Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану


Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті
ӘОЖ 318. 046:378. 046. 2:378. 046. 4
САДЫКОВА ГУЛЬДАНА
БОЛАШАҚ ПЕДАГОГТАРДЫ КӘСІБИ ДАЯРЛАУДА ДЕҢГЕЙЛЕП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ПАЙДАЛАНУ
6М010300 - Педагогика және психология мамандығы бойынша
педагогика ғылымдарының магистрі академиялық дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация
Ғылыми жетекші:
педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Ш. М. Майгельдиева
Қызылорда, 2012ж
Жұмыс Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінің «Педагогика» кафедрасында орындалған.
Ғылыми жетекші: педагогика ғылымдарының докторы,
профессор Ш. М. Майгельдиева
Ресми оппонент: Тараз мемлекеттік педагогикалық
институты «Педагогика және
этнопедагогика» кафедрасының
меңгерушісі п. ғ. д, профессор Қ. Болеев
Диссертация 2012 жылдың «__» маусымында сағ __ Қорқыт Ата
Атындағы Қызылорда мемлекеттік университетінде (мекен-жайы: 120014,
Қызылорда қаласы, Төле би 36А, №7 оқу ғимараты, Музыка-педагогикалық
факультеті, № __ дәрісхана) қорғалды.
Диссертациямен Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік
университетінің ғылыми-техникалық кітапханасында танысуға болады.
Кіріспе
Диссертацияда шетел, кеңес және Қазақстан педагогика ғылымындағы зерттеулерге сүйене отырып, инновациялық технологияға дайындығы және осы білімнің болашақ педагогтың педагогикалық шеберлігінің қалыптасуына әсері анықталды. Сонымен қатар, деңгейлеп оқыту технологиясының ЖОО−ңда педагогикалық пәндерді оқытуда ерекшелігі әдістемелік тұрғыда негізделді.
Жұмыста студенттердің кәсіби іс−әрекетке әдістемелік дайындауда инновациялық технологияны қолданудың жолдары қарастырылып, эксперимент арқылы зерттелді және сабақ жоспарлары, яғни жоғары оқу орнында деңгейлеп оқыту технологияны педагогикалық пәндерді оқытуда әдістемелік кешені ұсынылды.
Зерттеудің көкейкестілігі: ХХІ ғасырда білім мен ғылым саласында болып жатқан өзгерістер болашақ мамандар даярлауда жоғары мектептің алдына жаңа міндеттер қойып отыр. Осыған орай, бүгінгі әлеуметтік білім беру кеңістігіне сай бейімдеп білім алу, жалпы ғаламдық танымды, ойлауды дамыту, өзінше ғылыми тұжырым жасауға, олардың қажетіне қарай ғылым жетістігін сұрыптауға, студенттің өзінің іс-әрекетінің субъектісі болуына мүмкіндік туғызу - көкейкесті мәселе. Өйткені, тек жоғары білімді маман ғана қоғам мен экономиканың, әлеуметтік және мәдени өркендеудің көшбасшысы бола алады.
Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаевтың 2012 жылғы 27 қаңтардағы «Әлеуметтік-экономомикалық жаңғырту - Қазақстан дамуының басты бағыты» атты жолдауындағы 7-бөлімінде: «Білім беру жүйесін жаңғырту барысында біз үшін келесі іс-шараларды жүзеге асырудың маңызы зор. Біріншіден, оқыту үдерісіне қазіргі заманғы әдістемелер мен технологияларды енгізу. Екіншіден, педагогтар құрамының сапасын арттырудың маңызы зор. Үшіншіден, біліктілікті бекітудің тәуелсіз жүйесін құру қажет, ХХІ ғасырда білім беру ісін дамыта білмеген мемлекет құрдымға кетері хақ. Сондықтан біз болашақта жоғары технологиялық және білікті өнеркәсіп мамандарының шоғырын қалыптастыруымыз қажет. Бұл орайда, Қазақстандағы жоғары оқу орындарының міндеті - әлемдік стандартқа сай білім беру, ал олардан алынған дипломдар дүние жүзі мойындайтындай болуы қажет. Біз әрбір Қазақстан азаматтарының дұрыс мүмкіндіктермен жоғары білім алуына кепілдік беруіміз қажет», - деген болатын [1] .
Жоғары білім - маманға білім, іскерлік және дағды ғана беріп қоймайды, ол жеке тұлға қалыптастырады. Жоғары мектептегі білім берудің басты мақсаты - алдыңғы қатарлы жастар тәрбиелеу, адамзаттың мәдени және өнегелік деңгейі мен оның ой-өрісін арттыру, жоғары білімді маман иелерін дайындау. Білім саясатының өзекті мәселелері-кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту, біліммен қамтамасыз етудің ғылыми-әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың әдістері мен ұйымдастыру түрлерін өзгерту, педагогикалық ғылымдарды ұйымдастыруды қайта құру, ондағы алдыңғы қатарлы оқу-тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою, білімдегі жаңашылдықты саралау, білімді жетілдіру үрдісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру.
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық өзгерістердің ауқымдылығы, күрделілігі білім беру саласына оның ішінде жоғары оқу орындарында білім беру стратегияларына өзгерістер енгізуді талап етеді. Әр түрлі болжамдардың сан алуандығына қарамастан, қазіргі білім беру жүйесін дамыту үрдісінде жаңа оқыту үлгілеріне, мазмұнына, технологияларына, түрлері мен әдістеріне қатысты шығармашылық ізденістердің қарқындылығымен әрі көп түрлілігімен ерекшеленетінін мойындауға болады.
Қазақстан Респубикасының «Білім туралы» Заңында ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде тұлғаны қалыптастыруға, дамытуға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім беру және оның шығармашылық, рухани және тәни күш қуатын жетілдіру, жеке тұлғаның жан-жақты дамуына жағдай жасау міндеті көзделгенін ескерсек, болашақ мамандарды жаңашылдыққа даярлауымыз керек [2] .
Қазіргі білім берудің барлық деңгейлерінде зерттеулік, компьютерлік, жобалық және көптеген өзге де инновациялардың кең ауқымы байқалады. Алайда, бұл инновациялардың басым көпшілігі технологиялық жеткіліксіздігі мен теориялық негізінің әлсіздігі салдарынан жаппай білім беру жүйесіне айтарлықтай ықпалын тигізе алмай келеді. Десек те, жаңа аталмыш үлгілер ескі білім беру парадигмасы шектеулерінің жойылып, оның орнына жаңасының құрылып жатқандығын растай түседі.
Ғылыми педагогикалық әдебиеттерге талдау жасай отырып, жоғары оқу орындарының инновациялық іс-әрекетіндегі қолданбалы тәжірибенің көп түрлілігі Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық ерекшеліктерді ескере отырып, жаңа бағыт-бағдарды айқындауды, теориялық тұрғыдан ұғынуды, жалпылауды және сараптауды қажетсінеді. Мұндай өзгерістер жоғары мектептегі инновациялық білім беру үрдісітерін басқаруға қатысты педагогикалық теория мен практикаға деген көзқарастың жаңа сипатта қалыптасуын талап етеді.
Қазіргі заман педагогтары Б. Әбдікәрімов, М. С. Молдабекова, Т. С. Садықов, А. А. Саипов, Л. Х. Мажитова, Г. Ж. Меңлібекова, Е. Ө. Медеуов, Ж. Ж. Жаңабаев, А. А. Жолдасбеков, Ж. К. Оңалбек, С. С. Маусымбаев, А. М. Абдыров, Б. А. Оспанова, К. М. Беркімбаев және т. б. маманды даярлау үрдісінің психологиялық-педагогикалық негіздеріне, мамандықтың мәніне, өзіндік ерекшеліктері мен функцияларына тоқталады. Оның құрылымын негіздей отырып, маманның іс-әрекетінің кәсіби бағдарын, студенттердің шығармашылық және өздігінен дербес білімін жетілдіруге байланысты ғылыми-әдістемелік бағдар ұсынған.
Жоғары мектептегі білім берудегі болашақ түрлі мамандардың жетілдіру жолдары А. В. Усова, И. Л. Беленок, Б. К. Момынбаев, М. А. Құдайқұлов, Ш. Т. Таубаева, А. Е. Әбілқасымова, А. Б. Абибуллаева, О. С. Сыздықов, А. Г. Қазмағамбетов, Б. Т. Кенжебеков, С. М. Кеңесбаев, Қ. Ералин, Б. Тойлыбаев, К. М. Беркімбаев, А. З. Тұрсынбаев, және т. б. ғалымдардың еңбектерінде әр қырынан талданған.
Жоғары білім беруді ұйымдастыру мен жетілдірудің қазіргі заманғы келелі мәселелері Б. К. Момынбаевтың, Л. К. Керімовтің, С. Ж. Пірәлиевтің, М. Н. Сарыбековтың, С. С. Хасеновтың, В. А. Кимнің, Ж. И. Намазбаеваның, Н. Асановтың, Қ. Б. Бөлеевтің, О. Салимбаевтың, Ж. А. Шоқыбаевтың, Е. Омардың, А. К. Ахметовтың, К. М. Беркімбаевтың және т. б. ғалымдардың еңбектерінде жан-жақты қарастырылған.
Қазақстанда білім беру жүйесіндегі басқару мәселелері де ғалымдардың зерттеу нысанынан тыс қалмады. Оны республика ғалымдары бірнеше бағытта зерттеді. Айталық, жоғары оқу орындарында білім беру жүйесіндегі оқу үрдісін басқару Н. Асанов, Ш. Т. Таубаева, С. С. Хасенов, Е. Ш. Қозыбаев, жалпы орта білім беру жүйесіндегі мектепті басқару Н. А. Әбішев, К. Д. Қарақұлов, кәсіптік-техникалық білім жүйесіндегі оқу үрдісін басқару Б. К. Момынбаев, К. Ө. Өстеміров, оқу-өндірістік комбинатты, жастарға еңбек және экономикалық білім беруді басқару Қ. Ж. Аганина, А. М. Мүсілімов, Г. Т. Хайруллин және т. б. ғалымдардың еңбектерінде көрініс тапқан.
Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беру үшін инновациялық іс-әрекеттің ғылыми-педагогикалық негіздерін меңгеру маңызды мәселе болып табылады.
Инновациялық үрдісітерді зерттеу барысында жүйенің бір жағдайдан екінші жаңа жағдайға көшуі және жаңалықты енгізу үрдісіне басшылық жасау мәселелерін зерттеу маңыздылығы алыс және жақын шетел ғалымдарының К. Ангеловски, М. В. Кларин, В. Я. Ляудис, М. М. Поташник, С. Д. Поляков, Т. И. Шамова, О. Г. Хомерики, Н. Р. Юсуфбекова, В. И. Загвязинский, П. И. Пидкасистый, Н. И. Лапин, А. И. Пригожин, Ю. Н. Кулюткин, А. К. Маркова, Н. Д. Никандров, Я. А. Пономарев, В. А. Сластенин, Л. С. Подымова, Л. Н. Фридман және т. б. еңбектерінде қарастырылған.
Қазақстан Республикасында білім беру саласындағы педагогикалық инновация мен оқытудың жаңа технологиясы мәселелерін Ш. Т. Таубаева, Н. Н. Нұрахметов, С. Н. Лактионова, Е. З. Батталханов, Қ. Қ. Қадашева, Т. О. Балықбаев, Ж. А. Қараев, Г. К. Нұрғалиева, К. Бұзаубақова, С. Д. Мұқанова, Н. И. Хван, Л. Е. Румянцева, З. У. Имжарова, М. М. Мұқаметқалиқызы және т. б. педагог ғалымдар зерттеген.
Соңғы жылдары осы саладағы жұмыстардың көлемі арта түсіп, жалпы педагогикалық инновацияға, оның ішінде инновациялық білім беру үрдістеріне қатысты бірқатар аспектілер зерттеле бастады.
Атап айтар болсақ, С. А. Көшімбетова оқу-тәрбие үрдісінде оқытудың инновациялық әдіс-тәсілдерін пайдалану, Қ. М. Нағымжанова бастауыш сынып мұғалімінің инновациялық іс-әрекетін қалыптастыру, Д. Р. Принбекова мектеп басқарушыларының инновациялық дайындығын негіздеп, кәсіптік ерекшеліктерін қалыптастыру мәселелерін қарастырған.
Сонымен қатар, К. А. Сарбасова жоғары оқу орындарында бастауыш сынып мұғалімдерін дайындау үрдісін зерттеп, инновациялық педагогикалық технологиялар мүмкіндіктерін айқындаған. Инновациялық педагогикалық технологиялары негізінде мұғалімдердің дайындығын дамыту жолдары белгіленген.
С. А. Абдыманапов заманауи университет білімінің структуралық диверсификациясын талдап, университет білімін қалыптастыру әдістемесін (функциялары, макропринциптері, бағыт-бағдарлары, инновациялық технологиялары) жетілдірді. Білім жүйесінің тиімділігін арттыру және оны жетілдірілген потенциалға келтіру мақсатында білім беру саласына белсенді ақпартану қажеттілігін көрсетті.
Е. Ш. Қозыбаев үздіксіз көп деңгейлі жоғары педагогикалық білім жүйесі үздіксіз білім мазмұнын интеграциялық тұрғыдан құру, басқару жүйесіндегі субъект - субъектілік өзара әрекет, білім сапасын басқарудың инновациялық механизмдері арқылы бітірушілердің педагогикалық дайындығының қажетті сапасын қамтамасыз етуге қабілетті екендігі анықтаған.
Т. А. Линчевская Қазақстан Республикасындағы орта білім жүйесіндегі инновациялық үрдісітерді қарастырып, "инновациялық мектеп" түсінігі мен оның тұжырымының маңызын айқындаған. Қазақстан Республикасында инновациялық түріндегі оқу орындарының қызмет көрсету тәжірибесі жинақталып, қалыптасу және даму ерекшелігі айқындалған.
К. С. Құдайбергенева жалпы білім беру мектептерінде мұғалімдердің "өз мүмкіндіктерін жүзеге асыру", "мұғалімдердің өз кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асыруға даярлығы", "атаулы мектеп", "инновациялық топ" базалық ұғымдарды нақтылап, мұғалімдердің өз кәсіби мүмкіндіктерін жүзеге асыруға даярлық үлгісін әзірлеген.
Г. Д. Такенова колледжді менеджмент негізінде инновациялық басқарудың принциптері мен функцияларын қарастырған. Инновациялық басқарудың структуралық-функционалдық үлгісін айқындап, колледждің ішкі инновациялық басқару жүйесін қолдануы және көрсеткіштер бойынша колледж қызметінің тиімділігін арттыру арасында өзара байланысын дәлелдеген.
Қазіргі педагогикалық теорияда мұғалімнің кәсіби білім деңгейі оның кәсіби қызметінің құрылымы мен жалпы педагогика ғылымының даму бағытымен анықталады. Осы мәселелер, атап айтқанда мұғалімнің кәсіби қызметінің әр бағыттағы ғылыми зерттеу жұмыстарына арқау болады.
Ұстаз табиғаты, оның абырой-беделі туралы ой-пікірлердің іргетасын қалаған классик-ғалымдарымыз - Я. А. Коменский, Ы. Алтынсарин, А. Байтұрсынов, М. Жұмабаев және т. б. ғалымдардың айтулы еңбектері бүгінгі ғылымның болашағы деуге әбден болады.
Алайда, бұл еңбектерде жоғары оқу орнындағы білім беру үрдісінде оқытудың инновациялық технологияны енгізудің педагогикалық шарттарының мәселелері ғылыми тұрғыда жеке мәселе ретінде зерттелмеген.
Оқу процесіне инновациялық технологияларды енгізудің негізгі өзекті мәселесі - ғылым негіздерін саналы түрде оқытушымен қатар түрлі педагогикалық-психологиялық әдістерді қолдана отырып мақсатты және жүйелі түрде жас жеткіншектердің интеллектілік, шығармашылық ойлауын дамыту, қазіргі өмір талабына сай экономикалық көзқарастары мен белсенділігін қалыптастыру. Оларды кәсіпкерлікке баулу, өзбетінше білім алу және еңбек ету дағдыларына негіз салу болып табылады.
Ж. А. Караевтың ғылыми монографиясы «Үш өлшемді әдістемелік жүйе педагогикалық технологиясы» қазір Қазақстанның бар аймағында ғылыми-тәжірбиеден, сынақтан өтіп, оқыту жүйесінің белсенді әдісіне айналды. Үш өлшемді әдістемелік жүйеде, оқыту келесі формула бойынша анықталады: мақсат-мотив- іс-әрекет - рефлексия-теориялық білім.
Педагогика ғылымының докторы, Ж. Қараевтың деңгейлік оқыту жүйесі туралы іліміне сүйеніп, әр пән бойынша деңгейлік тапсырмалар дайындауға болады. Профессор Ж. Караевтың деңгейлеп-саралап оқыту технологиясы жаңаша өзгерген мақсатпен студенттердің өздігінен танып, іздену іс-әрекеттерін меңгертуді талап етеді.
Демек, ғылыми-педагогикалық әдебиеттерде көрсетілген жоғары мектепте инновациялық білім беру үрдісітерін басқарудағы педагогикалық шарттарды тәжірибесіне сараптама жасау оның негізгі қарама-қайшылығын ашуға мүмкіндік туғызды. Бұл - жоғары оқу орындарына инновациялық білім беру бағдарламалары мен технологияларын жаппай, бейберекет енгізу мен жоғары мектептегі білім беру үрдісінде оқытудың инновациялық технологиясының педагогикалық шарттарын енгізудің ғылыми-педагогикалық негізі мен оны дамытудың педагогикалық шарттарының жеткіліксіз зерттелуі арасындағы қарама-қайшылықты сипаттайды. Осылайша, Қазақстандағы әлеуметтік-экономикалық қайта құру жағдайында жоғары мектептегі деңгейлік технологияны енгізудің теориялық негізін және оларды ұйымдастырудың педагогикалық шарттарын анықтау, психологиялық-педагогикалық тұрғыда сараптау мәселесі туындайды.
Жоғары мектептегі білім беру үрдісінде оқытудың деңгейлік технологияларды енгізудің түбегейлі түрде қарастырылмағаны және көтеріліп отырған мәселенің көкейтестілігі біздің зерттеу тақырыбымызды « Болашақ педагогтарды кәсіби даярлауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдалану » деп таңдауымызға негіз болды.
Зерттеудің нысаны: Жоғары мектептегі білім беру үрдісіндегі инновациялық технологиялар
Зерттеудің пәні: Жоғары мектептегі білім беру үрдісінде деңгейлеп технологиясын қолдану процесі
Зерттеудің мақсаты: Жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуда деңгейлеп оқыту технологиясын қолдануды теориялық негіздеу және практикалық жүзеге асыру
Зерттеудің міндеттері:
- Жоғары мектептегі білім беру үрдісінде оқытудың деңгейлеп оқыту технологиясын ендірудің теориялық негіздерін анықтау;
- Жоғары оқу орнындарында студенттерге педагогикалық пәндерді оқытуда деңгейлеп оқыту технологиясының ғылыми-педагогикалық негіздерін анықтау;
- Жоғары оқу орны студенттеріне деңгейлеп оқыту технологиясы арқылы педагогикалық пәндерді оқытудың моделін құрастыру;
- Болашақ педагогтарды даярдауда деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланудың тиімді жолдары мен әдістерін анықтау және практикалық негіздеу;
- Педагогикалық пәндерді оқыту үшін деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланудың тиімділігін эксперимент жүзінде тексеруден өткізу:
Зерттеудің болжамы : егер жоғары мектептегі білім беру үрдісінде педагогикалық пәндерді оқытуда оқу процесіне сәйкес деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланудың ғылыми-педагогикалық негіздемесі жасалып, педагогикалық шарттары анықталса, онда жоғары оқу орындарында педагогикалық пәндерді оқытуда кәсіби білім берудің қазіргі талаптарына сай келіп, студенттердің педагогикалық пәндерді меңгеруінің сапасы артады, деңгейлеп педагогикалық технологияны пайдаланудың ғылыми әдістемелік жүйесі ұсынылады, білім мазмұнының күшті адамилық (гуманитаризация) сипат алады өйткені, жоғары мектептегі студенттердің білім алуға деген қызығушылығы артып, бағдарлық, жүйелік инновациялық және іс-әрекеттік аспектілері жүзеге асады.
Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негізін : философия, педагогика ғылымындағы теориялық-әдіснамалық теориялар, теория мен тәжірибе арасындағы байланыстар туралы қағидалар, философиялық ілімдер, педагогикалық эксперимент жүргізу және математикалық статистика ілімі, жүйелілік теориясы туралы ілімдер құрайды.
Зерттеу көздері: Қазақстан Республикасының Конституциясы, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңы, Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасы, 050103-Педагогика және психология» мамандығы жалпыға міндетті білім берудің мемлекеттік стандарттары, зерттеу проблемасына қатысты философтардың, психологтардың, педагогтардың, әдіскерлердің еңбектері, білім беру мәселесіне арналған ресми құжаттар, педагогикалық оқулықтар, ғылыми-теориялық материалдар, мерзімді басылымдар жарияланымдары.
Зерттеудің жетекші идеясы: Қазіргі замаңғы даму процесіне сай қоғамның талабы мен сұранысын қанағаттандыратын педагог мамандарын даярлау үшін деңгейлеп оқыту технологиясын қолданудың тиімділігін педагогикалық пәндерді (педагогика, дидактика, тәрбие теориясы) оқытуда деңгейлеп тапсырмаларды қолданудың тиімді жолдарын анықтап, «Педагогиканы оқыту әдістемесі (деңгейлік оқыту технологиясы негізінде) » атты арнайы курс бағдарламасын жасап, оқу үдерісіне еңгізу, педагогикалық пәндерді оқытуда деңгейлік тапсырмаларды пайдаланудың тиімділігін дәлелдеу.
Зерттеу базасы: Қорқыт ата атындағы ҚМУ-ң 5В010300 «Педагогика және психология» мамандығының студенттері.
Зерттеу нәтижелерін сынақтан өткізу және практикаға ендіру. Зерттеу нәтижелері эксперимент барысында жүзеге асты және Республикалық конференцияларда баяндалды (2010, 2011 ж), сондай ақ жарық көрген 2 мақалаларда көрініс тапты.
Зерттеудің әдістері : жұмыстың зерттелу барысында бірін-бірі толықтырып отыратын теориялық, педагогикалық-психологиялық әдебиеттерге талдау, жаңа педдагогикалық тәжірбиелерді жинақтау және зерттеу, отандық және шетелдік зерттеулерге салыстырмалы талдау жасау, модельдеу, жалпылау және эмпирикалық бақылау, әңгімелесу, тестілеу, педагогикалық тәжірибе, студенттердің іс-әрекет нәтижелерін зерделеу; тәжірбиелік-эксперимент жұмысы және оның нәтижелерін талдауда логикалық (салыстыру, талдап қорыту, топтау) әдістерін, математикалық статистика сияқты әдістер пайдаланылады.
Зерттеудің кезеңдері:
Бірінші кезеңде Зерттеу тақырыбы бойынша зерттеу процедурасы жасалып, проблеманың теориясы мен қазіргі жағдайы қарастырылды, зерттеудің әдіснамалық базасы, мақсаты, міндеттері, нысыны, пәні, болжамы, жетекші идеясы анықталды; материалдар жинақтау басталды.
Екінші кезеңде Жиналған материалдарды, ғылыми-теориялық талдау, жүйелеу және қорытындылау жүргізілді, зерттеу проблемасы нақтыланды. Магистрлік диссертацияның теориялық бөлімі жазылып, экспериментке материалдар дайындалды.
Үшінші кезеңде Эксперимент жүргізіліп, алынған мәліметтерді жүйелеу және қорытындылау жүргізілді; қорытындыларды рәсімдеп магистрлік диссертация қорғауға даярланды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық мәнділігі:
- жоғары мектепттердің білім беру үрісінде педагогикалық пәндерді оқытуда деңгейлеп оқыту технологиясының ғылыми-педагогикалық негіздері айқындалды;
- студенттерге педагогикалық пәндерді оқытудағы деңгейлеп оқыту технологиясын пайдаланудың педагогикалық шарттары нақтыланып, тексеруден өткізілді;
- жоғары мектептегі оқыту үрдісінде инновациялық технологиялар білім мазмұнына қарай іріктеліп ұсынылды:
Зерттеу нәтижелерінің дәлелділігі мен негізділігі алғашқы әдіснамалық және теориялық көзқарастармен; практикалық жұмыс мазмұнының ғылым и аппаратқа сәйкестілігімен; зерттеу проблемасын зерделеуде зерттеу міндеттеріне барабар әдістер кешенін пайдаланумен; зерттеу деректерінің дәлелділігімен; тәжірибелі-әдістемелік жұмыстарының жоспарлы кезеңділігімен; ұсынылған әдістеменің тиімділігімен; бастапқы және соңғы көрсеткіштердің нәтижелерін қорытындылауымен; олардың тиімділігін тәжірибелі-эксперименттік жұмыстар арқылы тексеруімен және оқу-тәрбие үрдісіне кешенді ендірілуімен дәлелденді.
Диссертацияның құрылымы: диссертациялық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
Қазақстан Республикасында жоғары білімді дамыту стратегиясы Республика Конституциясының қағидаларына, ел Президентінің халыққа арнаған «Қазақстан - 2030» жолдауына, ЮНЕСКО-ның халықаралық білім саясатының материалдарына және т. с. с. негізделеді. Жоғары білім мемлекет қызметінің барлық салаларына түгел ықпал етеді.
Бүгінгі күнгі білім ордалары - жоғары оқу орындарының басты міндеті мен мақсаты жақсы адам - білікті мамандарды дайындау екендігі даусыз . Заман талабы өзгерген сайын жоғары оқу орындарына қоғам тарапынан қойылатын талап та өзгереді. Қазақстан Респуликасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың мемлекеттің болашақ дамуына арналқан «Қазақстан - 2030» бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы, адам сүйгіштігі және жаћандануы арқылы мәдениет жасаушылық, интеграциялық роліне ерекше мән берген болатын. Осыған байланысты елімізде жоғары білім беру саласы соңғы жылдары өзгерістерге ұшырап, жаңа бағыт іздеу жолында.
Зерттеу тақырыбымыз бойынша, ғылыми әдебиеттерді талдай келе, біздің еліміздегі білім беруді дамытудың қазіргі замаңғы кезеңін − оқытудың дәстүрлі түрінен инновациялық әдістерге ауысатын өтпелі кезең деп сипаттауға болады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz