Токсикология


Пән: Медицина
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   

Токсикология

Кіріспе.

  • Токсикология іліміне түсінік және оның негізгі бағыттары

Токсикология - улы заттар және олардың тірі ағзаға (жануарлар, өсімдіктер т. б. ) тигізетін әсерін зерттейтін киім; бұл ілім улы заттардың табиғатын, олардың әртүрлі қасиеттерін, жануарлардың улы заттарға деген сезімталдығын, уланудың ағзада әртүрлі түрленуін, уланудың себептері мен салдарын, улардың ағзаға енуі және одан бөлінуін, уланудың негізгі клиникалық белгілері мен патологиялық өзгерістерін зерттейді; сонымен қатар уланудың алдын алу, уланған кезде көрсетілуге тиіс көмектер мен емдік тәсілдерін де зерттеумен шұғылданады.

Токсикология- гректің toxicon- жебе уы, logos- ілім деген сөзінен шыққан.

Ғылымның дамуы, оның ішінде химия ғылымының дамып өркендеуі нәтижесінде тірі ағзаға зиянды әсер ететін заттардың саны орасан зор мөлшерге жетті.

Оның үстіне адамдар мен жануарлардың улы заттармен байланысы өте күрделене түсуде. Көптеген улы заттар ауыл шаруашылығында кең қолданылады, токсикологияның салалық бөлінуін қажет етеді. Қазіргі замандық өндірісте сан қилы химиялық қосылыстарды тұтыну «өндірістік токсикологояны» құруға негіз болып табылады.

Қазіргі уақытта өсімдіктің өсіп жетілуін тездететін, өсімдік зиянкестеріне қарсы қолданылатын заттарды өндіру, оларды мейлінше кең қолдану ерекше талап етіледі.

Токсикология пәні: жалпы токсикология, жеке және өсімдіктер токсикологиясы бөлімдерінен тұрады.

Жалпы токсикологияны улы заттардың әсерінің жалпы заңдылықтары, улардың токсикодинамикасы, токсикокинетикасы мен әсер ету механизмдері, әсер ету түрлері, улы заттардың организмге ену және бөлініп шығу жолдары, улануды емдеу жән балау принциптері, уланған мал өлексесін соттық ветеринариялық сараптау, тоскикологиялық талдаудың негізгі әдістері жайлы айтылады.

Жеке токсикологияда әрбір жеке улы затпен өсімдіктің жоғарыда айтылғандардан басқа физикалық, химиялық қасиеттері, ботаникалық сипатымен жан- жақты егжей- тегжей сөз болады.

Өсімдіктер токсикологиясында негізінен Қазақстанда өсетін өсімдіктерді ботаникалық сипаттама, таралу аясы, уытты бастамасы және уланудың алдын алып, егер улана қалған жағдайда оларды балау және емдеу принциптері сөз етіледі. Өсімдіктің қазақша, латын және орыс тіліндегі атаулары беріледі.

Ветеринариялық токсикологияның негізгі міндеті - жануарлар ағзасы мен улы заттар арасындағы ара қатынасты талдау. Оы себепті бұл ғылым ауыл малдарының патологиясы, ішкі жұқпайтын аурулар секілді ғылымдары мен ұштасып жатыр.

Улы заттар бөліп шығаратын тірі ағзаларды зерттейтін ботаника(улы өсімдіктер), микробиология(әртүрлі токсиндер шығаратын патогенді микроорганизмдер), паразитология(уытты заттар бөліп шығаратын паразиттік құрттар), зоология(улы шыбын шіркейлер мен құрт қоңыздар, бауырымен жорғалаушылар), микология(улы саңырауқұлақтар) сияқты ғылымдар саласына тән.

Жануарлар ағзасының уланғандағы улы заттарға қарсы әрекеті және улану кезіндегі клиникалық белгілері, жалпы мал ағзасының уға қарсы реактивтілігін зерттеуде токсикология ғылымының міндеті.

Улы заттар әсерінен мал ағзасында туындайтын патологиялық құбылыстар өте күрделі әрі сан алуан. Уланғанда сыртқы және ешкі ағзаларда әртүрлі морфофизиологиялық өзгерістер пайда болады. Улы заттар әсерінен биологиялық алмасулар кезінде маңызды заттар- гормондар, ферменттер және тағы басқа биобелсенді заттардың түзілуі сандық және сапалық жағынан түрлі өзгерістерге ұшырайды, бұл үшін биохимия өте қажет.

Малдәрігерлік токсикологияның ең негізгі басты міндеті - уланудың алдын алу болып табылады.

Мал басының улануынан болған жылдық шығынның 50% ын улы химикаттармен улану(гербициттер, фунгицидтер, тыңайтқыштар), 30% ын әртүрлі патогендік саңырауқұлақтармен зақымдалған азықтармен, құрамында көп мөлшерде фтор, мышьяк, мочевина, натрий хлориді бар минералдың азықтық қоспалармен азықтандырудан улану және 20 % улы өсімдіктермен улану құрайды екен.

Малдәрігерлік токсикология мынадай негізгі үш бөлімнен тұрады:

  1. Жалпы токсикология- уланудың себептері мен улану патологиясын даму механизмін улану кезіндегі патологиялық- анатомиялық өзгерістерді зерттейді (улануды емдеу, алдын алу) .
  2. Жеке токсикология - жекелеген улы заттардың белгілі бір мал түрлеріне әсер ету ерекшеліктерін зерттейді (улы химикат, минералды улар, улы өсімдіктер, сапасыз азықтармен улаун, жануартектес улардан улану) .
  3. химиялық- токсикологиялық талдау өдістері бөлімінде токсикологиялық- зертханалық зерттеулер жүргізудің жалпы ережелерімен қағидалары жайлы баяндалады.

Токсикологияның қысқаша даму тарихы.

Улы заттар және олардың тірі жан- жануарларға әсері туралы адамдар өте ерте замандардан- ақ білетін еді. Улы заттар ол заманда әдетте аңға шыққанда жабайы жануарларға өлтіру үшін және аңға шыққанда жабайы жануарларды өлтіру үшін және соғыс жағдайларында қолданған.

Табиғи улар. Жылан уы, у қорғасын.

Ғылымның бұл саласы нақ қай мезгілден бастау алатыны әлі белгісіз, сонда да болса ғылым мен адамзат тарихы бірге жасасып келе жатқаны даусыз.

Фармация (дәрілер жасау) ғылымының алғашқы негіздері Ежелгі Үндістан мен Мысырда табылған болса, тоскикологияда сол жерлерде бастау-қайнар бұлақ алған деп тұжырымдауға болады.

Фармакология мен токсикологияның даму тарихы. Б. д. д. XVII ғасырда Эберс Папирустың қолжазбаларында Египет елішелері қолданған көптеген дәрі дәрмектердің жасалыну тәсілдері мен қолданылуы баяндалған. Бұд қолжазба ең алғашқы фармакопея деп есептеледі.

Мыңдаған жылдар көлемінде улы заттарды жасау мен оларды қолданудың бұлтартпас айғақтары да жеткілікті.

Мысалы: Гоннибан, Демасорен, Сократ және т. б. ұлы адамдардың уландырылып өлтірілгендігі мәлім. Гректердің көне мифологиясы мен эпостарында да (Гомердің, Одиссей т. б. ) уландырғыш заттардың кең қолданғандығын айғақтайтын деректер бар.

Токсикология туралы ең алғашқы жазған б. д. І ғасырда өмір сүрген Педакий Диоскорид болған. Ол өзінің « Алексифармака» атты еңбегінде сол кезеңдегі белгілі дәрілік улы заттар туралы мағлұмат берген. Шығыс елдерінде Диаскорид есімі қазірде зор құрметпен аталынады.

Диоскоридтің замандасы «Табиғи тарих» жинағын құрастырушысы, Рим жазушысы Кай Плинийдің Шығыс елдерінде Диаскорид есімі қазірде зор құрметпен аталынады.

Диоскоридтің замандасы «Табиғи тарих» жинағын құрастырушысы, Рим жазушысы Кай Плинийдің 37 томдық еңбектерінің 12 томы медицина мен мал дәрігерлікті қамтиды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Токсикология мен токсикологиялық талдаудың мазмұны мен міндеттері
Токсикологиялық мэні жэне мөлшері
Ауыл шаруашылығы саласында қолданылатын токсиндік заттардың жануарлар организіміне түсу жолдары жайлы
Токсикология жайлы
Токсикологиялық талдаудың негізгі тексеру әдістері
Улануды клиникалық балау туралы
Табиғатына байланысты токсиканттардың негізгі түрлері
Улы заттардың жіктелуі
Фтор және оның қосылыстарымен улану кезінде жүргізілген токсикалық анализ
Жануарлардың азықтардан улануы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz