Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда кәсіптік білім берудің педагогикалық шарттары музыка пәндерінің материалдары негізінде


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда кәсіптік білім берудің педагогикалық шарттары музыка пәндерінің материалдары негізінде

Мазмұны

Кіріспе . . . 3-11

1 Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби дайындығының теориялық негіздері

1. 1 Психология-педагогика бойынша әдебиеттердегі болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығы мәселесі. Дәстүрлі білім беру процесі жағдайындағы қарама-қайшылықтар туралы . . . 12-27

1. 2 Музыкалық-педагогикалық білім беру құрылымындағы болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің дайындығындағы ерекшеліктер 27-56

1. 3 Көпсатылы жоғары педагогикалық білім жағдайындағы келешек бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби-педагогикалық даярлығының жағдайы . . . 56-80

2 Болашақ бастауыш мектеп мұғалімін даярлау жөніндегі тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың мазмұны

2. 1 Болашақ бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби дайындауды ұйымдастыру жөніндегі тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың әдістемесі . . . … . . . 80-97

2. 2 Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби дайындығын ұйымдастыру жөніндегі тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелері 97-118

Қорытынды . . . 118-120

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . 120-130

Қосымша . 130-136

Жұмыстың жалпы сипаттамасы

Зерттеудің көкейкестілігі: Қоғамның экономикалық, әлеуметтік, ұйымдастырушылық негіздерін қарқынды қайта құру жағдайларында бүкіл білім беру жүйесінің модернизациялануы жүреді, оның ішінде жоғары кәсіби педагогикалық білім берудің мазмұнын жан-жақты және мұқият қайта қарастыру жүзеге асады. Білім беру жүйесінің мазмұны қоғамның ағымдағы және перспективалық қажеттіліктерін, адам танымының ерекшеліктерін бейнелеп, әлеуметтік даму тенденциясын есепке алудың негізінде қоғамда қабылданған білім берудің даму концепциясына сәйкес келуі тиіс.

Президент Н. Ә. Назарбаев «Білім беру саласы ақпараттық қоғамда экономикалық саламен елеулі түрде астасады, ал білім берік қызметі ақпараттық қоғамның экономикалық дамуының аса маңызды құрамдасына, артта қалушылықты еңсерудің факторына айналады». Білім беру ұғымының өзі өзгеруде және кеңейуде. Білім беру барған сайын көп ретте мектепте және тіпті жоғары оқу орнында оқу мен бірдей түсінілуден қалады.

Педагогикалық кадрларды даярлау білім беру жүйесі қызметінің тиімділігін анықтайтын негізгі буын болып табылады, білім беру жүйесінің барлық буындарының тиімді дамуы олардың қызметіне тәуелді болады. Себебі олар ақырында тұтастай білім беру жүйесінің, және жеке алғандағы оның әрбір буынының тиімді қызмет етуін анықтайды. Осындай жағдайда маман-педагогқа қойылатын талаптар түбірімен өзгере түседі: уақыт мәдениеттің жинақтаған жалпы адамзаттық құндылықтарының иесі болуға қабілетті, психологиялық-педагогикалық диагностика әдістерін, кәсіби араласу өнерін, педагогикалық технологияларды терең игерген өте үздік, кең ауқымды, шығармашылыққа ие тұлғаны талап етеді.

Психология-педагогика бойынша әдебиеттерге жасалған талдаудан көретініміз, жоғары педагогикалық білім беру мәселелері көп аспектілі тұрғыдан зерттелген. Біріншіден, бұл мұғалімнің қоғамдағы атқаратын роліне, оның тұлғасының дамуының әдіснамасы мен теориясына арналған еңбектер (С. И. Архангельский, Е. П. Белозерцев, С. Г. Вершловский, Н. В. Кузьмина, Ю. Н. Кулюткин, А. С. Макаренко, А. В. Мудрик, В. А. Сластенин, Г. С. Сухобская, Н. Ф. Талызина, С. Т. Шацкий және т. б. Екіншіден, бұл оқу процесін жетілдіру, келешек маманды кәсіби даярлау мәселелерін зерттеу (О. А. Абдуллина, Ю. К. Бабанский, В. П. Беспалько, А. А. Вербицкий, В. Н. Вергасов, Ф. Н. Гоноболин, Э. А. Гришин, С. Б. Елканов, В. А. Кан-Калик, Н. Д. Никандров, В. А. Сластенин, Л. Ф. Спирин, және т. б. Үшіншіден, бұл студенттердің қызметтің алуан түрлерін жүзеге асыруға даярлығын қалыптастыру мәселесіне қатысты еңбектер (О. А. Абдуллина, Ю. П. Азаров, К. М. Дурай-Новаковой, И. А. Зязюн, М. М. Левина, Н. И. Ильясов, А. Г. Қазмағамбетов, С. Т. Каргин, К. М. Мұхамеджанов, Е. П. Нечитайлова, Н. И. Хан, Н. Д. Хмель және т. б. Келешек мамандардың кәсіби-шығармашылық даярлығы мәселелеріне О. А. Абдуллинаның, Н. А. Томиннің, В. Н. Худяковтың, К. М. Мұхамеджановтың, В. В. Шахгуларидің, Т. П. Смолькиннің және т. б. зерттеу жұмыстары арналған . Және де бірқатар еңбек мұғалім еңбегінің психологиясына, оның мәдениетін қалыптастыруға арналған (М. Я. Виленский, В. А. Канн-Калик, В. А. Крутецкий, А. А. Леонтьев, Ю. Н. Матюшкин, А. В. Петровский, Е. Н Шиянов және т. б

Қазіргі қазақстандық қоғамда жаңа құндылықтар - өз бетінше даму және өз-өзін жетілдіру құндылықтары қалыптасуда, олар жеке тұлғаға бағытталған білім берудің негізіне айналды. Білім беру саласын гуманизациялау, жастарды қоғамның рухани құндылықтарына тарту мәселелері ерекше әлеуметтік және мәдениеттанушылық мәнге ие болуда. Олар, атап айтсақ музыка өнері білім беруді гуманизациялауда ерекше рольге ие, оны тиісті деңгейде игеру педагогикалық жоғары оқу орнындағы келешек бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлаудың қажетті шарты болып табылады.

Бастауыш мектептегі музыка мұғалімі, оқушыларды көркем шығармашылыққа баули отырып, музыкалық тәрбие балалардың музыкалық қабілеттерін ашып, олардың эмоционалды тәжірибесін байыта түсуге, музыканы түсінуге және сүюге үйрету, анатомиялық-физиологиялық және психикалық тұрғыдан балалардың дамуына септігін тигізуге қызмет ететіндігін түсініп, соған бағытталуы тиіс.

Музыка сабақтары жүйесіндегі келешек мұғалімдердің кәсіби-шығармашылық белсенділігін қалыптастыру процесі бірқатар зерттеулерден көрініс тапты - Л. Г. Арчажникованың, Н. Л. Белаяның, Т. Н. Воронованың, И. Н. Немыкиннің және т. б

Келешек мұғалімдердің кәсіби даярлығы мәселелерімен айналысатын қазақстандық ғалымдардың ішінен ең алдымен Н. Д. Хмельдің еңбектерін атап өту қажет. Ол келешек мұғалімнің кәсіби даярлығының табыстылығы оны педагогикалық процестің мәнісін түсіну және оны басқара білуге үйретумен тікелей байланыста болатындығын анықтады. Жас педагог тұлғасының дайындығы мен қалыптасуының түрлі аспектілері Г. Н. Қасабекованың, Н. Н. Ханның, Т. П. Смолькинанының, К. М. Мұхамеджановтың, М. Мұхамединнің, Н. К. Ахметовтың, Д. И. Ырғалиеваның, М. И. Ілиясовтың, С. В. Фатеевтың, Е. А. Әбенованың, Г. А. Абдулкаримованың, В. В. Шахгуларидің және т. б. зерттеу еңбектерінде қарастырылған. Келешек мұғалімнің музыкалық-педагогикалық даярлығының түрлі аспектілерін З. Р. Ахметов, С. Ш. Әбенбаева, М. Х. Балтабаев, Р. К. Дюсембинова, Р. Р. Жердімалиева, С. С. Естемесова, К. Е. Ыбыраева, Т. К. Дүйсенбина, Л. Ш. Кәкімова, А. А. Қалыбекова, Р. К. Қасенова, Т. А. Қышқамбаев, Ш. Б. Күлманова, А. И. Райымбергенов, Ф. И. Рзаева, Р. А. Рысқұлова, С. Ф. Сызықова, Ж. А. Сүлейменова, Р. Ш. Сыдықова, Л. К. Топоркова, Г. М. Тұрсынқанова, К. С. Төребаева, С. А. Ұзакбаева, Ж. З. Өтемісов, Б. Өтемұратова, К. К. Досанова және т. б. қарастырған Педагогикалық жоғары оқу орнындағы маман даярлау мәселелері бойынша әдебиеттерді зерттеу оны ұйымдастырудағы бірқатар ыңғайларды анықтау мүмкіндігін берді: коммуникациялық-техникалық ( К. М. Кудрявцев және т. б. ), құрылымдық-логикалық (П. Я. Гальперин, В. И. Загвязинский, И. Я. Лернер, Н. Ф. Талызина және т. б. кибернетикалық, оның шектерінде басқарудың жалпы мәселелері зерттелген (Ю. К. Бабанский, В. В. Давыдов, Л. В. Занков, М. Н. Скаткин, Л. М, Фридман, Г. И, Щукина және т. б. сондай-ақ оның психологиялық-педагогикалық аспектілері (П. Я. Гальперин, М. С. Дмитриева, А. М. Матюшкин, В. А. Якунин және т. б

Маман-педагогты даярлау мәселелерінің әдебиеттегі теориялық зерттелуінің әр қырлылығына және оларды іс жүзінде шешудің жинақталған тәжірибесіне қарамастан, қоғамдағы, ғылымдағы, білім беру мен оқытудағы жаңа тенденциялар мәселені одан да өзекті ете түсті және оның түрлі аспектілерін тұлғаның интеллектуалды және адамгершілік дамуының үздіксіздігі; білімнің сатылығына бағытталу; білім мазмұнындағы, оқыту нысандары мен әдістеріндегі гуманизациялау, демократияландыру, жіктелу мен интеграция принциптерін жүзеге асыру; білім берудің одан әрі фундаменталдандырылуы; педагогтың оқытушы қызметінен басқарушылық қызметіне көбірек көңіл бөлу және т. б. тұрғысынан қайтадан терең саналауды талап етті.

Осыған байланысты соңғы жылдары үздіксіз педагогикалық білім беру мәселелерін зерттеу белсенді түрде қолға алынуда. Е. В. Бондаревскаяның, Г. А. Бордовскийдің, А. П. Валицкаяның, В. И. Горованың, В. А. Козыревтың, В. В. Краевскийдің, В. С. Ямпольскийдің және т. б. зерттеулерінде көпсатылы білім беру жүйесіне деген кейбір көзқарастар орын тапқан. Дегенмен, жарияланымдарды талдау мен маман даярлаудың жаңа жүйесіне тәжірибе ретінде ауысқан педагогикалық жоғары оқу орындарының жұмыс тәжірибесі жоғары педагогикалық білім беру жүйесін қайта құру процесі баяу, жүйесіз жүретіндігін көрсетті, себебі ол негізгі мәселелердің теориялық зерттелуімен қамтамасыз етілмеген. Жоғарыда аталған мәселелерге келешек бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби даярлау мәселелері де ұқсас келеді. Біз бұрынғы түсініктегі маман (ғылымның негізін білетін адамды) даярлайтын дәстүрлі білім беру жүйесінің көптеген аспектілері ескірген және қазіргі заман талаптарына сәйкес келмейді деген тұжырымға келдік.

Мәселенің көкейкестілігі сондай-ақ біз бір жағынан, үнемі өз-өзін дамытуды мақсат қойған және жоғары жалпы, адамгершілік, ақпараттық мәдениетке ие, мұғалімнің жоғары кәсіби шығармашылық тұлғасы мен осыған байланысты үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесіне енгізілеген келешек маман-педагогты кәсіби даярлауды жетілдіруден көрінетін айқын қарама-қайшылықта да болып отыр. Жоғарыда аталған аспектілердің жеткіліксіз теориялық және тәжірибелік зерттелуі, сондай-ақ бұл тәжірибені келешек бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлау процесіне ендіру және оны жалпылауға деген қажеттілік біздің зерттеу жұмысымыздың проблемасын құрады және осы ғылыми жұмыстың тақырыбын таңдауға түрткі болды: «Болашақ бастауыш мектеп мұғалімдерін даярлауда кәсіптік білім берудің педагогикалық шарттары (музыка пәндерінің материалдары негізінде) ».

Зерттеудің объектісі: Көп сатылы жоғары білім жағдайындағы келешек мұғалімді кәсіби-педагогикалық даярлау процесі.

Зерттеудің пәні: келешек бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби даярлығының педагогикалық шарттары (музыка сабақтарының мысалында) .

Зерттеудің мақсаты: көп сатылы жоғары педагогикалық білім беру жағдайындағы келешек бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби даярлығының мазмұны мен әдістемесін теориялық негіздеу және тәжірибе жүзінде іске асыру.

Зерттеудің гипотзасы:(болжамы) Егер келешек бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби-педагогикалық даярлау процесі қоғамның, мемлекеттің және жеке алғандағы тұлғаның қажеттіліктерін қанағаттандырса; дидактикалық сипаттағы қазіргі заманғы талаптарға: ғылымилық, жүйелік, сатылық, индивидуализация мен дифференциация талаптары жауап берсе; музыкалық-педагогикалық шынайылықтың диалектикалық табиғасымен байланысты объективті-субъективті процесс болып табылса, негізгі құрамдаушыларының (мотивациялық, мазмұндық, процестік) құрылымымен белгіленетін болса, онда жалпы мәдениетті, білімді, коммуникация дағдыларына ие, үнемі өз-өзін дамытуға ұмтылатын жоғары кәсіби маман, шығармашылық тұлғаны қалыптастыру жайында сөз қозғауға болады, себебі бұл жағдайда түрлі кәсіби-педагогикалық міндеттерді шешуге деген саналы құндылықтық қатынасқа қол жеткізіледі.

Зерттеудің міндеттері:

  1. «Көп сатылы жоғары педагогикалық білім беру», «жоғары көпсатылы білім берудің мазмұны» деген түсініктердің мәнісін ашу және нақтылау, сондай-ақ «бастауыш мектептегі қазіргі замандағы музыка мұғалімі», «көп сатылы білім беру жағдайларындағы бастауыш мектептегі музыка мұғалімін кәсіби даярлау» түсініктеріне анықтама беру;
  2. көп сатылы жоғары педагогикалық білім беру жағдайындағы келешек бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби-педагогикалық даярлығының теориялық үлгісін әзірлеу (музыка сабақтарының мысалында) .
  3. Көп сатылы білім беру жағдайындағы келешек бастауыш мектеп мұғалімінің тиімді кәсіби даярлығының педагогикалық шарттарын анықтау.
  4. Көп сатылы білім беру жағдайындағы келешек бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби-педагогикалық даярлығының әдістемесін жасап шығару (музыка сабақтарының мысалында) .
  5. Келешек бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби даярлық деңгейлерінің қалыптасуын анықтау әдістемесін ұсыну (музыка сабақтарының мысалында) .

Зерттеудің жетекші идеясы: қазіргі заманғы талаптар мен қоғамдық даму реалийлеріне сәйкес келешек бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби-педагогикалық даярлау процесі жоғары педагогикалық білім беру жүйесінің мазмұнын модернизациялаған жағдайда тиімді болуы мүмкін, оған келесілер кіруі тиіс:

- маманның жалпы мәдени білім деңгейін арттыру;

- бастауыш мектеп мұғалімдерінің кәсіби білімдерін, икемдіктері мен дағдыларын мәдени-гуманистік негізде қалыптастыру;

- кәсіби білім берудің базалық негіздерін тереңдете түсу, оқушыларға тәрбие беру мен оқытудағы қазіргі педагогикалық ыңғайлар мен педагогикалық технологиялары саласындағы маманның педагогикалық эрудициясын қалыптастыру;

- пәндік циклдардың байланыстарын ортақ мақсат арқылы интеграциялау, бұл мақсат - маман тұлғасының шығармашылық индивидуалдылығын қалыптастыру;

-жаңа үлгідегі маман-педагогтарды даярлаудың көпсатылы жүйесіне ауысу.

Зерттеудің теориялық - әдістемелік негіздері: тұлғаның әрекеттегі дамуы туралы философия мен психологияның аса маңызды ережелері; кешендік және жүйелік ыңғай теориясы; таным теориясы мен шынайылықты бейнелеу, сана мен әрекеттің бірлігі теориясы, тәрбиедегі рационалды мен эмоционалдының өзара байланысы; кәсіби бағытталған оқыту концепциясы; көпсатылы жоғары педагогикалық білім беру теориясы; тұлғаның әлеуметтік мәнісі мен оның тұлғаны дамытудағы рөлі туралы ілім, тұлғаның кәсіби дайындығы жайлы ілім.

Зерттеу көздері: көрнекті психологтардың, философтардың, педагогтардың жоғары кәсіби педагогикалық білімнің мәнісі, мазмұны мен құрылымы туралы, үздіксіз білім беру жүйесі туралы, тұлғаға бағытталған білім беру туралы, көпсатылы жоғары педагогикалық білім беру жүйесі туралы, тұлғаның әрекеттегі дамуы туралы, оның дамуының объективті жән субъективті факторлары туралы, тұлғаның әлеуметтік-психологиялық табиғасы мен құрылымы туралы, шығармашылық еңбек психологиясы туралы еңбектері; жүйелік, әрекеттік және мәдениеттанушылық ыңғайдың негізгі идеялары, педагогтың кәсіби маңызды қасиеттері туралы; Қазақстан Республикасы Үкіметінің тәрбие беру мен білім беру мәселелері жөніндегі ресми материалдары мен мемлекеттік құжаттары, жаңашыл педагогтардың тәжірибесі. Зерттеудің негізіне сондай-ақ автордың жеке педагогикалық тәжірибесі де алынды.

Зерттеудің әдістері: ғылыми, психологиялық-педагогикалық әдебиетті талдау; Үкімет құжаттарын зерттеу; студенттердің шығармашылық жұмыстарына талдау; бақылау, әңгімелесу, сауалнама, тестілеу, деңгейлеу, тәуелсіз сараптама әдісі, өз-өзіне баға беру, алынған материалды математикалық өңдеу, педагогикалық тәжірибе (констатациялау және қалыптастырушы) .

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңыздылығы мынада :

- “көп сатылы жоғары педагогикалық білім беру ”, “көпсатылы педагогикалық білім берудің мазмұны” түсініктері ашып көрсетілді, сондай-ақ “бастауыш мектептегі музыка сабағының қазіргі заманғы мұғалімі”, “көп сатылы білім беру жағдайындағы келешек бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби даярлығы” түсініктеріне анықтама берілді;

- көп сатылы жоғары педагогикалық білім беру жағдайындағы келешек бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби-педагогикалық даярлығының үлгісі әзірленіп, тәжірибе жүзінде сынақтан өтті;

- бастауыш мектептегі келешек музыка сабағының мұғалімінің кәсіби даярлығының негізгі критерийлері мен көрсеткіштері анықталып, деңгейлері белгіленді;

- көп сатылы жоғары педагогикалық білім беру жағдайындағы келешек бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби-педагогикалық даярлығының әдістемесі әзірлеіп, негізделді;

- көп сатылы жоғары педагогикалық білім беру жағдайындағы келешек бастауыш мектеп мұғалімінің тиімді кәсіби-педагогикалық даярлығының педагогикалық шарттары анықталды.

Зерттеудің ғылыми нәтижелерінің тәжірибелік маңыздылығы:

Ол келешек бастауыш мектеп мұғалімдерін кәсіби даярлау жүйесінде келесідей материалдардың қолданылу мүмкіндігінде:

-көп сатылы жоғары педагогикалық білім беру жағдайындағы келешек бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби-педагогикалық даярлаудың әдістемесі;

Жүргізілген зертеудің негізінде әзірленген ғылыми-әдістемелік ұсыныстар мен материалдар жалпы білім беретін мектептің бастауыш сыныптарында қолданыс табуда, педагогикалық жоғары оқу орындарындағы келешек бастауыш мектеп мұғалімдерінің музыкалық-педагогикалық даярлық деңгейін едәуір арттырады.

Зерттеудің негізгі кезеңдері.

Бірінші кезеңде (2003-2004ж. ж. ) зерттеудің тақырыбын негіздеу жүрді; зерттеудің теориялық негіздері анықталды; философиялық, психологиялық- педагогикалық әдебиет, ғылыми-әдістемелік зерттеу еңбектері зерттеліп, теориялық талданды; негізгі теориялық түсініктер қарастырылып, зерттеу проблемасына қатысты сипатталды.

Екінші кезеңде (2004-2005 ж. ж. ) бастауыш мектеп педагогтарын даярлаудың оқу жоспарлары мен бағдарламалары, әдістемелік әдебиеттер талданды; мамандарды көпсатылы даярлау бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін университеттердің педагогикалық жұмыс тәжірибесін талдау және жалпылау жүргізілді, шынайы суретті талдау мен келешек мұғалімдердің кәсіби даярлығының деңгейлерін бөліп көрсету мүмкіндігін берген критерийлер мен көрсеткіштер анықталды; зерттелетін мәселе бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың мазмұны негізделінді; констатациялаушы тәжірибе өткізілді; бастауыш мектеп педагогтарын даярлаудың неғұрлым оптималды нысандарын, әдістерін, тәсілдері мен құралдарын іздеу және болжау жүргізілді.

Үшінші кезеңде (2005-2006 ж. ж. ) көп сатылы жоғары педагогикалық білім беру жағдайындағы келешек бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби- педагогикалық даярлаудың біз ұсынған әдістемесінің тиімділігін анықтау мақсатында сынақтық-тәжірибелік жұмыс өткізілді; кезең-кезеңдер бойынша алынған және қорытынды нәтижелерді талдау мен зерттеу жүргізілді, қажетті түзетулер, жалпылаулар енгізіліп, қорытындылар жасалып, ұсыныстар әзірленді.

Қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:

1. “Бастауыш мектептегі қазіргі заманғы музыка мұғалімі”, «көпсатылы білім беру жағдайындағы келешек бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби даярлығы» түсініктері;

2. Көп сатылы жоғары педагогикалық білім беру жағдайындағы келешек бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби-педагогикалық даярлығының үлгісі (музыка сабақтарының мысалында) ;

3. Көп сатылы жоғары педагогикалық білім беру жағдайындағы келешек бастауыш мектеп мұғалімін кәсіби-педагогикалық даярлаудың әдістемесі (музыка сабақтарының мысалдарында) .

Зерттеудің растығы әдістемелік және теориялық позициялардың негізделгендігімен; әрбір кезеңнің міндеттеріне бара бар келетін әдістер кешенін қолданумен; алынған тәжірибелердің мәліметтерімен және оларды теориялық ережелер арқылы салыстырумен; қорытынды нәтижелерді жалпылама талдаумен; сынақтық-педагогикалық жұмыстың барысымен; зерттеудің ұзақтылығымен, зерттеудің нәтижелерін жоғары оқу орындарының оқу-тәрбие процесіне ендірумен расталады

Зерттеудің базасы: Яссауи атындағы ХҚТУ факультет Тарих-педагогика Қорқытата атындағы Қызылорда Мемлекеттік университеті, музыка-педагогика факультеті

Зерттеудің негізгі нәтижелерін сынау және ендіру Яссауи атындағы ХҚТУ Тарих-педагогика, Қызылорда Мемлекеттік Қорқытата Университеті музыка-педагогика факультетінің негізінде жүзеге асырылды.

Зерттеудің негізгі нәтижелері республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда, Халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференцияларда баяндалып, автордың 8 жарияланымында көрініс тапқан.

Жұмыстың құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады.

Кіріспеде таңдалған зерттеу тақырыбының өзектілігі негізделініп, зерттеудің проблемасы, мақсаты, құрылымы, пәні анықталады. Гипотеза, міндеттер құрастырылып, жұмыстың ғылыми жаңалығы, тәжірибелік маңыздылығы, қорғауға ұсынылатын тұжырымдар, зерттеуді сынау жөніндегі мәліметтер сипатталады.

«Болашақ бастауыш мектеп мұғалімінің кәсіби дайындығының теориялық негіздері» атты бірінші бөлімде болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығы мәселелері бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттердің талдамасы берілген, бастауыш мектептегі музыка мұғалімінің қызметінің өзіндік ерекшеліктерінен шыға келе, зерттеліп отырған процестің теориялық аспектілері ашып көрсетілген, «көп сатылы жоғары педагогикалық білім беру», «жоғары көпсатылы педагогикалық білім берудің мазмұны» түсініктерінің мәні ашып көрсетіледі, сондай-ақ «бастауыш мектептегі қазіргі заманғы музыка мұғалімі» және «көп сатылы білім беру жағдайындағы бастауыш мектептегі музыка мұғалімінің кәсіби дайындығы түсініктеріне анықтама беріледі; музыкалық-педагогикалық білім берудің құрылымының өзіндік ерекшеліктері және маманды көпсатылы даярлау жүйесіндегі жоғары педагогикалық білім берудің ерекшеліктері көрсетіледі; кәсіби даярлықтың критерийлері, көрсеткіштері мен деңгейлері бөліп көрсетіледі, келешек мұғалімдердің зерттеліп отырған даярлығының қалыптасуының бастапқы жағдайы анықталады.

«Болашақ бастауыш мектеп мұғалімін даярлау жөніндегі тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың мазмұны» атты екінші бөлімде жоғары оқу орнының мүмкіндіктерін және жоғары білімнің көп сатылы жүйесінің артықшылықтарын зерттеудің негізінде кәсіби дайындықты қалыптастырудың үлгісі мен әдістемесі әзірленеді; әзірленген әдістемені сынақтан өткізу және ендіру бойынша тәжірибелік-педагогикалық жұмыстың нәтижелері келтіріледі, бастауыш мектептегі келешек музыка мұғалімдерінің тиімді кәсіби даярлығының педагогикалық шарттары анықталады.

Қорытындыда сынақтық-педагогикалық жұмыстың нәтижелері талданып, тұтастай зерттеудің қорытындысы жасалады және осы саладағы одан әрі қарайғы зерттеулердің перспективалары белгіленеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқулықтарымен жұмыс істеуге болашақ мұғалімдерді даярлау («Ана тілі» және «Дүниетану» оқулықтары негізінде)
Қазақстандағы бастауыш мектептердің қалыптасуы мен дамуы (1861-1930 ж.ж. материалдар негізінде)
Бастауыш сыныпта дүниетануды оқыту әдістемесі
Болашақ мұғалімдерге технологиялық білім берудің тарихи-педагоги- калық алғышарттарын айқындау
Мұғалімнің дидактикалық іскерліктерінің зерттелуі
«Мамандыққа кіріспе» пәнінен дәрістер
Зәки Уәлиди Тоған
Болашақ педагогты жеткіншектердің көркемдік мәдениетін қалыптастыруға даярлау
Мектепте музыка пәнін өткізудің ерекшеліктері
Бастауыш мектепте білім берудің қазіргі педагогикалық технологиялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz