Мейрамхана бизнесінің мәні мен маңызын ашу


Пән: Бизнесті бағалау
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 115 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . 5

1 ҚОНАҚ ҮЙ ЖӘНЕ Мейрамхана ШАРУАШЫЛЫҒЫ: МӘНІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ . . . 7

1. 1 Тамақтану кәсіпорындары нарығының және қонақ үй шаруашылығының даму эволюциясы . . . 7

1. 2 Мейрамхана бизнесі ұғымы және жіктелуі . . . 17

1. 3 Қонақ үй түрлері және функциялары . . . 26

1. 4 Қонақ үй және мейрамхана қызметін ұйымдастыру ерекшеліктері . . . 31

2 «ГРАНД АЙСЕР ТАЛДЫҚОРҒАН” ҚОНАҚ ҮЙ-МЕЙРАМХАНА КЕШЕНІНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУ ҚҰРЫЛЫМЫ ЖӘНЕ ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . . 44

2. 1 «Гранд Айсер Талдықорған» қонақүй-мейрамхана кешенінің ұйымдастыру құрылымы және оның қаржы-шаруашылық қызметін талдау . . . 44

2. 2 Қонақ үйдегі қызмет көрсету түрлері мен ерекшеліктері . . . 62

3. 3 ҚАЗАҚСТАН ҚОНАҚ ҮЙ - МЕЙРАМХАНА ШАРУАШЫЛЫҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ОНЫҢ ТУРИЗМ ДАМУЫНА ӘСЕРІ . . . 77

3. 1 Қазақстандағы мейрамхана бизнесі және оның қазіргі даму деңгейі . . . 77

3. 2 Мейрамханадағы материалдық-техникалық базаны, персоналдың қызмет көрсету сапасын және өндірістік, мәдени-әлеуметтік сервисті дамыту жолдарын жетілдіру . . . 81

3. 3 Қазақстан Республикасының қазіргі қонақ үй нарқының жағдайы . . . 91

3. 4 Қазақстандағы қонақ үй және туризм индустриясының даму серпіні және оған әсер ететін факторлар . . . 98

Қорытынды . . . 112

Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 116


КІРІСПЕ

Тақырыптың өзектілігі. Қонақ үй және мейрамхана бизнесі - қарқынды дамып келе жатқан бүкіл дүние жүзінде жүздеген миллион доллар табыс әкелетін болашағы зор қызмет көрсету саласының бірі болып табылады.

Қазақстанда экономиканың белсенді құрамдас бөлігі ретіндегі қызмет көрсету мен қонақ үй-мейрамхана бизнесі нарығының қызметтік ерекшеліктерін талдау, қонақ-үй-мейрамхана индустриясын басқарудың тиімділігін арттыру саласы бағытындағы зерттеулер аз жүргізілуі дипломдық жұмыс тақырыбын таңдауға және оның өзектілігін анықтауға негіз болды.

Нарықтық экономикалық қатынастарға көшу кәсіпкерліктің барлық салаларында бәсекелестік ортасын қалыптастырды. Бәсекелестік жағдайында бәсекелестіктікке қабілеттіліктің өсуі өндірістік-кәсіпкерлік үрдісті басқаруды тиімді ұйымдастыру және нарықтық ортаның талаптарын қанағаттандыратын басқару жүйесін қалыптастыруға тікелей байланысты болады. Бірақ мұндай басқару жүйесін қалыптастыру товардың бәсекелестікке қабілеттілігіне тұтынушылар қоятын талаптардың деңгейін, сонымен қатар, қандай да бір кәсіпорын өндіріп өткізуді көздейтін нарықтық өнімге тән арнайы сипаттарды оқып-үйренуді қажет етеді.

Бәсекелестікке қабылеттілігі жоғары ұлттық өнім өндіруді көздейтін нақтылы бір өндірісті басқарудың тиімді жүйесін құру көздері мен мүмкіндіктері өндірістің қандай салада қызмет етуіне, нарықтың сипаты мен өндірістік іс-әрекеттері «өнім», «жұмыс» немесе «қызмет көрсету» сияқты экономикалық санаттардың қайсысына жататынын ескеруді қажет етеді.

Қызмет көрсету үрдісінің негізгі көзі өндірістік үрдістерді ұйымдастыру мен еңбек тетіктерін басқару тиімділігін артыру, басқару органдарының сыртқы ортаға бейімделуі және озық іс тәжірибелерді жинақтау болып табылады.

Сондықтан қазіргі ұлттық ғылымның негізгі міндеті - өз кемшіліктері мен ғаламданудың Қазақстандағы тауар, жұмыс пен қызмет көрсетудің бәсекелестікке қабілеттілік деңгейіне қойылатын талаптарға талдау негізінде ұлттық өнім өндірушілерді басқару тиімділігін арттыруды жеделдету әдістерін іздеу болып табылады.

Еліміздің мейрамхана бизнесінің өте маңызды саяси, әлеуметтік және психологиялық қызметінің бірі сырттан келетін қонақтарға еліміз туралы қолайлы имиджді қалыптастырады. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстандағы мейрамхана бизнесінің жағдайы еліміздің сыртқы экономикалық байланысына, дүниежүзілік экономикалық кеңістікке енуіне, ұлттық экономикаға шетел инвесторларын тартуға орасан зор ықпал етеді.

Қарқынды дамып келе жатқан бүкіл дүниежүзінде жүздеген миллион доллар табыс әкелетін болашағы зор қызмет көрсету саласының бірі болып табылатын мейрамхана бизнесін әлемдік экономикада ұлттық туризмнің базасын өсіретін, қалықаралық қауымдастықта елдің белгілі бір брендін қалыптастыратын және мемлекеттік бюджетті тұрақты түрде толықтыратын кәсіпкерліктің ерекше саласы ретінде қарастырады.

Мейрамхана - бұл өз өнімі, нарқы, технологиялары, көптеген өндірістік үрдістері мен басқару жүйесі бар, қалыпты қызметі қоғам мен мемлекеттің өркендеуіне пайдасы тиімді болатын бизнес.

Өкінішке орай Қазақстанда мейрамхана шаруашылығының қызметін қызмет көрсету саласының құрамдас бөлігі және кәсіпкерліктің ерекше саласы ретінде іс жүзінде өте нашар зерттелуде.

Мейрамхана бизнесі туризм индустриясында маңызды орнын алады және АҚШ, Канада, Еуропа және басқа да дамыған елдерде көп табыс әкелетін бизнес түрі болып табылады. Туризмнің дамуы Азия елдерінде де мейрамхана ісінің алға жылжуына жаңа мүмкіндіктер ашты.

Қонақжайлық - адамзат өркендеуіндегі қалыптасу түсініктерінің бірі. Көптеген елдерде, әсіресе біздің қонақжай халқымызда әлі күнге дейін қонақты жақсы қарсы алу, ең жақсы тағамдарды ұсыну, егер қажет болса түнеуге орын беру дәстүрі бар.

Қонақ үй және мейрамхана кешені әлеуметтік сфераның маңызды элементі болып табылады, сонымен қатар халықтың өмір сүру деңгейінің өсуіне сай қоғамдық өндірістің тиімділігінің жоғарылауында үлкен роль атқарады.

Бүгінгі таңда мейрамханалық кәсіптің дамуы өзекті мәселеге айналды. Шаруашылық қызметтің аталмыш саласы әлемнің барлық елдерінде көп мөлшерде шағын және орта кәсіпорындарда шоғырланған және жұмыс орындарының маңызды әлеуетін қалыптастырады, жұмысбастылықтың жоғары деңгейін және тұрғындардың өмір сапасының жоғарылауын қамтамасыз етеді.

Өкінішке орай, қоғамдық тамақтандыру - халықтың әл-ауқатын көтеруге бағытталған және әр адамның қажеттілігін қанағаттандырумен тығыз байланысты экономиканың жетекші саласының бірі болғанына қарамастан, мейрамханалық бизнес дамыған елдердің өзінде аз зерттелген.

Қазақстанда нарықтық экономиканың талаптарына сәйкес қоғамдық тамақтанудың ұлттық жүйесі қалыптасып келе жатыр. Бұл саланың кәсіпорындарының саны ең көп таралғаны болып табылады, және осылар ұлттық шағын және орта бизнестің дамуы бойынша мемлекет бағдарламаларын ең тиімді түрде жүзеге асыра алады. Себебі мейрамханалық бизнес тартымды әрі перспективті сала: мейрамхананың орны мен әзірлейтін тағамдарын дұрыс таңдау, атмосфера және білікті ұйымдастырылған қызмет көрсету нарықта бәсекелестік мүмкіндіктерді арттыруға мүмкіндік береді және жоғары пайда мен инвестицияларды қамтамасыз етеді.

Қазіргі уақытта Қазақстанда көптеген мейрамханалар әрекет етеді, сондықтан олардың арасында жоғары бәсекелестіктің де туындайтыны анық. Осы күреске төтеп беру үшін, мейрамханалар көрсететін қызмет сапасын жоғарылатуы, бәсекелестік қабілетті бағаны ұстауы, және де басқа әдістермен әлуетті тапсырыскерлерді, тұтынушыларды өзіне тартуы керек. Бұл саладағы белгілі табыстарға жету үшін кәсіпорын тиімді менеджмент және маркетинг әдіс-тәсілдерін қолдануы қажет.

Мейрамханалық бизнесті дамыту үшін оны басқару жүйесінің де алатын орыны ерекше. Бұл нарықты дер кезінде зерттеу, тұтынушылардың қажеттілігін айқын анықтау және бәсекелестердің қызметін тұрақты талдау өзінің мүмкіндіктерін дұрыс бағалауға және дұрыс стратегиялық шешім қабылдауға мүмкіндік береді.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мейрамхана бизнесінің мәні мен маңызын ашу арқылы бір қаланың мысалында мейрамхана бизнесінің мүмкіндіктерін бағалау мен болашағын көрсету болып табылады.

Бұл мақсатқа жету үшін келесідей міндеттерді шешу қажет :

  • Тамақтану кәсіпорындары нарығының даму эволюциясының мазмұнын ашу;
  • Мейрамхана бизнесі ұғымы және сипаттамасын беру;
  • Тамақтану кәсіпорындарының жіктелуін көрсету;
  • Мейрамханада қызмет көрсету технологиясының ерекшеліктерін қарастыру;
  • «Гранд Айсер Талдықорған» қонақүй-мейрамхана кешенінің сипаттамасын жасау және оның қаржы-шаруашылық қызметін талдау;
  • «Гранд Айсер Талдықорған» қонақүй-мейрамхана кешенінің сервистік қызмет көрсету технологиясымен таныстыру;
  • Қазақстандағы мейрамхана бизнесін бағалау және оның қазіргі даму деңгейіне шолу;
  • Мейрамханадағы материалдық-техникалық базаны, персоналдың қызмет көрсету сапасын және өндірістік, мәдени-әлеуметтік сервисті дамыту жолдарын жетілдіру тәсілдерін ұсыну;
  • Маңғыстау облысындағы «Гранд Айсер Талдықорған» халықаралық жобасының даму перспективаларын бағалау бойынша болжамдарды қарастыру.

Зерттеу пәні - мейрамхана бизнесі және оны дамыту перспективасын бағалау болып табылады.

Зерттеу объектісі - «Гранд Айсер Талдықорған» қонақүй-мейрамхана кешені болып табылады.

Зерттеу әдістері: Зерттеу барысында ғылыми-теоретикалық, талдау, салыстыру әдістері қолданылды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мейрамхана қызмет көрсету нарығының қызметі мен дамуының өзекті мәселелерін кешенді тұрғыдан қарап ұлттық мейрамхана бизнесін басқару тетіктерін жетілдіруге және бәсекелестікке қабілетін арттыруға бағытталған әдістемелік-тәжірибелік ұсыныстар енгізуінде.

Зерттеу жүргізу барысында төменде көрсетілген жаңа нәтижелерге қол жеткізілді:

мейрамхана кәсіпорындарын құру және оның жекелеген құрамдас бөліктерінің қызмет көрсету нарығындағы қалыпты қызыметтерін тиімді басқару тетіктерін дамытудың теориялық негіздері анықталды.

- «қызмет көрсету», «мейрамхана қызмет көрсетуінің сапасы» түсініктерінің мазмұны мен нарықтық өнім ретіндегі сипаттары, қызмет көрсету саласының қалыптасу қағидалары мен оған әсерететін алғышарттар анықталды;

- Қазақстан Республикасындағы мейрамхана қызметінде жүріп жатқан экономикалық үрдістерді мемлекеттік реттеу жүйелерін жетілдіру шаралары жөнінде ұсыныстар енгізілді;

-Қазақстар Республикасындағы қонақжайлық индустриясындағы мамандарды тиімді басқару және маркетингті пайдалануды жетілдіруге бағытталған шаралар айқындалды.

Зерттеудің дерек көздері. Ақпараттық база ретінде Қазақстанның, ТМД мен алыс шетелдердің мейрамхана бизнесі бойынша зерттеулер жүргізген танымал ғалымдарының еңбектері, сонымен қатар Қазақстан Республикасы Статистика жөніндегі агенттігі мен аудандық, аймақтық және қалалық статистика бөлімдерінің деректері, «Гранд Айсер Талдықорған» қонақүйінің есептік мәліметтері пайдаланылды.

Дипломдық жұмыстың құрылымы: Дипломдық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен (24 атау) тұрады. Жұмыста 15 кесте, 6 сурет келтірілген.


1 ҚОНАҚ ҮЙ ЖӘНЕ МЕЙРАМХАНА ШАРУАШЫЛЫҒЫ: МӘНІ ЖӘНЕ ҰЙЫМДАСТЫРУ ҚҰРЫЛЫМЫ

1. 1 Тамақтану кәсіпорындары нарығының және қонақ үй шаруашылығының даму эволюциясы

Қоғамдық тамақтану - халық шаруашылығы экономикасының өте айырықша саласы. Қоғамдық тамақтану кез-келген ел үшін жергілікті тұрғындарды және қонақтарды тамақпен қамтамасыз етіп қоймай, біршама ауқымды жұмыс орындарын береді және көптеген адамдарды тамақ жасауға кеткен уақытын үнемдеуге көмектеседі.

Қоғамдық тамақтану тұтынушылардың дәмі мен сұранысының өзгерісіне тез жауап беретіндігімен ерекшеленеді, яғни, ол нарықтық ортада пайда болатын өзгерістерге бейімделуі жоғары деуге болады. Сондай-ақ, әлі күнге дейін бір мемлекетте қоғамдық тамақтану экономиканың жеке саласы ретінде бөлінген емес, тек «Сауда» саласының құрамдас саласы ретінде қарастырылады. Қоғамдық тамақтану саласындағы бұл жағдай оның тек бір функциясының - жеке тұтынушыға өнімді сату нәтижесінде қалыптасқан.

Осымен қатар, қоғамдық тамақтану тұтынушыларға қызмет көрсету бойынша көп аспектілі іс-әрекет ретінде әртүрлі функциялар орындайды, бизнесті ұйымдастырудың арнайы формасы болып табылады және экономиканың жеке саласы ретінде бөлініп шығуы мүмкін.

Қоғамдық тамақтанудың ерекше ролі елдегі шағын және орта бизнестің дамуына себеп болатындығынан көрінеді, өйткені қоғамдық тамақтан кәсіпорындарының көпшілігі шағын болып табылады. Тек ресторандық бизнес нысандарының біраз бөлігін ғана ірі кәсіпорындарға жатқызуға болады. Бұл орайда айтылған үрдіс ертеден бері сақталып келе жатыр, сондықтан оны жетерліктей тұрақты және мығым деп есептеуімізге болады. Мысалы, қоғамдық тамақтану индустриясының алғашқы нысандары корчма және таверна болған, оларда саны 20-дан аспайтын адамдар орналасқан, ал қызмет көрсетуді 5-6 адамнан тұратын ұжым іске асырған.

Рим империясында император Клавди Аппидың тұсында таверналарда 5-тен 10-ға дейін қызметшілер жұмыс жасаған.

Орта ғасырлардағы Англия мен Германияда 7-15 қызметшіден көп ұстайтын таверналар және трактирлер мүлде болмады десе де болады. Қазіргі уақытта АҚШ-та шағын бизнестің мейрамхана ісі сферасындағы үлесі 78, 6% құрайды. Шығыс елдерінде, қоғамдық тамақтану орындары шатыр, киіз үй, керуен-сарай, шайхана және т. б. түрінде көрініс тапты, оларда тұтынушыларға 5-тен 7-ге дейін адам саны қызмет көрсетті. Негізінен мұндай нысандар базарларда, жол бойында орналасты.

Қоғамдық тамақтану саласының ерекше түрі болып табылатын - мейрамханалар қоғамда маңызды роль атқарады. Мейрамханаларға «бару» маңызды әлеуметтік функция болып табылады. Адамдар тек тойынуға ғана емес, сонымен қатар бір бірімен қарым-қатынас орнатуға мұқтаж.

Қазіргі әлемде мейрамхана ісі саласындағы шағын бизнес: Германияда - 79%-ға жуық, Францияда - 69, 4%, Италияда - 82, 2%, Скандинавия елдерінде - 73, 5% құрайды. Осылайша, мейрамханалық іс, егер ол тұрақты дамитын болса, көп жағдайда мемлекеттегі орта таптың қалыптасуына ықпал етеді. Мейрамхан бизнесінің даму кезеңдері 1-кестеде көрсетілген.

Кесте 1

Мейрамхана бизнесінің даму кезеңдері

Кезең
Даму фазалары
Жылдар
Даму ерекшеліктері
Кезең: 1
Даму фазалары: Ерте тарихи
Жылдар: 1820 ж. дейін
Даму ерекшеліктері: Тамақтану кәсіпорындары трактирлер мен таверналар түрінде көрініс тапқан, қызметтер мен тағамдар мәзірі әр түрлі болмаған
Кезең: 2
Даму фазалары: Мейрамхана бизнесі дамуының бастапқы фазасы
Жылдар: 1850-1900 жж.
Даму ерекшеліктері: Қоғамдық тамақтану кәсіпорындарының жаңа формаларының қалыптасуы
Кезең: 3
Даму фазалары: Бұқаралық тамақтану кәсіпорындарының туындау фазасы
Жылдар: 1900-1946 жж.
Даму ерекшеліктері: Бұқаралық сипаттағы тамақтану кәсіпорындарының пайда болуы
Кезең: 4
Даму фазалары: Тамақтану кәсіпорындарының әртүрлі формаларының даму фазасы
Жылдар: 1947 ж. бастап бүгінгі күнге дейін
Даму ерекшеліктері: Тамақтану кәсіпорындарына дифференциациялық тәсілдің қолданылуы, кейтеринг, фаст-фуд сияқты тамақтанудың жаңа формаларының пайда болуы

Қайнар көзі: Муталиева Л. М. Маркетинг ресторанного бизнеса: учебное пособие. - Алматы: «Экономика», 2010. - С. 8.

Мейрамханалардың даму тарихы сонау антика дәуірінен бастау алады. Біздің эрамызға дейінгі І мыңжылдықта ежелгі Грецияда таверналар әлеуметтік және діни өмірдің маңызды элементі болды. Таверналар жолаушыларға арналған орын болғанымен, олар көбінесе тамақтандыру қызметімен де айналысқан. Сауданың дамуы және соған байланысты ұзақ сапар шегулер тамақтануды ұйымдастыруды ғана емес, сонымен қатар түнгі қону, түнеу мәселесінде қажет етті. Осының арқасында "Тұрақты аула" кәсіпорны пайда болды. Бұл тұрақты аулалар бір бірінен 40 шақырым арақашықтықта орналасқан. Бұл үкімет шенеуніктері мен елшілерге жол жүргенде шаршап-шалдықпас үшін арнайы жасалынған жағдай. Қонақжайлылық индустриясының алғашқы кәсіпорындары - таверналар туралы ескертпелерді ғалымдар антика дәуіріне жатқызатын манускриттарда кездестіруге болады. Мұндай құжаттардың ішінде - вавилондық патша Хаммурапидің (шамамен б. э. д. 1700 ж) кодексі. Сауданың және онымен байланысты сапарлардың дамуымен сапар шегушілерге тек тағам ғана емес, сонымен қатар түнейтін орынды да ұйымдастыру қажеттілігі айқын бола бастады. Ел бойынша қозғалу өте баяу, ал сапар өте ұзақ әрі қиын болғандықтан таверналар жеткіліксіз болатын, сондықтан жолаушылардың көбіне жеке меншікті үйлердің қонақжайлылығына сенім артуға тура келді. Рим империясы тұсында керуен сарайлар мен таверналар жаппай пайда бола бастады. Керуен сарайлар, әсіресе басты жолдарда дұрыс салынып сол уақыт үшін қолайлы болатын. Жолаушылардың көпшілігі киелі жерлерге сапар шеккен миссионерлер, молдалар және қажылар болған.

Рим мемлекетінде жолаушыларды тұрақты аулаларда орналастыру топтық белгілеріне қарай орналастырылды. Жай халықтан шыққан саудагерлер мен көпестер ешқашанда мемлекет қызметкерлерімен, үкімет елшілерімен бірге орналасқан емес. Осыған байланысты оларға қызмет көрсету деңгейі әртүрлі болған.

Азия, Закавказ және Таяу Шығыстағы сауда байланысының дамуы қонақжайлылық кәсіпорнының дамуына зор үлес қосты. Осы аймақтардың территорияларымен ұзақ ағынмен тауарлы керуендер жылжып отыратын ірі сауда жолдары өткен. Керуен қатысушыларының түнеуін үйымдастыру үшін сауда жолдарының дәл ортасында арнайы орналастыру пунктері құрылған - адамдарға арналған бөлмелер мен түйелер мен жылқыларды қамауға арналған қоршауларды қосатын керуен-сарайлар. Осылардын бәрі табиғи апаттардан(жел, жаңбыр, дауыл), сонымен қатар тонаушылар мен қарақшылардан қорғайтын мықты бекініс қабырғалармен қоршалған.

Ежелгі Азияда үлкен керуендермен, түйелермен саяхат жасаған. Олар қатар-қатар орналасқан шатырларда түнеген. Кейде керуен-сарайларда орналастырылған. Керуен-сарайлар апаттан, қарақшылырдан қорғап тұратын қоршаулармен қоршалған. Онда адамдарға қонатын орын және түйелеріне арналған қамаулар болған. Ол кездері Азияда жолшыға көрсетілетін жайлылық, Еуропадағы жайлылықтан әлдеқайда асып түсетін. Шығыста сауда қырылыссыз өтіп отырған, сондықтан адамдар көбірек саяхаттаған.

Қазақстан территориясы арқылы да Ұлы Жібек жолының керуендік жолы өткен. Халықта қонақ пен үй иесінің арасындағы қарым-қатынас өз ережесін тапқан. Бұл қарым-қатынас қазақ халқының мәдениетіне өз септігін тигізді. Бірнеше мысал келтіріп өтейік.

Салтты көшпелі қоғамның этикет нормасы ауылға және киіз үйге атпен шауып немесе жүгіріп келуге, кіруге тыйым салған - бұл өлім хабарының белгісі болып саналған. Киіз үйге бірінің артынан бірі кіріп отырған; босағаны біреумен қатар бір уақытта аттауға болмайды, өйткені ол істеуге тек жерлеу рәсімінде ғана рұқсат етіледі. Қазақта атты адамдар киіз үйге арт жағынан ғана келіп, тоқтап, жылқысын кибитканың артына байлап, үй иесін «Сөйлес! Адам бар ма?» деген сөздермен шақырған. Қазақта киіз үйге қолына қамшы ұстап кіруге болмайды. Аузын тамаққа толтырып кіргізуге болмайды: «жауыңа шайнап кір, досыңнан шайнап шық». Киіз үйге кіргенде міндетті түрде тамақ ауыз тию керек. Келген қонаққа дәм татқызу қазақтарда әлікүнге дейін бар. Қонаққа үстелдің төрінен орын және тағамның ең дәмдісін немесе ең дәмді бөліктерін алдына қойып, салып береді. Шығыстық қонақжайлылық біздің елден тыс көптеген алыстағы елдерге де белгілі.

Мейрамханалық бизнес осылайша бастау алып баяу қарқынмен дами бастады. Тарихтағы алғашқы «іскер адам ланчы» идеясы римдік трактирші Секвия Локатқа келген болатын. Ол б. э. д. 40 жылдардың өзінде галералық айлақтағы үйіне барып тамақтануға қолдары тимейтін маклерлардың өмірін жеңілдететін, ал император Адрианның билік еткен уақытында (б. э. д. 117-138ж. ж. ) римдік бас аспаздар Палатин төбешігінде өздерінің меншікті Аспаздық өнер академиясын құрған [1, 350б. ] .

Б. э. 476 жылы Рим империясы құлаған соң қонақжайлылық кәсіпорнының дамуының жаңа сатысы басталды.

Ортағасыр қонақжайлылық кәсіпорны дамуына діни салттар зор септігін тигізді. Бұл кезеңде әулиелі жерлерге табынушылар саны көбейді. Шіркеу оларға жататын орын, тамақтандыру қызметін, монастырлар қамтамасыз етіп отырды.

Манастырда тамақ қарапайым, бірақ сомасы жағынан жақсы болды. Мал мен көкөністі монахтар өздері өсіріп дайындады. Сонымен қатар монахтар тағамдарды қатаң есепке алып отырды, бұл тағамның бағасына келіп тіреледі.

Манастырларда тегін көрсетілген қызмет жекешелендірілген орналастыру кәсіпорнының дамуына кедергі келтірді.

Англияда жекешелендірілген таверна мен тұракты аула(постоялый двор) тек ортағасырдың соңында дамыды. Бұл ағылшын королі Генрих VІІ монастырларды секуляризацияландыру кезі болатын(секуляризация - үкіметтің)

Міне осыдан кейін ешқандай манастырларда тегін қонып дем алуға мүмкіндік ала алмады. Осының салдарынан турақты аулаға (постоялый) ақылы орналасу қалыптасады. 12 13 ғасырларда (постоялый двор) - алғашқы қонақ үйлердің бастамасы болып табылады. Ол кезде олар ямдар деп аталды, почта станцияларында салынды. 15 ғасырда үлкен қалаларда қонақ үйлер салына бастады. Қонақ үйлерде заманына сай жиһазды бөлмелер, сауда орындары, қоймалар және тағы да басқалар болды. Шетелдіктерді ұлттық шығу тегіне байланысты әр түрлі қонақ үйлерде орналастыру басталды. 15 17 ғасырларда Новгородта «неміс», «голланд» қонақжайлар, ал Мәскеуде «агылшын», «грек», «армян» және тағы да басқалар болды.

VIII ғасырда Еуропалық континентте қажыларға арнап Ұлы Карл демалыс үйлерін құрған. Кейбір әскерилердің басты қызметі болып осы қажыларды киелі жерлерге сапар шегуі кезінде қорғау және қонақжайлылық көрсету табылған. Орта ғасырларда адамдар көп сапар шеге бастайды, сәйкесінше жол бойындағы керуен сарайлар саны да арта түседі. Қазіргі заманғы стандарттар бойынша олар қарапайым болып саналған. Керуен сарайлардағы қызмет көрсету сапасы жоғарылаған сайын сапар шегуші адамдар саны ұлғая түсті. Олардың көбісінің жағдайы жақсы, комфортта өмір сүріп үйренген адамдар болатын, сондықтан олар керуен сарайларға жоғары талап қойды, ал бұл қызмет көрсету саласында прогресстің басталуына себеп болды.

Мейрамхана кәсіпорнының даму кезеңі бірінші кәсіби ассоциацияның құрылуынан басталады.

1282 жылы Италияның Флоренция қаласының трактиршілері өздерінің жеке гильдиясын құрады. Бұл олардың бизнесінің дамуына септігін тигізеді.

16 ғасыр Батыс Европада шай мен кофенің экспортқа шығуына септігін тигізіп, оны қолдану күнделікті әдетке айналды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ұлттық нақыштағы мейрамхана ашу
Мейрамхана кәсіпорынын ұйымдастыру
Республикамыздағы қонақ үй бизнесінің даму жолдарын көрсету
МЕЙРАМХАНА БИЗНЕСІНІҢ ДАМУЫН ҰЛТТЫҚ НАҚЫШТА ҰЙЫМДАСТЫРУ
Мейрамхана бизнесінің ҚР-ғы даму мәселелері мен перспективалары
КАРВОН мейрамханасы бизнесінің даму перспективалары
Қазақстан қонақ үйіннің сапасын бағалауда дизайн және эстетиканың маңызын талдау
Қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындарының технологиясы
Мейрамхана бизнесіндегі брондау және резервтеу жүйесін дамыту жолдары
Мейрамхана қызметінің жүйесін автоматтандыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz