Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау


ӘОЖ 378. 02:37. 016:7 Қолжазба құқығында
Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау
КІРІСПЕ
Зерттеудің көкейкестілігі. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаев Қазақстан халқына жолдауында: «Білім беру реформасы-Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдарының бірі», -деуі, оның жүзеге асырылуы оқытушылардың сапалы даярлығында және олардың өз ісіне үлкен жауапкершілікпен қарауын баса көрсетіп отыр. Осындай жаңа талаптар негізіндегі дайындық ұстаздардың жоғары шығармашылық шеберлігі мен адамдық ресурстарды тиімді пайдалануы нәтижесінде ғана жүзеге асады.
Жоғары білім беру жүйесінің негізгі мақсаты қоғамның, мемлекеттің және жеке тұлғаның сапалы жоғары білім алуға деген мүдделерін қанағаттандыру, әрбір адамға оқытудың мазмұнын, нысанын және мерзімдерін таңдауға кең мүмкіндік беру керектігі Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында, Қазақстан Республикасындағы білім беруді 2005-2010 ж. ж. дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында, «Қазақстан-2030» Қазақстан Республикасының стратегиялық дамуында, «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2009-2011 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында» білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі ретінде көрініс тапқан.
Қазақстан Республикасының жоғары білім беру саласында білімді терең меңгерген мамандарға деген сұраныстың артуы мен оларды даярлаудағы әдістемелік білімділігі мен қабілеттілігі, біліктілігінің қазіргі талаптарға сай болуы өте үлкен маңызды жұмыстарды атқаруды талап етеді және мамандардың даярлығын білім стандарттарының мазмұнына ылайық жетілдіру өзекті мәселе болып табылады.
Көркемдік білім берудегі қазіргі заманғы тәжірибелерді саралау барысы бағдарлы оқытудың басты бағытын анықтауға ықпал етеді, жоғары сынып оқушыларының жеке қызығушылықтары мен танымдық қажеттіліктерін, өмірдің өзекті тұстарын пайымдауына, келешекте олардың өнер түрлерінен жоғары оқу орындарда білім алуға бағытталуына әсер ету.
Болашақ мұғалім тұлғасын дайындаудың сапалық жақтары А. В. Луначарский, А. С. Макаренко, Л. И. Рувинский, В. А. Кан Калик, С. Әбенбаев, М. Балтабаев, С. А. Ұзақбаева, және т. б. белгілі педагогтардың ғылыми енбектерінде эстетикалық және көркемдік тәрбиенің аса маңызды факторлары ретінде қарастырылады.
Қазақ халқының ұрпақтан-ұрпаққа ауызекі шығармашылығы арқылы беріліп отырған эстетикалық көзқарастары мен талғамдары, педагогика тарихынан есімдері танымал ағартушы ғалымдар Ш. Уәлиханов, Ы. Алтынсарин, А. Құнанбаев, Ж. Аймауытов, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев, С. Қалиев, Ә. Нысанбаев, Қ. Жарықбаев еңбектерінде мұғалім мәдениеті мен шеберлігіне көп көңіл бөлінген.
Бейнелеу өнері және сызу мамандығының мұғалімдерін дайындаудың жалпы теориялық және методологиялық негіздері Н. Н. Ростовцев, Д. Н. Кардовский, А. А. Унковский, В. С. Кузин, Б. Г. Лихачев, Е. Е. Рожкова, Н. Н. Неменский, Б. П. Юсов, Г. В. Беда, А. С. Хворостов, А. Д. Алехин, Т. Я. Шпикалова, Н. П. Сакулина, Е. В. Шорохов, А. Е. Терентьев, Б. С. Суздалев, Е. И. Игнатьев, Л. Г. Медведов, Л. А. Ивахнова, С. С. Булатов т. б. еңбектерінде өзекті мәселенің негізі болған. Қазақстанның жоғары оқу орындары мен мектептердегі бейнелеу өнері пәнін оқыту әдістемесінің дамуын, көркемдік білім берудің мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, әдістемелерін Қ. Е. Ералин, Қ. Ж. Әмірғазин, Б. А. Әлмұхамбетов, Ж. Балкенов, С. А. Аманжолов, Е. С. Асылханов, Д. Садығалиев, М. Жанаев, А. О. Қамақов, Ұ. Ибрагимов, Б. Е. Оспанов, Р. Мизанбаев, Т. М. Қожағұлов, С. Н. Данилушкина, Б. А. Мұхаметжанов, Ж. С. Кенесарина; қазақ халқының сәндік-қолданбалы өнері арқылы тәлім-тәрбиелік мүмкіндіктері этнопедагогика саласынан А. А. Қалыбекова, С. А. Ұзақбаева; қазақ сәндік-қолданбалы өнері негізінде оқушыларды еңбекке баулу Қ. Ж. Әмірғазин, О. С. Сатқанов, Е. Т. Кісімісов; эстетикалық қызығушылығын С. А. Жолдасбекова, Т. Левченко; көркемдік талғамын, көркемдік қабылдауын қалыптастыру Ф. Ы. Жұмабекова, Қ. О. Жеделов және т. б. ғалымдардың зерттеулерінде қарастырылған.
Көркемдік-эстетикалық тәрбие беруді барынша дамытуға, оқушылардың өнерге деген қызығушылығын қалыптастырудың мәселесіне назар аударған ғалымдар Қ. Е. Ералин, Қ. Ж. Әмірғазин, С. А. Ұзақбаева, А. А. Қалыбекова, Ұ. Ибрагимов, С. А. Жолдасбекова, Б. А. Әлмұхамбетов, Ұ. М. Әбдіғапбарова, Ж. Балкенов, А. О. Қамақов, Е. С. Асылханов, Б. К. Байжігітов, Қ. К. Болатбаев, И. С. Сманов, Т. Қ. Мұсалимов, Б. И. Ижанов, Д. А. Кемешов, Қ. О. Жеделов, М. Ж. Тәңірбергенов, С. Қ. Бейсенбаев, Ж. Бейсенбеков, Е. П. Митрофанова, З. Ш. Айдарова, С. Р. Матаева, Б. А. Айдарбек, Ж. С. Көшенов, Ғ. Қ. Ералина, Б. Ө. Құрбаналиев еңбектерінде ұлттық өнер негізінде оқушыларға эстетикалық тәрбие беру теориясы мен көркемдік білім беру зерттеліп, маңызы ашылып көрсетілген.
Қазақстан Республикасының мәдениетінің өркендеуіне, ұлттық бейнелеу өнерін зерттеуге үлес қосқан өнер зерттеуші ғалымдар Г. Сарықұлова, И. Рыбакова, М. Ғабитова, Р. Көпбосынова, Н. Нұрмұхаммедов, К. Ли, Ш. Тоқтабаева, Б. Мекішев, С. Мұқтарұлы, А. Ниязов, Қ. Е. Ералин, Б. К. Байжігітов, Қ. К. Болатбаевтің еңбектері көркемдік білім берудің мазмұнын аңықтап, қазақ бейнелеу өнеріне қатысты теориялық және иллюстрациялық материалдарды толықтырды.
Ғылыми педагогикалық еңбектерді талдау нәтижелері бүгінгі күнге дейін болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау мәселесі жоғары мектептің теориясы мен практикасында жеткілікті көрініс таппағандығын айқындайды. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың дидактикалық мәселелеріне қатысты қарама-қайшылықтар кездесетіндігі көрінді: Олар,
- өнер арқылы көркемдік білім берудің дидактикалық шарттарының болмауы мен өнердің түрлерін мектептегі жоғары сыныптарда оқыту тәжірибесінде кеңінен қолдану қажеттігі арасында;
- мектептегі жоғары сыныптардағы өнер пәні сабағының оқу үдерісіне ендірілуі мен өнерді оқытуды өнертанымдық педагогикалық тұрғыда тиімді ұйымдастыра алатын мұғалімге сұраныстың артуы арасында;
- жоғары оқу орындарында болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер
пәнін оқытуға дайындау әдістемесінің қажеттілігі мен өнер пәнін оқытуға болашақ мұғалімді дайындау әдістемесінің жоқтығы арасында қарама-қайшылықтар орын алған, осы аталған қайшылықтарды шешу бағыты зерттеу тақырыбын «Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау» -деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеу мақсаты: болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындауды теориялық тұрғыдан негіздеу, оқыту бағдарламасы мен әдістемесін жасау және оны тәжірибелік эксперименттен өткізу.
Зерттеу нысаны: болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау үдерісі.
Зерттеу пәні: болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың мазмұны мен әдістемесі.
Зерттеудің ғылыми болжамы: егер, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалса; болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың моделі, бағдарламасы және әдістемесі жасалса, онда болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың ұтымдылығы артады; сондықтан, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың нәтижелері жаңа сапалық көрсеткіштерге көтерілетін болады.
Зерттеу міндеттері:
- болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздерін айқындау;
- өнер пәнін оқытуға болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындаудың моделін анықтау ;
- болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың бағдарламасын жасау мен әдістемесін дайындау;
- өнер пәнін оқытуға болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындаудың бағдарламасы мен әдістемесінің тиімділігін, тәжірибелік - эксперименттік тексеруден өткізу.
Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау ұлттық көркемдік мәдениеттті құндылық құбылыс ретінде, әлемдік көркемдік мәдениет жүйемен салыстыра отырып оқыту, нақты белгіленген дидактикалық шарттарды жүзеге асыру нәтижесінде ұтымды болады.
Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздеріне: жалпы адамзаттық және ұлттық құндылықтарға қатысты тұжырымдар, көркем-эстетикалық талғам қалыптастыруға, көркемдік білім мен дағдыларды игеруге жүйелі қатынасты және оның жүйеге келтірілген мәдениеттану, өнертану, көркемдік-эстетикалық педагогикалық, психологиялық тұжырымдамалары алынды.
Зерттеудің көздері: Қазақстан Республикасының заңдары, Конституциясы, Ғылым мен білім министрлігінің тұжырымдамалары, кешендері, бағдарламалары, философтардың, психологтардың, педагогтардың тарихшылардың, этнографтардың, өнертанушылардың еңбектері, өнер шеберлерінің бұйымдары, суретшілер шығармалары, ұлттық мәдени мұралар, автордың жеке өзінің ғылыми-педагогикалық тәжірибесі болып табылады.
Зерттеу әдістері: зерттеу проблемасы бойынша тарихи-этнографиялық мұражайларындағы қазақ қолөнер мұраларына, шет ел бейнелеу өнеріне, көрмелер мен суретшілер шығармаларына, археологиялық, өнертану, психологиялық, педагогикалық әдебиеттерге, әдістемелік құралдарға теориялық сараптау жасау, педагогикалық эксперимент нәтижесіне математикалық, статистикалық талдаулар жасап, баға беру.
Зерттеудің негізгі кезеңдері:
Бірінші кезең (2000-2003 жж. ) тәжірибелік-ізденіс жұмыстары; зерттеу проблемасы бойынша материалдар жинақталып, жүйеге келтірілді, қарастырылып отырған проблеманың тақырыбы, ғылыми аппараты айқындалды. Эксперимент жұмысының бағдарламасы даярланды. Ғылыми мақалалар басылым көрді.
Екінші кезең (2003-2007 жж. ) оқу-тәрбие үрдісіне ендірілетін өнер пәнін оқыту әдістемесі материалдары сұрыпталды. «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы», «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі» «Педагогикалық тәжірибе» оқу бағдарламаларына қосымшалардың мазмұны әзірленді және элективті курс бағдарламасының мазмұны айқындалды. Оларды оқу-тәрбие үдерісінде пайдаланудың әдістемесі жасалды. Эксперименттік-тәжірибелік зерттеу жалғастырылды. Озық тәжірибелер қорытындыланды.
Үшінші кезең (2007-2010 жж. ) зерттеу материалдарын құрылым бойынша жүйеге келтірілді, нәтижелері нақтыланды, «Эстетикалық тәрбие беретін арнайы мектептердегі өнер тарихы пәніне арналған бағдарлама», «Өнер пәнін оқыту әдістемесі» атты элективті курс бағдарламасы, оқу-әдістемелік кешендер басылым көрді, педагогикалық тәжірибе бағдарламаларына қосымшалар ендірілді. Зерттеу нәтижелерін тәжірибеге енгізу істері жалғастырылды. Қорытынды, ұсыныстар берілді, пайдаланылған әдебиеттер жүйеге келтіріліп, диссертация талапқа сай рәсімделді.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәні:
- болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалды;
- өнер пәнін оқытуға болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындаудың моделі анықталды;
- болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың бағдарламасы мен әдістемесі жасалды;
- өнер пәнін оқытуға болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындаудың бағдарламасы мен әдістемесі тәжірибелік эксперимент жұмыстары арқылы тексеріліп оқыту үдерісіне енгізілді;
Зерттеудің практикалық мәні: жоғары оқу орындарындағы көркем сурет факультеттерінің студенттеріне, бейнелеу өнері мұғалімдеріне арналған:
- «Бейнелеу өнері тарихы мен теориясы», «Бейнелеу өнерін оқыту әдістемесі», «Қазақстан бейнелеу өнері тарихы» пәндерінің бағдарламаларына қосымшалар мен әдістемелік ұсыныстар;
- «Өнер пәнін оқыту әдістемесі» атты элективті курс бағдарламасы;
- «Педагогикалық іс-тәжірибе» ұйымдастырудың негізгі бағдарламасына қосымша бағдарлама;
- «Эстетикалық тәрбие беретін арнайы мектептердегі өнер пәніне арналған бағдарлама», әдістемелік нұсқау жасалды.
Зерттеу нәтижелерін жоғары оқу орындарындағы көркем сурет факультетінің білім беру жүйелерінде, мұғалімдердің біліктілігін жетілдіру мекемелерінде, қосымша көркемдік білім беретін оқу орындарында, жалпы білім беретін мектептерде пайдалануға болады.
Қорғауға ұсынылатын қағидалар:
1. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың қоғам дамуы, мектеп сұранысы, мамандар дайындау талаптары, жеке тұлға қызметінің қызығушылық, білімділік, іскерлік мазмұнға негізделуі.
2. Өнер пәнін оқытуға болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындаудың құрылымдық моделінің мотивациялық, мазмұндық, іс-әрекеттік компоненттерге біріктірілуі, өлшемдері, көрсеткіштері және деңгейлері.
3. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындауда өнер пәнін оқытудың өнертанымдық-педагогикалық білімдерін беруге, өнер пәнін оқытуды жоспарлау, ұйымдастыру, іс әрекеттерін меңгертуге негізделген бағдарламасы мен әдістемесі.
4. Өнер пәнін оқытуға болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін дайындауды мазмұндық, ұйымдастырушылық, әдістемелік, материалдық қамтамасыз етудің дидактикалық шарттары.
5. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындығын құрайтын өнертанымдық педагогикалық білімдері мен өнертанымдық педагогикалық іс әрекеттердің меңгерілу деңгейлерін анықтаудың сипаттамасы.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру. Зерттеудің негізгі нәтижелері Республикалық, Халықаралық ғылыми-тәжірибелік және ғылыми-теориялық конференцияларында: «Актуальные вопросы вузовской науки и совершенствование профессиональной подготовки будущих учителей» (Аркалык 1997), «Көркем-педагогикалық білім: жағдайы, тенденциялары мен келешегі» (Алматы 2005), «Мұғалімдер дайындау: мәселесі, болашағы және оларды шешу жолдары» (Арқалық 2006), «Жоғары кәсіптік білім беруді реформалау жағдайында педагог кадрларды даярлау» (Семей 2007), «Пути повышения эффективности подготовки учителей изобразительного и прикладного искусства» (Ташкент 2008), «12 жылдық білім беруге өту жағдайында педагогтардың кәсіби біліктілігін қалыптастыру мәселелері» (Семей 2008), «Білім және ғылым: Қазақстан мен Ресей ынтымақтастығының тәжірибесі мен болашағы» (Семей 2008), «Шоқан тағылымы-14» (Көкшетау 2009), «Шығармашылық іс-әрекетті дамыту арқылы бәсекеге қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру мәселелері» (Шымкент-Москва 2009), «Әуезов оқулары-9: «Жаңа онжылдықтағы ғылым, білім және мәдениеттің инновациялық даму жолдары» (Шымкент 2010) тақырыбында өткен конференцияларында баяндалып, талқыланды және мерзімді ғылыми-педагогикалық «Ұлт тағылымы», «Қазақстан кәсіпкері-профессионал Казахстана», «Ізденіс», «Қазақстан мектебі», «Зерттеуші-исследователь» журналдарында жарияланды. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінің, Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педогогикалық институтының профессор-оқытушыларының ғылыми-теориялық конференцияларында, кафедра мәжілістерінде, ғылыми әдістемелік семинарларында, бағдарламаларда, оқу-әдістемелік құралдарда, оқу әдістемелік кешендерде, силлабустарда көрініс тапты. Зерттеу нәтижелері жоғары оқу орындарының оқу үдерісінің тәжірибесіне ендірілді.
Зерттеу базасы. Тәжірибелік - эксперимент жұмысы Ы. Алтынсарин атындағы Арқалық мемлекеттік педагогикалық институтында, А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінде жүргізілді.
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі: жұмыс авторының талапқа сай әдіснамалық және ілімдік қағидалармен, зерттеу пәніне сәйкес әдіс-тәсілдердің қолданылуымен, эксперимент бағдарламасының педагогикалық мақсатқа сәйкестілігімен, бастапқы және соңғы көрсеткіштері нәтижелерінің қортындылануымен, олардың тиімділігінің жоғары оқу орындарының көркем сурет факультеттерінде тексерілуімен қамтамасыз етілді.
Диссертацияның құрылымы. Диссертация кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, пайдаланған әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.
Кіріспе бөлімінде зерттеудің көкейкестілігі, мақсаты, нысаны, пәні, болжамы, міндеттері, жетекші идеясы, әдіснамалық-теориялық негіздері, зерттеу көздері, әдістері, негізгі кезеңдері мен базасы, нәтижелердің дәлелділігі мен негізділігі, ғылыми жаңалығы мен теориялық және практикалық мәні, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалары баяндалады.
«Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың ғылыми педагогикалық негіздері» атты бірінші тарауда болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалады. Өнердің эстетикалық тәлім-тәрбиелік, көркемдік білім мазмұнының өнегелілік мүмкіндіктері қарастырылады. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың моделі жасалады, оған сипаттама беріледі, болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың дидактикалық шарттары, құрылымы бағыттары мен әдістемесі негізделеді.
«Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың әдістемелік кешенін эксперименттік зерттеу» атты екінші тарауда тәжірибелі-эксперимент жұмысын ұйымдастыру жан-жақты мазмұндалады. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдеріне өнер пәнін оқытудың әдістемелік білімдері мен іс-әрекеттерін қалыптастырудың мазмұны, формалары мен әдістері, әдістемесі беріледі; Эксперимент жұмысының анықтау, қалыптастыру, бақылау кезеңдеріндегі білім деңгейлерінің кесіндісі нәтижелері мазмұндалады.
Қорытындыда зерттеудің нақты тұжырымдары мен ғылыми зерттеу жұмысын жүргізу нәтижесінен туындаған ұсыныстар беріледі.
Қосымшада зерттеу жұмысына қатысты оқу әдістемелік материалдар ұсынылған.
1. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындаудың ғылыми педагогикалық негіздері
1. 1. Болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерін өнер пәнін оқытуға дайындау педагогикалық проблема
Қазақстанда болашақ бейнелеу өнері мұғалімінің көркемдік-педагогикалық даярлағының түрлі аспектілері әр түрлі деңгейде зерттелген. Педагог ғалым Қ. Е. Ералин бейнелеу өнері мен көркем еңбек мұғалімдерінің көркемдік-кәсіби, өнертанымдық, әдістемелік дайындығының ғылыми-педагогикалық негіздерін ашып көрсеткен. Педагог ғалым Р. Мизанбаев болашақ бейнелеу мұғалімдердің кескіндеме сабақтарында кәсіби білімдері мен икемдерін қалыптастырудың теориялық-практикалық мәселелерін зерттеген. Педагог ғалым Педагог ғалым Е. Асылханов болашақ бейнелеу өнері мұғалімдерінің кәсіби дайындығын сәндік қолданбалы өнер пәндерінің сабақтастығының педагогикалық мәселелерін қарастырған. Педагог ғалым М. Әбдірасимов бейнелеу өнері мұғалімінің пәнаралық байланыс мәселелерін оқу үрдісінде ұтымды шешуді оқыту нәтижесінде оң ықпал сараптаған. Педагог ғалым Б. Ижанов педагогикалық жоғары оқу орнының студенттерінің шығармашылық қабілеттерін сәндік қолданбалы өнермен шұғылдану әрекеті арқылы қалыптастырудың әдістемелік мәселелерін айқындаған .
Бейнелеу өнері бойынша мектеп бағдарламасының жетекші ұстанымдары мен әдістеріне оқудың жаңа түріне жалпыға білім беретін қазақ мектептеріне арналған бағдарламалардың және оқулықтардың авторлары жақындай түсті. Педагог-ғалымдар А. Камаков, Қ. Ералин, Е. Митрофанова, Ұ. Ибрагимов, К. Болатбаев оқушыларды бейнелеу өнері сабақтарында қазақ халқының дәстүрлі көркем мәдениетінің құралдары, оқыту мен тәрбиелеудің теориялық және тәжірбиелік тұрғыда негізделген жаңа мазмұны мен әдістемесін әзірлеудің қажеттігін көрсетті( ) . Бұл жағдай болашақ бейнелеу өнері мұғалімінің кәсіби дайындығының жүйесін анықтау мақсатын анықтауға ықпал етіп, бейнелеу өнері мұғалімдерінің кәсіптік-педагогикалық дайындығын көрсететін ғылыми зерттеу жұмыстарына жаңа бағыт берді. Мұғалімнің педагогикалық қызметке қажетті кәсіптік дайындығын қалыптастыру проблемалары Е. П. Белозорцев, Н. В. Кузьмина, еңбектерінде ашып көрсетілген.
Мұғалімдердің көркемдік-кәсіптік дайындығы ғалымдар М. Н. Ростовцев, В. С. Кузин, А. С. Хворстов, А. И. Щербаков, Л. Г. Арчажникова, К. Е. Ералин, К. Әмірғазин еңбектерінің зерттеу аясында үлкен қызығушылық туғызып отыр. Көркем еңбек мұғалімдерінің кәсіптік-педагогикалық дайындау жүйесіндегі кәсіптік-педагогикалық білім проблемалары бойынша зерттеулер айырықша мағынаға ие болып отыр. ұжымдарының, жастардың кәсіптік оқуға қатысуы О. С. Атутов, Н. И. Богданова, Б. Т. Болдырев еңбектерінде өзіндік көрініс тапқан.
Политехникалық білімнің кәсіптік-педагогикалық негіздері ғалым-педагоггар С. М. Шабанов, В. И. Гусев еңбектерінде анықталған. Педагогикалық жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдердің политехникалық дайындау жүйесі Ю. К. Васильевтің нақты зерттеулерінің объектісі болумен қатар, оның докторлық диссертациясында айшықты көрініс тапқан.
Еңбек пәні мұғалімдерін кәсіби педагогикалық бағытта дайындау Ұ. Н. Нышаналиевтың еңбектерінде дұрыс шешімін тапқан. Жеке пәндер мұғалімдерін кәсіби дайындауда оқу-тәрбие процесін жетілдіру құралдарын қолдану мәселелері Н. Д. Хмельдің еңбегінде терең талданып көрсетілген Жоғары оқу орындарында болашақ мұғалімдерді политехникалық дайындаудың проблемалары, инженер-педагогтың біліктілігін айқындау мен жүйелiлік проблемаларын шешуге К. А. Дүйсенбаев пен Ж. Ж. Жаңабаев еңбектерінде маңызды үлес қосылған. Бұл аталған зерттеулерді сараптау нәтижелері болашақ мұғалімнің кәсіби дайындығы барысында білім, білік және дағдыны қалыптастырудың айрықша маңызы бар екендігі дәлелденеді Дайындық түрлерін педагогикалық, әдістемелік, кәсіби дайындық түрлеріне бөліп жіктейді. Дайындықтың қандай түрлері болмасын олардың кәсіби іс әрекетке қызығушылығының болуына аса зор мән береді.
Болашақ мұғалімнің әдістемелік дайындықтарын зерттеу жұмыстары төңірегінде Н. В. Кузьмина, А. А. Деркачев, У. Н. Нышаналиев, М. Кудайкулов, К. Ералин, Л. В. Котенко, М. Х. Балтабаевтардың еңбектері маңызды орын алады. Профессор Н. В. Кузьмина педагогикалық әрекетте мынадай төрт компоненті бөліп көрсетеді: олар гностикалық - педагогикалық әрекеттегі объектіге әдістемелік талдаудың ықпалы объектінің құрамын жобалаудың соңғы кезеңі /жағдайы/, ұйымдастырушылық - педагогикалық процестегі объекті мен субъектінің әрекеттерінің байланысы.
Осы тұрғыда педагогикалық дайындықтың екі түрін алады: кәсіптік және мамандырылған. Сондықтан да мұғалімдерді сабақ беріп жүрген пәніне сәйкес кәсібіне қарай - педагог, ал мамандығына орай - мұғалім деп әділ аталып жүргендігіне назар аударады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz