Мақал – мәтел, жұмбақ жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері



Кіріспе
І. ТАРАУ Бастауыш сыныптарда ауызекі поэтикалық шығармашылығын пайдаланудың әдіс . тәсілдері
1.1. Бала тілін ширатудың қолайлы құралы
1.2. Жұмбақ адам баласы санасының даму процесінде
ІІ. ТАРАУ Оқушылардың ақыл.ойын дамытуға бағытталған оқыту әдістемелері
2.1. Оқушылардың тілін дамытудағы мақал.мәтел жанры
2.2. Ауызекі поэтикалық шығармашылығы . санамақтар
2.3. Оқушылардың ақыл.ойын дамытудың. оқыту үрдісі
ІІІ. Қорытынды
ІV. Пайдаланылған әдебиеттер
Ж.Баласұғын айтқандай, еліміздің көк байрағындай көлбеңдеп, тәуелсіз мемлекетіміздің тізгінін өз қолдарына мықтап ұстайтын азамат тәрбиелеуде ғасыр бойы пайдаланып келген ауызекі поэтикалық шығармашылығының асыл иректерін – бүгінгі күнге дейін құнын жоймай келген мұраны оқу – тәрбие үрдісінде тиімді пайдалану көкейтесті мәселе. Халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі сан ғасырлық тәжірибесінде мектеп практикасында пайдалануға болатын материалдар баршылық. Бұл материалдар бастауыш мектепте оқытудың құралы бола алады, себебі, олар біріншіден, оқушылардың білім, білік, дағдысын қалыптастырады; екіншіден, логикалық ойлау қаблетін дамытып, ақыл-ой ұшқырлығына, шапшаңдыққа баулиды; үшіншіден, халқымыздың тұрмыс- тіршілігінен мағлұмат беріп, ата – салт – дәстүріне аялы көзқарасты қалыптастырады; төртіншіден, әрбір оқушы осы ата дәстүрі мен әдет- ғұрлы арқылы жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алуға мүмкіндік алады; бесіншіден , оқушыда ұлттық сананы, адамгершілік ізгі қасиеттерді, отан сүигіштікті дамытуға жәрдемдеседі. Бұл материалдарды бастауыш сыныптарда , үйірмелерде , кештерде, т.б. пйдаланудың мәні зор.
1. Ж.Б. Қоянбаев, Р.М. Қоянбаев. ” Педагогика”. Алматы. 2002 ж. 254-269 бет.
2. Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Құдиярова. ”Педагогика”. Дарын. Алматы -2004 ж. 180 бет.
3. З.Ә. Әбілова. ” Этнопедагогика”. Алматы. 1997 ж.
4. Қ. Жарықбаев, С. Қалиев. ”Қазақ тәнім – тәрбиесі ”.Алматы. ”Санат”. 1995 ж. 21-22 бет.
5. Әдібай Табылдеив. ”Халық тағылымы”. Алматы.”Қазақ универсиеті”. 1992. 56 бет.
6. ”Коллективтің құдіреті күші”. В.А. Сухомлинский.
7. Алматы. 1994 ж. 43 бет.
8. Р.Төлеубаева. ”Бала тәрбиесіндегі халықтық педагогика”. Алматы. 1994 ж. 43 бет.
9. Қ. Жұмалиев. Т. Ақшошлақов. ”Қазақ тілі мен әдебиеті”. ”Рауан” баспасы. 1996 ж.
10. С. Тілешова.” Әдебиет оқулығына әдістемелік нұсқау”. Алматы. 1993ж.
11. ”М. Жұмабаев шығармалары”.1983 ж.
12. ”Жалпы білім беретін мектептің оқу бағдарламасы”. 1-4 сынып. Алматы. 1997 ж.
13. С.Рахметова. Р. Қабатаева.Т. Әбдікәрімова.”Ана тілі оқыту әдістемесі”. 1-4 сынып. Алматы. ”Атамұра”.
14. Сабыров Т. Балаларға ақыл-ой тәрбиесін берудің кейбір мәселелері. – Алматы: Рауан, 1989.
15. Жәнібекова С. Оқушылардың ойлау белсенділігін дамыту.// Бастауыш мектеп. 1999, - №7. - 13-15 б.
16. Әбілова З. Ә. Этнопедагогика. – Алматы, 1997. – 232 б
17. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім-тәрбиесі. – Алматы, 1995.– 352 б.

Пән: Әдебиет
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
І. ТАРАУ Бастауыш сыныптарда ауызекі поэтикалық шығармашылығын
пайдаланудың әдіс – тәсілдері

1.1. Бала тілін ширатудың қолайлы құралы

1.2. Жұмбақ адам баласы санасының даму процесінде

ІІ. ТАРАУ Оқушылардың ақыл-ойын дамытуға бағытталған оқыту
әдістемелері

2.1. Оқушылардың тілін дамытудағы мақал-мәтел жанры
2.2. Ауызекі поэтикалық шығармашылығы – санамақтар
2.3. Оқушылардың ақыл-ойын дамытудың– оқыту үрдісі
ІІІ. Қорытынды

ІV. Пайдаланылған әдебиеттер

Курстық жұмыстың мақсаты: Бастауыш мектептің оқыту процесінде ауызекі
поэтикалық шығармашылықтың өте бай үлгілерін пайдаланудың жолдарын ұсыну.

Міндеттері:

1. Бастауыш мектептің оқыту процесінде ауызекі поэтикалық шығармашылық
материалдарын пайдалану мәселелерін көтеріп жүрген зерттеулерді зерделеу.

2. Қазақ тілі пәнінің Фонетика бөлімі бойынша ауызекі поэтикалық
шығармашылық материалдарын пайдаланудың жоспар-бағдарламасын жасау.

Күтілетін нәтижелер: Ауызекі поэтикалық шығармашылықтың өте бай
үлгілері бір жүйеге келтіріледі.

Кіріспе

Менің курстық жумысымның тақырыбы мақал – мәтел, жұмбақ
жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері. Менің жобамның қысқаша негіздемесі
ауызекі поэтикалық шығармашылық материалдары, яғни біздің көзқарасымызша,
халықтың бала тәрбиесінде пайдаланған құралдары (тәрбие құралдары). Оған
санамақтар, жұмбақтар, жаңылтпаштар, қанатты сөздер, мақал-мәтелдер,
шешендік сөздер, айтыс ертегі, аңыздар, т.б. жатады.

Ұлтымыз өз ұрпағын Балаларға оқу, білім берілсін

Сұлу мінез әр өнермен өрілсін , - деп,

Ж.Баласұғын айтқандай, еліміздің көк байрағындай көлбеңдеп, тәуелсіз
мемлекетіміздің тізгінін өз қолдарына мықтап ұстайтын азамат тәрбиелеуде
ғасыр бойы пайдаланып келген ауызекі поэтикалық шығармашылығының асыл
иректерін – бүгінгі күнге дейін құнын жоймай келген мұраны оқу – тәрбие
үрдісінде тиімді пайдалану көкейтесті мәселе. Халықтың ұрпақ тәрбиелеудегі
сан ғасырлық тәжірибесінде мектеп практикасында пайдалануға болатын
материалдар баршылық. Бұл материалдар бастауыш мектепте оқытудың құралы
бола алады, себебі, олар біріншіден, оқушылардың білім, білік, дағдысын
қалыптастырады; екіншіден, логикалық ойлау қаблетін дамытып, ақыл-ой
ұшқырлығына, шапшаңдыққа баулиды; үшіншіден, халқымыздың тұрмыс-
тіршілігінен мағлұмат беріп, ата – салт – дәстүріне аялы көзқарасты
қалыптастырады; төртіншіден, әрбір оқушы осы ата дәстүрі мен әдет- ғұрлы
арқылы жалпы адамзаттық әлемге аяқ басып, өз халқының игілігін басқа
халықтарға жақын да түсінікті ете алуға мүмкіндік алады; бесіншіден ,
оқушыда ұлттық сананы, адамгершілік ізгі қасиеттерді, отан сүигіштікті
дамытуға жәрдемдеседі. Бұл материалдарды бастауыш сыныптарда , үйірмелерде
, кештерде, т.б. пйдаланудың мәні зор.

І. ТАРАУ Бастауыш сыныптарда ауызекі поэтикалық шығармашылығын
пайдаланудың әдіс – тәсілдері

1.1. Бала тілін ширатудың қолайлы құралы

Бүгінгі таңда мектепте математиканы оқыту процесінде ауызекі
поэтикалық шығармашылық материалдарын пайдалану мәселелерін көтеріп жүрген
зерттеулерде жоқ емес.(А.Е.Әбілқасымова , С.А.Ұзақбаева , Қ.А.Сарбасова ,
Г.Н.Жолтаева ,Р.Мәженқызы, Е.Сағындықов , т.б. ) Көрнекті ғалымдар
А.Е.Әбілқасымова , С.А.Ұзақбаева және Қ.А.Сарбасованың әдістемелік
нұсқауларында бастауыш сыныптарда қазақ этнопедагогикасы материалдарының
құрамдас бөлігі – ауызекі поэтикалық шығармашылығын пайдаланудың әдіс –
тәсілдері мен сыныптан тыс жұмыстардың үлгілері көрсетілген. Ауызекі
поэтикалық шығармашылықтың өте бай үлгілерінің бірі – ойын өлеңдері.
Оларда адамдар өмірінің сан-қыры, тұрмыс-тіршілігі, еңбегі , дүниетанымы,
арман-тілегі, болашаққа деген сенімі, ержүректік пен жігерлілікке құлшынысы
және т.б ойын арқылы көрсетілді.

1) Сан ұғымын қалыптастыруға, 10 көлеміндегі сандардың нөмірленуін
игертуге бағытталған ойын өлеңдері санамақтар , қаламақтар, т.б. бірінші
сыныпта балаға сан үйретудің дидактикалық құралы бола отырып, сандардың
ретін, реттік сан есімдерді дұрыс айтуға үйретеді;

2) Санау дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ойын өлеңдері саусақ
санау ойындары оқушылардың нәрселерді дұрыс санай білулерін және цифрларды
нәрсенің санымен орынды сәйкестендіре алуларын қамтамасыз етеді;

3) Есептеу дағдыларын қалыптастыруға бағытталған ойын өлеңдері
 Бәрін бірге ойлап қой , Бәрі қанша құс болды т.б. балаларға есептеу
тәсілдерін үйретуге, ауызша және жазбаша есептеулерді меңгертуге
көмектеседі.

Жаңылтпаш - халықтық шығармалар ішінде баланы дұрыс ста айқын сөйлеуге
үйрететін, тілін дамытатын жанр. Ол туралы С. Сефуллин:
Жастардың, бала-шағаның жиналып ойын-күлкі дүкенін құрған орында айтылатын
айтыстың бірі –жаңылтпаш. Бұл да ертек, өлең, жұмбақ айтысу тәрізді
жастардың тілге ұстануларына, ойнақы, қырлы сөздерді тақпақша атқылап,
билеп еркін сөйлеуге төселу ретінде балаларға жас кезінен сабақ-ойын
болатын нәрсе осы - жаңылтпаш- деген. Жаңылтпаш көбінесе Бастауыш мектеп
оқушыларына лайықты шығарма. Олай дейтініміз- жеке дыбыстар мен айтылуы
қиын кейбір сөздерді дұрыс сөйлеуге үйрету, ол көбінесе балаға ғана тән
нәрсе. Балалардың көпшілігі мектепке келгенге дейін кейбір сөздерді не жеке
дыбыстарды айта алмайды. Кейбір ерке өскен шолжан балалар сақаулана
сөйлейді. Міне, осындай балаларды жастайынан дұрыс сөйлеуге үйретуді
көздеп, халық жаңылтпашты пайдаланған. Балалардың көбінесе дұрыс айта
алмайтын, тілі келмейтін р дыбысы. Осыған байланысты р дыбысын құрайтын
дұрыс айруға бағытталған жаңылтпаштар да көп. Мысалы: Ай, Тайқарбай,
малыңды жадыраға жай, тайқарбай
Ай; Тайқарбай дегенің қай Тайқарбай т.б
Осы жаңылтпашты жылдам айтқызғанда бала жаңылып, р -дың орнына и
дыбысын айтуы да кездеседі
Қазақ халқы баланың тілін ұстарту үшін оған сөз үйретіп, дүниетанымын
дамыту мақсатында жаңылтпаштар ойлап шығарған. Сәбидің тілі шығып алғашқы
сөздерді айта бастағанда кейбір дыбыстарды айта алмай қиналады. Тілін
мүкістендірмей, мүдірмей сөйлеу үшін қиналып айтатын дыбыстарды және сол
кездесетін сөздерді жиі-жиі айтқызып, жаңылмай айтуға жаттықтырған жөн.
Сонда ғана бала өз ойын толық, жүйелі жеткізе алатын болады. Жаңылтпаштарды
жатқа, мүдірмей айту арқылы баланың сөздік қоры байып, ой- қиялы дамиды.
Халық жаңылтпашты бала тіліндегі мүкістікке байланысты шығарған. Мысалы:
с мен ш дыбысын дұрыс ажыратып айту үшін:
Шеше, неше
Кесе сынды кеше,
Сондай-ақ, осы дыбысты шатыстырмай айтуға үйретуге байланысты
Торта қойдым, орта ойдым
Орта қойдым, жорта қойдым.
Деген сияқты көптеген жаңылтпашрады айтуға болады. Жаңылтпашты
айтқызуда алдымен оны жаңылмай тез әрі бірнеше рет қайталау қажеттігін
ескерген жөн. Баланың тілін дамытып, ойлау қабілетін арттыру үшін бірнеше
әр түрлі дыбысқа байланысы білетін жаңылтпаштарын жатқа айтқызу керек Бұл
жастағы балалар неғұрлым жаңылтпашты көп білсе, соғырлым олардың тілі тез
ширап, дыбыстарды анық айтатын болады. Дыбыстарды анық, дұрыс айта алса,
сөзді дұрыс айтып, оның мағынасын меңгередң. Сонымен қатар сөздерді
бұрмалап айтпау үшін ойын айқын да дәл сөйлеуге жаттықтырады.
Жаңылтпаштардың әр сөйлеміндегі баланың тілі келіңкіремейтін сол р, с
дыбысының әлденеше рет қайталанып келуін қарастырған.
Жаңылтпаш баланы дұрыс сөйлеуге үйретумен қатар, оларды айналасындағы
неше алуан көріністермен, өмірмен таныстырады. Балаларды жалықтырмау үшін
жаңылтпаштың сөздері қызықты, күлдіргі және ұйқасты болып келеді.
Балалардың жаттап айтуына оңай да жеңіл тиеді. Жаңылтпаш баланы дұрыс
сөйлеуге үйретумен бірге дұрыс шешім қабылдауға дағдыландырады. Ойын
өлеңдерін қызықты да пайдалы түрлерінің бірі- жаңылтпаш. Ол бала тілін
ширатудың қолайлы құралы, қалай болса солай, мағынасыз айтыла салған сөз
емес, керісінше, ол белгілі бір желіге құрылады, дүниетанымдық, тәрбиелік
мәні бар. Жаңылтпаш балаға жастайынан ана тілінің бай қорын игеруге, таза
майда, анық, әуенді, көркем сөйлеуге көмектеседі, сөзді қастерлеуге
тәрбиелейді. Жастардың , бала-шағаның жиналып ойын-күлкі дүкенін  құрған
орынында айтылатын айтыстың бірі – жаңылтпаш. Мысалы , қазақ тілі
сабақтарында әріптердің дұрыс оқылуын қамтамасыз етуде төмендегідей
жаңылтпаштар қолдануға болады:

1. Ұшы үшкір ұшқыр үш жебе алдым,

Үшеуі де үшкір , ұшқыр деп алдым.

2. Бақ-бақ бақта бар,

Бақа да бақта бар, т.с.с.

Жаңылтпаштардың ішінде – математикалық ұғымдармен байланыстылары да
бар. Мысалы:

Төсек үстінде төрт бөрік,

Төртеуі де көк бөрік,

Төртеуі де көк бөрік,

Көк бөріктер – көп бөрік.

немесе

Бес
мың теңге,

Бес
мың теңге,

Бес
мың күміс теңге.

1.2. Жұмбақ адам баласы санасының даму процесінде

Халық ауыз әдебиетінің бір түрі — жұмбақтар. Балалар фальклорында
жұмбақтар баланың ақыл-ойын дамытып, тіл байлығын жетілдіреді. Баланы
ойлауға, жасырған нәрсенің шешімін табуға жаттықтырады. Жұмбақтың шешуін
табуда оның құпиясы баланы қызықтырып, шешімін айтқызуға мәжбүр етеді.
Баланың ұшқыр ойын іс-әрекетке баулып, ой санасының қызмет етуіне серпін
береді. Академик м ауезов жұмбақтың ерекше орынын көрсете келіп: Кейде
бүкіл бір ертек жұмбақтан тұрады. Әңгімелі әсем жыр, дастан атаулының
талайының жұмбаққа соғып кететіні болады. Ертеде ердің даналығын,
жүйріктігін жұмбақпен санау машық болған Біздің уақытымызда жұмбақ өз
бағасын жойған жоқ. Жұмбақты мектеп оқушылары тілге шешен болу мақсатымен
оқйды, жаттайды. Жастар ойын-сауық кештерінде әлі де ермек етеді. Ата-
ананың жас балаға беретін тәрбиесінде де, баланың ойын тапқырлыққа баулу
үшін де жұмбақтың көп пайдасы бар,- дейді. Жұмбақтың балаларға пайдалы
жағы- өз бойындағы құпияны шештіру, айтқызу арқылы оларға өмірді танытады.
Жұмбақты шешуде бала ойланады, көп нәрсені есіне түсіреді, заттарлың
ұқсастықтары мен айырмашылықтарын іздестіреді, байқауға тырысады. Жұбақ
балалардың ойлау қабілетін арттырумен қатар олардың білген заттарының
бәріне де ой жіберіп салыстырып, қорытынды жасауға және тапқырлыққа
баулиды. Қорыта келе, фольклорлық жанрдың бәрі де адамның өміріне және
еңбегіне тікелей қатысы бар, өзін қоршаған ортаны, табиғатты, бар дүниенің
ішкі мазмұнын жан-дүниесіне әсер етерлік көркем тілмен білдіруге, соны
танытуға үйретуді көздейді. Зерттеуші Ш.Ахметов жұмбаққа мынадай анықтама
берген: Жұмбақ дегеніміз- адамның қай затқа болса да поэтикалық
көзқарасының қандай екенін сынау үшін, бір затты көркем тілмен жұмбақ етіп
суреттеген, халықтық жанрдың бір түрі. Біз зерттеу жұмысымызда жұмбақтың
тәрбиелік мәніне тоқтала отырып, балалардың жас еркешеліктеріне қарай
тақырып мазмұны сәкес жұмбақтарды таңдап алып, онда балалардың ақыл – ойын,
логикасын, тілін даытуға мән бердік. Баланың ақыл-оын дамытуда танымдық
қабылеттерін арттыруда, қиялын шарықтатып, тапқырлыққа тәрбиелеуде жұмбақ
таптырмайтын құрал болып табылады.
Жұмбақтарды жаттап айтумен қатар, кез-келген айтушы өз ойынан
құрастырып та айта береді. Тек жұмбақтың сөздік қисыны, өлеңдік үйлесімі
болуға тиіс. Жұмбақ айту мен жұмбақ айтысты ажырата білу керек. Бастауыш
сынып оқушылары мен білгіштер жарысын, жұмбақ жарысын немесе білгіштер
сайсын белгілі бір тақырыпта немесе мерекеге қарсы ұйымдастыруға болады.
Халық шығармасының жұмбақ түрін зерттеген ғалымдардың айтуына қарағанда,
жұмбақ ертедегі адамдардың, бүкіл ұжымның еңбек, кәсіп ету, тұрмыс-тіршілік
құру тәжірибесінен туған қай кезде болса да жұмбақты еңбекші халық оралымды
ұшқыр сөз, өткірлік, тапқырлық ретінде қолданған. Жұмбақтың алғашқы
үлгілері ертедегі адамддардың тұрмыс-тіршілігіне, еңбек, кәсіп ету
жайларына байланысты туып, кейіннен халық өмірімен біте қайнасқан талай
ғасырмен бірге жасасқан, өзінің қалыптасу және даму процесінде жаңа мазмұн,
жаңа бағыт алып отырған. Осы ойды толықтыра келе, белгілі ғалым М Ғабдуллин
Ойға алған нәрсенің өзін айтпай оның сырт көріністерін, сыртқы белгілерін
қысқаша сипаттауды, солар арқылы жұмбақ етілген затты табуды жұмбақ
дейміз,- деп анықтама берген.
Жұмбақтар мен жұмбақ айтыстар баланың ойын, қиялын шарықтатып,
қисындық пайымдау қаблетін дамытады, оны тапқырлыққа баулиды. Академик
М.Әуезов: Жұмбақ - өткір, ұшқыр ой түйінін топшылаған, поэтикалық қасиеті
күшті, тәрбиенің тамаша құралы. Ол бүгінгі біздің дәуірімізде де өзінің
керектілік қасиетін жойған жоқ - деген болатын. Жұмбақ адам баласы
санасының даму процесінде әр алуан құбылыстарды түсініп, білуге жетектеу,
талпындыру, баланың ой - өрісін, қиялын кеңейтуді көздеген мақсаттан туған.
Ол қара сөз түрінде де, өлең түрінде де, айтыс түрінде де кездеседі,
бейнелі суретпен айтылады. Мысалы: Жұмбақ астында жарты күлеш  , Отқа
жанбас, суға батпас  (мұз) т.б. Жұмбақтар шешендік сөздермен де , мақал –
мәтелдермен де жанасымды.Қазақ жұмбақтарындағы суреттеулер бейнелеу
тәсілінің молдығын көрсетеді. Жұмбақтардың әсемдік дүниесі көзге бірден
шалынады. Олардың сыртқы құрылысы ойнақы, тілге жеңіл, оңтайлы, оқушылардың
рухани қабілеттерін, бәрінен бұрын эстетикалық сезімін дамытады. Сөйтіп,
адамдардың эстетикалық қажеттілік, яғни шындыққа, жақсылыққа, жақсылыққа
және әділеттілікке ұмтылу сияқты ең биік рухани қажеттілік пайда
болады.Мысалы, Ақ сандығым ашылды, ішінен жібек шашылды  күннің көзі -
деген жұмбақтағы басты мағына – күн шапағын жұқа жібек матамен салыстыру,
өрнектелген сандықтың әшекейлігін насихаттау ғана, олардың адам өміріне
қажеттілігін түсіндіру.
Бастауыш мектепте оқыту процесінде жұмбақтарды пайдалану аясы кең, кез
–келген сабақта қолданудың мүмкіндігі мол. Мысалы, дүниетану сабақтарында
табиғат құбылыстарына байланысты жұмбақтарды пайдалануға болады:

1. Көзіне көрінбейді, қаңғуға ерінбейді, Жел

2. Қолы жоқ сурет салады, Тісі жоқ тістеп алады, Аяз

Бастауыш сынып оқушыларын оқыту барысында халқымыздың қазақ
жұмбақтарын сабақтарда оқушылардың ақыл – ойын дамытудың әдістемелік құрал
ретінде пайдаланудың маңызы өте зор.

Математикадан он көлеміндегі сандарды нөмірлеуін оқытуда мынадай
жұмбақтарды пайдаланудың мәні зор:

1. Бір түксіз кілем. Аспан, жер

2. Үстінде екі тауы бар. Түйе

Жүз көлеміндегі сандардың нөмірленуін оқытуда қолдануға болатын
мынадай жұмбақтарды алуға болады.

Ұлағатпен жұмбақ қылып сөз бастайын,

Жаралы бір мақұлық үлкен жайын,

Өзінің басы – жеті , қолы –он екі,

Отыздан саусағы бар қол бас сайын,

Жиырма төрт құлағы бар бір басында ,

Жолдас боп жүрер оның кім қасында ?

12 қол -12 ой, 30 саусақ – 30 күн, 24 құлақ – 24 сағат .

ІІ. ТАРАУ Оқушылардың ақыл-ойын дамытуға бағытталған оқыту
әдістемелері

2.1. Оқушылардың тілін дамытудағы мақал-мәтел жанры
Оқушылардың тілін дамытуда ерекше орын алатын ауыз әдебиетінің келесі
жанры мақал-мәтел.
Мақал - мәтелдер балаларға терең ой салып, көрке, образды сөйлеуге
жаттықтырып, сөздік қорын дамытады.Бала тәрбиесіндегі халқымыз асыл сөзін,
даналық ойларын мақал-мәтелдер арқылы үлгі-өнеге ретінде ұрпақтан-ұрпаққа
жеткізіп отырған. Бала тәрбиесіндегі мақал-мәтелдерді тақырыптық жүйемне
топтап ұсынған. Мысалы: Оқу білім бұлағы, Еңбек, Достық-жолдастық,
т.б балаларға арналған мақалдар білім алуға, оқуға шақыра отырып, олардың
тілін ширатуды көздейді. Еңбек ету, білім алу, жақсы азамат болып өсу үшін
тәрбиенің де жақсы болуы керктігі мақал- мәтелдерде толық қамтылады.
Мысалы: Адам болар баланың кісіменен ісі бар, адам болмас баланың
кісіменен несі бар., т.б Мақал-мәтелдердің адал, достық, жақсы жолдастыққа
баулитын, адамгершілікке жат мінезден аулақ болуға да тәрбиелейтін тұстары
да баршылық. Жаман аттан аяғым артық, жаман жолдастан таяғым артық,
еңбек түбі зейнет т.б. Бала тәрбиесіндегі басты мәселенің бірі- еңбек ете
білуді, үлкендер еңбегін бағалауды үйрету десек, мақал-мәтелдерде бұл
назардан тыс қалмаған.Мысалы деп, оның арты абырой-атаққа, ойлаған мақсатқа
жетуге бастайтынын көрсетеді. Қорыта келе, мақал-мәтелдердің терең мазмұны
мен тәрбиелік мәнін аша отырып, біз өз жұмысымызда пайдалануды жөн көрдік.
Мақал -мәтелдерді тек жаттап алып қана қоймай, оның мағынасын түсіндіріп,
одан баланың өзіне қорытынды жасауға мүмкіндік туғыздық. Ауызекі халық
шығармашылығында мақал – мәтелдер елеулі орын алады. Қазақ халқының
мысалдап, мәтелдеп, мақалдап сөйлейтін ұлттық ерекшелігіне сәйкес мақал –
мәтелдері мол. Ауыздан –ауызға тарайтын бұл жанрды халық жыл сайын
толықтырып отырады. Мақал – мәтелдер жас өрендерді еңбекке, адамгершілікке,
елін сүюге, достыққа, бірлікке тәрбиелейді. Ұлы Абай атамыз мақал –
мәтелдерді жоғары бағалай келіп, оны да талғап пайдалану керек  дейді.
Бастауыш мектептегі кез келген сабақта мақал – мәтелдерді пайдалану
мүмкіндігі мол. Мәселен , Жеті жұрттың тілін біл, жеті түрлі ілім біл,
Жеті атасын білген ер, жеті жұрттың қамын жер т.с.с.мақал – мәтелдер 7
санының қазақтарда қасиетті сан болғанымен байланысты айтылып тұр,
сондықтан оларды 7 санын өткен кезде тиімді пайдалану оқушылардың халықтық
салт – дәстүрлер туралы білімдерін молайтады. Шешендік сөздер баланы сөз
қадірін білуге үйретеді, ата – бабаны ардақтауға тәрбиелейді, философиялық
, данышпандық ой мен өткір сөздің мән – мағынасын сезініп, терең ойлауға,
тауып сөйлеуге құлшындырады, ой қисандарын кеңейтіп, сөз өнеріне
қызықтырады. Жиренше , Сырым батыр, Төле би ,Қаз дауысты Қазбек би, Байдалы
шешендермен қатар қазақ ақындарының шешендік сөздері - ұлы мұра, терең
философия. Мысалы, оқушыларды оқыту процесінде адамгершілікке тәрбиелеуде
шешендік сөздерді қолдануға болады: Дүниеде не қымбат? Алтын үйім – Отан
қымбат , Құт - береке – Отан қымбат, Аймалайтын анаң қымбат, Мейірімді апаң
қымбат , Асқар тауың - әкең қымбат, Туып - өскен жерің қымбат, Кіндік
кескен елің қымбат.(Қазбек би) Ертегілер баланы қызықтырады, сөзді тыңдай
білуге үйретеді, оның қиялын дамытып, адамгершілікке тәрбиелейді ,тілін
ширатып, жан-дүниесін, міне-құлқын қалыптастырады, дарын-нышыандарды
өрнектейді. Сабақтарда оқушыларға ертегі айтып бере отырып, ертегі желісі
сюжет юойынша сабақтың құрылымын жасауға болады. Мысалы, қазақ тілі,
математика пәндерінен  Алтын сақа  ертегісі бойынша сабақты ұйымдастыруға
болады. Ертегі мазмұнын айта отырып, мұғалім баланы жалмауыз кемпірден
құтқару үшін балаларға тапсырмаларды орындау қажет екендігін айтады, ең
алдымен терек басында тұрған балаға көмекке қырдың қызыл түлкісі, одан
кейін сайдың ақ түлкісі, қарлығаш, Төбеттер көмекке келеді, әрбіреуінің
көмегін оқушылар тапсырмаларды орындау арқылы көрсетеді. Сабақты ертегі
түрінде өткізе отырып, мұғалім біріншіден, оқушылардың танымдық
қызығушылығын арттыру арқылы білімділік мақсатты жүзеге асыруға мүмкіндік
туады, екіншіден, ертегі мазмұны бойынша оқушыларды еңбекке тәрбиелейді,
үшіншіден , олардың қиялын, есие сақтауын дамытады.
2.2. Ауызекі поэтикалық шығармашылығы – санамақтар
Санамақтарды математиканы оқытуда сан және санауды үйретудің құралы
ретінде пайдаланудың мәні зор. Халық ауызекі шығармашылығының аса бір
қызықты саласы – қазақ халқының ауызша есептері бастауыш мектепте
математиканы оқытудың қажетті, әрі мазмұнды құралы болып табылады. Оларда
халықтың әр дәуірдегі әлеуметтік-тұрмыстық жағдайы, кәсіби еңбегі,
дүниетанымы, болашаққа деген сенімі, есепке жүйріктігі, ақыл-ойының
ұшқырлығы айқын бейнеленген. Ауызша есептер аса қарапайымдылығымен,
логикалық шымырлығымен, математикалық ойды өмірімен байланыстыру
шеберлігімен, қысқа да бейнелі тілінің түсініктілігімен ерекшеленіп тұрады.
Қысқа да, тұжырымды қазақ халқының ауызша есептері балалардың дүниетанымын
байытады, есепке деген құштарлығын арттырады, танымдық қаблеттерін
дамытады, ой-өрісін кеңейтеді. Әртүрлі тақырыптағы есептер арқылы оқушы
халықтың тұрмыс-тіршілігінен, нақты түсінік алып, халқымыздың кәсіби
еңбегімен танысады. Мұның өзі олардың еңбекке бейімділіктерін, халықтық
дәстүрге сыйлы қатынасын тәрбиелейді. Мақал-мәтелдерде, шешендік Қазақ
халқының тәлімдік мәні зор ой-толғаныстары сөздерде, санамақтарда,
жұмбақтар мен жаңылтпаштарда т.б. көптеп кездеседі. Қазақ халқы өз ұрпағын
бесікке жатқан кезінен бастап –ақ өлең-жыр мен әңгіме, ертегі, тақпақ,
санамақ арқылы тәрбиелеп отырған. Бала аяғын жерге нық басқаннан-ақ
қоршаған ортаныңқұпиясын ғылыми тұрғыдан сезініп, білмесе де, жапан түзде
жалғыз жерлермен жұлдыздарға, түрлі белгілерге қарап жол тауып,
қаршадайынан-ақ есту, көру сезімдері де, құралайды көзге атып түсіретін
мерген де болған. Бір естігенін қалтықсыз есте сақтайтын қаблеті күшті,
әңгімеге үйір көшпелі халықтың баласы небір қызық ертегілерді, жыр-
дастандарды жаттап алады.
Қазіргі білім беру саласындағы даму тенденциясының қарқындылығына орай
кейбір маңызды болып келетін мәселелер өз шешімін таппай отыр. Сондай
өзекті мәселелердің бірі – оқушылардың ақыл-ойын дамытудың
этнопедагогикалық шарттары. Кейбір зерттеуші ғалымдар осы мәселе
төңірегінде сыңаржақ пікірлер айтып жүр. Бір қарағанда зерттеуді қажет
етпейтін, бүгінгі таңда ешқандай маңыз-ыдылығы жоқ сияқты болып көрінетін
бұл мәселені, шындығына келгенде, ертеңгі күнге қалтырмай, дәл бүгін егжей-
тегжейлі зертеу керек деп ойлаймыз. Осы орайда Қазақстан Республикасының
Білім беру туралы Заңында былай деп жазылған: қазақ халқының мәдениеті
мен салт-дәстүрін оқып-үйрену үшін жағдайлар жасау керек. Яғни, еліміз бей-
жай қарап жатқан жоқ, ертеңіміз үшін алаңдап, уайымдауда. Ал осы туындап
отырған мәселені тек мұғалімдер ғана оңтайлы шеше алады. Заңда айтылып
отырған халық педагогикасына қатысты мәселені ғылыми негізде пайдалану және
даму жолдарын іздестіру көкейтесті мәсе-лелердің бірі.

Қазіргі кезеңде республиканың білім беру жүйесінің ең басты мәселесі –
қазақ мектебі түлегінің білім сапасының деңгейін халықаралық дәрежеге
жуықтату. Ақыл-ой тәрбиесінсіз дүниеге адамгершілікті көзқарас, саналы
тәртіп пен орынды мінез-құлық, еңбек нәтижесі, экономикалық білімдер,
дағдылар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жұмбақ, мақал-мәтел, жаңылтпаш, нақыл сөздерді балабақшада пайдалану
Мақал мен мәтелдің өзіндік ерекшеліктері
Балалар әдебиетінің дамуы
Математиканы оқытудың дәстүрлі әдістемесінің кейбір түрлерін көрсету
Мектеп жасына дейінгі балалардың тілін дамытуда қолданылатын халық ауыз әдебиет түрлері
Мақал мәтелдерді, жұмбақтарды, жаңылтпаштарды оқыту ерекшеліктері
Қазақ жаңылтпаштарының зерттелу тарихы
Мәнерлеп оқу практикумы пәні бойынша дәрістер
3 сынып математика сабақтарындағы халық педагогикасының озық үлгілерін пайдалану
Жұмбақпен айтылатын шешендік сөздер
Пәндер