Ғылыми-техникалық прогреспен және инновациялық процестерді басқарудың теориялық негізі пәнінен дәрістер


Лекция 1. Ғылыми-техникалық прогреспен және инновациялық процестерді басқарудың теориялық негізі
1. Инновациялық менеджменттің негізгі түсініктері
2. Инновацияның жіктелуі (классификациясы)
І. Әлем елдерінің барлығының экономикалық сипаты мен дамуын анықтайтын маңызды факторлардың біріретінде бүкіл әлемде мойындалған ғылыми-техникалық прогресс(ҒТП) батыс және отандық әдебиеттерде инновациялық процес ұғымымен байланыстырылады. Бұл процесс жаңалық табуды білдіреді және ғылыми идеяның туылуынан оның коммерциялық іске асуына дейінгі кезеңдерді, яғни өндіріс, айырбас, тұтыну қатынастарының бүкіл жинағын қамтиды.
Инновациялық процестерді зертеудің маңыздылығы, бір жағынан, қоғам жкономикасын көтеру үшін ғылым мен инновациялардың ерекшк маңыздылығымен, 2-ші жағынан, Қазақстан дағдарысты жеңу жолдарын анықтау қажеттілігімен түсіндіріледі.
«Инновация» термині өтпелі экономика кезеңінде белсенді пайдаланады. С. б. «инновациялық қызмет», «инновациялық процесс», «инновациялық шешім» және т. б туыстас түсініктер енді. Инновация түсінігін анықтау үшін ғалымдардың әртүрлі көзқарастарымен танысу керек.
Инновация дегеніміз белгілі бір қажеттіліктерді қанағаттандыру үшін жаңашыл жаңалықтарды кешенді құру процесі, таралуы және қолданыс табуы. Әртүрлі ғалымдар, әсіресе щерелдік(Н. Мончев, И. Перлаки, В. Хартман, Э. Мэнсфилд, И. Шумпетер және т. б), инновация түсінігін өзінің зерттеу объектісі мен саласына байланысты тұжырымдар айтты. Мәселен, Б. Твис инновацияны ғылыми ашылымдар немесеидея экономикалық мазмұнға ие процес ретінде анықтайды. Ал, Б. Сантоның пікірінше, инновация -бұл қоғамдық, техникалықжәне экономикалық процесс, яғни идеялар мен ашылымдарды практикада қолдану арқылы қасиеттері жақсы өнімдер мен технологияларды құруға жеткізеді. Ал егер де инновация экономикалық табысқа, пайдаға негізделсе, онда оның нарықта пайда болуы қосымша табысты әкелуі мүмкін. И. Шумпетер инновацияны кәсіпкерлікпен тығыз байланысты өндіріс факторлардың жаңа ғылыми - ұйымдастырылған комбинациясы деген анықтама ұсынған.
Инновацияның әртүрлі анықтамаларын талдау нәтижесінде, инновацияның спецификалық мазмұнын өзгерістер құрайды, ал инновациялық қызметтің негізгі функциясы өзгеріс функциясы болатынын анықтадық.
Сонымен халықаралық стандарттарға сәйкес инновация-(инно-қ қыхметтің соңғы нәтижесі) жаңа немесе жетілдірілген өнімге айналған, жаңа немесе жетілдірілген технологиялық процесс нарығына ендірілген, тәжірибе жүзінде пайдаланылатын немесе әлеуметтік қызметтерге қатысты пайдаланылатын инновациялық қызметтердің соңғы нәтижесі.
Инновациялық процесті жаңашылдарды өткізу поцесінде болатын ғылыми-техникалық, тезнологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістердің жиынтығы ретінде анықтауға болады. Ал жаңашылдарды құру, тарату және пайдалануды инновациялық цикл деп атайды.
Инновацияның негізгі мақсаттары келесілер:
- мәселенің жаңа техникалық шешімін табу-өнер табыстарын құру;
- ғылыми-зерттеу және тәжірибе конструкторлық жасалымдарды өткізу;
- өнімнің сериялық өндірісін бір қалыпқа келтіру;
- өткізуді дайындау және ұйымдастыру;
- нарыққа жаңа тауарды ендіру;
- технологияларды үнемі жетілдіру жолымен жаңа нарықтард аорнығу, өнімнің бәсеке қабілеттілігін жоғарылату.
Инновацияның негізгі кезеңдері келесілер:
- Келіп түсетін идеяларды 1 жүйеге келтіру;
- Идеяларды сұрыптау және жаңа өнім туралы идеяны өңдеу;
- жаңа өнімнің экономикалық тиімділігін талдау;
- жаңа өнімді құру;
- нарықта тестілеу
- өнім жөнінде маркетинг бағдарламасы негізінде өндіріске жаңа өнімді енгізу туралы шешімді қабылдау.
Инновациялық поцесс циклдық сипатқа ие. ИП-тің жалпы түрі келесідей:
ФЗ-ҚЗ-Ж-Жб-Қ-Иг-ӨӨ-М-Өт, мұнда ФЗ-фундаменталды зерттеулер, ҚЗ-қолданбалы зерттеулер, Ж-жасау(өңдеу), Жб-жобалау,, Қ-құрылыс, Иг-игеру, ӨӨ-өнеркәсіптік өндіріс, М-маркетинг, Өт-өткізу.
Инновациялық процесстің бастапқы кезеңі фундаменталды зерттеулер(теориялық), ол ғылыми қызметпен байланысты. С. б. әрбір циклдың элементі(ФЗ, ҚЗ, Ж, Жб, Қ, Иг, жәнеӨӨ) ғылыми қызметпен толық байланысты болады. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, ФЗ-дің тек 10% ғана тәжіриьеде қолданыс тауып, қалған 90% теріс нәтиже бере алады. ФЗ мақсаты- процесті тану және дамыту. Сонымен, инновациялық менеджер инновациялық процестің әртүрлі фазаларымен қызмет жасайды және осыны есепке ала отырып, өзінің басқару қызметін жүргізеді. Инновациялық менеджмент- бұл инновациялық поцесстерді, инновациялық қызметті, осы қызметпен айналысатын ұйымдық құрылымдарды және оның персоналын басқару принциптері, әдістері және формаларының жиынтығы. Менеджменттің басқа да облысы сияқты, инновациялық менеджментке де келесі тән:
- мақсаттар қою және стратегияны таңдау;
- циклдық 4 кезеңі: жоспарлау, шарттар мен ұйымдастыруды анықтау, орындау, басшылық ету.
Схемалық түрде инновациялық менеджмент сурет1. келтірілген:
Сурет1. Инновациялық менеджмент схемасы.
Циклдың әрбір кезеңінде белгілі бір мәселелер шешіледі.
- Жоспарлау-стратегияны жүзеге асыру жоспарын құру.
- Шарттарды анықтау және ұйымдастыру- инновациялық циклдың әртүрлі фазаларын жүзеге асыру үшін қажетті ресурстарды анықтау, қызметкерлер алдында мәселелерді қою, жұмысты ұйымдастыру.
- Орындау- зерттеулер мен жасауларды жүзеге асыру, жоспарды іске қосу.
- Басшылық- бақылау және талдау, іс-әрекеттергетүзетулер енгізу, тәжірибе жинақтау. Инновациялық жобалардың, инновациялық басқару шешімдерін, жаңалықтарды қолдану тиімділігін бағалау.
ІІ . Инновациялық қызметті сәтті басқару үшін инновацияны жете зерттеу қажет. Жаңа инновация технологиялық параметрлері бойынша, с. б нарықтық тұрғыдан бағаланады. Осыны есепке ала отырып инновацияның жіктемесі құрылады
Технологиялық параметрлерге байланысты инновация өнімдік және процестік болып бөлінеді. Өнімдік инновациялар жаңа материалдарды, жаңа жартылай фабрикаттар мен комплекттерді қолдануды, жаңа өнімдер алуды өз ішіне алады. Процесстік инновациялар өндірісті ұйымдастырудың жаңа әдістерін білдіреді. (жаңа технологиялар) .
ҒТП-тің кезеңдері бойынша ерекшеленетін инновациялар келесі белгілермен топталады:
- техникалық- жаңа немесе жақсартылған қасиеттермен өнім өндірісінде пайда болады;
- технологиялық-өнімді жасаудың едәуір жетілген әдістерін қолдану барысында пайда болады;
- ұйымдастырушылық басқару- өндірісті, көлікті өткізу және қамтамасыз етуді оптималды ұйымдастыру процестерімен байланысты;
- ақпараттық - ғылыми-техникалық және инновациялық қызметтерісаласындағы рационалды ақпараттық ағымдарды ұйымдастыру мәселелерін шешеді;
- әлеуметтік - еңбек жағдайын жақсартуға, денсаулық сақтау, білім беру, мәдениет саласындағы мәселелерді шешуге бағытталған.
Инновацияның жаңа идеясының инновациялық әлеуетінің дәрежесі бойынша 3 түрі бар:
1. Радикалды инновациялар-әдетте жаңа өнімдер мен технологиялар.
2. Комбинаторлы инновациялар- белгілі элементтердің жаңа үйлесімі. Комбинаторлы инновациялар тұтынушылардың жаңа топтарын тарту немесе жаңа нарықтарды игеруге бағытталған.
3. Модификациялық инновациялар- нарықта бар өнімдерді жақсарту немесе толықтыруға бағытталған. бұл инновациялар кәсіпорынның нарықтағы орнын сақтауға немесе күшейтуге негізделген.
Сонымен инновациялық поцесс, ол жаңалықтарды жүзеге асыру барысында болатын ғылыми -техникалық, технологиялық және ұйымдастырушылық өзгерістер жиынтығы.
Инновациялық процеске жүйелік, циклдық, мүмкіншілік, әлеуметтік маңыздылығы тән.
Тәжірибеде инновацияны енгізуде инновацияны енгізуде инновациялық процестің ішкі құрылымынсипаттау үшін бірнеше моделдердің типтері пайдаланылады. Иновациялық тізбек- инновацяилық процестің ең қарапайым моделі, онда бүкіл процесс жеке, функционалды немесе құрылымдық кезеңдерге бөлінген.
Сурет 3. Инновациялық тізбектің схемасы.
Бұл модель бойынша жаңа ғылыми білім автоматты түрде экономикалық өсімге әкелуі тиіс. Инновацияның әртүрлі түрлері инновациялық менеджментке спецификалық талаптарды ұсынады. ҒТП, жаңа техникалық білім инновацияға ауысып, өндірістік процестерді жақсартуға, едәір өнімді ыңғайлы және қауіпсіз техниканы қолдануға, шикізаттың жаңа түрлерін пайдалануға, еңбектің әлеуметтік шарттарын өзгертуге, яғни адамның қажеттіліктеріне жақындастыруға, жаңа және жақсартылғанөнімдер өндіруге мүмкіндік береді. барлық инновациялар өндірістің әлеуметтік - экономикалық тиімділігін жоғарылатуға бағытталған.
Лекция 2. Инновацияны моделдеу.
1. Цикл туралы түсінік.
2 . Н. Д. Кондратьевтің концепциясы және әлемдік экономикалық ойлар.
3 . Ұзын толқынды циклдың қазіргі заман теориясы. Модельдер.
І. Циклдық - бұл оның бір қалыпсыз дамуын, экономикалық прогрестің эволюциялық және революциялық формасының ауысуын көрсететін халық шаруашылығының даму формасы. Әрбір циклдың ұзақтығы мен фазалары болады.
Экономикалық дамуда циклдықтың бірнеше түрі бар және лоар бір-біріне өте ұқсас. Ең алғашқы түрі - ұзын циклдар, оның ұзақтығы 40-60 жыл. Ұзын толқындар теориясы экономикада1847ж пайда болды. Ол ағылшындық Х. Кларктің 1793 пен1847 жж экономикалық дағдарыстың арасында 54 жыл өтті деген пікірімен юайланысты. Оның ойынша, мұндай кезең кездей соқ емес, оның белгілі бір шарттары болуы тиіс, Циклдық теориясына үлкен үлесті орыс ғалымы Н. Кондратьев қосты.
Дамудың циклдық теориясын пайдалану арқылы экономиканың болашақтағы даму траекториясын анықтауға, ұзақ мерзімді дамудың өңдеуде қажетті бағдарды ұсынады. Сонымен бірге, дамудың циклдық теориясын қолдану болжамдаудың мүмкіндіктерін кеңейтеді.
Циклды жіктеу барысында 2 критерий қолданылады:циклдың периодтығы немесе ұзақтығы және оның қозғаушы күштері. Осы критерийлерге сәйкесциклдың белгілі бір жіктемесі қабылданған:
1. Кондратьевтың циклдары немесе 40-60жж созылған ұзын толқынды циклдар. Олардың басты қозғаушы күші-қоғамдық өндірістің технологиялық базасындағы радикалды өзгерістер, оның құрылымдық қайта құрылуы.
2. Кузнецтің циклдары-оның ұзақтығы 20жыл, оның қозғаушы күштері ретінде өндірістегі ұдайы өндірістің құрылымындағы жылжулар.
3. Джаглер циклдары, ұзақтығы 7-11 жыл, әртүрлі ақша-несие факторларының өзара қатынастар нәтижесінде пайда болды.
4. Китчин циклдары, ұзақтығы 3-5жыл, кәсіпорындардағы тауарлы -материалды құндылықтарқорының салыстырмалы шамасының динамикасымен байланысты.
5. Жеке шаруашылық циклдар1-12 жылға дейін, инвестициялық белсенділіктің ауытқуына байланысты.
Кузнец циклдарын 4 топқа бөлуге болады. Бірінші экономикалық саясаттың ерекшеліктерімен шартталған циклдар(қаржы, салық, баға саласында және т. б) . Екінші топқа экономикалық динамикадағы тәуелді циклдар. Үшінші топқа эндогенді факторлармен байланысты циклдар жатады(артық инвестиция, тұтынудың төмен деңгейі, төлем балансының теңсіз жағдайы, демографиялық ілгерілеу) Және төртінші топ-өндірістік факторлармен байланыстыциклдар:негізгі капиталдың ұдайы өндірісінің ұзақтығы, құрал жабдықтар буындарының ауысуы және т. б.
ІІ. Көптеген экономистерұзын толқындар концепциясын ұстанады. Кондратьевтің циклдар концепциясыкелесідей негізгі бөлімдерден тұрады: «циклдың үлкен моделінің»эмпирикалық дәлелі, кейбір эмпирикалық тағайындалған заңдылықтар(конъюнктураның ұзақ ауытқуымен бірге болады), олардың теориялық түсініктемесі.
Үлкен циклдарды негіздеу үшін Н. Кондратьев өте кең нақты материалға талдау жүргізді. Англия, Франция, Германия, АҚШ сияқтыірі 4 капиталистік елдердің статистикалық мәліметтеріне талдау жасалды. Баға динамикасы, капиталдың пайызы, жалақы, сыртқы сауда динамикасы, с. қ өнеркәсіп өнімдерінің негізгі түрлерініңөндірісінің динамикасына зерттеу жасалды.
Жасалған зерттеулер ұзақтығы 48-55жыл боатын циклдық толқындардың жиынтығы анықт алды. 140 жыл периодты қамтитын мәліметтер негізінде талдау жасалды.
Кондратьевтың бағалауы бойынша үлкен циклдардың периоды 18ғ соңынан бастап келесідей болады:
I 1. Жоғарылайтын толқын:80-ші жылдардың соңы-90-шы ж. ж. басынан
1810-1817ж. ж. дейін
2. Төмендеу толқыны: 1810-17жж бастап 1844-1851ж. ж.
II 1. Жоғарылайтын толқын: 1844-1851ж. ж 1870-1875ж. ж дейін.
2. Төмендейтін толқын:1870-1875ж. ж 1890-1896ж. ж. дейін.
III 1. Жоғарылайтын толқын:1890-96ж. ж. -1914-20ж. ж. дейін.
2. Болуы ықтимал төмендейтін толқын: 1914-20ж. ж басталады.
Н. Кондратьев экономикалық коньюнктураның ұзақ ауытқуымен болатын эмпирикалық заңдылықтарды анықтады. Оның пікірінше, әрбір циклдың жоғарылайтын толқынның алдындажәне басында қоғамның экономикалық өмірінде терең өзгерістер болады, ол техникалық өзгерісімен байланысты(оған техникалық жаңалықтар мен өнертапқыштардың туындылары себепші) . Басты ролді ғылыми-техникалық новацияларға берді. Бірінші жоғарылайтын толқынның дамуында(XVIIIғ. аяғы) текстиль өнеркәсібі мен шойын өндірісіндегі жаңалықтар мен ілгерілеу басты шешуші ролді ойнады. Екінші толқын кезеңіндегі өсу(19ғ. ортасы) темір жолдарының құрылысымен, теңіз көлігінің дамуымен шартталған. Үшінші жоғарылайтын толқын(19ғ соңы-20ғ басы) электроника және электр қуатының жаппай енуімен, радио және басқа да ашулардың пайда болуымен баланысты. Төмендетілген толқындар ауылшаруашылығындағы депрессиямен байланысты болды. Кондратьевтің пікірінше: «Төмендетілген толқынның дамуы біртіндеп жаңа ұзақ жоғарылауға алғышарттарды қалыптастырады . . . Жаңа цикл өткен циклды қайталамайды, өйткені халық шаруашылығы бірінші циклдың соңындаөзінің дамуының фазасында болады. »
1939ж. осы теорияға негізделе отырып, австриялық экономисти. Шумпетер «Іскер циклдар» кітабын баспадан шығарды. Ол өзінің іскер циклдар теориясын ұсынды. Оның теориясы бойынша, инновация кәсіпкерлік қызметепен үйлесімде бола тұрып, циклдағы көтерілу толқынына әкеледі, кейін ол нарықтық толқындыққа әкеліп, төмендеу трендіне әкеледі. Экономиканың стагнациясында бәсекелестік факторы жеке кәсіпкерлік пайдасының көлемін төмендетеді де, жағдайды түзету үшін инновацияның немесе инновация кластерінің пайда болуын ынталандырады. Ол күнделікті қолданысқа «техникалық төңкеріс» категориясын енгізді, инновациялық « пакеттер» теориясын құрады және 3 үлкен толқынды атады:1790-1842ж. ж бу машинасының пайдалануы, таралуы; 1843-1897 ж. ж. темір жолдардың салынуы; 1898-1949 ж. ж электр энергиясының пайда болуы және автомобильдің шығуы. Шумпетер теориясын Самуэльсон, Тинберген, Форрестер, Мандель сияқты атақты экономистер қолдады.
1975 жылы Г. Менш базалық технологиялық инновациялардың толқындар сериясын анықтады. Ол 19ғ. -20ғ. 112 ірі техникалық жаңалықтардың өмірлік жолын зерттеп, орташа кезеңі 55 жыл болатын толқындардың шығуына сипаттама берді. С. б. инновацияларды базалық және жақсартылған деп бөлді. Менш инновацияларды экономикалық дамудағы ролінебайланысты бөлді. Базалық инновациялар экономикалық дамуды түбегейлі өзгерте алады. Базалық инновацияларды құру және тарату барысында мемлекеттік қолдау менарнайы стимулдар қажет.
80-ші жылдары У. Ростоу ұзын толқынды циклды базалық тауарлар өндірісінің белгілі бір кезеңде болатын тапшылық және артық өндірісімен байланыстырды. Оның пікірінше, жаңа озық секторлардың пайда болуы экономиканың моралды тозған саларарындағы құлдыраудың орнын толтырып отырады.
Кейін бұл теорияны Дж. Форрестер, технологиялық инновация кластерін зерттегенКлайкнехт т. б. дамытты.
ІІІ . Базалық инновацияны бөліп қарастыру, кластерлік, базалық иннов-қ қызметтің үздіксіздігі-қазіргі заман теориясының белгілері. Ұзын толқынды циклдыңқазіргі заман теориясыкелесі пастулаттарға негізделеді: нарықтық факторлардың маңызды ықпалынан ұзын толқынды циклдар экономикалық дамуда болады. (сұраныс пен ұсыныс арақатынасы, маңызды тауарларға бағалар деңгейі және т. б. )
Соңғыжылдары ұзақ толқынды теорияларға сүйене отырып ғалымдар инновациялық процесстің ішкі құрылымын сипаттау үшін желілік және графикалық моделдер құрды.
а) Инновациялық тізбек- инновациялық процестің ең қарапайым моделі, онда бүкіл процес жеке, функционалды немесе құрылымдық кезеңдерге бөлінген.
б) Инновациялық процестің кибернетикалық моделі ИП-ті кешенді жүйеге айналдырады. Ондағы элементтер кіші жүйелерді құрайды. ол кіші жүйелер бір бірімен тұрақты байланыста болады және бір бірімен кері байланыста болады.
Сурет2. Жабық инновациялық еңбек:З-зерттеу
нәтижесі ; Ж-жасау(өңдеу) ; Т-тәжірибелік өндіріс;
Ө-өндіріс; М-маркетинг; Өт-өткізу.
Процестің оқшауланғаны инновацияның бірінші немесе соңғы кезеңдерін анықтауға мүмкіндік бермейді . Бұл жүйе құрылғанда ақпарттың үздіксіз өңделуі, инновацияның сериясы, тоқтаусыз жаңару басталады. Моделдің басты кемшіліктері:уақытқа тәуелділігін көрсетпейді, сырқы шарттар жүйесі мен тежейтін факторлар ықпалын ескермейді.
в) Өзара қарым-қатнас моделі- ИП-ті иерерхиялы ғылыми-зерттеу- техника-технологиялық-коммерциялық функцияларға бөледі. Кәсіпорынның мақсатына сәйкес бұл процес ресурстарды бағалаудан, ғылыми зерттеу жұмыстарын бағалаудан басталады да, салынған құралды, қаражаттың қайта оралуымен аяқталады. Бұл моделдің үлкен артықшылығы: инновациялық стратегиямен шартталған белгілі бір бағытта даму процессін көрсетеді.
г) Бонен моделі - басқарылатын немсе жеке басқарылатын жүйені көрсетеді. Әлеуметтік-технологиялық жүйе келесідей кезеңдермен дамиды:
1. Стимулдарды, кадрлардың білімі мен дайындығын жетілдіру, тәжірибе жинақтау арқылы дамыту.
2. Жаңа әдістерді қолдану.
3. Технологиялық жарақтану.
4. Құрылымды қайта құру мен өндіріс құрал жабдықтарын бір уақытта алмастыру.
5. Радикалдық құрылымдық өзгерістер.
6. Комбинацияланған радикалды өзгерістер.
Лекция 6. Инновациялық менеджментті ұйымдастыру формалары.
1. Инновациялық, ғылыми-техникалық саланың ұйымдастыру құрылымы: бизнес инкубатор, инновациялық-технологиялық орталықтар, технопарктер;
2. Виоленттер, патиенттер, комутанттар, эксплеренттер стратегиясы.
3. Инновациялық ұйымдардың құрылымы.
І. Иннов-қ менеджменттің ұйымдастыру құрылымы-инн-қ қызметтпен, ғылыми зерттеулермен ж/е жасаулармен айналысатын ұйымдар.
Ғылыми ұйымдардың қызметінің негізгісі -ғылыми зерттеулер мен жасаулар болады.
Фраскати басқармасының ұсыныстарына сәйкес ғылым секторлары:мемлекеттік, кәсіпкерлік, жоғары(білім) оқу орындары, жеке коммерциялық емес болып бөлінеді.
1. Мемлекеттік ғылыми сектор:мемлекетті басқару мен қоғамның қажеттіліктерін қамтамасыз ететін министрліктер мен ведомостволардың ұйымдары. Бұл ұйымдар коммерциялық емес және де үкімет тарапынан қаржыландырылады, бақыланады. Бұл ұйымдар негізінен зерттеу қызметімен айналысады.
2. Кәсіпкерлік сектор:сату мақсатымен өнімдер н\е қызметтер өндірісімен қызметі байланысты барлық ұйымдар мен КО-р.
3. Жоғары білім:қаржыландыру көздерінен тәуелсіз н\е құқықтық статусына тәуелсіз университеттер ж\е т. б. ЖОО-ры.
4. Жеке, пайдасыз сектор:табыс табу мақсатын көздемеген жеке ұйымдар(кәсіби қоғамдар, одақтар, ассоциациялар, қоғамдық қайырымдылық ұйымдар, қорлар) жеке меншіктегі ұйымдар.
Ғылыми жетістіктерді іс жүзінде пайдалануға бағыттау инн\қ қызмет көрсету.
ІІ. Шығарылатын өнімнің бәсекеге қабілеттілігіне жету б\ша фирма стратегиясын іске асыру дәрежесі инноватор фирманың тиімді ұымдасқан формасынан көптеп тәуелді болады.
Орыс ғалымы А. Юданов мақсаттарына байланысты компанияның 4 типін ұсынады:виоленттер, комутанттар, патиенттер, эксплеренттер(сур. 1) (инноватордың әртүрлі формаларының нарық сегменті)
Б-Нарыққа АА-стандартты бизнес; ББ-маманданған
бейімделу Бизнес;
1-Виоленттер сегменті;
Локалды Глобалды 2-эксплеренттер сегменті;
нарық нарық 3-коммутанттар сегменті;
4-патиенттер сегменті.
Нарықтың өзгеруі
1) Виолентті стратегия(күшті) ірі, стандартты өндіріс саласында қызмет жасайтын фирмаларға тән. Күштің фундаменталды көзі болып төменгі бағамен жақсы сападағы өнімнің жаппай өндірісі. Осының есебінен фирма бәсеке қабілеттіліктің үлкен қорын қамтамасыз етеді. Мұндай фирманың ұраны: «Арзан, бірақ әжептеуір» (бірақ «қымбат ж\е жаман емес») . Мыс: «Тоета», «Шеврон» автомобильдері, «Сименс», «электролюкс» тоңазытқыштары, «Мальборо», «кэмел»темекілері ж\е т. б. Оның қатарына біраз қазақстандық ірі өнеркәсіп к. о-ры да жатады.
Мұндай компаниялар ірі капиталға, технологияны игерудің жоғары дәрежесіне ие.
2) Патиентті(ниша) стратегия-тұтынушының шектеулі шеңберіне маманданған фирмаларға тән. Өзінің қымбат ж\е жоғары сапалы тауарларын қарапайым өнімді сатып алмайтын тұтынушыларға бағыттайды. Олардың ұраны: «қымбат, оның есесіне жақсы»
Олар алдыңғы қатардағы корпорациялармен тікелей бәсекелестіктен қашқақтайды. Бұл фирмаларды эконмиканың «қу түлкілері »деп атайды. Олар мода, жарнама ж\е т. б. ықпалынан қалыптасқан қажеттіліктерді қанағаттандырады. Бұл өнім өндірісінің өсімі кезеңінде ж\е бір уақытта ойлап табу белсенділіктің төмендеуі кезінде қызмет жасайды. бұл фирмалардың кірісі мол, алайда дұрыс шешім қабылдамаған жағдайда дағдарысқа ұшырауы мүмкіндігі(ықтималдығы) бар. Мұндай фирмаларда қызметіне қауіпті болдыртпайтын инн\қ менеджерлер қызметі әрдайым болады.
Инн. менеджердің басты мақсаты-фирма қызметінің тәуекелін төмендету ж\е қызметкерлер жұмысына комфортты жағдай қалыптастыру.
3) Коммутантты(байланыстыратын) стратегия- жергілікті(локалді) масштабта әдеттегі бизнеспен айналысады. Жергілікті мамандалмаған КО-ң күші ретінде нақты клиенттің мұқтаждықтарын қанағаттандыруға жақсы бейімделу. Бұл фирмалар тұтыну құндылықтарын жоғары сапа есебінен жоғарылатпайды(патиенттер сияқты), ал қызметтердің даралану есебінен жоғарылатады. Комутанттардың ұраны: «сіздің проблемаңызды шешкеніме, сіз маған қосымша төлейсіз»
Виоленттер мен патиенттер жеке қажеттіліктерді әрдайым қанағаттандыра бермейді. сонда олар бизнестегі әрбір мүмкіндіктерді пайдалануға әзір. Олардың экономикадағы аты «сұр тышқандар». коммутанттардың жоғары икемділігі өздерінің позицияларын бәсекелес күресте сақтауға мумкіндік береді. Мұндай стратегия көптеген жеке қазақстандық фирмаларға тән.
4) Эксплерентті (пионер) стратегиясы нарықтың жаңа сегменттерін немесе радикалды өзгеріске ұшыраған нарықтың ескі сегменттерін құрумен байланысты. Олар жаңалықтардың нарықта өтуімен айналысады. Мұндай фирмалардың ішінде дербес компьютер шығарған “APPLE”, ”Zenit”, ”Osborn”, т. б, биотехнологияда «Джинтек»т. б.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz