Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру


Пән: Полиграфия
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе. .

І тарау

Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың теориялық мәселелері.

1. 1 Оқушы тұлғасын қалыптастыруда шығармашылық қабілетін дамытудың алатын орны

1. 2 Бастауыш оқыту үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастыру жолдары. .

ІІ тарау

Бастауыш сынып оқушыларын қазақ тілін оқыту барысында шығармашылық қабілетін арттырудың әдіснамалық негіздері.

2. 1. 2-сынып оқушыларының қазақ тілі пәнінде шығармашылығын қалыптастырудың тиімді жолдары. .

2. 2. 2-сыныпта қазақ тілі сабағында шығармашылық қабілеттерін қалыптастыруда озық тәжірибелерді қолдану жолдары

2. 3. сабақ жоспарларының үлгілері

Қорытынды. .

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: Қазақстан Республикасының Конституциясында жазылған «Орта білім алу міндеттілігі» қоғамның дарынды адамдарға деген қажетін қанағаттандыру талабын оқыту, білім беру жүйесінің алдына баланың жеке қабілеті мен әлеуметтік белсенділігінің дамуына жол ашу, шығармашыл тұлға қалыптастыруын қойып отыр.

Ел Басының Қазақстан халқына «Қазақстан-2030» жолдауында «Біздің жас мемлекетіміз өсіп, жетіліп кемелденеді, біздің балаларымыз бен немерелеріміз онымен бірге ер жетеді. Олар өз ұрпағының жауапты да жігерлі, білім өрісі биік, денсаулығы мықты өкілдері болады…» деген сенімі жай айтылған сөз емес. Бүгінгі білім беру талабына орай білім беру мазмұны қайта қаралып, түбегейлі жаңартылуы керек. «Орта білім берудің мақсаты жылдам өзгеріп отыратын жағдайларында алынған білімнің, кәсіби дағдылардың негізінде еркін бағдарлай білуге, өзін-өзі іске асыруға, өзін-өзі дамытуға және өз бетінше дұрыс, адамгершілік тұрғысынан жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлғаны қалыптастыру»- деп Қазақстан Республикасы 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасында нықтап атап көрсетілген.

Бүгінгі таңда еліміздегі білім беру ісі балалардың жас ерекшелігіне сай бағытталуы, ортаның әлеуметтік- мәдени өзгеруіне икемделіп отыруы, ең алдымен оқушылардың жеке тұлғалық дамуы мен жалпы дамуға дайындығы мәселелерінің бірлігін шешуі керек.

Мемлекеттік күш-қуаты ең алдымен өз ісіне шығармашылықпен қарайтын, ғылымның, техниканың, өнердің, өндірістің ойдағыдай дамуына өзінің жекелей еңбегімен ықпал етуге қабілетті адамдардың санымен анықталады. Сондықтан да баланың әр уақытта қоғамдық санасының, жеке

тұлғасының жан-жақты дамыған еңбек білігі мен шығармашылық қабілеті қалыптасқан адам болып өсуі өзекті де көкейтесті мәселе болып отыр.

Шығармашылық- бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі, еңбек етуге құлшынысы. Өмірге дұрыс жол табу үшін адам дұрыс ой түйіп, өздігінен сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі керек.

Осы мақсатта педагогика ғылымын дамытуға үлес қосқан ірі тұлғалы ғалымдар, философтар, педагогтар ертеден-ақ аз болмады. Аристотельдің «Жан туралы» еңбегі, Я. А. Коменскийдің «Ұлы дидактикасы», И. Г. Песталоцци мен А. Дистерверг еңбектері оқытудың негізгі теориялық мәселелеріне сүйеніп, жеке тұлға дамуы шығармашыл әрекет арқылы қалыптастыру мәселесінің маңыздылығын көтереді.

Бала шығармашылығының жантану негіздерімен тығыз байланысты екенін психологтар да үнемі зерттеп, көптеген тұжырымдар арқылы дәлелді. Америка психологы М. Корне, орыс психологтары А. Н. Лук, В. И. Андреев, И. Л. Лернер, А. Л. Яковлевтердің еңбектері шығармашылық қабілеттің құрамдас компоненттерін зерттеуге бағытталған.

Халық ағарту ісінің белгілі қайраткерлері К. Д. Ушинский «Ана тілін оқытуға басшылық» еңбегінде, В. А. Сухомлинский «Балаларға жүрек жылуы» еңбегінде, В. Ф. Шаталов, Н. А. Менчинская, П. П. Блонский, Я. А. Пономарев т. б. өздерінің еңбектерінде, Қазақстанда ағартушылық идеяны көтерген Ы. Алтынсарин «Таңдамалы педагогикалық мұралары», М. Жұмабаев «Педагогика», Қ. Бержанов, Т. Сабыров «Оқыту теориясының негіздері» т. б. еңбектерінде жастарға білім беру саласында өскелең өмір жағдайында қабілеттілікті дамытудың маңыздылығына көп тоқталады.

Қазіргі кезде мамандық атаулының барлығы бейімділікті, ептілікті, мол шығармашылық мүмкіндікті қажет етеді. Бұл тақырыпты қаншама ғалымдар

қарастырып келген. Дегенмен бұл мәселенің ресми талап етілуі деңгейі мен бастауыш мектеп тәжірибесінде жүзеге асырылуының арасында қарама-қайшылықтар бар. Сол қарама-қайшылықтардың ғылыми-теориялық негіздерін дұрыс түсіну үшін және ол қайшылықтарды жоюдың жолдарын іздестіру мақсатында диплом жұмысының тақырыбын «Бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру» деп алдым.

Зерттеудің обьектісі : Бастауыш мектептегі оқу тәрбие процесі.

Зерттеу пәні: 2-сынып қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту.

Зерттеу мақсаты : Қазақ тілі пәнін оқыту барысында бастауыш мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін арттырудың мазмұнын ашып, тиімді жолдарын анықтау.

Зерттеу жұмысының міндеттері:

1) Зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты философиялық, психологиялық, әдістемелік әдебиеттерге шолу жасау.

2) Зерттеліп отырған тақырыпқа байланысты педагогикалық тәжірибелерді жинақтау, сұрыптау, зерттеу.

Зерттеу әдістері: байқау, философиялық, педагогикалық, әдістемелік және арнаулы әдебиеттерге теориялық талдау жасау, баспасөздерге жарияланған озық педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау.

Диплом жұмысының құрылымы: кіріспеден, ІІ тараудан, қорытынды, пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

Кіріспеде тақырыптың көкейтестілігі, зерттеу обьектісі, зерттеу пәні, мақсаты, міндеттері, зерттеу әдістері қарастырылған.

І тарауда бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін арттырудың теориялық мәселелері, шығармашылық қабілеттің алатын орны, қалыптастыру жолдары қарастырылған.

ІІ тарауда қазақ тілін оқыту барысында бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін арттыру жолдары мен әдіс-тәсілдері, озық педагогикалық тәжірибелер қарастырылған.

1. Тарау. Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін артырудың теориялық мәселелері.

  1. Оқушы тұлғасын қалыптастыруда шығармашылық қабілеттің алатын орны.

Қазіргі қоғам жеке адамнан прогрессивті ойлай алатын белсенді әрекетті, жан-жақты болуды талап етеді. Өйткені, адамның қоғамда алатын орны, бүгіні және оның болашағы үнемі толғандыратын өзекті мәселелер. Бұл қоғамның дамуымен тікелей байланысты.

Қазақстан Республикасында орта білімді дамыту тұжырымдамасы білім беру мекемелерінің ең негізгі мақсаты: дүниетанымдық, құзырлық, шығармашылық деп атап көрсетеді. Қоғамда “орындаушы” адамнан гөрі “шығармашыл” адамға деген сұраныстың көп екендігін қазіргі өмір талабы дәлелдеп отыр.

Көтеріп отырған мәселе туралы жазылған ойлар, тұжырымдамалар, көзқарастар, еңбектер баршылық. Бұдан 2, 5 мың жыл бұрын өмір сүрген грек философы Платон (б. з. д 427-347ж) дарынды балаларды патша сарайында арнайы тәрбиелегенде, ең алдымен оларды көркемөнер түрлеріне үйреткен. Олар әрине осылардан сарай ақындары, суретшілері шықсын дегенді мақсат тұтпаған.

Өз ұлтын мемлекетін өркендететін білімді, алғыр, болашақ данышпан шәкірттер тәрбиелеу үшін, бірінші кезекте балалардың сезімталдығын, ойын, тілін дамытуды қолға алған.

Ежелгі грек ғалымы және философы Сократ оқушыларының дамуына үнемі қамқорлық жасап отырған.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселесі ежелден-ақ ұлы ойшылдарымызды Жүсіп Баласағұн, әл-Фараби ұлы Абайды ерекше толғандырған, олар өз еңбектерінде адамның жеке басын, қабілеттерін дамытуды үнемі көтеріп отырған.

Бүкіл халықтың ұстазы ұлы Абай өзінің 43-ші қара сөзінде бала өмірге келгендегі қабілеттерін әрі қарай дамытуды шыңдауды қажет ететінін, сонда ғана олар пайдаға асатынын жазған. Ал, назардан тыс қалған қабілеттер бара-бара жойылып, жоқ болатынын айтқан.

Көрнекті педагогтар К. Ушинский, Ы. Алтынсарин, А. Макаренко, М. Жұмабаев, Ж. Аймауытов және т. б оқушы шығармашылығына бағыт-бағдар беруді, ең алдымен, мазмұнына енгізген.

Кеңестік психологтар мен ғалымдар Л. Выготский, С. Рубинштейн, А. Ананьев, В. Давыдов, Л. Занков, В. Куртецкий, М. Мұқанов, Ж. Әбділдин, Қ. Жарықбаев, Т. Сабыров еңбектері жеке тұлғаны дамыту мәселесінде ерекше орын алатын ғылыми жұмыстар ретінде танымал.

Оқушы шығармашылығына бағыт - бағдар беруді білім мазмұнына енгізуді тұжырымдаған Мағжан Жұмабаев болатын. Ол “Педагогика” оқулығында баланың даму мәселелерін көрсетті. Ол үшін оның танымын, ақылын, зейінін, еркін қалыптастыру керек екенін жазды.

Бұл мәселеге назар аударған ғалымдарға тоқтала өтсек, онда В. Д. Чернов факультативтер мен үйірме жұмыстары арқылы қабілеттерді шығармашылық деңгейге көтеру жолдарын қарастырса, Қ. А. Жаманбаеваның зерттеу жұмысының негізгі идеясы оқушыларды сөз өнеріне баулу, көркем шығармашылық қабілеттерін дамыту, М. Мұхаммедин ойын әрекеті арқылы шығармашылық қабілеттерін дамыту жолдарын айқындады.

Шығармашылық-бүкіл тіршілік көзі. Ал бүгінгідей күрделі әлуметтік-экономикалық жаңартулар тұсында шығармашылық қабілеттер басты нысана болып, оқушыда шығармашылық қабілеттің болмауы үлкен мәселе саналып, оны ойландыруы тиіс деп білеміз. Мұндай күрделі мәселені шешуде бастауыш сыныптың орны ерекше.

Ғалымдардың зерттеулеріне қарағанда адам миында болатын миллиард клетканың белсенді түрде тек қана 3-4 пайызы ғана жұмыс істейді екен. Өз халқымыздың “балаңды 5 жасқа дейін піріңдей тұт, 5 жастан 15 жасқа дейін қосшы баладай тұт” деген даналық сөзі де баланың қандай еңбекпен де айналысатын кезі балалық шақ екенін, сол шақты ұтымды пайдалану керектігін еске салғандай.

Баланың шығармашылық қабілетін дамыту мәселесін талдау ең алдымен “қабілет” ұғымының мәнін терең түсініп алуды қажет етеді. Философияда “қабілеттерді” тұлғаны белгілі бір әрекетті орындауға жағдай жасайтын жеке ерекшеліктері дей келе, олар қоғамдық-тарихи іс-әрекеттердің нәтижесінде қалыптасып, әрі қарай дамып отырғандығын атап көрсеткен.

Шығармашылық қабілеттілік-бала өз бетінше жаңа бір бейне құрумен сипатталады, яғни іс-әрекеттің қандай түрінде болсын жаңалық ашу арқылы, жасампаздық бейне жасау арқылы өзіндік жеке даралық дамудың бір көрінісін байқатқан жағдаймен түсіндіріледі.

Соңғы жылдары шығармашылық психологиясы туралы С. Рубинштейн, Б. Кедров А. Брушлинский, Я. Пономарев, О. Тихомиров, ал жалпы және арнайы қабілеттер туралы Б. Теплов, Н. Тарасов, қабілеттілік және жеке даралық өзгешеліктердің психологиясы мен психофизеологиясы туралы Б. Теплов, Э. Голубаева еңбектері қабілеттілік мәселелері бойынша жүргізілген зерттеу жұмыстарының негізін қалады.

Психологтар қабілеттердің екі түрлі деңгейі болатынын дәлелдейді.

Жалпы қабілет- жеке адамның білім меңгерудегі жеңіл де нәтижелілігін салыстырмалы түрде қамтамасыз ететін интеллектуалды қасиеттер жүйесі ұсынылады. Бұл іс-әрекетті, білімді берілген үлгі бойынша қабылдай алу деңгейі - репродуктивті деңгей болып табылады.

Арнаулы қабілет- іс-әрекеттің, мәселен әдебиет, сурет өнері, музыка, сахна өнері т. б арнаулы салаларда жоғары дәрежелі нәтижеге жетуге жәрдемдесетін қасиеттер жүйесі. Бұл-жаңалық ойлап табуға бағытталған қабілеттер-шығармашылық деңгей болып табылады .

Қабілеттің аталған осы екі түрінен басқа практикалық іс-әрекетке қабілеттілік дейтін үшінші түрінде айтуға болады. Бұған конструктивті -техникалық ұйымдастырғыштық, педагогикалық қабілеттер кіреді.

Қабілеттер проблемасы-оқушылардың жекелік айырмашылықтар проблемасы. Қабілеттер туа бітетін қасиет емес, олар өмір сүру барысында пайда болып, дамып отырады.

Қабілеттер дәрежесі әр адамда әр түрлі деңгейде дамып отырады. Мәселен, біреуге музика, енді біреуге сурет өнері күшті әсер етеді.

Сөйтіп, қабілет адамның табиғи және жүре пайда болатын қасиеттерінің сомдалып құйылуы. Бірақ та табиғи қасиеттер тума болғанымен еңбек процесінде, тәрбие жағдайында өңделіп, дамып жетіледі.

Қазіргі педагогикалық-психологиялық зерттеулерде балалардың бастауыш сыныптағы ерекшеліктерін атап көрсететін Л. Божовичтің, Р. Буренің, Л. Венгердің, Е. Панько және т. б ғалымдар еңбектерінің маңызы зор. Онда мектепте оқытудағы аса мәнді қасиеттер: тәжірибелік және ой жұмыстарының қарапайым дағдылары, мінез- құлық қалыптасуының жайы, адамгершілік, жігерлік сапалар кеңінен сөз болады.

Оқу-танымдық әрекеттің барысында мынадай мақсаттар жүзеге асырылады.

1. Символикалық бейнелерге психикалық әрекеттің құралы ретінде (есте сақтау) саналы қатынасты қалыптастыру.

2. Қисынды ойлауды және көрнекі бейнелі операцияларды меңгеру.

3. Оқу типі тапсырмаларына деген жағымды кең қатынастарды дамыту.

4. Қиялды, әр-түрлі қабылдауды жетілдіру.

Бастауыш сыныпта баланың сөйлеу тілін дамытудың, қол және аяқ мүшелерінің қозғалысын, оқыту үрдісіндегі зор рөл атқаратын интеллектуалдық дағдыларының маңызы ерекше. Бала сұрақтарға жауап қайтарып, ортамен өз танымымен бөлісе алуы қажет.

Бастауыш сынып оқушыларының бойында еркіндіктің пайда болуы, мінез-құлқын өзі реттеуі, жағымды өзіндік “Мені” қалыптаса бастауы, ересектер және өз тұстастарымен қатынас жасаудың тәсілдерін меңгеруі оқу-танымдық әрекеттің қажетті шарты болып табылады.

"Шығармашылық" сөзінің төркіні, этимологиясы “шығару” “ойлап табу” “іздену” дегенге саяды. Адам баласының сөйлей бастаған кезінен бастап, бүгінгі күнге дейін жеткен жетістіктері шығармашылықтың нәтижесі. Табиғат, қоғам құбылыстарында, жеке адамның ақыл -санасында, іс-әрекетінде, ішкі жан дүниесінде -бәрінде шығармашылықтың табиғи процестері үздіксіз жүріп жатады. Ол процесс бейберекет, жүйесіз жүрмейді, белгілі бір табиғи заңдылықтармен, табиғи жүйемен дамиды. Табиғат ішкі шығармашылық процестерді өзі басқарады. Табиғи шығармашылық процестердің үздіксіз дамуына себепкер болатын сыртқы факторлар. Сыртқы факторларды, ішкі табиғи мүмкіндіктерді ескере отырып реттеу, жүйелеу, басқару жеке адамның ой-санасына, қызметіне байланысты.

Адамның ақыл -ойын, қабілеттерін дамыту арқылы оны бақыт жолына, мәселесіне бірнеше еңбектер арнаған шығыстың әйгілі ойшылы Әл-Фараби қабілеттер өзінен-өзі табиғат тудырған қалпында бақытқа жеткізе алмайтындығына, оларды бағыттау, тәрбиелеу, дамыту керек екендігіне тоқталған.

Көрнекті психолог Л. Выготский шығармашылық деп жаңалық ашатын әрекетті атаған. Ал Я. Пономарев оны даму ұғымымен қатар қояды. Соңғы жылдары шығармашылық сөзімен жаңалық, бастамашылық, белсенділік ұғымдары астарлас қолданып жүр.

Шығармашылық- өте күрделі психологиялық үрдіс. Ол іс-әрекет түрі болғандықтан, тек адамға ғана тән. Шығармашылықты төмендегідей ерекшеліктерімен сипатталған адам әрекеті деуге болады:

-шығармашылықтағы қарама-қайшылықтардың болуы;

-әлеуметтік және жеке адамға деген мәннің болуы;

-шығармашылыққа арналған шарттардың, жағдайдың болуы;

-шығармашылық тұлғаның жекелік қасиеттерінің болуы;

-нәтиженің жаңалығы, соңы;

Ал бастауыш сыныптағы балалардың шығармашылығы тек өзіне ғана жаңалық болып табылатын субъективті жаңалық. Ендеше оларға тән шығармашылық кезеңдерін шартты түрде былайша топтастырамыз:

1. Жаңалықпен бетпе-бет келу;

2. Шығармашылық, екі ұштылық, белгісіздік;

3. Шешімнің жарқ етуі;

4. Шығармашылық акт;

5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу;

Шығармашылық саланы жан-жақты зерттеген дәрігер, әрі психолог А. Л. Лук әрекет нәтижесінің шығармашылық деңгейге көтерілуі ең алдымен шығармашылық ойлауға байланысты деген пікір айтады. Шығармашылық қабілеттің белгілері ретінде:

-мәселені қарастырудағы қарағылық, көрегендік;

-ақпаратты нерв жүйесіне код арқылы хабарлауды;

-тасымалдай білуді;

-ақылдың иекемділігі, ойдың оралымдылығын;

-әрекетті бағалай білуді қарастырады.

Әрекеттің шығармашылық қабілеттерді дамытуы үшін қажетті ахуалдың болуы керектігін және қорқыныш, жалқаулық, өзін-өзі шамадан тыс сынау сияқты психологиялық кедергілермен күресу қажеттілігіне тоқталады.

Б. М. Теплов қабілетті адамдар арасындағы жеке даралық психологиялық өзгешелік деп қарастырады. Ол қабілеттілікке анықтама бере отырып, оның үш белгісін көрсетеді. Біріншіден, қабілеттілік бір адамды екінші адамнан ажыратуға негіз болатын жеке даралық ерекшеліктерді жатқыза беруге болмайды, тек қандай да бір немесе бірнеше іс-әрекетті орындау барысында нәтижесі табысқа сәйкес жететін ерекшеліктерді “қабілет” деп атауға болады; екіншіден, “қабілет” түсінігі адамда бар білім, ептілік дағды ғана бар деп айтуға болмайды,

Керісінше сол ептілік дағдыны меңгеруге қабілетті деп санайды; үшіншіден, қабілеттіліктің дамуы бір жақты ғана болмайды, оның қозғаушы күші қарама-қарсы ойлардың күресі деп көрсетеді.

А. Н. Лук шығармашылық қабілеттерді үш топқа бөліп қарастырады.

1. Ынтамен байланысты қабілеттер.

Оқушының кез-келген іс-әрекетінің нәтижелі болуы үшін алдымен сол іс-әрекетке деген оның қызығушылығы, ынтасы болуы керек, егер ол болмаса нәтиженің төмен болғаны белгілі.

2. Темпераментпен байланысты қабілеттер.

Көңіл-күй -бұл іс-әрекетті орындауда басты көрсеткіш болып табылады .

3. Ақыл-ой қабілеттері.

Кез-келген іс-әрекетті жүзеге асыруда ақыл-ой керек болады.

Оқушының шығармашылық қабілетінің артуы ақыл-ойға байланысты екенін байқау керек.

И. Д. Левитовтың пікірінше “оқушылардың шығармашылық қабілеттері деп іс-әрекет қорытындысында жаңа бір нәрселерді үйренулері және оқушылардың бейімділіктері мен қабілеттерінің, тәжірибелерінің көрінуі” болып табылады.

Б. Г. Ананьев қабілет мәселесін жетілдіре отырып, қабілет тек индивидтің белсенді іс-әрекетінде қоғамдық тәжірибені меңгерудегі психологиялық аспектісі ретінде ғана көрсетпей, сонымен қатар психологиялық құрылым ретінде жеке адамның қабілетке байланысын көрсетеді. Оның айтуы бойынша қабілеттілік-ақылдың шығармашылық дамуының көрінуі. Тек білімдердің жинақталуы, әрі бұл білімдер шығармашылық көрсетуде ғана емес, жаңа бейне, жасампаздық әрекет құра деп көрсетеді.

Б. Г. Ананьев қабілет мәселесін жетілдіре отырып, қабілет тек индивидтің белсенді іс-әрекетінде қоғамдық тәжірибені меңгерудегі психологиялық аспектісі ретінде ғана көрсетпей, сонымен қатар психологиялық құрылым ретінде жеке адамның қабілетке байланысын көрсетеді. Оның айтуы бойынша қабілеттілік - ақылдың шығармашылық дамуының көрінуі. Тек білімдердің жинақталуы, әрі бұл білімдерді шығармшылық көрсетуде ғана емес, жаңа бейне, жасампаздық әрекет құра алуы деп көрсетеді.

Жүсіпбек Аймауытов өз еңбектерінде «жақсы қойылған сұрау, жақсы жауап тілейді» дей отырып, балалардың шығармашылық қабілетін дамытуға байланысты жақсы тапсырмалар мен жақсы сұраулар қойылса, соған сәйкес бала қабілеттіліктің жан-жақты әрі мәнді көрінуіне әсерін тигізетіндігін дәлелдейді. «Оқыту адамдардың табиғатына қарай болсын» деп айтылған ойы баланың бойындағы қабілет құрылымы, бағыты жүйесіне орай тапсырмалар беру - баланың білімді тез әрі жеңіл меңгеруіне, қабілеттің айқындылығына себепші болады деп айтты.

Баланың шығармашылық қабілеттерін дамыту мәселелері шетелдік психологтарды 1950 жылдардан бастап қызықтыра бастады. Шығармашылық туралы пікірлер А. Осборор (1953), А. Бионди(1967), Д. Треффингер(1976) еңбектерінде айтыла бастады. Бұл жұмыстардың әдістемелік негізі ретінде 1950 жылдары жазылған Дж. Гильфорд және оның ізбасарларының интеллект туралы теориясы алынды. Бұл теорияның негізгі мәні - факторлық зерттеулер нәтижесінде шығармашылық ойлаудың балаларға, сондай-ақ ересектерге тән ортақ компоненттері анықталған. Олар кез келген өнімді әрекетте болатындығы дәлелденген. Олар:

-интеллектуалдық шығармашылық бастамалылық;

-категориязациялаудың кеңдігі, заттарды пайдалануда оқыстылық, оларға мән бере білушілік;

-ойлаудың шапшаңдығы;

-ойлаудың сонылығы, шешімнің дәстүрлі шешіммен салыстырғандағы тапқырлығы.

Осы теория негізінде баланың шығармашылық қабілеттерін анықтауға арналған тесттер жүйесі өмірге келді. Соның бірі - тәжірибеде көп қолданылатын Е. Торренс әдістемесі. Зерттеулер нәтижесінде Е. Торренс баланың шығармашылық ойлауы 4-5 жастан басталады деген түжырымға келді.

Шығармашылық қабілеттердің дамуын зерттеген психологтар мәселенің әр түрлі компонентеріне тоқталады. Мысалы: жоғары шығармашылық елестете білу және еркін ойын әрекетіне байланысты (Дж. Моран, Р. Мильграм, 1984), ата-анасының қызығушылықтары мен бейімділіктеріне байланысты (Т. Ковач, 1984), отбасындағы тәрбие ерекшеліктеріне (М. Филверг, 1977), балаға еркіндік беріп, жағдай жасауға, оны көтермелеп, мақтап отыруға байланысты (П. Смит, 1983) пікірлер бар. Д. Дельман(1982) зерттеулері Ж. Пиаже теориясына сүйене отырып, баланың шығармашылығының сапалық жақтарын ашуға бағытталады. Ол шығармашылықтың ақырғы нәтижесі баланың ақыл-ойында логикалық интеллектуалдық құрылымдардың пайда болуы деп есептейді.

Көрнекті француз математигі Адамар шығармашылық процесті 4 кезеңге бөледі:

1 Дайындық кезеңі.

2. Инкубация, жасырын идеялардың ұйыққа тірелу кезеңі.

З. Интуицияның жарқ етуі. Эврика.

4. Тексеру кезеңі.

Осы еңбектер мен зерттеулерді талдай отырып, бастауыш сынып оқушыларына тән шығармашылық үрдістердің кезеңдерін төмендегідей топтастыруға болады.

1 . Жаңалықпен бетпе-бет келу.

2. Шығармашылық белгісіздік.

З. Шешімнің жарық көруі.

4. Шығармашылық акт.

5. Шешімнің дұрыстығын дәлелдеу.

Францияның ағарту ісінің өклі К. А. Гельвеций адамдардың барлығының бірдей, тең дәрежеде болатындығын, сол себепті кез келген баланы талант дәрежесіне көтеруге болады дегенді уағыздап кеткен.

1. 2. Бастауыш оқыту үрдісінде оқушылардың шығармашылық қабілетін қалыптастырудың жолдары.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Математикадан шығармашылық қабілеттерін дамытудың жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту
Оқушыларының шығармашылық қабілетін дамыту
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамытудың теориялық негіздері
Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың шығармашылық танымдық қызығушылықтарын дамыту жолдары
Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілеттерін дамыту тақырыбында
Бастауыш сынып оқушыларының креативті ойлауын зерттеу
Бастауыш сынып оқушыларының зерттеушілік құзыреттілігін қалыптастыру
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу іс-әрекеті
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz