Гендерлік саясат оны қаржыландыру


Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Гендерлік саясат оны қаржыландыруды Үкімет мақұлдай ма?

Гендерлік саясат туралы БАҚ-тарда айтылып та, жазылып та жүр. Яғни, әйелдерді ерлермен тең дәрежеде билікке тарту, ана мен балаға айрықша әлеуметтік жағдай жасау, отбасындағы зорлық-зомбылықтың алдын алу сияқты мәселелер соңғы 4-5 жылда күн тәртібінен түскен емес. Әрине, демократиялық, азаматтық қоғам құрып, соның барлық талабына жауап беру үшін біздің еліміз де аянып жатқан жоқ. Соның айғағындай, биыл Елбасымыз “Гендерлік теңдікке қол жеткізудің 2006-2016 жылдарға арналған стратегиясы” Жарлығын шығарды. Бұл да айналып келгенде сол ерлер мен әйелдерді қоғамның барлық саласында теңестірудің ұзақ мерзімге арналған жоспары.

Ал енді гендерлік теңдікке қол жеткізу үшін елде қандай нақты шаралар атқарылуда деген мәселеге келейік. Бұл үшін Қазақстан Республикасы Президентінің жанынан құрылған Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі Ұлттық комиссия бар. Оның талай игі істерге мұрындық болып жүргенін ел біледі. Кеше сол Ұлттық комиссияның бастауымен, басқа да үкіметтігі бар, үкіметтік емесі бар ұйымдардың қоштауымен “Гендерлік бюджет үшін қоғамдық кеңес” жобасының төңірегінде елордадағы БҰҰ өкілдігінің ғимаратында ерекше бір дөңгелек үстел өтті. Ерекше деп астын сызып отырғанымыз, әңгіме гендерлік саясат үшін бюджеттен арнайы бөлінетін қаржыға байланысты боп тұр. Өйткені, осы уақытқа дейін Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі тарапынан арнайы гендерлік саясат үшін қаржы бөлінген емес. Міне, түсінікті тілмен айтқанда, сол қаржыны қандай жолдармен алуға болады деген сауал төңірегінде Қазақстанның әр облысынан, Астана, Алматы қалаларынан келген саясаткер, кәсіпкер, депутат, ғалым әйелдер бас қосты.

Әңгіме арқауы ақша болғанымен, оның астарында адам тағдыры, әсіресе нәзік жаратылысты әйел тағдыры жатқандықтан, жиналғандар келтірген мына деректер шынында елді елең еткізерліктей. Мәселен, бізде жалғыз басты ерлерге қарағанда әйелдер 5 есе көп. Жұмыссыздықтың 60 пайызын әйелдер құрайды. Сондай-ақ мүгедек ерлермен салыстырғанда осындай, яғни жарымжан әйелдердің жалғыз қалуы жиі кездеседі екен. Бұл жағдай оларға Үкіметтің жіті қадағалауын қажет етеді. Сонымен бірге сауда саласында жүрген қыз-келіншектерді шағын несиемен қамтамасыз етуде Үкімет тарапынан шешілуі тиіс мәселелер жеткілікті.

Дөңгелек үстелге жиналғандар гендерлік саясатты қаржыландыру үшін әрқайсысы өз ойларымен бөлісіп, ғалым әйелдер дайындаған жобаларды талқылады. Олар осылардың негізінде бір негізгі жоба жасап, Әділет министрлігі арқылы Экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігіне жөнелтуді жөн деп тапты. Ал аталмыш министрліктердің қандай уәж айтатыны келесі күндердің еншісінде.

Астана қаласы әкімдігінің жанындағы

отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі

комиссия туралы

ЕРЕЖЕ

1. Жалпы ережелер

1. Астана қаласы әкімдігінің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссия (бұдан әрі - Комиссия) Астана қаласы әкімдігінің (бұдан әрі - Әкімдік) жанындағы консультативтік-кеңесші орган болып табылады.

2. Комиссия қызметінің құқықтық негізін Қазақстан Республикасының Конституциясы және заңдары, Қазақстан Республикасы Президентінің актілері, Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілері, әкімнің шешімдері, сондай-ақ осы Ережені құрайды.

2. Комиссияның негізгі міндеттері

3. Комиссияның негізгі міндеттері:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның белгіленген басымдықтары мен ұсынымдарына сәйкес Қазақстанның 2030 жылға дейінгі даму стратегиясының, Қазақстан Республикасы Президентінің 2005 жылғы 29 қарашадағы № 1677 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясының және Қазақстан қатысушысы болып табылатын отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі халықаралық шарттардың контексіндегі отбасы мен гендерлік теңдікке қатысты кешенді қалалық бағдарламаларды қалыптастыру;
  • отбасы мүдделерін қорғау және Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын іске асыру мәселелері бойынша Астана қалаларының жергілікті атқарушы органдарымен және азаматтық қоғам институттарымен өзара іс-қимыл жасау;
  • Астана қаласындағы гендерлік жағдайды талдау, Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың негізгі бағыттары бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу;
  • әлеуметтік-экономикалық мәселелер бойынша қалалық тұжырымдамалар мен бағдарламаларды әзірлеуге қатысу;
  • мыналарға:

әйелдерді басшы лауазымдарға, мәслихат депутаттарына ұсынуға, шешімдер қабылдау деңгейінде әйелдердің 30 % өкілдігі болуына;

халыққа гендерлік білім беру мен ағартуға, гендерлік білім беру жөнінде оқу-әдістемелік әдебиет, ақпараттық бюллетендер, бағдарламалар, әдістемелік құралдар әзірлеуге, бұқаралық ақпарат құралдарымен өзара іс-қимыл жасауға, ата-аналарды гендерлік теңдік мәселелері бойынша ағартуға, қыздарды техникалық мамандықтарға оқуға тартуға, әлеуметтік-экономикалық бағдарламаларға гендерлік көрсеткіштер енгізуге;

экономикалық саладағы гендерлік теңдікке қол жеткізуге, кәсіпкерлікті дамытуға, әйелдерді шағын және орта бизнеске тартуға, отбасылық бизнесті дамытуға, экономикалық білім беру орталықтарын ұйымдастыруға;

отбасы институтын нығайтуға, отбасы қатынастарында гендерлік теңдікке қол жеткізуге;

отбасындағы және жұмыс орнындағы зорлық-зомбылықты түп-тамырымен жоюға, әйелдер мен балалар трафигіне қарсы күрес жүргізуге жәрдемдесу;

  • ерлердің, әйелдер мен балалардың денсаулығын, оның ішінде ұрпақты болуын сақтау және нығайту, өмір сүру сапасын арттыру проблемаларын зерделеу және ол бойынша ұсыныстар енгізу;
  • Астана қаласының жергілікті атқарушы және өкілді органдарымен, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерімен, заңды тұлғалармен, азаматтармен, бұқаралық ақпарат құралдарымен және халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық, отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі конференцияларға, кеңестерге, семинарларға қатысу;
  • жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, заңды тұлғалардың, азаматтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының және халықаралық ұйымдардың Комиссияның құзыретіне кіретін проблемалар жөніндегі ұсыныстарын қарау, Астана қаласының әкіміне тиісті ұсынымдарын, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның ұсыныстарын дайындау;
  • отбасы, гендерлік теңдіктің сақталмауы мәселелеріне қатысты азаматтардың өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарламаларын қарау болып табылады.

3. Комиссияның өкілеттіктері

4. Комиссияның өз құзыреті шегінде:

  • өзінің отырыстарында жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінің, заңды тұлғалардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін және азаматтарды тыңдауға;
  • жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардан, орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелерінен және заңды тұлғалардан қажетті құжаттар, материалдар мен ақпарат сұратуға және алуға;
  • жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдарға және орталық мемлекеттік органдардың аумақтық бөлімшелеріне отбасы және гендерлік теңдік мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық кесімдерді бұзу фактілері бойынша тексерулер мен қызметтік тергеулер жүргізу қажеттігі туралы өтініш жасауға;
  • Астана қаласының әкімдігі мен әкімінің отбасы және гендерлік теңдік мүдделерін қозғайтын кесімдерінің жобалары бойынша ұсыныстар енгізуге;
  • Жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің және заңды тұлғалардың өкілдерін Комиссияның жүргізуіне жатқызылған мәселелерді қарау үшін комиссия отырыстарына шақыруға құқығы бар.

5. Комиссия азаматтардың келіп түскен өтініштерін, бұқаралық ақпарат құралдарының хабарларын қарау қорытындылары бойынша материалдарды жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің қарауына мәні бойынша шешім қабылдау үшін жолдай алады.

4. Комиссияның жұмысын ұйымдастыру

6. Комиссия өз қызметін қала әкімінің қаулысымен бекітілген Ереженің негізінде жүзеге асырады.

7. Комиссияны Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымымен келісім бойынша әкім тағайындайтын төраға басқарады.

  • Комиссия төрағасының орынбасары болады.

8. Комиссияға, әдетте жергілікті бюджеттен қаржыландырылатын атқарушы органдардың, орталық мемлекеттік органдар аумақтық бөлімшелерінің және заңды тұлғалардың өкілдері кіреді.

  • Комиссияның сандық және жеке құрамын Комиссия төрағасының ұсынысы бойынша әкім белгілейді.

9. Комиссияның отырыстары қажетіне қарай, бірақ кемінде тоқсанына бір рет өткізіледі.

10. Комиссия шешімді отырысқа қатысып отырған өз мүшелері санының қарапайым көпшілік дауысымен қабылдайды. Дауыстар тең болған кезде төрағалық етушінің дауысы шешуші болып табылады.

  • Комиссия отырысы, егер оған Комиссия мүшелерінің жалпы санының кемінде үштен екісі қатысса заңды болып саналады.
  • Комиссияның шешімдері хаттамамен ресімделеді.

11. Комиссияның төрағасы:

  • Комиссияның қызметін ұйымдастырады және басшылықты жүзеге асырады;
  • Комиссия отырыстарының күн тәртібін жасайды;
  • Комиссияның отырыстарын шақырады және оларға төрағалық етеді;
  • Комиссия мүшелерінің ішінен Комиссия отырысының күн тәртібіне енгізілген мәселе бойынша баяндамашыны белгілейді;
  • тоқсан сайын әкім мен Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі ұлттық комиссия төрағасының алдында Комиссия жұмысының қорытындылары туралы есеп береді;
  • оның шешімдерінің іске асырылуына жалпы бақылауды жүзеге асырады және комиссия жүзеге асыратын қызмет үшін жауапты болады.

12. Төраға болмағанда оның тапсырмасы бойынша Комиссия мәжілістерінде орынбасар төрағалық етеді.

13. Комиссияның хатшысы:

  • Комиссия отырыстарының күн тәртібін дайындайды;
  • Комиссия шешімдерінің орындалуын қамтамасыз етеді және оны бақылайды;
  • Комиссия мүшелерінің және оның қызметіне тартылған мамандардың жұмысын үйлестіреді.

14. Комиссия мүшелері Комиссия отырыстарына алмастыру құқығынсыз дербес қатысады.

5. Комиссияның қызметін қамтамасыз ету

15. Комиссияның қызметін ақпараттық-талдамалық және ұйымдастырушылық қамтамасыз етуді Астана қаласы әкімінің аппараты жүзеге асырады.

ГЕНДЕРЛІК САЯСАТ

2007 жылғы 1 - 25 ақпан аралығында Тарбағатай, Шемонаиха, Үржар, Зырян аудандарында Әйелдер форумы өтті.

2007 жылғы 22 ақпанда Зырян қаласы - Зырян ауданы әкімінің жанында отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссиямен «Осторожно, трафик!» тақырыбына «дөңгелек үстел» отырысы өткізілді.

2007 жылғы 27 ақпанда Өскемен қаласы әкімінің жанында отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссиямен кәмелетке толмағандар жөніндегі инспекторда есепте тұрғын жасөспірімдердің, олардың ата-аналары мен қамқоршыларының, қалалық білім беру мекемелерінің оқу-тәрбие жұмысы жөніндегі директор орынбасарларының қатысуымен «Үміт» балалар үйінде «Выбираю доверие» тақырыбына семинар өткізілді.

2007 жылғы 28 ақпан мен 3 наурыз аралығында «Status» әйелдер федерациясы» қоғамдық бірлестігімен «Предупреждение насилия, равные права» жобасы бойынша «Я готов защитить себя» тақырыбында тренинг өткізілді. Бұған гендерлік бағыттағы Үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, жоғары оқу орындарының студенттері қатысты.

Халықаралық әйелдер күнін мерекелеу аясында 2007 жылғы 7 наурызда Өскемен қаласындағы «Корона» мейрамханасында облыс әкімі Ж. С. Кәрібжановтың ғылым, мәдениет, бизнес, денсаулық сақтау, ауыл шаруашылығы және т. б. әртүрлі саладағы әйелдерге арналған мерекелік қабылдауы болды.

2007 жылғы 5-7 наурыз аралығында облыстың қалалары мен аудандары әкімдерінің әйелдерді қабылдауы ұйымдастырылды, меншік түріне қарамастан мекемелерде, ұйымдарда, кәсіпорындарда әйелдерге құрмет көрсетілді.

2007 жылғы 10 наурызда «Қазақстанның Іскер әйелдерінің қауымдастығы» қоғамдық бірлестігінің филиалымен Өскемен, Семей қалаларында бизнес-ледилерге арналған кездесулер өткізілді.

2007 жылғы 29 наурызда облыс әкімінің орынбасары Аманкелді Едрысұлы Тәженовтің төрағалық етуімен отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі облыстық комиссияның отырысы болды, онда мынадай мәселелер қаралды:

- Шемонаиха ауданы әкімінің жанындағы отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі комиссияның көпбалалы аналарды әлеуметтік қолдау жөніндегі жұмысы туралы.

- «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын» орындаудың барысы мен оны іске асыру жөнінде қабылданған шаралар туралы ақпарат.

- отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі облыстық комиссияның 2007 жылға арналған жұмыс жоспары туралы.

2007 жылғы 29 наурызда «Гендерное образование и просвещение. Проблема гендерного насилия. Пути достижения гендерного равенства в семье» тақырыбына семинар өткізілді.
Ұйымдастырушылар: отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі облыстық комиссия және «Феникс» дамыту және бейімдеу орталығы» ҚБ.
Өткізілетін орны: Өскемен қаласы, Пушкин атындағы облыстық кітапхананың акт залы.

2006 жылғы 29 желтоқсан. Облыс әкімінің өкімімен «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған Гендерлік теңдік стратегиясын» іске асыру жөніндегі Шығыс Қазақстан облысында 2006-2008 жылдарға арналған іс-шаралар жоспары бекітілді.

12 сәуір 2007 жыл Көкпекті ауданы
Отбасы істері және гендерлік саясат жөніндегі облыстық комиссияның ақпараттық тобы «Феникс» даму және бейімдеу Орталығы» ҚБ бірлесіп, «Қазақстан Республикасында 2006-2016 жылдарға арналған гендерлік теңдік стратегиясы» тақырыбына семинар өткізді. Отбасында гендерлік теңдікке қол жеткізу жолдары. Гендерлік білім және ағартушылық.

15-16 мамыр 2007 жыл Семей қаласы
Әйелдер саяси көшбасшысы мектебінің тұсаукесері
(«Қазақстандық іскер әйелдер қауымдастығы» бөлімшесі, жетекшісі Р. А. Тлекеева)

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаты
Гендерлік социология
Қазақстан Республикасындағы гендерлік саясаттың ерекшеліктері
Қазақстанның гендерлік саясаты
Қазақстан Республикасында әйел жұмыс күші нарығындағы жағдайды талдау және оның негізгі индикаторларының динамикасы
Еңбек пен жұмысбастылық
Əлеуметтік статистика индикаторы
ОБСЕ ұйымының 1975-2010 дамуы және қызметі
Шетелдердегі демографиялық ахуал
Кеңестік одағындағы Қазақстандағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz