Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру программасын құру технологиясы



Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
1 Оқыту.тексеру бағдарламасында компьютерлiк оқыту жүйелерiн пайдалану ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.1 Компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Оқытудың заманауи құралдары туралы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3 Электронды оқыту құралдарын пайдалану саласы ... ... ... ... ... ... ... .
1.4 Электронды оқыту құралдарына қойылатын талаптар ... ... ... ... ... ...
2 Компьютерлlк оқыту жүйесін даярлау технологиясы ... ... ... ... ... ... ...
2.1 Форманың қасиеттері мен оқиғалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Программаның құрылымы. Кодтау терезелері ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Delphi.де компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi ... ... ... ... .
2.4 Компьютерлiк оқыту жүйесін оқу процесiнде пайдалану ... ... ... ... ...
2.5 Компьютерлiк оқыту жүйесін пайдалануға нұсқау ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Қазіргі таңда ақпаратты пайдалана және жоғары деңгейде талдай білген маман әрқашан сұраныста. Кез келген маман өз міндетін экономиканың өтпелі кезеңінде жаңа талаптарға лайықты етіп орындау үшін жаңа ақпараттық технологиялар арқылы жұмыстарын шеберлікпен жүргізе білуі қажет. Бұл жаңа ғасырдың, бүгінгі күннің талабы.
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ел ретінде даму стратегиясы ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап өтілгендей, қоғамымыздың басым міндеттерінің бірінің жүзеге асырылуы – халықтың компьютерлік сауаттылығын қалыптастырумен байланысты. Мемлекет барлық деңгейдегі техникалық және технологиялық білім беруді дамытуға бағытталған тиісті шараларды қолдауда. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына осы жолдауы тың ойларға жетелейді. Президент өз Жолдауында XXI ғасыр деңгейінде білім беру мен кәсіптік даярлау мәселесіне аса көңіл бөлуі еліміздің әлеуметтік экономикалық даму жолындағы тағы бір белестен асып, көздеген межеге жақындап келе жатқанымызды білдіреді .
Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен ақпараттық ресурстар жасалынып жатыр. Олар тауар-ақша қатынасына кіреді және материалдық, инновациялық, энергиялық және еңбек ресурстарымен қатар индустриялық үрдістерге де белсенді қатысады. Яғни ХХІ ғасыр бүкіл дүние жүзін ақпаратты қоғамға көшірумен басталды. Оған қоғамдағы барлық білім, ғылым, экономика, басқару салаларды ақпараттандыру арқылы қол жеткізуге болатындығы белгілі.
Біздің елде осы мәселелердің маңызды екендігі және оларды шешу керектігі тұралы жалпы түсінік бар. Мұның барлығы тек техникалық құралдарды көбейтуге емес, жоғары білікті мамандарды дайындауға да байланысты. Сондықтан да қазіргі кезде әр бір маманның іс-әрекеті осы ақпараттандыруды талдай және жаңа информациялық технологияларды дұрыс пайдалана білуге көп тәуелді.
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру программасын құру технологиясы.
Зерттеу жұмысының мақсаты – ЖОО мекемелерінің студенттеріне арналған информатикадан ең жақсы электронды оқыту құралын жасау, аспаптық құралмен тәжірибені игеру, мультимедиалық технологиясымен таныстыру, сонымен қоса өзге программаларды қосу арқылы электронды оқыту бағдарламасын құру.
Дипломдық жұмыста Delphi программалау ортасы мен оның мүмкіндіктерін және принциптерін оқыту бағдарламасын жасауда қарастыру және жаңа бір үлгідегі электрондық әдістемелік құрал жасау.
Білім жүйесіне электрондық оқулықтарды енгізу мынадай міндеттерді шешуге бағытталған:
• оқытудың сапасын арттыру арқылы қоғамның интеллектуалдық деңгейін көтеру;
• компьютерді студенттің өз бетімен білім алу машығы мен қажеттілігін құрайтын, белсенді шығармашылық еңбегінің тиімділігін арттыруда пайдаланудың әдістерін көрсету;
• оқытудың міндетті мерзімін қысқарту, қалған уақьтты тиімді пайдалану;
• студенттердің Интернетпен практикалық жұмыс істеу дағдысын қалыптастыру.
Интернеттің WWW қызметінен кеңінен пайдалану арқасында IT-технологияларды меңгеру қажеттілігімен қатар мультимедиялық электрондық оқулықтарды құру мәселесі туындады. Мұның барлығы, электрондық оқулық құрушылардың html-форматта контент дайындауды өңдеуге арналған қосымша топ тартуын талап етеді. Бұл жобаның мақсаты электронды оқыту құралын құруда бағдарламашының жұмысын автоматтандыру және оның аталған үрдісте қатысуын азайту болып табылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мұндай құрылған бағдарлама әсіресе Интернетте электронды оқыту бағдарламасын құру технологиясын жетiлдiруге және көптеген пайдаланушыға білімін көтеруге көмектеседі.
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты Қазақстан Республикасы білім жүйесінің барлық сатылары үшін мультимедиялық электрондық оқулықтар қажеттілігі туындап отыр.
ХХ-ғасырдың соңында Internet және Internet желілерінің пайда болуы, компьютерде мультимедиа құрылғыларының дамуы, ғылымда жаңа салалардың пайда болуына әкеп соқты. Ақпараттың таралуы уақыт пен ара қашықтыққа тәуелсіз болып қалды. Мұның барлығы пайдаланушының информацияны алу әдістерінің ескіруіне алып келді.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек оқытушы дәрістерін немесе дәстүрлі оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды. Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында мультимедиялық оқулықтарды пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
1 Г.Боутон. Внутренний мир AdobePhotoShop. Киев, ДиаСофт, 2000 г.
2 С.Луций. Изучаем PhotoShop. Спб. 2002 г.
3 Роуз К. Освой самостоятельно Adobe Photoshop 5.5 за 24 часа. Пер. с англ. – М.:Издательский дом “Вильямс”, 2000
4 О.Камардинов. Информатика. 1-бөлiм. -Шымкент, 1999.
5 О.Камардинов. Информатика, 2-бөлiм, -Шымкент, 2000.
6 Сван Т. Основы программирования в Delphi для Windows 98. Пер. с англ. К., “Диалектика”, 1996
7 К.З.Халықова. Информатиканы оқыту әдiстемесi. -Алматы. “Бiлiм”, 2000
8 М.Донской. Интернет и пользовательский интерфейс. Мир Internet. 1999.
9 М.П.Концевой. “Парадоксы” дидактической наглядности. Education+ Человек. Культура. Общество.
10 А.И.Башмаков. Компьютерный учебник “Информатика” для дистанционного обучения. Мн. Бестпринт, 2001.
11 В.В.Волкова. Дизайн рекламы. М.: Университет, 1999.
12 В.В.Фаронов. Delphi 6. Учебный курс. М. 2001
13 А.Я.Архангельский. Программирование в Delphi 5, M., ЗАО “Издательство БИНОМ”, 2000
14 А.Полянский. MS FrontPage 2000. М., 2001
15 О.Камардинов, Х.Жантелi. Delphi 5-6, -Шымкент, 2002.
16 С.Бобровский. Delph 5. Учебный курс. М., 2001
17 Н.Культин. Delphi 6. Программирование на Object Pascal. БХБ-Петер¬бург, 2001
18 О.Камардинов. Turbo C және Turbo C++ тiлдерiнде программалау, Ш., 2005. 87 бет.
19 Б.Н.Березин, С.Б.Березин. Начальный курс Си С++. М., 1998.
20 В.В.Фаронов. Delphi 5. Учебный курс. м., 2001
21 Электронды оқу басылымы туралы Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарты. Алматы 2002 ж.
22 КР СТ 1087-2002. Программалық құжаттардың бірыңғай жүйесі. Қолданушының басқармасы. Құрамына, мазмұнына және безендірілуіне талаптар.
23 КР СТ 34.014.-2002. Ақпараттық технология. Автоматтандырылған жүйелерге стандарттар кешені. Терминдер және анықтамалар.
24 С. Симонович., Г. Евсеев., Специальная информатика. М. 2002. 479 стр.
25 Марко Кенту. Delphi 7 для профессионалов. Питер. 2004. 1100 стр.
26 Молли Э. Хольцшаг. Использование HTML 4. Киев. 2001. 999 стр.

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Тақырыбы: Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру
программасын құру технологиясы

МАЗМҰНЫ

Кiрiспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . ... ... 10
1 Оқыту-тексеру бағдарламасында компьютерлiк оқыту
жүйелерiн 13
пайдалану ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .1 7
... ... ... ... ... ... ... 26
1.1 Компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы 28
... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... 30
1.2 Оқытудың заманауи құралдары туралы 32
түсінік ... ... ... ... ... ... ... . ... .. 33
1.3 Электронды оқыту құралдарын пайдалану саласы 39
... ... ... ... ... ... ... . 47
1.4 Электронды оқыту құралдарына қойылатын 54
талаптар ... ... ... ... ... ... 57
2 Компьютерлlк оқыту жүйесін даярлау 62
технологиясы ... ... ... ... ... ... .. .. 63
2.1 Форманың қасиеттері мен
оқиғалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
2.2 Программаның құрылымы. Кодтау терезелері ... ... ... ... ... ... ... ..
2.3 Delphi-де компьютерлiк оқыту жүйесiн жасау негiздерi ... ... ... ... .
2.4 Компьютерлiк оқыту жүйесін оқу процесiнде
пайдалану ... ... ... ... ...
2.5 Компьютерлiк оқыту жүйесін пайдалануға
нұсқау ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Пайдаланылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ...

АННОТАЦИЯ

Дипломдық жұмыстың тақырыбы: Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-
тексеру программасын құру технологиясы. Құрылған бағдарлама әсіресе
Интернетте электронды оқыту бағдарламасын құру технологиясын жетiлдiруге
және көптеген пайдаланушыға білімін көтеруге көмектеседі.
Дипломдық жұмыс қазақ тілінде жазылған. Жалпы көлемі-64 бет. Жұмыс
кіріспе, екі тарау, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен
тұрады.

Белгілер мен қысқартулар

HTML – HyperText Markup Language –гипермәтін белгілеу тілі
ЖОО – Жоғары оқу орындары
ҚҚБ – Қашықтықтан білім беру
ЭЕМ – Электронды есептеуіш машиналары
SDI – Sіngle Document Interface – бірқұжатты интерфейс
MDI – Multіple Document Interface – көпқұжатты интерфейс
VCL – Vіsual Component Lіbrary - Визуалды компоненттер кітапханасы
КОҚ – Компьютерлiк оқыту құралы
PCM – Pulse Code Modulation - Импульстi-кодты модуляция
КДП – Компьютерлі к дидактикалық программалар
РБАО – Республикалық білім беруді ақпараттандыру ғылыми әдістемелік
орталығы
КО – Компьютерлiк оқулық
БТКҚ – Бiлiмдi тексерудiң компьютерлiк құралы
КП – Компьютерлiк практикум

Кіріспе

Қазіргі таңда ақпаратты пайдалана және жоғары деңгейде талдай білген
маман әрқашан сұраныста. Кез келген маман өз міндетін экономиканың өтпелі
кезеңінде жаңа талаптарға лайықты етіп орындау үшін жаңа ақпараттық
технологиялар арқылы жұмыстарын шеберлікпен жүргізе білуі қажет. Бұл жаңа
ғасырдың, бүгінгі күннің талабы.
Қазақстан Республикасының бәсекеге қабілетті ел ретінде даму стратегиясы
ҚР Президенті Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауында атап өтілгендей,
қоғамымыздың басым міндеттерінің бірінің жүзеге асырылуы – халықтың
компьютерлік сауаттылығын қалыптастырумен байланысты. Мемлекет барлық
деңгейдегі техникалық және технологиялық білім беруді дамытуға бағытталған
тиісті шараларды қолдауда. Мемлекет басшысының Қазақстан халқына осы
жолдауы тың ойларға жетелейді. Президент өз Жолдауында XXI ғасыр деңгейінде
білім беру мен кәсіптік даярлау мәселесіне аса көңіл бөлуі еліміздің
әлеуметтік экономикалық даму жолындағы тағы бір белестен асып, көздеген
межеге жақындап келе жатқанымызды білдіреді .
Қазіргі кезде қоғам әрекеттерінің барлық саласында компьютер көмегімен
ақпараттық ресурстар жасалынып жатыр. Олар тауар-ақша қатынасына кіреді
және материалдық, инновациялық, энергиялық және еңбек ресурстарымен қатар
индустриялық үрдістерге де белсенді қатысады. Яғни ХХІ ғасыр бүкіл дүние
жүзін ақпаратты қоғамға көшірумен басталды. Оған қоғамдағы барлық білім,
ғылым, экономика, басқару салаларды ақпараттандыру арқылы қол жеткізуге
болатындығы белгілі.
Біздің елде осы мәселелердің маңызды екендігі және оларды шешу керектігі
тұралы жалпы түсінік бар. Мұның барлығы тек техникалық құралдарды көбейтуге
емес, жоғары білікті мамандарды дайындауға да байланысты. Сондықтан да
қазіргі кезде әр бір маманның іс-әрекеті осы ақпараттандыруды талдай және
жаңа информациялық технологияларды дұрыс пайдалана білуге көп тәуелді.
Зерттеу жұмысының тақырыбы: Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-
тексеру программасын құру технологиясы.
Зерттеу жұмысының мақсаты – ЖОО мекемелерінің студенттеріне арналған
информатикадан ең жақсы электронды оқыту құралын жасау, аспаптық құралмен
тәжірибені игеру, мультимедиалық технологиясымен таныстыру, сонымен қоса
өзге программаларды қосу арқылы электронды оқыту бағдарламасын құру.
Дипломдық жұмыста Delphi программалау ортасы мен оның мүмкіндіктерін және
принциптерін оқыту бағдарламасын жасауда қарастыру және жаңа бір үлгідегі
электрондық әдістемелік құрал жасау.
Білім жүйесіне электрондық оқулықтарды енгізу мынадай міндеттерді шешуге
бағытталған:
• оқытудың сапасын арттыру арқылы қоғамның интеллектуалдық
деңгейін көтеру;
• компьютерді студенттің өз бетімен білім алу машығы мен
қажеттілігін құрайтын, белсенді шығармашылық еңбегінің
тиімділігін арттыруда пайдаланудың әдістерін көрсету;
• оқытудың міндетті мерзімін қысқарту, қалған уақьтты тиімді
пайдалану;
• студенттердің Интернетпен практикалық жұмыс істеу дағдысын
қалыптастыру.
Интернеттің WWW қызметінен кеңінен пайдалану арқасында IT-технологияларды
меңгеру қажеттілігімен қатар мультимедиялық электрондық оқулықтарды құру
мәселесі туындады. Мұның барлығы, электрондық оқулық құрушылардың html-
форматта контент дайындауды өңдеуге арналған қосымша топ тартуын талап
етеді. Бұл жобаның мақсаты электронды оқыту құралын құруда бағдарламашының
жұмысын автоматтандыру және оның аталған үрдісте қатысуын азайту болып
табылады.
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Мұндай құрылған бағдарлама әсіресе
Интернетте электронды оқыту бағдарламасын құру технологиясын жетiлдiруге
және көптеген пайдаланушыға білімін көтеруге көмектеседі.
Қазіргі таңда ақпараттық технологиялардың дамуына байланысты Қазақстан
Республикасы білім жүйесінің барлық сатылары үшін мультимедиялық
электрондық оқулықтар қажеттілігі туындап отыр.
ХХ-ғасырдың соңында Internet және Internet желілерінің пайда болуы,
компьютерде мультимедиа құрылғыларының дамуы, ғылымда жаңа салалардың пайда
болуына әкеп соқты. Ақпараттың таралуы уақыт пен ара қашықтыққа тәуелсіз
болып қалды. Мұның барлығы пайдаланушының информацияны алу әдістерінің
ескіруіне алып келді.
Осы уақытқа дейінгі білім беру саласында тек оқытушы дәрістерін немесе
дәстүрлі оқулықты пайдалану қазіргі заман талабын қанағаттандырмайды.
Сондықтан қазіргі ақпараттандыру қоғамында мультимедиялық оқулықтарды
пайдаланбай алға жылжу мүмкін емес.
Зерттеу жұмысының объектісі: Delphi ортасында оқыту-тексеру бағдарлмасын
құру.
Зерттеу жұмысының құрылымы: Дипломдық жұмыс екі бөлімнен тұрады:
Бірінші бөлімде, электронды оқыту бағдарламалары туралы түсінік,
электронды оқыту бағдарламаларын оқулықты пайдалану саласы, электронды
оқыту бағдарламаларының құрылымдық жолдары, электронды оқыту
бағдарламаларын жасау құралдардың топтастырылуы, электрондық оқулыққа
қойылатын талаптар қарастырылған.
Зерттеу жұмысының теориялық негізі: Дипломдық жұмыста қойылған тапсырманы
шешу үшін программалық Екінші бөлімде Delphi программалау ортасымен танысу,
оның принциптері мен мүмкіншіліктері туралы, сонымен қоса Delphi
программалау ортасында жоба құру сипаттамасы қаралған. Информатикада
компьютердің қолданылуы, компьютерлік оқыту жүйелерін пайдалану, Delphi
программалау ортасында Визуалды бағдарламалау ортасының оқыту-тексеру
бағдарламасын құру технологиясы атты компьютерлік оқыту құралын жасау
қарастырылған.
қамсыздандыруды жүзеге асырудағы Delphi программалау ортасы және
объектілері, теориялық бөлімде Web-беттерін жобалау, интерфесін жобалауға
графикалық және анимациялық бағдарламалар, тестілеуге арнайы сценарий
құруға арналған алгоритмдер қолданылған.

1 Оқыту-тексеру бағдарламасында компьютерлiк оқыту
жүйелерiн пайдалану

Қазақстан Республикасындағы бiлiмдi ақпараттандыру жүйесін ары
қарай дамыту процесiн оқып-үйренудiң ақпараттық ресурсы болып
табылатын компьютерлiк оқыту құралын (КОҚ) дайындамай жүзеге асыру
мүмкін емес. Олардың атқаратын қызметтерiнiң де ауқымы кең, мысалы,
бақылайтын және тест жүргiзетiн программалар, компьютерлiк ойындар,
ақпараттық жүйелер, оқыту орталары, электронды оқулықтар және
мультимедиялық программалар. Осы оқытуға арналған программалық
құралдардың әр түрлі нұсқаларын әзiрлеу Республикалық бiлiм берудi
ақпараттандыру ғылыми әдiстемелiк орталығының негiзгi жұмысы болып
табылады.
Қазiргi кезде негiзiнен бiлiм жүйесінiң барлық сатылары КОҚ жасаумен
шұғылданып келедi. бiр -бiрiмен тығыз байланыстағы төрт бөлiктен тұрады
олар: мотивациалы-мақсаттық, мазмұндық, операциялық және нәтижелiк бақылау
компоненттерi.
КОҚ-ның мотивациалы-мақсаттық компонентi модульдердi құрастырудан
тұрады. Модуль дегенiмiз – жергiлiктi, жүйелiк және функционалдық бiлiм
жиындары. Ол студенттiң өз танымдық әрекетiн ұйымдастыратын “түйін” болып
саналады.
КОҚ-ның мазмұндық компонентi гипермәтiн арқылы жұзеге асырылады.
Гипермәтiн – терминдерден, ұғымдардан, әртүрлі концепциялардан,
кестелерден, графиктерден және диаграмммалардан тұратын мәлiметтер базасы
ретiнде берiлетiн ақпараттық оқыту ортасы. Мәтiндердi қазақ, орыс, ал
кейбiрiн ағылшын тiлiндегi дыбыстар арқылы айтуға болады. Гипермәтiн бейне
материалдарымен толықтырылған.
КОҚ-ның операциялық компонентi интерактивтi формада берiлген
тапсырмаларды орындау арқылы жүзеге асырылады. КОҚ-ның нәтижелiк бақылау
компонентi тест алу жолымен жүргiзiледi. КОҚ-де тестердiң екi түрi
берiлген: бiр дұрыс жауабы немесе бiрнеше дұрыс жауабы бар. Тест соңында
студент өзi қателескен сұрақтарды тексерiп көре алады, әрбiр тесттен соң
сұрақтардың реттiк орны ауыстырылып отырады.
Студенттер үшін КОҚ – ЖОО-да оқыған жылдардың барлығында да өздерi
толықтырылып отыра алатын және нәтижелiк емтиханға дайындалуға көмектесетiн
мәлiметтер базасы болып келедi. КОҚ-мен жұмыс iстеу әрбiр студенттiң өз
мүмкіндiгiн есепке ала отырып, оқып үйрену iсiн жеке дара жүргiзуi болып
саналады.
Мұғалiм үшін КОҚ бұл күнбе-күн дамытылып отыратын, ашық түрдегi
әдiстемелiк жүйе, оны әрбiр оқытушы өз педагогикалық тәжiрибесiндегi
материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетiлдiре алады.
КОҚ студенттердiң сыныптан тыс өз бетiмен жұмыс iстеуiне толық
мүмкіндiк туғызады. Жүйенiң модульдiк жүйеге негiзделiп құрылғаны, осы
құралдың тиiмдiлiгiн айқындай түседi. Модульдердi бөлуде грамматикалық
заңдылықтардың лексикалық тақырыптарға сәйкес келуi негiзге алынған.
КОҚ – дисплей экранында көрiнетiн жай ғана мәтiн емес, ол студентке өз
жолымен керектi материалдарды жеке меңгеруге арналған күрделі, көп қажеттi
бөлiмдерiн қайталап, игеру тәсiлi мен логикасында өзiне тән етiп таңдап
алып, осы сәтте ең керек деген материалды қарап шығуға мүмкіндiк бередi.
Оның гипермәтiнi нақты құрылымдардан тұрады да, бiр-бiрiмен тығыз
байланысқан ықшам логикалық жүйе болып табылады. Бұл жүйемен танысу арқылы
студент практикалық негiзде алгоритмдiк ойлау қабiлетiн дамыта алады. Ал
өзiне қажеттi мәлiметтi компьютер жадының керектi ұясынан iздеп таба бiлу
де әрбiр баланың бүгiн талап етiлетiн стратегиялық ойлау қабiлетiн
қалыптастырады.
Модульдерде берiлген алгоритм студенттерге өз бетiмен жұмыс iстеу
мүмкіндiгiн бередi. Мұнда сабаққа деген қызуғушылық пайда болып, бiлiм алу
кезiндегi олардың белсендiлiгi арта бастайды. КОҚ-нi пайдалану мұғалiмнiң
де ғылыми-әдiстемелiк потенциалын дамытып, оның сабақ үстiндегi еңбегiн
жеңiлдетедi.
Оқытудың әр сатысында компьютерлiк тесттер арқылы студенттi жекелей
бақылауды, графикалық бейнелеу, мәтiндер түрiнде, мультимедиялық, бейне
және дыбыс бөлiмдерiнiң бағдарламасы бойынша алатын жаңалықтарды iске
асыруға көп көмегiн тигiзедi.
Барлық оқулықтардың материалдарын модульдiк түрде қарастыру оның
мазмұнын бiрыңғай тұрғыдан қарастыруға негiзделген. Студенттердiң танымдық
ерекшелiктерi мен жас өзгешелiктерiне байланысты ғылыми теориялық Ұғымдар
жүйесi арқылы жалпыдан жалқыға, абстрактылықтан нақтылыққа көтерiлу
мұғалiмнiң бұрынғы ролiн өзгертедi. Ендi мұғалiм бiлiм мен ақпарат беретiн
тұлға емес, ол алға қойылған мақсатқа жету жолындағы керектi мәлiметтердi
әр жерден тауып керектi мәлiметтердi әр жерден тауып алуға көмектесетiн
кеңесшi әрi әрiптеске айналып кетедi.
Әлi де көп жұмыстар атқарылуы тиiс, мектептiң, кәсiптiк оқу
орындарының, колледждердiң, жоғары мектептiң және қосымша бiлiм беретiн
курстар пәндерiне байланысты көптеген оқулықтар шығарылуы тиiс.
КОҚ-рiнде информацияны бейнелеудiң көптеген түрлерi қолданылады:
мәтiн, гипермәтiн, графика, гиперграфика, видео, анимация, дыбыс,
интерактивтi үшөлшемдi бейнелер, т.с.с.
Пайдаланылатын формалар мен форматтарды келесi факторларға сүйене
отырып таңдау қажет:
▪ КОҚ-сi қамтитын информациялық компоненттердiң көлемi мен
сипаттамалары;
▪ информациялық компоненттердiң дидактикалық мәнi мен өнiмнiң
дидактикалық және функционалдық сипттамалары;
▪ өнiмнiң көлемiне қойылатын шектеулер;
▪ жоспарланған өнiмнiң программалық және техникалық сипаттамалары;
▪ КОҚ-сiн жасауда қолданылатын инструменталдық құралдардың
мүмкіндiктерi.
Мәтiн және гипермәтiн. Қазiргi уақытта барлық дерлiк КОҚ-де мәтiндiк
және гипермәтiндiк компоненттер қолданылады. Информациялық компоненттердi
бейнелеудiң Бұл түрін жасауда қосымшалар құрудың кез-келген инструменталдық
құралдарының көмегiмен iске асыруға болады.
Информация бейнелеудiң бұл түрі өте кең тарағандықтан бұған толық
тоқталмасақ та болады. Дегенмен қолданылатын гипермәтiндер типтерiн анықтау
мәселесiн қарастырып өтейiк. Олардың келесi негiзгi типтерi бар:
▪ ағымдық беттегi не кадрдағы информацияны бейнелеу формасын
өзгерту;
▪ ағымдық кадрдағы не беттегi мазмұнға байланысты функцияны шақыру;
▪ ағымдық беттiң келесi фрагментiне өту;
▪ қосымша терезенi шақыру;
▪ тапсырмалар жүйесін шақыру;
▪ сыртқы қосымшаны шақыру.
Графика және анимация. Суреттi бейнелеу тәсiлi бойынша графикалық
компоненттер матрицалық (растрлық), векторлы және функционалдық болып
бөлiнедi.
Матрицалық сурет пикселдер деп аталатын нүктелерден тұратын екi өлшемдi
массив. Пиксел матрицалық бейненiң “минимал”өлшемдегi элементi болып
табылады. Оның атрибуттары басқа нүктелерден тәуелсiз болады. Векторлық
бейнелер оның типтiк элементтерiне сәйкес келетiн векторлық графикалық
примитивтер жиынтығы. Бейнелеуде қолданылатын графикалық примитивтер
векторлық графиканың негiзгi сипаттамасы. Мысалы, түсi, ұзындығы, қалыңдығы
берiлген белгiлi бiр бұрыш бойынша бағытталған және координаталары
көрсетiлген нүктеден басталатын түзу, т.с.с.
Векторлық графика жазықтағы ғана емес кеңiстiктегi (үшөлшемдi)
графикалық суреттердi бейнелей алады. Сонымен қатар векторлық бейнелер
масштабтау кезiнде күрделі трансформацияларға (бұру, қисайту, созу, қысу,
т.с.с.) қиындықсыз түсе алады.
Функционалдық бейнелер графикалық қосымшалар арқылы салынады. Мысалы,
КОҚ оқыту процесiнде кейбiр бақылау жұмыстарының нәтижелерiн диаграмммалар,
графиктер түрінде бейнелеуi мүмкін. Осы кезде арнайы құрылған қосымшалардың
көмегiмен оларды тұрғызу оңай әрi жылдам орындалады.
Графикалық информациялық компоненттердiң басқа түрлерi арнайы әрi терең
зерттеудi талап ететiн болғандықтан, оның класссификациялық схемасындағы
басқа түрлерiне тоқталудың қажеттiлiгi шамалы. Дегенмен анимациялық
графиканың КОҚ құруда пайдасы мол болғандықтан оған қысқаша тоқталып
өтелiк.
Анимациялық графика екi түрге бөлiнедi: суреттiк және слайттық.
Суреттiк және спрайттық анимацияға кадр терезесiнiң не беттiң шекарасында
қозғалатын графикалық компоненттер кiредi. Қазiргi уақытта .jpeg, .gif,
.png, .tiff форматтағы анимациялық файлдар көптеп қолданысқа енген.
Дыбыстық компоненттер. Дыбыстық сигналдардың цифрлық бейнеленуi
үздіксіз аудиосигналдың уақытқа және деңгейге қатысты дискреттелiп берiлуi
арқылы жұзеге асырылады. Цифрлық түрде сигнал амплитуда мәндерiнiң
тiзбектерi арқылы сипатталады. Мұндай бейнелеу импульстi-кодты модуляция
(PCM – Pulse Code Modulation) деп аталады.
Қазiргi заманғы технологияларда дыбысты цифрлық өңдеу үшін 2-ден 192
кГц аралығында жатқан жиiлiктiң өтуiн санау пайдаланылады. КОҚ-лерiнде 16-
44 кГц аралығында жатқан жиiлiктi қолданған тиiмдi. Дыбыстық сигналдар
едете аудиоплатаға орнатылған синтезатордың көмегiмен шығарылады.
Дыбысты сипаттайтын файлдар .midi форматта болғаны жөн. Бұл файлдар
.mid типтi болып келедi. .midi форматтағы файлдардың артықшылығы олар,
микрофон арқылы жазылған дыбыстық эффектiлердi орындағанда қатесiз, ауытқуы
байқалмайтындай болады.
Windows жүйесінде цифрлық дыбыстарды сақтау үшін .wav форматы
қолданылады. .wav форматтағы файлдарда дыбыстық жиiлiктен басқа қосымша
қызметшi информация да сақталады. Сондықтан оның көлемi едәуiр үлкен болып
келедi.
Видео және анимация. Дәстүрлі видекомпонент екi синхронды орындайтын
құрылымнан тұрады: визуалды (видежол) және дыбыстық.
Видеожол қозғалыссыз графикалық бейнелерден тұратын кадрлар тiзбегiнен
тұрады. Видеокомпоненттер мен анимацияның арасындағы айырмашылық осы
бейнелердiң сипаттамалары арқылы ажыратылады. Видеокадрдағы бейнелер шынайы
болып келедi. Оның бастапқы көзi ретiнде шынайы объектiлердiң фото - не
видео түсiрiлiмдерi алынады. Ал анимациялық компоненттердегi бейнелер
жасанды болып келедi. Яғни олар графикалық редакторлар не геометриялық
модельдеу жүйелерiнiң көмегiмен даярланады. Қазiргi кезде мұндай
анимацияларды жасауда Autodesk фирмасының AutoCad, 3D Studio Max, т.с.с.
программалық өнiмдерi кеңiнен қолданыс табуда.
Интерактивтi үшөлшемдi бейнелеу. Дәстүрлі графикалық компоненттердiң
ортақ кемшiлiгi олардың интерактивтi мүмкіндiгiнiң төмендiгiнде болып
саналады. Мұндай мүмкіндiк ретiнде бейненi масштабтау, орындалуды ұзуқайта
жалғау, анимацияның кадрларын, жылдамдығын басқару, кадрлап орындау, т.с.с.
қабылданады. Информацияны бейнелеудiң мұндай мүмкіндiгiн iске асыру үшін
КОҚ құрамына кiретiн барлық компоненттердi бастапқы қалпында қолдан жасап
шыққан жөн. Ол үшін интерактивтi графикалық компонент құру үшін жоғарыда
келтiрiлген информацияны бейнелеудiң түрлі компоненттерiнiң iшiнен
функционалды құрылатындарын таңдап алған тиiмдi. Бұл КОҚ құруды
күрделендiргенмен, оның ақырғы нәтижесiне үлкен оң әсерiн тигiзедi. Себебi
сапалы КОҚ құру үшін оның құрамындағы информациялық компоненттер
интерактивтi болуы тиiс.

1.1 Компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы

Delphi курсының мазмұнын құрылымдау иерархиялық деңгейлерге бөлiнген
құрылымдық бiрлiктерге жiктеу, олардың көлемдiк сипаттамаларын бағалау және
пән мәселелерiнiң ашу т.с.с. оқу-әдiстемелiк жұмыстарды түрлендiрумен,
жүйелеумен сипатталады.
КОҚ-ның құндылығы оның қолданыс аумағының көп бағыттылығына байланысты
болады. Мазмұн тарапынан көп бағыттылық үш аспектiнi қамтиды:
▪ оқу материалының түрлі деңгейде жүргiзiлуi;
▪ түрлі мамандықтар мен пәнаралық байланыс;
▪ оқушының бастапқы дайындығының түрлі деңгейi.
Көп бағыттылықты аспектiлерiн жүзеге асыру үшін КОҚ-сiн пайдаланудың
сәйкес деңгейлерiн енгiзу қажет. Программаны бөлшектеу осы деңгейлердi
ескере отырып орындалады.
КОҚ мазмұнын құрылымдаудың базалық екi принципi бар:
▪ тақырыптық;
▪ уақыттық (оқу процесiнiң барысында шешiлетiн педагогикалық мәселелер
бойынша).
Бiрiншi принцип дәстүрлі оқулық мазмұнына ұқсас келетiн пәннiң
иерархиялық құрылымы болып табылады. КОҚ құрамында ол мамзұн блогында
жүзеге асырылады. Тақырыптық құрылым мазмұнның негiзгi компоненттерiнiң
құрамы мен бағыныштылығын бейнелейдi.
Пән мазмұнын құрылымдаудың екiншi тәсiлi бойынша, ол құрылымдық
бiрлiктердiң тiзбегiне бөлшектенедi. Бұл оқу сабақтарына ұқсас (лекциялар,
жаттығулар, аралық бақылаулар, т.с.с.) болып келедi. Мұндай құрылым оқытуды
Ұйымдасқан түрде өткiзудiң әдiстемелiк бағытталған және дәстүрлі құрлымы
болып табылады.
КОҚ-сiнде жоғарыда атап өтiлген принциптердiң екеуiн қатар пайдаланған
тиiмдi. Яғни мазмұн алдымен тақырыптық негiзде құрылымданады, сонан соң
бұл құрылымға әдiстемелiк бағытты бейнелейтiн уақыттық принцип iске
асырылады.
1-кестеде екi принцип бойынша құрылымданған Delphi курсының мазмұны
келтiрiлген.

1 – кесте Delphi курсының мазмұны

Тақырыптық принцип Уақыттық принцип
1-Тарау. Компьютердің шығу 1-сабақ.
тарихы
Ассемблердегі негізгі ұғымдар
Микропроцессор
1.1.2. Регистр 2-сабақ.

3-сабақ. Жаттығулар орындау
Арифметикалық командалар
Циклдар

Пән мазмұнын құрылымдауды бастау алдында келесi мәселелердi шешiп алу
қажет:
▪ тақырыптық жiктеу деңгейiнiң тереңдiгiн, яғни оқу материалының
иерархиялық деңгейлерiн анықтау;
▪ әрбiр деңгейге сәйкес құрылымдық бiрлiктердiң типтерiнiң атауларын
анықтау;
▪ мазмұнның құрылымдық бiрлiктерiнiң бейнелену формасын айқындау.
Тақырыптық жiктеу деңгейiнде, яғни оқу материалының иерархиялық
деңгейлерi үш деңгейден аспауы тиiс. Бұлай болмаған жағдайда оқу материалы
өте күрделі болып, оқушыға оны пайдалану ауыр болады.
Құрылымдық бiрлiктер типтерiнiң атаулары түрлі болып келуi мүмкін.
Бiрақ онда сабақ кезiнде қолданылатын шартты атаулар (лекция, практика,
семинар, т.с.с.) қолданылмауы керек.
Мазмұнның құрылымдық бiрлiктерiнiң бейнелену формасын екi түрлі
технологиялық бағытта болуы мүмкін: кадр – тақырып мазмұнына сәйкес мәтiн,
графика, аудио, видео элементтер жиынтығы; модуль – көптеген кадрлардан
және гиперсiлтемелер көмегiмен шақырылатын iшкi модульдерден тұратын
құрылымдық компонент.
Қорыта айтқанда, пән мазмұнын құрылымдау оны тек тарауларға,
тақырыптарға бөлiп қана қоймай, тақырыптар арасындағы байланыстарды
айқындау, құрылымдық бiрлiктердiң ерекшелiктерiн анықтау, құрылымдық
бiрлiктердiң бейнелену формаларын анықтау сияқты мәселелердi шешiп алуға
келiп саяды.
Бiз даярлаған Delphi курсының жалпы құрылымы 2-схемада келтiрiлген.
Схемадан көрiп тұрғанымыздай ол жалпы КОҚ-ның құрылымына сәйкес келедi. Ол
келесi негiзгi құрылымдардын тұрады:
Курс мазмұнының оқыту жүйесінде Delphi курсының құрылымданған және
информация-логикалық байланыстырылған оқу материалдары, тест тапсыру
жүйесi, терминдер сөздiгi енгiзiлген.
Тапсырмалар жүйесінде “үлгiмен оқыту” әдiсiн жетекшiлiкке алып
құрыстырылған лабораториялық жұмыстар және “жеңiлден-күрделіге” принципi
бойынша берiлген және оқыту бағдарламасына сай құрастырылған көпнұсқалы
тапсырмалар жүйесi бар. Бұл жүйе оқытудың екiншi тәсiлi ретiнде ұсынылып
отыр, оқушы өз деңгейiн қарай алдымен оқу материалдарын шолу жасай ма,
әлде бiрден тапсырмалар жүйесіне өтiп, оқу материалдарынан сiлтемелер
арқылы мәлiмет алып отырады ма өзi шешедi.
Бүгiнде жүргiзiлiп жатқан зерттеулер компьютерлiк оқыту
программаларының тиiмдiлiгiн көпшiлiк жағдайларда оның интерфейстiк
жүйесіне байланысты болатындығын көрсетуде. Программаның безендiрiлуi
үйренушiлердiң ынтасына, материалды қабылдау жылдамдығына, т.с.с. маңызды
көрсеткiштерге тiкелей әсерiн тигiзедi. Сондықтан оқыту программасының
интерфейсiн жобалау мәселесiн ғылыми негiзде, әбден ойластырылған жүйелi
түрде қарастыру қажет.

Сурет 1 – Delphi курсының компьютерлiк оқыту жүйесінiң құрылымы

Оқытушы жүйесінде оқытушыға оқу материалдарының, көпнұсқалы
тапсырмалар жүйесінiң, тест сұрақтарының қосымшалары ашылады. Олардың
көмегiмен оқытушы оқу материалдарын, тапсырмаларды, тест сұрақтарын
өзгертiп, толықтырып, жетiлдiрiп отыруына болады. Қосымшаларды шақыру тек
оқытушы бiлетiн пароль көмегiмен ғана орындалады.
Шет ел психологтарының еңбектерiнде компьютерлiк програм-малардың
безендiрiлуi жайлы көптеген зерттеулер жүргiзiлген. “Жақсы интерфейс -
ыңғайлы аяқ киiмге ұқсас, - деп жазады атақты безендiру маманы М.Донской.
– Оған ешкiм көңiл бөлмейдi. Көңiл аударған кұнде де, “Мұнда тұрған не бар”
– дейдi. Ал нашар интерфейс барлық жүрттың назарында. Шындығында жақсы
ұйымдастырылған интерфейстi пайдаланушы байқамайды, өйткенi ол программаның
ажырамас функционалдық бөлiгi ретiнде қабылданады”.
“Қазiргi кездегi компьютерлiк программалар мен олардың безендiрiлуi
адамның қабiлетi мен қызығушылығын ескермей құрылуда, ал бұл адам-машина
қатынасының көптеген облыстарын зерттелмей қалуына себеп болуда-, дейдi,
шет ел психологтары С.Эллиот пен Дж. Брзезинский ”.
Де М.Верней мен З.Л.Бердж интерфейс жөнiнде былай деп жазады: “Оқыту
программасының интерфейсi нашар болса, өте жақсы жазылған курстың мазмұны
да игерiлмей қалады. Себебi пайдаланушы өзiнiң көп уақытын интрфейспен
танысуға жұмсайды. Сондықтан алдымен интерфейстi дұрыстап құру қажет,
үйренушi мен программаның өзара байланыс схемасын тиянақты зерттеу қажет”.
Шет ел және Ресей мамандарының зерттеулерi негiзiнде компьютерлiк оқыту
құралдырының интерфейсiн құруда келесiлердi ескерген жөн:
Безендiруде жүйелiк бағытты қолданудың ерекшелiктерi. Жүйелiк бағыт
жүйелiк безендiрудiң негiзi, ол құрылып жатқан үлгiнi жобалау мен жасау
процесiне, оны пайдалану мен оның ары қарай жұмыс iстеуiне әсерiн тигiзетiн
факторлардан құралатын шығармашылық жобалаудың ерекше түрі. Бұл бағыт
программаны безендiруде дәстүрлі кiтаптық әдiстерден басқа, информатика,
семиотика, құрылымдық, лингвистика, документалистика, функционалдық,
коммуникативтiк, компоненттiк, құндылық т.б. сияқты бағыттарды пайдалануға
мүмкіндiк туғызады.
Семиотиканы (таңбалар мен таңбалық жүйелер жайлы ғылым) пайдалану
информацияны түрлі құрылымдарда құруда оның жалпы мағынасының жоғалып
кетпеуiн қамтамасыз етедi. Негiзгi оқу материалдарының мазмұны мен
құрылымына қойылатын талаптарды анықтау. Үйренушi жаңа оқу материалымен
алғаш танысқан кезiнде материал мәтiнi мен осы материал жайлы өзi бiлетiн
информацияны салыстырудан бастайды. Мұндай салыстыру үйрену тиiмдiлiгiн
арттырады және Бұл оқу материалының психологиялық негiзiн, логикалық
байланыстарын көрсету деңгейiне тәуелдi анықталады.
Электронды оқу материалына және оның берiлуiне қойылатын талаптар
үйренушiнiң жаңа информацияны қабылдау қабiлеттiлiгiн және қызығушылық
деңгейiн анықтауға да тiкелей байланысты.
Оқу материалына қойылатын негiзгi талаптар:
• мазмұндалу мәтiнi өте қысқа және максимум жаңа информация қамтуы
керек. Үлкен көлемдегi мәтiндi компьютер экранынан оқып, түсiну өте
қиын;
• үйренушi бiлетiн сөздер мен қысқартуларды пайдалану. Бұл үйретушiнiң
жаңа сөздердi үйрену және есте сақтауын жоғарылатады;
• семантикалық байланыстағы информациялық элементтердi топтастыру қажет.
Мұны құрылымдық принцип арқылы жұзеге асыруға болады;
• өте маңызды информация экранның сол жақ жоғары бұрышында
орналасуытиiс. Себебi зерттеулер көрсеткендей адамның назары алғашқы
болып, экранның осы бөлiгiне аударылады;
• абзацтың негiзгi идеясы оның алғашқы жолдарында берiлуi керек. Бұл
абзацтағы алғашқы және соңғы ойлардың өте жақсы есте сақталуына
байланысты;
• графикалық материал мәтiнмен ұйлесiмдi түрде құрылуы тиiс.
• күрделі модельдер мен құрылымдарды бейнелейтiн иллюстрациялар (
схемалар, карталар т.с.с) подсказкамен қамтамасыз етiлуi тиiс;
• оқыту материалының мәтiнi дыбыстық эффектiлерiмен толықтырылуы керек.
Бұл информация қабылдау қабiлетiн жоғарылатады.

Iздеу, жылжу, гиперсiлтемелер жүйесін ұйымдастыру. Оқу материалында
бағдар алу оның мазмұндық, көрсеткiштiк, жылжу, ауысу, сiлтемелер жүйесінiң
қаншалықты тиiмдi ұйымдастырылғанына тәуелдi.
“Бiрде-бiр үлкен кiтап сiлтемесiз болмауы керек. Сiлтемесiз кiтапты
терезесi жоқ ұймен, көзi жоқ денемен салыстыруға болады. Ал Бұларды қолдану
оңай емес”,-дейдi, Я.А.Коменский.
Iздеу, жылжу, гиперсiлтемелер жүйесi келесi талаптарды қанағаттандыруы
тиiс:
- Электронды оқулықтың оқытудың негiзгi этаптарын бейнелейтiн
графикалық схема орналасқан кiлттiк экраны болуы тиiс. Бұл үйренушiге
өзiнiң оқытудың қай кезеңiнде екендiгiн бiлiп отыруға мүмкіндiк туғызады;
- гиперсiлтемелер оқулықтың қай түсына алып баратынын дәл және анық
көрсетiп тұруы керек;
- гиперсiлтемелердiң асты сызылатындықтан, оқулықтың материалында асты
сызылған мәтiн бөлiктерi болмауы тиiс;
- оқу материалы бiр немесе екi беттен аспауы керек;
- гиперсiлтемелер тiзбегiнде олардың келесi қадамы қатаң логикаға
сүйенiп құрылуы керек (Қайда алып барады? Ненi көрсетедi? Қажет
пе?).
- программаның мiндеттi түрде iздеу жүйесi болуы қажет және кiлттiк
сөздер мен мазмұн элементтерi арасындағы мета-тэгтер дұрыс қойылуы
тиiс.
Информацияны құрылымдау процесiн, жылжуды және гиперсiлтемелердi
ұйымдастыруды бiлiмдi бейнелеудiң автоматтандырылған құралдарын қолданғанда
тиiмдi болады.
Түстер мен формаларды қабылдаудың физиологиялық ерекшелiктерiн ескеру.
Адам көру сезiмiнiң көмегiмен 180 түрлі түстi қабылдай алады. Түс пен оның
қосылыстарының безендiру мүмкіндiгi шексiз. Түрлі түс адамның көңiл-күйiне
түрліше эмоциялық әсер ететiнi белгiлi.
Кей түстер адамды дем алдырса, кей түстер шаршатады. Сонымен түстер
комбинацмясы да адамға түрлі әсер бередi.
Оқыту программаларын жобалағанда түстер мен формаларды қабылдаудың
келесi физиологиялық ерекшелiктерiн ескеру керек:
• қызыл, қызғылт, сары түстер адамға тiтiркендiргiш ретiнде әсерiн
тигiзедi. Мұндай әсер адамның нерв клеткаларын белсендiрiп,
информацияны қабылдау қабiлетiн жоғарылатады;
• көк, көгiлдiр, жасыл дем алдырушы, ұйқы келтiргiш түстер;
• қоңыр,ашық-қызыл, сұр, жасыл-сарғыш түстер нейтрал түстер;
• екi түстiң қосылысы, фон мен таңба түстерi көру ыңғайлылығына әсер
етедi. Кейбiр түстер жұбы тек шаршатып қоймай, стресс жағдайына
дейiн жеткiзуi мүмкін (мысалы, қызыл фонда жасыл түспен көрiнген
әрiптер);
• программада қолданылатын шрифттердi таңдауда келесілердi ескерген
жөн: бас әрiптер кiшi әрiптерге қарағанда ауыр қабылданады; тұзу
сызықтар арқылы жазылған цифрлар жеңiл қабылданады; т.с.с.
• шрифт пен фонның ең жақсы қабылданатын жұптары: қара-көк фонда ақ
әрiптер, ақ фонда қара әрiптер, көк фонда сары әрiптер;
• ақ фон түр-тұрпаттың ең күштi құралы болып табылады;
• кез-келген фондық сурет пайдаланушының көзiн тез шаршатып,
материалды қабылдау тиiмдiлiгiн төмендетедi.
• адамның санасына мультипликация да қатты әсер етедi, анық, ашық
түстi сутетер жылдам ауыстырылып отырса санада оңай сақталады;
• құрамында қозғалып тұратын объектi (анимация) бар оқу материалын
қабылдау өте қиын, себебi қозғалып тұрған объект адамның назарын
өзiне аударады.
”Анимациялық интерфейс – өте күштi қару, сондықтан оны аса сақ қолдану
қажет. Әлемдi таң қалдырамын деген әрекет көп жағдайларда, пайдаланушының
тез шаршауына соқтырады да, Бұл өз тарапынан бұкiл жүйенiң жұмысын
қабылдамауға әкеледi”,- деп жазады М.Донской.
Ендi Электронды оқулықтың сыртқы құрылымын, яғни пайдаланушыға
көрiнетiн элементтерiн қарастырайық. Электронды оқулықтың қүндылығы әрине,
оның тақырыптық мазмұнында. Егер оқулық кейiн сынақ не емтихан тапсырылуы
тиiс пәннен болса, онда бiр материалды үш түрлі құрылымда берген жөн:
Мазмұндау мәтiн, сурет, кескiн, схема, кесте, график т.с.с. түрінде
берiледi. Сонымен қатар мұнда, қарапайым оқулықта мүмкін емес, анимация,
видео, дыбыстық эффектiлер сияқты компьютерге тән элементтер орын алуы
мүмкін.
Схемокурс – оқулықтың мазмұнын қысқартылған мәтiн – график түрінде
бейнелеу. Бұл оқу материалының құрылымын, ондағы негiзгi идеяларды түсiнуге
септiгiн тигiзедi. Оқулық мазмұнын графикалық образдар арқылы бейнлеу
мазмұнды ассоциативтi түрде есте сақтауда үлкен көмек бередi.
Өзiн өзi бақылаудың тестiк жүйесi – оқу материалының мазмұны арнайы
интерактивтi жүйенi пайдалану арқылы сұрақтар мен жауаптар түрінде
берiледi. Тестiк жүйе көбiне алынған бiлiм деңгейiн тексеруге
арналғандықтан, пайдаланушы үшін оқулықтың ең қызықты бөлiгi болып табылуы
да мүмкін. Жүйе оқулықтың авторлары құрған тест сұрақтар қорынан тұрады.
Бұл тестер қорын сынақ және емтихан қабылдау кезiнде де пайдалануға болады.

Оқу материалының бұлай үш түрде берiлуi, пайдаланушының бiр оқу
материалын бiрнеше рет қайталап шығуына мүмкіндiк туғызады. Бұл оқу
материалын есте сақтауды жақсартады.

Қазiргi ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану негiзiнде
жаңа педагогикалық әдiстердi қалыптастыруға бағытталған бiлiм беру жүйесін
ақпараттандыруды зерттеу iстерi оқулықтар шығарумен қатарласа немесе оның
алдында атқарылуы керек.
Компьютерлiк оқыту жүйелерiн жасау және қолдану үшін оның түрлерiнiң
мүмкіндiктерi мен ерекшелiктерiн бiлу керек. Негiзгi КОҚ түрлерi келесi
белгiлерi бойынша топтастырылады:
▪ пән мазмұнына бойынша;
▪ жүзеге асыра алатын педагогикалық мәселелерi бойынша;
▪ оқу материалын қамту көлемi бойынша;
▪ телекоммуникациялық пайдалану мүмкіндiгi бойынша;
▪ оқыту деңгейi бойынша;
▪ информацияны бейнелеу формасы бойынша.
Пән мазмұны бойынша КОҚ-рi жаратылыстану, гуманитарлық, техникалық
мазмұндағы болып бөлiнедi.
Жүзеге асыра алатын педагогикалық мәселелерi бойынша жiктеу үшін
алдымен КОҚ-рi шеше алатын мәселелердi қарастыру керек. Олар: пәндi оқудың
мақсатымен танысу, оның негiзгi ұғымдары мен тұжырымдарын түсiну; түрлі
деңгейдегi базалық дайындық жұмыстарын орындау; пәннiң практикалық
есептерiн шешу дағдысы мен ебдейлiктерiн қадлыптастыру; эксперименттiк
жұмыстар жасау дағдысын қалыптастыру; стандарты емес жағдайлардағы
есептердi шешу қабiлетiн қалыптастыру; зерттелетiн объектiлердi,
процесстердi игеру; бiлiмдi, дағды мен ебдейлiктi бекiту, орнықтыру; бiлiм
мен дағды деңгейiн бағалау.
Осы аталған педагогикалық мәселелердi шешу мүмкіндiгiне қарай КОҚ-рi
келесi топтарға жiктеледi:
• теориялық және техникалық дайындық құралдары;
• практикалық дайындық;
• көмекшi құралдар;
• кешендi құралдар.
Бiрiншi топқа келесi КОҚ-ры кiредi:
Компьютерлiк оқулық (КО) – баспа оқулық негiзiнде жасалған, белгiлi бiр
курс бойынша базалық Ұғымдар мен процесстер жайлы мейлiнше толық
материалдар қамтылған КОҚ;
Бiлiмдi тексерудiң компьютерлiк құралы (БТКҚ) – белгiлi пән бойынша
студенттiң теориялық бiлiмiн тексеруге арналған көпнұсқалы, көпдеңгейлi
тапсырмалар жүйесi.
Практикалық дайындық КОҚ-рi:
Компьютерлiк практикум (КП) – пәннiң типтiк есептерiн шығаруға және
есептер арасындағы байланыстарды анықтуға арналған тапсырмалар жинағы;

Компьютерлiк тренажер (КТ) – iс-әрекет дағдысын қалыптастыруға және
оған қатысты қабiлеттi дамытуға арналған құрал.
Көмекшi КОҚ-рi:
Компьютерлiк лабораториялық практикум (КЛП) – автоматтандырылған
лабораториялық жұмыстар жинағы; Компьютерлiк анықтамалық (КА) – пән бойынша
ұғымдарға, терминдерге, анықтамаларға қысқаша түсiнiктемелер беретiн құрал;
Кешендi құралдар қатарына келесi КОҚ-лерi енедi:
Компьютерлiк оқу курсы (КОК) – теориялық, практикалық және техникалық
дайындық функциялары мен құралдары бiрiктiрлген түрде қарастырылатын
белгiлi бiр курс бойынша берiлген құрылымданған оқу материалдары;
Компьютерлiк бекiту курсы (КБК) – квалификацияны көтеру үшін берiлетiн
стандартты және стандартты емес жағдайлар туралы және игерiлген курс
мазмұнындағы бiлiмдi, дағдыны, ебдейлiктi қайта бекiтуге арналған
материалдар жиынтығы.
Оқу материалдарын қамту көлемi бойынша интегралды және интегралды емес
КОҚ-рi бар. Интегралды КОҚ-рiнде курс мазмұны толығымен қамтылады және
теориялық бiлiм мен дағдыны, ебдейлiктi қалыптастыру мәселелерi өзара тығыз
байланыста құрылады. Интегралды емес КОҚ-рi студенттiң кейбiр жеке
қабiлеттерiн дамытуға арналған.
КОҚ-рi телекоммуникациялық технологияларды пайдалану мүмкіндiгi бойынша
жергiлiктi және желiлiк болып бөлiнедi.
Желiлiк КОҚ-рi есептеу техникасының түріне қарай жергiлiктi желiге
бағытталған (Intranet) және жаїандық желiге бағытталған (Internet) болып
бөлiнедi. Сонымен қатар желiлiк КОҚ студенттердiң өзара байланысын
қамтамасыз ету мүмкіндiгiне қарай да екi түрге бөлiнедi: өзара байланысты
және өзара байланыссыз.
Информацияны бейнелеу формасы бойынша мультимедиялық және
мультимедиялық емес КОҚ-ры бар.
Программалық жүйенiң құрылымы дегенiмiз оның пайдаланушылармен
байланысы мен iшкi компоненттерiнiң өзара қатынасы. Құрылым жүйенiң негiзгi
программалық бөлiктерi мен ақпараттық компоненттерiнiң байланысын және
сыртқы қолданбалы программмалармен байланысын бейнелейдi. Программалық
компоненттердi (модульдердi) жiктеу функционалдық принцип бойынша
орындалады. Ақпараттық компоненттер (массивтер, блоктар, файлдар,
берiлгенде қоры, т.с.с.) қызметi, пайдаланылуы, берiлгендердi бейнелеу
форматтары, қол жеткiзу тәсiлдерi т.с.с. белгiлерi бойынша бөлшектенедi.
Оқу материалы мен таспырмалар жүйесi ақпараттық және программалық
объектiлерге сiлтеме жасауы мүмкін. Оқу материалының құрылымдық
компоненттерi тапсырмалар жүйесіне және сыртқы КОҚ-дарға сiлтеме жасайды,
ал тапсырмалар жүйесінде оқу материалына және сыртқы КОҚ-не сiлтемелер
болады. Ендi оқу материалының құрылым мен оның тапсырмалар жүйесiмен
байланысын қарастырайық.
КОҚ-де оқу материалдарына қол жеткiзудiң негiзгi үш тәсiлi
қарастырылады:
▪ элементтерi оқу материалының сәйкес құрылымдық бiрлiктерiне сiлтеме
жасайтын мазмұн блогы арқылы;
▪ көрсеткiштер арқылы (анықтамалық сөздiк, терминдер жинағы, тезаурус,
глоссарий, т.с.с.);
▪ оқу матриалының iздеу жүйесi арқылы;
Iздеу процесiн оқу материалдарын iздеу модулi (ОМIМ) толық мәтiндiк, не
кiлттiк сөздер көмегiмен орындайды. Екiншi жағдайда кiлттiк сөздер
индекстелген болуы қажет.
КОҚ орнатуға арналған ақпараттық компоненттер. Бұл ақпараттық
компоненттiң бiр бөлiгi баспа кiтаптың титул бетiнiң қызметiн атқарады.
Мұнда КОҚ-ның қысқаша сипаттамасы, авторлары және авторлық құқық жайлы
мәлiметтер келтiрiледi.
Екiншi бөлiгiнде жүйенiң орнатылуы, КОҚ конфигурациясының пайдаланушы
өзгерте алатын тұстары сипатталады және оны орындауға арналған қысқаша
нұсқаулар блогы болады.
Оқушылардың жұмыс нәтижелерiн бейнелейтiн ақпараттық компоненттер.
Мұнда оқушылар модулi мен олардың КОҚ-сiнде жұмыс iстеу барысының
хаттамалары сақталады. Хаттамаларға пайдаланушының КОҚ-мен байланысын
бейнелейтiн мәлiметтер енгiзiледi.
Оқу материалымен жұмыс iстеу барысы оны оқуға кеткен уақытпен,
анықтамалық жүйелерге сiлтеме жасау бiрлiктерiмен, өтiп кеткен оқу
материалдарына қайта көңiл бөлу санымен анықаталады.
Оқушы модулiне оқушының игерiп жатқан пән бойынша ағымдық бiлiм деңгейi,
оқу процесiнде анықталған негiзгi дербес ерекшелiктерi жайлы мәлiметтер
кiрiстiрiледi.
Ендi КОҚ-ның құрылымдық схемасындағы негiзгi модiльдердiң атқаратын
қызметтерiн сипаттап өтелiк:
• А.Оқу материалдарымен жұмыс iстеудi қамтамасыздандыру модулiнiң
(ОМЖҚМ) атқаратын негiзгi қызметтерi:
▪ мазмұн, сiлтемелер, анықтамалық сөздiк, терминдер сөздiгi,
тезаурус көмегiмен оқу материалының бiрлiктерiне қол жеткiзудi
қамтамсыз ету;
▪ оқу материалының белгiлi бiр бөлiгiн баспадан шығарып алуға
мүмкіндiк жасау;
▪ оқу маетриалының мазмұны толық болу қажеттi демонстрациялық,
иллюстрациялық маетриалдарды шығаруды қамтамасыз ету;
▪ оқу материалында гиперсiлтемелер жүйесiмен жұмыс жасауды
ұйымдастыру;
▪ оқу материалының құрамына енгiзiлген таспырмалар жүйесін орындау
және нәтижесiн талдау жұмыстарын жүргiзу;
• °. Оқу материалын iздеу модулiнiң (ОМIМ) негiзгi қызметi ОМЖҚМ-мен
жұмыс iстеудi толықтыру.
• Б. Тапсырмалар жүйесi модулi (ТЖМ) келесi функцияларды атқарады:

▪ пайдаланушыға орындауға арналған тапсырмалар тобын тапсырмалар
жиынынан кездейсоқ не жүйеленген түрде берудi ұйымдастыру;
▪ тапсырмаларды бiртiндеп, кезеңдерге бөлiп беру;
▪ тапсырмаларды орындау нәтижелерiн талдау және дұрыс орындалмаған
тапсырмалар үшін оқу материалының сәйкес бiрлiгiне сiлтеме жасау;
▪ пайдаланушының тапсырмаларды орындау барысы туралы хаттамаларды
ұйымдастыру;
▪ пайдаланушының бiлiм деңгейiн тексеру және бағалау.
• В.Тапсырмаларды тiркеу модулi (ТТМ) ТЖМ-нiң қосымша қызметтерiн
атқарады.
Г.Оқу процесiн басқару модулi (ОПБМ) оқытудағы психологиялық-
педагогикалық стратегияны тиiмдi iске асыруды қамтасыз етуi тиiс. Ол
келесiлерден тұрады.
▪ оқушының оқу материалымен және тапсырмалар жүйесiмен байланыс
деңгейiн тiркеу;
▪ жоғарыдағы мәлiметтерге сүйене отырып оқушының моделiн құру;
▪ оқушының бiлiм деңгейiн бағалау;
▪ оқушының моделiне сүйене отырып, оқыту процесiнде оқу
материалдары мен тапсырмалар жүйесін беруге өзгерiстер мен
реттеулер енгiзу;
▪ оқытушыға оқушының оқу барысы мен нәтижелерi жайлы мәлiметтер
беру;
Оқушыларды тiркеу және анықтау модулi (ОТАМ) КОҚ-нi орнату және алғашқы
рет iске қосқан кезде оқушы жайлы мәлiметтердi тiркеуге алады. Ол
мәлеметтер оқушының аты-жөнi, тобы, алғашқы тестен өту нәтижесi, т.с.с.
Д.Оқушылардың жұмыс хаттамалары модулi (ОЖХМ) – пәндi игеру барысы
жайлы оқушыға не оқытушыға мәлiметтер берудi ұйымдастырады.
Е.Оқытушы интерфейсi модулi (ОИМ) – оқушының оқу барысы, тапсырмаларды
орындау барысы, оқушының белсендiлiгi, психологиялық-педагогикалық
стратегияның iске асуы туралы мәлiметтер модульдерi мен оқытушы
интерфейсiнiң арасындағы байланысты қамтамсыз етедi.
Ж.КОҚ-ның конфигурасын сипаттау модулi (КОҚКСМ) – пайдаланушыны КОҚ-мен
жұмыс жасау туралы нұсқаулармен қамтамасыз етедi.

1.2 Оқытудың заманауи құралдары туралы түсінік

Аса жоғарғы сападағы графикалық схемаларды, формулаларды, берілгендерді
безендіру, динамикалық суреттеудің жүйелі немесе тармақталу түріндегі
мүмкіндіктерді түрлі түсті компьютерлік анимациасында қолдануға, және
оларды жоғары деңгейде ұсыну қарастыруға болады.. Электрондық оқулықтар
барынша ыңғайлы және көрнекті дидактикалық материал беруге немесе оқуға
назар аударылады және білім алуда қиындықтарды жоюға мүмкіндік береді.
Сондай–ақ, оларға ұқсас оқулықтарды бағалау, нәтижелі құралдарымен, тиісті
жабдықталу және білімдердің бақылау процесін меңгеру және дағдыларды
қалыптастыруды қамтамасыз етеді..
Электрондық оқулықтарды жасаудағы маңызды ролі оқулықты әдістемелік
қамтамасыз етуді жобалау алады. Электрондық оқулықтармен оқытудың (білім
берудің) барлық негізгі кезеңдерін автоматтандыру - оқу материалдарының
мазмұнын бақылауға және қорытынды бағалаулардың ұсынысын жасауға дейін
көздеген. Соның арқасында барлық міндетті оқулық материалдары жарқын,
қызықты, ақылдың үлесімен ойындық жүріске, яғни кең қолданысқа ие
мультимедиалық түрін графиктерде, соның ішінде интерактивтік және дауыс
жүргізу арқылы ауыстырылады.
Сондықтан, тиімді оқулықтан электрондық оқулық жасауға оның
жабдықталуымен (гипермәтінін жасау) және көрнекілік жағынан жақсы
материалмен (мультимедиалық құралмен қоса) және компьютер экранында іске
асыру жеткіліксіз. Электрондық оқулықты мәтіндік суреттерге, анықтамаға
айналдыру емес, оның негізгі принципіне мән беріледі. [7]
Электрондық оқулық өз кезегінде оқытушыларға, бақылаушыларға, үлгі
жасаушыларға және тағы басқаларға бағдарламалардың жинағының ЭЕМ магниттік
сақтаушыларда (қатты немесе жұмсақ дискілерде) қондырылуын, мазмұны негізгі
ғылыми оқулық тәртібін ұстауды ұсынады.
Әдеттегі электрондық оқулық жиі толықтырылады, ал егер неғұрлым нәтижелі
болсын десек, онда ол: практикалық кері байланысты шапшаң қамсыздандырады;
қажетті хабарды жылдам табуға көмектеседі (соған қоса контекстік іздеу),
әдеттегі күрделі оқулықтан қайсысын іздеуді; маңызды гипермәтіндік
түсіндірулерге аз сұрай беріп уақытты үнемдейді, сонымен қатар қысқаша
мәтінмен - көрсетеді, айтып береді, үлгі жасайды және т.б. оның
түсініктемесі жеке адамға лайықтап жасалған, білімдерді тексеру арнайы
бөлімде қарастырылады.
Электрондық оқулықтың жұмыс тәртіптері
Электрондық оқулықтардың жұмыс тәртібінің ерекшелеп көрсетуге болады:
• бақылаусыз оқыту;
• бақылаумен оқыту, оқытылған әрбір тарау (параграфтың) бойынша арнайы
бақылау сұрақтарымен қортылады;
• қорытынды бақылау тест арқылы бітеді.
Оқулықтың электрондық нұсқасы бақылау құралдарына кедергі келтіруде, дәл
осы бақылау сияқты оқуда білімдерді бақылау негізгі мәселе болып келеді.
Ұзақ уақыт бойы білім берудің дәстүрлі жүйесінде білім бақылауы ереже
сияқты, ауызша түрде өткізілген еді.
Қазіргі кезеңде тестілеудің әртүрлі әдістері қолданылуда. Көбісі, бұл
позицияларды бөлмейді, сондай тесттер қажетті дағдыларды қалай талдау
керектігін және мәселенің шешімін табуды шектейді. Жаңа технологияларды
қолдану арқылы қашықтықтан оқыту жүйелерінде сапалы және жаңаша
мүмкіндікпен шешуге болады. Біз электрондық оқулық түрін құрдық, сайып
келгенде жаңа ақпараттық технологияларды қолдану оқу нәтижелілігін
жоғарылауына жағдай жасайтындығына үміттенуге болады, сонымен қатар білім
алушының дербес дайындалуына таптырмас құралы деуге болады. [7,21]
Электрондық оқулық білім алушының дербес жұмысы үшін, күндізгі оқуда
және әсіресе қашықтықтан оқытуда қажетті:
• оқулық баспа әдебиеттері болғандықтан, материалдардың қарқында дамуы,
есту және оның жадымызға әсері және т.б. оқулық материалдарды түсіну
жеңіл түседі;
• дайындаудың оның білім алушының қажеттіліктерімен, деңгейімен сәйкес
бейімделуді, ойдың мүмкіндіктеріне және шымдануға рұқсат етеді;
• көптеген есептеулерден және өзгертулерден азат етеді, пәннің мәніне
оймен шоғырлануға, үлгілердің үлкен санын қарап шығуға және көбірек
тапсырмаларды шешуге рұқсат ете білу;
• барлық жұмыс кезеңдерінде өзін-өзі тексеруге арналған өте кең
мүмкіншіліктерді пайдалануыға мүмкіндік беру;
• жұмысты көрнекі және ұқыпты формаға келтіруге және файлдық немесе
баспадан шығару (распечатка) түрінде оқытушыға тапсыруға мүмкіндік
туғызады;
• шексіз шыдамды жетекшінің рөлін атқарады, түсіндірулердің практикалық
шектелмеген санын береді, қайталанатын және қайталанатын басқа да
сөздерді пайдалану.
Мұндай жетістікке жету үшін студент өз білімін жетік игере білу қажет.
Электрондық оқулық оқытушы үшін ыңғайлы, себебі ол :
• лекцияларға және практикалық жұмыстары өзінің қалауына бағытталады,
яғни аз көлемді, бірақ ең мазмұнын есепке алу және ЭО-мен дәрісханалық
жұмыстардың дербес жұмысы үшін рұқсат етеді;
• арақатынастардың мөлшерін үнемдеуді, үлгілерін ұстауы және мақсаттарды
ықшамдауға, дәрісханада қарастырылатын және үйге берілген тапсырманы
нәтижелеуге рұқсат етеді; студенттермен жұмыс жасағанда, әсіресе үй
тапсырмалардың және бақылау іс-шараларына тиісті бөлімінде дербестікке
мүмкіндік береді.

1.3 Электронды оқыту құралдарын пайдалану саласы

2006 жылдың 1 наурызындағы Қазақстан Республикасының Президенті
Н.Назарбаевтың халыққа жолдауында Электрондық үкімет жүйесін шұғыл енгізу
қажеттілігін әдейі баса көрсеткім келеді деп нақты атап көрсеткен. Біз
электрондық үкіметпен ел басқарамыз, мемлекеттік органдарды тиімді
пайдаланамыз.
Электрондық оқулық пен оқытудың негізгі мақсаты: Оқыту процесін үздіксіз
және толық деңгейін бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін
дамыту. Білім берудің кез келген саласында ойлау жүйесін қалыптастыруға
шығармашылықпен еңбек етуіне жағдай жасайды.
Қазіргі уақытта электрондық WEB оқулықтың қандай екендігі туралы біртұтас
ой жоқ. Электрондық оқулық дегеніміз- мултимедиялық оқулық, сондықтан
электрондық оқулықтың құрылымы сапалы жаңа деңгейде болуға тиіс.
Электрондық оқулық оқушының уақытын үнемдейді, оқу материалдарын іздеп
отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге
зор ықпал етеді. Себебі, оқушының өзіне көрнекілік қолданған тиімді қажет
элементінің жанында жазуы болады.мазмұны қиындау бір үлкен тақырыптың
бөліктерін өткенде қосымша бейнехабар және клиптер қажетті элемент болып
табылады. Бейнеклиптер уақыт масштабын өзгертуге және көріністерді тез
немесе жәй түрде көрсетуге пайдалы. Электрондық оқулық таңдап алынған
хабарды көшіруге мүмкіншілік туғызады. Электрондық оқулықтың ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Алгоритмдеу және багдарламалау негіздері пәні бойынша электронды оқулық
Delphi-де қазақша - ағылшынша сөздік жасау
Электрондық оқулықтың құрылымы
Delphi ортасының компоненттер тақтасы
Ғылыми жоба. Scratch бағдарламасында жоба жасау
Delphi ортасында видео және аудио кодектеррді оқитын бағдарлама құру
Программалар коды терезесі
Бағдарламалау ортасының сипаттамасы
C Builder 6 ортасы және оның мүмкіндіктері
Delphi ортасында тестілеу бағдарламасын құру жобасы
Пәндер