Бүгінгі таңдағы туристік кәсіпорындардағы қызмет көрсету сапасын және оның ерекшеліктерін салыстырмалы талдау


Мазмұны
Кіріспе . . . 3
1 ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН басқарудың ТЕОРИЯЛЫҚ негіздері . . . 5
1. 1 Туристік қызметтің мәні және түрлері . . . 5
1. 2 Туристік қызметтің сапасы мен ерекшеліктері . . . 14
1. 3 Туризмдегі сапаны басқару: саясаты, әдістері, моделі . . . 25
2 Туристік қызмет көрсету сапасын басқарудың аймақтық ерекшеліктері . . . 34
2. 1 Қазақстандағы туристік қызметтердің даму серпінін талдау . . . 34
2. 2 Туристік кәсіпорындардың қызмет көрсету сапасын талдау . . . 45
2. 3 Туристік қызметтердің аймақтық даму ерекшеліктері (Талдықорған қаласы және өңірі мысалында) . . . 57
3 ҚР ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫН БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ . . . 67
3. 1 Қазақстандағы туризм саласының даму стратегиясы және перспективасын талдау . . . 67
3. 2 ҚР-дағы туристік қызметтің сапасын жоғарылату жолдары . . . 73
3. 3 Қонақжайлық индустриясындағы қызмет көрсету сапасын жақсарту және оны бақылау . . . 80
Қорытынды . . . 86
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 88
Кіріспе
Туризм - экономика салаларының ішіндегі қарқынды дамып келе жатқан, ірі қызмет көрсету салаларының бірі. Оның дамуының жоғары қарқындары мен валюталық түсімдердің үлкен көлемдері жеке туристік индустрияның қалыптасуына септігін тигізетін түрлі экономика секторларына белсенді ықпалын тигізеді.
Қонақжайлық индустриясы адамдар қызметінің түрлі кәсіпқой аяларын біріктіреді, атап айтқанда: туризм, қонақ үй және мейрамхана бизнесі, көпшілік тамақтануы, демалыс пен ойын-сауық, конференция, семинар мен түрлі көрмелерді ұйымдастыру, спорттық, мұражайлық-көрмелік, экскурсиялық қызмет, сонымен қатар қонақжайлық саласына қатысты кәсіпқой білім беру аясы. Қонақжайлық индустриясы - күш-жігері қонақтардың, олардың ішінде туристер де, жергілікті тұрғындар да бар, түрлі қажеттіліктерін орындауға бағытталған адамдардың кәсіби қызметінің күрделі, құрама аясы.
Соңғы жылдары туристік нарығы орналастыру қызметіне ұсыныстың өсуі мен сұраныстың азаюымен сипатталады. Мұндай жағдай ХХ ғасырдың соңғы ширегінен бастап қонақ үй басшыларының онсыз да мазасын алып жүрген бәсекелестіктің күшеюіне әкелетіні мәлім. Қонақ үй бизнесіндегі стратегиялық бәсекелестіктегі артықшылықтарды қалыптастырудың негізгі бағыттарының бірі болып өзінің бәсекелестеріне қарағанда неғұрлым жоғары сапалы қызмет көрсету болып табылады. Бұл жерде мақсатты клиенттерге, олардың күткенінен әлдеқайда асып түсетін, қызмет көрсету басты бағыт болып тұр. Осыған сүйеніп, тұтынушы әуелі қызмет көрсетушіні таңдайды, сонан соң олардың ұсынған қызметін өздерінің күткендерімен салыстырады. Егер де көрсетілген қызмет олардың күткенімен сәйкес келмесе, клиент қызмет көрсету фирмасына бар ынтасын жояды, ал егер де сәйкес келсе немесе олардың күткендерінен асып түссе, олар бұл қызмет көрсетушіге болашақта тағы келуі мүмкін. Сол себепті, қызмет көрсетуші өзінің мақсатты клиенттерінің талаптары мен ойларын мүмкіндігінше дәл айқындай алуы қажет.
Сапаны талдау саласында жүргізіліп отырған зерттеу жұмысымыздың өзектілігі бүгінгі нарықтық қатынастарға көшу жағдайында ең үздік басқарушылық шешімдерді іздеу мен қонақжайлық аясындағы басқару ісін жетілдірудің қажеттілігімен түсіндіріледі. Қонақ үй қызметінің сапасын талдау тәсілдерін қарастыру қызмет көрсету мен қонақ үй қызметін жүргізудің тиімділігін арттыру мақсатында жасалады. Нарық қатынастарының дамуы жаңа мақсаттарды тудырады, ал бұл басқару ісін әбден жетілдіруді талап етеді. Бұл жерде қонақ үй басшылары әрқашан қызмет сапасымен басқаруды жақсартып, оның кеңеюіне, ғимараттарды қайта құруға, жаңа технологияларды ендіруге және т. б. аса көңіл бөліп отыруы тиіс.
Дипломдық жұмыстың мақсаты: Бүгінгі таңдағы туристік кәсіпорындардағы қызмет көрсету сапасын және оның ерекшеліктерін салыстырмалы талдау болып табылады.
Дипломдық жұмыстың міндеттері:
- туристік қызметтің мәні және түрлерінің мазмұнын ашу;
- туристік қызметтің сапасы мен ерекшеліктерін көрсету
- қонақ үйлердің қызмет көрсету сапасын бағалау түрлері мен әдістерін қарастыру;
- Қазақстандағы туристік қызметтердің даму серпінін талдау;
- Туристік кәсіпорындардың қызмет көрсету сапасын салыстырмалы талдау;
- Туристік қызметтердің аймақтық даму ерекшеліктерін қарастыру;
- Қазақстандағы туризм саласының даму стратегиясы және перспективасын талдау;
- ҚР-дағы туристік қызметтің сапасын жоғарылату жолдарын ұсыну;
- Отандық туристік индустрия қызметінің өзекті мәселелерін көрсету негіздеу.
Зерттеу барысында Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі мен Талдықорған қаласы Статистика жөніндегі басқармасының материалдары зерттеу жұмысының негізгі ақпараттық базасын құрады.
Дипломдық жұмыстың зерттеу нысаны: Талдықорған өңірінің туристік индустрия қызметі және туристік-рекреациялық әлеуеті.
Зерттеу жұмысының әдісі жалпы ғылыми және арнайы зерттеу әдістерінің көмегімен жүргізілді. Зертеу барысында талдау мен синтез, индукция мен дедукция, салыстырмалы талдау, жүйелік пен кешенділік сияқты ғылыми әдістері қолданылған.
Зерттеудің дерек көздері. Ақпараттық база ретінде Қазақстанның, ТМД мен алыс шетелдердің туризм қызметтері бойынша зерттеулер жүргізген танымал ғалымдарының еңбектері, сонымен қатар Қазақстан Республикасында 2011-2015 жылдар аралығында туризмнің перспективті бағыттарын дамытудың мемлекеттік бағдарламасы, Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі мен аудандық, аймақтық және қалалық статистика бөлімдерінің деректері пайдаланылды.
Алынған ақпараттарды мұқият өңдеп, іріктеу барлық деректерге жүйелі талдау жасауға мүмкіндік берді.
Жұмыстың құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыстың мәтіні компьютермен терілген беттен, 8 кестеден, 6 суреттен тұрады. Пайдалынылған әдебиеттер тізіміне 27 атау енгізілген. Жұмыс кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан тұрады.
1 ТУРИСТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ САПАСЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ АСПЕКТІЛЕРІ
1. 1 Туристік қызметтің мәні және түрлері
Қазіргі қалыптасқан халықаралық ұғым бойынша «туризм» дегеніміз адамдардың әр түрлі мақсатпен басқа елдерде, аймақтарда, аумақтарда уақытша болуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар мен жұмыстардың және материалдық орындардың жиынтығы. Дүние жүзілік туристік ұйымның берген анықтамасы бойынша "турист" дегеніміз әр түрлі мақсатпен (көңіл көтеру, емделу, кәсіптік қызмет, конференцияға қатысу, туыстарына бару, діни және спорттық мақсатта т. б. ) басқа елдерде (аймақтарда) 24 сағаттан артық мерзімде уақытша болатын адамдар. Сонымен қатар туристер қатарына мына категориядағы адамдар жатпайды:
1. Белгілі бір елге барып, онда тұрақты тұрып жатқан адамдар. 2. Контракт бойынша келіп, жұмыс жасап жатқан адамдар. З. Ұзақ мерзімдегі оқу және мамандығын көтеріп жатқан адамдар. 4. Босқындар. 5. Әскери контингент құрамындағылар. 6. Иммигранттар. 7. Консулдық және елшілік (дипломаттар) қызметкерлері.
Туристік қызмет субъектілеріне: 1) туристік операторлар (туроператорлар) ; 2) туристік агенттер (турагенттер) ; 3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар; 4) туристер және олардың бірлестіктері; 5) экскурсанттар; 6) туристік қызмет саласындағы өзге де бірлестіктер; 7) туристік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін мемлекеттік органдар жатады.
Туристік қызмет объектілері - табиғи объектілер және табиғи-климаттық аймақтар, көрікті орындар, тарихи және әлеуметтік-мәдени көрсету объектілері және саяхат кезінде туристердің қажеттерін қанағаттандыра алатын өзге де объектілер.
Халықаралық және ішкі туризм туризмнің ұйымдық нысандары болып табылады.
Халықаралық туризм: келу туризмін - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын адамдардың Қазақстан Республикасы шегіндегі саяхатын; шығу туризмін - Қазақстан Республикасының азаматтары мен Қазақстан Республикасында тұрақты тұратын адамдардың басқа елге саяхатын қамтиды.
Ішкі туризм - Қазақстан Республикасының азаматтары мен оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Республикасының шегіндегі саяхат .
Туристік индустриядағы көрсетілетін қызметтер экспорты мен импорты болып екіге бөлінеді.
1. Қазақстан Республикасының аумағына келу туризмнің ұйымдастырумен байланысты туристік қызмет көрсету туристік қызмет көрсету экспорты болып табылады. Реэкспорт - шетел саяхатшыларын үшінші бір елге жіберу.
2. Басқа елге шығуға байланысты туристік қызмет көрсету туристік қызмет көрсету импорты болып табылады.
Халықаралық туризмнің жоғарыда көрсетілген ерекшелігі оны басқа экспорттық баптардан айрықша етеді. Тұтынушылар транспорттық шығындарды төлеп, саяхат кезінде тауарлар мен қызметтерді бөлшек бағамен сатып алады. «Ішкі экспортқа» бірқатар салалар қызмет етеді. Халықаралық туризмнің мәні туристерді қабылдайтын Испания, Греция, Австрия, Италия және Португалия сияқты елдер экспортында өте зор. Халықаралық туризмнің әлемдік экспорт түсімдеріндегі үлесі 9% болып табылады. Басқа экспорттық салаларға қарағанда туризмнің артықшылығы бар: туризм қалпына келмейтін ресурстарды шығарумен байланысты емес, өйткені ол «әсерлер экспорты» болып табылады.
Халықаралық туризм мемлекеттің төлем балансының көрсеткішіне оңтайлы әсер етеді. Келу туризмінің дамуы туристік баланс активінің оның пассивімен салыстырғанда артуына алып келеді. Туристік баланстың оң сальдосына келесідей елдер ие: Франция, Италия; Испания, Кипр, Мальта, Австрия, Швейцария, Тунис, Тайланд, Мексика, Кариб бассейні елдері және т. б. елдер. Ағымдағы туристік баланстың теріс мәніне негізінен өмір сүру деңгейі жоғары индустриалды дамыған елдер ие. Мысалы, Скандинавия елдері, Германия, Канада, Жапония, АҚШ және парсы шығанағындағы мұнай өндіруші елдер [1, 78] .
Туризмнің кең танымал болу себебі, басқа демалыс түрлеріне қарағанда, ол: адамдардың мейлінше әртүрлі талаптарын қанағаттандырады. Мәселен: қимыл қозғалыс, адамдармен араласу, қарым-қатынас, танымдық, қызығушы талап тілектерін әрі осымен бірге өз денсаулықтарын арттыруына айрықша ықпал етеді. Демек, бұдан туризмнің мемлекеттік те, экономикалық та мүдде, көзқарас тұрғысынан зор маңызы бар сала екеніне көз жеткіземіз.
Қазіргі заманда туризм әртүрлі елдердің өзара мәдени алмасу қызметінде ерекше роль атқарады. Туризмнің өркендеуі дамыған елдердің де, жаңадан дамып келе жатқан елдердің де маңызды әлеуметтік экономикалық мәселелерін шешуге бірдей ықпал етеді. 21 ғасырда стратегиялық және экономикалық тұрғыда ең алғы орынға қояды. Әлемдік экономиканың бірде-бір саласы дәл туризм сияқты тұрақты жұмыс істеп отырған жоқ.
Дүниежүзілік Туристік ұйымның болашағы бойынша халықаралық туристік саяхаттардың саны 2020 жылы 1, 6 миллиардқа жетеді деп есептеліп отыр [1, 79] .
Туризмге қатысты негізгі терминдер:
Тур - (саяхат, сапар) алдын ала жоспарланатын, белгілі бір мерзім, маршрут, қызмет түрлері бар, бірыңғай баға бойынша туроператор (туристік фирма) арқылы ұйымдастырылатын туристік саяхат.
Тур агент - комиссиялық табыс табу мақсатымен қонақ үйлердің, көліктік компаниялардың т. б. қызмет көрсету орындарының жеке қызмет түрлерін, турларды (саяхаттарды) жеке баға бойынша клиенттерге сатуды жүзеге асыратын аралық фирмалар.
Туриада - әр түрлі іс-шаралармен (экскурсиялармен, слеттермен, жарыстармен т. б. ) катар жүргізілетін, бірнеше туристік топтар қатысатын, туризмнің бір немесе бірнеше түрлері бойынша өткізілетін көп күндік жорықтар жиынтығы. Туриадаларды туристік клубтар т. б. ұйымдар өткізеді.
Туристік баланс - белгілі бір елдің шет ел туристерін күтуге кеткен шығыны мен өз азаматтарының шет елдерге туристік сапарларға кеткен шығыны арасындағы айырмашылық. Бұған адамдар (туристер) саңдарының ара-қатынасы да кіреді (баратын және келіп жатқан немесе активті және пассивті) .
Туристік оператор - жеке саяхаттарды арендалық және тұтастай қонақ үй қызметтерін т. б. қызмет орындарын сатып алу негізінде ұйымдастыратын (жасақтайтын) туристік кәсіпорын. "Кешенділік туристік өнімді" туроператор өзінің іс-әрекеті және туристік агенттіктер арқылы жүргізеді.
Туристік индустрия - туристік қызмет көрсетумен, тауарларды өндірумен, бөлумен, материалдық-техникалық туризм базасын жасаумен, туристік-рекреациялық ресурстарды игерумен айналысатын кәсіпорындардың, мекемелер мен ұйымдардың жиынтығы. Салыстырмалы түрде бұл кәсіпорындар мен мекемелер 4 топқа бөлінеді:
а) Маршруттарда және демалыс орындарында кешенді туристік экскурсиялық қызмет көрсетумен айналысатын кәсіпорындар;
б) Жанама түрде, қосымша тұрмыстық, мәдени-танымдық, сауда, көліктік, конақ үй, емдеу т. б. қызмет көрсету орыңдары;
в) Туризмнің материалдық-техникалық базасын жасауға қойылатын, ол үшін қажетті шикізат, құрал-жабдықтар шығарумен айналысатын кәсіпорындар.
г) Туризм сферасы үшін кәсіптік мамандар дайындап шығаратын және олардың мамандықтарын көтеретін оқу орындары.
Туристік индустрияда қызмет көрсету түрлері:
1) турлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету;
2) тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету;
3) тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету;
4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;
5) көлік қызметін көсету;
6) ойын-сауық;
7) өзге де туристік қызмет көрсетулер.
Туристік кәсіпорындардың жиынтығы туристік инфрақұрылым деп аталады. Туристік индустрия ел экономикасы мен шаруашылық комплекстерінің қалыптасып, дамуына үлкен ықпал етеді. Ол мыналардан көрінеді: жергілікті жердің түсетін пайдасын ұлғайтады, жаңа жұмыс орындарын жасайды, туристік қызмет етумен байланысты барлық салаларды дамытады, туристік орталықтарда әлеуметтік және өндіріс инфрақұрылымын жақсартады, мөдениеттің дамуы мен халық кәсіпкершілігінің (сувенирлер жасау, мұражайлардың көбеюі т. б. ) қызметін жеделдетеді, валюталық табыстарды ұлғайтады және жергілікті халықтың тұрмыс деңгейін көтеріп, жұмыспен қамтамасыз етеді.
Тур өнім - туристік саяхат мерзімінде көрсетілетін туристік қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін қажетті қызметтер және осымен байланысты саяхат мақсатына сай көрсетілетін басқа да (орналастыру, тасымалдау, тамақтандыру, экскурсиялар, туризм нұсқаушысының, гидтің, гид-аударушылардың қызметтері) қызметтер жиынтығын білдіреді.
Туристік өнім құрамы жағынан 3 бөлімге бөлінеді: тур; қосымша туристік-экскурсиялық қызметтер; тауарлар.
Тур дегеніміз - тұтынушыға біртұтас таратылатын және туроператорлардың еңбегімен өндірілген, белгілі бір бағытқа және мерзімге арналған бірінші туристік өнімнің бірлігі.
Турдың құрамы келесідей болады: 1) туристік пакет 2) осы бағытта көрсетілетін қызметтер кешені.
Туристік пакетті туроператорлар ұсынады және осы бағытта міндетті түрде көрсетілетін қызметтерден тұрады:
- туристерді көлікпен демалыс орнына апару және алып келу;
- трансфер;
- орналастыру және тамақтандыру;
- міндетті түрдегі экскурсиялық мәдени бағдар.
Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы - нақтылы міндетті жағдайы. Төрт базалық элементтен тұратын туристік пакетті сатып алып, турист туроператордан едәуір жеңілдікпен басқада қызметтер арқылы кеңейтуін сұрай алады немесе оны демалыс орнында өзі де жасай алады.
Туроператор туризмде маңызды рөл атқарады. Өйткені, әр түрлі қызметтерді (көлік, туристерді орналастыру, тамақтандыру, көңіл көтеру және т. б. ) бір турпакетке жинап, турөнімді шығарады, оны турагент арқылы таратады. Турагент - туроператорлардың туристік өнімін іске асыратын, туристік нарықта жұмыс істейтін таратушы. Туроператорлардың турагенттен айырмашылығы турагент турдың сапасына жауапты емес.
Туристік өнімнің туристік пакеттен айырмашылығы - туристік пакет туристік өнімнің бір бөлігі.
Туристік өнім элементтері бойынша туристің шығынын келесідей бөлуге болады: тур - 50 пайыз; қосымша туристік - экскурсиялық қызметтер - 30 пайыз; тауарлар - 20 пайыз.
Қосымша туристік - экскурсиялық қызметтер дегеніміз - жолдамада көрсетілмеген, бірақ туристерге қажет болса, солардың тілегі бойынша көрсетілетін қызметтер. Бұл қызметтер жолдаманың негізгі бағасына кірмейді. Оған жататындар: резервтік орындар, валюта айырбастау, туристік қызмет көрсету, прокат, телефон, қоғамдық көлік, пошта, тауарлар сақтау орны және т. б. Қосымша қызметтерді туристер бөлек өз ақшасына алуы керек.
Тауарлар дегеніміз туристік өнімнің арнайы бөлігі, оған жататындар: туристік карталар және қаланың жоспары, сувенирлер, буклеттер, сондай-ақ тұрғылықты елдегі тапшы тауарлар және т. б.
Туристік индустрияда өндірілетін туристік өнім 2 әдіспен бағалануы мүмкін: 1. Барлық өндірістің шығынының жинағы есебінде; 2. Туристердің барлық шығынының жинағы немесе туризмнен түскен кіріс есебінде.
Өзінің арналуына қарай туристік қызметтер мен тауарларды үш топқа біріктіруге болады: көлік қызметі; туристердің туристік аудандарда болуымен байланысты қызметтер мен тауарлар (рекреациялық ресурстар, түнеу, тамақтану және т. б. ) ; бір реттік қызмет пен тауарлар (көңіл көтеру, спорт қызметтері, сувенирлер және т. б. ) . Әрбір туристік қызметтер мен тауарлар тобы тағы да жіктеледі. Мысалы, көлік қызметтері көліктің түріне, жайлылығына қарай жіктеледі. Туристік сұраныс және ұсыныс туристік құрылыстың экономикалық элементі болып, туристік нарықты, яғни туристік қызмет пен тауарларды тарату саласын құрайды.
Туристік нарықтың өзінше ерекшеліктері бар. Егер дүние жүзілік нарықта тауарлардың бағасына экспорт шығыны кірсе туристік қызметтердің бағасына туристердің көлік шығыны да кіреді. Негізгі туристік нарықтың басқа нарықтардан айырмашылығы міне, осында.
Туристік қызметтер құрылымында негізгілер мен қосымша қызметтерге бөлінеді. Негізгілерге жататындар: тасымалдауды ұйымдастыру бойынша қызметтер, орналастыру, туристерді тамақтандыру, ал қосымшаларға жататындар : экскурсияларды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтер, гидтердің, гид аударушылардың қызметтері, саяхат шарттарымен қарастырылған тасымалдаулар және т. б.
Ботель - су саяхаттары бойынша су обьектілерінің жағасында орналасатын қонақжайлық кәсіпорын. Жүзу құралдарын жөндеу мен сақтау үшін техникалық жағынан жарақталынады.
Ваучер - халықаралық туризм бойынша туристік фирманың туристке беретін оның көрсетілетін қызмет түрлері үшін ақы төлегенін дәлелдейтін ордері немесе квитанциясы (путевка) . Финанстық кұжат.
Инклюзивтур - туристердің тұратын жерінен бастапқы пунктте және кері қарай барлық көрсетілетін туристік қызмет түрлерінің тұтастай жиынтығы. Өзінің мерзімі, сапалық және сандық ерекшеліктері, бағасы болады. Инклюзивті тур - трансфер, түнеу және қызмет көрсету бағдарламасы бойынша шектелген, кешенді тур.
Эксклюзивті тур - қызмет көрсету бағдарламасы әртүрлі болатын және таңдау бойынша қосымша қызметтерді қолдану мүмкіндігі бар индивидуалды тур [2, 20-22] .
Туризм негізінен 3 түрлі критерий бойынша жіктеледі:
I. Қоғамда атқаратын рөлі немесе алатын орны бойынша.
П. Туристердің алдына қойған мақсаты бойынша.
III. Туристік жорықтардың қандай жерлерде өткізілетініне, жорық кезінде қолданылатын көліктіктердің түріне байланысты.
Туризм қоғамда атқаратын белгілі-бір рөліне байланысты төмендегі топтарға бөлінеді:
1) Халықаралық туризм - мемлекетаралық, корпоративтік және аймақтық келісімдер негізінде елдер арасында туристер алмасумен, туристерді басқа елдерге жіберумен және басқа елдерден туристер қабылдаумен айналысатын жұмыстардың жиынтығын білдіреді.
2) Ішкі туризм - бір мемлекет көлеміңдегі жеке аймақтар, аудандар арасындағы туристік ағын, инфрақұрылым, қызмет ету жиынтығы болып саналады.
3) Мектеп туризмі - оқушыларға тәрбие беру, білімдерін жетілдіру, оларды болашақ туристік кәсіпке баулу мақсатында мектеп көлемінде ұйымдастырылатын туризм сферасындағы жұмыстар жиынтығы.
Туристердің алдарына қойған мақсат, мүдделері бойынша туризм мынандай түрлерге бөлінеді:
1) Экскурсиялық немесе танымдық туризм - туристердің белгілі-бір жердің табиғи ерекшеліктерімен, тарихи-мәдени орындарымен, ұлттық-этнографиялық ерекшелікгерімен танысуын қамтамасыз ететін жұмыстар.
2) Курорттық туризм туристердің демалысын, емделуін белгілі-бір жерде қамтамасыз ету жұмыстар жиынтығы.
3) Спорттық туризм - туристердің спорттық мақсатта жорықтарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастыратын жұмыстар тобы.
Туристік жорықтардың қандай жерлерде өткізілетініне және туристік жорықтар кезіндегі қолданылатын транспорттық кұралдардың жеке түрлеріне байланысты туризм мынадай түрлерден тұрады:
1) Жаяу туризм - күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін туристік жорықтар. Халықтық топтар арасында ең көп тараған туризм түрі болып есептеледі: арнайы көлікті қажет етпейді, кез-келген аумақ бойынша жорықтар ұйымдастыруға болды.
2) Тау туризмі - биік, күрделі таулы жерлерде өткізілетін жорықтар болып бөлінеді. Маршрут бойында кедергілер, категориялық асулар болуы керек. Жаяу туризм сияқты адамдар арасында кең тараған туризм түрлерінің бірі, өйткені арнайы көлікті керек етпейді; таулы аймақтарда кең таралған.
3) Шаңғы туризмі - қыс кезінде, белгілі-бір қар жамылғысы калыңдығына байланысты өткізілетін, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құрал-жабдықтары (примус, пеш, шаңғы т. б. ) және қонақ жайлары (қар үйшіктері, тұрғын мекен-жайлар т. б. ) бар жорықтарға байланысты жұмыстар тобы. Климаттың, ауа-райының әртүрлі жағдайында жорықтар өткізіледі. Шаңғы туризмі бойынша жорықтар жазық жерлерде және таулы аудандарда қар жамылғысы тұрақты аймақтарда тараған.
4) Су туризмі - белгілі-бір су обьектілері (өзендер, көл жағалары) бойынша ұйымдастырылып өткізілетін, арнайы (қайықтар, салдар т. б. ) жүзу құралдары бар жорықтарды ұйымдастыруға байланысты іс-әрекеттер. Су туризмінде қолданылатын жүзу құралдары әр түрлі (байдаркалар, балон қайықтар, кильді қайықтар, катамарандар, тегіс табанды кайықтар т. б. ) су жорықтары бойынша кездесетін кедергілер де ерекше (желдер, толқындар, сарқырамалар т. б. ) .
5) Велосипед туризмі - ұзақ қашықтықтағы, көптеген километрге (1100 км дейін) созылатын, арнайы дайындықты талап ететін, транспорттық (көліктік) құрал велосипед болып табылатын, жорық кезіндегі өзіндік кедергілер бар (жолсыз жерлер, орман-тоғайлар, жыралар т. б. ) туристік топ құрамының шағын болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастыру жұмыстарының жиынтығы.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz