Даму психологиясының пәні мен міндеттерін анықтаңыз


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   

Даму психологиясының пәні мен міндеттерін анықтаңыз.

Баланың есеюін, оның психикалық дамуын түсіну үшін ең алдымен «даму» деген сөзге тоқталайық. Даму дегеніміз өзгерілудің бір түрі. Бірақ өзгерілудің бәрі даму болып есептелінбейді. Даму деген ұғымды көпшілік әдебиеттерде қарапайым түрден күрделі түрге көшу деп түсінеді. Даму тек алға қарай өсу (прогрессивтік түрде өсу) ғана емес. Даму кейде регресшіл (кері кету мағынада да) кездесуі ықтимал. Психика дегеніміз тіршілікті қамтамасыз етуге арналған қасиеттің бір түрі болып табылады. Әсіресе, тіршілік дүниесінде даму прогрессивтік түрде өріс алады. Кейбір зерттеушілер адам психикасының прогрессивтік дамуын бірбеткей түсініп, оның осы қасиетінің өзгерістерге ұшырауының шегі жоқ, өзгерілгенде ешқандай қалдықсыз, түгі қалмай өзгереді дейді. Психика дамуы үшін жаңамен қатар, көне, ескіден қалған қалдықтар болуы шарт. Психиканың дамуында көнеден қалған қалдықты «инвариант» (лат. тілінен «өзгерілмейтін») деп аталады, осыған тіректелетін жаңаны «өзгерілгіш» деп аталады. Психиканың дамуын дәлелдеуге енгізген осы ерекшеліктің мәнін түсіну үшін мына мысалға жүгінейік: біз баспалдақпен жоғары шығу үшін, әуелі бір аяғымызды көтереміз де, сол кезде екінші аяғымызбен табалдырыққа тіренеміз, егер біз бір аяғымызбен табалдырыққа тіренбесек, екінші аяғымызды көтере алуымыз мүмкін емес. Психиканың дамуы да осы сияқты. Егер психиканың дамуында болып тұратын өзгерістер болмаса, яғни ол өзгеріп жарымайтын психиканың инварианттық қасиетіне сүйенбесе, онда ол алға қарай жылжи алмайды.

Даму психологиясы- психология ғылымының саласы. Оның зерттейтін пәні- адам психикасының жас ерекшелік динамикасы, даму үстіндегі адамның психикалық процестері мен психологиялық қасиеттерінің онтогенезі. Балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылары психологиясы, жеткіншектер психологиясы, балаң жас өспірімдер психологиясы, геронтопсихология даму психологиясының тармақтары болып табылады. Даму психологиясы психикалық процестердің жас ерекшеліктерін, білімді игерудің жасқа лайық мүмкіндіктерін, жеке адамның дамуының жетекші факторларын, т. б. зерттейді.

Мектепке дейінгі кезеңнің негізгі іс-әрекетін атап шығыңыз.

Мектепке дейінгі жас кезінде балалардың денесі мен ақыл-ой өрісі төменгі жастарға қарағанда едәуір жетіліп қалады. Бірақ 3-5 жас аралығында бала бойының өсуі шамалы тоқталып қалады, мектепке кіргенше өсіп қалады. Бала бойының өсуі салмағының өсуінен шамалы алда жүреді. Мектепке дейінгілердің анатомо-физиологиялық дамуының негізінде есеюге байланысты жаңа талаптарды / оқу, еңбек / орындауға мүмкіндік туады.

Алдымен баланың ойынына нендей нәрсе түрткі болады, соған тоқталайық. Ф. Шиллердің айтуынша, бала қозғалмай, не бір нәрсемен көп шұғылданбайды, осының салдарынан “жұмсалмай қалған қуаты” жиналады да, соны жұмсау қажеттелігі оны ойынға итермелейді. Бұл пікірге көптеген психологтар қарсы шықты. Күш-қуаты таусылып, шаршап отырған балаға “ойнайсың?” ба деп сұрасаң, “ойнаймын” деп жауап береді дейді. Осыны есепке алып, австрия психологы К. Бюллер “жұмсалмай қалған қуат” теориясы баланың не себептен ойнайтынын толық дәлелдей алмайды деп, ойынның себебін рахаттанумен байланыстырады. Рахаттану теориясы, алғашқы пікірге қосымша ретінде қолданылады.

Неміс психологы К. Гросс кішкентай балалардың ойынын зерттеп, 1899 жылы өзінің осы жөніндегі пікірін жариялады. Оның айтуынша, бала өзінің күшін, ақыл-ойын дамытып, дағдылану үшін ойнайды. Осы пікірін дәлелдеуде К. Гросс мынадай деректер келтірді: әсіресе төменгі даму сатысында тұрған жануарлардың өзгерілмейтін соқыр сезімі / инстинкті / көп болғандықтан, олардың балапандары ойнамайды, тек инстинктері аз жануарлардың балапандары ғана ойнайды. Ойнайтын себебі, олардың туа берілген инстинктері аз болғандықтан, осыған байланысты ептілікті машықтану арқылы толтырғысы келеді дейді. Бұл пікірге Голландия психологы Е. И. Бойтендайк қарсы шықты.

Сонымен, баланың неліктен ойнайтын себебі әлі күнге дейін көпшілік ғалымдар арасында мойындалмаған мәселелердің бірі. Көрнекті орыс марксисінің бірі - Г. В. Плеханов бала ойын кезінде үлкендердің еңбек әрекетін қайталайды, сондықтан “ойын - еңбектің інісі” деген болатын. Бала ойының көбі үлкендердің еңбегін қайталайтыны рас және ұстаздың осы сөзі ойынды әлеумет тұрғысынан дәлеледеуге мүмкіндік береді. Бірақ, психологиялық тұрғыдан алып қарағанда баланың ойнауына не түрткі болатынына ұстаздың бұл сөзі толық жауап бере алмайды.

Әдетте, мектепке дейінгілерде ойыннның неше түрлері кездеседі. Қазіргі кезде мектепке дейінгілердің ойының көбісі рөлдік ойындар. Рөлдік ойын деп кішкентайлардың “Мен мұндай боламын, немесе мен мұндаймын” деп тиісті бейнелерге еліктеуін айтамыз. Рөлдік ойын- ойынның ең көп тараған түрі. Балалар бақшасында “Бақша”деген ситуацияны қайталау: балалардың біреуі “Мен тәрбиеші боламын, ал сен бала боласын” деп, кейін осы рөлді атқарады.

Балалардың рөлге байланысты ойындары балалардың ақыл-ой қабілеті мен қиял процестерін дамытуға әсері көп. Қамтылған рөл ойындарының көпшілігінде мектепке дейінгілердің қасында объектіге орай аспаптарының көбісі жоқ, сол жоқ нәрселерді ауызша айтады. Мысалы, самолет үшін баланың өзі гүрілдейді немесе қолында самолеты жоқ балалар бір ағашты алып “мынау менің самолетым” дейді. Осыған қарағанда, ойын үстінде бір зат екінші заттың орнына тұрарлық / репрезентиптік / қызмет атқарады. Себебі үлкендердің ісін қайталауға тиісті аспаптар балада жоқ болғандықтан, солардың бәрін ойша / жорта / жасап, өзінше / ой экспериментін / қолданады. Бұл тек үлкендерге ғана тән емес, себебі болашақ істі алдын-ала ойша бейнелеу психиканың дамуында негізгі рөл атқарады. Ойындағы рөлдік сипат- бұл ересек адамдардың әр саладағы қызметі.

Даму психологиясының басқа ғылымдармен байланысын көрсетіңіз.

Даму психолоиясы педагогикалық психологиямен тығыз байланысты. Педагогикалық психолоияның пәні- оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық заңдылықтарын зерттеу. Педагогикалық және даму психологиясының бір тұтастығы зерттелу объектісі- бала, жеткіншек, жасөспірім ортақтығымен түсіндіріледі; олар егер жас ерекшелігіне сай даму динамикасы тұрғысында зерттелсе, даму психолоиясының зерттеу объектілері, ал егер педагогтың мақсатты ықпалдары қарастырылса, педагогикалық психологияның объектілері болып табылады. Мектепке дейінгі балалар психологиясы, төменгі сынып оқушылар психологиясы, жеткіншектер, жасөспірімдер психологиясы - даму психологиясының бөлімдері, ал оқыту психологиясы, тәрбиелеу психологиясы, мұғалімдер психологиясы- педагогикалық психологиясының бөлімдері болып табылады.

Даму психолоиясы психологияның басқа да салаларымен ( еңбек психологиясымен, әлеуметтік психологиямен, және т. б. ) тығыз байланысты. Тек қана психология емес, сондай-ақ жас ерекшелік физиологиясымен, гигиенасымен, анатомиямен және т. б. байланысты.

Ерте психикалық жасты суреттеңіз.

Ерте сәбилік шақтың аса маңызды жетістіктері (бір жастан үш жасқа дейін) . Онтогенезде тең уақыт ішінде адам психикасы дамуы жағынан әртүрлі “қашықтықтан” өтеді. Бала психикасында алғашқы үш жылда болатын сапалық қайта өзгерістер айтарлықтай қомақты болады. Сондықтан адамның туған сәтінен есейгенге дейін психикалық дамуының орта жолы қайсы деп ойлаған көптеген психологтар оған үш жасар кезді жатқызды.

Үш жасар бала өзін-өзі күтуге қабілетті, айналасындағы адамдармен қарым-қатынас жасай алады. Мұның өзінде ол қарым-қатынастың сөздік формаларын ғана емес, мінез-құлықтың қарапайым формаларын да игереді. Үш жасар бала едәуір белсенді, айналадағыларына түсінікті тәуелсіз болады.

Бір жастан үш жасқа дейінгі баланың психикасының дамуы бірнеше факторларға байланысты.

Баланың псикалық дамуында тік жүруді үйрену едәуір ықпал жасайды. Нәрестелік шақтың соңында сәби алғашқы қадамдар жасайды. Тік тұру қалпына ауысу - ол үшін қиын іс. Кішкентай аяқтарымен аттап басу үлкен күшке түседі. Локомация программасы әлі қалыптаспағандықтан, бала үнемі тепе-теңдікті жоғалтып алады. Құлап қалу қаупін де жеңіп, осынау алғашқы қадамдарды жасау үшін қайта-қайта күш жұмсауға оны не итермелейді? Жүру кезінде жұмыс істеп тұрған қол, аяқ, арқа және бүкіл дене бұлшық еттерінен пайда болатын бұлшық ет сезімі маңызды ынталандырушы болып табылады. өз денесін өзі билеу сезімі бала үшін өзін-өзі мадақтау қызметін атқарады. Баланың қозғалып жүру ниетін сол сияқты тілегін мақсатына жету мүмкіндігін және сонымен қоса, үлкендердің қатысуы мен мақұлдауы қолдайды. Өте тез арада, алғашқы әлсіз қадамдардан соң үйлесімді тура бағытты қимылдар жасау қабілеті қалыптаса бастайды. Екі жасқа қарай бала орасан зор ынтамен өзінің жүрген жолынан кедергілер іздестіреді. Қиындықтар және оларды жеңу сәбиде жағымды эмоциялық көңіл-күй туғызады.

Қозғалып жүруге қабілеттілігінің психоллгиялық салдары. Қозғалып жүруге қабілеттілік арасында бала сыртқы дүниемен неғұрлым еркінде дербес қарым-қатынас жасау дәуіріне енеді. Жүруді игеруде кеңестік бағдарлау қабілетін дамытады. Бұлшық ет сезімі қашықтық пен заттық кеңістікте орналасу есептік өлшемі болады. Бұл көру қимылдау мен сезінудің бірлескен қызметтері арқылы жүзеге асады. Өзі қарап тұрған заттқа жақындай отырып, бала оның кеңістікте орналасу қалпын практикалық түрде игереді. Жүру арқылы бала өзінің таным объектісі болатын нәрселер шеңберін әлде қайда кеңейтуге мүмкіндік алады. Ол ата-аналары бұрын оған ұсынуға болмайды деген сан алуан заттар мен іс-әрекет жасауға қабілетті болады. Жаңа заттарды тексерудің жаңа тәсілдерін туғызып, сәбиге нәрестелердің осы уақытқа дейінгі жасырын болып келген қасиеттері мен олардың арасындағы байланысты ашты.

Қартаю және кәрілік жасты сипаттап жазыңыз.

Жеткіншектің болашақ мамандыққа көзқарасын атап шығыңыз .

Жеткіншектік шақ - болашақ туралы балалық армандардың орнына өзінің мүмкіндіктері мен өмір жағдайларын ескере отырып, ол туралы ойлану басталатын және өз ниетін іс-тәжірибелік әрекетте жүзеге асыруға ұмтылу келіп шығатын кезең. Кәсіптік ниеттердің дамуындағы мұндай ілгерілеулер жеткіншектердің бәрінде бірдей болмайды, кейбіреулерінің барлық ойы қазіргімен болып, болашақ мамандық туралы аз ойлайды.

Белгілі бір мамандыққа деген ынтаның пайда болуына көп жайлар: оқу, адамдар, кітап, кино, теледидар, экскурсия себепші болуы мүмкін. Жеткіншектер көп нәрсеге ден қояды, көбіне бірнеше бағытты бағдар етіп ұстайды, бірнеше үйірмеге барып жүреді. Жеткіншектер өздеріне ұнаған кәсіптерді романтикаға бөлейді, көптеген қияншылықтарды аңғармайды, өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды. Кәсіптік мүдделер мен ниеттердің қалыптасуы үшін үйірмелердегі тыңғылықты ұйымдастырылған сабақтардың маңызы зор. Бұл сабақтар жеткіншекке өзінің бейімділіктерін, мүмкіндіктерін, кемшіліктерін ұғынып, бағалауға көмектеседі. Өзін іс-әрекетте сынау - арманын жүзеге асыру үшін де, түңілуге жол бермеу үшін де жақсы әдіс.

Алайда жеткіншектердің көпшілігі 7 және 8 сыныптарда оқитын уақыт - болашақ туралы көп ойланатын кезең. Біреулері армандарын іс-әрекетке айналдыруға тырысады, енді біреулері болашақтың әр түрлі варианттарына өздерін шамалап көреді, үшіншілері өз мүмкіндіктерінің мамандықтың талаптарына сай келу мәселесін шешеді, төртіншілері мамандықтың мазмұны ол туралы түсінікке сай келетін-келмейтінін анықтайды. Қателесем бе деп қорқу пайда болады.

Балалар өздеріне ұнаған мамандық пен оны алуға болатын оқу орнының ерекшеліктері туралы хабарлар жинайды, жақын жолдастарымен бірге әр түрлі мәселелерді талқылайды, сыныптастарының жоспарларын білгісі келеді. Біреулері байыпты түрде, өз мүмкіндіктерін дәлме-дәл бағалайды, екіншілері өз мүмкіндіктерін асыра бағалайды және ондай оқушылар аз емес. Кейбір есейген жеткіншектерде әжептеуір шүбәланулар мен толқулар пайда болып, бұрынғы армандарын “балалық” арман деп атап ( орындалмайтындығы себепті ) бас тартады. Маңызды және заманға сай мамандықтар, қызғылықты әрі шығармашылықпен жұмыс істеу мүмкіндігі, кәсіптердің қоғамға пайдалылығы, болашық қызметтің романтикалық сипаты қызықтырады.

Мектепке дейінгілердің үлкендермен қарым-қатынасын суреттеңіз.

Мектепке дейінгілердің өз құрбыларымен өзара қарым-қатынасы неше түрлі дәрежеде болып келеді. Баланы құрбыларымен достастыратын ойындар. Баланың жалғыз өзі ойнай алмайды, біріншіден, бала ойнау үстінде көңілін көтеріп, өзін өзгелердің алдында осал емес екенін көрсеткісі келеді. Екіншіден, ойын- өзінше бір іс-әрекет. Осының нәтижесінде бала өз құрбыларымен не үшін дос боласың деп сұраса, осыны өзі де терең білмейді. Көбіне, қасындағы құрбысы оны ренжітпейтінін, бірге ойнайтынын айтады.

Мектепке дейінгілердің іс-әрекеті де түрліше болып келеді. Белгілі тапсырманы орындау, соны қалай жүзеге асыру үлкендердің басшылығымен орындалады және соларға арналған қатынасына байланысты. Егер баланың ересектермен қарым-қатынасы жақсы, тату келсе, онда тілін алып, тапсырманы мүдіртпей орындайды.

Баланы іске итермелеуші күштің ендігі бір түрі сол объектінің оған қызғылықты келуі. Ойын неғұрлым қызғылықты келсе, соған көп уақытын жіберіп, мезгілдің қалай өткенін білмей қалады. Ойын қызық болмаса, онда оған ұмтылмайды.

Сонымен қатар, мектепке дейінгілердің іске итермелейтін күштің бірі өзгелер алдындағы арлануы не өзінің намысын төмендетпеуге тырысуынан да кездеспейді.

Қорыта келгенде, мектепке дейінгілердің “Мен” қасиеті және оны іске итермелейтін мотивтер мен ниеттер едәуір қалыптасып, алдағы кезде баланың жетістікке жетуіне жағдай туғызады.

Бастауыш сынып оқушысының таным процестерін атап шығыңыз.

Зейін адамның бір немесе бірнеше тітіркендіргішті адамның жүйке жүйесіне минут сайын әсер ететін тітіркендіргіштер тасқынынан бөліп алып, сол тітіркендіргіштерге көңіл қоя білуінен көрінеді.

Балалар үшін қайсыбір нәрсеге ұзақ уақыт зейін қоюдың қаншалық қиын екенін бірден ұғыну үшін, жоғары жүйке қызметінің кішкентай балаларға тән ерекшеліктерін ескеру өте маңызды. Сабақта мектептің кішкентай балаларымен атқарылатын күнбе-күнгі жұмысты зейіннің қай түріне негіздеп құру қажет? Әрине, ырықсыз зейінге. Бірінші сынып оқушыларын мектепте оқытудың алғашқы апталарында балаларға бірер минут дем алдыру үшін, мұғалімге 3-ші немесе 4-ші сабақта аздап үзіліс жасау да ұсынылады.

Бастауыш мектеп оқушыларында бір даминантаның сақталу уақыты да, яғни зейіннің орнықтылығы да көп болмайды. Балалардың қызықты әрі өздеріне ұғымды әңгімені ұзақ уақыт, барынша зейінмен тыңдай алатыны мұғалімнің барлығына мәлім.

Қабылдау- айналадағы ортаның заттары мен құбылыстары адамның сезім мүшелері тікелей әсер еткенде, адамның сол заттар мен құбылыстарды бейнелеу процесі бүкіл дүние тарихының өнімі болып табылады.

Дамуының бастапқы сатыларында баланың қабылдауы әлі мүлдем жетілмеген болады, қабылданатын заттардың бейнелері барынша көмескі және бұлыңғыр болуымен ерекшеленеді. Мәселен, 10-12 айлық бала анасының қауырсындары бар үлкен қалпақ кигенде шырқырап жылай бастайды. 3-4 жастағы балалар да жаңа жылда қасқыр болып

жүрген тәрбиешілерін танымайды. Мұндай бұлыңғырлық пен аумақтылық балалардың қабылдауының өзіне тән ерекшелігі болып табылады және күрделі әрі онша таныс емес заттарды қабылдаған кезде тіпті 7-9 жастағылар өз мұғалімдерінің бейнесіне оның бетін, шашының түсін, көзін ғана емес, сыныпқа киіп келген көйлегін, аяқ-киімі мен сумкасын да қосады.

Балалар кез келген материалды емес, өздерін қызықтыратын, олардың сезімдеріне дұрыс әсер ете алатын материалды ғана естерінде сақтайды. Бұған қоса есте сақтаудың шапшаңдығы - бұл есте сақтау процесінің бір ғана сапалы, бір ғана бөлімін қамтиды.

Мысалы, жекеленген заттардың бейнелері кез келдген мазмұндағы сөздерді есте сақтау саны сияқты, балалардың жасының есеюіне қарай үнемі көбейіп отырады. Дегенмен де зерттеуге алынған 3-4 сынып оқушыларының барлығы дерлік сөздік материалдардан гөрі, көрнекі материалдарды есте сақтайтындығы анықталды. Мұндай нәтижені Э. А. Фарапанов бірінші және екінші сигналдық жүйенің бірігіп қызмет істеуінің, затты көзбен көру арқылы қабылдау мен бір затты білдіретін сөздер арқылы қабылдаудың нәтижесі деп қарайды. Абстрактылы мазмұнды сөздерді есте қалдыруда жоғары сынып оқушылары ең жақсы нәтижелер көрсетті.

Есте қалдыру. Еске сақтаудың ерікті және еріксіз түрлері бар. А. Н. Леонтьевтің және П. П. Блонскийдің зерттеулері бойынша, еріксіз есте қалу ең алдымен субъективті себептерге байланысты екендігін көрсетіп береді. Зерттеулер балалардың еріксіз есте қалдыруы кейде тіпті әдейі ерікті есте сақтаудан әлдеқайда тиімді, әсерлі болатынын көрсетті.

Бала есінде берілген тапсырманың жақсы сақталуы үшін мынадай әрекеттер мен тәсілдер қолдануға болады:

  1. Көрнекі құралдарды қолдану. Баланың жасы неғұрлым кіші болса, соғұрлым оның танымдық іс-әрекетінде сезімдік қабылдау зор рөл атқарады. Сондықтан материалды есте қалдыру үшін де, мүмкіндігі бар жерде көрнекі материалға сүйену өте маңызды.
  2. Қайталау. Көптеген мұғалімдер оқу материалдарын есте берік сақтаудың ең басты және тиімді құралы бірнеше рет біртекті қайталау деп есептейді. Балалар қайталау арқылы ережелерді жаттап, теориялық білім негізін толықтырып отырады.
  3. Өзін -өзі бақылау. Адам өзі істеген істі бекіту үшін, өзі жеткен нәтижені білуі қажет. Берілген кез келген дәрежедегі материалды оқып игерудің кез келген қалыптасуы дәрежесінде өзін-өзі бақылау үлкен рөл атқарады. Өзін-өзі бақылау балаларды өзіне сын көзбен қарап, берілген тапсырманы орындауға жауаптылығын артттыруға үйрететіндіктен, әсіресе төменгі сынып оқушылары үшін өте қажет.
  4. Себептер мен нұсқау. Адамның кез келген басқа қызметі сияқты мнемикалық қызметінің жемістілігі де ізденулерге, яғни оны туғызған себептерге, нұсқауда берілген дәрежедегідей оны орындау әзірлігіне байланысты. Бала материалды есте сақтап қалуы үшін есте сақтап қалуға тиісті екенін білуге және оны есте сақтап қалғысы келуі тиіс.
  5. Есте сақталған материалдың мағынасын ұғыну. Кішкентай балаларға сөзбен немесе тіпті сезімге әсер етерліктей берілген мазмұнның мағынасын ұғыну өте маңызды. Көптеген тәжірибелер барысында мағыналық жағынан байланыстыруды қалыптастырған жағдайда, материалды еске түсіріп қайталауда оқушылар үлкен жетістіктерге жеткен. Есте сақталғанды ұғыну үшін балаларға әр сөздің, терминнің мәні түсінікті болуы қажет.

Есте сақтау және ұмыту. Материалды жаттау, оны қайтадан еске түсіру арасында кететін уақыт жасырын немесе латентті кезең деп атайды.

Жаңғырту. Есте сақтау процесінің соңғы сатысы, Қайталап еске түсірудің ең жеңіл формасы тану процесі болып табылады. Бұл арада қабылддау мен есте сақтау процестерінің түйісуі жүзеге асады.

Бастауыш сынып оқушыларымен күнделікті жүргізілетін жұмыстың және көптеген бақылау жұмыстарының қорытынды нәтижелері:

  • біріншіден, бұрынғы кезде қажет болғандай ұзақ мерзім ішінде емес, 7-9 жастағы балаларға көлемі жағынан айтарлықтай үлкен материалдарды барынша қысқа мерзімде-ақ есінде ұстау балалардан да, мұғалімдерден де айрықша күш жұмсауды талап етеді;
  • екіншіден, төменгі сынып оқушыларының барынша күрделі оқу материалдарын игерудегі осы жетістігі балаларды оқытудың жаңа жүйесінің нәтижесі болып табылады. Балалардың қабылдағандарын ұғынуға мүмкіндіктер бере алатын ақыл-ой белсенділігі мен жатталынған мазмұнды түсінуге негізделген оқыту есте сақталуға тиісті материалдардың барынша толық, ұзақ сақталуына, оны қайталап еске түсірудің дәлдігі және әр түрлі жолдарын барынша еркін пайдалана білуге жетелейді;
  • үшіншіден, логикалық есте ұстау баланың жас шамасына қарай пісіп-жетілуінің ғана нәтижесі емес, ең алдымен-оқыту жүйесі мен баланың қысқа өмірінде жинақталған шамалы көрген-түйгенінің нәтижесі екендігін тәжірибе көрсетіп тұр.

Баланың ұғынып жаттаудың тиімді тәсілдерін үйренуге баланы мектеп жасына жетпеген кезінен бастап дәйектілікпен үйрету қажет.

Мектепке дейінгілерді оқуға дайындауды сипаттап жазыңыз

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық - педагогикалық және қалыптастырушы эксперименттер
ТЕХНОЛОГИЯНЫ ЗЕРТТЕУДІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖОБАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ
Сөзді дыбыстық - әріптік талдауды оқытудың теориялық аспектілері
Бастауыш мектеп оқушыларының зерттеушілік дағдыларын қалыптастыру деңгейлері
Тұлғаның мансаптық бағдарларын анықтау
Кикілжің мәселесінің теориялық аспектілері
Психология ғылымының, пәнінің жалпы мәселелері мен негізгі даму кезеңдеріне толық сипаттама
Балалар психологиясы пәнінен дәрістер
Заң психологиясының теориялық және практикалық міндеттерін өзара байланысы
Тілдер типологиясының негізгі ұғымдары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz