Қазақ ойшылдарының (XV-XVІІ) педагогикалық мұраларын бастауыш сынып оқушыларына адамгершілікке тәрбиелеуде пайдалану


Қазақ ойшылдарының (ХV- ХVІІІ ғ. ғ. ) педагогикалық мұраларын бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде пайдалану.
Кіріспе.
І - тарау.
Қазақ ғұламаларының педагогикалық ойларындағы адамгершілік тәрбиесі және олардың қазіргі мәні.
§ 1. 1 Қазақ халқының тарихи- саяси және экономикалық жағдайларының педагогикалық тәлім - тәрбиелік ой - пікірлердің қалыптасып дамуына жасаған алғы шарттық ролі.
§ 1. 2 Жыраулар тәлім- тәрбиелік тағылымдарындағы адамгершілік идеялары.
§1. 3 Шешен - билер толғау арнауларындағы адамгершілік идеялары.
ІІ - тарау.
Қазақ ғұламаларының адамгершілік тәлім - тәрбие көзқарастарын қазіргі бастауыш мектептің оқу - тәрбие жұмысына пайланау.
§ 2. 1 Бастауыш сынып оқушыларына қазақ ғұламалырының тәрбие
тағылымдарын адамгершілік тәрбиеде пайдаланудың қазіргі жағдайы.
§ 2. 2 Тарихи тағылымдарды пайдалануды жетілдіру жолдары.
Қорытынды
Пайдаланған әдебиеттер тізімі
Қосымшалар
МАЗМҰНЫ
Кіріспе . . . 3
І Бөлім. Қазақ ғұламаларының педагогикалық ойларындағы адамгершілік тәрбиесі және олардың қазіргі мәні.
§ 1. 1 Қазақ халқының тарихи- саяси және экономикалық жағдайларының педагогикалық тәлім - тәрбиелік ой - пікірлердің қалыптасып дамуына жасаған алғы шарттық ролі . . . 6
§ 1. 2 Жыраулар тәлім- тәрбиелік тағылымдарындағы адамгершілік идеялары . . . 23
§1. 3 Шешен - билер толғау арнауларындағы адамгершілік идеялары . . . 35
ІІ - бөлім.
Қазақ ғұламаларының адамгершілік тәлім - тәрбие көзқарастарын қазіргі бастауыш мектептің оқу - тәрбие жұмысына пайланау.
§ 2. 1 Бастауыш сынып оқушыларына қазақ ғұламалырының тәрбие
тағылымдарын адамгершілік тәрбиеде пайдаланудың қазіргі жағдайы . . . 43
§ 2. 2 Тарихи тағылымдарды пайдалануды жетілдіру жолдары . . . 54
Қорытынды . . . 68
Пайдаланған әдебиеттер тізімі . . . 70
Қосымшалар . . . 72
Іздену жұмысының нысанына: ХV- ХVІІІ ғ. ғ қазақ ойшылардың педагогикалық идеялары алынды.
Диплом жұмысының мақсатына: қазақ ойшылардың педагогикалық идеяларының тәлім - тәрбие процесіндегі бүгінгі қолдану жағдайы мен оның тиімділігін арттыру алынды.
Диплом жұмысының міндеттері:
- Тарихы кезеңдегі педагогикалық ой - пікірлердің қалыптасып дамуына әсер еткен элеуметтік - экономикалық, мәдени рухани жағдайларға сипаттама беру.
- ХV- ХVІІІ ғ. ғ аралығындағы педагогикалық ой -пікірлердің даму кезеңдерін көрсету және әр кезеңнің мазмұндық ерекшелігін ашу.
- Дала ойшылдарының тәлім - тәрбие идеяларының өзара сабақтастық табиғатын ашу.
- Қазақ ойшылдары педагогикалық ой - пікірлерінің қазіргі ғылым мен білім мен тәрбие беру жүйесін жетілдірудегі ролін көрсету.
- Жыраулар мен би - шешендерінің тағылымдық мұраларын қазіргі оқу тәрбие процесінде пайдалану жағдайын айқындап жетілдіру шарттарын көрсету.
Зерттеу пәні : Бастауыш мектептердегі ана тілі пәні (3-4 сыныптар) .
Іздену әдістеріне: талдау, жалпылама әңгіме, сұрақ жауап, тарихы зерттеу әдістері (тарихы салыстырмалы, тарихы жүйелілік, ретроспективтік) әдістер таңдалды.
Диплом жұмысының құрылымы: кіріспе, 2 тарау, 5 кіші тараушылардан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімін қамтиды.
Кіріспе
Қазақ елінде қазірде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық, саяси өзгерістер, халық ағарту, білім, тәрбие, ғылым cалаларына да ерекше әсерін жасауда. Бұл жағдай бұрынғы рухани құндылықтарымызды тағы да қайта қарауды тарихи жәдігерлерімізді әлі де ашылмай жатқан асылдарды зерделеуді қажет етуде.
Қай заманда болмасын адамзат алдында тұратын мақсат-саналы ұрпақ тәрбиелеу. Болашақ ұрпақ-келешек қоғам иесі. Сол келешек қоғам өресі озық азамат етіп тәрбиелеу-мектептің қоғам алдындағы борышы.
Оқушының ой-өрісін, сана-сезімнің жан-жақты дамуы бастауыш сыныптан басталады. Бастауыш мектептен бастап баланы өмірге дайындау, тәрбиелеу жоғарғы орынға қойылуда.
Бұл ретте сыныпта ғана емес сыныптан тыс жүргізілген жұмыстардың да маңызы зор. Сыныптан тыс жұмыстарды жүргізу барысында сыныптағы оқушылардың оқу ерекшеліктері мен мүмкіндіктерін еске ала отырып, жоспарлы түрде, оқу пәндерінің мазмұнымен тығыз ұштастырыла жүргізілген жұмыстар ғана ойдағыдай нәтиже бермек.
Адамзат тарихының түрлі кезеңдерінде әр өлке өмір сүрген атақты білімпаз, ақылғой даналар айтып, жазып қалдырған, уақыт елегін өтіп, ұрпаұтар зердесіне ұялаған ұлағатты педагогикалық ойлар ұшан-теңіз. Сондықтан тек сабақта ғана емес, сыныптан тыс тәрбие, үйірме жұмыстарында да ұлтымыздың асыл мұраларын дәріптейтіндей, баланың бойына озық әдет-ғұрып, салт-дәстүрлерді сіңіретіндей, имандылыққа, адамгершілікке, ізгілікке тәрбиелейтіндей шешндік сөздер, жыраулардың нақыл сөздерді, мақал-мәтелдерді кеңінен қолдансақ біріншіден оқушылардың тіл орадылығын арттырып, өмірге қөзқарасын қалыптастырса, екіншіден ой-өрісін кеңейтіп, сөздік қорын байытады, үшіншіден балаларды жақсыға үйреніп, жаманнан жиренуге тәрбиелейді. Біздің жарқын болашағымыз - өскелең жас ұрпақтың біліктілігімен байланысты. Жас ұрпақ - өркениетті тәрбие шуағына шомылса ғана, білім нәріне сусындаса ғана мемлекетіміз көгереді егеменді ел іргесі берік болады.
Кезінде қаралғанымен, талданғанымен, әлде рухани қазыналарымызда қалтарыста қалған, байқалмай жүрген байлықтар жоқ емес. Оларды замана талабына сай білім беру тәрбие жұмыстарында лайықты қолдана алмай, қазіргі жас өскіндерімізге, болашақ жеткіншектерімізге өз деңгейінде үлгі-өнеге етуде олқылықтар жіберіп жатқан жағдайларымыз бар екендігі де жасырын емес. Сондықтанда тарихи тұлғаларымыздың талғымдарын мектеп шәкірттеріне әсіресе бастауыш сынып оқушыларына паш етуді, нақты іс-шаралар атап айтқанда мектептен тыс жүргізілетін үйірме жұмыстарында, тәрбие сағаттарында пайдалануды рухани саладағы негізгі мәселелердің бірі деп есептейміз.
Көтеріліп отырған мәселенің көптеген жақтары қазақ ғалымдарының зерттеулерінде қаралған. Мәселен, профессор
Қ. Бержановтың XVIII-ғасырдың XX-ғасырдың 60-шы жылдарына дейінгі ағырту саласындағы орыс-қазақ қарым-қатынасына арналған зерттеулерінде қазақ ғұламаларының тағылымдары да қамтылған. Қазақ оқымыстыларының алғашқы легі қатарында болған
Ш. Қоқымбаевтың 1937 жылғы қорғалған еңбегінде қазақ еліндегі педагогикалық ойлардың, ағарту, мектеп ісі даму мәселелері, сондай ақ Ы. Алтынсаринның рөлі қаралған. Бұл еңбек туралы пед. ғыл. докторы Т. Әлсәтов орынды пікір жазған және ғалымды қазақ мектептерінің тарихы жайлы ғылыми тұжырымдама жасаған алғашқылардың бірі деп бағалайды. Қазақ ғұламалары өміріне қатысты педагогикалық ойлардың -пікірлердің пайда болуы, дамуы мәселелері жайында ғалымдар И. Мадин, И. Сембаев, А. Сыздықов,
Т. Тәжібаев, С. Қалиев, С. А. Узақбаева, А. Көбесов, К. Қожақметовалар т. б. құнды зерттеулер жүргізген. Бұл ғалымдардың еңбегі біздің жұмысымыздың орындалуына негіз болады және көмегі өте зор болды.
Кейінгі кездері тарихшы ғалымдарымызда қазақ хандығының құрылуы оның алғышарттары т. б. факторлары хақында үлкен еңбектер жазды. (Қазақстан тарихы. Бес томдық. Алматы, Атамұра, 1998. М. Қани. Қазақтың көне тарихы. Алматы. Жалын. 1993. 490 б. Жолдасбайұлы С. Орта ғасырдағы Қазақстан: Алматы, Ана тілі, 1995. 176 б. Қозыбаев М. Қ. Жауды шаптым ту байлап. Алматы, Қазақстан, 1994. 192 б. т. б) Бұл еңбектер алғашқы қазақ хандығы тұсындағы елдің әлеуметтік- саяси, экономикалық жәйі туралы, олардың тарихи тұлғаларды тудыруға жасалған ықпалы туралы деректер алуға және тұжырым жасауға үлкен көмек жасады.
Осы еңбектерді оқығанда бізге тарихи тұлғалардың әсіресе жыраулар мен от ауызды орақ тілді шешендердің тағылымдық- ұлағаттарын әліде айрықша зерделей түссек, ұрпақ тәлім-тәрбиесіне қажетті қолдануға керекті дүниелерді толықтыра беруге болатынына көз жеткіздік. Әсіресе бұл мәселе бастауыш сынып оқушылары тәлім-тәрбиесіне қатысты өте қажет мәселе және тарихи тағылымдардың әлеуметі олардың жас өскіндер тәлім-тәрбиесінде жүйелі пайдалануы өте қажеттілікпен сұраныста тұрған сияқты. Осы мәселе бізге диплом тақырыбын”Қазақ ойшылдарының (xv-xvii ғ. ғ. ) педагогикалық мұраларын бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеуде пайдалану” деп алуымызға қозғау болды.
І - тарау.
Қазақ ғуламарының педагогикалық ойларындағы адамгершілік тәрбиесі және олардың қазіргі мәні.
§ 1. 1 Қазақ халқының тарихы саяси және экономикалық жағдайларының педагогикалық тәлім - тәрбиелік ой - пікірлердің қалыптасып дамуына жасаған алғашқы ролі.
XX ғасырдың халқымыз үшін ең елеулі, қуанышты оқиғаларының бірі - еліміздің тәуелсіздік алуы. Бірақ осыны кезекті бір даурықпаға айналдырып алу қаупі аз емес. Ағылшындарда бір мақал бар: "Өткенге қарап бас иіп, ертең үшін қарап білек сыбанамыз" деген. Сонау Абылай бабамыздан бастап, кешегі желтоқсанға дейін азаттық үшін алысқандарға бас иіп, тәуелсіз ел, қабырғалы халық, жұрт санасар ұлт ретінде бел буып, тегеурінді қимыл жасау ұлттық мүддеге айналуда.
Ұрпақ тәрбиесі ертенді күтпейді. Әлемдік заңдылық нормасы тұрғысынан келгенде кемел мемлекетке кажетті барлық кұкық өз қолымызға тиді. Елтаңбамыз, Әнұранымыз, Туымыз, Ата заңымыз - барлығы да біздің басқалармен тең ел екенімізді айқындап тұр. Бірақ бәрібір әлі де аса маңызды шара шешімін толық таппағандай . . .
Ол біздің білім, тәлім-тәрбие беру жүйемізде бәрінің бірдей төрт аяғынан тең басып тұрмағаны. Сондықтан да бүгінгі таңда мектептердің жаңа түрін құру, білім беру процесіне оқытудың мәдени қаруланған арнаулы әлеуметтік технологиясы бар неғұрлым жаңа, казіргі заманға сай әдістемесін жасап ендіру - күн тәртібінде тұрған ең өзекті мәселелердің бірі. Оның тек бұрынғы жүйені өңдеумен ғана шешілмейтінін белгілі жағдай. Шетелдік ғалымдардың пікірі бойынша әрбір ел ілгері карқынды дамуы үшін қоғамдық пікірдің 30 пайызы өткенді талқылауға, 50 пайызы бүгінгі күннің мәселелеріне талдау жасауға, қалған 20 пайызы ертеңгі күнді ойлап, болашақты болжауға жұмсалуы керек екен. Біз болсақ, әлі күнге бар күш-жігер, ақыл-парасатымызды өткен күндерді сынауға, қарғап-сілеуге жұмсап отырмыз. Әрі кеткенде үлттық дәстүрден ажырадық, тарихи сана ұмытылды, ана тіліміз шет қақпай болды, үлкенді сыйлауды койдық, ұлттық ұятын жоғалтқан қыздар, баласынан безген жас аналар, жетімдер үйінде қара бала, қарттар үйінде қара шал көбейіп барады, мектепте еліміздің жер байлығы, тарихы, салт-дәстүрі оқылмайды деуден аса алмай келеміз. Мұның бәрі өзекті өртер шындык, әрине. Бірақ қазір не істеу керек деген сұраққа толық жауап таба білу, болашақтың негізін калау маңызды іс болып тұр. Ұлттың ертеңін ойласақ, бүгінгі бүлдіршіндердің жайын бір сәт те естен шығармауымыз керек.
Тәрбие адам өміріндегі аса мәнді нәрсе. Шынында да кез-келген іс бастапқыда дұрыс басталса, дүрыс аяқталады. "Жерге қандай дән ексең, сондай жеміс күткен жөн"- дейді даналық.
Қазақстан Респубикасының егеменді ел болып, қазақ тілінің мемекеттік тіл мәртібесіне ие болуы, жеткіншектерге білім мен тәрбие беру саясаты туралы заңдардың қабылдануы ұлттық педагогикадан оқу - тәрбие ісінің мазмұнын қайта қарап, жетілдіруді талап етіп отыр.
«Адамға ең бірінші керегі білім емес, тәрбие. Тәрбиесіз берілген білім адамзаттың қас жауы, ол келешекте оның өміріне опат әкеледі» деп Әл - Фараби айтқандай, педагогика ғылымының зерттейтін негізгі категориясының бірі- тәрбие. Тәрбие адам тағдырын ойластырады, болжайды, алдын - ала адамның рухани өмірінің көптеген негіздерін сақтайды, тәрбие алыс пен жақынды адамдарға және өзін қоршаған ортаға қатынас орнатады.
Тәрбие ұлылар өсиетін асқақтата отырып, олардың адамгершілік құндылықтарын ұрпақтан - ұрпаққа жеткізеді. Өйткені өскелең ұрпақ ұлағатты ғақлия сөздермен, тыныс- тіршілігімен, дәстүрлерімен тәрбиеленеді. Тәрбие үрдісінде ғана емес, тәрбие де адамзат тіршілігінің міндетті шарты.
В. Соловьев «адамгершілік бір адамның екінші адамға сыйлай салатын зат емес, ол өзінің тәжірибесі арқылы ғана жететін адамның ішкі жағдайы» деп адамгершіліктің құндылығына ерекше тоқталған.
Қазіргі таңда әрбір жеке тұлғаның құндылық қасиеттерін дамытып, қалыптастыруға аса мән беріліп отырғаны белгілі. Әсіресе ұрпақтан - ұрпаққа мирас болып келе жатқа салт-дәстүр, әдет - ғұрыптар, тарихи - әдеби мұралар арқылы оқушылардың жеке бас қабілетін дамыту мүмкіндігіне барынша көңіл бөлгенін ғылыми - зерттеу еңбектерден аңғарамыз.
Ұлттық бай мұра да «қазақтардың қайталанбас этикалық, психологиялық әлемі әлі жете зерттелмей, зерделенбей жатқан тылсым дүние» екендігі туралы ел басшысы Н. Ә. Назарбаев та атап көрсеткен.
Бастауыш сыныптың мұғалімі ретінде байқағаным - бастауыш сынып оқушысының есте сақтау мен танымдық қызығушылық қабілеті жақсы болады. Егер балаға қызығушылығына қарай жүйелі мәлімдемелер түсіп отырса, баланың дамуы шапшаңдайды. Біз бұл жерде Л. Занковтың идеясын негізге алдық. Ол баланы қоғамдық өмірдің әр-түрлі баланың дамуы үшін туындайтын шегіністерден қашпауымыз керек, әртүрлі баланың дамуына қандай дәрежеде ықпал еткенін айқындай отырып, жүргізу қажет деген ұсынысын зерттеуімізге басшылыққа алдық. Тарихи ескерткіш мұраларға жүргізілген саяхат - сабақтар мен экскурсиялар балалардың танымын қалыптастыруда негізгі орын алатынын практика барысында айқын байқадық.
Әртүрлі жүргізілген саяхат жұмыстары бастауыш сынып оқушыларының ынтымақтастығын жетілдіре түседі. Бұл туралы психолог Л. Выготский: «Дербес жұмыс істегеннен гөрі бала ынтымақтастыққа күштірек әрі ақылдырақ болып, ол өзі шеше алатын интеллектуалды қиындықтар деңгейі жөнінен биікке көтеріледі . . . » дейді.
Жалпы жеке тұлғаның бойындағы адамгершілік құндылықтарын қалыптастыруға байланысты арналған ғылыми - зерттеу еңбектерді зерделеу барысында бастауыш сынып оқушылары мәдени - адамгершілік құндылықтарының қалыптасуы, олардың психологиялық дамуына байланысты арналған еңбектер сараланып, жүйеленгенін байқадық.
Көпұлтты Қазақстан жағдайында аралас мектептегі адамгершілік тәрбие мәселесі В. А. Кимнің еңбегінде негіз болады. Әрбір этникалық топтың бір ұжымда тәрбиелену барысында олардың ұлттық ерекшеліктеріне, салт - дәстүріне, әдет - ғұрыптарына аса мән бере отырып, адам құндылық қасиеттерін қалыптастыруда әр ұлт өкілдерінің ықпалын жан - жақты ашып көрсетеді.
Қоғам дамуының жаңа кезеңінде бастауыш сынып оқушыларын адамгершілікке тәрбиелеудің ғылыми - педагогикалық тұрғыда жүйесін жасаған Р. К. Төлеубекова адамгершілік тәрбиесі адамзат қоғамын үнемі толғандырып келе жатқан күрделі мәселенің бірі. Жаңа әлеуметтік - мәдени жағдайда жеке тұлғаның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуына байланысты, біріншіден, бүкіл адамзат қоғамының даму тарихында адамгершілік тәрбиесінің өзекті болғанын, екіншіден, философиялық, тарихи, әлеуметтік, психологиялық, педагогикалық әдебиеттер мен зерттеулерге талдау жасай келе, адамгершілік адамның тұлғалық құрылымында ең алдымен өзін танып білуі, олармен адамгершілік қарым - қатынасы адамгершілік тәрбиенің бір қыры, үшіншіден, қазіргі жаңа әлеуметтік мәдени орта жағдайында адамның адамгершілік тұрғыдан қалыптасуы өзі өмір сүріп отырған қоғамның және әлеуметтік ортаның, орынды саласы - мектептің алатын орнының маңызы зор екеніне тоқталады.
Алайда бүгінгі қоғамдағы, әлеуметтік - экономикалық кедергілерге байланысты бұл мәселенің көптеген салалары әлі де болса өзінің шешімін толығымен таппай отыр. Мәселені нәтижелі шешу үшін қазақ халқының мәдени - рухани бай мұрасын ғасырлар бойы жинақтап зерттеу қажет. Халық мұрасының ішінде ХV - ХVІІІ ғ. ғ. тұсындағы тәлім - тәрбиелік ой - пікірлер бүгінгі жас ұрпақтың имандылық - адамгершілік асыл қасиеттерін дамытуға, жеке тұлға ретінде қалыптасып, рухани жетілуіне, ата - баба дәстүрлерін қадірлеуге зор ықпал етеді.
Өркениетті қоғамда халыққа білім беру мен ұрпаққа орынды тәрбие беру күн тәртібінде бірінші кезекте тұрады. Бұлардың қалай пайда болғанына, қалыптасып, дамуына, алдағы перспективасына назар аударылады. Осы тұрғыдан алғанда қазақ халқының алғаш рет елдікке қолы жетіп, ХV ғасырдың ортасында, нақтырақ айтқанда 1456 жылы Шу бойында ірге тасы қаланған Қазақ хандығының үш ғасыр бойғы тыныс тіршілігінің (ХV - ХVІІІ ғ. ғ. ) рухани өміріне дем беруші қазақ ғұлама ғалымдарының, ойшыл жыраулары мен (дем беруші) би -шешендерінің тәлім тәрбиелік мұрасын зерттеу көкейкесті мәселе десе болады. Бұл проблеманың көкейкестілігін сондай - ақ педагогика ғылымында тарихи тұрғыда орындалған зерттеу еңбектері де дәлелдейді.
Оның бірден бір себебі - Кеңес үкіметінің тоталитарлық саясаты кезінде ұлт аймақтарында, әсіресе Қазақстан секілді көп этносты республикада оқу ағарту ісінің жайын баяндауда тарихи шындықты бұрмалап көрсету фактілері орын алып келгендігі елгілі.
Бұл жағдайда Кеңес Одағының құрамына енген орыс емес ұлттар тарихы секілді қазақ халқының да тарихы жөндеп тексеруге алынбады. Мұндай барлық прогрессивтік оқиғалар мен құбылыстар орыс еліне тән деп қаралғаны мәлім. Осы айтылғандарға орай орыс тарихы, соның ішінде педагогика тарихы көбірек зерттеліп, ал қазақ педагогикасының әрідегі тарихын зерттеу күні бүгінге дейін назардан тыс қалып келеді.
Педагогикалық ой - пікірдің даму тарихына бұрынғы КСРО ғалымдары: Ф. Ф. Королев, Е. И. Медынский, А. В. Петровский, Г. Н. Волков (Ресей), С. Прангашивили (Грузия), С. Симонян, Г. А. Арутнян (Армения) айтарлықтай үлес қосты. Олардың еңбектері педагогика және психология ғылымын дамытуға белгілі үлес қосумен қатар, бұрынғы одақ құрамындағы мемелекеттердің педагогикалық ой - пікірлерінің, қалыптасып дамуына ықпал жасады.
Соңғы жылдары түркі тектес халықтардың педагогикалық ой -пікірлердің даму тарихына арналған зерттеу ісімен Г. М. Ахмедов, А. Ю. Сендов, А. Ш. Гашимов т. б. (Әжірбайжан), Х. Х. Тллашев, Н. Сафаров, З. Г. Нуридинов, Г. А. Чарыев т. б. (Түркіменстан), Н. Имаева, А. Э. Измайлов (Қырғызстан) айналысуда.
Олардың зерттеу еңбектері бізге қазақ хандығы тұсындағы педагогикалық ой -пікірлердің дамып, қалыптасы тенденцияларын, өзіндік ерекшеліктерін қарастырғанда және оның нәтижелерін қазіргі оқу - тәрбие ісінде пайдалануға байланысты мәселелерді шешуде тірек болды.
Солардың ішінде біздің тақырыпқаорайлас зертеу - Қ. Жарықбаетың еңбегі. Автордың (ХV - ХVІІІ ғ. ғ. ) аралығында тәлім - тәрбиелік ой - пікірлердің даму жолдары көрсетілді.
Біз зерттеуге алып отырған кезең - Қ. Жарықбаев ұсынған қазақтың тәлім - тәрбиелік ой - пікірлері даму кезеңдерінің екінші кезеңі. Ғалымның пікірінше, бірінші кезең - сонау VІ - VІІ ғасырлардан тамыр таратып, бүткіл түркі жұртына ортақ тәлім тәрбиелік ой пікірлердің ілік бастауы. Біздің зертеуде көшпенді ата - бабаның өз ұрпағын қалайша «сегіз қырлы, бір сырлы» етіп қалыптастырғаны жайлы мазмұнданады. Бұл - халықтың ұлттық сана - сезімінің өзіндік ерекшеліктерімен дараланған кезең. Өйткені ХV ғасырдың өзінде ақ қазақ елі дербес ұлт болып қалыптаса бастады, феодалдық мемлекеттің іргесі қаланды. Сайып келгенде, осының бәрі біздің зерттеуміздің басты идеясының бірі болып табылады.
Осы проблеманы зерделеуге қазақ этнопедагогикасының тарихы мен теориясын зерттеп жүрген ғалымдарда (С. Ұзақбаева, М. Балтабаев, С. Қалиев т. б. ) тиісінше үлес қосқаны белгілі. Олардың еңбектерінде ұлттық педагогикадағы тәрбиенің жекелеген жақтары (эстетикалық, адамгершілік, отансүйгіштік, ақыл - ой, еңбек тәрбиесі т. б. ) талдауға алынады.
Бүгінгі таңда елімізде жүріп жатқан жаңару процестері өткен тарихымызды объектівтік тұрғыдан дұрыс бағалауға, мәдени құрылыс саласында, әсіресе ағарту, мектеп оқу - тәрбие ісіне қатысты талай ғасырлар бойы жинақталған тәлім тәрбиелік мұраларды егеменді еліміздің бүгінгі күн талаптарына сай пайдалануға қолайлы жағдайлар тудырып отыр.
Осы тұрғыдан алғанда ұлттық педагогикамыздың маңызды бір бөлігі болып есептелетін қазақ халқының дербес ел болып тарихы аренаға шыққан кезеңіндегі (ХV ғ. - ХVІІІ ғ. ) падагогикалық ойларының өзіндік даму, қалыптасу жолын тұтас та толық, белгілі жүйемен зерттеу көкейкесті мәселенің бірі дер едік.
Біз, қазақ ойшылдарының (ХV ғ. - ХVІІІ ғ. ) педагогикалық мұралары арқылы оқушыларды адамгершілікке тәрбиелеуде жоғарыда аты аталған ғалымдардың, практиктердің ғылыми тұжырымдарын басшылыққа алдық. Әсіресе «Шешендік өнер - ұлттық психологияның бастауы» атты бастауыш сыныптарға арналған бағдарламаның мазмұнын құрастыруда оқулықтың мүмкіндіктерін негізге алдық.
Бастауыш сынып оқушыларына адамгершілік тәрбие берудің ғылыми - теориялық негізін айқындай келе, зерттеуімізге нысана етіп алып отырған ұрпақтан - ұрпаққа жалғасқан тарихи ескеткіш мұралары жайла және қазақ ойышылдарының тәлімдік те, білімдік те мңызының зор екенін зерттеу барысында айқындадық.
Сонымен қатар, Қазақстандағы білім беру жүйесінің әлемдік стандартқа сай 12 жылдық білім беру жүйесіне көшуі кезінде білім берудің негізгі тәлімдік маңызы мол қазақ ойшылдарының педагогикалық мұраларын оқушылардың білімдік деңгейін жетілдіруге байланысты енгізу мүмкіндігі бар екенін атап көрсеткіміз келеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz