Бейнелеу өнірінің түрлері мен жанарларын бастауыш сыныптарға өтудің теориялық негіздері


Мазмұны.
Кіріспе.
I-бөлім . Бейнелеу өнірінің түрлері мен жанарларын бастауыш сыныптарға өтудің теориялық негіздері.
1:1. Бейнелеу өнірінде сәндік безендіру жұмысының ерекшеліктері
1:2. Бейнелеу өнері сабағында түстану-түсті араластыру іскерлігін қалыптастыру
II. Бөлім живопись өнеріндегі сәндік безендіру жұмысында бояуларды қолдану әдістері
2:1. Жылы және суық түсті бояулармен жұмыс істеу әрекеттері
2:2. Акварель, гуашь, майлы бояулармен жұмыс жасауда жаңа әдіс - тәсілдерді үйрету
2:3. Бояуларды араластыруда политраның маңыздылығы
Қорытынды .
Пайдаланған әдебиеттер.
I-Бөлім. Бейнелеу өнері түрлерімен жанарларын бастауыш сыныптарда оқытудың теориялық негіздері.
1:1 Бейнелеу өнеріндегі сәндік безендіру жұмысының ерекшеліктері.
«Бейнелеу өнері» деген термин онша дәл емес әрі ол қамтитын өнерлердің сипатын толық көрсете алмайды. Бейнелеу өнері шығармаларында басты нәрсе олардың бейнелегені емес, олардың нені білдіргені екенін біз енді білеміз. Оның өзінде де егер әңгіме, живопись, скульптура және графика жөнінде, яғни элдені тікелей бейнелейтін өнерлер туралы болып отырса ғана. Ал декорациялық-қолданбалы өнер туралы болып тұрса не айтуға болады: Әшекейлі көне қобда немесе әсем өрнектелген ыдыс нені бейнелейді?Архитектураны қайтпекпіз? Ол мүлдем ештеңені бейнелемейді, бірақ көп нәрсені білдіреді. Ертеркте осы өнерлердің бәрін белгілеу үшін «пластикалық өнер» «сымбатты өнер» терминдері қолданылады, бірақ бұл да онша айқын, дәл болмай шықты. Ақыры аяғында «бейнелеу өнері» терминіне тоқталды, біз де осы терминді пайдаланамыз.
Бейнелеу өнері алуан қырлы да алуан түрлі. Онда жұмыс істеудің методтары мен техникасы туралы практикалық мағұлматтар берместен бұрын оның түрлерінен және жанрларымен танысқан жөн. XIX ғасырға дейін архитектура (сәулет өнері), скульптура (мүсін өнері) және живопись (кескіндеме) өнердің басты үш түрі болып есептеледі. XIX ғасырдың аяғына қарай өнердің бір түрі-графика (сурет, гравюре, литография) қызметтік және қосалқы түрден өнердің жеке және мүлдем дербес түрінде айналады. Соңғы жиырма жылдықта өнердің дизайн сияқты түрі де өте айқын бейнесін тапты.
Живопись-бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портреттер жазғанды ұнатады, екіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көрністерді бейнелеуге құштар.
Бұл ұғым суретшілер іс-әрекетінің өте кең және сан алуан шеңберін қамтиды. Живописьтен ерекшелігі сол, графикамен біз барлық жерде кездесеміз. Кітаптағы илюс трациялақ газеттегі суреттемелер мен карика тұралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар-осының бәрі график-суретшілердің туындылары.
Графика өнерінің живописьпен кейбір белгілері ортақ:онда да жазықтық үстінде бейнелеу орын алады . График, живописьші сияқты, перспективаны меңгеруге, анатомияны білуге, сурет сала білуге тиіс. Бірақ егер живописьте түс және ол жасаған колорит бірінші орында тұрса, ал сурет қажетті, бірақ әйтсе де көпнесе роль атқарса, графикада суреттің ролі шешулі, мұнда ол өнердің дербес түріне айналады. Графикада сызықтар, штрихтер, ашық және қара қоңыр дақтардың ара қатынасы жетекші маңызға ие болады. Рас, графика өнерінің кейбір түрлерінде де пайдаланылады, бірақ оның ролі, әдетте, шектеулі, қызметтік дәрежеде ғана болып қалады.
Ең сараң графика-заттардың тек нобайын ғана беретін сызықтық сурет, бірақ мұндай сараң сурет те көп нәрсені-адамның типін, характерін, қимылын бере алады.
Графикаға гравюралардың барлық түрлері де жатады, суреттерден айырмашылығы сол, оларды көп дана етіп көбейтуге болады. Гравюралар сондай-ақ ақ-қара және түрлі-түсті болады. Түрлі-түсті гравюралар бірнеше тақталардан басылады.
Гравюралардан басқа, графика өнерінің тағы бір түрі-литография да. Бұл бетте тікелей сурет салынған ерекше жалпақ тастан басып шығару. Литография ақ-қара және түрлі-түсті болады.
Графикалық өнердің ең көп тараған түрі-плакат. Оның түрлері аз емес бірақ олардың ішіндегі ең бастысы қоғамдық өмірде елеулі роль атқаратын саяси, үгіт плакаты. Плакаттың аса маңызды ерекшелігі суреттің қысқаша жазумен мағыналық және композициялық жағынан бірігу болып табылады.
1. 2 Бейнелеу өнері сабағында түстану түсті араластыру іскерлігін қалыптастыру.
Түс тану - түс туралы ғылым - бояулармен істес болатын суретші таныс болуға тиісті көптеген мәселерді зерттейді. Күннің «ақ» жарығы шын мәнінде өте күрделі. Нәзік күн сәулесін шыны призма арқылы өткізген кезде ол бұзыла отырып, спектр деп аталатынды, яғни түстердің үздіксіз қатарын құрады, мұнда олар мынадай тәртіппен орналасады: қызыл, қызғылт сары, сары - жасыл, жасыл, жасыл-көгілдір, көк, күлгін түстер. Олардың арасында қатаң шекара жоқ: сары-жасыл, мысалы, жасылға, жасыл-жасыл-көгілдірге және т. б. елеусіз ауыса береді.
Біз көретін заттардың түсі оларға түскен «ақ» жарықтың тек қайсы бір бөлігін, яғни спектірдің қайсыбір бөлігін ғана шағылыстыруға, ал оның екінші бөлігін жұтып қоюға олардың қабілеттілігімен анықталады. Бұл құбылыс іріктеп жұту деп аталады. Мәселен, жасыл дене спектрдің жасыл бөлігін ғана шағылыстырады, ал қалған сәулелерді бойына сіңіреді. Егер осы денеге қызыл шыны арқылы қарайтын болсақ, ол бізге қап-қара болып көрінеді, өйткені қызыл шыны өз кезегінде дене шағылыстырған жасыл сәулелерді жұтып қояды ( ал қалғандарын дененің өзі жұтып қойған) .
Барлық спектрдің түстері және күн спектрінде жетіспейтін қан қызыл (ең шеткі қызыл және күлгін түстердің аралығындағы) түстер түстердің хромотикалық («түстік») шкаласы деп аталатынды құрайды. Ақ заттар бүкіл спектрді шағылыстырады, ал қара заттар, керсінше, бүкіл спектрді жұтып қояды. Егер ақ және қара бояуларды алып, оларды түрлі пропорцияларды араластырса, таза ақтан қара дейінгі толып жатқан сұрғылт-ақ түстер шығады. Бұл түстердің шкаласы- ахроматикалық («түссіз») шкала болады. Ахроматикалық түстер бір-бірінен тек бір белгісі бойынша- қашықтығы (ашық-сұрғылт немесе қара-сұрғылт) бойынша ерекшеленеді. Хроматикалық түс, ашықтығы жағынан ерекшеленумен қатардағы да екі басты белгілермен - түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады. Түстік өң-бұл «қызыл», «сары» және т. б. сөздермен анықталатын нәрсе және мұның өзі бір түсті екіншісінен ерекшелеп алынады. Бірақ қызыл таза қызыл немесе ахроматикалық, мысалы, қызғылт қоспасы барболуы мүмкін. Соның өзінде ол бәрі бір қызыл болып қалады- сұрғылт қоспа оның түстік өңінен өзгерпейді. Егер мынадай ашықтықтағы сұрғылт түсті алсақ, онда жаңа (араластырылғандай) қызылдың ашықтығыда өзгермейді. Алайда түс қалай дегенмен қаша болады: онда оның үшінші белгісі-қанықтылығы өзгереді. Ахроматикалықтың қоспасынан хромотикалық түстің қанықтылығы қояды. Мұндай қоспада ахроматикалық түс неғүрлым аз болған сайын, оның қанықтылығы да арта түседі.
Сонымен, барлық хроматикалық түс үш параметрмен-ашықтылықпен, түстік өңмен және қанықтылықпен сипатталады.
Хроматикалық түстерді жылы және суық түстер деп шартты түрде белгіленеді. Жылы түске спектрдің сары-қызыл бөлігі, ал суық түске көкілдір бөлігі жатады. Бұл топтар өзінің жылы және суық түстер бірі күн мен от түсімен ойша байланыстырылу, екіншісі-аспанның, су мен мұздың түсімен ойша байланыстырылу арқылы алған. Күлгін және жасыл түстер аралық жағдайға ие болады не алуан түрлі нақты жағдайларда, үйлесімге байланысты бірде жылы, бірде сыуқ түске жатқызылуы мүмкін.
Егер бүкіл көршілес түстер біртіндеп өзгере отырып бірінен екіншісіне ауысатын спектрлік бөлісуді алып, сақинаша исек, онда бұл ина бірікпейді, себебі жоғарыда айтып өткеніміздей шеткі түстің-қызыл және күлгін түстердің-арасында өтпелі қызыл күлгін (қара қошқыл) түстер жетіспейді. Егер оларды қоссақ шеңбер бірігеді. Мұндай түстік шеңбер бізге түстер жөнінде нәрсені түсінуге көмектеседі.
Кез келген хромотикалық түске қоспа күйінде алдымен ахроматикалық(іс жүзінде қараға жақын) түс беретін басқа түсті іріктеп алуға болады. Түстердің мұндай жұбы қосымша түстер деп аталады. Мәселен, қызыл-күрең түске жасыл-көгілдір, сары-жасылға-қан қызылда қосымша болады және т. б. Іс жүзінде түстік шеңберде мұндай қосымша түстер қарама-қарсы жатады.
Бейнелеу өнерінде ұш түс: сары, қызыл, және көк- негізгі түстер есептеледі. Егер бояулар туралы айтатын болсақ, бұл краплак, кадмий және берлиндік көкшіл түс.
Осы түстердің кезкелген екеуін араластыру үшіншіге қосымша түс береді: сары және көк жаңсыл түс (қызылға қосымша) көк пен қызыл күлгін (сарыға қосымша) қызыл мен сары қызғылт сары көкке қосымша) түс береді. Егер ахроматикалық (сұр) дақты хроматикалық (мысалға, жасыл) жасалған живописьтік жұмыстар күндіз тым сарғылт болып шығуы мүмкін.
Живописьтегі түс. Гравюраға арналған өткен тарауда біз түс бояулар туралы біршама сөз еттік. Бірақ онда түс әлі де өте тапшы, оның ролі шектеулі де шартты болатын. Живописьте түс бәрін айқындайды, мұнда ол бәрін айқындайды, мұнда ол жетекші орынға ие болады және барлық күш қуатымен өркен жаяды.
Түс-живописьтің жаны. Шынында да реалистік живописьтің көркемдік құралдарының негізін суретпен және жарық пен көлеңкемен бірлікте түс құрайды. Бірақ живописьтегі түс деп нені түсінеміз? Бәлкім, бізге тәжирбиеден белгілі заттардың боялғандығы болар? Бақсақ олай емес, басқаша неғұрлым күрделі нәрсе екен. Живопись-біздің қайсы бір заттар туралы білімдеріміз жөніндегі протоколдық есеп емес, осы білімдерге сәйкес суретті болямалау емес, түстік жағдайды оны нақты жағдайларда біз қабылдағанымыздай етіп, көркем бере білу.
Біз қиярдың жасыл, помидордың қызыл ал қардың ақ екенін тәжірбиеден білеміз. Біз картинада оларды осындай бояулармен бояй аламыз ба? Бұл сұраққа «иә» деп те, «жоқ» деп те жауап беруге болар еді Жасыл қиярды живопсьтік шығармаларда іс жүзінде сұрғылт немесе көк дерлік немесе тіпті қызыл дерлік (мысалы, батып бара жатқан күн сәулесінде) болып шығуы мүмкін. Егер картинада қарды бір ғана ақ бояумен боясақ қар сияқты әсер қалдырмай жәй ақ дақ болып шығады. Мұның бұлай болатын себебі, ақ қарада мыңдаған қызғылт алтын түстес, көкілдір және күлгін реңктер болады. Мысалы, В. Суриковтың «Бояр әйел Морозова» атты картинасында қардың суреті қалай салынғанына назар аударып, мұқият қарап көріңдер.
Егер заттардың «дәл өзінде» түстерді көшірмесек, табиғаттың түстік сан құбылмалығын қалай нанымды беруге болады? Бәрін де картинада дұрыс табылған түстердің өзара қатынастары шешеді. Заттың түсімен сәйкес келетін бояуды таңдай алуға ұмтылу тіпті керек емес. Суретшіге қолына қылқалам ұстап затқа келіп, таңдап алынған түсті, ол дәлме-дәл сәйкес келуі үшін затпен салыстырып жатудың қажеті жоқ. Картинада басқа түстердің қоршауында заттың өзіне сәйкес келетін, дұрыс та дәлме дәл түс ретінде нанымды қабылданатындай түсті тауып, іріктеп алу қажет. Сөйтіп, суретші заттардың түсін емес, олардың түстік өзара байланысын зерттейді. Қайсыбір заттардың бізге белгілі табиғи түсіне онша сәйкес келмейтін, біршама басқаша сияқты болып көрінетін бояуларды пайдалануы мүмкін. Бірақ ол осы бояуларды картинаның ішіндегі барлық суретік дақтар заттың өзіндегіндей бір-бірімен арақатынаста болатындай етіп алады. Картинада натуралда бізге солай болып көрітіндігіне қарағанда бәрі біршама күңгірттеу немесе суықтау болуы ғажап емес, бәрібір, каритина шынайы болып шығады, өйткені онда түстік қатынастар дұрыс сақталған.
Нақ осы түстік қатынастарды дұрыс алу реалистік живописьтің негізінде жатады.
Н. Крымов бірде шәкірттеріне өз картинасын көрсете тұрып: Жасыл шабындық қалай салынғанын қараңдар: киноварь (қызыл түсті минералдан істелген бояу- ауд. ) және қызыл қошқыл бояу, « қышқыл көк те, қызыл қоңыр да көгілдір де бар»-дейді. Байқап қараңдаршы- жасыл шабықтың суреті салынған, ал жасыл бояу туралы бір сөз ауызға алынбайды. Аса көрнекті совет пейзажисі А. Рылов өз естеліктерінде былай деп жазады: «Аспаннан түскен көк ақшыл рефлекістер күн сәулесі түскен су бетінде өзінің үйлесіміздігімен сөзді қарықтырды. Мен. . кейін палитрадан көк бояуларды біртіндеп ығыстыра отырып оларды ақ бояуы бар, күйдірілген қалампыр бояумен ауыстыра отырып, . . сары су мен көк рефлекстер арасындағы жарасымдылыққа бәрібір қол жеткіздім. Контрастың және қосымша түстер заңының кұшімен қалампыр бояу ақшыл көк-көгілдір сияқты болып көрінеді. ». **
Біздің түстерді қабылдануымызға, әдемі «сабақтас» түстің пайда болуына жарық, қашықтық (ауа қабаты) және түстік орта, яғни түрліше болялған заттардың қатар тұруы шешуі ықпал жасайды. Мәселен, өте күшті жарық жағдайында, мысалға, жазғы ашық тал түсте, жарық түскен жерлерде түстер өзінің қанықтылығын жоғалтады-ағарып түссізденеді. Бұлтты күндері немесе көлеңкеде, керсінше түстер өзінің қанықтылығына ие болады да біздің көшеміз түстік алмасулар мен реңктерді әлдеқайда көбірек қабылдайды. Кейде жаңа айналыса бастаған живописьшілер мұны түсінбейді де керсінше жасайды-күшті жарықта тұрғанды ең ашық бояулармен салады, ал көлеңклердегіні күңгірттеу үшін қара бояуды пайдаланылады. Б. Иогансон, - көлеңкелер мен жартылай көлеңкелерде (жартылай өң-түстерде) . . . сұрғылт дақтарда түстік әскерге қол жеткізуге және кез келген хроматикалық түстің реңкін көзбен қарағанда оның қанықтылығын арттыра немесе төмендете отырып өзгертуге мүмкіндік береді. Түстің пайдаланылатын суретшінің аса маңызды міндеті-неғұрлым тиімді гармониялық түстік үйлесімдерді табу. Алынған түстер әдемі (гормониялық) немесе нашар (дисгармониялық) үйлесуі мүмкін. Түс-гармониялар-бұл белгілі бір тәртіппен орналасқан аз ғана түстің қисындасуы. Түстердің гармониялық үйлесімдерінің үлгі схеманың қарастырып көрейік:
1. Қос түсті гармония -түстік шеңбердегі қарама-қарсы түстердің үйлесуі. Мұндай үйлесу біршама дөрекілеу, контрасты, тек плакатта ғана орынды.
2. Үш түсті гармония -түстік шеңбер дәл үш бөлікке бөлінеді. Кез келген бір түсті алып, оған басқа екеуін табады.
3. Төрт түсті гармония -шеңбер төрт бөлікке бөлінеді. Төрт түсті не үш түсті гармонияда барлық түстерді емес, тек кезкелген екі түсті ғана алуға болады. Олардың үйлесімі де жарасымды болады. Бірқатар практикалық ұсыныстар мынадай:
а) ең жақсы түстік үйлесімдер-түстік шеңбер бойында үлкен аралық қашықтықта болады;
б) неғұрлым интенсивті түстерді интенсивтілігі аз түстермен үйлестірген кезде неғұрлым интенсивті түсті аз мөлшерде (дақтың аумағы бойынша) алу керек;
в) хроматикалық түсті ахроматикалық түспен үйлестіруге болады:жылы түстерді қара сүр түстермен, суық түстерді ашық сұр түстермен үйлестірген жақсы.
Алайда түстік гармониялардың заңдары салыстырмалы екенін байыптау керек. Оларды қолдану көптеген нақты жағдайларға қарай етіліп отырады, сондықтан оларды барлық жағдайлар үшін бір белгіленген деп есептеуге болады.
Бояулармен жұмыс істеген кезде түстердің кеңістік қатынастары деп аталатын тағы бір қызықты құбылысты ескерген жөн. Кейбір түстер басқа түстермен қатар тұрғанда бізге алға шығыңқы немесе артқатаман тұрған сияқты болып көрінетіні анықталады. Негізінен жылы ашық және қанық түстер алға шығыңқы ал суық күңгірт және қанық түстер артқа таман тұрған сияқты болып қабылданады. Айта кету керек, әрбір нақты жағдайда дақтың сипаты мен көлемі, контур және басқа жағдайлар роль атқарады.
Электр жарығы (қызу лампасы) құрамында табиғи жарықпен салыстырғанда сары-қызғылт сары сәулелер едәуір көп болады, мұның біздің түстердің қабылдауымызға елеулі әсер етеді. Мұндай жарық кезінде барлық түстер қызғылт сары реңкке ие болады: қызыл түстер қызғыот сары және бояуы қанық бола түседі, ал суық түстер-күлгін және көгілдір түстер-қанықтылығын жоғалтып, күңгірттенеді. Сары түстер ашықтана түсіп, неғұрлым қызғылт болып көрінеді. Осының салдарынан электр жарығы кезінде көлеңкелер мен жартылай көлеңкелер-жарықтың алтын және күміс «балықтар» жүзіп шығатын живопись «аквариумы». Жарықтан басқа, түстерді қабылдауға қашықтық ауа қабаты әсер етеді. Бұл жөнінде ауа перспективасы туралы айтылды. Заттардың біз қабылдайтын түстері шағылысқан сәулелермен беттесіп өтіп, қоршап алғандай болатын күшті де әлсіз үлкен де кіші рефлекстердің осынау айқұш-ұйқыш айқасқан ағымдары ерекше түстік ортаны әлдебір жалпы түстік қатарды жасайды. Картинаның барлық бояулық үйлесімдері бірыңғай, тұтас, жарасымды реттілікке және өмірлік шынайлыққа ұмтылған кезде, оның мұндай жалпы түстік живописьте колорит деп атайды.
Профессионал живописьтің басты белгілерінің бірі- жылы және суық реңктердің бірлігі мен күресі. Белгілі бір заттың жарық түсіп тұрған және көлеңкеленген бөліктері жарықтануымен ғана емес, сонымен бірге жылы немесе суық түстік реңктермен де міндетті түрде ерекшеленеді:егер жарық жылы болса, онда көлеңке жылы реңкті болады. Бірақ осы жалпы түстік дақтарда оларға карама-қарсы реңктер: жылыда-суықққ реңктер, суықтар-жылы реңктер кей-кейде қылаң береді. Әрбір жағылған бояу көрші бояуға ұқсамайтын, оған контрасты болуы тиіс.
II. Бөлім. Живопись өнеріндегі сәндік безендіру жұмысына бояуларды қолдану әдістері.
2. 1. Жылы және суық түсті бояулармен жұмыс істеу әрекеті.
Жылы және суық түстердің қатарлас тұруы живопиське интенсивті әуен береді. Живописьшінің міндеті-картинаның жақын және алыс нүктелеріндегі түстердің айырмашылығын аңғарымпаздықпен ұстай білуінде.
Бояулармен жұмыс істеген кезде түстердің кеңістік қатынастары деп аталатын тағы бір қызықты құбылысты ескерген жөн. Кейбір түстер басқа түстермен қатар тұрғанда бізге алға шығыңқы немесе артқатаман тұрған сияқты болып көрінетіні анықталады. Негізінен жылы ашық және қанық түстер алға шығыңқы ал суық күңгірт және қанық түстер артқа таман тұрған сияқты болып қабылданады. Айта кету керек, әрбір нақты жағдайда дақтың сипаты мен көлемі, контур және басқа жағдайлар роль атқарады.
Живописьтің ұлы мәні мынада: ол сансыз жүректерді бір мәнді бір күшті сезімде бірге соғуы мәжбұр етеді. Ол шапшаң, бірден етеді, оның тілі халықаралық тіл: оған аудармашылар қажет. Оның алдында уақыттың әлі кейін шегінеді.
2. 2. Акварель, гуашь, майлы бояулармен жұмыс жасауда икемділік дағдыларын қалыптастыру.
Живопись-бейнелеу өнерінің неғұрлым бай әрі толысқан түрі, онда бейнелеудің сан алуан мол құралдары қолданылады. Суретшілер өнердің ұшы-қиырсыз осы саласынан көбіне өздері сүйген әуендер мен тақырыптарды таңдап алады. Біреулері портреттер жазғанды ұнатады, екіншілері тарихи, соғыс немесе тұрмыстық көрністерді бейнелеуге құштар.
Бұл ұғым суретшілер іс-әрекетінің өте кең және сан алуан шеңберін қамтиды. Живописьтен ерекшелігі сол, графикамен біз барлық жерде кездесеміз. Кітаптағы илюс трациялақ газеттегі суреттемелер мен карика тұралар, түрлі товарлардың орауыштарын безендіру, көшедегі плакаттар-осының бәрі график-суретшілердің туындылары.
2:3. Бояуларды араластыруда палитаның маңыздылығы.
Живописьшінің палитрасы. «Палитра» сөзінің екі түрлі мағынасы бар: біріншісі-суретші бояуларды салып араластыратын тақта және екіншісі-қайсыбір суретші жұмыста пайдаланылатын бояулардың белгілі бір жиынтығы. Бұл жерде палитра туралы сөз нақ осы екінші мағынасында айтылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz