Жеміс ағаштары



Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Жеміс ағаштарының зиянкестері
1.2 Өсіру технологиясы
1.3 Күресу шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Қазақстанда жеміс ағаштарын зақымдайтын насекомдардың жүздеген түрлері белгілі.Бірақетілерінбыз осылардың ішіндегі ең қауыптілеріне тоқтала кетіп,оларға қарсы күресу шараларын қарастырамыз.
Зиянкестің түр құрамы жеміс ағаштарының жас немесе кәрі болуына,физиологиялық күйіне және сонымен қатар жеміс шаруашылығының зоналық ерекшеліктеріне байланысты түрліше болады.
Тікпе шыбықтардың өсу барысында оларды біртіндеп жапырақтарын соруға және кеміруге мамандаған зиянкестер мекендей бастайды.Жеміс салған кезден бастап зиянкестердің түр құрамы жеміс ағаштарының генеративтік мүшелерімен яғни бітеу гүлін,гүлін жемісін зақымдайтын зиянкестер гүл жемірлері.жапырақ ширатқыштар,жеміс жемірлері,егеушілер т.б есебынде көбейеді.Бақтағы әлсіреген кәрі ағаштарды қабық жемірлері,мөлдір қанаттылар,бұрғы көбелектер сияқты зиянкестер зақымдап олардың қурап қалуына себеп болады.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжыған сайын жеміс ағаштарының түр құрамы,жекелеген түрлерінің быр жыл ішінде беретін ұрпақтарының саны және олардың зияндылық саны да жәрежесінде де өзгереді.Мысалы оңтүстікте срек кездесетін мүр көбелегі шетеннің күйе көбелегі кең таралған.Зиянды насекомдар жеміс ағаштарының барлық мүшелерімен қоректенеді,жапырағын гүлін,бұтағын,зақымдайды.Қатты зақымданған жеміс ағаштары әлсіреп,дұрыс өспейді.Келесі жылы өнімі төмендейді.Ағаштардың жемісін зақымдайтын зиянкестер де көп шығынға ұшыратады.
1. Ә.Т.Тілменбаев, Г.А.Жармұқамедова: Энтомология.
2. www.google.kz
3. Н.Г Щепетков, М.Ә Ысқақов – «Жеміс-көкөніс шаруашылығы» 227-230бб
4. Н.Ашықбаев, Б.Дүйсембеков, А.Ағыбаев, Р. Карбозова - «Өсімдік қорғау»
5. Қазақстан Республикасы аумағында қолдануға рұқсат етiлген пестицидтердiң 2013–2022 жж тізімі.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
Кіріспе
Негізгі бөлім
1.1 Жеміс ағаштарының зиянкестері
1.2 Өсіру технологиясы
1.3 Күресу шаралары
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе

Қазақстанда жеміс ағаштарын зақымдайтын насекомдардың жүздеген түрлері белгілі.Бірақетілерінбыз осылардың ішіндегі ең қауыптілеріне тоқтала кетіп,оларға қарсы күресу шараларын қарастырамыз.
Зиянкестің түр құрамы жеміс ағаштарының жас немесе кәрі болуына,физиологиялық күйіне және сонымен қатар жеміс шаруашылығының зоналық ерекшеліктеріне байланысты түрліше болады.
Тікпе шыбықтардың өсу барысында оларды біртіндеп жапырақтарын соруға және кеміруге мамандаған зиянкестер мекендей бастайды.Жеміс салған кезден бастап зиянкестердің түр құрамы жеміс ағаштарының генеративтік мүшелерімен яғни бітеу гүлін,гүлін жемісін зақымдайтын зиянкестер гүл жемірлері.жапырақ ширатқыштар,жеміс жемірлері,егеушілер т.б есебынде көбейеді.Бақтағы әлсіреген кәрі ағаштарды қабық жемірлері,мөлдір қанаттылар,бұрғы көбелектер сияқты зиянкестер зақымдап олардың қурап қалуына себеп болады.
Солтүстіктен оңтүстікке қарай жылжыған сайын жеміс ағаштарының түр құрамы,жекелеген түрлерінің быр жыл ішінде беретін ұрпақтарының саны және олардың зияндылық саны да жәрежесінде де өзгереді.Мысалы оңтүстікте срек кездесетін мүр көбелегі шетеннің күйе көбелегі кең таралған.Зиянды насекомдар жеміс ағаштарының барлық мүшелерімен қоректенеді,жапырағын гүлін,бұтағын,зақымдайды.Қатты зақымданған жеміс ағаштары әлсіреп,дұрыс өспейді.Келесі жылы өнімі төмендейді.Ағаштардың жемісін зақымдайтын зиянкестер де көп шығынға ұшыратады.
Көптеген зиянкестер бітелер,қандалалар,цикадалар,зауза қоңыздардың личинкалары,егеушілер жемісағаштарына вирус және саңырауқұлақ ауруларын жұқтырушылар да болып табылады.

Алма күйе көбелегі - Yponomeuta malіnella L.
Қабыршыққанаттылар (Lepіdoptera) отрядының күйе көбелектер (Yponomeutіdae) тұқымдасына жатады. Солтүстік облыстардан басқа аймақтардың барлығында, әсіресе республиканың оңтүстік-шығысында, оңтүстіктің таулы аудандарында және Батыс Қазақстан облысында қатты зиян келтіреді.
Көбелектің алдыңғы қанаттарының үстіңгі беті күмістей ақ түсті және онда үш қатар болып орналасқан қара нүктелер болады. Артқы қанаттары күл түстес, жиектеріндегі шашақтары ақшыл. Қанаттарының өрісі 8 - 20 мм. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 18 мм-ге жетеді, түсі сарғылттау бас бөлімі қара, арқасында қылшықты қара сүйелдер болады және олар екі қатар орналасқан. Пілләсінің түсі ақ, ал оның ішіндегі қуыршағы күңгірт сары түсті болады.

1-сурет. Алма күйе көбелегінің жұлдызқұрты
Алма күйе көбелегі жылына бір ұрпақ беріп өсіп өнеді.Оның бір жастағы жұлдызқұрттары алма ағашының екі үш жылдық бұтақшаларының қабығында қалқанша астында қыстайды.Көктемде бүршік ашылған кезде олар қалқанша астынан шығып, тобымен жапырақ тақтасының арасына енеді де,жас тікандерін кеміріп жеп,тек жүйкелерін ғана қалдырады,оларға сонымен қатар өрмек ұяларын жасайды.
Мамырдың аяғы мен маусымның бас кезінде жұлдызқұрттар қоректенуін тоқтатып,өрмек ұяларының ішінде ақ піллаға оранып,қуыршаққа айналады.Қуыршаққа айналар кезінде жұлдызқұрттар бір біріне өте тығыз жабысып,шумақ шумақ болып орналасады.Қуыршақ кезеңі 15-20күнге созылады.Алма күйе көбелегі оқтын оқтын жаппай өсіп тұрады.Осындай жылдары олардың жұлдызқұрттары таулы және тау бөктеріндегі аймақтарда мәдени және жабайы өсетін алма ағаштарының жапырақтарының жеп орасан коп зиян келтіреді.
Алма жеміс жегірі - Laspeyresіa pomonella L. Қабыршаққанаттылар (Lepіdoptera) отрядының жапырақ ширатқыштар (Tortrіcіdae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда және басқа алма өсетін аймақтардың барлығында тегіс таралған аса қауіпті зиянкес. Көбелектің алдыңғы қанаттары артқыларына қарағанда ұзын, көлденең орналасқан көптеген қара сызықтары бар ағаштың қабағына ұқсас қара сұр түсті болады. Ағымен қатар олардың ұшында қола түсті жылтыр үш жолағы бар қоңыр дақ орналасқан. Артқы қанаттары қоңырлау сұр, жиектерінде ақшыл сұр түсті қысқа шашақтары бар. Қанаттарының өрісі 20 мм-ге жетеді. Қабыршаққанаттылар (Lepіdoptera) отрядының жапырақ ширатқыштар (Tortrіcіdae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда және басқа алма өсетін аймақтардың барлығында тегіс таралған аса қауіпті зиянкес.Көбелектің алдыңғы қанаттары артқыларына қарағанда ұзын, көлденең орналасқан көптеген қара сызықтары бар ағаштың қабағына ұқсас қара сұр түсті болады. Ағымен қатар олардың ұшында қола түсті жылтыр үш жолағы бар қоңыр дақ орналасқан. Артқы қанаттары қоңырлау сұр, жиектерінде ақшыл сұр түсті қысқа шашақтары бар. Қанаттарының өрісі 20 мм-ге жетеді.

2-сурет.Жұлдызқұрт зақымдаған жеміс

Долана көбелегі - Aporіa crataegі L.
Қабыршаққанаттылар (Lepіdoptera) отрядының ақ көбелектер (Pіerіdae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда тегіс таралған. Көбінесе оңтүстік және оңтүстік-шығыс аймақтарда жеміс ағаштарына едәуір зиян келтіреді.Көбелектің қанаттарының түсі ақ, ал олардың жүйкелері қара. Қанаттарының өрісі 65 мм-ге жетеді. Жұлдызқұрттарының денесін түк басқан, арқасында ұзынына созылған бес жолақ болады. Олардың үшеуі қара, екеуі қызғылт-сары болады. Денесінің бауыр және бүйір жақтары сұрғылт. Ұзындығы 45 мм-ге жетеді.

3-сурет. Долана көбелегі - Aporіa crataegі L.
Ерте көктемде жеміс ағаштары бүршігі ашылар кезде жұлдызқұрттар ұядан шығады да алғашында бүршіктерді,одан сон жапырақтарды кемырып жеп,қатты зиян келтіреді.Жаппай көбейген жылдары олар жеке бұтақтарды,тіпті ағаштардың өзін жалаңаштап,жапырақтарын түгелдей жеп қояды.
Жаздың бас кезінде жұлдызқұрттар өсіп жетіледі де қоректенуін біржола тоқтатып ағаштың бұтақтарына немесе бұта және шөптесін өсімдіктердің сабақтарына қуыршаққа айналады.Екі жетіден соң қуыршақтан көбелек ұшып шығады.Сөйтіп долана көбелегі жылына бір генерация беріп өсіп өнеді.

Шиенің шырышты егеушісі - Calіroa lіmacіna Retz.
Жарғаққанаттылар отрядының (Hymenoptera) кәдімгі егеушілер немесе өсімдік қиғылары (Tenthredіnіdae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда тегіс таралған. Еркек шырышты егеушінің түсі жылтыр қара. Қанаттары мөлдір, орта бөлімі қоңырлау, жүйкелері қара. Денесінің ұзындығы 6 мм-ге жетеді. Дернәсілдерін жалған жұлдызқұрт деп атайды. Олардың түсі сұрғылттау жасыл, денесін қара шырыш жауып тұрады, ұзындығы 10 мм-ге дейін болады.

3-сурет. Шиенің шырышты егеушісі - Calіroa lіmacіna Retz.
Зиянкестің личинкалары ағаштың діңінің айналасындағы топырақ арасында 2-3см тереңдікте қыстайды.Ересек наекомдар мамырдың екыншы жартысында маусымның басында шығады.Жұмыртқаларын шие жапырағының үстіне сыңалады.Ол үшін ұрғашылары жұмыртқа салғыш қынабымен жұмыртқа салғыш қынабымен жапырақтың астыңғы паренхимасын егеп тіледі де,жұмыртқасын жұқа қабықтың астына орналастырады.Жұмыртқадан шыққан личинкалар жапырақтың жұмсақ тікандарымен қоректенеді.Олардың дамуы 15-20күнге созылады.Бұл зиянкеспен зақымданған жапырақтар өрт шалған тәрізді болады және тез қурайды.Бұл жағдай келесі жылғы өніміне зор әсер етеді.Әсіресе жас ағаштардың өсуі кешеуілдейді.
Республиканың оңтүстік бөлігінде екі кейде үш ұрпақ ал солтүстік бөлігінде бір ұрпақ беріп өсіп дамиды.
Жүзім шоғының жапырақ ширатқышы - Polychrosіs botrana Schіff. Қабыршаққанаттылар (Lepіdoptera) отрядының жапырақширатқыштар (Tortrіcіdae) тұқымдасына жатады. Қазақстанның оңтүстік және оңтүстік шығыс өңірінде таралған. Көбелек қанаттарының өрісі 11 - 13 мм-ге жетеді. Алдыңғы қанаттары ортасында әртүрлі жіңішке сызықтар мен аспа бау тәрізді жалпақ жолағы бар қоңырқай сарғыш, ал артқы қанаттары сұр түсті болады. Жұмыртқасының пішіні жарты шар тәрізді, түсі жартылай мөлдір, сарғылт келеді. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 10 - 12 мм-ге дейін, жалпы түсі ақ немесе сары, арқасы бозғылт-жасыл және көкірек қалқаншасы сарғылт-қоңыр болады. Қуыршағының ұзындығы 5 - 6 мм-ге дейін, түсі жасыл реңі қоңыр, ең соңғы бунағы ілмек тәрізді қылшықтармен жабдықталған.

4-сурет.Жүзім шоғырының жапырақ ширатқыш - Eupoecіlіa ambіguella.
Қабыршаққанаттылар (Lepіdoptera) отрядының жапырақширатқыштар (Tortrіcіdae) тұқымдасына жатады. Қазақстанда Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл облыстарында қатты зиян келтіреді. Көбелектің қанаттарының өрісі 13 - 15 мм-ге дейін, алдыңғы қанаттары трапеция тәрізді күңгірт жолағы сары түсті болады. Жұлдызқұрттарының ұзындығы 12 мм-ге жетеді. Жалпы түсі алғашында жасылдау, одан соң дами келе қоңырқай қызыл, басы мен арқа қалқаншасы жылтыр қара болады.
Зиянкес жылына 2 ұрпақ беріп дамиды.Ақ түсті пілләға оранған куыршақ күйінде әр түрлі ағаштардығ қабықтарының астында және тағы басқа жерлерде қыстайды.Көбелектер көктемде шығады да жұмыртқаларын гүл шоғырына салады.Бірінші ұрпақтың жұлдызқұрттары гүл шоғырын өрмек жіптермен шырмап алып,бітеу гүлдер мен жидектерді де зақымдайды.

5-сурет.Екі ұрпақты жапырақ ширатқыш

Алманың қанды бітесі-Eriosoma lanigerum Hausm.Бітелер отряд тармағының пемфигидие тұқымдасына жатады.Қазақстандатек Шымкент обылыстарында кездеседі.Денесін мақта тәрізді ақ түк шоғыры жауып тұрады.Сондықтан оның шоғыры қар жапалағы тәрізді көрінеді.Басып жаншыған кезде денесінен қызыл қоңыр түсті сұйық зат бөлініп шығады.Осыған байланысты қанды біте деп аталады.
Партогенездік қанатсыз ұрғаш бітелердің түсі қоңыр,үстін ақ түсті ақ шоғыр басқан,мұртшалары алты буыннан тұрады,құйрықшасы дөігеленіп келген жалпақ болады,шырын түтікшелері болмайды,денесінің ұзындығы екы жарым мм жетеді.Партогенездік ұрғашы біте аздап ірілеу,құрсағының түсі қоңыр,басы көкірек бөлімі қара болып келеді.Күзде дамыитын ұрғашылары мен еркектерынде қүйрық болмайды,ұрғашының түсі қызғылт сары,еркектерінікі ашық жасыл,үстін ақ түсті шоғыр басқан.
Бір жаздың ішінде партогенездік жолмен көбейіп 15ұрпаққа дейін береді.Ауарайы құрғақ кездері біте өте баяу болады да дамуы нашарлайды,личинкалары біразы ағаштың тамырына өтіп,сонда қоректеніп көбейеді.Күзде қанатты ұрғашы және еркек бітелер пайда болады.Олар шағылысқаннан кейін ұрғашылырының әрқайсысы бір бірден ғана жұмыртқа салады.Бірақ ондай жұмыртқадан шыққан бітелер алма ағашында қоректене алмай өледі.
Алманың қанды бітесінің сан мөлшерін реттеп тұратын факторларың ең ішіндегі маңыздысы оның маманданған паразиті афелениус.Зиянкес таралған територияның көптеген бөліктерінде бұл паразит оның жаппай өсіп өніп көбейуіне мүмкіндік бермейді.
Алмұрттың жапырақ бүргесі-Psilla pyri.Тең қанаттылар отядының жапырақ бүргелер тұқымдасына жататын ұсақ насеком.Қазақстанның оңтүстік және шығысында алмұрт ағаштарына едәуір зиян келтіреді.Қыстап шыққан ересектерінің түсі қара қоңыр,ал көктемгі және күзгі ересек насекомдар ақшылдау болады.Арқасында қызыл түсті жолақтар мен дақтар бар,артқы аяқтары жасы секыруге бейімделген,және жуандау келген.Алдыңғы қанаттары мөлдір.Денесінің ұзындығы3-5мм3-5ммжетеді.
Зиянкес жылына торт бес ұрпақ беріп дамиды.Ереектері ағаш қабығының жапсарларында жерге түскен жапырақтарда қыстайды.Олар жұмыртқадан ерте көктемде яғни ағаштар бүршік жармай тұрғанда кіріседі.Жұмыртқаларын бір бірлеп немесе топтап,бүршіктің қатпарларына салады,личинкалары өте баяу дамиды.Олар денесінен бал шығы деп аталатын тәтті дәм шығарады,осы шыққан шырын алмұрт ағашының жапырақтарын түгелдей басып олардың бетін түгелдей басып қалады.Бес рет түлегеннен кейын барып бырақ ересек насекомға айналады.Кресектері екі айдай өмір сүреді,ал ұрғашылары 400жұмыртқа салады.
Бұл зиянкеспен зақымданған жеміс ағаштарының жапырақтары мерзімінен бұрын түсіп қалады,жемістері әсәресе ұсақ және құрғақ қатты болып дәмсіз жеміс болады және олардың сапасы нашарлап кетеді.Көпшілік жағдайда жетілмей қалады.Бұл зиянкес жемістерің беттерыне де өз шырындарын төгіп жанағы жапырақтарға да жемістерге де ,жемісағаштарының бұталарына да зықым келтіреді,сонымен қатар ол жемістің түсімімен қатар ол жемісті адам жейтін болса ол адам ауру болуы мүмкін бұл зиянкесің жеміс ағаштарына келтірер зияны көп болып табылады.Сонымен қатар ол алмұрттар ағаштарынан басқа жеміс ағаштарының алманы,қарақатты,шабдалыға көп зиянын келтіреді.Оларға да сол оз шырынын төгіп зиянын қатты келтіреді.

Жеміс ағаштарының өсіру технологиясы
Өсімдіктің өсуі және дамуы - өсімдік ағзасының қалыптасу негізіндегі маңызды тіршілік үдерістері, оның нақ және өздік дамуы (онтогенезі).
Өсу - ағза құрылымындағы жаңа жарандылармен (жаңадан пайда болған элементтермен) байланысты. Оның көлемі мен салмағының кері қайтпастай артуы. Осы анықтаманың екінші бөлігінің іссанадағы маңызы өте зор, себебі өнім және оның қалыптасу барысы (жолы), ең соңында сызықтық, көлемдік және салмақтық көрсеткішке байланысты болады.
Даму (М.Х.Чайлахян, 1982) - өсімдіктің немесе жекелеген мүшелердің, ұлпалардың және жасушалардың тіршілік әрекетінде, құрылымы мен қызметінде пайда болған сапалы өзгерістер.
Өсімдіктің өсу қарқыны, құрғақ зат жиналуы сияқты, ең әуелі тұрақты түрде, гүлдеудің басталғанынша арта береді де, одан кейін, ағзаның биологиялық қартаюының куәсі ретінде кемуі басталады. Өсуді реттеуде, өсімдіктегі алмасу реакциялары кезінде пайда болатын өсіргіш заттар мен нуклеин қышқылы үлкен рөл атқарады. Соңғы, жасушаның бүкіл тірі құрылымының негізін құрастыратын ақуыздардың түзіліуінде өте маңызды рөл атқарады. Өсімдіктің өсуі мен даму үдерістері морфогенезбен, яғни мүше қалыптастыру үдерістерімен байланысты.
Барлық ағзаларға, тіршіліктің тоқталмауын және мирасқорлығын қамтамасыздандыратын, өздеріне ұқсастырады туындату қабілеті - көбею тән. Жемісті өсімдіктерде ол жыныстық жолмен, яғни жыныстық жасушалардың ұрықтануының нәтижесінде пайда болған тұқымнан, сеппе көшет деп аталатын, өсімдіктің пайда болуымен және өсінді жолмен, яғни өсімдіктің жекелеген бөліктері (бүршігі, сұлатпалары, қалемшелері) тұтас өсімдіктерге немесе дара клонға дейін қалпына келтіруімен жүзеге асырылады. Бір клонның барлық даралары өздерінің тұқымқуалаушылық ерекшеліктерінің біртектілігімен сипатталынады, яғни клон өзі алынған сұрыптың қасиеттерін сақтайды. Осыған байланысты, ауыл шаруашылығы іссанасында жемісті дақылдардың қасиеттері мен белгілерін сақтау үшін өсінділетіп көбейту кеңінен қолданыс тапқан. Өсінділетіп көбейткенде ғана жеміс өсімдіктерінің ерекшеліктерін, қасиеттері мен белгілерін сақтап қалуға болады. Тұқыммен көбейткенде сұрыптық түртектік, әдетте, сақталмайды.
Әрине, өсінділетіп көбейткенде де өркендердің, гүлдердің және жемістердің сирек болсадағы, өзгеруі байқалады. Олардың өзгеріс сипаты уақытшалық (түрлендіргіштік, модификациялық), яғни телітуші мен телінушінің немесе даралардың басқа климаттық жағдайға ауыстырылуымен байланысты болатын әсерлермен және жаңа клон алудың негізі саналатын - бүршіктік немесе ұлпалық нұсқалармен (вариациялармен) байланысты пайда болатын тұқымқуалаушылық сипатта болуы мүмкін.
Сеппе көшеттердің өзіндік даму барысында, олардың пайда болуынан (аналық жұмыртқаның ұрықтануынан, өсінді көбею мүшелерінің дербес тіршілігінің басталуы немесе аналық дараның бөлінуі) тіршілігінің соңына дейін өзгерістерінің жиынтығы өтетін үдерісті онтогенез дейді. И.В.Мичурин жеміс өсімдіктерінің онтогенезінде, морфологиялық белгілері мен қасиеттері өзгешеленетін 4 этапты (дәуірді) ажыратады.
1. Эмбриональды дәуірі зиготаның пайда болуынан басталады және тұқым жарнақтары мен алғашқы нағыз жапырақтарының қалыптасуымен аяқталады. Бұл дәуірде ағзаның дамуы бейімделгіштігімен және өзгергіштігімен ерекшеленеді.
2. Сеппе көшеттің жас дәуірі алғашқы нағыз жапырақшаларының пайда болуынан басталады және жеміс салуының алғашқы 3-5 жылына дейін жалғасады. Дамудың бұл дәуірінде сеппе көшеттер бейімделгіштігінің жоғарылығын сақтайды және қоршаған орта жағдайына айтарлықтай бейімділікке ие болады. Дәуірдің бастапқы кезеңінде екпе көшетте бастапқы ататегіне тән филогенетикалық белгілер байқалады да, даму барысында олар жоғалады және мәдени ататегіне сай қажеттермен алмасады - жапырақтарының көлемі артады және олардың түктілігі қоюланады, тікендері жоғалады және т.т. Жастық дәуірдің ұзақтығы түрлік ерекшеліктерге, табиғи жағдайларға байланысты болады. Мысалы, алмада ол 8-20 жылға бүлдіргенде 1-2 жылға созылады.
3. Дамудың өнімді (толысу және сақаю күйі) дәуірі сеппе көшеттің бейімделгіштігінің төмендеуімен және оның белгілері мен қасиеттерінің салыстырмалы төзімділігімен сипатталынады. Өсімдік бұл дәуірде ең мүмкін көлеміне, ең жоғары өнімділігіне жетеді, жапырақтар мен жемістердің морфологиялық және биологиялық көрсеткіштері тұрақтанады. Осы этапта өсінді көбейтудің барлық тәсілдерін қолдана отырып, ең құнды сеппелерді таңдап алады және көбейтеді.
Бірақ сеппе көшеттердің негізгі белгілері мен қасиеттерінің тұрақтылығы салыстырмалы түрде болады. Бөрікбаста балақтық өркендер пайда болғанда, өсімдіктің әртүрлі бөлігіндегі ұлпалардың бір текті болмауынан жабайылық (қарапайым, табиғи) белгілер пайда болуы байқалады. Бөрікбастың қат-қабаттарындағы (белдеулеріндегі) ұлпардың және бұтақтардың ұзындығының бірдей болмауы, көбейтуге қалемшелерді бөрікбастың жоғары шеттерінен дайындау керектігін болжайды.
4. Қартаю және қурау. Бұл дәуірде екпе көшеттердің иілімділігі және қоршаған орта жағдайына икемділігі, дертке және зиянкестерге төзімділігі күрт төмендейді, сондай-ақ өсуі және жарақаттардың жазылуы нашарлайды. Ағзадағы заттар алмасуының бұзылуына байланысты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеміс-жидек ағаштарының сорттары
Оңтүстік Қазақстанда жеміс өсіру
Қазақстанда өсетін жеміс дақылдарының сорттық ерекшеліктері
Жеміс тұқым ауданы
Алматы облысы Ұйғыр ауданына отырғызуға рұқсат етілген жеміс дақылдарының сорттарына сипаттама
Қазақстан Республикасының жекелеген аумақтарындағы жеміс шаруашылығының ерекшеліктері
Бақты қорғайтын, шаруашылық құрылыстар
Бақ шаруашылығының қазіргі даму жағдайы. Алматы облысы, Шелек ауданының климаттық жағдайына, топырағына, өсірілетін жеміс – жидектерге сипаттама
Алма сорттары
Жеміс ағаштары зиянкестерінің систематикасы
Пәндер