Византиялық костюмі


Пән: Өнер, музыка
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

Жоспар

Византия костюмі

Сұлулыққа құштарлығы

Мата түсінің үйлесімділігі

Ерлер костюмі

Әйел костюмі

Византиялық костюмінің ортағасырлық

Европа костюміне әсері

Византия костюмі

Біздің заманымызға дейінгі 395 жылы құлдардың көтерілісінен әлсіреген Рим империясы Батыс және Шығыс болып екіге бөлініп кетті. Батыс бөлімі құлдарының бас көтеруіне байланысты ел әлсіреп, жабайы варварлар мен Гермонса, Галламен жаулап алынды. Шығыс өзінің қол астына алынған Египет, Сирия, кіші Азия, Греция сияқты мемлекеттердің басын құрай отырып, Византия империясы деп атлалып, ол 1453 жылға дейін жеке мемлекет болып саналды. Визаптиялықтар өз державаларын Екінші Рим немесе ромер Империясы деп атады, сөйтіп өздерін ромерлерміз деп санады.

Византия антикалық Рим сияқты ескі мемлекеттік формалармен бюрократиялық аппараттарды қолданды. Құдай жолына келетін болсақ, бұлардың діні христиан діні болды.

Ел ішінде христиан діні экономикалық және саяси жағынан үлкен роль атқарды. Бұл дін Византия мәдениеті мен өнерінде шешуші роль атқарды. Европа мен Азия, Шығыс пен Батыстың сауда торабының қиылысында орналасқан Константинополь діни, саяси, мәдени, сауда орталығына айналды. Тарихшы этнографтардың еңбектерінде Византия тарихын үш кезеңге бөледі. Олар:

  1. Алғашқы Византия(284-610ж. ж. ) . Бұл кезеңге Рим империясының Шығыс пен Батыс (395ж. ) бөлінуі мен Солтүстік Африканы қосып алған уақытты атауға болады. Император мемлекет пен шіркеу басшысы болды.
  2. Орта Византия(610-1025ж. ж. ) Египетпен Орта Азия елдерінің бірқатары арабтарға қарады. Византия Шығыс Рим империясынан түбегейлі алшақтады (Ұлы Карл Римде император етіп тағайындалды) .
  3. Кейінгі Византия(1025-1453жж. . ) -ішкі феодалдық құрылым, түріктер мен нормандардың шабуылы. Мұның бәрі Византия империясының әлсіреуіне әкеліп соқты. 1096 жылы крест жорығы оның қайта жаңғыруына кедергі жасады. Төртінші крест жорығынан (1204ж. ) соң Константинопольды шабуылдап басып алып, бірнеше уақыт аралығында Византия империясы қайта құрылды. Дегенімен, ішкі әрі сыртқы өсерлердің нәтижесінде 1453 жылы Осман империясының түрік сұлтаны Мухаммед ІІ басшылығымен Константинопольді түріктер қайта басып алды.

Византия мәдениетінде және эстетикалық көзқарастарда заманның барлық қайшылықтары, ескінің бұзылуы және жаңа қоғамдық қатынастардың жүйеге келуі көрінді, яғни антика ықпалы, Шығыс дәстүрі және жаңа христиандық мазмұнға ие болды.

Бұл уақыттың алдыңғы қатардағы өнер түрлеріне сәулет, монументальді сұңғат, бейнелеу мен мата тоқу, кестелеу өнері жатқызылды.

Византия шіркеулерінде сақталған мозайка, барельефтер, икона жазуы сол заман адамдарының костюмдерінің эстетикалық идеалының жоғары деңгейін көрсетті.

Сұлулыққа құштарлығы

Византиялық эстетика христиандық діннің қол астында болғандықтан сезімдік дүниені рухани дүниеден бөліп қарастырды және оларды бір-біріне қарама-қарсы қойды. Адамның сезімдік дүниесімен өмір бақи күресу керек деп санады. Бұдан шығатын қорытынды, сұлулық дегеніміз-бұл құдайға деген жақсылық деп санады.

Антикалық сұлулықтың және адамның бет әлпетінің гармониясының орнына сұлулықтың жаңа түрі-рухани дүние саналды. Дене барынша әспеттедді. Суретшілер назарын адам бетінің бейнелеуіне бөлді. Адамның үлкен көз, бет ат жақты, сезімнің барлық түрінен айырылған кішкене ауыз және кең маңдай әйел мен еркектің руханилығын көрсететін орталық болды, формасыз фигура барлық тірі табиғи пропорциялармен сызықтардан айырылады да, костюмнің орны ең алдыңғы қатарда тұрды. Онымен қоса, Византия мәдениетіне қарсы бағыттардың бірі шіркеу дөстүрімен байланысты рухани сұлулықты жариялаумен бірге оның бақ дәулетке құмарлығын көрсетеді. Адамның сыртқы бейнесінде және костюмінде керемет қымбат маталарды, әшекей бұйымдарды, костюмді жоғарғы безендіруінде байқалды.

Мата түсінің үйлесімділігі

Византиялық тоқымашылар жүнді, жібекті, дүриялы маталарды, керемет кілемдерді тоқу арқасында, олардың өнері VI ғасырдың ортасында жібек матаны өндіруіне байланысты әсті.

Византиялықтардың жасаған маталарының фактурасы әр түрлі болғанымен элластикалық емес, дөрекі ауыр болды. Мата беті металл жіптермен кестелеп, асыл тастармен безендірілді. Эстетикаға сай сурет және адам тұлғасының формасы да үлкен мәнге ие болды. Көбінесе ол әсемдік эстетикалық функцияны да атқаратын болды. Сонымен, император және оның туыстарының киімдеріндегі бүркіт пен арыстанның бейнесі биліктің нышанын танытты. Бір костюмнің өзінде 600-ге жуық библиядағы тақырып, үзінділері бейнеленді.

Дін иелерінің киімдерінде көбінесе алтынмен кестелеу және тоқыма оюлар салынды. Киім матасының әр түрлі түстік үйлесімділігі көрерменнің көзінің жауын алды.

Сұлулық туралы жаңа пайымдаулар, элластикалық емес, үлкен, тегіс, оюлы маталарды асыл тастармен сәндеу, жаңа киімнің дүниеге келуіне игі ықпал етті, соның ішінде ең жоғарғы орынды қарапайым пішілуімен адамның денесін өзгешелендіретін "футляр" алды. Бұл форма ең алғаш рет Империя заманындағы Римде пайда болып, Византияда ары қарай өз дамуын жалғастырды.

Ерлер костюмі

Ер адамның негізгі киіміне туника, шалбар, палудаментум, пенула, лорум жатты. Өз атаулары жағынан олар Римдіктерден онша ерекшеленбеді, бірақ олардың көлемдері өзгеріске ұшырады. Костюмдегі драпировкалар мүлдем жойылды. Ал олардың қалған жерлерінде силуэтке және барлық адам денесіне цилиндрлі форма беретін антикалық пластиканы ауыр цилиндрлі фалдалар алмастырды.

Туника бұрынғы римдік ұзын, жерге дейін жететін жеңіл туникаға ұқсас болды. Туника пішілуі әр түрлі кластарда бір типтес болды, олар өздерінің ұзындығымен мата санасы жағынан ерекшеленді. Тізеден жоғары, қысқа туниканы тек кедейлер киіп жүрді. Византиялық римдік туниканы көбінесе онша ұзын емес, сызықтармен немесе кестелермен әшекейледі.

Шығыс елдерінен алынған шалбарлар - ер костюмінің бір бөлігі болды. Олар екі тігілмеген нартилардан тұрды. Олар тесемка арқылы белдікке бекітілді. Шалбардың ұзындығына байланысты тізеге дейін, тізеден төмен балтырға, тобыққа дейін, тіпті башнай бөлігімен тұтас дайындалған түрлері қолданылды.

Полудаментум-императорлар мен жоғарғы элитаның сыртқы киімі болып саналды. Төменгі кластағы адамдар-алдында бауы бар сулықтар немесе алды айқаспалы ашылып-жабылатын жеңі бар әр түрлі ұзындықтағы киімдер киді.

Орта ғасырдағы Италияның Равенна қаласында Сан-Витаме шіркеуіндегі мозайкалы суретте Юстинем императоры қысқа ақ туника киген. Оның бүйірі жырық, жең ұшы кестеленген, ұзындығы жерге дейін салбырап шаршауланған полудаментум. Оң иығында ол қымбат үш салпыншақты фибуламен түймеленген, кеуде деңгейінде алтынмен зерленген кей мата, аяғында сапалы тігілген аяқ киім киген. Уәзірлері де солай киінген. Бірақ олардағы ақ полудаментумында керемет белгісі бар, кестемен кестеленбеген өзгеше тігілген.

Епископ және свещенник алдыңғы өңірімен жеңінің асты қызғылт түсті сызықтармен әшекейленген, ұзын, кең ақ және де түрлі түсті пенуламен мойыншалғыны, шашақтармен сәнделген ұзын әрі кең женді, ұзын ақ туника киді. Әскери адамдары кеудеге тағатын әшекей бұйымдары бар түрлі-түсті қысқа туника киген.

VII ғасырдан бастап император костюмының негізгі бөлімін асыл тастармен безендірілген алтын түсті паршадан тігілген кең, ұзын мойыншалғы "лорум" пайдаланды.

Византиялықтардың аяқ киімдері - етік, қысқа тартпа баулармен байланатын жұмсақ башмактар болды.

Бас киімдері - үшкір басты қалпақ немесе дөңгелек пішінді болды.

Әйел костюмі

Әйел костюмінің негізгі түрлері: туника, стола, пенула, мафорий.

Ерлер киіміне қарағанда әйел костюмінің бейнесі цилиндрлік формаға ұқсап, әрі ол денені барынша жасыруға тырысты.

Орта ғасырдағы Византия шіркеуіндегі мозайкада Феодара императрициясы жоғары сатыдағы адамдармен бірге қымбат кестеленген ақ стола және үлкен жиекті өрнегі сәнді императорлы мантия киген. Мойнында алтыннан, асыл тастардан жасалынған үлкен тағыншақ, басында - алтын сақина, аяғында алтыннан тігілген башмак.

Сарай әйелдері де сәнді киінген. Олардың үстінде оюлап, бір түсті матадан тігілген стола және пенула. Бұндай бір түсті оюлы матаның үйлесімділігі ансамбльдің сәндік шешімі табылды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Киім кию мәдениеті жайында
Opтa ғасыр костюмі
Киім және костюм қызметі. Киімнің сапасы және оған қойылатын талаптар. Киімдердің жаңа түрлерінің жасалуы
ДӘСТҮРЛІ ҚАЗАҚ КОСТЮМІ НЕГІЗІНДЕ ЗАМАНАУИ КИІМДЕРДІ ЖОБАЛАУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қорғаныш құралдары
XVII ғ. 1-ші жартысындағы франция костьюмі
Француз костюмінің пішімі
Фантастикалық стильдегі цирк костюмдерінің ерекшеліктері
Костюм нақты уақыттағы адамның рухани және моральді сапасын көрсету құралы
ЕЖЕЛГІ ГРЕК КОСТЮМІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz