Болашақ дәрігерлерге дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика материалдарын пайдаланудың әдістемесі және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар


Болашақ дәрігерлерге дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика материалдарын пайдаланудың әдістемесі және тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар
2. 1 Халыктык педагогика материалдарын деңе тәрбиесінде пайдаланудың педагогикалық шарттары
Адам ағзасының қалыптасуы мен жетілуіне көптеген алғы шарттар қажет. Мәселен, дене жаттығуларымен, гимнастикамен, шаңғымен, спорт ойындарымен үнемі және жүйелі түрде айналысқан адамның дене жаттығуларымен айналыспаған адамға қарағанда денсаулығы мықты болатынын, сондай-ақ әр түрлі мәліметтер мен жаңалықтарды сергек қабылдап, ой елегінен өткізуге, кәсіптік білімді игеруге қабілеттірек болатындығын ғылым да, тәжірибе де дәлелдеп келеді.
Спорттың қоғамға жат қылықтармен күресуге көмектесетіндігі, өзара көмек және үжымдық сезімді қалыптастырып, белсенді өмірлік көзқарас пен жоғары адамгершілік қасиеттерге тәрбиелейтіндігі де жақсы мәлім.
Болашақ дәрігерлерге дене тәрбиесі сабағында халықтық педагогика материалдарын пайдалану - студенттердің дағдыларға машықтану мен оны жетілдіре түсуге ерекше ынта туғызады. Жылдамдық, күш, икемділік, шыдамдылық секілді әрбір адамның түрмыс-тіршілігіне қажет болатын дене қасиеттерін дамытуда да үлттық ойындар ерекше рөл атқарады.
Болашақ дәрігерлердің мамандығы ерекшелігіне сай дене тәрбиесін беруде халықтық педагогика материалдарын пайдалану процесінің принциптері - бүл дене тәрбиесі сабағында қолданылатын халықтық педагогика материалдарының мазмүнына, әдістеріне оны үйымдастыруға қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын бастау ережелері. Бүл халықтық педагогика материалдарын дене тәрбиесі сабағында қолданудың өзіндік ерекшелігін танытады. Негізгі қойылатын талаптар: 1. Міндеттілік - бүл дене тәрбиесі сабағында халықтық педагогика материалдарын пайдалану -бұл кеңес, нүсқау емес, олар толық және міндетті түрде тәжірибеге үласуды талап етеді. Дене тәрбиесі сабағын үлттық нышанда өткізудің маңызы өте зор. 2. Комплекстілік. Принциптер комплекс, бөлінбеген талаптар түрінде дене тәрбиесі сабағының барлық кезеңдерінде бірігімді қолданылуы тиіс. 3. Бірмәнділік. Бүл жалпыға бірдей ортақ ережелер ретінде бірмәнді болып келеді. Барлық принциптерді теңдей мәнді деп бағалау тәрбиелеу процесінің жемісті болуының кепілі.
Сонымен бірге, болашақ дәрігерлерге дене торбиесін беруде халықтық педагогика материалдарын пайдалану принциптері - дайын нүсқау емес, тіпті оларды қолдану аркылы жоғары нәтижеге автоматты түрде жеткізе салатын әмбебап ережелер де емес. Олар дене тәрбиесіне қажет арнайы білімдерді, денені шынықтырудағы түлға тәжірибесін, шеберлігін алмастыра алмайды.
Болашак дәрігерлерге дене тәрбиееін беруде халыктык педагогика материалдарын пайдалануда мынадай принциптерді үстану қажет:
- дене тәрбиееінің қоғамдық баі ыпа болуы;
- дене тәрбиесінің өмірмен, еңбекпен байланысты болуы;
- студенттердің ұнамды өнеге-үлгіге арқа сүйеу;
- дене тәрбиесінің гуманизациясы;
- дене тәрбиесінің тұлғалық сапаларға сүйену;
- дене мәдениеті ықпалдарының бірлігі.
Дене тәрбиесінің цогамдъщ багытта болу принципі. Елімізде дене салауаттылығы қозғаласын бүкіл халықтық қозғалысқа айналдыру үшін, дене шынықтырумен айналысуға барлық жас топтарындағы адамдарды тарту ісі қолға алынып отыр. Бүл принцип педагог іс-әрекетін дене тәрбиесі бағдарламасына сәйкес өскелең үрпақты шынықтыруды көздейді және жоғары адамгершілік қасиеттерге ие, дені сау түлға қалыптастыруға бағдарлайды. Егер мемлекеттік және қоғамдық мүдделер бір-біріне сай келіп, азаматтардың жеке мүдделерімен келісімді болса, онда жоғарыдағы принцип талаптары сәйкестеледі. Соңғы жылдары өмірге енгізілетін Қазақстан Республикасы түрғындары дене даярлығының Президенттік сынамалары соған дәлел. Қоғамдық бағытты іске асыра отырып, болашақ дәрігерлердің мамандығы ерекшелігіне сай дене тәрбиесі сабағында халықтық педагогика материал дарын пайдаланудың маңызы зор. Дене тәрбиесі сабағында халықтық педагогика материалдарын тиімді пайдалану қүлық пен қатынас тәжірибесі негіз болар дене тәрбиесі мен болашақ дәрігерлер арасындағы байланыс орнайтын пайдалы іс-әрекетте іске асады. Дегенмен де халықтық педагогика материалдары (үлттық ойын, үлт спорттық жаттығулар) дене тәрбиелік мәнге ие болуы үшін, болашақ дәрігерлердің іс-әрекетінің қоғамдық қүнды мотивтерін қалыптастыру қажет. Осы мотивтер жоғары парасатты, қогамдық мәнді болса, он да үнамды қылықтарга бастау беретін, халыктық педагогика материалдарын дене тәрбиесі сабагының сапасын жоғарылатады.
Үлттық ойындар, үлт спорттык қозгалыс-қимыл жаттығулары әр адамға ерте балалық шақтан етене таныс. Сондықтан да халықтың педагогика материалдары дәйектеліп, дене тәрбиесі сабақтары жоспарында бекітілсе, онда бүлар тез меңгерілер еді. Халықтык педагогика материалдарын пайдалану қажетті үлттық үғымдарды бекітіп, адамгершілік қасиетін дамытады, студенттер әлеуметтік шынайы процестерге қызыға отырып, азаматтық сапаларын орнықтырады.
Дене тәрбиесінің өмірмен, еңбекпеп байланысты болу принципі. Ол болашақ дәрігерлерден мынадай екі бағыттағы белсенді іс-әрекетін талап етеді:
- әртүрлі өзгерістері мол қоғамдык жөне халыктык педагогика материалдарымен студенттерді кең және нақтылай таныстыру;
- студенттерді шынайы емірлік қатынастарға, әртүрлі қоғамдық пайдалы іс-шараларға араластыру (Мәселен, наурыз мейрамындағы іс-шаралар) .
И. П. Павлов адам ағзасыныц өмірлік іе-әрекеті қоршағаи орта әеерінен, өмір сүру жағдайына байланысты екендігін атап көрсеткен [121, 88-6. ] .
Адамның тұдға бодып ттш&уы онш вдвдшык тшт §нб§к тттшш
жекелей түсуі, әрекетке араласуына тікелей тәуелді. Халықтық педагогика материалдарын дене тәрбиесі сабағында падалану, адамның жагымды сапаларын дамытады, ягни ұлттық ойын немесе ұлт спорттық қимыл-қозгалыс жаттыгулары қарқынды болган сайын тұлганың әлеуметтену және ұлттық сезімінің даму деңгейі жогарылай түседі. Сондықтан студенттерге үлттық ойындарды қолданган дене тәрбиесі сабақтары мен болашақ дәрігерлердің мамандыгына қажетті қимыл-қозгалыс жаттығуларын жасатып, халықтық педагогикага студенттердің жағымды қатынасын қалыптастыру қажет. Халықтық педагогика материалдарын дене тәрбиесі сабагы арқылы адамгершілік қүлық тәрбиесін алган студенттер, рухани және дене жағынан шыныгып, халықтық педагогика материалдарының маңызды мотивтерін үғынады, үлттық ар-үят сапаларын бекітіп, жетілдіреді.
Дене тәрбиесі сабагының өмірмен, еңбекпен байланысты болу принципін дүрыс іске асыру педагогтан төмендегі біріліктерді камтамасыз етуін тадап етеді:
- еңбек іс-әрекетінде үдпық ңанымдарды үйлестіру жане дене шрбиесі сабагындагы жаттыгуларды мамандыгы бойынша сәйкестендіру;
- көп және табысты еңбек ету ептіліктерін дамыту, өзі үшін және қогам пайдасына орай жауапкершілік және мейірімділікпен көмек көрсетуге ниеттендіру, шыдамдылыққа шынықтыру;
- қогамдық мүлік пен табигат байлықтарына күтімді қарау, өз еңбегі арқылы қогамдық меншікті көбейтуге талпыну ниетін қалыптастыру;
- материалды және рухани байлықтар мен қүндылықтарды жасайтын еңбек адамдарына қүрмет жасау;
- халықтық педагогика материалдарының жалпы негіздерін түсіну, білімдерін кеңейтуге талпыну, дене мәдениетін гылыми үйымдастыру негіздерін және жалпы мәдениетті меңгеруге багыт беру;
- дене тәрбиесі сабагы тәртібін бүзушылыққа, енжарлыққа қажетсіз деп санауга, жайбарақаттыққа қогамдық меншікті және табигат байлығын талан-таражга түсіруге ымырасыз болуга ықпал ету.
Студенттердің үнамды өнеге - үлгіге арца сүйеу принципінің талаптарының қарапайым болып көрінгенімен, педагог студенттердің спортқа деген ынта-жігерін, қызыгушылыгын тагы да басқа қасиеттерді анықтауга міндетті, соларга сүйене отырып, әрі толық қалыптаспаған немесе кері багыттагы қасиеттерді үнемі дамытып, оларды қажетті деңгей мен жан-жақты үйлесімге жеткізуі қажет. Бүл принциптің философиялық негізі - адам табигатының "қарама-қайшылыгы" туралы белгілі философиялық ереже бойынша адамдагы жақсы қасиеттер (жагымды мінез-қүлық, шыдамдылық, табиги кішіпейілділік т. б. ) оган кері қасиеттермен (еріншектік, енжарлық, қиындықтан жалтару т. б. ) бірге жүреді. Тек "кері" сол сияқты жүз пайыздық "жақсы" адам болмайды. Болашақ дәрігерлерді жақсылық жасауга қарай бағыттайтын дене тәрбиесі сабагында халықтық педагогика материалдарын пайдаланудагы педагогтың міндеті, студентке өнегелі қасиеттерді молайтып, кері касиеттердің азаюына қол жеткізу.
Педагогтың іе-әрекетінщ табыеты болын, жылдам әрі нәтижелі болуы үшін принциптерді іске асыру ережелерін басшылыққа алу керек.
• Студент пен педагогтың өзара ой-пікір тайталасы мен көзқарастарының үйлесімсіздігінен келіспеушілік туындайды. Тек бірлесіп жүмыс істеу, шыдамдылық, педагогтың студенттің дене мәдениетін дамытуына ынтамен қатысуы жақсы нәтижелер береді.
- Болашақ дәрігерлердің дене тәрбиесі сабағында жіберген қателіктері мен қылықтарындағы кемшіліктеріне ғана мән беру де дүрыс емес. Педагог әр студенттің дене қасиеттерін дамытып, оларды қолдау. Әрине, кері қасиетті айыптау және түзету керек. Бірақ, ең негізгісі - алдымен қажетті оң қасиеттерді дүрыс танып және олардың дамуына жол ашу.
- Студенттердің қызығушылықтарына (гимнастика, спортпен белсенді түрде айналысуы, танымдық, эстетикалық, жекелеген дене мүшелерінің әсем жетілуіне мән беруі т. б. ) сүйену педагогикалық жағынан әрқашан үтымды нәтижеге жетудің кепілі.
• Өнеге-үлгіге сүйенудің тағы бір жағы бар, оны үнамды дене мәдениетін дамытуға жағдай жасау қүралы ретінде пайдалануға болады. Бүл студенттің өмірлік іс-әрекеті, тіпті оқу орындарының "рухы". Әрқайсысы өз ісімен шүғылданып, бір-біріне ешкім кедергі жасамайтын тыныш, оқу-тәрбие жоспары бір жүйеге қойылған, белсенді әрі ниетпен, ерікті ілгері жылжуға ықпал ететін кәсіптік білім мен дене тәрбиесі сабағында болашак дәрігерлердің мамандығы ерекшелігіне сай, халықтық педагогика материалдарын пайдалануды жоғары дәрежеде үйымдастырумен, әрбір үсақ бөлшегіне дейін жоспарланған оқу орнының оқу-тәрбиелік мәнінде, бірлескен әрекет сезілген жерде өнімді табыс мотивацияларының болмауы мүмкін емес.
• Кемшіліктерін бетіне баса бергенде студенттердің өз-өзіне, күші мен мүмкіндіктеріне деген сенімі азаяды. Тәжірибелі педагогтар студенттің жетістіктерін мақтап-мадақтауды, оның алдағы болатын жетістіктеріне күні бүрын қолдау береді. Келешек әрекет-қылықтардың жобасын жасап, студенттің табысты нәтижелерін орнықтырады, оларға сенім сәтсіздіктерде қолдау көрсетіп, спорттық дағдыларға машықтану мен оны жетілдіре түсуге ерекше ынта туғызуға ықпал етеді.
Жағымды өнегеге сүйену принципіне тағы бір маңызды принцип жанасады - о л гуманизация. Бүл принциптің талаптары:
- студент түлғасына адамилық түрғысынан қарау;
- оның қүқықтары мен тәуелсіздігін сыйлау;
- студентке саналы ойластырылған талаптар қою;
4) қойылған талапты орындаудан бас тартқан кезде де оның
үстанымын (позиция) қүрметтеу;
- адамның өзімен-өзі болу қүқығын қолдау;
- студенттің санасына дене мәдениетінің нақты мақсатын жеткізу;
- қажетті сапалардың қиналыссыз, зорлықсыз қалыптасуы;
8) түлғаның қадір-қасиетін төмендететін дене және басқа да
жазалаудан бас тарту;
9) түлғаның нанымдарына қандай да бір себептермен қайшы келетін қасиеттерді қалыптастырудан аулақ болу қүқығын мойындау (гуманитарлық, діни сенімдер және т. б. )
Деце тәрбиесінің түлгалъщ сапаларга сүйену принципі.
Болашақ дәрігерлердің мамандығы ерекшелігіне сай, дене тәрбиесі сабағында халыктық педагогика матералдарын пайдалануда, студенттердің жеке міндеттемесі мен мүмкіншіліктерін есепке алу маңызды жүмыс болып табылады. Түлғалық сапаларға сүйену дене тәрбиесі сабағының маңызды сипаттамаларының бірі, яғни болашақ дәргерлердің бағыттылығы мен оның қүндылықтар таңдауын ескере білу. Түлға бағыты оның өмірлік жоспарларын, қалыптасқан өмір жолдарын, іс-әрекетін және қылығын басқарушы мотивтерін білдіреді.
Дене тәрбиесі сабағында түлғалық сапаларга сүйену принципі педагогтан мына міндеттерді орындауды талап етеді:
- болашақ дәрігерлердің жеке темперамент ерекшеліктерін, мінез бітістерін, көзқарастарын, талгамдарын, әдістерін қырағы танып, жақсы білу;
- ойлау бейімі, дағдыларға машықтануы, түлғаның бағыттылық мотивтері, қызығушылықтары, өмірге, спортқа көзқарасы, қүндылықтар пайымы, өмірлік жоспарлары т. б. сияқты аса маңызды сапалардың қалыптасу деңгейінің қаншалықты болғанын және болатынын анықтай білу;
- қозғалыс қимылдары мен біліктілік дағдыларын дамытудың әсерлі түріне біртіндеп күрделендіре отырып, халықтың педагогика материалдарын дене тәрбиесі сабағында пайдаланып, ондағы орындауға қажетті іс-әрекеттерге әрбір студентті тарту;
- дер кезінде сабақтың мақсатына жетуге кедергі болатын себептерді анықтап, олардан арылу, ал дер кезінде сезіп, жою мүмкіндігі болмаса, онда жаңа туындаған жағдайларға байланысты дене тәрбиесі сабағының тактикасын ауыстыра білу;
5) студенттін өз белсенділігіне суйену;
6) дене тәрбиесі сабағында халықтық педагогика материалдарын
пайдаланған кезде студентке таныс ойын ережелерімен байланыстырып,
үлттық ойындар, үлттық қимыл-қозғалыс жаттығуларындағы мақсат, әдіс,
формалар, ережелер, дағдыларға машықтануға ықпал жасау, бейімделуге
көмектесу;
7) студенттің өзіндік іс-әрекетін, белсенділігін, жылдамдылығын, күш,
икемділік, шыдамдылығын, дербестігін дамытып, оған жетекшілік етіп,
үйымдастыра табысқа жетуге бағыттау.
Бүл талаптардың бірлікті түрде іске асырылуы студенттердің жеке ерекшеліктеріне үстірт карамай, процестердің тереңнен дамуына, себеп-салдарлы қатынас заңдылықтарына сүйенуге педагогты міндеттейді.
Дене тәрбиесі сабағында халықтық педагогика материалдарын пайдалану жолдарын жоспарлағанда, болашақ нәтижелерін жобалағанда болашақ дәрігерлердің мүмкіншілік пәрменділігінің кейбір сапаларды қалыптастыруда азаятынын, жас ерекшеліктеріне байланысты жүйке жүйесінің нәзіктігін, сыртқы әсерлерге психологиялық қарсылықтың көбейетінін, сензитивті кезең қажеттерінің өзгеруін естен шығармаған жөн.
Педагог сүйенетін студенттің жеке ерекшеліктерінің қатарында олардың қабылдау, ойлау, есте сақтау, жылдамдығы, икемділігі, мінез, темперамент, ерік бітістерін атауга болады. Бүл және басқа да ерекшеліктерді айыра тану дене тәрбиесі сабагында қиынға соқса да, педагог табысқа жетуді ниет қылса, қосымша уақытын, күш-жігерін, қүралдарын пайдаланып, түлғалық сапаларды толық және нақты танып білуге ынта-ықыласты болуы шарт.
Педагог қазіргі заманғы студенттердің білім деңгейінің жоғарылығын ескере отырып, өзі де жан-жақты дамып отыруы керек, ал болашақ дәрігерлер өз мамандығы төңірегіндегіні ғана біліп қоймай, халықтық педагогика, саясат, мәдениет, спорт, өнер саласындағы білімдерді жинақтай білуге үйрету студенттерге адамгершіліктің жоғары үлгісі ретінде, үлттық қадір-қасиеттің, қүндылықтың таратушысы ретінде халықтық педагогика материалдарын өз әрекетінде қолдану.
Түлғалық сапалардың жылдам қарқынмен қалыптасуы озық әрекет етуді, болашақ дәрігерден даму желісіндегі халықтық педагогика материалдарының мазмүны мен оның үйымдастырылуы, әдстері және формалары арасында қайшылықты туындатпауды қажет етеді. Әйтсе де талаптарды күшейте отырып, халықтық педагогика ықпалдарына бағытталған студенттердің шама-шарқын ескерген абзал. Қиын талаптар студенттің өз күшіне сенімін азайтып, көңілдерін қалдырады, тіпті ең қауіптісі, сол талаптарды үстірт орындауға итермелейді. Әдетте, мүндай жағдайда жартылай істелінген іске қанағат түту әдеті қалыптасып қалуы мүмкін.
Дене мәдениеті ъщпалдарыныц бірлігі. Бүл принцип дене мәдениеті әрекеттерінің халықтық педагогикамен бірлесе толықтырылып және дамытуын талап етеді. Ықпалдар келісімі болмаған жағдайда студент үлкен психологиялық ауырташылық тартады.
Жек түлға жанүя, жолдас-жоралары, оқу орыны, топтың әсерлері өте үлкен. Осы ықпалдар ішінде топ үжымы мен педагогтар беделі ерекше рөлге ие. Педагог пен студент тарапынан қойылған талаптар бірлікте болып, бір-біріне қайшы келмеуі аса маңызды.
Болашақ дәрігерлердің мамандығы ерекшелігіне сай дене тәрбиесі сабағында халықтық педагогика материалдарын пайдалану әдісі - дене тәрбиесін үлттық нышанда өткізу үшін, қойылған мақсаттарға қол жеткізу үшін, пайдаланылатын жол, тәсілдер - бүл дене тәрбиесі сабағында, болашақ дәрігерлердің еркіне, сезіміне, дене мүшелеріне, іс-әрекетіне эсер ету шаралары.
Сабаққа қойылатын мақсаттарына әртүрлі жолдармен жетуге болады. Педагог болашақ дәрігермен, олардың күш-қуатына, жылдамдықтарына, мүмкіндіктеріне, икемділік, ынталарына сүйене отырып, дене тәрбие сабағында халықтық педагогика материалдарын қаншалықты пайдалау жолын тапса, соншалықты алға қойылған мақсатқа жету тәсілі ашылады.
Педагогтың алдында болашақ дәрігерлердің мамандығы ерекшелігіне сай келетін, көзделген жетістікке жеткізетін және денені шынықтырып, денсаулықты нығайтатын халықтық педагогика материалдарын тиімді пайдалану міндеті тұрады. Құрастыру, таңдау, мақсат қою, жоспарлау, ұлттық ойындар мен үлттық спорттың қозғалыс-қимыл жаттығуларын іске асыру әдістерін дүрыс пайдалану - кәсіптік педагогикалық асқар шыңы болып есептеледі (6-сурет) .
Дене тәрбиесі сабағының жаңа әдісін жасау күрделі мәселе екені белгілі. Әдістерді жоғары деңгейге, үлттық нышанға бейімдеу - қазіргі заманның алға қойған міндеті. Сондықтан дене тәрбиесі сабағында халықтық педагогика материалдарын, болашақ дәрігерлердің мамандық ерекшелігіне тура келетіндей, педагог өз тәжірибесі мен мүмкіндігіне қарай бағдарламасына жалпы әдістер мен толықтырулар енгізе отырып, алға қойылған мақсатқа жетуге, өз міндеттерін шешуге болады.
Тәсілдер - бүл педагогтың қойылған мақсатқа тез жету үшін студенттермен бірге іс-әрекетті жүзеге асыру жолдары. Егер оны барлық үжым пайдалана бастаса, ол біртіндеп - әдіске айналады. Дене тәрбиесі сабағында халықтық педагогика материалдарын пайдалану әдістері мен тәсілдерін тану, оларды дүрыс, жүйелі қолдану - бүл педагогикалық шеберлік деңгейінің маңызды сипаттамасын білдіреді.
Әдістердің жақсы, жаманы болмайды, дене тәрбиесі сабағында халықтық педагогика материалдарын пайдалану жолын, алдын-ала оның кандай жағдайда қолданылғанын ескермей түрып, жемісті-жеміссіз деп жариялауға болмайды.
Дене тәрбиесі сабағын өткізу әдістерін таңдау көптеген жағдайларға байланысты. Бірақ факторлардың сан алуандығына қарамастан әдістерді таңдау детерминатты, яғни себепті байланыста болып келеді. Педагог болашақ дәрігерлердің мамандығы ерекшелігіне сай дене тәрбиесі сабағында халықтық педагогика материалдарын пайдалану үлттық маңыздылығы себептерін қаншалықты терең түсінсе, әдістің сипатын біліп, қолдануға машықтанса, соншалықты әдістің өнімдісін, тәрбиелеу жолының дүрысын таңдағаны.
Ж. Әбиев, С. Бабаев, А. Қүдиярова тәрбие әдістерін тацдаудың жалпы принциптерін былайша көрсетеді [129] :
- Тәрбие мақсаттары мен міндеттері. Мақсат әдісті тек жақтап қана қоймай, оны белгілейді. Қандай мақсат болса, оған жетудің нақты тәсілі болуы керек.
- Тәрбие мағынасы. Бір міндет бірнеше мағынаға ие болатынын естен шығармау керек. Сол үшін әдісті мазмүнмен емес, нақты мағынамен байланыстыру тиімді.
- Тәрбиеленушілердің жас ерекшеліктері. Тәрбие процесінің барлық кезеңінде белгілі бір сапалар қалыптасады.
4. Үжымнын қалыптасу деңгейі. Үжымнын озін-өзі басқару
формасының дамуына қарай педагогикалық эсер әдістері өзгеріссіз
қалмайды: басқарудың
ыңғайлы болып келуі тәрбиеші мен тәрбиеленушінің бірігіп қызмет етуінің табысты шарты ретінде қажет.
5. Тәрбиеленушілердің жекелік және тұлғалық ерекше л іктері. Жалпы
әдістер, жалпы бағдарламалар тәрбиелік өзара әрекеттегі тек бастама ғана.
Жекелік және тұлғалық түзетулер қажет. Инабатты тәрбиеші өз әдістерінде
әр түлғаның өзіне тән қабілеттерін дамытуға, оның өзіндік қасиеттерінің
сақталуына "мендік" белгілерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін
әрекеттерді жасайды.
6. Тәрбиелік жағдайлар. Мүндай жағдайларға психологиялық-
физиологиялық, санитарлық-гигиеналық, сонымен бірге топта болатын
қарым-қатынастар, яғни үжымның көңіл-жайы, педагогикалық жетекшіліктің
стилі және тағы басқалар жатады. Абстрактты жағдайлар болмайды,
жағдайлар әрдайым нақты келеді. Олардың үйлесуімен жасалатын тәрбиелік
шара-істер-педагогикалық ситуация деп аталады.
7. Тәрбие қүралдары. Тәрбие әдістері тәрбие процесінің бөліктері
ретінде көрінеді, олар педагогикалық қүралдар бірлігін қүрайды. Әдістерден
басқа да тәрбие қүралдары баршылық, олар әдістермен тығыз байланыста,
бірге қолданылады (көрнекі қүралдар, өнер шығармалары, бүқаралық
ақпарат қүралдары) . Тәрбие қүралдарына олармен бірге, әртүрлі іс-әрекет
түрлері (ойын, оқу, еңбек) педагогикалық техника (тіл, ым, қимыл т. б. ) . Егер
аталған жабдықтар белгілі бір деңгейде пайдаланылмаса, олардың маңызы
еленбейді. Алайда, осы жаңа жабдықтар әсері тәрбие әдістерін таңдауға
негізгі ықпал жасайды.
- Педагогикалық дәреже деңгейі. Тәрбиеші өзі білетін, жеке меңгерген әдістерді таңдайды. Көптеген әдістер қиын, әрі көп күш жүмсауды талап етеді, кейбір педагогтар бүл мәселені айналып өткісі келеді. Осыдан болатын кемші лік-тәрбиенің жетімсіздігі.
- Тәрбие уақыты. Уақыт аз болып, мақсат ауқымды болған жағдайда "ықпалды эсер ету" әдісі қолданылады. Бүл әдіс әсіресе қысқа мерзімде қайта тәрбиелеу үшін қолданылады. Кейбір педагогтар уакыттың жеткіліксіздігін алға тартып, ықпалды эсер ету әдістеріне бағытталғанды жөн көреді. Қалай болғанда да уақыт факторы тәрбие әдістерін таңдауда және жобалауда маңызды рөл атқарады.
10. Күтілетін қорытындылар. Тәрбиеші әдістерді таңдай отырып, оның
табысқа жеткізетініне сенімді болуы қажет. Бүл үшін ол қолданылған
әдістердің қандай қорытындыға әкелетінін алдын-ала болжай білуі шарт.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz