Бұршақты өсіру технологиясы



I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Бұршақты өсіру технологиясы
2.2 Бұршақ дақылының негізгі зиянкестері
2.3. Күрес шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиет
Ауыл шарушылығы дақылдарына зиян келтіретін зиянкестер тобының көптеген түрлері бар . Зиянкестердің қоректену белгісіне қарай көптеген дақылдардың мәдени, астық түрлерін зақымдайды. Сонымен қатар, аздаған түрлерімен қоректенетіндері де кездеседі. Олардың өсімдіктерді зақымдау сипаты мен зақымдайтын ағзалары да әр түрлі болады. Мәселен, кейбір түрлері тамырлармен қоректенсе, басқалары өсімдіктің жер үстіндегі ағзаларын қорек етеді. Ал енді біреулері белгілі бір ағзаны зақымдайды.
Менің негізгі тақырыбым “Бұршақ дақылының зиянкестері және олармен күресу жолдары”.Мен мұнда Бұршақ бітесі, түйнекті бізтұмсықтар, бұршақ жемірі, бұршақ қоңызы, үрме бұршақ қоңызы, бұршақ немесе акация көбелегі, жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус, жоңышқа қандаласы, бедебізтұмсығы, сары тихиус тұқым жемірі, жоңышқа жуанаяқтысы, олардың таралуы, биологиясы, зияндылығы, кешенді күрес шараларына тоқталдым және бұршақ дақылына қысқаша тоқталдым
Дәнді бұршақ дақылары (асбұршақ, ноқат, ноғаттақ, бөрі бұршақ, т.б.) дәнді дақылдардың үшінші биологиялық тобын құрайды да, бұршақ тұқымдасына жатады. Бұл дақылдардың тұқымдарында 20-30% және одан да жоғары мөлшерде ақуыз болады, ал бұл дәнді астық дақылдарынан 1,5-3,0 есе артық. Оның үстіне ақуызды заттар амин қышқылдарының құрамы бойынша (лизин, триптофон, т.б.) толыққұнды, жеңіл ериді, адам мен жануарлар ағзаларымен жеңіл қорытылады. Тұқымдар мен жемістерінде ағзаның қалыпты қызмет істеуіне қажетті көп мөлшерде көмірсулары (крахмал) және әртүрлі дәрумендер (А, В, С, т.б.) де шоғырланған.
1. Сельскохозяйственная энтомология / Под ред. А.А. Мигулина.- М.: Колос, 1983, 416с.
2. Практикум по сельскохозяйственной энтомологии/Под ред.Н.В. Бондаренко.-Л.: Колос, 1976.
3. Тілменбаев Ә.Т., Жармұхамедова Г.Э. Энтомология. Алматы, Кайнар, 1994,336 б.
4. Защита зерновых культур от вредителей, болезней и сорняков /Под ред. Т.Н.Нурмуратова. - Алма-Ата, 1986.
5. www.google.kzсайты
6. Справочник по защите растений / Под ред. академиков НАН РК Сагитова А.О., Исмухамбетова Ж.Д. Алматы, 2004, 320с.
7. Осмоловский Г.Е., Бондаренко Н.В. Энтомология. -Л., «Колос», 1980, 360с.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   
Жоспар

I. Кіріспе
II. Негізгі бөлім
2.1 Бұршақты өсіру технологиясы
2.2 Бұршақ дақылының негізгі зиянкестері
2.3. Күрес шаралары
III. Қорытынды
IV. Пайдаланған әдебиет

Кіріспе
Ауыл шарушылығы дақылдарына зиян келтіретін зиянкестер тобының көптеген түрлері бар . Зиянкестердің қоректену белгісіне қарай көптеген дақылдардың мәдени, астық түрлерін зақымдайды. Сонымен қатар, аздаған түрлерімен қоректенетіндері де кездеседі. Олардың өсімдіктерді зақымдау сипаты мен зақымдайтын ағзалары да әр түрлі болады. Мәселен, кейбір түрлері тамырлармен қоректенсе, басқалары өсімдіктің жер үстіндегі ағзаларын қорек етеді. Ал енді біреулері белгілі бір ағзаны зақымдайды.
Менің негізгі тақырыбым "Бұршақ дақылының зиянкестері және олармен күресу жолдары".Мен мұнда Бұршақ бітесі, түйнекті бізтұмсықтар, бұршақ жемірі, бұршақ қоңызы, үрме бұршақ қоңызы, бұршақ немесе акация көбелегі, жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус, жоңышқа қандаласы, бедебізтұмсығы, сары тихиус тұқым жемірі, жоңышқа жуанаяқтысы, олардың таралуы, биологиясы, зияндылығы, кешенді күрес шараларына тоқталдым және бұршақ дақылына қысқаша тоқталдым
Дәнді бұршақ дақылары (асбұршақ, ноқат, ноғаттақ, бөрі бұршақ, т.б.) дәнді дақылдардың үшінші биологиялық тобын құрайды да, бұршақ тұқымдасына жатады. Бұл дақылдардың тұқымдарында 20-30% және одан да жоғары мөлшерде ақуыз болады, ал бұл дәнді астық дақылдарынан 1,5-3,0 есе артық. Оның үстіне ақуызды заттар амин қышқылдарының құрамы бойынша (лизин, триптофон, т.б.) толыққұнды, жеңіл ериді, адам мен жануарлар ағзаларымен жеңіл қорытылады. Тұқымдар мен жемістерінде ағзаның қалыпты қызмет істеуіне қажетті көп мөлшерде көмірсулары (крахмал) және әртүрлі дәрумендер (А, В, С, т.б.) де шоғырланған.
Дәнді бұршақ дақылдары астық дақылдарынан бір қатар морфологиялық ерекшеліктерімен де ажыратылады: тамыр жүйесі кіндікті, көптеген бүйір тамыршаларын түзеді, топыраққа 1,5-2,0м тереңдікке дейін бойлайды. Ұсақ тамыршаларында түйнектер орналасқан және оларда азотты байлайтын бактериялар дамиды. Жапырақтары құрылысына қарай үш топқа бөлінеді: біріншісі-қауырсын жапырақты өсімдіктер (асбұршақ, атбас бұршақ, ноғаттық, т.б.), екінші- үштік жапырақтылар (майбұршақ, үрме бұршақ) және үшіншісі- саусақ-салалы жапырақтылар ( бөрі бұршақ).
Бұршақ тұқымының орташа ылғал-дылығы 30-35% жеткенде немесе өсімдіктерінің орта бөлігіндегі бұршаққаптардың 70-75% сарғайғанда оны дестелегіштермен( ЖБА-3,5) дестеге шабады, ал дестеде тұқым ылғалдылығы 18-20%жеткенде бастырылады.
Көктегеннен кейін және тамырланғаннан соң егін көгін көлденең немесе қиғаштап жеңіл тырмалармен тырмалайды. Бұршақ себілетін танаптардағы біржылдық аоамшөптерге қарсы линурон немесе прометрин гербицидін қолданады.Бізтұмсық, дән кеміргіштерге қарсы метафоспен өңдейді.Бұршақ егістігі бөлектеп жиналады.

2.1.Бұршақ дақылының өсіру технологиясы
Бұршақ бағалы, жоғары ақуызды дәнді бұршақ дақылы болып табылады. Қазақстанда аудандастырылған сорттарының тұқымдарына орта есеппен 24-27% ақуыз, 50%-ден астам көмірсулары (негізінен крахмал), айтарлықтай мөлшерде май , күлдік заттар мен дәрумендер (А,В,С ж.б.) болады. Тұқымдары жоғары қоректілігімен және жақсы дәмдік санасымен ерекшеленеді, әр түрлі тағамдар дайындауға бүтін және үгітілген тұқымдар кеңінен қолданылады, консервіленген түрде де пайдалануға болады. Бұршақтан әр түрлі мал азықтық өнімдер ден (дара азық, шөп ұны, пішен, пішендеме, т.б.) өндіріледі. Ол-жаздық бидай және басқа ауыл шаруашылығы дақылдарына жақсы алғы дақыл. 2000 жылы Қазақстанда өсірілген дәнді бұршақ дақылдарының (57,4 мыңга) 80% дан астамы бұршақтың үлесінде болады.(1-сурет)

1-сурет Бұршақ дақылы

Қарқынды өсіру технологиясы Қазақстанда асбұршақ сүрі танабынан кейінгі бірінші және екінші жаздық бидайдан кейін орналастырылады. Бұршақ бір танапта қайта өсіруді көтере алмайды, өйткені аурулар мен зиянкестерден үлкен зардап шегеді. Топырақты негізгі өңдеу жазықтілгіштермен немесе терең қопсытқыштармен іске асырылады. Себу алдындағы топырақ өңдеу бидайдікіне ұқсас. Теңдестік тәсілімен анықталған фосфорлы тыңайтқышты топырақты негізгі өңдегенде енгізеді. Ылғалды аудандарда және суармалы жағдайда өсіргенде асбұршақ тұқымын нитрагинмен өндегенде жақсынәтижеге қол жеткізіледі, ал мұның өзі өсімдік тамырларында түйнектеріндің түзілуіне жағдай жасайды, бұршақтың азотты байлауын күшейтеді. Ауруларға қарсы нитрагинмен дәрілейді.Бұршақты жаппай қатардағы тәсілмен себеді.Тұқым себу мөлшері 0,6-0,9 млнга өнгіш тұқым.Бұршақ тұқымдары ылғалды топырақ қабатына сіңіріледі (4-5см-ден 8-9см-ге дейін)бұршақ егісчтігін күтіп баптау егін көгіне дейінгі(себуден 3-4 тәуліктен соң) тырмалаудан басталады.Соның нәтижесінде арамшөптердің ақ жіпшеларі жойылады және топырақ қабыршағы үгітіледі

2.2.Бұршақтың зиянкестері
Бұршақ бітесі- Acyrthosiphon pisi Kalt. (Homopteraотряды, Aphidinea отряд тармағы, Aphididaeтұқымдасы). Бітеңің денесі біршама жуандау, денесінің ұзыныдығы 4,5-5мм. Қанатсыз аналықтарының денесінің түсі жасыл, кейде қоңыр-қызыл болып келеді. Ұрықтанған жұмыртқа көпжылдық бұршақ өсімдігінің сабақтарының тамыр бөлігінде және жерге түскен бұршақта қыстайды. Біте осы жұмыртқадан дернәсілдік сатыдан өткеннен кейін аналық негізге айналады. Партеногенетикалық жолмен көбейіп, колониялар түзеді. Мұнан ары қарай аналық-орналастырушылар пайда болады. Қанатты аналық-орналастырушылар бір жылдық бұршақ дақылдарына қонып, сол жерде жаңа колониялар құрады. (2-сурет)

2-сурет Бұршақ бітесі
Бір жылда 10-ға жуық ұрпақ беріп дамиды. Бітелер өсімдіктердің жас ұлпаларында және гүл шоғырына қоныстанады. Колонияның өсуі жоғарғы бөліктен басталады. Олар көпжылдық бұршақ дақылдарына ұшып келеді де, содан соң бұл жерге аталық пен аналық шағылысқаннан кейін қыстайтын жұмыртқа салады. Бұршақ бітесі бұршаққа, сиыр жоңышқаға, жоңышқаға, жасымыққа зиян келтіреді. Дернәсіл мен имаго шырынды сорып, жапырақты ширатады, дамуды тоқтатады, зақымданған мүшенің түрін өзгертіп, егінніңтүсімін төмендетеді. Егер энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу (сермеу) жасаған кезде 25-30 дара біте түссе немесе 20% -өсімдік залалданған болса, онда инсектицидпен өңдеу жұмыстарын жүргізеді.
Түйнекті бізтұмсықтар: теңбіл - Sitona lineatus L. және қылшықты - S. Crinitus Herbst.( бізтұмсықтар тұқымдасы - Curculionidae, қоңыздар отряды - Coleoptera).Қоңыздың бас түтігі қысқа, денесінің ұзындығы 3-5мм, денесінің түсі топырақты-сұр болып келген. Дернәсілдің сыртқы құрылысына тоқталатын болсақ, олардың денесі иілген, аяқтары жоқ, ақшыл-қоңыр басы бар, дене тұрқы 5мм-ге дейін жетеді. Қоңыздар жердің беткі қабатында және өсімдік қалдықтарының астында, көбінесе көпжылдық бұршақ өсімдіктері алқаптарында қыстайды. (3-сурет)

3-сурет Түйнекті бізтұмсықғы және жұлдызқұр

Көктем уақытында олар дәнді бұршақ дақылдарының өскіндеріне қоныс аударуы мүмкін. Қоңыздар топыраққа және өсімдік мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Дернәсіл дамығаннан кейін топырақтың астына кіріп, азотфиксациялайтын түйнекті кеміріп қоректенеді. Шілде-тамыз айларында қоңыздардың қуыршақтану кезеңінен кейін жас ұрпақтың таралуы пайда бола бастайды. Түйнекті бізтұмсық жылына бір ұрпақ беріп дамиды. Негізгі қауіпті ересек қоңыз пен дернәсіл келтіреді. Қоңыздар жапырақтың шетін кеміріп, мүсінді зақымдану қоздырады. Жапырақтың дәнжарнағының және өсу нүктесінің зақымдануы өскіннің жойылуына әкеледі. Дернәсілдер түйнек ұлпасын зақымдап, азоттың мөлшерін төмендетеді және өсімдіктің өсуін тежейді. Түйнекті бізтұмсық бұршақ, сиыр жоңышқа, люпин, жоңышқа, эспарцет, түйе жоңышқа, беде үшін қауіпті болып табылады.
Бұршақ жемірі - Laspeyresia nigricana F.(Tortricidae- тұқымдасы, Lepidoptera - қабыршақ қанаттылар отряды). Есейген құрттардың денесінің ұзындығы 12мм, ақшыл сары, басы қоңыр түсті болып келеді. Денесін түк пен сүйел жапқан. Есейген құрттар пілләнің ішінде топырақта қыстайды. Көбелектер ымырт түскен кезде ұшады да, өсімдіктің жер бетіндегі мүшелеріне жұмыртқаларын салады. Құрттардың дамуы дәннің ішінде өтеді.(4-сурет)

4-сурет Бұршақ жеміріжәне оның дернәсілі

Құрттар топырақтың арасына піллә торын түзіп, сол пілләнің ішінде қыстап шығады. 1-2 ұрпақ беріп дамиды. Құрттар көбінесе бұршақты кейбір жағдайда сиыр жоңышқаны, чинаны зақымдайды. Бұршақтың ішіне еніп, дендікеміреді. Бұршақты бұршақ жеміріне қорғаудың тиімді жақтарының бірі - ерте және қысқа мерзім ішінде жинау.
Бұршақ қоңызы - Bruchus pisorum L. (Coleoptera - қоңыздар отряды. Bruchidae - дәнектер ).Қоңыздарының бүйірінің алдыңғы арқасында және жамбастың төменгі жағында тісшелер орналасқан. Қанаттың үстінде ақ дақтар, ал құрсағының астында екі ірі қара дақтары бар. 5-сурет

5-сурет Бұршақ қоңызы және оның дернәсілі

Денесінің ұзындығы 4,5-5мм ақшыл түктермен қапталған. Дернәсілі сопақ, ақшыл - сары, ұзындығы 5-6мм. Қоңыздар тазалау, сақтау және егінді жинаған жерлерде бұршақтың ішінде қыстайды. Дернәсілдің ересек жәндікке айналуы, қыстап шығуы құрғақ тұқымның ішінде өтеді. Жұмыртқаны бұршақтың жармасына салады. Дернәсілдер бұршақтың ішінде қоректенеді. Егер шанақтану кезінде энтомологиялық аулағышпен 10 сілтеу жасағанда 15-20 қоңыз табылса, онда бұршақ қоңыздарын жою үшін инсектицидпен өңдейді.
Үрмебұршақ қоңызы - Acantoscelides obtectus Say.(Coleoptera - қоңыздар отряды, Bruchidae - дәнектер тұқымдасы). Ересек жәндіктің денесі қара, ұзындығы 3-3,5мм, құрсағы қызғылт жирен болып келген. Дернәсіл денесінің түсі ақ, иілген, оны ұзын қылшықтар жапқан, ұзындығы 5мм-ге дейін жетеді. Есейген даралары егістік жерлерде тұқымда немесе өсімдік қалдықтарының астында қыстайды.6-сурет

6-сурет Үрмебұршақ қоңызы

Қоймаларда қысқы мезгілде 2 ұрпақ беріп дамуын жалғастыруы мүмкін. Аналықтары жұмыртқаларын бұршақтың жігіне немесе жіктің кемірілген жеріндегі шұңқырларға және қоймаларда тұқымның арасына салады.(7-сурет)

7-сурет Жапырақ бетіндегі Үрмебұршақ қоңызының жұмыртқасы

Үрме бұршақтан басқа ноқатты, чинаны, асбұршақты және т.б. бұршақ тұқымдастарын зақымдайды. Бір дәннің ішінде бірнеше дернәсіл дамиды, сондықтан дәннің сыртқы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Майбұршақ дақылы, үрмебұршақ дақылы және агротехникалық шаралар
Күздік бидай және қара бидай
Атбас бұршақ және бөрібұршақ дақылдарын өсіру технологиясы
Дәнді бұршақ дақылдарының ерекшеліктері
Алматы облысы, Іле ауданының табиғи-климат жағдайы
Судан шөбі
ДӘНДІ ЖӘНЕ ЖАРМАЛЫҚ ДАҚЫЛДАР, ОЛАРДЫ ӨСІРУДІҢ ИНТЕНСИВТІК ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Бұршақ тұқымдас өсімдіктер өніміндегі азоттың мөлшері
Ноқат өсімдігінің сорттары
Бөрібұршақ және атбасбұршақтың халықтық - шаруашылық маңызы
Пәндер