Білім берудің мәні және функциялары


Білім берудің мәні және функциялары.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі үрдістер.
Білім беру социологиясы дәстүрлі социологиялық тақырыптардаң бірі. Сонымен қатар бұл тақырыптаң ертеден бері қарастырыла бастағанына қарамастан, онда талас тудыратын, шешілмеген мәселелер өте көп. Білім берудің социологиялық проблемаларымен іс жүзінде социологиялық бағыттардың барлық өкілдері айналысып жүр. Сондықтан білім беру социологтарын әр мектептің жеке ауқымында қарастырған жөн болар.
1938 жылы Э. Дюркгейм қайтыс болғаннан кейін көп жылдар өткен соң Парижде оның «Эволюция образовательной мысли» атты еңбегі жарық көрді. Онда оның білім беруге байланысты гуманистер идеалының тарихи логикасы болғандығын атап өтетін бірнеше өте керемет идеялары ұсынылады. Мысалы, 17-18 ғасырларда Францияда өз еңбектерін бірінші кезекте ұсынғн әдебиетшілер, философтар, ғалымдардан тұратын белгілі интеллектуалдық процесіне орай аталатын есімдерді дүниеге әкелді. Білім берудің міндеті осы бір таңдаулы интеллектуалдық қабат үшін адмдарды әзірлеу болды.
Міне, осындай білім берудің анық элитарлық теориясы миллиондаған қарапайым адамдарды есепке алмай тастайды. Бір жағынан, демократиялық өзгерістер тұсында да білім берудің гуманистік моделі білім берудің ғылыми социологиялық теориясымен ешқандай ұқсастық таппайды. Білім берудің гуманистік айқындамасы адам табиғатының жақсаруына, әр адамның бойында адамгершілік қасиеттердің қалыптасуына негізделген. Бірақ адам табиғаты бір өркениетте басқа өркениетке қарағанда көбірек орын алатын спецификалық жайт емес қой. Бір әдебиетті басқаларға қарағанда гуманды, адамгершілікті деп бөле жара қарау, айталық француз, неміс немесе орыс әдебиетінің ерекше гуманистік сипаты бар деу мүлде дұрыс емес. Джек Лондонның ересек баланы анасы ұрып-соғуы жайлы тамаша әңгімесі бар. Онда ешқашан жыламайтын бала бұл жолы анасының бұрынғысынан таяқпен әлсіздеу ұрғанын сезе қойып, анасының қазасы жақындағанынан күдіктеніп, аяқасты жылап қоя береді. Бұл басқа мәдениеттің ауқымында патрирхлдық зорлық көрсету ретінде қабылданса, ал, осы тұст бала махаббатының жарқын көрінісіне айналып отыр. Аталмыс «адм табиғаты» адам санасының талас тудыратын құрылысы іспеттес. Қоғамдық сана табиғи түрде қабылдайтын сезімдер, кез келген қоғамның саналы өмір сүруі үшін қажетті идеялар бір халықтар үшін өте керек болса, ал келесі біреулері үшін ол мүлде қажеті жоқ болып отырады.
Э. Дюркгейм өзі еуропа мәдениетінің өкілі ретінде еуропа гуманизмі ауқымындағы адамның моделі жайлы белгілі бір пікірлер айтып өскен. Бұл адам моделінің жинақы санатына қарамастан сол «адамның» өзі еуропа өркениетінде дамыған спецификалық шарттарға тән болады. Адм табиғатын дұрыс көрсете алатын бірден бір идеалға сай айқындама бар деп тұжырымдауға болмайды. Адамның бұл образы белгілі бір трихи мерзім және аймқтық кеңістікпен байланысты болады. Бірақ осы ойлардан да білім берудің баламалы моделі туындайды. Э. Дюркгейм білім берудің социологиялық қырларын анық анықтап береді. Өзінің біршама еңбектерінде ол білім берудің функционалистік айқындамасын дамытты.
Ең алдымен, Дюркгейм білім беру жүйесінің өзекті қызметіне назар аударады. Осындай маңызды қызмет ретінде әлеуметтік нормалармен құндылықтарды қарастырады. Оның пікірінше, қоғам оның мүшелері арасында бірлік болған жағдайда ғана өмір сүріп кете алады. Білім беру арқылы оқушылардың оқу прцесі кезінде соған қалыптастырады. Мұндай әлеуметтік өмірге деген көз көзқарастардың бірлігі болмаса, ұжымдық тұрмыс ынтымақтастықтың да болмауы ықтимал. Кез келген қоғамның алдында тұрған мәселе индивидтерден құрылған бұқараны біріктіріп, белгілі бір әлеуметтік тұтас бірлікке қатысын анықтау.
Қазіргі заманда білім берудің формалды жүйесі атқарып отырған функцияны кез келген (отбасы немесе құрдастар) әлеуметтік институт орындай алмайды. Өйткені, отбасы мүшелері туыстық қарым-қатынастармен бекітілсе, ал, құрдастар арасында ол жақын адамды өзі таңдайды. Алайда, ірі қоғамда мемлекет немесе тап, ұлттық немесе кәсіби деңгейде басқа принциптерге орай негізделеді. Ірі қоғамда адамдар туыстық немесе өзі ұнататын адамдармен емес, оған мүлде қатысы жоқ адамдармен қызмет етуі міндетті. Сондықтан білім беру жүйесі әлеуметтік әрекетті іске асыратын бірден бір сала. Білім беру мекемелерінде индивид басқа индивидтермен қалыпты, жүйеленген ережелерге сай әрекет етуі тиіс. Бұл жағдай қоғамның қатаң әлеуметтік нормалары мен ережелеріне сай құбылысты көрсететін болады. Басқаша айәтқанда қлыптасқан нормалар мен ережелерді қадірлеу қалыптастырады.
Әрине, қазіргі қоғамда білім беру жүйесі кәсіби білім берудің ең басты құралы ретінде жүретінін ұмытпау керек. Егер дәстүрлі қоғамдарда білім беру жекелей әсер ету арқала шеберден оқушыға үлкеннен кішіге өтіп отырса, енді қазіргі қоғамда стандартты формада формальды түрде білім беру іске асырылып жатыр. Бұл әрине білім беру жүйесін қоғамның барлық мүшелерін әлеуметтендіру факторына және құралына айналдырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz