Қазақ отбасындағы бойжеткен тұлғасының қалыптасуының психологиялық ерекшеліктері


ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті
Психология және әлеуметтік педагогика кафедрасы
БІТІРУ ЖҰМЫСЫ
ҚАЗАҚ ОТБАСЫНДАҒЫ БОЙЖЕТКЕН ТҰЛҒАСЫНЫҢ ҚАЛЫПТАСУЫНЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
050503 - психология және шет тілі мамандығы бойынша
Орындаған:
ППФ, Психология және
шет тілі мамандығы
күндізгі оқу бөлімінің
4-курс студенті
Құсайынова Мөлдір.
Ғылыми жетекшілер:
психол. ғыл. кандидаты,
доцент м. а.
Абдрахманова Р. Б.
аға оқытушы Бейсембаева К. Д.
Кафедра меңгерушісі:
психол. ғыл. докторы,
профессор Каримова Р. Б.
Алматы, 2008 жыл
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . 3-5
І-тарау. Қазақ отбасындағы бойжеткен тұлғасының қалыптасуындағы ата-ананың әсері . . 6-44
1. 1 . Шетел ғалымдарының отбасына байланысты теориялық тұжырымдары . . . 6-11
1. 2 Ресей ғалымдарының ата-ананың тәрбиесіне бағытталған
ой-пікірлері . . . 12-33
1. 3. Қазақстандағы ғалымдардың отбасы жағдайына арналған ғылыми ізденістерін пайдаланып бойжеткен тұлғасын қалыптастыру . . . 34-44 ІІ-тарау. Қазақ отбасындағы бойжеткен тұлғасының қалыптасуының психологиялық ерекшеліктерін эксперименталды зерттеу . 45-50
2. 1. Эксперименттің мақсаты, міндеттері, болжамы . . . 45-46
2. 2. Зерттеу әдістемелеріне сипаттама және жүргізілуі . . . 47-48
2. 3. Зерттеу нәтижелерін талдау және өңдеу . . . 49-50
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 51-52
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 53-56
ҚОСЫМША . . . 57-65
КІРІСПЕ
Жұмыстың өзектілігі: Жасөспірім кезеңде ата-ананың тәрбиелеу позициясы ерекше орын алады. Осы кезде ата-ана өз баласының жеке тұлға екенін түсінгені жөн. Бұл кезеңде бала өмірінің түрлі саласында қарқынды дамулар орын алады. Сондықтан бұл кезеңді «балалық шақтан ересек кезеңге өту кезеңі» деп атайды. Бұл кезде жасөспірім бала өмірінде түрлі дағдарыстар, қиындықтар орын алады. Дәл осы кезеңде мінез-құлық және оның формасы қалыптасады. Мінез-құлық баланың алдағы өмірінде оның өмірін, физиологиялық және психологиялық денсаулығын, қоғамдық және жеке кемелденуін анықтайды. Сол себепті отбасы мен мектеп ұжымының осы мәселедегі орны ерекше.
Жасөспірім кезең дегеніміз - баланың жетістіктерге жету, білім алу, өзіндік «Мен»-ін ашу, жаңа әлеуметтік позицияға ие болу кезеңі. Сондай-ақ бұл кезеңде бала өмірге сәби көзқарасымен қарайтын және жауапкершілігі аз кезеңмен қоштасады да өзіне және өзінің мүмкіндіктеріне күмәнмен қарайтын кезеңге қадам басады.
Отбасы жасөспірім тұлғасы қалыптасуында маңызды роль атқарады. Отбасы жасөспірімді адамдармен қарым-қатынас орнатуға өз әсерін тигізеді және оның тұлғалық дамуына жан-жақты әсер етеді. Жасөспірім кезеңде ата-ана баласы үшін өмірдегі күрделі мәселелерді шешеу кезіндегі ақпарат алу және тәжірибенің қайнар көзі болып табылады. Жасөспірім тұлғасының қалыптасуының психологиялық міндеттері ата-анасы мен жасөспірім арасындағы эмоционалды, мінез-құлықты және нормативті эмансипациямен байланысты. Ата-ана мен жасөспірім арасындағы қарым-қатынас жасөспірімнің отбасымен мінез-құлқы, оның сыртқы кескін-келбетін сипаттайды. Бірақ жасөспірімнің көпшілігі әкесінен гөрі анасымен көп сырласады. Жасөспірімнің қалыптасуына үйдегі жағдай үлкен әсерін тигізеді.
Үлкен адамдармен өзара қарым-қатынас, яғни соның ішінде атасы және әжесімен өзара қарым-қатынаста болу баланың отбасындағы әлеуметтену процесінде ерекше орын алады.
Ең алдымен ата мен әже отбасылық салт-дәстүрлерді, тарихты дәріптеуші болып саналады. Осындай отбасылық мәліметтер жасөспірімнің құндылықтар жүйесінің қалыптасуына әсер етеді. Сонымен қатар үйдегі үлкен кісілер жасөспірімге өз ата-анасын жақсы түсінуге көмектеседі. Әжесі мен атасы немерелеріне үлкендерді сыйлау, оларға құрмет көрсету керектігін әрдайым айтып, еске салып отырады.
Ежелден атам қазақ «қыз өссе - елдің көркі» деген жақсы ниетпен қыз баласы оң жақта барынша нәзік аялаумен қатар «қызға қырық үйден тыйым» деп көптеген шектеулер мен әдептілік пен инабаттылыққа тәрбиелеуді дәстүр еткен. Бойжеткен тұлғасының қалыптасуы туралы ой-пікірдің дамуына қазақстандық ғалымдар, ізденушілер өз үлестерін қосуда. Атап айтсақ, Қ. Б. Жарықбаевтың еңбектеріне көңіл аударған жөн.
Қазақ ұғымында 15-16-ға келген бойжеткен - ақыл-есі, дене-бітімі, келбет-кескіні кемелденген, отау құруға жарап қалған қыз бала. Қай халықта болмасын қыз әдемілік пен әдептіліктің, сұлулықтың баламасы іспеттес.
Зерттеу жұмысының мақсаты - қазақ отбасындағы бойжеткен тұлғасының қалыптасуындағы ата-ананың тәрбиелік ықпалын арттырудағы психологиялық аспектілерін қарастыру.
Зерттеу объектісі - ата-ана мен бойжеткен.
Зерттеу пәні: ата-ана мен бойжеткен арасындағы өзара қарым-қатынастың ерекшеліктері мен өзара ықпалы.
Зерттеу жұмысының міндеттері:
- Шетел және Ресей ғалымдарының бойжеткен тұлғасына байланысты ғылыми еңбектерін талдау;
- Қазақстандағы отбасы мәселесіне арналған ғылыми еңбектерді қарастыру;
- Тәжірибелік зерттеу жүргізу.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер ата-ана мен бойжеткен арасындағы қарым-қатынас дұрыс бағытқа қойылса, онда тәрбие жұмысының нәтижесі жоғары деңгейге көтеріледі.
Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негіздері: И. С. Кон, ерлі-зайыпты Р. Т. Байярд, Владин В, Капустин Д, Ковалев С. В., Реан А. А., Базарбаев Ж., Жарықбаев Қ. Б., Қалиев С. Қ., Күләш Бейсенбіқызы, Шерьязданова Қ. Т., Ауталипова У. И. және т. б теориялары, ғылыми зерттеулері алынды.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Қазақстанда бұрын зерттелмеген бойжеткен тұлғасының отбасындағы қалыптасу проблемаларын анықтау.
Зерттеу әдістері: ата-аналарға арналған тест жүргізу, әңгімелесу, бойжеткендерге арналған тест жүргізу, анкета толтыру арқылы бойжеткендерді бағалау, әдістемелер. (Ч. Спилберг және Ю. Л. Ханин)
Зерттеу жұмысының базасы: эксперименталды тәрбие жұмысы Әлия Молдағұлова атындағы орта мектептің 11 «а» және 11 «б» сынып бойжеткендері және сол бойжеткендердің ата-аналары.
Жұмыстың құрылымы: бітіру жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен, қосымшадан тұрады. Жалпы жұмыс көлемі - 65 бетті құрайды.
І-тарау. Қазақ отбасындағы бойжеткен тұлғасының
қалыптасуындағы ата-ананың әсері.
1. 1. Шетел ғалымдарының отбасына байланысты теориялық
тұжырымдары
Жасөспірім кезеңде ата-ананың тәрбиелеу позициясы ерекше орын алады. Осы кезде ата-ана өз баласының жеке тұлға екенін түсінгені жөн. Осы туралы шетел ғалымы А. А. Реанның келесі жүйеленген пікіріне көңіл аударған жөн.
Отбасы үйлесімінің бұзылуы дегеніміз - өзінің міндеттерін атқармайтын, отбасы мүшелерінің қажеттіліктерін жеткілікті түрде қанағаттандырмайтын отбасы. Үйлесімі жарасқан отбасындағы рөлдердің құрылымы біртұтас болуы керек. Үйлесімі бұзылған отбасында бала мынадай рөлдер атқарады:
- Отбасындағы бәрінің жақсы көретін адамы - бұл дегеніміз балаға шамадан тыс көңіл бөлу. Бұл ерлі-зайыптылар қатынасының ата-аналарды себепті орын алады.
- «Нәресте» - кішкене баланы отбасы мүшелері кішкентай бала деп қабылдауы. Кейде ата-аналар кішкентай баланы анағұрлым жақсы көретіндіктерін айтып отырады.
- «Тентек» - Мұндай балалардың мінез-құлқының кейбір белгілерін ата-ана толығымен қабылдамайды. Мінез-құлықтың осындай белгілеріне агрессивтілік, жалқаулық, ішімдікке құмарлық т. б. жатады.
- «Вундеркинд» (ақыл-ойы тез дамыған) - отбасының сенімі. Ата-ана өзінің қанағаттандыра алмағандарын баласының қанағаттандыруын талап етеді.
- Бәріне кіналы болып саналатын бала - бұның негізіне негативті, яғни жағымсыз эмоцияларды бір адамға бағыттау жатады. Мұндай бала көп жағдайда өзі үшін жауап бере алмайды және өзін қорғай алмайды.
- «Соттың» роліндегі бала. Бұндай бала татуластырушының рөлінде болады. Отбасылық өмірдің қиыншылығын кішкене кезінен бастап көрген бала отбасылық дау-дамайларға өзінше баға береді. Ата-анасы дау-дамайға баланы араластырады.
Отбасындағы эмоционалды қарым-қатынастар маңызды рөл атқарады. Осының нәтижесінде отбасы мүшелері өздерін біртұтас қауымдастық деп санап, бір-біріне деген жылылықты және қолдауды сезеді. Отбасының эмоционалды қарым-қатынасының бұзылуы жасөспірім тұлғасының қалыптасуына кері әсерін тигізеді. Эйдемиллер Э. Г. және Юстицкис Ю. Б. ата-ананың жасөспірімге деген қарым-қатынасының жиі бұзылуы 2 түрге бөлді.
1. Ата-аналық сезімдердің дамымағандығы. Бұл ата-ананың жасөспірім баласының не істеп жүргеніне қызығушылық танытпау кезінде байқалады. Бұндай жағдайларда ата-аналар өздеріне қойылған міндеттерді орындау қиынға соғады деп жатады.
- Ата-ананың жасөспірімдерді жынысына қарай бөлуі. Ата-аналардың мұндай қарым-қатынасы жасөспірімдердің шынайы емес сапаларына сәйкес анықталады. Ата-анасының ажырасуына байланысты отбасына бейімделу немесе адаптация проблемасы.
Кейінгі жылдары жүргізілген зерттеулер мынаны көрсетті: ата-анасының ажырасуынан кейінгі алғашқы жылдары жасөспірімдердің мінез-құлқы күрт өзгереді. Олар мазасыз әрі агрессивті болады және үлкендердің айтқанын тыңдамайды. Кейбір мәліметтерге сәйкес, ата-анасының ажырасуы қыз балалардан гөрі ұл балаларға қатты әсер етеді. Ата-анасы ажырасқаннан кейін 2 айдан 1 жылға дейін жасөспірімдер агрессивті болып, өзін-өзі бақылауды жоғалтады, айтқанды тыңдамайды.
Ата-анасының ажырасқанына 2 жыл толғаннан кейін проблемалар азая бастайды. Әйтсе бұл жағдай басқа бір жағдайға жақсы бейімделген отбасыларға тән. Ажырасудан кейінгі кезде жасөспірімнің бейімделіп кетуі көптеген факторлардың өзара әсерлеріне байланысты. Ол туралы шетел ғалымдарының зерттеулеріне көңіл аударайық (Шнейдер Л. Б., Аранс К, Кратохвил С, Адлер А., Мэй Р., т. б. ) .
1. Ажырасуға дейінгі отбасындағы жағдай егер ажырасу ұрыс-керіс, дау-жанжалға ұласқан ұзақ мерзімге нүкте қойса, ол жасөспірімге кері әсер етпейді. Кейбір жасөспірімдер ата-анасының ажырасқанына ренжи қоймайды. Өйткені олар ажырасқанға дейін үйде болып тұратын ұрыс-керістен, ата-анасының арасында болатын дау-жанжалдан ұялып, шаршайды. Осындай сипаттағы ажырасуды ата-анасының жанжалдасуынан шаршаған жасөспірімдер қолдайды.
- Ажырасудың сипаты - мынадай сипаттағы ажырасулар жасөспірімге кері немесе жағымсыз әсер етеді:
- Ажырасу «ұрыс-төбелес» формасында өтсе;
- Ата-ана бір-бірін жұбайлық немесе ата-аналық міндеттерді дұрыс атқармады деп кіналаса;
- Ата-анасы бір-бірін «көзге шөп шалды» деп айыптаса;
- Ата-анасы дау-дамайға жасөспірімді араластырып, әкесі немесе шешесі өзін жақтауды талап етсе;
Жасөспірімдер осындай жағдайларға күйзеліске ұшырап, әке-шешесінің арасына түскісі келмейді. Егер ажырасу бірқалыпты жағдайда өтсе, жасөспірімдер айтарлықтай күйзеліске ұшырай қоймайды. Мұндай отбасында ата-анасы ажырасқаннан кейін де баланы бұрынғыдай жақсы көре беретіндіктерін, бұдан кейін де бір-біріне жақын адамдар болып қалатындықтарын айтып түсіндіріп отырулары керек.
3. Ата-анасының ажырасу жағдайына бейімделу деңгейі - ажырасқан ата-ананың жаңа жағдайға бейімделіп кетуі жасөспірімнің сол жаңа ортаға жақсы бейімделіп кетуіне өз әсерін тигізеді. Егер ата-ана ажырасу кезінде мазасыздық танытса, баланың ішкі тепе-теңдік жағдайы бұзылады. Ажырасқаннан кейінгі кезеңде ажырасқан ата-аналар үшін біраз проблемалар пайда болады. Мысалы: жалғыздық, үйреншікті ортадан кету, материалдық жағдайдың өзгеруі және осыған байланысты туындайтын қиындықтар, т. б.
4. Ажырасқаннан кейінгі ата-ананың арасындағы қарым-қатынас - К. Аронстың пікірінше ажырасқан ата-ананың арасындағы қарым-қатынасты 3 топқа бөлуге болады: а) «жақсы достар» немесе «ынтымақты әріптестер» - мұндай қарым-қатынас түрі балаға ауыр онша тимейді.
Мұнда ата-ана балаға қатысты мәселерді біріге отырып талқылап, бірге шешім қабылдайды. ә) «ашулы одақтастар» - тек ғана баланың болашағына арналған жоспар құру кезінде ғана бір-біріне араласады. Мұндай қарым-қатынастағы ажырасқан ата-ана бір-біріне ызалы, ашулы көзбен қарайды. б) «жауласқан адамдар» - мұндай қарым-қатынастағы ата-ана бір-біріне жаманшылық тілейді. Ал бұл балаға кері әсерін тигізеді. Егер ажырасқаннан кейін әкесі немесе шешесі баласымен еш кедергісіз кездесе алса, онда балаға ажырасу салдарынан тигізетін кері әсері аз болады. Егер шешесі баласына әкесімен кездесуге тыйым салса немесе керісінше, ол туралы әңгіме айтуға рұқсат бермесе жағдай біршама қиындайды.
Американ ғалымдарының мәліметтеріне сәйкес ажырасқан аналардың тек 38, 8%-ы баланың әкесімен кез-келген уақытта, 24, 5%-ы аптасына бір рет кездесуге рұқсат береді. Ал 16, 1%-ы балалар ата-анасы ажырасқаннан кейін әкелерін мүлдем көрмеген. Бұл әке-шешесінің баланың қанша жасында ажырасқанына, олардың қайтадан үйленген-үйленбегеніне, жаңа отбасындағы өзара қарым-қатынасың қандай болғанына байланысты. Кейбір зерттеушілердің пікірінше ажырасу салдары балаға ұзақ уақыт бойы әсер етеді.
«Балаларды жалпы ұлттық зерттеу» атты Америкалық зерттеулер қорытындысы бойынша ата-ананың ажырасуы баланың әлеуметтік тұрғыдан бейімделуіне әсер етеді. Демографиялық, экономикалық және психологиялық жағдайлардың барлығын қосқанда ата-анасы ажырасқан балалар түрлі проблемаларға кездеседі. Мысалы: 18-22 жас аралығында әке-шешесі ажырасқан балалардың 40%-ы психологтан көмек сұраса, 25%-ы жоғары сыныпта оқып жүргенде мектептен шығып кеткен. Сондай-ақ 65% балалардың әкесімен қарым-қатынастары нашар болса, 30%-ы жасөспірімдер аналарымен нашар қарым-қатынаста болған.
Ата-анасының ажырасуы жасөспірімнің болашағына да өз әсерін тигізеді. Сондай-ақ ата-анасы ажырасқан жасөспірім балалар құрбыларына қарағанда ертерек отбасын құрады және осындай отбасы көп уақыт өтпей ажырасып кетеді.
Ата-анасының ажырасуы жасөспірімнің құнды бағыттар жүйесінің қалыптасуына әсер етуі мүмкін. Жүргізілген зерттеулер мынаны көрсетті: Ата-анасы ажырасқан отбасындағы 18-19 жас арасындағы жасөспірімдер әке-шеше махаббатын, бақытты отбасылық өмірді жоғары бағалайды. Сонымен қатар көптеген зерттеулер нәтижесі ажырасудың өзі емес, отбасындағы қалыптасатын қарым-қатынастың сипаты маңызды орын алатынын көрсетті. Ажырасқаннан кейінгі 2 жылда ұл балалардың мінезі агрессивті болады.
Ажырасқан әйел мен ер адамдардың көп бөлігі уақыт өте келе 2 -рет тұрмыс құрады (Американдық ғалымдардың мәліметтеріне сәйкес бұл көрсеткіштер ер адамдар үшін 83%, әйел адамдар үшін 76%-ды құрайды) . Мұндай отбасын құрған адамдар қарым-қатынасты құрмет тұтып, өз міндеттеріне үлкен жауапкершілікпен қарайды. Сол себепті осындай отбасының негізі мықты болады.
Сондай-ақ екі отбасының бұзылуына некеден туған балалар себепші болуы мүмкін. Жасөспірім кезеңде үйде өгей әкенің немесе шешенің болуына балалар тез үйрене алмайды. Екі мәрте тұрмыс құрған отбасындағы өзара қарым-қатынас қиын болады, әйтсе де біраз уақыт өткеннен кейін бәрі орнына келеді.
Салыстырмалы зерттеулер жасөспірім ата-анасының ажырасқаннан кейінгі жағдайға бейімделуін мынадай факторлармен байланыстырды:
- Анасының қайтадан тұрмысқа шығуы;
- Анасы басқа ер адаммен некеге отырмай-ақ бірге тұруы;
- Басқа ер адамдармен ешқандай қарым-қатынас орнатпауы;
Жасөспірімдерге анасының басқа бір адаммен отбасына қатысты жауапкершілікті бөліспей тұруы ауыр тиеді. Осының нәтижесінде жасөспірім өзі мен анасының болашағына сенімсіздікпен қарайды. Сондай-ақ әкесі баласымен кездескен сайын оған анасын жамандайды. Сол себепті жасөспірім іштей күйзеліске ұшырайды.
Сиблинг дегеніміз - бір отбасындағы ағалы-әпкелі бауырлар. Ағалары мен әпкелері арасындағы өзара қарым-қатынас жасөспірімге айтарлықтай әсер етіп, көп жағдайда оның тұлғалық қасиеттері мен әлеуметтік бейімделуінің табысты болуын анықтайды.
А. Адлердің пікірінше баланың тұлғалық ерекшеліктері оның отбасының тұңғышы, жалғызы, кенжесі болуына байланысты. Тұңғыш бала психикалық дамуы жағынан жоғары деңгейде болады. Ол кіші кезінен бастап отбасында өзінің ерекше орынды алатынын іштей түсінеді. Сол себепті оның жауапкершілік сезімі жақсы дамиды. Ата-анасы тұңғыш баласымен алдағы жоспарлар туралы ой бөлісіп отырады.
Екінші болып туған бала өзінің алдындағы баланы қуып жетуге талпынады. Бұл бала өз дегеніне жетуде төбелесіп қалуы да мүмкін. Кейбір жағдайда екінші бала белгілі бір салада тұңғыш баладан озып кетіп жатады. Бірақ бұл тұңғыш баланың қызғанышын тудырады.
Үйдің кенжесі әдетте отбасы мүшелерінің махаббатына ие болады. Бәрі оны еркелетіп, сол үшін бәрін істейді. Оған үлкендер білгендерін үйретеді. Кенже бала өзінің қолынан да бір нәрсе істеу келетінін дәлелдеуге тырысады. Сондықтан да ол отбасының басқа мүшелеріне қарағанда анағұрлым қабілетті болып келеді. Ал кенже балалардың бір тобы үлкендердің қолдауы мен демеуіне әбден сеніп алады. Сол себепті олар өз бетімен жұмыс істеуге ниет білдіре бермейді. Отбасындағы жалғыз бала шамадан тыс тәуелді болады. Қиындықтарға шыдай бермейді. Ол өзін өзгелерден жоғары ұстап, менменсіп кете береді.
1. 2. Ресей ғалымдарының ата-ана тәрбиесіне бағытталған ой-пікірлері
Жасөспірім кезеңіне 11-12 жастан 15-17 жас аралығындағы балалардың даму кезеңі жатады. Бұл кезең баланың әлеуметтік белсенділігінің қайта қалыптасуымен және қарқынды дамуымен сипатталады. Психологиялық әдебиеттерде жасөспірім кезең мен бозбалалық кезең бөлек қарастырылады. Жасөспірім кезең өтпелі кезең болып есептеледі және осы кезеңнен кейін бозбалалық кезеңі басталады.
Бұл кезеңде бала өмірінің түрлі саласында қарқынды дамулар орын алады. Сондықтан бұл кезеңде «балалық шақтан ересек кезеңге өту кезеңі» деп атайды. Бұл кезде жасөспірім бала өмірінде түрлі дағдарыстар, қиындықтар орын алады. Дәл осы кезеңде мінез-құлық және оның формасы қалыптасады. Мінез-құлық баланың алдағы өмірінде оның өмірін, физиологиялық және психологиялық денсаулығын, қоғамдық және жеке кемелденуін анықтайды. Сол себепті отбасы мен мектеп ұжымының осы мәселедегі орны ерекше.
Жасөспірім кезең дегеніміз - баланың жетістіктерге жету, білім алу, өзіндік «Мен»-ін ашу, жаңа әлеуметтік позицияға ие болу кезеңі. Сондай-ақ бұл кезеңде бала өмірге сәби көзқарасымен қарайтын және жауапкершілігі аз кезеңмен қоштасады да өзіне және өзінің мүмкіндіктеріне күмәнмен қарайтын кезеңге қадам басады.
Бүгінгі таңдағы жасөспірім ғылыми-техникалық революцияның қарқынды дамуының салдарын және сонымен байланысты әлеуметтік-демографиялық, әлеуметтік-экономикалық және психологиялық қарама-қайшылықтарды басынан өткізеді. Осы жерде дәрігерлер, заңгерлер, психологтар жасөспірімді жан-жақты зерттей бастайды. Олар оны бостан-босқа зерттемейді, өйткені бүгінгі жасөспірім мемлекетіміздің ертеңгі толық құқықты азаматы. Сол себепті жасөспірімді неғұрлым жан-жақты зерттеп, оны түсініп, көбірек көңіл бөлк керек.
«Жасөспірім» деген сөздің өзі осы кезеңдегі балалардың ішкі дүниесі мен сыртқы көрінісі дамуының басты тенденциясын меңзейді. Жасөспірім скелетінің интенсивті өсуі (1 жылда ұл балалар 4-7 см-ге, қыз балалар 3-6 см-ге өседі) оның дене бұлшықеттерінің және де дененің басқа бөліктерінің (көкірек және бөксе) өсуінен жоғары болады.
Бойының, салмағының, бұлшық еті күшінің өсуін жасөспірім өзінің өскендігінің белгілері деп аса зор қуанышпен қарсы алады. Жүректің, өкпенің жұмыс істеуі және миды қанмен қамтамасыз ету жүйесі ағзаның жалпы толық жұмыс істеуін қамтамасыз ете алмайды. Сондықтан жасөспірімнің көңіл-күйі мен жағдайы ойламаған жерден тез өзгереді. Мысалы: ол дене немесе мимен жұмысты уақытқа және шаршағанына қарамай істейді де, бір кезде ол басының айналғанын және өзінің әлсірегенін сезеді. Ересек адамдар жасөспірім мінез-құлқындағы мұндай жағдайларды кейде түсінбейді әрі байқамайды.
Ата-аналар мен мұғалімдер мұндай жағдайларда өзіндік болжам жасайды. Мысалы: «Әрине сен футбол дегенде алдыңа жан салмайсың, ал сабақ оқы десе шаршадым дейсің» -деп ұрсады. Шын мәнінде мұндай құбылмалы көңіл-күй мен мінез-құлық жасөспірім ағзасындағы өзгерістердің шынайы белгілері болып табылады. Сондықтан ата-аналар осы кезеңде балаларына түсіністікпен қарап, оларға көп талап қоя бермегені жөн.
Жасөспірімнің психофизиологиялық дамуының маңызды кезеңі - оның жыныстық тұрғыдан жетілуі және идентификациясы. Жыныстық жетілу және идентификация (яғни ұл мен қыздың жыныстық қатыстылығы) дегеніміз уақытқа байланысты орын алатын 2 процесс. Ал шын мәнінде бұл психожыныстық даму деген күрделі процестің 2 линиясы болып табылады. Енді осы сұрақты жан-жақты қарастырайық.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz