемін арттыру;
  6. Халықаралық туристік байланыстарды жетілдіру.

Туристік қызмет саласын мемлекеттік реттеудің басым бағыттары 4 сурет ретінде төмендегілер қарастырылады:

  1. Туризмнің Қазақстан Республикасы экономикасының жоғарғы рентабельді саласы ретінде қалыптасуы: туризмнің дұрыс ұйымдастырылған жағдайда кез-келген елдің табысты салаларының біріне айналуға әбден мүмкіндігі бар.
  2. Туристік ресурстарды пайдалану барысында Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени байлығын қорғау: Елімізде табиғи-мәдени ресурстарды қорғау 2000 жылдары қолға алынды. Бұл ретте «Қазақстан Республикасының табиғи және мәдени мұраларын қорғау туралы» заңын, сонымен қатар «Мәдени мұра» бағдарламасын қабылдап, аталған объектілерге жөндеу жұмыстары жүргізіліп, қорғауға алынған ескерткіштер тізіміне енгізілді.
  3. Балалар, жеткіншектер, жастар, мүгедектер мен жағдайы төмен азаматтар үшін туристік және экскурциялық қызмет ұйымдастыруда жеңілдіктердің қарастырылуы: көрсетілген туристер тобы белгілі бір жағдайларға байланысты шектеулерді сезінетіндіктен, әлеуметтік сала тарапынан оларға әрдайым көмек көрсетіледі.
  4. Қазақстан Республикасы аймағында кіру және шығу туризм түрлерімен айналысатын туристік мекемелерді дамыту және қолдау көрсету: туризм саласының кез-келген елдегі дамуының тірегіне айналған туристік ұйымдар мемлекеттік ұйымдар мен шектеулерге тап болады, бұл олардың жұмысының алға басуына сөзсіз кедергі болады.
  5. Туристік индустрияны инвестициялауға жағдай жасау: елдегі туристік инфрақұрылымның жағдайының төмен екендігін ескеретін болсақ, оны дамытуда мемлекет немесе шетелдік инвесторлар тарапынан қолдау қажеттігі анық көрінеді.

Сурет 4. Қазақстан Республикасындағы мемлекеттік реттеудің басым бағыттары

Ішкі және халықаралық туризмнің қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін туристік қызметтің тиімді жүйесін құру [6] .

Туристік қызмет саласын мемлекеттік реттеу келесі жолдармен жүзеге асады:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанда туризмнің инновациялық бағытта дамуы және даму мүмкіншіліктері
ТУРИЗМ САЛАСЫНДАҒЫ БИЗНЕСТІҢ ЖАЛПЫ ЖАҒДАЙЫ
Қазақстанның сыртқы экономикалық байланысы
Туризмдегі қызмет көрсету мәдениеті
Туристік қызметке сұраныс
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА БИЗНЕС - ТУРИЗМНІҢ ДАМУЫНЫҢ АҒЫМДАҒЫ ЖАҒДАЙЫН ТАЛДАУ
Дүниежүзілік туристтік ұйымдағы Халықаралық туризм
Қазақстан Республикасындағы кластерлік жүйе
ЕXPO-2017 халықаралық көрмесі
Әлеуметтік жарнама тұтынушылары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz