Туристік кластердің дамуын қолдау
КІРІСПЕ
1 ТУРИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері
1.2 Туризмді ұйымдастыру мәні мен бағыттары
2 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ
2.1 Алматы облысының туристік дамуын талдау
2.2 Алакөл ауданының туризм мен демалысты дамытудың қазіргі жағдайына талдау
2.3 Жетісу өңірінде туризмді дамытуға мүмкіндік беретін тарихи.мәдени нысандары
3 ЖЕТІСУДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1 Жетісу өңірінде туризм кластерін қалыптастыру бағыттары
3.2 Жетісу өңірінде туризмді дамыту бағыттары қолайлы туристік имиджін қалыптастыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туристік индустрия қызметі мемлекет қазынасына айтарлықтай кіріс әкелетін , болашағы бар экономиканың саласы ретінде көріне алатындығы жайлы стратегиялық бағдарламасында атап өткен болатын. Сонымен қатар, дәстүрге еніп қалыптасып келе жатқан Елбасының жыл сайынғы Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлеуметтік экономикалық әлеуетін дамыту мақсатында атқарылатын істер мен алда тұрған міндеттер анықталып отырады. Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін, сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық аймақтың туризм орталығына айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылған. Аталмыш бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 59 млрд. теңгеден астам сома көлемінде қаржы бөлу жоспарланып отыр. Ағымдағы сәтте республикада туристік саланы дамытудың көптеген шешілмеген мәселелер бар. Саланың қалыптасуына кедергі келтіретін бірқатар обьективті факторлар орын алып отыр. Бұл, ең алдымен индустрияның өзіндегі де, онымен сабақтас саладағы да әлсіз менеджмент, сондай-ақ туристік инфрақұрылымды қолда бар обьектілердің, негізгі қорлардың тозуы. Елдің ұлттық, ішкі және экономикалық қауіпсіздігіне туризмнің ықпалы, сондай-ақ шетелдік туристердің Қазақстанда болу қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мәселе бүгінге дейін қаралған емес.
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ТУРИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері
1.2Туризмді ұйымдастыру мәні мен бағыттары
2 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ
2.1Алматы облысының туристік дамуын талдау
2.2Алакөл ауданының туризм мен демалысты дамытудың қазіргі жағдайына
талдау
2.3Жетісу өңірінде туризмді дамытуға мүмкіндік беретін тарихи-мәдени
нысандары
3 ЖЕТІСУДА ТУРИЗМДІ ДАМЫТУ ЖОЛДАРЫ
3.1Жетісу өңірінде туризм кластерін қалыптастыру бағыттары
3.2Жетісу өңірінде туризмді дамыту бағыттары қолайлы туристік имиджін
қалыптастыру
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев туристік индустрия қызметі мемлекет қазынасына
айтарлықтай кіріс әкелетін , болашағы бар экономиканың саласы ретінде
көріне алатындығы жайлы стратегиялық бағдарламасында атап өткен болатын.
Сонымен қатар, дәстүрге еніп қалыптасып келе жатқан Елбасының жыл сайынғы
Қазақстан халқына Жолдауында еліміздің әлеуметтік экономикалық әлеуетін
дамыту мақсатында атқарылатын істер мен алда тұрған міндеттер анықталып
отырады. Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік
бағдарламасы аясында бес жылдың ішінде халықты жұмыспен қамту үшін, сыртқы
және ішкі туризм көлемінің артуы есебінен кірістің тұрақты өсімі үшін,
сонымен қатар Қазақстанды 2011 жылы Ортаазиялық аймақтың туризм орталығына
айналдыру үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру қарастырылған.
Аталмыш бағдарламаны іске асыруға республикалық бюджеттен 59 млрд. теңгеден
астам сома көлемінде қаржы бөлу жоспарланып отыр. Ағымдағы сәтте
республикада туристік саланы дамытудың көптеген шешілмеген мәселелер бар.
Саланың қалыптасуына кедергі келтіретін бірқатар обьективті факторлар орын
алып отыр. Бұл, ең алдымен индустрияның өзіндегі де, онымен сабақтас
саладағы да әлсіз менеджмент, сондай-ақ туристік инфрақұрылымды қолда бар
обьектілердің, негізгі қорлардың тозуы. Елдің ұлттық, ішкі және
экономикалық қауіпсіздігіне туризмнің ықпалы, сондай-ақ шетелдік
туристердің Қазақстанда болу қауіпсіздігін қамтамасыз ету туралы мәселе
бүгінге дейін қаралған емес.
1 ТУРИЗМНІҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫНЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
1.1 Экономика саласы ретіндегі туризмнің мәні және ерекшеліктері
Туризм бүгінгі замандастарымыздың өміріне мықтап енді. Қоғамымыздың
әлеуметтік және экономикалық тіршілік жағдайына әсер ете отырып, ол бірте-
бірте күрделі әрі санқырлы құбылысқа айналуда. Сондықтан туризмді
зерттеумен географтар, экологтар, экономистер, социологтар, архитекторлар
мен медиктер басқа да түрлі мамандық иелері айналысуда.
Туризм әлемдік экономикада басты рөлдің бірін атқарады. Туристік
Ұйымның (ДТҰ) деректері бойынша ол әлемдегі жалпы ұлттық өнімнің оннан бір
бөлігін, халықаралық инвестицияның 11 пайыздан астамын, әлемдік өндірістің
әрбір 9-шы жұмыс орнын қамтамасыз етеді.
Туризмнің қазіргі индустриясы табысы жоғары және серпінді дамып келе
жатқан қызмет көрсетулердің халықаралық сауда сегменттерінің бірі болып
табылады. 1999 жылы халықаралық туризмнің үлесі экспортқа шығарылатын дүние
жүзілік табыстың 8 пайызын, қызмет көрсету секторы экспортының 37 пайызын
құрады. Туризмнен түскен табыс мұнай, мұнай өнімдері және автомобиль
экспортының табысынан кейін тұрақты үшінші орында келеді. Мұндай оң үрдіс
жаңа мыңжылдықтың бас кезінде де сақталады деп күтілуде. Әлемдік туристік
рыноктың дәстүрлі аудандары өзінің рекреациялық сыйымдылығының шегіне іс
жүзінде жеткендіктен, туризмнің өсуі туристер баратын жаңа аумақтар
есебінен басым дамитын болады. Осыған байланысты, Қазақстанның әлемдік
туристік рынокта өзінің лайықты орнын табуға бірегей мүмкіндігі бар.
Қазіргі туризм еңбекшілердің жыл сайынғы ақылы еңбек демалысына
шығуымен байланысты болды, мұның өзі адамның демалуға және бос уақытын
өткізуге негізгі құқығын тану болып табылады. Ол жеке адамды, адамдар және
халықтар арасындағы өзара түсіністікті дамытудың факторына айналды.
ДТҰ, туризм жөніндегі мамандандырылған халықаралық ұйымдардың
зерттеулерінің талдауына, сондай-ақ мемлекеттердің туризмді дамыту
саясатына сәйкес, туризм мемлекеттің әлеуметтік, мәдени және экономикалық
өміріне тікелей ықпал ететін қызмет ретінде түсініледі.
Қазіргі туризм — бұл әлемдік экономиканың қүлдырауды білмейтін саласы.
Мамандардың есебі бойынша, орташа есеппен, бір шетелдік туристің беретін
табысын алу үшін оған барабар, шамамен 9 тонна тас көмір немесе 15 тонна
мұнай немесе 2 тонна жоғары сортты бидайды әлемдік рынокқа шығару керек.
Бұл ретте, шикізат сату елдің энергия көздерін азайтады, ал туристік
өндіріс таусылмайтын ресурстармен жұмыс істейді. Шетелдік экономистердің
есебі бойынша, 100 мың турист қалада орташа есеппен екі сағат болған кезде
кемінде 350 мың доллар немесе адам басына бір сағатта 17,5 доллар жұмсайды.
Сейтіп, шикізат сату өзіндік экономикалық тығырыққа тірелу болса, ал
туризмді дамыту — ұзақ мерзімді, экономикалық тиімді болашақ.
Туризм түсінігі айқындағанда мынадай келесі көрсеткіштерді ескерген
жөн:
− Орын өзгерту. Бұл жағдайда іс−әрекет
күнделікті ортадана тыс жерге орын
ауыстыру арқылы жүзеге асады. Алайда өз
үйі мен жұмыс орнына немесе оқу орнына
бару арқылы орнын өзгерткен тұлғаны турист
ретінде қарастытыру мүлдем теріс түсінік.
− Өзге жерге келу. Бұл жағдайдың басты
мақсаты: өзге келген жер тұлғаның үнемі
немесе ұзақ мерзімді өмір сүру ортасына
айналмауы тиіс. Сонымен қатар бұл еңбек
қызметімен де байланысты (жолаушының
еңбекақысы мен іс−сапар ақысын төлеу)
болмауы керек. Тағы да бір ерекшелігі
саяхаттанушылар жаңадан келген ортасында
12 ай бойы немесе одан да ұзақ мерзімде
тұрақтамауы тиісті. Нақты бір өзге ортада
бір немесе одан да ұзақ мерзімде болған
немесе болуды жоспарлаған адам туризмнің
критерийлері бойынша саяхаттанушы (турис)
болып саналмайды.
− Жаңадан келген орта еңбек ақы төлеудің
негізгі ортасы. Бұл жағдайда саяхаттың
немесе жолсапардың негізгі мақсаты жаңадан
келген ортада арнайы бір қызмет етіп,
пайда табуды көздеу болмауы тиіс.
Қызметтік іссапар, сондай−ақ бос уақытын
өткізу мақсатындағы саяхат – бұл
күнделікті өмір сүру және қызмет ету
ортасынан тыс жерге орын ауыстыру. Егер
қала тұрғыны сол қаладан сауда – саттық
қызметі мақсатында орын ауыстырса, ол
саяхаттанушы болып есептелмейді. Өйткені
ол өзінің негізгі ортасын тастап кетпейді.
Туризм жалпы алғанда, мемлекеттің экономикасына үш оң нәтиже береді:
1 Шетел валютасының құйылуын қамтамасыз етеді және төлем теңгерімі мен
жиынтық экспорт сияқты экономикалық көрсеткіштерге оң ықпал жасайды.
2. Халықтың жұмыспен қамтылуын көбейтуге көмектеседі. ДТҰ мен
Дүниежүзілік туризм және саяхат кеңесінің бағалауы бойынша туризм
өндірісінде құрылатын әрбір жұмыс орнына басқа салаларда пайда болатын 5-
тен 9-ға дейін жұмыс орны келеді екен. Туризм тура немесе жанама түрде
экономиканың 32 саласының дамуына ықпал жасайды.
3 Елдің инфрақұрылымын дамытуға жәрдемдеседі.
Туризм елдің тұтас аудандарының экономикасына белсенді әсер етеді.
Туризм саласындағы шаруашылық жүргізуші субъектілердің құрылуы және жұмыс
істеуі жол көлігін, сауданы, коммуналдық-тұрмыстық, мәдени, медициналық
қызмет көрсетуді дамытумен тығыз байланысты. Сөйтіп, туризм индустриясы
басқа экономикалық секторлардың көпшілігімен салыстырғанда, неғұрлым
пәрменді мультипликаторлық тиімділікке ие.
Туризм жеке және ұжымдық жетілдіру құралы ретінде жоспарлануы және
тәжірибеде іске асырылуы тиіс демалыспен, бос уақытты өткізумен, спортпен,
мәдениетпен және табиғатпен тікелей араласуға байланысты қызмет. Мұндай
жағдайда, ол өз бетімен білім алудың, толеранттықтың және халықтар мен
олардың әр түрлі мәдениеттерінің арасындағы олардың өзгешеліктерін танып-
білудің бірден бір факторы болып табылады.
Туризмнің жылдам және тұрақты өсуін, оның қоршаған ортаға,
экономиканың барлық секторлары мен қоғамның әл-ауқатына күшті әсерін
назарға ала отырып, Үкімет Қазақстанның ұзақ мерзімдік даму бағдарламасында
туристік саланы басымдық ретінде белгіледі. Осыған орай туризм саласында
тұтас мемлекеттік саясатты қалыптастыруды, Қазақстанда қазіргі заманғы
бәсекеге қабілетті туризм индустриясының құқықтық, ұйымдастырушылық және
экономикалық негіздерін қалыптастыруды көздейді.
Бұл ретте біз экономиканың дамып келе жатқан саласының объектілері
мен субъектілеріне тоқталып қарастырайық.
Туристік қызмет субъектілеріне біз келесілерді жатқызамыз:
1) туристік операторлар (туроператорлар);
2) туристік агенттер (турагенттер);
3) гидтер (гид-аудармашылар), туризм нұсқаушылары, экскурсоводтар;
4) туристер және олардың бірлестіктері;
5) экскурсанттар;
6) туристік қызмет саласындағы өзге де бірлестіктер;
7) туристік қызмет саласындағы қоғамдық қатынастарды реттейтін
мемлекеттік органдар жатады.
Ал туристік қызмет объектілері дегеніміз — табиғи объектіпер және
табиғи-климаттық аймақтар, көрікті орындар, тарихи және әлеуметтік-мәдени
көрсету объектілері және саяхат кезінде туристердің қажеттерін
қанағаттандыра алатын өзге де объектілер.
Атаулы субъектілер мен объектілер туристік индустрияда қамтылған.
Туристік индустрия — туристерді орналастыру құралдарының, көліктің,
қоғамдық тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық объектілері мен
құралдарының, танымдық, сауықтыру, іскерлік, спорттық және өзге де
мақсаттағы объектілердің, туристік қызметті жүзеге асыратын ұйымдардың,
сондай-ақ экскурсиялық қызмет және гидтер (гид-аудармашылар) қызметін
көрсететін ұйымдардың жиынтығы. Соынмен қатар біз туристік индустриядағы
қызмет көрсету түрлеріне тоқтала кетуіміз жөн:
1) турлар ұсыну жөніндегі қызмет көрсету;
2) тұратын орындар беру жөніндегі қызмет көрсету;
3) тамақтандыру жөніндегі қызмет көрсету;
4) ақпараттық, жарнамалық қызмет көрсету;
5) келік қызметін көрсету;
6) ойын-сауық;
7) өзге де туристік қызмет көрсетулер.
Турисік индустрияда міндетті түрде туристік ресурстар (қорлар)
қарастырылады. Осыған орай Қазақстан Республикасының туристік ресурстарын
сыныптау мен бағалау, олардың қорғалу режимі, қоршаған ортаға түсетін
ауыртпалықтың жол берілетін шегін ескере отырып пайдалану мен туристік
ресурстардың тұтастығының сақталу тәртібі, оларды қалпына келтіру жөніндегі
шаралар арнайы заңдарда белгіленген тәртіппен айқындалады.
Қазіргі қалыптасқан халықаралық ұғым бойынша туризм дегеніміз
адамдардың әр түрлі мақсатпен басқа елдерде, аймақтарда, аумақтарда уақытша
болуын қамтамасыз ететін қоғамдық қатынастар мен жұмыстардың және
материалдық орындардың жиынтығы. Дүние жүзілік туристік ұйымның берген
анықтамасы бойынша "турист" дегеніміз әр түрлі мақсатпен (көңіл көтеру,
емделу, кәсіптік қызмет, конференцияға қатысу, туыстарына бару, діни және
спорттық мақсатта т.б.) басқа елдерде (аймақтарда) 24 сағаттан артық
мерзімде уақытша болатын адамдар. Сонымен қатар туристер қатарына мына
категориядағы адамдар жатпайды:
1. Белгілі бір елге барып, онда тұрақты тұрып жатқан адамдар.
2. Контракт бойынша келіп, жұмыс жасап жатқан адамдар.
З. Ұзақ мерзімдегі оқу және мамандығын көтеріп жатқан адамдар.
4. Босқындар.
5. Әскери контингент құрамындағылар.
6. Иммигранттар.
7. Консулдық және елшілік (дипломаттар) қызметкерлері.
Туризм негізінен 3 түрлі критерий бойынша жіктеледі:
- Қоғамда атқаратын рөлі немесе алатын орны бойынша.
- Туристердің алдына қойған мақсаты бойынша.
- Туристік жорықтардың қандай жерлерде өткізілетініне, жорық кезінде
қолданылатын көліктіктердің түріне байланысты.
Қазіргі заманда туризм әртүрлі елдердің өзара мәдени алмасу қызметінде
ерекше роль атқарады. Туризмнің өркендеуі дамыған елдердің де, жаңадан
дамып келе жатқан елдердің де маңызды әлеуметтік -экономикалық мәселелерін
шешуге бірдей ықпал етеді. Дүниежүзілік лидерлер туризмнің дамуын ХХI
ғасырда стратегиялық жене экономикалық тұрғыда ең алғы орынға қояды.Әлемдік
экономиканың бірде-бір саласы дәл туризм сияқты тұрақты жұмыс істеп отырған
жоқ [2,12б.].
Дүниежүзілік Туристік ұйымның болашағы бойынша 2010жылы халықаралық
туристік саясаттардың саны 1 миллиардқа, ал 2010жылы 1.6 миллиардқа жетеді
деп есептеліп отыр.
Қазақстан 1994 жылы Дүниежүзілік туризм ұйымына қабылданды.
Туризмнің негізгі атқаратын 4 мақсаты аталады, олар:
1.Сауықтыру (рекреациялық);
2.Танымдық (экскурсиялық, топтық серуен);
3.Іскерлік;
4.Ғылыми (зерттеу жұмыстары).
Топтық серуендер: а) мәдени-тарихи объекті; б) табиғи объекті.
Табиғи объектілерге:
-таулы аудандар (Ақсу-Жабағылы, Марқакөл).
-өзен-көл маңы (Алакөл , Қорғалжың).
-орман (Наурызым).
-құмды дала (Үстірт, Мойынқұм).
-жартастар (Таңбалытас, Қаратау).
Туризм қоғамда атқаратын белгілі-бір рөліне байланысты төмендегі
топтарға бөлінеді:
1) Халықаралық туризм — мемлекетаралық, корпоративтік және регионалық
(аймактық) келісімдер негізінде елдер арасында туристер алмасумен,
туристерді басқа елдерге жіберумен және басқа елдерден туристер қабылдаумен
айналысатын жұмыстардың жиынтығын білдіреді.
2) Ішкі туризм — бір мемлекет көлеміңдегі жеке аймақтар, аудандар
арасындағы туристік ағын, инфрақұрылым, қызмет ету жиынтығы болып саналады.
3) Мектеп туризмі — оқушыларға тәрбие беру, білімдерін жетілдіру,
оларды болашақ туристік кәсіпке баулу мақсатында мектеп көлемінде
ұйымдастырылатын туризм сферасындағы жұмыстар жиынтығы.
Туризм, басқа да халық шаруашылығы сияқты бірнеше шағын салалардан
тұрады: емдеу, сауықтыру-спорт, танымдық; сондай-ақ ішкі және халықаралық
туризмге бөлінеді. Бірнеше басқару органдарының болуы да осыған байланысты;
бұрыңғы КСРО-да бұлар орталық курорттарды басқару кеңесі, орталық туризм
және экскурсия кеңесі, халықаралық жастар туризмінің бюросы - спутник,
бүкілодақтық акционерлік қоғам – Интурист және басқалары. Осындай
конструктивті ғылым, кешенді зерттеулерге сүйенентін жаратылыс,
техникалық, экономикалық және әлеуметтік, табиғи мәселелерді қамтуға туризм
географиясының ғана шамасы келеді. Халықаралық туризмде турист өзінің
елінен шығып басқа бір шетелдік елге барады. Кеденнен өту үшін туристтік
құжаттарды толтырады (паспорт, виза жасау), валюта және медициналық
бақылаудан өтеді. Бұл халықаралық туризмнің ерекшелігі болып саналады және
ішкі туризмнен ең басты айырмашылығы.
Кесте 1
Туризмнің түрлерін жіктеу
Жіктеу белгілері Туризм түрлері
Сапар мақсаты Рекреациондық, релаксациондық,экскурсиялық,
іскерлік, спорттық, білімдік, діндік.
Маусымдық белгі Жазғы, қысқы, маусым аралық
Сапарды ұйымдастыру нысаны Ұйымдастырылған, өз жоспары бойынша,
ұйымдастырылмаған.
Жас аралық белгі Балаларға арналған, жастарға, орта
жастағыларға, үшінші жастағыларға.
Сапарда болу ұзақтығы Қысқа мерзімді(3-6күн),
Орта мерзімді(7-14күн),
Ұзақ мерзімді(15 және одан жоғары)
Туристің тұрғылықты жері Ішкі, кіру және шығу
Мобилділік деңгейі Қозғалмалы, стационарлық, аралас.
Сапар географиясы Континентаралық, халықаралық, аймақтық,
жергілікті, шекарааралық.
Қатысу нысаны Индивидуалды, топтық, отбасылық.
Орын ауыстыру Жаяу, дәстүрлі көлік түрлерін қолдану
арқылы, экзотикалық көлік түрлерін қолдану
арқылы.
Пайдаланылатын ресурстар Таудық, теңізөзендік, қалалық, дачалық,
экскурсиялық, ормандық, далалық.
Әлеуметтік-экономикалық Бизнес-туризм, конгресстік, білімдік,
статусы шоппинг.
Туристердің қажеттіліктері Бұқаралық, конвейерлік, жаппай, сараланған.
мен мотивациялары
Қаржыландыру көздері Әлеуметтік, инсенти -турлар, жеке турлар.
Қызмет көрсету деңгейі Элиталық, пэкидж-турлар
Қызмет көрсету бағдарламасы Эксклюзивті, инклюзивті.
Е с к е р т у – [8] әдебиет негізінде құрастырылды.
Туристердің алдарына қойған мақсат, мүдделері бойынша туризм мынандай
түрлерге бөлінеді:
1) Экскурсиялық немесе танымдық туризм — туристердің белгілі-бір
жердің табиғи ерекшеліктерімен, тарихи-мәдени орындарымен, ұлттық-
этнографиялық ерекшелікгерімен танысуын қамтамасыз ететін жұмыстар.
2) Курорттық туризм туристердің демалысын, емделуін белгілі-бір жерде
қамтамасыз ету жұмыстар жиынтығы.
3) Спорттық туризм — туристердің спорттық мақсатта жорықтарға,
жарыстарға қатысуын ұйымдастыратын жұмыстар тобы.
Туристік жорықтардың қандай жерлерде өткізілетініне және туристік
жорықтар кезіндегі қолданылатын транспорттық кұралдардың жеке түрлеріне
байланысты туризм мынадай түрлерден тұрады:
1) Жаяу туризм — күрделі емес таулы және жазық жерлерде өткізілетін
туристік жорықтар. Халықтық топтар арасында ең көп тараған туризм түрі
болып есептеледі: арнайы көлікті қажет етпейді, кез-келген аумақ бойынша
жорықтар ұйымдастыруға болды.
2) Тау туризмі — биік, күрделі таулы жерлерде өткізілетін жорықтар
болып бөлінеді. Маршрут бойында кедергілер, категориялық асулар болуы
керек. Жаяу туризм сияқты адамдар арасында кең тараған туризм түрлерінің
бірі, өйткені арнайы көлікті керек етпейді; таулы аймақтарда кең таралған.
3) Шаңғы туризмі — қыс кезінде, белгілі-бір қар жамылғысы калыңдығына
байланысты өткізілетін, өзіндік ерекшеліктеріне байланысты құрал-жабдықтары
(примус, пеш, шаңғы т.б.) және қонақ жайлары (қар үйшіктері, тұрғын мекен-
жайлар т.б.) бар жорықтарға байланысты жұмыстар тобы. Климаттың, ауа-
райының әртүрлі жағдайында жорықтар өткізіледі. Шаңғы туризмі бойынша
жорықтар жазық жерлерде және таулы аудандарда қар жамылғысы тұрақты
аймақтарда тараған.
4) Су туризмі — белгілі-бір су обьектілері (өзендер, көл жағалары)
бойынша ұйымдастырылып өткізілетін, арнайы (қайықтар, салдар т.б.) жүзу
құралдары бар жорықтарды ұйымдастыруға байланысты іс-әрекеттер. Су
туризмінде қолданылатын жүзу құралдары әр түрлі (байдаркалар, балон
қайықтар, кильді қайықтар, катамарандар, тегіс табаңды кайықгар т.б.) су
жорықтары бойынша кездесетін кедергілер де ерекше (желдер, толқындар,
сарқырамалар т.б.).
5) Велосипед туризмі — ұзақ қашықтықтағы, көптеген километрге (1100 км
дейін) созылатын, арнайы дайындықты талап ететін, транспорттық (көліктік)
құрал велосипед болып табылатын, жорық кезіндегі өзіндік кедергілер бар
(жолсыз жерлер, орман-тоғайлар, жыралар т.б.) туристік топ құрамының шағын
болуын талап ететін жорықтарды ұйымдастыру жұмыстарының жиынтығы.
6) Автомототуризм — арнайы дайындықты қажет ететін, маршрут өтетін
жерлердің жағдайына байланысты өтетін (батпақтар, тасты, қарлы жерлер,
кұмдақ жерлер мен өткелдер, тау жолдары мен тау асулары жорықты
күрделендіреді), үлкен кашықтықтарға созылатын, топтық күтқару құралдарының
(от сөндіргіштер, аптечкалар, қорғаныс шлемдері, қауіпсіздік белбеулері
т.б.) болуға талап ететін жорықтарды ұйымдастырып өткізу. Көлік кұралы
ретінде туризмнің бұл түрі бойынша автомобилъдер, мотоциклдер, мопедтер
т.б. қолданылады. Автомототуризм бойынша жарыстар, чемпионаттар өтіп
тұрған.
7) Спелеотуризм — үңгірлерде, әр түрлі жер бедерінің күрделі
лабиринттер жағдайында өтетін, үңгірлердегі төменгі температура мен жоғары
салыстырмалы ылғалдылық жағдайындағы, табиғи жорықтың болуымен сипатталатын
жұмыстарды ұйымдастыру. Кейбір үңгірлер түбінде жер асты көлдері мен жер
асты өзендері болады. Үңгірлер вертикальды және горизонтальды болуы мүмкін.
Өз бойында тау және су туризмі техникасы элементтері мен құрал-жабдықтарын
біріктіреді. Сондықтан арнайы дайындықты талап етеді. Алынып жүрілетін
құралдар да ерекше (фонарь, примус, рация, барометр т.б.). Спелеотуризм
бойынша маршрутгар 2 бөлімнен: жер үсті маршруты, яғни үңгірге дейінгі жүру
маршруты және жер асты маршрутынан тұрады.
Көп жағдайда үңгір аймағында базалық лагерьлер кұрылады.
Жоғарыда айтылған туризм түрлерімен қатар, қосымша кейде туризмнің
кейбір түрлерін әр түрлі критерий бойынша бөлу ұшырасады. Олар: туристердің
мақсаттары бойынша діни туризм - адамдардың қажылық мақсатта түрлі дін
бойынша касиетті жерлер мен орындарға баруы, конгрестік туризм — іскер
адамдардың келісім-шарттар жасауы үшін, тағы да басқа мақсаттармен жасайтын
сапарлары мен осы мақсаттағы және ғылыми мақсаттағы симпозиумдар,
конференциялар т.б. қоғамдық орны бойынша кейде т бетшше үйымдастырылатын
туризм деп те бөлінеді. Бұл қоғамдық топтардың, жеке адамдардың өз бетінше,
бірігіп өткізетін жорықтары. Пайдаланылатын көлік түрлеріне және
өткізілетін туристік жорық аумағына байланысты ат туризмі кейінгі кезде
етек ала бастады. Туризмнің бүл түрінің ерекшелігі жорықтар кезінде арнайы
дайындықты, ерекше кұрал-жабдықтарды және аттарға деген күтім жағдайын
талап етеді.
Ал көлік түрі бойынша автомобиль,темір жол,теңіздік,ауа арқылы,өзен
бойымен саяхат жасау бар.Сонымен қатар туризмнің дамуы соңғы кезде кез-
келген елдің экономикасының табыс табу көзіне айналуына байланысты оның
дамуына әр мемлекеттің өз бағдарлама-мақсаттарына үлкен маңыз береді.
Демалу - адамдардың өздерінің қызметі (туризм, саяхаттар,
санаториялық –курорттық ем алу) мен бұған көмектесетін мекемелердің
қызметінен (баспана беру, тамақтану мен түрлі шаралар ұйымдастыру) тұрады.
Мұның бәрі жалпы түсінікке-рекреацияға бірігеді. Оның негізгі мақсаты-еңбек
ету процесінде жұмсалған күшті қалпына келтіру.
Рекреация рухани дүниені байытып, адамның көзқарасын кеңейтеді.
Рекреация үшін 3 негізгі жағдай қажет: 1) өркениетті дем алыс
қымбатқа түсетіндіктен,адамдардың жеткілікті кірісі болуы керек; 2)
рекреациялық қор және; 3) рекреациялық шаруашылық болуы шарт. Халықтың
кіріс деңгейі өсіп келеді. Бұның өзі елімізде туризм дүрбелеңін тудырады.
Ал біздің елімізде рекреациялық шаруашылық құрамына қонақ үйлер,
демалыс үйлері мен базалары, санаторийлер, турбазалар, туристік көлік
кіреді. Рекреацияның бұл саласы да жылдам дамып келеді.
1990 жылдардың басында иесіз қалған демалыс базаларының көбі қалпына
келтірілді. Халықаралық дәрежедегі қонақ үй мен тау шаңғысы базалары
салынып, жаңа ұлттық парктер (Бурабай, Шарын каньоны, Қатонқарағай)
ұйымдастырылды.
Рекреациялық қорлардың екі түрі бар: табиғи-рекреациялық және мәдени-
тарихи қорлар. Біріншісіне адамдар барып дем алуды ұнататын табиғаты әсем
жерлер: сарқырамалар, түрлі бейнедегі жартастар, үңгірлер, каньондар (яғни,
табиғат ескерткіштері) жатады. Бұл қорлардың құрамдас бөлігі қолайлы
климаттық жағдай болып табылады. Ол сонымен бірге туристік маусымның (суға
түсетін, шаңғы тебетін) ұзақтығына әсер етеді. Мәдени-тарихи қорлар
адамдардың, яғни біздің арғы ата-бабаларымыздың өз қолдарымен жасап кеткен
ғажайыптары. Ежелгі қалалар, кесенелер, қамалдар мен храмдар, тасқа
қашалған суреттер, сәулет құрлыстары, мұражайлар-бұлардың бәрі Отанымыздың
мәдени мұрасын құрайды [3,2б.].
Жаңа әлемдегі жаңарған Қазақстан үшін экономиканы әртараптандыру және
шикізаттық емес секторды дамыту негізгі бағыттардың қатарына еніп отыр.
Әлемдік тәжірибеге көз салсақ, көмірсутегінің қаржысына ғана сүйенумен
алысқа бара алмасымыз мәлім. Ел табысының негізгі бөлігін шикізаттық емес
саладан табуды мақсат еткен Қазақ елінің алдында алынбаған талай асу бар.
Көптеген салалар Мемлекеттің қолдауы болмай, даму жолына түсе алмақ емес.
Елбасы биылғы Жолдауында бұл туралы Үкіметке нақты тапсырмалар жүктеді.
Яғни, Қазақстан ендігі он жылдықта өндіру саясатын түбегейлі өңдеуші
бағытқа бұрғаны жөн. Бұл ретте туризмнің алар орны ерекше.
Әлемде жер көлемі жөнінен алғашқы ондыққа енетін Қазақстанда туризмнің
танымдық, тарихи-мәдени, экологиялық-сауықтыру бағыттарын, тіпті спорттық
түрін дамытудың мол мүмкіншіліктері бар. Оған қоса ежелгі сауда-саттық жолы
мен өркениеттің байланыстырушысы болған ортағасырлық Ұлы Жібек жолының
бірнеше негізгі салаларының ел аумағынан өткенін қосыңыз. Қазір елімізге
келген саяхатшыларға 700-ден астам туристік бағыттар бойынша қызмет көрсету
ұсынылады екен. Алайда, туризм саласының мамандары кең байтақ Қазақстан
үшін бұл төмен көрсеткіш,- дегенді алға тартады [4,126б.].
1.2 Туризмді ұйымдастыру мәні мен бағыттары
Туризм саласының дамуы мен туристік қызметтерді зерттеуші экономист-
ғалымдардың пікірлерін жалпылай келе, біздің көзқарасымыз бойынша:
Туризмді дұрыс ұйымдастыру - нарықтағы кәсіпорынның мінез-құлқының
тұжырымдамасы, стратегиясы және тактикасы. Туризмді дұрыс ұйымдастырудың
мақсаты - сатып алушылардың қажеттіліктерін қанағаттандыру және осының
негізінде оның өсуі мен мол пайда табу мақсатына жетуін көздейді - деп
тұжырымдауға болады.
Зерттеу жұмысымызда туризмді ұйымдастырудағы шет елдік тәжірибеге
талдау жасай отырып, ұйымдастырудың екі үлгісін бөліп қарастырдық. Яғни,
туризмді ұйымдастырудың еуропалық және азиялық үлгілері.
Туризмді ұйымдастырудың еуропалық үлгісі әлемге әйгілі курорттарымен
танымал Италия, Испания және Франция елдерінде қолданылады. Бұл елдердегі
туризмді дамыту мәселелері көп салалы министрлік деңгейінде шешіледі.
Туристік саламен айналысатын министрліктің бөлімі мемлекеттік реттеу
бойынша мынадай іс-шаралар жүргізеді: нормативтік-құқықтық негізін
дайындайды, осы саладағы халықаралық ынтымақтастықты дамыту мәселелерімен
айналысады, статистикалық мәліметтерді өңдейді, аймақтардың осы бағыттағы
қызметтерін реттейді, осы салаға қатысты көрмелер ұйымдастырады және шет
елдердегі туристік өкілдіктерді басқарады.
Дамыған еуропалық елдердегі мемлекеттік туристік әкімшілік жергілікті
басқару орындарымен және жеке бизнеспен бірлесе отырып тірлік жасайды. Ал,
бұл өз кезегінде туризмді дамытудағы мемлекеттік бағдарламалардың
міндеттерін шешуде жеке қаржылық ресурстарды тартуға мүмкіндік береді. Бұл
саясаттың нәтижесі ретінде туристік қызметтерді реттеудегі аралас
(мемлекеттік-жеке) меншікті институттарды алуға болады.
Туризмді басқарудың мұндай жүйесінің арқасында, аталған елдер жоғары
индустриялы туризмі бар әлемдік туристік орталықтарға айналып отыр. Бұл
елдердегі туризмнен келетін кірістер бюджеттің маңызды баптарына кіреді.
Туризм дамуының бастапқы кезеңінде мемлекеттік басқару органдарының
маңызы үлкен. Оның себебі, алғашқы кезеңде туристік саланың инфрақұрылымын
жасау үшін қуатты қаржылық салымдар қажет болады. Мұндай қаржылық көмекті
тек мемлекет бере алады. Мемлекетке кірістер әкеле бастайтын жоғары дамыған
және бәсекелестік мүмкіншілігі үлкен туризм саласы қалыптасқаннан кейін,
мемлекеттік органдар негізінен туризм дамуын реттеуші қызметіне ауысады.
Туристік индустрияны ұйымдастырудың азиялық үлгісі Түркия, Египет,
Тунис, Марокко және Қытай елдерінде таралған (кесте 1). Бұл үлгідегі
елдерде туристік саланы ұйымдастыру мен басқару беделді әрі күшті
министрлікке жүктелген. Бұл елдерде туризм экономиканың басым бағыттарының
бірі болып саналады. Мемлекеттің көмегінің нәтижесінде аталған елдерде
туризм мен курорттар жоғары ырғақпен дамуда.
Кесте 1
Туризм саласын ұйымдастыру үлгілері
Туризмді Ұйымдастыру Реттелу Қаржылану
ұйымдастырудың үлгілері таралған ерекшеліктері жағдайы
үлгілері елдер
Еуропалық Италия, Испания, Мемлекеттік реттеу Мемлекеттік
Франция және т.б. институттары, жеке қаржылар, жеке
реттеу қаржылар
инс-титуттары
Азиялық Түркия, Египет, Басым түрде Мемлекеттік
Тунис, Марокко, мемлекеттік реттеу қаржылар, жеке
Қытай және т.б. институттары қаржылар
Қазақстандық Қазақстан Басым түрде Мемлекеттік
Республикасы мемлекеттік реттеу қаржылар, жеке
институттары қаржылар
Қайнар көзі: Сарсенбаева А. Туризмді ұйымдастырудың экономикалық
тетіктері (Оңтүстік Қазақстан облысының материалдары негізінде).
Автореферат. -Түркiстан, 2010.-28б
Қазіргі жағдайда Қазақстан үшін әлемдік туристік қауымдастықта өз
орнын табудың мүмкіндігі туып отыр. Бұл мақсатқа жету үшін мемлекет осы
саланы ұйымдастыру мен басқаруды өз деңгейінде жүргізуі керек. Қазақстан
өзінің туристік өнімімен халықаралық нарыққа шыққанына көп уақыт болған
жоқ. Сол себептен, қазақстандық туристік өнім өзінің өмір сүру шеңберіндегі
енгізу кезеңінде тұр. Бұл кезеңде туристік қызметтердің сапасын көтеруге
қажетті табиғи және экономикалық әлеуеттердің деңгейін көтеру керек.
Айтылған мәселелерді қорыта келе, туристік қызметтерді ұйымдастыру мен
реттеу жағдайларын, туризмнің экономикалық дамудағы құндылығын,
кемшіліктерін және мүмкіндіктерін бағалаудың шетелдік тәжірибесін кешенді
шолу, отандық туризмді дамытудың талдамалық негіздерін жасауға мүмкіндік
беретіндігін атап өтуге болады [5,7б.].
Туризм дамуына тікелей не жанама түрде экономиканың 30-дан аса секторы
әсер етеді, бұл – көлік, сауда, коммуникация мен байланыс, қоғамдық
тамақтану, мәдениет объектілері, сонымен ұлттық табиғи парктер мен демалыс
орталықтары.
Туристің өзінің өндіріс процесіне қатысып, соңғы өнімнің құрамдас
бөлігінің болуы бұл салаға тән ерекше сипат болып табылады. Тағы бір
ерекшелігі: өндіріс сферасында жетекші компаниялар көбіне соңғы өнімнің
сапасын жіберуге дейін бақылап, құн түзеуші тізбектегі басқа қатысушылардың
қанағаттанарлық жұмыс атқаратынына сенімді болуға мүмкіндігінің бар болуы.
Ал туризм индустриясында бұл мүмкін емес, өйткені туристік өнім өндірісі
мен жеткізілуі бір уақытта жүзеге асырылады. Алайда туристтің тәжірибесі
жалпы әсерге негізделуі мүмкін. Мысалы, турист қонақ-үйге оның жақсы қызмет
көрсетуіне қарамастан, жанындағы мейрамхананың нашар қызметінің салдарынан
қайта келмеуі мүмкін. Туризм кәсіпорындары мен кластер қатысушылары
арасындағы қатынастар клиенттердің сұранысын қанағаттандыру үшін қажет
болып табылады.
Сұраныс факторларының шарттары бойынша, ішкі және шетел туристері де
жергілікті сұранысқа әсер етеді. Бұл сала өндіруші салаларда шығарылған
өнім экспортымен салыстырғанда тұтынушылардың өздері туристік аймақтарға
келетіндігімен ерекшеленеді. Сұраныс шарттарын қарастырғанда басты назар
туристік орынға келуші туристтердің таңдаулары мен қажеттіліктерін қоса
алғанда нарықтың көлемі мен құрылымына аударылуы керек болғанда, жедел
келген туристтердің талаптарына аударылады. Жедел өсіп келе жатқан
нарықтарда дұрыс позицяларды және күшейіп келе жатқан тұтынушылар мен
жергілікті қоғамның туристік мәдениетін анықтау да соншалықты маңызды.
Білімді және талапшыл туристер мен тұтынушылар жаңа бағыттар мен
өндіріс мүмкіндіктерін ертерек анықтауда маңызды көрсеткіштер болып
табылады. Сапаға қатаң қарайтын туристтер сапаны басқару жүйесі қызметін
атқарады және бәсекеге қабілеттілікті артттыруға біршама әрекеттесе алады.
Туризм саласындағы бәсекелестік пен қарсыластық екі деңгейде бола
алады – жергілікті және мемлекетаралық. Жергілікті компаниялардың әрқайсысы
білікті мамандар, жақсы қызмет, абырой мен нарықты бөлісу үшін
бәсекелеседі. Бұнда көбіне сектордағы (қонақ-үй, мейрамханалар, саяхат
агенттіктері сияқты) жоғары деңгейлі қарсыластық пен стандарттарды жақсарту
және жаңа өнімді таныстыру арасында байланыс болады. Мемлекетаралық
деңгейде бәсекелестік туристерді өзіне тарту аясында жүреді.
Байланысқан және қосалқы салалар бойынша бәсекеге қабілетті туризмнің
аумағы маманданудың деңгейімен, өзінің әртүрлілігімен, жабдықтаушылардың
сапасы мен операциондық жүйемен анықталады. Сәтті кластерлер қатынастардың
жақсы қызмет етуін талап етеді. Бәсекеге қабілетті болу үшін жігерлі және
жаңашылдыққа бейім сектордың қолдауы қажет. Бұл қонақ-үй мен
мейрамханалардың жақсы жабдықтаушыларының, персоналды оперативті,
техникалық және әкімшілік деңгейде даярлайтын жақсы мектептер, туризм
жобаларын әзірлеуге маманданған инженерлер мен архитекторлар, сонымен осы
салаға қатысты басқа да қызмет көрсетуші компанияларды білдіреді.
Жабдықтаушылардың да денсаулық сақтау, қауіпсіздікті қамтамасыз етуші
субъектілер, құрылыс өнеркәсібі, дүкендер, саяхат жасау бюросының
агенттері, туризмбасшылығы, банктер, химиялық тазалау, шаңғы мектебі, азық-
түлік пен өнеркәсіп индустриясы, мәдени орталықтар, спорт заттары, машина
тұрақтары және де туризм орнына поезд, жол, әуе немесе теңіз жолымен жету
әдістеріне деген қажеттілігі болады.
Туризм коммерциялық кәсіпорындарды бақылауда ерекше болып табылмайды.
Үкімет инвестициялайды, оларды қалыптастыруда ат салысады, басқарады және
біршама деңгейде туризм дамуының әзірлемелерін жасайды. Туризм мен саяхат
жасау өнеркәсібінің соңғы жылдары рөлінің өсуі осы секторға деген
қызығушылық пен назарды арттырды. Қоғамдық шаралар туризмді дамытуға зор
үлес қоса алады. Мемлекет бірқатар, білім беру, зерттеулер, саясат,
валюталық бағам, заңдар, инвестициялық саясат, қоршаған ортаның ластануын
бақылау, еңбек нарығын реттеу сияқты құралдар арқылы туризм кластерлерінің
бәсекеге қабілеттігіне кері не оңды әсер ете алады. Қоғамдық және жеке
сектордың сәтті құрылған ынтымақтастығы кластердің даму бағыты мен
динамикасын, сонымен бірге бәсекеге қабілеттілігін де арттыра алатындағы
сөзсіз [6,12б.].
Туризм түрлеріне байланысты жіктеуге мүмкіндік беретін белгілері
ретінде саяхаттанудың мотивациялық факторларын қарастыруға болады. Мұндай
жіктелуде саяхатқа адамды аттандырған негізгі себептерді анықтау қажет.
Себептік мотивациялық жіктелу туризмнің 6 түрін анықтап береді.
1. Демалу мақсатындағы туризм. Мұндай туризмнің түрі қысқа мерзімге
немесе едәуір ұзақ уақытқа организмді физикалық немесе психологиялық
тұрғыдан қалпына келтіру мақсатында жүзеге асырылады. Бұл топқа сонымен
қатар емделу немесе әл−ауқатын қалпына келтіруге климат, теңіз суы секілді
табиғи құбылыстар пайдалантын курорттық демалысты да жатқызуға болады.
2. Мәдениетті зерттеу мақсатындағы туризм. Бұл туризмнің түрлі өзге
елдің рухани құндылықтарын, мәдениетін, тарихын зерттеп, білуге
бағытталған және ол танымдық және діни табынушылық болып бөлінеді. Танымдық
туризм тарихы, мәдени және географиялық құндылықтарды зерттеу, көру
мәселелерін қамтиды. Бұл мақсаттағы саяхаттанушылар көбінесе өздері
саяхаттанған елдің әлеуметтік, экономикалық қатынастарына қызығушылық
білдіреді. Табынушылық мақсатқа туризм ерекше діни мәңі бар жерлерді көру
арқылы орындалады.
3. Қоғамдық туризм. Қоғамдық туризм ретінде саяхаттанушы өзінің
туысқандарын, таныстарын, достарын көру, қонақ болу мен
түсіндіріледі.(халықаралық терминологияда visiting friends and relatives−
деген атпен таныс). Сондай – ақ клубтық туризмді де жатқызуға болады.
Клубтық туризмнің ерекшелігі саяхаттанушы саналы түрде арнайы бір топпен
ғана демалуда мақсат етеді.
4. Спорттық туризм. Спорттық туризм белгілі бір спорттық іс шараға
белсенді қатысуға бағытталған жолсапар, сондай ақ пассивті немесе белсенді
емес сипаттағы спорттық жарыстарға қатысу мақсатындағы жолсапар болып
табылады. Белсенді түрде спорттық жарысқа қатысу, мысалы, П атты азамат
шаңғыдан халықаралық жарысқа қатысу үшін Карпат еліне аттануы мүмкін, ал
пассивті қатыс футбол жанкүйері өз футбол клубының ірі ойынына қатысып,
қолдау көрсету үшін ойын өтетін елге сапар шегуі мүмкін.
5. Экономикалық туризм – бұл кәсіптік және коммерциялық мақсатта
жүзеге асырылатын жол сапар болып табылады. Мысалы халықаралық биржа,
көрме, жәрмеңке және тағы басқа іс шараларға қатысу.
6. Конгресстік (саяси) туризм. Бұл туризм түрі дипломатиялық және
саяси іс−шаралармен байланысты туризм болып 2 бөлінеді. Дипломатиялық
туризм белгілі бір елдегі экономикалық, әлеуметтік жағдайларға талдау
жасау, баға беру немесе өз пікірін білдіру мақсатында жүзеге асырылуы
мүмкін. Саяси туризм белгілі бір елдегі, аймақтағы мемлекеттік маңызы бар
саяси−қоғамдық шараларды ұйымдастыру, талдау жасау, саяси баға беру
мақсатында жүзеге асырылады.
Туризм тарихы ғылым саласы ретінде саяхаттанудың ең қарапайым ежелгі
кезеңінен қазіргі заманға дейінгі даму элементтерін зерттейді. Туризм
тарихы ғылым саласы ретінде саяхаттанудың ең қарапайым ежелгі кезеңінен
қазіргі заманға дейінгі даму элементтерін зерттейді. Туризм тарихын
зерттеудің негізгі пәні – туристік қозғалыстың әлеуметтік құбылыс ретінде
шығу тегі заңдылықтарды және дамуы мен қалыптасуы болып табылады.
Халықаралық және ішкі туризм туризмнің ұйымдық нысандары болып
танылады.
Халықаралық туризмге біз келесілерді жатқызамыз:
• келу туризмі - Қазақстан Республикасының аумағында тұрақты тұрмайтын
адамдардың Қазақстан Респубпикасы шегіндегі саяхаты;
• шығу туризмі — Қазақстан Республикасының азаматтары Республикасында
тұрақты тұратын адамдардың саяхаты;
Ал ішкі туризм дегеніміз — Қазақстан Ресубликасының азаматтары мен
оның аумағында тұрақты тұратын адамдардың Қазақстан Ресубликасының
шегіндегі саяхаты аталады. Сонымен қатар турфирмалардың
бәсекелестіктетерінде айтарлықтай маңызды рөл ойнайтын туризмнің келесі
түрлері белгілі:
• әлеуметтік,
• экологиялық,
• шытырман спорттық,
• іскерлік,
• конгрестік,
• емдеу-сауықтыру,
• мәдени-танымдық,
• діни және басқа туризм.
Еліміздің аумағына келу туризмін ұйымдастырумен байланысты туристік
қызмет көрсету туристік қызмет көрсету экспорты болып табылса, басқа елге
шығуға байланысты туристік қызмет көрсету туристік қызмет көрсету импорты
болып табылады.
Кез келген саланың дамуында мемлекет басты рөл ойнайды. Бұл оның
құрылымы мен ерекшеліктеріне, атқаратын қызметіне, өндіретін өніміне,
халыққа тигізетін пайдасына, басқа салармен байланысына қатысты болып
келеді. Осы ретте турфирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі мен оларды
ажырату факторларын туристік қызметті мемлекеттік реттеудің принциптері
арқылы көрсетуге тырыстық..
Жоғарыда аталғанға сай мемлекет тарапынан келесі реттегі жәрдем
беріледі:
• туристік қызметке жәрдемдесу және оның дамуы үшін қолайлы жағдайлар
жасау;
• туристік қызметтің басым бағыттарын айқындау және қолдау;
• Қазақстан Республикасы туралы туризм үшін қолайлы ел деген түсінікті
қалыптастыру;
• Қазақстан Республикасының туристері мен туристік ұйымдарының және олардың
бірлестіктерінің қауіпсіздігін, құқықтарын қорғауды қамтамасыз ету,
сондай-ақ олардың мүдделері мен мүлкін қорғау.
Сонымен қатар турфирмалардың бәсекелестікке қажеттілігі мен
олардың деңгейі мемлекеттік реттеу барысында қойылып, төменде берілген
мақсаттардың орындалуынан танылады:
• азаматтардың туристік қызмет саласында демалу, еркін жүріп-тұру
құқықтарын қамтамасыз ету;
• қоршаған ортаны қорғау;
• туристерге тәрбие, білім беруге және оларды сауықтыруға бағытталған
қызмет үшін жағдайлар жасау;
• саяхат жасау кезінде азаматтардың қажеттерін қамтамасыз ететін туристік
индустрияны дамыту;
• туристік индустрияны дамыту есебінен жаңа жұмыс орындарын құру,
мемлекеттің және Қазақстан Республикасы азаматтарының табыстарын молайту;
• халықаралық туристік байланыстарды дамыту;
• туризмді Қазақстан Республикасы экономикасының жоғары рентабельді саласы
ретінде қалыптастыру;
• туристік ресурстарды пайдаланған кезде Қазақстан Республикасының
мемлекеттік мүдделерін ескеру, табиғи және мәдени мұраларын қорғау;
• балалардың, жасөспірімдердің, жастардың, мүгедектер мен халықтың
күнкөрісі төмен топтарының арасында туристік және экскурсиялық жұмысты
ұйымдастыру үшін жеңілдікті жағдайлар енгізу;
• туристік индустрияны инвестициялау үшін қолайлы жағдайлар жасау;
• Қазақстан Республикасының аумағында келу туризмімен және ішкі туризммен
айналысатын туристік ұйымдарды қолдау және дамыту;
• ішкі және халықаралық туризм қажеттерін қамтамасыз ету үшін туристік
қызметтің тиімді жүйесін құру;
• туризм индустриясын, туризмге инвестицияларды дамыту жөніндегі саясатты
айқындау;
• туристік қызмет саласындағы қатынастарды жетілдіруге бағытталған
нормативтік құқықтық актілерді қабылдау;
• Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес туристік қызметті лицензиялау
туристік индустрияның қызмет көрсетулерін стандарттау және сертификаттау;
• бюджеттік заңдарға сәйкес туризмді дамытудың мемлекеттік бағдарламаларын
әзірлеуге және іске асыруға бюджет қаржыларын бөлу;
• туристік қызметті кадрмен қамтамасыз етуге жәрдемдесу;
• отандық туристердің, туроператорлар мен турагенттердің және олардың
бірлестіктерінің халықаралық туристік бағдарламаларға қатысуына
жәрдемдесу;
• ішкі және дүниежүзілік туристік рыноктарда туристік өнімді ұсынуға
жәрдемдесу;
• елдің туристік ресурстарын ұтымды және тиімді пайдалануды, есепке алу мен
қорғауды қамтамасыз ету.
Сонымен қатар атаулы салада мемлекет пен құзіретті органдар
келесі қызметтерді атқарады:
• туристік қызмет саласындағы қатынастарды реттейтін нормативтік құқықтық
актілерді қабылдайды;
• туристік қызметті лицензиялау ережелерін және туристік қызметке қойылатын
біліктілік талаптарын бекітеді;
• туристер аралауға тыйым салынған объектілер мен аумақтарды белгілейді;
• туристік қызмет саласындағы мемлекеттік инвестициялық саясатты
айқындайды;
• туристік қызмет саласындағы ғылыми қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесін
құрады;
• туристік қызмет саласындағы мемлекеттік басқаруды асырады;
• Қазақстан Республикасында туризм саласын дамыту бағдарламасын әзірлейді;
• туристік қызмет мәселелері жөніндегі нормативтік құқықтық жобаларын
әзірлеуге қатысады;
• өз құзыреті шегінде нормативтік құқықтық актілерді әзірлейді және
бекітеді, заңдарды қолдану практикасын жинақтап, оны жетілдіру жөнінде
ұсыныстар енгізеді;
• туристік рынокқа зерттеу жүргізеді, халықаралық туристік рынокта және
мемлекет ішінде Қазақстан туралы және оның туристік мумкіндіктері туралы
ақпаратты әзірлеп, таратады;
• өз құзыреті шегінде туристік қызмет саласындағы халықаралық шарттарды
әзірлейді, жасасады және орындайды, халықаралык туристік ұйымдарда және
туризм жөніндегі халықаралық іс-шараларда Қазақстан атынан өкілдік етеді;
• атқарушы органдардың, меншік нысандарына қарамастан туристік және басқа
да ұйымдардың туристік қызмет саласындағы қызметін үйлестіреді;
• туристік қызмет көрсету рыногында бәсекені дамытуға жәрдемдеседі, онда
меншік нысанына қарамастан барлық туристік қызмет субъектілері үшін тең
жағдайлар жасайды;
• стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органмен
бірлесіп сертификаттау мен стандарттауды реттейді;
• Қазақстан Республикасының туристік қызмет саласындағы заңдары мен
нормативтік құқықтық актілерінің орындалуын бақылауды жүзеге асырады;
• туристік қызмет субъектілеріне олардың қызметін ұйымдастыруға байланысты
мәселелерде әдістемелік және консультациялық көмек көрсетеді;
• туристік қызмет саласында халықты жұмыспен қамту шарасы ретінде
кәсіпкерлікті дамытып, қолдайды;
• туризмді дамытудың аймақтық бағдарламаларын әзірлеп, орындайды;
• жергілікті туристік ресурстарды қорғау жөніндегі шараларды әзірлеп,
енгізеді;
• әкімшілік-аумақтық бірліктердің туристік қызмет көрсету рыногына талдау
жасайды;
• әкімшілік-аумақтық бірліктердегі туризмнің дамуы туралы талдау жасап,
қажетті мәліметтерді уәкілетті органға береді;
• турагенттік, туроператорлық қызметті және туризм нұсқаушысының қызмет
көрсетуін лицензиялауды жүзеге асырады;
• туристік қызмет көрсетулерді және туризм объектілерін жарнамалайды,
туристік ақпаратты береді, туристік ақпарат орталықтарын құрады;
• балалар мен жастар лагерьлерінің қызметіне жәрдем көрсетеді;
• Туристік ақпарат орталығы өз қызметін уәкілетті орган бекіткен ережеге
сәйкес жүзеге асырады.
2 АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ТУРИСТІК АЙМАҚТАРДЫҢ ДАМУЫН ТАЛДАУ
2.1 Алматы облысының туристік дамуын талдау
Туризм – қатарынан бір жылдан аспайтын кезең ішінде демалу, іскерлік
және басқа да мақсаттармен саяхат жасайтын және үйреншікті ортасынан
тысқары жерлерде болуды жүзеге асыратын тұлғалардың әрекеті. Алматы
облысында туризм келесі түрлерге бөлінеді:
- ішкі туризм – қандай да бір ел тұрғындарының өз елі ішінде
жасаған саяхаты;
- сырттан келушілер туризмі – қандай да бір ел ішінде оның
тұрғындары болып табылмайтын тұлғалардың саяхаты;
- сыртқа шығушылар туризмі – қандай да бір ел тұрғындарының басқа
елдерге жасалған саяхаты.
Туризммен айналысатын саяхатшылардың барлық түрлері келушілер ретінде
анықталады. Кәсіпорында шетелдік қызметтің немесе шетелдік валютамен
жасалатын операциялардың едәуір көлемі болған кезде, оң және теріс бағамдық
айырманы тануға және осындай айырмаларды хеджирлеуге қатысты есеп саясатын
ашып көрсету көзделеді. Осыған байланысты келуші термині туризм
статистикасының барлық жүйесінің негізгі тұжырымдамасын білдіреді. Келуші
термині өз кезегінде екі санатқа бөлінеді:
- туристер (түнейтін келушілер) – саяхаттап келген елінде ұжымдық
немесе жеке орналастыру құралдарында кемінде бір түнеуді жүзеге асыратын
келушілер;
- бір күндік келушілер – саяхаттап келген елінде ұжымдық немесе жеке
орналастыру құралдарында түнеуді жүзеге асырмайтын келушілер.
Туристерді орналастыру құралдары – бір тұрақты түрде немесе кейде
туристерге түнеу үшін орналасуға ұсынылатын кез келген объект.
Алматы облысында Жоңғар таулары, Чертобай қаласы, Шарын шатқалы сияқты
табиғаттың керемет көрнекті жерлері көп. Бұл өлкеде Балқаш, Алакөл, Іле,
Қаратал сияқты өзен-көлдер және Қапшағай жасанды теңіз 940 мың гектар
аумақты алып жатыр. 6 қорық және 5 бақ бар. Ақсуда І.Жансүгіров атындағы
мұражай, Арбұлақ ауылында Ш.Уәлиханов атында мұражай бар. Матай бекетінде
бүкіл әлем қолданатын және сапасы жағынан теңдесі жоқ АКМ автоматын ойлап
тапқан М.Т.Калашников тұрған. Бізідің облысымыздың территориясынан Қытайды
Ресеймен жалғаған Ұлы Жібек жолы өткен.
Облыс флора мен фаунаға аса бай. Өсімдіктер әлемі өте бай, шөптердің,
ағаштардың, бұталардың 500 түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Олардың ішінде
көгілдір шырша, жабайы барбарис, итмұрын, жабайы алма, өрік және т.б. бар.
Біздің облысымызда тіршілік ететін жабайы омыртқалы жануарлардың 87
түрі Қызыл кітапқа енгізілген. Бұлар ортаазиялық сілеусін, кәмшат, қызыл
қасқыр, дала барысы, тяньшань жыланжегіші, бурыл аю, жайран, арқар және
т.б. Облыста құстардың мынадай сирек түрлері бар: реликт шағаласы, күлгін
бірқазан, сыңқылдақ-аққу, бұйра бірқазан, тырна-итжидек, қара турпан,
сексеуіл жорғаторғай, қара ләйлек, үйрек және т.б. [24].
Облыста жүзден астам ұлт өкілдері өмір сүруде.
Алматы облысындағы туризмнің соңғы үш жылдағы даму қарқынын
қарастырайық (3 кесте).
Кесте 3
Туризм дамуының индикаторлары
2009 2010 2011
Туристік фирмалар, агенттіктер
Саны, бірлік 50 47 54
Қызмет көрсетілген туристер, адам 50711 59541 20970
Адамның болу күні ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz