Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы


Пән: Бухгалтерлік іс
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 17 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

I. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру . . . 3

1. 1. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы, оның құқықтық

және әдістемелік қамтамасыз етілуі . . .

1. 2. Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері . . .

I I.

2. 1. "Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы"

Қазақстан Республукасының Заңы . . .

2. 2. Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары және

қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары . . .

Қорытынды . . .

Пайдаланылған әдебиеттер . . .

Кіріспе

Бухгалтерлік құжат - шаруашылық операцияларын жүзеге асыруға арналған жазбаша өнім немесе осы операцияны іс жүзінде атқаруды растау . Құжаттардағы мәліметтер бухгалтерлік есепте ағымдағы шаруашылық операцияларын көрсетуге негіз болады. Сонымен қатар құжаттар субъектінің іс-әрекет оперативті басқару барысында кеңінен қолданылады . Құжаттар негізінде-материалдық және ақшалай құжаттардың қозғалысын, дебиторлар және кредиторлармен есеп айырысу жағдайларын және т. б. тұрақты бақылау жүргізіледі. Құжаттарды-кәсіпорындар арасында дау туындаған жағдайда дәлел ретінде пайдаланады, өйткені олар атқарылған шаруашылық операцияларының жазбаша куәлігі және бухесептегі жазбалардың негізі болып табылады. Шаруашылық операцияларын ресімдейтін құжаттар-баспаханалық тәсілмен басылатын немесе электронды таратушыда жасалған және шаруашылық операциялары туралы мәліметтер жазылған бағаналар түріндегі жолма-жол сызықтар мен жолдары бар парақтар. Есептің барлық жүйесі көрсеткіштерінің толықтығы мен күмәнсіз сенімділігі рәсімдеу сапасына байланысты.

"Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру туралы" Заңның 6-1 бабына сәйкес құжаттарға мынандай талаптар қойылады:

  • уақтылы жасау;
  • позицияның сенімділігі;
  • дұрыс рәсімдеу.

Құжатта жазылған және операцияны сипаттайтын мәліметтер деректемелер (реквизиттер) деп аталады.

Құжаттар-кәсіпорындар мен адамдардың арасындағы даулар кезіндегі жазбаша дәлелдеме. Олар сот органдары мен төрелік сотта әртүрлі шаруашылық шығындарын шешуге, шарттар мен өзге де міндеттемелерді орындауға негіз болады.

I. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру

1. 1. Бухгалтерлік есептің ұйымдастырылуы, оның құқықтық

және әдістемелік қамтамасыз етілуі

Бухгалтерлік есепті ұйымдастыруда, шаруашылық әрекерттерді орындау барысында заңдылықтарды қадағалауда кәсіпорын басшысы жауапкершілік атқарады. Ол бухгалтерлік есептің дұрыс жүргізілуіне, барлық бөлімшелері мен қызметтерінің, кәсіпорын қызметкерлерінің орындауын қамтамасыз етуіне, есеп ұсыну үшін барлық құжаттар мен мәліметтерді ресімдеу және ұсыну тәртібінің талаптарын қамтамасыз етуде жағдай жасауы керек.

Қазақстан Республикасында бухгалтерлік есеп жюалпы құқықтық және әдістемелік басқару бухгалтерлік есеп және аудит әдістемелігі бойынша Департамент өкілетті болып саналатын Қазақстан Республикасының Қаржы министрлігі қызмет атқаратын ҚР Үкіметімен жүзеге асырылады.

Қазақстан Республикасында 1995 жылдан бастап бухгалтерлік есепті нормативті реттеудің төрт деңгейлі жүйесі бойынша бухгалтерлік есептің реформалануы жүргізілді.

Бірінші деңгей- Қазақстан Республикасы Заңдары:

  • ҚР-да бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің біртекті құқықтық әдістемелік негіздерін бекітетін «Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы »;
  • Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексі;
  • Қазақстан Республикасының Салық кодексі;

Екінші деңгей - ҚР Қаржы министрлігінің өкілетті органымен ( 1998 жылға дейін бухгалтерлік есептің Ұлттық комиссиясы, ал қазір бухгалтерлік есеп және аудит әдістемесі Департаменті) дайындалған және бекітілген ҚР бухгалтерлік есеп стандарттары, бухгалтерлік есеп шоттарының үлгі жоспары, ал 2006 жылдан бастап халықаралық қаржылық есептіліктің стандарттары.

Үшінші деңгей - бухгалтерлік есеп стандарттарына әдістемелік ұсыныстар, шоттардың үлгі, жұмыс жоспарын қолдану бойынша нұсқаулықтар, бухгалтерлік есептің есеп тіркегіштерін толтыру бойынша нұсқаулықтар және т. б. Нормативті құжаттардың осы деңгейі ҚР Қаржы

министрлігімен дайындалып бекітіледі.

Төртінші деңгей: субьектінің есеп саясаты, осы субьектінің жүргізетін есебінің нысаны, шоттардың жұмыс жоспары, белгілі бір обьектілер бойынша есептің таңдалған әдістері талқыланатын субьектінің өзімен дайындалып бекітіледі.

Нормативті құжаттардың есеп жүйесінің төрт деңгейлі әдісі шартты және кему немесе арту жағына өзгертілуі мүмкін.

1. 2. Бас бухгалтердің құқықтары мен міндеттері

Кәсіпорындардағы бухгалтерлік есеп бас бухгалтерімен басқарылатын бухгалтериямен жүзеге асырылады. Егер кәсіпорында бухгалтерлік қызмет болмаса, басшы есеп пен есеп беру жүргізуді арнайы мамандандырылған ұйымдарға келісімшарт ( көбінесе ол шағын кәсіпорындарға қатысты) негіздерінд тапсыруына құқығы бар. Кәсіпорынның бухгалтериясындағы жұмыс ереже бойынша бухгалтерлік жұмыстың мөлшері мен көлеміне байланысты мынадай негізгі топтарға бөлінеді :

  • Есеп айырысу;
  • Материалдық ;
  • Өндірістік калькуляциялық ;
  • Қаржылық ;

Бас бухгалтер қызметіне кәсіпорын басшысы тағайындайды немесе қызметінен босатады және оған бағынады.

Бас бухгалтер есеп саясатын құруға жауапты, бухгалтерлік есепшоттарда шаруашылық әрекерттерді бейнелеуді және бақылауды, оралымды ақпараттарды ұсынуды, бекітілген мерзімде бухгалтерлік есеп беруді құруды, кәсіпорынның ішкі шаруашылық резервтерін анықтау және мобилизациялау мақсатында қаржы- шаруашылық қызметтің экономикалық талдауын жүргізуді басқа қызметтермен бірге қамтамасыз етеді. Бас бухгалтер кәсіпорынның басшысымен бірге тауарлы- материалдық құндылықтар мен ақша қаражаттарын қабылдау және беру, сонымен қатар есеп айырысу, несиелік және қаржылық міндеттемелер мен шаруашылық келісімшарттар үшін негіздеме болып табылатын құжаттарға қол қояды . Аталған құжаттар бас бухгалтердің қолынсыз жарамсыз болып табылады және орындауға қабылданбайды. Қолтаңба қою құқығы кәсіпорын басшысының жазбаша үкімімен осыған өкілетті тұлғаларға берілуі мүмкін.

Бас бухгалтерге келісімшарт және қаржылық тәртіпті бұзатын және заңдылыққа қайшы келетін әрекеттер бойынша құжаттарды орындауға және ресімдеуге болмайды. Осындай құжаттар туралы бас бухгалтер кәсіпорын басшысына жазбаша хабарлайды, ол жазбаша үкіммен осы құжаттарды есепке алады. Осы сәттен бастап орындалған әрекеттердің заңсыздығына кәсіпорын басшысы жауапкершілік атқарады.

Бас бухгалтермен материалды жауапты тұлғаларлы ( кассир, қойма меңгерушісі және т. б. ) қызметке тағайындау босату және ауыстыру келісіледі. Алғашқы есеп құжаттарына қол қоюға құқығы бар тұлғалардың тізімі кәсіпорын басшысы бас бухгалтермен келісе отырып бекітіледі. Шаруашылық әрекеттерді құжатты ресімдеу және құжаттар мен мәліметтерді бухгалтерлік қызметке тапсыру бойынша бас бухгалтердің талаптары кәсіпорынның барлық қызметкерлері үшін міндетті болып табылады.

Бас бухгалтерге тікелей ақша қаражаты және материалдық құндылықтармен байланысты жауапкершілік жүктелуі мүмкін. Оған чектер мен басқа құжаттар бойынша кәсіпорын үшін ақша қаражаттары мен тауарлы- материалдық құндылықтарды алуға рұқсат етілмейді.

Штатында кассирі жоқ шағын ғана кәсіпорындарда оның міндеті бас бухгалтермен немесе кәсіпорын басшысының жазбаша үкімі арқылы басқа қызметкерлермен орныдалуы мүмкін.

Бас бухгалтерді орнынан босатқан кезде қайтадан тағайындалған бас бухгалтерге істерді тапсыру жүргізіледі. Сонымен бір уақытта кәсіпорын басшсымен бекітілген актінің құрылуымен бухгалтерлік есептің жағдайы мен дұрыс ақпараттарды тексеру жүргізіледі.

I I.

2. 1. "Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы"

Қазақстан Республукасының Заңы

1996 жылдың 1 қаңтарынан бастап 26 желтоқсан 1995 жылғы №2732 « Бухгалтерлік есеп туралы » заң күші бар ҚР Президентінің Жарлығы күшіне енді, ал ол қазір 2004 жылдың 24 маусымынан бастап « Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы » ҚР Заңы деп аталды. 2007 жылдың наурыз айынан бастап « Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік туралы » жаңа заңы күшіне енді. ҚР Президентінің № 234-111 Жарлығымен 22. 02. 2007 жылы бекітілген. Заң Қазақстан территориясында тіркелген, кәсіпкерлік қызметпен айналысатын барлық барлық шаруашылық заңды субьектілер мен жеке тұлғалар үшін есеп пен есеп берудің біркелкі құқықтық әдістемелік негіздерін бекітеді. Бұл дегеніміз қызмет ету бағытынан (түрінен ) тәуелсіз әрбір субьект өзінің қызметін бастағаннан кейін мемлекет шегінде оның қызметін реттейтін сәйкес заңдарды, мемлекет алдындағы жауапкершілігі мен өздерінің арасындағы құқықтары мен заңды жаупкершіліктерін сақтауға міндетті. Осы заң бухгалтерлік есеп пен есеп берудің барлық сауалдары бойынша кәсіпорын басшылары, бухгалтерлері мен баска да лауазымды тұлғалары басшылыққа алуға міндетті нормаларды анықтайды.

« Бухгалтерлік есепке алу және қаржылық есеп беру туралы » ҚР Заңы 5 бөлімнен және 26 баптан тұрады.

1-бөлім. Жалпы ережелер. Бөлімде: заңның қызмет ету саласы; бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп беру жүйесінің мемлекеттк реттелуі; бухгалтерлік есеп стандарттары мен бухгалтерлік есепшоттарының үлгі жоспары; бухгалтерлік есеп және қаржылық есеп берудің мақсаттары мен қағидалары берілген.

2-бөлім. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесі. Бөлімде бухгалтерлік есеп, бухгалтерлік құжаттандыру және ішкі бақылауды ұйымдастырудың негізгі талаптары қарастырылған.

3-бөлім. Қаржылық есептілік. Бұл бөлімде қаржылық есеп берудің элементтері, олардың бағалануы мен есебі қарастырылған. Қаржылық есеп беру мен құрамы, консолидирленген қаржылық есеп беру; есептік кезң туралы түсінік; қаржылық есеп беруді ұсыну мерзімдері.

4-бөлім. Бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептілік жүйесін реттеу. Бұл бөлімде бухгалтерлік есеп беру жүйесін реттейтін мемлекеттік және мемлееттік емес уәкілетті органдары қаралған, кәсіби бухгалтерлерге кандидаттарды сертификаттау жағдайлары және ішкі бақылау талаптары қарастырылған.

5-бөлім. Қорытынды ережелер. Бұл бөлімде « Бухгалтерлік есепке алу жәнеқаржылық есеп беру туралы » Қазақстан Республикасының заңдылықтарын бұзғандығы үшін жауапкершіліктер көрсетіледі.

2. 2. Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттары және

қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары

Бухгалтерлік есеп стандарттары - есеп жүйесін реттеудің екінші деңгейі, олар қаржылық есеп беретін барлық субьектілер үшін нормативті құқықтық құжаттар болып табылады. Стандарттардың негізінде есептің жеке учаскелері, сонымен қатар шаурашылық субьектілерінің салалық ерекшеліктері бойынша бухгалтерлік есепті жүргізудің базалық тәртіптері бекітіледі.

Стандарттар есептің әр түрлі аспектілерін суреттейді және қандай да бір әдістері мен амалдарын дұрыс пайлануды талдаудың әдістемелік негізі, құралы болып қызмет атқарады.

1997 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстан Республикасы халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттарына көшу негізінде қазіргі кезде сандық түрде қолдану бойынша әдістемелік ұсыныстарды дайындаумен толықтырылып отыратын 20 стандарттарын енгізді. Халықаралық тәжірибедегі сияқты Қазақстанда қызмет етіп отырған есеп стандарттарын былай бөлуге болады:

  • Жалпы әдістемелік ( № 4 « Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп » және т. б. ) ;
  • Әлеуметтік саясат бойынша стандарттар (№ 16 « Зейнетақылық қамтамасыз ету шығындары есебі » және т. б. ) ;
  • Мүліктер мен құралдардың жеке түрлері бойынша стандарттар (№6 « Негізгі құралдар есебі », №7 « Тауарлы - матералдық қорлар есебі », №8 « Қаржылық инвестициялар есебі ») және т. б.

Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандарттарының тізімі ұсынылады:

Стандарт нөмірі
Стандарт атауы
Енгізілген жылы
Стандарт нөмірі: БЕС 4
Стандарт атауы: Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
Енгізілген жылы: 1997
Стандарт нөмірі: БЕС 5
Стандарт атауы: Табыстар
Енгізілген жылы: 1997
Стандарт нөмірі: БЕС 6
Стандарт атауы: Негізгі құралдар есебі
Енгізілген жылы: 1997
Стандарт нөмірі: БЕС 7
Стандарт атауы: Тауарлы-материалдық қорлар есебі
Енгізілген жылы: 1997
Стандарт нөмірі: БЕС 8
Стандарт атауы: Қаржылық инвестициялар есебі
Енгізілген жылы: 1997
Стандарт нөмірі: БЕС 9
Стандарт атауы: Шетел валютасындағы әрекеттер есебі
Енгізілген жылы: 1997
Стандарт нөмірі: БЕС 10
Стандарт атауы: Байланысты тараптар туралы ақпараттарды ашу
Енгізілген жылы: 1997
Стандарт нөмірі: БЕС 11
Стандарт атауы: Корпорациялық табыс салығы бойынша есеп
Енгізілген жылы: 1997
Стандарт нөмірі: БЕС 12
Стандарт атауы: Күрделі құрылысқа келісімшарт
Енгізілген жылы: 1997
Стандарт нөмірі: БЕС 13
Стандарт атауы: Консолидирленген қаржылық есеп беру және еншілес серіктестіктеріне инвестициялар есебі
Енгізілген жылы: 1997
Стандарт нөмірі: БЕС 14
Стандарт атауы: Тәуелді шаруашылық серіктестіктеріне инвестициялар есебі
Енгізілген жылы: 1997
Стандарт нөмірі: БЕС 15
Стандарт атауы: Қаржылық есеп беруде бірлескен қызмет бойынша қатысу үлесін бейнелеу
Енгізілген жылы: 1997
Стандарт нөмірі: БЕС 16
Стандарт атауы: Зейнетақылық қамтамасыз ету шығындары есебі
Енгізілген жылы: 1997
Стандарт нөмірі: БЕС 17
Стандарт атауы: Жал есебі
Енгізілген жылы: 1997
Стандарт нөмірі: БЕС 18
Стандарт атауы: Инвестициялық қорлар есебі
Енгізілген жылы: 1997
Стандарт нөмірі: БЕС 19
Стандарт атауы: Зейнетақы жинақтау қорларына есеп беру есебі мен құрылуы
Енгізілген жылы: 1997
Стандарт нөмірі: БЕС 20
Стандарт атауы: Мұнай-газ өндіруші қызмет есебі мен есеп беруі
Енгізілген жылы: 1997
Стандарт нөмірі: БЕС 21
Стандарт атауы: Банктердің қаржылық есеп беруі
Енгізілген жылы: 1998
Стандарт нөмірі: БЕС 23
Стандарт атауы: Шағын кәсіпкерлік субьектілердің есебі және есеп беруі
Енгізілген жылы: 1998
Стандарт нөмірі: БЕС 24
Стандарт атауы: Бухгалтерлік қызметті ұйымдастыру
Енгізілген жылы: 1998
Стандарт нөмірі: БЕС 25
Стандарт атауы: Зейнетақы активтерін басқару бойынша компаниялардың есебі мен есеп беруін құруы
Енгізілген жылы: 1998
Стандарт нөмірі: БЕС 27
Стандарт атауы: Есепті кезең мерзімінен кейінгі болжанылмаған жағдайлар мен оқиғалар
Енгізілген жылы: 1999
Стандарт нөмірі: БЕС 28
Стандарт атауы: Материалдық емес активтер есебі
Енгізілген жылы: 2000
Стандарт нөмірі: БЕС 29
Стандарт атауы: Ғылыми-зерттеу және тәжірибелік-конструкторлық жұмыстар шығындары есебі
Енгізілген жылы: 2000
Стандарт нөмірі: БЕС 30
Стандарт атауы: Қаржылық есептілікті ұсыну
Енгізілген жылы: 2003
Стандарт нөмірі: БЕС 31
Стандарт атауы: Таза табыс не зиян есеп мерзімдегі маңызды қателер және есеп саясатындағы өзгерістер
Енгізілген жылы: 2003
Стандарт нөмірі: БЕС 32
Стандарт атауы: Жалпы сақтандыру саласында сақтандыру қызметін жүргізетін сақтандыру, қайта сақтандыру ұйымдарының қаржылық есептілігі
Енгізілген жылы: 2003
Стандарт нөмірі: БЕС 33
Стандарт атауы: Делдалдық қызметін әрекеттерін ақпараттандыру және есептеу
Енгізілген жылы: 2004

2008 жылдың 1 қаңтарынан Қазақстан Республикасы « Бухгалтерлік есеп және қаржылық есептілік » заңының 2- бабына сәйкес мемлекеттік мекемелерді, ірі кәсіпкерлік субьектілерін және жария мүдделі ұйымдарды қоспағанда, дара кәсіпкерлер мен ұйымдар қаржылық есептемелікті ұлттық стандарттарға сәйкес құрастырады, мынадай санаттарға байланысты:

  1. Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес шаруа немесе фермер қожалықтары, ауыл шарушылығы өнімдерін өндіретін заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ оңайлатылған декларация негізінде арнайы салық режимін қолданатын шағын кәсіпкерлік субьектілер бухгалтерлік есепті « Қаржылық есептемеліктің № 1 Ұлттық стандарттары » бойынша жүргізеді;
  2. Бірінші тармақтардағы аталғандарды қоспағанда, шағын кәсіпкерлік субьектілеріне, сондай-ақ коммерциялық ұйымдарға, шетелдік заңды тұлғалардың Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес Қазақстан аумағында тіркелген филиалдары мен өкілдіктері мен бухгалтерлік есепті « Қаржылық есептемеліктің № 2 Ұлттық стандарттары » бойынша жүргізеді;
  3. Орта кәсіпкерлік субьектілері, сондай-ақ оралымды басқару құқығына негізделген мемлекеттік кәсіпорындар ( қазыналық кәсіпорындар ) бухгалтерлік есепті « Қаржылық есептемеліктің № 2 Ұлттық стандарттары » бойынша жүргізеді.

Ірі кәсіпкерлік субьектілер мен жария мүдделі ұйымдар қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға міндетті.

1, 2, 3 - тармағында аталған ұйымдар есептілік саясатын бекіткен олардың басшы органдарының шешімі бойынша қаржылық есептілікті халықаралық стандарттарға сәйкес жасауға құқылы.

Қаржылық есептіліктің халықаралық стандарттары - жоғары кәсіби ұйымдармен дайындалған және ұсынбалы бухгалтерлік есеп ережелері, әдістері, ұғымдары мен процедуралары жиыны. Халықаралық есеп тәжірибесінде әр түрлі елдерде есептізерттеумен, салыстырумен және жіктеумен, беру унификациясы бойынша дайындалымдар және ұсыныстармен айналысатын көптеген ұйымдар бар. Олардың ішінен атап көрсетуге болатындары:

  • Халықаралық бухгалтерлік стандарттар комитеті;
  • Біріккен Ұлттар Ұйымы;
  • Трансұлттық корпорациялар бойынша комиссия;
  • Есеп пен есеп берудің халықаралық стандарттары бойынша эксперттердің үкіметаралық жұмыс тобы ( БҰҰ ) ;
  • Экономикалық ынтымақтастық және даму бойынша ұйым;
  • Еуропалық Одақ ( ЕО ) ;

Есеп стандарттары үрдісіне ықпал етуші кәсіби бухгалтерлердің аймақтық ұйымдарына мыналар жатады:

  • Кәсіби бухгалтерлердің Еуропалық федерациясы;
  • Америкааралық бухгалтерлік ассоциация;
  • АСЕАН елі мүшелері бухгалтерлерінің федерациясы;
  • Азия және Тынық мұхит аймақтары бухгалтерлерінің конфедерациясы;
  • Бухгалтерлік есеп бойынша Африкалық кеңес.

Америкалық ұйымдар:

  • Бағалы қағаздар және биржа бойынша комиссия;
  • Қаржылық есеп стандарттары бойынша кеңес.

Қазіргі кезде халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары Қазақстан Республикасында да қолданылады. Олардың тізімі төменде берілген:

Халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары

Стандарттар

нөмірі

Стандарт атауы
Енгізілген жылы
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 1
Стандарт атауы: Қаржылық есептілікті ұсыну
Енгізілген жылы: 2004
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 2
Стандарт атауы: Қорлар
Енгізілген жылы: 2004
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 7
Стандарт атауы: Ақша қаражатының қозғалысы туралы есеп
Енгізілген жылы: 2003
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 8
Стандарт атауы: Есеп саясаты, есеп айырысуды бағалаудағы өзгерістермен қателер
Енгізілген жылы: 2004
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 10
Стандарт атауы: Есеп беретін мерзімнен кейінгі жағдайлар
Енгізілген жылы: 2004
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 11
Стандарт атауы: Құрылысқа келісімшарттар
Енгізілген жылы: 2003
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 12
Стандарт атауы: Пайдаға салықтар
Енгізілген жылы: 2003
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 14
Стандарт атауы: Сегментті есептілік
Енгізілген жылы: 2003
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 16
Стандарт атауы: Негізгі құралдар
Енгізілген жылы: 2004
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 17
Стандарт атауы: Жал
Енгізілген жылы: 2004
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 18
Стандарт атауы: Түсім
Енгізілген жылы: 2003
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 19
Стандарт атауы: Қызметкерлерге ыйақылар
Енгізілген жылы: 2003
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 20
Стандарт атауы: Мемлекеттік субсидияларының есебі мен үкіметтік көмек туралы ақпараттарды ашу
Енгізілген жылы: 2003
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 21
Стандарт атауы: Валюталық бағамдар өзгерістерінің әсері
Енгізілген жылы: 2004
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 23
Стандарт атауы: Қарыздар бойынша қарыздар
Енгізілген жылы: 2003
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 24
Стандарт атауы: Байланысушы тараптар туралы ақпараттарды ашу
Енгізілген жылы: 2004
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 26
Стандарт атауы: Зейнетақылық қамтамасыз ету бағдарламалары бойынша есеп және есеп беру
Енгізілген жылы: 2003
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 27
Стандарт атауы: Жеке және жинақ қаржылық есептемелік
Енгізілген жылы: 2004
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 28
Стандарт атауы: Қауымдастырылған ұйымдарға инвестициялар
Енгізілген жылы: 2004
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 29
Стандарт атауы: Гиперинфляция жағдайындағы қаржылық есептемелік
Енгізілген жылы: 2003
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 31
Стандарт атауы: Бірлескен қызметтерге қатысу
Енгізілген жылы: 2004
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 32
Стандарт атауы: Қаржылық инструменттер-ақпараттарды ашу және ұсыну
Енгізілген жылы: 2004
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 33
Стандарт атауы: Акцияға пайда
Енгізілген жылы: 2004
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 34
Стандарт атауы: Аралық қаржылық есептілік
Енгізілген жылы: 2003
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 36
Стандарт атауы: Активтердің құнсыздануы
Енгізілген жылы: 2004
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 37
Стандарт атауы: Бағалау міндеттемелер, шартты міндеттемелер және шартты активтер
Енгізілген жылы: 2003
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 38
Стандарт атауы: Материалдық емес активтер
Енгізілген жылы: 2004
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 39
Стандарт атауы: Қаржылық инструменттер-мойындау және бағалау
Енгізілген жылы: 2004
Стандарттарнөмірі: ХБЕС40
Стандарт атауы: Инвестициялық жылжымайтын мүлік
Енгізілген жылы: 2004
Стандарттарнөмірі: ХБЕС 41
Стандарт атауы: Ауыл шаруашылығы
Енгізілген жылы: 2003
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бухгалтерлік есепке алу туралы қазақстан республикасының заңы. 1995 жылғы 26 - желтоқсаннан, қосымшалары мен өзгертулері
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІЛІКТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Қазақстан Республикасының бухгалтерлік есепке алу және аудит жүйесін дамыту тұжырымдамасының жобасы
Қаржылық есеп беруді жасау және ұсыну
ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП БЕРУ ЖҮЙЕСІНІҢ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ АУДИТТІҢ СТАНДАРТТАРЫНА КӨШУ КЕЗЕҢДЕРІ
Бухгалтерлік есептің стандарттарын қарастыру
Бухгалтерлік есептің заң жүзіндегі реттелуі
Бухгалтерлік есептің басты міндеттері болып табылатыны
БУХГАЛТЕРЛІК ЕСЕПТІҢ ЗАҢНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz