«ЕРТЕҢІҢ ҮШІН АЯНБА!...»


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 191 бет
Таңдаулыға:   

«Ертеңің үшін аянба, ерім . . . »

(Елбасының сөзіне жазылған «Нұр Отан» ХДП

«Елім менің» әнұранынан үзінді)

«Нұр Отан»ХДП бағдарламасы

«ЕРТЕҢІҢ ҮШІН АЯНБА! . . . »

«Отбасылық бизнестің 100 түрі»

I том

Астана, 2011

«Нұр Отан» ХДП Хатшысы Қайрат Сатыбалдыұлының жалпы редакциялық басшылығымен.

Редакциялық алқаның құрамы:

Исекешев Әсет Өрентайұлы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары, Қазақстан Республикасының Индустрия және жаңа технологиялар министрі.

Әбдіқалықова Гүлшара Наушақызы - Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі.

Асанов Жақып Қажманұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП Фракциясының мүшесі.

Тілеухан Бекболат Қанайұлы - Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісіндегі «Нұр Отан» ХДП Фракциясының мүшесі.

Құрметті оқырман! Ақпараттық-анықтамалық материалдардың мазмұны бойынша ұсыныстар мен ескертпелер болып жатса, оларды мына мекен-жайға жолдаларыңызды сұраймыз: 01, Астана қ., Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің Үйі, 2-ғимарат, каб. 306 немесе мына электронды пошта бойынша - torekozha@yandex. ru

Құрметті оқырман!

Сіздерге ұсынылып отырған отбасылық бизнесті ұйымдастыру және жүргізу, мамандық таңдау және түрлі өмірлік жағдайларды шешу бойынша ақпараттық-анықтамалық материалдар Қазақстан азаматтарының ақпараттану деңгейін арттыру және өмір сапасын жақсарту мақсатымен әдістемелік құрал ретінде әзірленді. Материалдар үш бөліктен тұрады.

Біріншісі тұрғындарды еңбекпен қамтудың бір жолы ретінде отбасылық бизнестің түрлерінен, оны ұйымдастыру мен жүргізудің әдістемесінен (технологиясынан), бизнестің тиімділігін бағалау жөніндегі қарапайым есеп-қисаптан тұрады. Бұл материалдар жұмыссыздық мәселесін шешуге де, азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын іске асыруға да, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықты, шағын және орта кәсіпкерлікті дамытуға септігін тигізетін пайдалы ақпарат болып табылады.

Екінші том келешек мамандықты сауатты таңдау мәселесіне арналады. Сұранысқа ие мамандықтар жайлы ақпараттың жетіспеушілігінен еңбек нарығында сұраныс пен ұсыныстың арасында үлкен ауытқушылықтар орын алып отыр. Оның тағы бір себебі - тұлғаның бойындағы қабілет пен ерекшеліктердің ескерілмеуі. Көп жағдайда азаматтарымыз мамандықтардың түрлері мен оларды дайындайтын оқу орындары, еңбек нарығының сұраныстары мен даму перспективалары жайлы хабарсыз болып жатады.

Осы заманғы заңнаманың күрделілігіне орай қарапайым азамат көп жағдайда қандай да бір өмірлік жағдайды шешуге, өзінің заңды құқықтары мен мүддесін қорғауға қиналады. Бұл міндетті орындауға үшінші томның материалдары бағытталған. Онда әрбір адамның өмірінде жиі кездесетін түрлі жағдайлар және сол жағдайлар кезінде сауатты қимылдау модельдері көрсетілген.

Редакциялық алқа ақпараттық-анықтамалық материалдарды әзірлеу барысында көрсеткен қолдауы үшін орталық мемлекеттік органдарға алғысын білдіреді.

Редакциялық алқа

Мазмұны

Кіріспе . . .
9
Кіріспе . . .: Жеке кәсіпкер болу үшін не істеу керек? . . .
:
9: 11
Кіріспе . . .:

I ТАРАУ. АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР.

1. Үй жануарлары мен құстарын асырау . . .

:
9: 14
Кіріспе . . .: 2. Бақша өсімдіктерін өсіру (қарбыз, қауын, асқабақ) . . .
:
9: 16
Кіріспе . . .: 3. Бүлдірген мен таңқурай өсіру және өткізу . . .
:
9: 19
Кіріспе . . .: 4. Жеміс-көкөніс дақылдарын өсіру (картоп, қызанақ, қияр, сәбіз, пияз, бұрыш, асқабақ, алма, алмұрт, алша, шие, жүзім, қызылша, қырыққабат, кәді (баклажан) . . .
:
9: 22
Кіріспе . . .: 5. Күнбағыс өсіру . . .
:
9: 26
Кіріспе . . .: 6. Шалғам өсіру . . .
:
9: 28
Кіріспе . . .: 7. Қыш ісі . . .
:
9: 30
Кіріспе . . .: 8. Үйдегі сүрлейтін орын . . .
:
9: 32
Кіріспе . . .: 9. Монша мен сауна үшін сыпыртқы дайындау . . .
:
9: 34
Кіріспе . . .: 10. Шөп әзірлеу мен оны сату . . .
:
9: 36
Кіріспе . . .: 11. Органикалық тыңайтқыштар дайындау . . .
:
9: 38
Кіріспе . . .: 12. Ұлттық тағамдарды дайындау . . .
:
9: 41
Кіріспе . . .: 13. Қайың қабығынан өру . . .
:
9: 43
Кіріспе . . .: 14. Сүт және сүт өнімдерін әзірлеу және сату . . .
:
9: 45
Кіріспе . . .: 15. Теріні (былғарыны) қабылдау мен өңдеу . . .
:
9: 48
Кіріспе . . .: 16. Бал арасын өсіру . . .
:
9: 50
Кіріспе . . .: 17. Бройлер үй тауықтарын өсіру . . .
:
9: 53
Кіріспе . . .: 18. Түйе өсіру . . .
:
9: 55
Кіріспе . . .: 19. Күрке тауық өсіру . . .
:
9: 57
Кіріспе . . .: 20. Ешкі өсіру . . .
:
9: 60
Кіріспе . . .: 21. Үй қоянын өсіру . . .
:
9: 62
Кіріспе . . .: 22. Ірі қара мал өсіру . . .
:
9: 65
Кіріспе . . .: 23. Жылқы өсіру . . .
:
9: 68
Кіріспе . . .: 24. Құндыз өсіру . . .
:
9: 70
Кіріспе . . .: 25. Қой өсіру . . .
:
9: 73
Кіріспе . . .: 26. Бөдене өсіру . . .
:
9: 75
Кіріспе . . .: 27. Шаян өсіру . . .
:
9: 77
Кіріспе . . .: 28. Өз бақшаңда тұқым өсіріп, оны сату . . .
:
9: 79
Кіріспе . . .: 29. Эму түйеқұстарын өсіру . . .
:
9: 81
Кіріспе . . .: 30. Үйрек пен қаз өсіру . . .
:
9: 83
Кіріспе . . .: 31. Қырғауыл өсіру . . .
:
9: 86
Кіріспе . . .: 32. Мысыр тауығын өсіру . . .
:
9: 88
Кіріспе . . .: 33. Шиншиллалар өсіру . . .
:
9: 91
Кіріспе . . .: 34. Балық аулау . . .
:
9: 93
Кіріспе . . .: 35. Жер учаскелерін өңдеу жөніндегі қызметтер . . .
:
9: 96
Кіріспе . . .:

II ТАРАУ. ҚАЛАЛЫҚ ЖЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР

36. Кешірім сұрау агенттігі . . .

:
9: 99
Кіріспе . . .: 37. Көтерме сату бизнесі . . .
:
9: 102
Кіріспе . . .: 38. Көксөк пен татымдылар (дәмдеуіштер) өсіру . . .
:
9: 104
Кіріспе . . .: 39. Пышақтар мен қайшыларды қайрау . . .
:
9: 106
Кіріспе . . .: 40. Пластикалық карта жасау . . .
:
9: 108
Кіріспе . . .: 41. Ескерткіштерге фотоовалдар жасау . . .
:
9: 110
Кіріспе . . .: 42. Интернет-кафе . . .
:
9: 112
Кіріспе . . .: 43. Компьютерлік қызмет . . .
:
9: 116
Кіріспе . . .: 44. Корпоративтік тамақтандыру (кейтеринг) . . .
:
9: 118
Кіріспе . . .: 45. Тұрмыстық техниканы жөндеу . . .
:
9: 120
Кіріспе . . .: 46. Шағын полиграфия . . .
:
9: 122
Кіріспе . . .: 47. Терезе алдындағы бақша . . .
:
9: 124
Кіріспе . . .: 48. Жекеменшік балабақша ұйымдастыру . . .
:
9: 126
Кіріспе . . .: 49. Науқас, қарт адамдарға көмектесу және оларды күту . . .
:
9: 129
Кіріспе . . .: 50. Ағаш шеберханасы . . .
:
9: 131
Кіріспе . . .: 51. Кондитерлік ашу . . .
:
9: 133
Кіріспе . . .: 52. Ұлттық қолөнер бұйымдарын сату . . .
:
9: 135
Кіріспе . . .: 53. Репетиторлық орталық . . .
:
9: 137
Кіріспе . . .: 54. Аударма ісі . . .
:
9: 139
Кіріспе . . .: 55. Балмұздақ сату . . .
:
9: 141
Кіріспе . . .: 56. Декоративті фонтандар өндірісі . . .
:
9: 143
Кіріспе . . .: 57. Квас өндірісі . . .
:
9: 145
Кіріспе . . .: 58. Ас мұзының өндірісі . . .
:
9: 147
Кіріспе . . .: 59. Спорттық жабдықтарды жалға беру . . .
:
9: 149
Кіріспе . . .: 60. Шыныда жазу: қолмен жасалған туынды . . .
:
9: 151
Кіріспе . . .: 61. Үйлену той көйлектері салоны . . .
:
9: 153
Кіріспе . . .: 62. Қалалық қызмет көрсету . . .
:
9: 155
Кіріспе . . .: 63. Сайт-визиткалар жасау . . .
:
9: 157
Кіріспе . . .: 64. Тоған құрылысы . . .
:
9: 159
Кіріспе . . .: 65. «Такси-бала бағушы» ұйымдастыру . . .
:
9: 162
Кіріспе . . .: 66. Маникюр мен педикюр бойынша үйде қызмет көрсету . . .
:
9: 164
Кіріспе . . .: 67. Массаж (уқалаушының) қызметі . . .
:
9: 166
Кіріспе . . .: 68. Кондиционерлерді орнату . . .
:
9: 168
Кіріспе . . .: 69. Балалармен отырған жас аналардың демалу орталығы . . .
:
9: 170
Кіріспе . . .: 70. Мерекелерге арналған шоколадты фонтан . . .
:
9: 172
Кіріспе . . .:

III ТАРАУ. ҚАЛАЛЫҚ ЖӘНЕ АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР

71. Жауыннан қорғайтын жамылғы тігу және оны сату . . .

:
9: 174
Кіріспе . . .: 72. Бөлме өсімдіктерін өсіру . . .
:
9: 176
Кіріспе . . .: 73. Гравирлік (бедерлік) жұмыстар . . .
:
9: 178
Кіріспе . . .: 74. Вешенка саңырауқұлақтарын өсіру . . .
:
9: 180
Кіріспе . . .: 75. Киіз өнімдері . . .
:
9: 182
Кіріспе . . .: 76. Қолдан тоқылған бұйымдар . . .
:
9: 184
Кіріспе . . .: 77. Ұстахана ісі . . .
:
9: 186
Кіріспе . . .: 78. Жиһаз жөндеу шеберханасы . . .
:
9: 188
Кіріспе . . .: 79. Аяқ киім жөндеу . . .
:
9: 190
Кіріспе . . .: 80. Кішігірім наубайхана . . .
:
9: 192
Кіріспе . . .: 81. Кеңселерді, тұрғын үйлерді, кіреберістер мен аулаларды тазалау бойынша қызмет көрсету . . .
:
9: 194
Кіріспе . . .: 82. Ветеринарлық дәріхана . . .
:
9: 196
Кіріспе . . .: 83. Аулалық клубты ұйымдастыру . . .
:
9: 199
Кіріспе . . .: 84. Қолөнершілерге арналған дүкен ашу . . .
:
9: 201
Кіріспе . . .: 85. Азық-түлік дүкені . . .
:
9: 203
Кіріспе . . .: 86. Шаштараз . . .
:
9: 205
Кіріспе . . .: 87. Төсек жабдығын тігу . . .
:
9: 208
Кіріспе . . .: 88. Тапсырысқа перде тігу . . .
:
9: 210
Кіріспе . . .: 89. Декоративті тас өндіру . . .
:
9: 212
Кіріспе . . .: 90. Қолдан жасалған ойыншықтар өндірісі . . .
:
9: 214
Кіріспе . . .: 91. Қолдан жасалған сабын өндірісі . . .
:
9: 216
Кіріспе . . .: 92. Сәндік бұйымдарды қолдан жасау . . .
:
9: 217
Кіріспе . . .: 93. Кілт жасау, құлып жөндеу . . .
:
9: 220
Кіріспе . . .: 94. Жастықтарды қайта жөндеу, қауырсын тазалау . . .
:
9: 222
Кіріспе . . .: 95. Құрылыс бригадасы . . .
:
9: 225
Кіріспе . . .: 96. Шағын бейнестудия ашу . . .
:
9: 227
Кіріспе . . .: 97. Hand-made сөмкелерін жасау . . .
:
9: 229
Кіріспе . . .: 98. Полимерлік сазбалшықтан әшекейлер мен кәдесыйлар жасау.
:
9: 231
Кіріспе . . .: 99. Фото-қызмет . . .
:
9: 233
Кіріспе . . .: 100. Пластик терезелерін реттеу . . .
:
9: 235
Кіріспе . . .: Бизнестің жол картасы - 2020 . . .
:
9: 237
Кіріспе . . .: Шағын бизнесті дамытуға қалай жеңілдетілген несие алуға болады? Мемлекеттік несиелендірудің мүмкіндіктері . . .
:
9:
Кіріспе . . .: Ауыл шаруашылығын қолдауға қандай субсидиялар қарастырылған және оларды алу тәртібі қандай? . . .
:
9:

Кіріспе

Бұл жинақта отбасылық бизнестің 100 түрі жайлы айтылады. Жинаққа кірген бизнес түрлері мемлекеттік органдар ұсынымдары мен халықаралық тәжірибелерге шолу жасай отырып, сондай-ақ тұрғындар арасына жүргізілген сауалнамалар негізінде таңдалып, әзірленді. Жинақ материалдары ұсыныстық сипатта жазылып, кәсіпкерлік бастамаларды жүзеге асыруға мысал бола алады.

Оны әзірлеу кезінде бізге мына мәселелер негіз болды:

Біріншіден , еліміздің ұзақ мерзімге арналған «Қазақстан - 2030» даму Стратегиясы. Онда Президент « . . . адамдардың әл-ауқатының өсуi бiздiң күллi күнделiктi жұмысымыздың күретамыры болуға тиiс» деген болатын.

Екіншіден , біз Елбасының бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру жөніндегі тапсырмасын басшылыққа алдық. Бұл міндетті орындауға бүкіл халық болып жұмылмасақ, өзіміздің еңбексүйгіштігімізді арттырмасақ, онда ол орындалмайды.

Үшіншіден , Қазақстан Республикасы Президентінің 2009 жылғы 6 наурыздағы Қазақстан халқына арнаған кезекті Жолдауы.

Онда Елбасы Парламенттің, мәслихаттардың, «Нұр Отан» партиясының депутаттарына сөз арнай отырып, оларды мемлекеттік органдармен бірлесіп қоғамдағы дағдарысқа қарсы ауқымды қозғалыстың басында болуға және адамдардың нақты проблемаларын шешуге шақырды.

Партия мүшелерінің алдында үйді-үйде көбірек болуға, қандай мамандықтарға қайта оқуға мүмкіндік бар екенін, шағын несиелерді қалай алуға болатынын, қиын жылдарда не істеу керектігін түсіндіру міндеті қойылды. Сонымен бірге әр үйге, әр отбасына бару, қарапайым адамдардың көмекшілеріне, кеңесшілеріне айналу керек екендігін баса айтты.

Төртіншіден , 2011 жылғы 28 қаңтардағы Қазақстан халқына арнаған «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз!» Жолдауында Елбасы 2020 жылға дейін шағын және орта бизнестің жалпы ішкі өнімдегі үлесін 40% жеткізу міндетін қойды.

Осыған байланысты Үкіметке селолық кәсіпкерлікті дамыту жөнінен шаралар кешенін әзірлеу тапсырылды.

Елбасы айтып өткендей, «даму әлеуеті жоғары елді мекендерде селолық инфрақұрылымдар дамытылып, суаратын суларға, микронесиелеу бағдарламалары мен табиғи гранттарға қолжетімділік кеңейтіліп, кәсіпкерлік дағдыларына үйрету ұйымдастырылады. ».

Ол үшін, әрине, атқарушы биліктің барлық деңгейлері мен «Нұр Отан» партиясынан үлкен түсіндіру жұмыстары талап етіледі.

Бесіншіден , әрбір қазақстандықтың өмір сапасын арттыру және қоғамның барлық топтарының әлеуметтік жағынан қорғалуы “Нұр Отан” ХДП-ның Халықтық тұғырнамасының басты міндеттерінің бірі.

Партияның белсенді атсалысуымен мемлекет азаматтардың әл-ауқатын арттыруға бағытталған шараларды қабылдап, көптеген әлеуметтік бағдарламалар мен жобаларды табысты іске асыруда.

Біздің елімізде әрбір адамның өмірде өз орнын табуы үшін барлық жағдайлар жасалған. Тәуелсіз жылдарда біздің елімізде іскер, табысты адамдар санаты құрылды. Түрлі қиындықтарға қарамастан олар аяқтарына нық тұрып, еліміздің нығаюы мен серпінді дамуына еселі үлес қоса білді.

Дегенмен, экономикалық және әлеуметтік мәселелер макродеңгейде шешіліп жатқанымен, қарапайым адамдардың мүддесі мен сұраныстары тиісінше назарға алынбай келеді.

Өз өміріндегі түрлі мәселелерді шешуде мемлекет тарапынан әрбір адамға берілетін мүмкіндіктер жайлы ақпараттар көптеген себептерге байланысты көпшілікке жете бермейді.

Қажетті де пайдалы ақпараттардың жеткіліксіздігі азаматтардың кәсіпкерлік бастамаларын іске асырудағы, шағын және орта бизнесті, соның ішінде жеке (үй) шаруашылығын дамытудағы тежеуіш фактор болып табылады. Ақпараттың жеткіліксіздігінен немесе қандай да бір басқа себептерге байланысты дұрыс бағыт-бағдар алып, өзі үшін және отбасы үшін лайықты жағдай жасай алмаған адамдар қатары да жеткілікті.

Осы материалдарды әзірлеу кезінде басшылыққа алынған негізгі идеялардың бірі - ол «әрбір қазақстандық табысты болуы керек» деген ой болды. Себебі, әр адам табысты болса - бүкіл мемлекетіміз де табысты болады. Әрине, әр азамат өзінің тағдырына өзі жауапты. Мемлекет оның өміріне араласуға құқы жоқ. Бірақ, мемлекет әр адамның өсіп-өнуіне, табысты болуына, жетістікке жетуіне жағдай жасауға міндетті.

Сондықтан, бұл қадаммен көзделіп отырған мақсат - қажетті ақпаратты бере отырып, азаматтарымыздың өмір сапасын жақсартуға көмектесу, әрбір қазақстандыққа жол сілтеп, оның қолына «балық» емес, «қармақ» беретін қажетті ақпарат ұсыну.

Әрине, біз бұл жерде «байлықтың соңына түс, пайдаға кенел» деп отырғанымыз жоқ, керісінше, «мемлекетке қолыңды жайма, өзіңді асыра, отбасың таршылық көрмесін» деп отырмыз. Сол арқылы еліңе сыйлы боласың, жақыныңа үлгі боласың деген ой. Абай атамыз айтты емес пе:

«Өзіңе сен, өзіңді алып шығар,

Еңбегің мен ақылың екі жақтап. ».

Бәсекеге қабілетті елу елдің қатарына кіру үшін әрбір азамат, әрбір қазақстандық өзінің ісін тындырымды әрі тыңғылықты істеуі қажет.

Сіздің назарыңызға ақпараттық-анықтамалық материалдар мазмұны мынадай:

1) 100 отбасылық бизнес түрінің тізімі;

2) әрбір бизнесті жүргізудің әдістемесі (технологиясы) ;

3) бизнестің тиімділігін есептеуге бағытталған қарапайым есеп-қисап.

Бұл ақпараттық материалдар Сіздерге шынайы көмегін тигізеді деген сенімдеміз.

Редакциялық алқа

Жеке кәсіпкер болу үшін не істеу керек?

Егер Сіз жеке кәсіпкерлікті заңды тұлға ретінде тіркелмей немесе заңды тұлға ретінде тіркелу арқылы бастағыңыз келсе, онда осы екі жағдайдың екеуінде де Сізге тиісті үлгіде тіркеуден өтуге тура келеді. Жеке кәсіпкерлікті іске асыру үшін тіркеуді жүзеге асыратын аймақтық салық басқармасы болып табылады.

Жеке кәсіпкерлік жеке және бірлескен кәсіпкерлік түрінде жүзеге асырылады:

  1. Жеке кәсіпкерлікөзінің құқықтық иелігіне жататын мүлік базасында өз бетінше қызмет ететін бір ғана жеке тұлғадан құрылады. Некеде тұратын жеке тұлғаның жеке кәсіпкерлікті жүзеге асыруы үшін жұбайынан келісім алуының қажеті жоқ. Тек жеке кәсіпкерлікті іске асыру үшін жеке тұлға жұбайы екеуінің ортақ мүлкін пайдаланар болса ғана, екіншісінің келісімін алуы қажет болады.
  2. Бірлескен кәсіпкерлікөздеріне тиесілі ортақ меншік құқығына жататын мүлік базасында жұмыс істейтін бірнеше жеке тұлғалардан (жеке кәсіпкерлер) тұрады. Бірлескен кәсіпкерлік барысында жеке кәсіпкерлікке байланысты барлық мәмілелер жасалады, құқықтар мен міндеттер белгіленіп, ол бірлескен кәсіпорынның барлық қатысушылары арқылы іске асырылады.

Бірлескен кәсіпкерлік формалары:

  1. Жұбайлардың ортақ бірлескен меншіктері базасында жүзеге асырылатын жұбайлар кәсіпкерлігі;
  2. Ортақ бірлескен шаруа (фермер) қожалығы меншігі немесе жекешелендірілген тұрғын үйге ортақ бірлескен меншік базасында жүзеге асырылатын отбасылық кәсіпкерлік.

Жеке кәсіпкерлікті аумақтық салық басқармасында тіркеу үшін келесі құжаттарды өткізу керек:

  1. белгіленген формадағы өтініш;
  2. 2 АЕК мөлшеріндегі мемлекеттік тіркеу жинағын төлегендігін растайтын құжат.

Мемлекеттік тіркеу кезінде салықтан босатылатындар:

  • Шаруа және фермерлік шаруашылықтар;
  • I, II және III топтағы мүгедектер;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығын алғанға дейінгі репатрианттар (оралмандар) .
  1. жеке куәлік көшірмесі, тұпнұсқасы (салыстыру үшін) ;
  2. фотосурет (3, 5 х 4, 5) ;
  3. жеке кәсіпкердің тұрғылықты жерін растайтын құжат (азаматтарды тіркеу кітабы немесе жылжымайтын мүлікке меншік немесе оны пайдалану құқығын растайтын құжат) .

Сонымен қатар, тіркеу кезінде жеке кәсіпкерліктің фирмалық атауын көрсетуге болады.

Салық басқармасы барлық құжаттар тапсырылғаннан соң, 2 жұмыс күні ішінде «жеке кәсіпкер» куәлігін береді.

Осыдан кейін қажеттілігіңізге қарай сіз мыналарды жасай аласыз:

  • мөр дайындау;
  • банктен шот ашу;
  • кассалық аппаратты тіркеу.

Шаруа қожалығын ұйымдастыру . Шаруа (фермерлік) қожалығын жер үлесіне құқығы бар адамдармен қатар кез-келген Қазақстан Республикасының азаматтары ұйымдастыра алады. Ол үшін шаруа (фермерлік) қожалығын ұйымдастыру үшін жер учаскесін бөлу туралы өтініш жазу қажет. Өтінішке мыналар қоса беріледі:

1) ауылшаруашылық өндірісін жүргізудің қысқаша бағдарламасы;

2) шаруашылық басшысының ауылшаруашылық өндірісіндегі еңбек қызметін растайтын немесе тиісті мамандық немесе арнаулы дайындықтан өткенін (шартты жер үлесі құқығына ие емес азаматтар үшін) растайтын құжат;

3) шаруа (фермерлік) қожалығы басшысының салық төлеуші куәлігінің көшірмесі;

4) шаруа (фермерлік) қожалығы басшысының мекен-жайы.

Жеке кәсіпкерліктің артықшылықтары туралы:

  • адамның еңбекпен қамтамасыз етілу және ақша табу проблемаларын шешеді;
  • қымбат емес әрі тез арада тіркеуге болады;
  • мемлекеттік реттеуге аз ұшырайды;
  • тым көп құжаттар жүргізуді қажет етпейді.

Жеке кәсіпкерліктің кемшіліктері:

  • мұраға қалмайды;
  • алғашқы капитал жинау қиындығы;
  • кәсіпкер жеке мүлкін тәуекелге тігеді:

«Жеке кәсіпкерлер өз міндеттемелері үшін Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес, өндіріп алуға жатпайтын мүліктерін қоспағанда, өзінің бар мүлкімен жауапкершілікте болады».

Жеке кәсіпкерлік субъектісін тіркеу жұмыстарын әділет департаменті, статистика басқармасы және аумақтық салық басқармасы жүзеге асырады. Заңды тұлға ретінде мемлекеттік тіркеуден өтпей, қызмет етуге рұқсат етілмейді. Одан бөлек бұл заңмен қудаланады, мұндай жолмен алынған кірістер республикалық бюджет кірісіне жатқызылады.

Заңды тұлға ретінде тіркелу үшін құрылтай құжаттарын әзірлеу: жарғы (егер тіркеу кезінде типтік үлгідегі жарғы ұсынылмаған болса) және де заңды тұлға бір тұлғадан көп адамнан құрылатын болса, құрылтай келісімшарты қажет болады.

Тіркеу реті келесі тізбекті әрекеттерден тұрады:

  1. қажетті құжаттар тізімін дайындау;
  2. мемлекеттік баж салығын төлеу;
  3. тіркеу органына құжаттарды өткізу;
  4. мемлекеттік тіркеу туралы куәлікті алу;
  5. салық режимін таңдау;
  6. қажет болған жағдайда ҚҚС куәлігін алу;
  7. мөр дайындау;
  8. банктан шот ашу;
  9. кассалық аппаратты тіркеу.

Қазақстан Республикасы заңнамаларындағы кіші кәсіпкерлік субъектілер үшін, оның ішінде жауапкершілігі шектеулі серіктестік формасында тіркелетін заңды тұлғалар үшін жасалған айтарлықтай мәні бар, жақында ғана күшіне енген өзгерістердің бірі бастапқы жарғылық капиталдың айтарлықтай төмендетілуі болып табылады. Бүгінгі күні бұл 100 теңгені құрайды.

Кәсіпкерлік қызметті жеке кәсіпкер ретінде тіркелген тұлғалар ғана іске асыруы керек, ал ұйымдар мемлекеттік тіркеу көмегімен шаруашылық субъектісі ретінде заңдастырылады. Кәсіпкерлік қызметті мемлекеттік тіркеуден өткізбей іске асыру құқық бұзушылық болып табылады.

Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 357-1-бабында:

«Тиісті тіркеусіз әрекеттер (операциялар) жасау, сондай-ақ, кәсіпкерлік немесе басқа да қызметтермен айналысу жеке тұлғаларға жиырмаға дейінгі, шағын және орта кәсіпкерлік субъектісі болып табылатын лауазымды тұлғаларға, жеке кәсіпкерлерге, заңды тұлғаларға отыздан қырыққа дейінгі айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл төлеуге апарып соғады . . . » делінген.

I ТАРАУ. АУЫЛДЫҚ ЖЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН БИЗНЕС-ИДЕЯЛАР.

1. Үй жануарлары мен құстарын асырау

1. Жалпы ақпарат. Ауылдық жердегі ең маңызды мамандық - мал бағушы. Алайда жыл сайын осы мамандықты иеленушілер сиреп барады. Сондықтан да үй жануарлары мен құстарын асырауды табысты бизнес көзіне айналдыруға болады.

2. Технология. Қазақстанда жайылымдық кезең мамыр айында басталады. Жайылымдық кезең 207 күннен бастап, 243 күнге дейін жалғасуы мүмкін. Жайылымдарды таңдау кезінде топырақтың құнарлылығы мен рельеф сапасын, сонымен қатар жақын маңда судың бар-жоқтығын ескеру керек. Топырақ тозуын болдырмай, жайылымдағы шөппен қоректену белгілі бір уақытқа созылуы керек, шөп бетінің желінуіне байланысты жайылым жерлерді ауыстырып отыру керек.

Мал бағу барысында шөптің сапасына да үлкен мән беру керек. Шөп түбірімен жұлынатын, қызыл түсті, дәмді болса, құнарлы болып есептеледі. Жайылымда қалған жылқы тезегіне қарап шөптің сапасын анықтауға болады. Егер ол қара түсті, үлкен, тұтас, бірақ қатты емес болса, онда жайылымдағы шөптің сапасы жақсы. Орманды жерлердегі шөп нашар, ал биік жерлердегі шөп жақсы болып есептеледі.

Мал бағудың екі негізгі әдісі бар: жүйесіз (реттелмеген), жүйелі (реттелген) .

Реттелмеген мал бағу. Мал үшін жайылым кеңістігі шектелмейді. Олар тек жас шөпті жейді, сондықтан шөп тез арада таусылып отырады. Жаздың екінші жартысында мал ескі шөпте бағылуы тиіс, өйткені жас шөп болмай қалады. Ескі шөптің құнарлылығы аз болады, жайылым өз сапасын жоғалтады, бір жағында гүлдеп, бір жағында шөп өсіп, ала болып жатады, сондықтан малға қосымша азық береді.

Реттелген мал бағу. Мұндай жағдайда өнім мен шөп азайып қалмау мақсатында мал бағатын учаскелер алмастырылып отырады. Шөп бір рет қана қолданыста болуы керек (яғни шөп екінші мәрте шыққанда мал жайылымда болмау керек) . Көктемде жайылымнан кейін шөп ұзындығы 5-6 см болғанда, шөп тәулігіне 1-1, 5 см өседі, сондықтан малды 10 күннен кейін, ал жаздың екінші жартысында 15 күннен кейін ғана жайылымға жіберу керек. Жануарларды жайылымда 6 күннен артық ұстамау керек.

Жайылымды дұрыс ұйымдастыру үшін, 1 га жерге қанша малды бағуға болатынын анықтау керек. Жайылымның көлемін анықтау үшін ондағы өнім көлемін, малдың тәуліктік азығын, жайылым уақытын білу керек.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мақал мәтелдерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Қара шаңырақ, отбасы – адам баласының алтын діңгегі
Спорттың өзекті мәселелері. Ерте кездегі қазақ спорты. Патриоттық тәрбие
Ұлылардың ұлағатты сөздері
Батырдан қалған өсиет (Бауыржан Момышұлының қанатты сөздері)
Мақал-мәтелдер-халық творчествасының төл жемісі
Батыр ағаның хатқа түскен мұралары
Жамбыл поэзиясының тәрбиелік ролі және поэзиясындағы патриоттық жалыны
Парыз - ұлттың іргетасы
ЖАСТАР САЯСАТЫН ЖҮРГІЗУДЕГІ КРАУДСОРСИНГ ТӘСІЛДЕРІНІҢ ҚОЛДАНЫЛУЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz