ҚР туризм түрлерінің бағдарламалық түрде ұйымдасуы мен жүргізілуін теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастыру



КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... . 3

1 ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ ... ... ... ... .. 5
1.1 Туризм ұғымы және түрлерінің жіктелуі ... ... 5
1.2 Халықаралық туризмнің даму ерекшеліктері ... ... ... 11
1.3. Қазақстандағы туризмнің даму эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 16

2 АЙМАҚТЫҚ ТУРИЗМНІҢ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ ЖӘНЕ ДАМУ БАҒЫТТАРЫ (Алматы облысы мысалында) ... ... ... ... ... ... 35
2.1 Туризм саласының қазіргі жағдайы мен даму үрдістері ... ... ... ... ... ... ... ... 35
2.2 Алматы облысында туристік кластерді дамытудың әлеуметтік.экономикалық алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 40
2.3 Алматы облысында туризмді дамытудың қазіргі жағдайына талдау ... ... ... 55

3 ҚР ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ТУРИЗМНІҢ ДАМУ МӘСЕЛЕЛЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 71
3.1 Ұлттық туризм индустриясын дамытудың өзекті мәселелері мен оларды шешу жолдары ... ... ... ... ... ... 71
3.2 Алматы облысының туризм инфрақұрылымдары мен қолайлы туристік имиджін қалыптастыру ... ... ... 76
3.3 Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективалы бағыттарын кешенді дамытудың 2010.2014 жылдарға арналған бағдарламасының стратегиялық басымдықтары ... ... ... ... ... 89

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. 98

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
Бүгінгі күні Қазақстанда экономиканың табысты саласы ретінде, туризмге көбірек көңіл бөлінуде. Мемлекет тарапынан осы саланы дамыту үшін қажетті деген барлық іс-шаралар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясы және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан экономикасының басты бағыты» атты 2012 жылғы 27 қаңтардағы Жолдауы туризм саласының белсенді дамуына жаңа серпін берді.[1]
Туризмнің заңнамалық және нормативтік базасы жаңартылуда. 2001 жылы Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасында туристік қызмет туралы» Заңының шығуы бұған дәлел болады.
Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша 2008 жылы әлемде туристік саяхатқа шыққандардың тіркелген саны 851,6 млн. адамға жетіп, одан түскен кірістердің көлемі 601 млрд. доллар құраған. Эксперттердің болжамы бойынша, халықаралық туризмнің қарқынды дамуы одан әрі жалғаса бермек.
Қазақстан республикасы Президентінің халыққа жолдауында экономиканың басым секторларын кластерлік дамыту мәселесінде туризм саласы бірінші тұр. Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің және көлік кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны болып табылады.
Жек сала ретінде, туризмнің дамуы басқа да ТМД елдерінде сияқты Қазақстанда жақында басталды. Туристік қызметтің жеткіліксіз дамуы, қызмет етіп жатқан туристік фирмалардың біркелкі орналаспауы, осы саладағы пайдаланылмай жатқан реурстардың болуы және бұл мәселелердің қажетті деңгейде зерттелмеуі зерттеу жұмысының өзектілігін арттырып, дипломның тақырыбын таңдауға себеп болды.
1. «Әлеуметтік-экономикалық жаңғырту – Қазақстан экономикасының басты бағыты» Қазақстан Респуликасының Президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы.27.01.2012ж.
2. Организация туризма/ под общ. Ред. Н.И. Кабушкина. Минск: Новое знание, 2006. – 320 с.
3. Сұрағанова С., Сабатаева Б. Туризм инфрақұрылымы. Оқулық. Алматы, 2012. – 302б.
4. Көшкімбаева Ү.Т., Ақтымбаева Ә.С. Туризм инфрақұрылымы. Оқу құралы. Алматы, 2012. – 208б.
5. Кусаинов Х.Х., Сергеева А.М. Туризм экономикасы: оқу құралы. Алматы, 2012ж. – 208б.
6. Шаекина Ж.М., Қойтанова Ә.Ж. Туризм маркетингі. Оқулық. Алматы, 2012ж. – 288б.
7. Смыкова М.Р. Туризм: экономика, менеджмент и маркетинг. Учебник.- Алматы, 2006.- 220с.
8. Биржаков М.Б. Введение туризм. М.; СПб: Невский фонд; Герда, 2007. - 345 с.
9. Зорин И.В., Квартальнов В.А. «Толковый словарь туристских терминов: Туризм. Туристская индустрия. Туристский бизнес.». - М.: Афины, 2004.
10. Зорин И.В, Каверина Т.П., Квартальнов В.А Туризм как вид деятельности. - М.: Финансы и статистика, 2008.
11. Балабанов И.Т., Балабанов А.И. Внешнеэкономические связи: Учебное пособие для студентов вузов. – М.: Финансы и статистика, 2000.
12. Соколова М.В. «История Туризма». Москва, 2004. – С.5.
13. Энциклопедия туриста. Гл. редактор Тамм Е.И., Москва, 1993, 607 с.
14. Кусков А.С., Джаладян Ю.А. Основы туризма. – М.: КноРус, 2008.–385 с.
15. Е.А.Тоқпанов, З.С. Сламбеков, О.Б. Мазбаев.Талдықорған өңірінің туристік-саяхаттық бағыттары: оқу құралы. Талдықорған: ЖМУ. 2010. 197 б.
16. «Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективалы бағыттарын дамыту жөніндегі 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламаға» мониторинг өткізу бойынша оперативті есеп. 2010 жылғы 11 қазан.
17. Роль туризма в устойчивом развитии Республики Казахстан: сборник, посвященный 60-летию Р.С. Ердавлетова /под ред. С.Р. Ердавлетова. -Алматы, Қазақ университеті, 2001.-С. 7-12.
18. Мухтарова К.С. Современный уровень развития туристской индустрии в Республике Казахстан. //Саясат. - 2009. - №12 - С.13-16.
19. Осадин Б. Туризм и экономика //Туризм: практика, проблемы, перспективы. – 1999. – № 5. – С. 14–15.
20. Правительство Республики Казахстан. Концепция развития туризма в Республике Казахстан: одобрено пост. от 6 марта 2001 г. № 333 // Туристская деятельность. – Алматы, 2003.- С.16-30.
21. Сборник нормативных правовых актов и информационных материалов по вопросам туризма. – Астана, 2005.
22. Концепции развития туризма в Республике Казахстан №333 от 6 марта 2001 года.// Туристская деятельность: Сборник законодательных актов. – Алматы: Юрист, 2004. – С. 16-30.
23. Программа развития туристской отрасли на 2003-2005 годы от 29.12.2002 г. №1445. – Астана, 2003.

Пән: Туризм
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 100 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

1 ТУРИЗМНІҢ теориялық негіздері және даму тарихы ... ... ... ... .. 5
1.1 Туризм ұғымы және түрлерінің
жіктелуі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Халықаралық туризмнің даму
ерекшеліктері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
1.3. Қазақстандағы туризмнің даму
эволюциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 16

2 Аймақтық туризмнің ұйымдастырылуы және даму бағыттары (Алматы облысы
мысалында) ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... . 35
2.1 Туризм саласының қазіргі жағдайы мен даму
үрдістері ... ... ... ... ... ... .. ... .. 35
2.2 Алматы облысында туристік кластерді дамытудың әлеуметтік-экономикалық
алғышарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... . 40
2.3 Алматы облысында туризмді дамытудың қазіргі жағдайына талдау ... ... ...
55

3 ҚР Қазақстан Республикасындағы туризмнің даму мәселелері және жетілдіру
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 71
3.1 Ұлттық туризм индустриясын дамытудың өзекті мәселелері мен оларды шешу
жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... .. 71
3.2 Алматы облысының туризм инфрақұрылымдары мен қолайлы туристік имиджін
қалыптастыру ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ... ... ... ... 76
3.3 Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективалы
бағыттарын кешенді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының
стратегиялық
басымдықтары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 89

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 98

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 100

КІРІСПЕ
Бүгінгі күні Қазақстанда экономиканың табысты саласы ретінде, туризмге
көбірек көңіл бөлінуде. Мемлекет тарапынан осы саланы дамыту үшін қажетті
деген барлық іс-шаралар жүргізілуде. Қазақстан Республикасының индустриялық-
инновациялық дамуының 2003-2015 жылдарға арналған мемлекеттік Стратегиясы
және Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқына Әлеуметтік-
экономикалық жаңғырту – Қазақстан экономикасының басты бағыты атты 2012
жылғы 27 қаңтардағы Жолдауы туризм саласының белсенді дамуына жаңа серпін
берді.[1]
Туризмнің заңнамалық және нормативтік базасы жаңартылуда. 2001 жылы
Қазақстан Республикасының Қазақстан Республикасында туристік қызмет
туралы Заңының шығуы бұған дәлел болады.
Бүкіләлемдік туристік ұйымның мәліметтері бойынша 2008 жылы әлемде
туристік саяхатқа шыққандардың тіркелген саны 851,6 млн. адамға жетіп, одан
түскен кірістердің көлемі 601 млрд. доллар құраған. Эксперттердің болжамы
бойынша, халықаралық туризмнің қарқынды дамуы одан әрі жалғаса бермек.
Қазақстан республикасы Президентінің халыққа жолдауында экономиканың
басым секторларын кластерлік дамыту мәселесінде туризм саласы бірінші тұр.
Туристік кластерді дамытуда қызмет көрсетушілер, немесе, басқаша айтқанда
Қазақстанға шетелдік туристерді тартуда қызмет ететін туристік
агенттіктердің орны үлкен. Мейманханалардың, демалыс үйлерінің және көлік
кешендерінің қызметтері де туристік бизнестің маңызды буыны болып табылады.

Жек сала ретінде, туризмнің дамуы басқа да ТМД елдерінде сияқты
Қазақстанда жақында басталды. Туристік қызметтің жеткіліксіз дамуы, қызмет
етіп жатқан туристік фирмалардың біркелкі орналаспауы, осы саладағы
пайдаланылмай жатқан реурстардың болуы және бұл мәселелердің қажетті
деңгейде зерттелмеуі зерттеу жұмысының өзектілігін арттырып, дипломның
тақырыбын таңдауға себеп болды.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Тақырыпты зерттеуде отандық ғалымдар мен
шет елдік ғалымдардың еңбектерінің әдістемелік көмегі көп болды.Туризм
саласын дамыту мәселелерімен ғылыми жұмыстар жүргізген шет елдік – X.
Криппендорф, Б. Олин, Ф. Хайек, В. Столпер сияқты ғалымдардың еңбектерінің
маңыздылығы өте жоғары.
Туристік қызметтерді ұйымдастыруды жетілдіру бойынша экономикалық
мәселелерді шешуде ТМД ғалымдары: Г.Л. Азоев, А.П. Градов, И.Н. Герчикова,
Н.Н. Дуданов, Р.А. Фатхутдинов, А.Ю. Юданов, Р.М. Петухов және т.б.
ғалымдардың қосқан үлестері зор.
Қазақстаннның қызметтер көрсету нарығының дамуындағы туризм саласының
кейбір мәселелері қазақстандық ғалымдар: А.А Алимбаев, Р.А.
Алшанов, С.Б. Ахметжанова, У.Б. Баймуратова, А. Есентүгелова,
Б. Мырзалиев Ә.Ә. Сатыбалдин, С.Д. Тәжібаев, С.Қ. Сураганова, Б.Н.
Исабеков және т.б. ғалымдардың еңбектерінде зерттелген.
Диплом жұмысының мақсаты: ҚР туризм түрлерінің бағдарламалық түрде
ұйымдасуы мен жүргізілуін теориялық және тәжірибелік тұрғыда қарастыру.
Қойылған мақсатқа жету үшін жұмыста мынадай міндеттер қойылды:
- туризм түсінігі және оның мазмұнын ашу;
- туризмнің түрлері және ерекшеліктерін көрсету;
- аймақтың туристік әлеуеті және туризм саласындағы бағдарламаларды жүзеге
асыру мүмкіндіктерін талдау;
- туризм саласының қазіргі жағдайы мен даму үрдістерін анықтау;
- туризм саласының қазіргі жағдайына республика және аймақ деңгейінде
талдау жасап, негізгі даму серпінін анықтау;
- туристік фирмалардың қызметтерін басқару бойынша нарық тетіктерін
енгізудегі ұсыныстарды негіздеу;
- Қазақстан Республикасының туристік индустриясының перспективалы
бағыттарын кешенді дамытудың 2010-2014 жылдарға арналған бағдарламасының
стратегиялық басымдықтарын көрсету.
Зерттеу жұмысының нысаны: Алматы облысы туристік-рекреациялық әлеуеті.
Зерттеудің пәні болып туризм саласы мен оның алғашқы буындарындағы
ұйымдық-экономикалық мәселелер таңдалды.
Диплом жұмысының құрылымы мен көлемі. Дипломдық жұмыс компьютерде
теріліп, 100 бетте (оның ішінде 21 кесте, 5 сурет) баяндалған. Құрылымы
жағынан жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан, пайдаланылған
әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ТУРИЗМНІҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ ЖӘНЕ ДАМУ ТАРИХЫ

1.1 Туризм ұғымы және түрлерінің жіктелуі
Туризм саласындағы қатынастарды реттеуші ұлттық нормативтік актілерде
негіз болып қолданылатын түсінік, анықтама, терминдер түсіндірмесіне
мемлекеттердің белгілі бір топтық және экономикалық көзқарастары
айтарлықтай әсер етеді. Бұл проблема үнемі оқуды қажет етеді, онымен әр
түрлі ұйымдар айналысады, солардың ішінде Ұлттық Лига, БҰҰ, ДСҰ,
Экономикалық бірлестік және даму ұйымдары сияқты халықаралық ұйымдар.
Бұл проблемаға жүйелі және кешенді көзқараспен жақындау, туристика
ғылымының пайда болуына өз әсерін тигізді.
Туризм аймағындағы Ресейдің жетекші ғалымдарының бірі В.А. Квартальдің
анықтамасы бойынша, Туристика - бұл туризмді оқытатын, әр түрлі ғылыми
пәндерді синтездейтін ғылым жэәне ол жалпы туризм тұжырымдамасын құрумен
және дамытумен айналысады. Туристика ғылым ретінде өзіне ғылыми тану пәні
және туризмді дамытуды талдап жіктеу бойынша ғылыми көзқарастар жүйесі
ретінде біркелкі кешенді көзқарасты талап етеді.
Туристика субъектісі турист болып табылады, ал объектісі – туризм
индустриясы, пәні - туристік өнім. Бұл барлық элементтер өзара байланысты
және тәуелді.
1963 жылы БҰҰ-ның Римдегі халықаралық саяхат және туризм
конференциясында турист терминіне толығырақ анықтама берілді: Турист –
белгілі бір мемлекетке сауықтыру, оқу, кәсіптік-іскерлік, спорттық, діни
және басқа да мақсатпен төлем ақылы қызметпен айналыспайтын, 24 сағаттан 6
айға дейін қатарынан немесе бір түннен кем емес уақытша келуші азамат.
Жалпы бұл анықтама туризмнің мақсатын, сонымен қатар уақытша критерийлерін
бейнелейді, ерекшелік болып белгілі бір мемлекеттің туризм саласындағы
мемлекеттік ұйымдармен анықталатын жоғарғы уақытша шекара болып табылады.
Туристика объектісі болып табылатын екінші элемент – бұл туризм
индустриясы. В.А. Квартальдің анықтамасы бойынша туристік индустрия -
қонақүй және басқа да орналастыру орындарының, көлік құралдарының, қоғамдық
тамақтандыру объектілерінің, ойын-сауық объектілері мен орындарының, тану,
іскерлік, сауықтыру, спорт және басқа да мақсатқа арналған объектілердің,
туроператорлық және турагенттік қызметті іске асырушы ұйымдардың, сонымен
қатар экскурсиялық және гид-аудармашы қызметтерін ұсынушы ұйымдардың
жиынтығы. Туризм индустриясы туризм инфрақұрылымы мен туристік
кәсіпорындарды қосады. Туризм инфрақұрылымы туризм саласының дамуы мен іске
асуын қамтамасыз ететін барлық бөлімшелер болып табылады. Туризм
инфрақұрылымы саланың даму негізі болып табылады, оған қонақүйлер,
мейрамханалар, асханалар, бос уақытты өткізу объектілері, көлік және
коммуникация жатады.
Айта кететін бір жайт, туристік фирмалардың туристік инфрақұрылымға
жатпайтындығы, себебі олар туристік саланың негізін құрайды.
Туристика пәні туристік өнім болып табылады. Қазіргі уақытта туристік
өнімді құраушы және элементтер анықтамасына көптеген көзқарастар ұсынылған.
Ең қысқаша анықтаманы Е.Н. Ильина туристік өнім - туриске іске асыруға
арналған турға берілген құқық, - деген.
Американ ғалымы Д. Джеффристің ұсынған жіктемесі бойынша туристік өнім
түсінігіне келесі негізгі құраушылар кіреді:
- көлік құралдары;
- трансфер;
- тұрғын-үймен қамтамасыз ету формасы;
- демалыс мерзімі;
- саяхат маршруты, аялдамалар арасындағы арақашықтық. Ең толығырақ
және жүйелі көзқарасты швейцар ғалымы Е. Крипендорф ұсынды, ол туристік
ресурс және саяхат мотивтері негізінде турөнімнің жіктемесін анықтады:
- табиғи факторлар, климат, пейзаж, топография, флора және фауна,
географиялық орын;
- жергілікті тұрғындар ерекшеліктерімен байланысты факторлар: тіл,
менталитет, қонақжайлылық, фольклор, мәдениет;
- біркелкі инфрақұрылымның бар болуы: көлік және коммуникация
құралдары, энергиямен және сумен қамтамасыз ету;
- туристік құралдар: орналастыру орындары, ойын-сауық орындарының бар
болуы, ескерткіштер саудасы.
ДСҰ ұсынысы бойынша, туристік өнім – бұл:
- табиғи байлықтар;
- энергиялық байлықтар;
- адам факторы, демографиялық мәліметтер бойынша, өмір сүру
шарттары, тұрғындардың туристік қызметке деген қатынастары бойынша
әдеттері;
- институционалдық, саяси, заңды және әкімшілік аспектілер;
- әлеуметтік аспектілер, әсіресе мемлекеттің әлеуметтік құрылымы,
тұрғындардың мемлекетті басқаруға қатысуы, жұмыс уақыты мен демалыс
уақытының арасындағы арақатынасы, ақылы демалыс уақытының болуы, білім беру
саласындағы дәстүрлер, денсаулық сақтау, демалыс;
- әр түрлі қызметтер, демалыс және ойын-сауық саласының арнайы
инфрақұрылымын құрайтын көлік және құралдар;
- экономика және қаржылық қызмет.
Туризм сияқты ғылымның негізгі түсініктерінің бірі туризм болып
табылады. Туризм – бұл кең спектрлі элементтер жиынтығын қамтитын көп
аспектілі, жан-жақты түсінік.
Саяхатқа қарағанда туризм – белгілі бір түрде экономиканың әсерінде
болатын және табиғаттың екіжақтылығымен ерекшеленетін категория, яғни
ерекше саяхаттар тобы, бұл саяхатты ұйымдастыру мен іске асыруды қамтамасыз
ететін қызмет.
Т.П. Розанова туризмге адамдардың тұрғылықты жерінен басқа мемлекетке
немесе бос уақытында рақаттану және демалу, сауығу, қонаққа бару, танымдық
немесе кәсіптік-іскерлік мақсатта, бірақ барған жерінде ақылы қызметпен
айналыспайтын, өз мемлекетінен тыс жерлерге уақытша орын ауысуы деген
анықтама берді.
Туризмді құраушы түсініктерді қарастырғанда, олардың келесі
ерекшеліктерін атап өту қажет. Статистика бойынша, туризм түрлеріне қарай
ең көп үлесті демалыс күн (2-3 күн) туризмі құрайды, келесі орында туристік
сапарлар (6-7 күн), ең аз үлес 8-12-күндік турларға тиесілі. Барлық қалған
уақыт бойынша ұзаққа созылатын туристік сапарлар жалпы көлемдегі үлес
салмағының төмендігінен статистикаға кірмейді.
Туризмге тұрақты тұрғылықты орын категориясын анықтау қажет. Туризм
адамдардың өздерінің тұрақты тұрғылықты жерінен басқа мемлекетке немесе
орындарға шығуын, туризм мақсатында алдын ала қарастырады. Тұрғылықты
орыннан күнделікті жұмысқа бару сапарларын туризмге жатқыза алмаймыз. Заңды
тіркеу институты бар мемлекетте, тұрғылықты орын – бұл тұрғындар
миграциясын реттейтін, мемлекеттік басқару органдармен тіркелетін орын.
Басқа мағынадағы категория – қарапайым тұрақты тұрғылықты орын – адамның
тұрақты бір жерде (қалада, кентте, ауданда) тұрған уақытымен анықталады.
Бос уақыт кезеңіндегі анықтама туризмнің демалу әдісі ретіндегі жалпы
түсініктен шығады. Бірақ, бұл анықтама туризмнің кейбір түрлеріне, мысалы,
көбіне маман ретінде кәсіптік-іскерлік сапарларға шығатын қатысушылар үшін
сәйкес келе бермейді.
Арнайы туризмге мемлекетпен орнатылған салықтық, кедендік, басқа да
жеңілдіктерді және туризмге қатысты қызметтерді анық бөліп көрсететін
негізгі категориялардың бірі туризм мақсаты болып табылады. Туризмнің
негізгі мақсаттары: көңіл көтеру, рекреациялық және танымдық. Қажеттілігі
бойынша келесі мақсаттар, сауықтырушы және емдеуші, кәсіптік-іскерлік,
қонаққа бару.
Шетел ғалымдарының көзқарасы бойынша, туризмге экономикалық категория
ретінде 5 тұжырымдамалық көзқарас қолдануы тиіс:
- туризм адамдардың әр түрлі туристік маршрут бойынша жылжу
қорытындысы және үдерісі;
- туризмнің екі негізгі базалық элементінің анықтамасы: саяхат және
демалу орнында уақыт өткізу;
- саяхат туристің тұрғылықты мемлекетінен тыс сыртқа шығуын білдіреді;
- уақытша фактор, саяхат белгілі бір уақыт шығынын қажет етеді;
- экскурсия – бұл таным мақсатындағы қысқа уақытты саяхат.
Сонымен, туризм және оның дамуы туристік қызметті тұтынушылардыц қаржы
және уақыт ресурстарына тікелей тәуелді деп атап айтуымызға болады.
Жоғарыда атап өткен барлық факторларды ескере отырып, біз туризм
түсінігіне келесідей анықтама беруімізге болады, туризм - бұл туристердің
жүріп-тұруын және белгіленген орынға танымдық, рекреациялық, іскерлік,
этникалық, діни, спорттық, білім алу және басқа да мақсаттармен келуін,
тұтынушылардың саяхаттауын қамтамасыз ететін экономика саласы.
Туризмнің негізгі жіктелу түрлерін қарастырайық:
1. Туризм құраушы қызметтерге тәуелділігіне байланысты және
тұрғындарға қызмет ету категориясына байланысты ішкі және халықаралық болып
бөлінеді.
Ішкі туризм – азаматтардың белгілі мемлекет ішіндегі ұлттық шекара
ішінде тұрақты тұрғылықты орнынан демалу үшін, танымдық қызығушылықтарын
қанағаттандыру үшін, спортпен айналысу және басқа да туристік мақсаттар
үшін сол мемлекет ішінде уақытша жүріп-тұруы. Ішкі туризм жеке сала болып
табылмайды, ол барлық ұлттық өмір саласымен байланысты.
Халықаралық туризм – шетел туристеріне мемлекет аумағында туристік
қызмет пен турөнім ұсынумен (ішке кіру туризмі) және шетелде туристік
қызмет пен турөнімді ұсынумен (сыртқа шығу туризмі) байланысты жүйеленген
және мақсатты бағытталған туризм саласы кәсіпорындарының қызметі.
Сонымен қатар, ұлттық туризм түсінігінің де өз орны бар – ішкі және
сыртқы туризм саласындағы қызметтер жиынтығы, яғни өз мемлекеті ішіндегі
тұрғындардың ішіндегі туристерге қызмет көрсету.
2. Ұйымдастыру әдісі бойынша жоспарлы және өзбетінше ұйымдастырылатын
туризм.
Жоспарлы туризм – туризмді ұйымдастырушылармен (туроператорлармен)
жоспарланатын және іске асырылатын туризм, мемлекет пен оның құқықтық
нормативтік актілер базасы арқылы реттеледі, жаппай туризм негізін құрайды.
Өзбетінше ұйымдастырылған туризм – қоғамдық туристік қызметтің ерекше
бір түрі, өзбетінше еркін құрылған, өздерінің туристік қызметті реттейтін
нормативті құқықтық актілерін шығаратын, туристік слет, жарыстар, саяхаттар
өткізетін, өздерінің туристік әдіснамалық әдебиеттерін және мерзімдік
баспаларын шығаратын туристік бірлестіктер, одақтар және туристік клубтар
негізінде іске асырылады.
3. Туристік қызметтегі ерекше бір орынды оқушылар, жастар,
зейнеткерлер, мүгедектер, соғыс және еңбек ардагерлері және басқа да
азаматтар саяхаты үшін жағдай жасау мақсатында әлеуметтік қажеттіліктер
үшін бөлінетін қаржылар арқылы қаржыландырылатын әлеуметтік туризм алады,
бұларға өздерінің демалуға деген құқығына байланысты тұрғындардың ең аз
қамтамасыз етілген бөлігі ретінде мемлекет, мемлекеттік және мемлекеттік
емес, сонымен қатар, басқа да демеу қорлар арқылы әлеуметтік көмек
көрсетіледі. Бұл жағдай 1980 жылы Әлемдік туризм бойынша Манильдік
декларацияда бекітілген.
Экономикалық, әлеуметтік және саяси сала қызметтерінің даму динамикасы
нәтижесі туризмге әсер етеді, сондықтан оның жаңа түрлері мен типтері пайда
болып отырады. Сонымен қатар, туризм түрлерінің кеңеюі мен толығуы саяхат
мотивтерінің өзгеруімен де байланысты болады.
Көрсетілген жүйе аяқталған және әмбебап болып саналмайды, себебі
туристік-экскурсиялық қызмет көрсету тәжірибесінде туризм түрлерінің бір-
бірімен заңды бірігуі болып отыратыны белгілі, ал туристік қызмет
көрсетудің жаңа тенденциялары үнемі қосымша қызмет номенклатурасының
жоғарылауын талап етіп отырады, сонымен қатар қызмет көрсетудің жаңа
түрлері мен формаларының пайда болуына сәйкес әсер етеді. Соңғы жылдары,
дәстүрлі емес қозғалыс құралдарының пайда болуына байланысты, жаңа туризмің
түрлері пайда болды, мысалы, таймшер сияқты, сонымен қатар прицеп, трейлер,
вагон және т.б. пайдаланумен байланысты туризмнің жаңа ұтымды түрлерін
айтуымызға болады.

10-кесте. Туризм түрлерінің жіктелуі

Жіктелу белгілері Туризм түрлері
Саяхат мақсаты Рекреациялық, релаксациялық, экскурсиялық,
іскерлік, конгрессиялық, этникалық,
коммерциялық, спорттық, білім алу, діни
Маусымдық белгі Жазғы, қысқы, маусымаралық
Қолданылатын көлік түрі Автобусты, авиациялық, теміржолды, жаяу,
автокөліктік
Жасаралық принцип Балалық, жасөспірімдік, орта жасты, кемеліне
келген жасты
Саяхатты ұйымдастыру Ұйымдастырылған, өзбетінше
формасы
Саяхат мерзімінің ұзақтығыҚысқа мерзімді (3-6 күн), орта мерзімді (7-14
бойынша күн), ұзақ мерзімді (15 және одан жоғары күн)
Туристің тұрақты Ішкі, кіру және шығу
тұрғылықты мемлекеті
Мобильдік деңгей бойынша Қозғалмалы, стационарлық, аралас
Саяхат географиясы Континентаралық, халықаралық, аймақтық,
жергілікті, шекаралық
Қатысу формасы Жеке, топтық, жанұялық
Қозғалу әдісі Жаяу, дәстүрлі көлік құралдарын пайдалану
арқылы, экзотикалық көлік құралдарын пайдалану
арқылы
Қолданылатын ресурстар Таулы, теңіздікөлді, қалалық, экскурсиялық,
ормандық, далалық
Әлеуметті-экономикалық Бизнес-туризм, конгрессиялық, білім беру,
статус шоппинг
Туристердің тұтынуы мен Жаппай конвейрлі, сараланған
мотивациясы
Қаржыландыру көзі Әлеуметтік, инсентивті-тур, жеке турлар
Қызмет көрсету деңгейі Элиталық, пэкидж-турлар
Туристік баланс Активті, пассивті
қорытындысы
Қызмет көрсету Эксклюзивті, инклюзивті
бағдарламасы

Ескертпе – авторлар құрастырған
ТМД мемлекеттерінде бар туризм түрлері мен формалары туралы трактаттар
кейбір жағдайда жалпы қабылданған халықаралық анықтамаларға мүлдем сәйкес
келмейді. Мысалы, активті және пассивті туризм түсінігінің анықтамасы.
Активті туризм – бұл жаяу, байдарка, велосипед арқылы, шаңғы және басқа
да құралдар арқылы саяхаттау, яғни турист қозғалысқа өзі активті түрде
қатысады. Пассивті туризм – бұл туристің қандай да бір көлік құралында
өзінің саяхаттауы, яғни ол пассивті және қозғалыс құралына әсер етпейді.
Бұндай анықтама тек қана медициналық-биологиялық тұрғыдағы көзқарастан ғана
болады. Экономикалық көзқарастан турист жолдаманы қолма-қол төлем арқылы
алады, мысалы, теплоход арқылы саяхаттау барысында және үнемі қосымша
көрсетілген қызмет түрлеріне (киноға, барға және басқаларға бару) төлеу
арқылы туристік ұйымның ақшалай табысын құруға қатысуда пассивті болып
табылмайды.
Туристік баланс қорытындысы бойынша туризм жіктемесі туризмнің
экспортты-импортты функциясын анықтайды. Егер мемлекет туристік баланстың
оң сальдосын иеленсе, актив пассивтен жоғары болса, онда активті туризмнің
жоғары дәрежеде екенін айтуымызға болады.
Мемлекетте активті туризмнің жоғары дамуы келесі факторларға
байланысты: туризмге деген табиғи жағдай, дамыған туристік инфрақұрылымның
бар болуы, саяси тұрақтылық, сауда экспортының тапшылығының, қажетті
өзіндік шикізат пен жанармай ресурстарының жоқтығы. Ал, егер де, туристік
тауарлар мен қызметтер шығыны туристік тауарлар мен қызметтері табысынан
жоғары болса, онда мемлекетте туристік баланстың теріс сальдосы болады,
яғни пассивті туризм жоғары болады. Пассивті туризм ұлттық өндірісі жоғары
деңгейде дамыған, сауда балансының оң сальдосымен және адам басына
шаққандағы табыстары жоғары мемлекеттерге тән. Туризм балансының пассивті
сальдосы келесі АҚШ, Германия, Ұлыбритания, Жапония және басқа да, туристік
лектің генераторы болып табылатын мемлекеттерге тән. Туристік баланстың
дәстүрлі активті сальдосына жұмсақ климатты аймақта орналасқан, теңіз
жағалауындагы және тау етектеріндегі әйгілі курорттары бар, тарихи және
табиғи ескерткіш орындары бар мемлекеттер ие. Оларға Швейцария, Австрия,
Италия, Испания, Греция, Түркия, БАЭ, Болгария және басқалары жатады.
Әр түрлі авторлар ұсынған жіктелу критерийлерінің өзара ұқсас екенін
атап өту қажет. Түрлерге бөлінген туризм тек қана туризмнің экономикалық
мағынасы жайлы объективті ақпарат беріп қана қоймай, сонымен қатар туристік
фирмалар қызметтерінің дұрыс бағытталуын қамтамасыз етеді, фирмалардың
жұмыс бағытын анықтап, маркетинг мақсатын және компанияның жарнамалық
қызметін тиімді жүргізуді қамтамасыз етеді. Сонымен қатар, туризмді жіктеу
экономикалық тұрғыдан да тиімді.
Экономикалық, әлеуметтік және саяси сала қызметтері динамикасының
нәтижесі туризмге де әсер етеді, сондықтан туризмнің жаңа түрлері мен
типтері пайда болып отырады. Соңғы жылдары тұтынушылардың әр түрлі туризм
түрлерін біріктіру тенденциясы байқалуда, жаңа туризм категорияларының
пайда болуына әсер еткен әр түрлі турларды арналымына байланысты
біріктіруде. Туризм түрлерінің кеңеюі мен толығуы, сонымен қатар саяхат
себептерінің өзгеруіне, әр түрлі сегмент тұтынушыларының өзгеруінеде
байланысты, яғни жалпы қоғамның динамикасына байланысты.
Туристік қызмет эволюциясы, ең алдымен тұтынушылар қажеттіліктерінің
және нарық талаптарының өзгеруінен пайда болатын туризмнің жаңа түрлері мен
типтерінің пайда болуына әсер етеді. Жалпы бұл үдеріс үнемі оқып отыруды
және туристік фирмалар мен басқа да туризм инфрақұрылымының барлық
кәсіпорындары қызметінде тәжірибе жүзінде пайдаланып отырылуын талап
ететін, динамикалық және үзіліссіз болып табылады.

1.2 Халықаралық туризмнің даму ерекшеліктері
Туризмді қызмет саласы ретінде қарастыратын болсақ, оның терең
бойлаған тарихи тамырлары бар. Алғашында саяхат танымдық сипатында болатын,
содан кейін қажылыққа бару және іскерлік сапарлар сияқты туризмнің түрлері
пайда бола бастады. Географиялық ашулар, теңіз жүзушілердің саяхаттары,
Америка, Африка және Австралия континенттерін игеру туризмнің дамуына өз
әсерін тигізді. Ұлы философ Платон өзінің танымал Академия атты еңбегінде
серуендеу кезіндегі оқытуды, жол үстіндегі әңгімелесуді білім алудың жолы
деп атаған.
Халықаралық туризмнің негізін салған, туристік қызметтің қалыптасуына
ықпалын тигізген ағылшындық Томас Кук деп саналады. Ол 1843 жылы Англиядан
Францияға 600 адамды темір-жол арқылы тасымалдап, өзінің бірінші туристік
саяхатын өткізді. Куктың арқасында ерекше туристік өнім - тур пайда болады,
яғни туристерге қызмет көрсету мақсатында теміржол және пароход
компанияларымен, қонақүйлер және мейрамханалармен келісімшарт жасады. Кук
турөнімге қатысты сұранысты жүйелі түрде зерттеген және туризмдегі
маркетингтің негізін қалаушысы болып табылады.
Германия, Швейцария, Франция, Италия, Чехословакия мемлекеттеріндегі
халықаралық курорттардың ашылуы, осы елдердің Англиямен қатарлас Еуропадағы
туризм орталықтарына айналуына себепкер болады.
Жалпы алғанда халықаралық туризмнің дамуын негізгі төрт кезеңге бөліп
қарастыруға болады (1-кесте).
1-кесте. Халықаралық туризмнің даму кезеңдері
Кезең Даму Жылдар Даму ерекшеліктері Туризм мақсаттары
сатысы
1 Ерте 1820 Саяхаттың ұзақтығы және Емделу, білім алу,
тарихи ж.дейін күрделілігі сауда
2 Қазіргі 1850-1900Көліктік және ақпараттық Демалу, тану,
туризмніңжж. инфрақұрылымның дамуы, емделу, білім алу,
дамуының алғашқы қонақүйлер мен коммерциялық
алғашқы саяхат бюроларының пайда қызмет
сатысы болуы, өз күштерімен
туризмнен ұйымдастырылған
туризмге өту
3 Бұқаралық1900-1946Саяхаттардың бұқаралық Іскерлік,
туризмніңжж. сипатқа ие болуы этни-калық,
қалыптасу спорттық, демалу,
сатысы тану, емделу,
білім алу,
коммерциялық
қызмет
4 Бұқаралық1947 Ауқымдылығы, туристік Сапарлардың
туризмніңжылдан ұсыныстардың географиясының
даму қазіргі әртараптандырылуы, туризмгекеңеюі, туризмнің
сатысы кезге деген сараланған көзқарас жаңа түрлерінің
дейін пайда болуы

Нарықтық экономикасы бар елдерде туризм туристік қызметтердің
экспортына бағыттала дамыған индустрия ретінде орын алған. Туристік
қызметтердің көлемділігі географиялық тұрғыдан, сол сияқты турқызметтердің
саралануы тұрғысынан да кеңейе бастады. Туризм көрсеткіштерінің экстенсивті
өсуі, бұл елдердегі үлкен рекреациялық әлеуетімен, тұрғындардың жоғары
дәрежедегі білімділігімен байланысты және олардың демалу үшін, жаңа
саяхаттарға шығу үшін өз табысын пайдалану мүмкіндігі болуымен
түсіндіріледі.
1998 жылғы ДСҰ-ның мәліметтеріне сәйкес туризмге байланысты ең көп
табыс алған үздіктердің құрамына АҚШ, Италия, Франция сияқты елдер кірді.
2-кесте. 1998 туризмге байланысты cu көп табыс алған елдер
Табыстар
Елдер
млрд долл. Барлығына қатысты
пайызбен
АҚШ 74,2 30,4
Италия 30,4 12,4
Франция 29,7 12,2
Испания 29,6 12,1
Ұлыбритания 21,3 8,7
Германия 16,8 6,9
Қытай 12,5 5,1
Австралия 12,2 5,0
Канада 9,1 3,7
Австралия 8,6 3,5
Барлығы 244,4 100

Кестеден көріп отырғанымыздай табыстың үлестік салмағы ең көп елдер -
бұл АҚШ (30,4%), Италия (12,4%), Франция және Испания (12%).
Халықаралық туризмнің қарқынды және тұрақты өсуі туризмнің барлық
тұрғындарға қол жетерлік екенін көрсетеді. Оған қоса халықаралық нарықтың
сыйымдылығының шектеулілігіне, демографиялық өзгерістерге, көптеген
мемлекеттерде туу көрсеткіштерінің төмендеуіне, тұрғындардың төлем
қабілеттілігінің жоғарылауына және басқа да форс-мажорлық жағдайларға
байланысты халықаралық туристік көрсеткіштерінің өсу қарқынының төмендеуі
байқалады.
Қазіргі таңдағы халықаралық туризмнің дамуын талдай келе, оның келесі
тенденцияларын бөліп көрсетуге болады:
- жекелеген туристік аймақтардағы қатаң бәсеке, мысалы, Америкада,
Еуропада, Азияда;
- туризмнің дамуына ықпал ететін экономикалық, әлеуметтік-мәдени және
қоршаған орта факторларының өсуі;
- саяхаттың ұзақтығының қысқаруы және сапарлардың жиілігінің артуы;
- салардың уақытын қысқарту мақсатымен жылдамдығы жоғары көлікті көп
қолдану;
- ақпараттық технологиялардың дамуы;
- егде жастағы туристер санының өсуі;
- белсенді туризм түрлеріне, мысалы, драйвинг, велотуризмге сұраныстың
өсуі;
- нарықты қайта бөлуге байланысты жаңа туристік өнімдердің пайда
болуы, кейбір елдерге рұқсат алудың қиыншылығына байланысты турқызметтерге
сұраныстың төмендеуі;
- ұсынылып отырған турөнімнің сапасына, демалыстың ыңғайлылығына
тұтынушылардың талаптарының өсуі;
- Еуропадан Азияға, Америкаға, Австралияға бағытталған сапарлардың
үлес салмағының өсуі.
Әрбір ел және аймақ халықаралық туризмді дамытудың өз тұжырымдамасын
әзірлейді. Өйткені бұл рекреациялық ресурстардың сипаты мен оның бар
болуына, жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейіне, шешіліп отырған
экономикалық мәселелердің сипатымен байланысты болады. Бұл жерде туризмді
дамытудың экономикалық мақсаттылығы маңызды орын алады.
Өткен ғасырдың соңына қарай халықаралық туризм нарығында кейбір
қайшылықтар орын алды. Бұл жағдай отандық туризмді дамыту үшін жаңа
тұжырымдаманы әзірлеуді талап етеді:
- бұқаралық және жеке сипаттағы туристік қызмет көрсетудегі туристік
қажеттіліктер мен себептер (мотивация) арасында. Туристік ұйымдардың
бұқаралық сипатта қызмет көрсетуге бағытталуы олардың бағдарламалық және
тақырыптық қызмет көрсетуге мамандануына кедергі болды;
- туристік ұсыныстар мен бос уақыт құрылымы арасында. Мысалы,
туристерге туристік қызмет көрсету еңбек демалысы кездерінде ғана жүзеге
асырылды, бұл бос уақыт бюджетінің тек 8%-ын ғана құрады. Рекреацияның
уикэнд формаларының дамымауының әсерінен, демалыс кезіндегі туризм адам
денсаулығын қалпына келтіруші функциясын атқарды. Сондықтан адамның рухани
және физикалық байлығын дамыту функциясы халықаралық туризмнің үлесіне
тиді. Негізінен экстенсивті жолмен дамуын қамтамасыз ететін халықаралық
туризмді жоспарлау және туристерге интенсивті түрде қызмет көрсетуге
ықпалын тигізетін жаңа технологияларды, әдістерді енгізу арасында.
2005 жылы халықаралық туризм нарығында бәсекелес турөнімнің пайда болу
тенденциясы байқалып, соның нәтижесінде нарықта турұйымның төмендегідей
төрт тобы пайда болды:
- вертикальді бірлесудің нәтижесінде пайда болған ірі туристік
ұйымдар, яғни турөнімді өндіру үдерісі кезіндегі бір-бірімен өзара
байланысты сатыларды меңгеретін фирмалар;
- горизонтальді орналасқан фирмалардың бірлесуінің нәтижесінде ірі
концерн мен турұйымдардың пайда болуы;
- турөнімнің әртараптандырылуы (диверсификациясы) нәтижесінде пайда
болған концерндер;
- орта және шағын туристік ұйымдар.
Еркін туристік нарықтың олигополияландырылған нарықтық құрылымға
айналуы, сонымен қатар осы салаға ірі банктердің, сақтандыру
компанияларының, көліктік ұйымдардың және қаржылық топтардың келуі
байқалады. Олигополияландырылған нарық құрылымы туристік саланың барлық
бөлімшелерінде, сондай-ақ турөнімді өндірумен қатар өткізіп, сатудан оны
қаржыландыруға дейінгі қырларында да көрінеді. Турбизнестің шоғырлануы
қаржылық ресурстары бар жаңа серіктестерді іздестіруді, ескі серіктестерді
алмастыруды талап етті.
Халықаралық туризмді дамытуда еуропалық қорлардың және Еуропалық
инвестициялық банктің демеуқаржылары (дотациялары) маңызды орын алады.
Қаржылық қолдаудың негізгі мақсаты – аймақтың туристік тартымдылығын
арттыру, туризм саласында қызмет атқаратын кадрлардың кәсіби деңгейін
жоғарылату, саяхат себептерін ескере отырып, стратегияларды әзірлеу және
енгізу, жәрмеңкелік, көрмелік конгресс-орталықтарды салуды қаржыландыру,
ластаушы заттар мен қалдықтарды азайту және қоршаған органы қорғау бойынша
жобалар әзірлеу.
Туристік қажеттіліктерді қанағаттандыру барысында туристік аймақтағы
тұрғындардың әлеуметтік және экономикалық жағдайларына, қоршаған ортаға
әсерін тигізбеуі қажет. Туристік ресурстар бұл бүкіл адамзаттың игілігі
болғандықтан, мемлекет оны қорғауға алуы тиіс. Туризм саласындағы
халықаралық қарым-қатынасты іске асыру кезінде әрбір елдің дәстүрі
ескеріліп, құрметтелуі керек.
Халықаралық туризмнің дамуының болашағына және болжамдарына ерекше
көңіл бөлінуі тиіс. ДСҰ-ның Лиссабонда өткен конференциясында Tourism:
2020 Vision зерттеулерінің нәтижесінде келесі бес туристік бағыттар
анықталды:
- қызық оқиғалы туризм (экзотикалық мемлекеттер, Антарктида, су асты
кемелермен саяхат, биік шыңдарға шығу);
- круиздер;
- қоршаған ортаны қорғауға бағытталған экотуризм, ұлттық қорықтарға
бару;
- мәдени-танымдық туризм;
- тақырыптық туризм, мысалы, белгілі бір объектіге бағытталған
қызығушылық.
Жеке аймақтар бойынша туризмнің даму көрсеткіштерінің өсу қарқынын,
сонымен бірге оның болашақта дамуын талдайық (3-кесте).

3-кесте. 1995-2010 жж. аралығында халықаралық сапарлардың өсу қарқыны
Халықаралық сапарлардың осу қарқыны, %

Аймақ

нақты болжам
1985-1995 1995-2000 2000-2005 2005-2010
жж. жж. жж. жж.
Еуропа, Жерорта 5,3 1,7 3,5 4,3
теңізімен қосқанда
Солтүстік Америка 3,6 6,7 5,1 5,0
Орталық және Оңтүстік5,1 6,5 7,1 6,3
Америка
Оңтүстік-Шығыс Азия 10,1 7,9 5,8 4,8
Қиыр Шығыс 13,9 8,6 6,9 8,2
Австралия Оңтүстік 5,6 5,6 6,0 6,2
Африка
Туристермен 5,5 3,4 4,4 4,4
қамтамасыз етуші
негізгі мемлекеттер
Қалған мемлекеттер 7,0 3,5 4,3 3,7
Бар әлемде 5,7 3,4 4,4 4,3

Көрсетілген мәліметтерге қарап 1985-2000 жж. туристік белсенділік
Оңтүстік-Шығыс Азия және Қиыр Шығыс мемлекеттерінде байқалатынын айтуға
болады. 2010 жылға дейін туристердің Еуропаға сапарлары 4,3% құрайды, бұл
1985-1995 жж. аралығымен салыстырғанда төмен. 2010 жылғы болжам бойынша
халықаралық сапарлардың өсу қарқыны АҚШ-та және Қиыр Шығыста артуы керек.
2010 жылы Қиыр Шығыста халықаралық сапарлардың өсу қарқыны 8,2% құрауы
тиіс. Оңтүстік-Шығыс Азия елдерінде саяси қақтығыстарға байланысты шығыс
және кіріс туризмінің төмендеуі байқалады. Ал Африка орташа көрсеткіштерге
ие, яғни - 6,2%. Шығыс Азия және Тынық мұхиты бассейніндегі мемлекеттер
шығыс және кіріс туризмі бойынша орташадан жоғары көрсеткіштерге ие болды.
2020 жылға танымал туристік бағыттардың болжамдары 4-кестеде
көрсетілген.
ДСҰ-ның болжамдарына сәйкес Қытай 2020 жылға үздік туристік
бағыттардың біріне айналып, үздік бестік - Франция, АҚШ, Испания, Италия,
Ұлыбритания мемлекеттерін асып өтеді. Екінші орындағы бағытта - АҚШ
(келушілер саны - 102,4 млн), содан кейін - Франция (93,3 млн), Испания (71
млн) және Гонконг (59,3 млн), ал Ұлыбритания жетінші орынға ие болуы
мүмкін. Барлығы 2020 жылға келушілердің саны 1,6 млрд жетеді, бұл 1995
жылмен салыстырғанда 3 есеге артық.
4-кесте. 2020 жылғы ең танымал туристік бағыттардың болжамы
Мемлекет Келушілердің Халықаралық Өсу динамикасы,
саны, млн адам нарықтағы үлесі, % 1995-2020 жж., %
Қытай 137,1 8,6 8,0
АҚШ 102,4 6,4 3,5
Франция 93,3 5,8 1,8
Испания 71,0 4,4 2,4
Гонконг 59,3 3,7 7,3
Италия 52,9 3,3 2,2
Ұлыбритания 52,8 3,3 3,0
Мексика 48,9 зд 3,6
Ресей 47,1 2,9 6,7
Чехия 44,0 2,7 4,0
Республикасы
Барлығы 708,8 44,2 -

Шығыс туризімінде маңызды өзгерістерді күтуге болады. Алыс
қашықтықтағы аймақаралық сапарлардың үлесі 1995 ж. 15%-дан 2010 ж. 25%-ға
дейін артады. Мұндай тенденцияны тұтынушылардың әрдайым жаңа туристік
мүмкіндіктерді іздеумен түсіндіруге болады. Сонымен қатар осы сапарлардың
бағасының төмендеуі байқалады. Осылайша халықаралық туризмдегі болжам
бойынша нарық құрылымының өзгерісі туралы болжам жасалады.

1.3 Қазақстандағы туризмнің даму эволюциясы
Туризм терең тарихи тамыр алып жатыр. Алғашқы ұйымдастырылатын
сапарлар көне заманнан бастап, ХІХ ғасырдың басына дейін болды. Бұл
сапарлардың мақсаттары мен мотивтері негізінен сол кездегі қажеттіліктер
мен мүмкіндіктерге байланысты болды. Нақтырақ айтсақ, қажылық, емделу,
сауда, емделу, сауда және білім мақсаттарында болды. Сапарларға шығуға тек
қана қоғамда жоғары дәрежесі бар адамдардың ғана мүмкіндіктері болды. Сол
кездегі туризмнің ерекше сипаты элитарлық және өзінділік болды. Туризм
саласындағы әйгілі ағылшын мамандары былай деп тұжырымдаған: емделу
мақсатындағы сапарлар туризмге бастау болды және алғашқы туристік ұйымдар
білім сипатын алды.
Шындығында да бұл кезеңде аристократтық туризм деп аталатын
туризмнің дамуымен сипаттайды. Яғни, бұл кезде шетелдік сапарларға бай
адамдардың қолы ғана жеткен.
Қазіргі кезде әлемдік туризмнің дамуын 4 негізгі тарихи кезеңге
бөлуге болады. Бұндай бөлудің негізін мынадай критерийлер қалайды:
туризмнің әлеуметтік және экономикалық алғышарттары, функциялары.
1-кезең.
Ежелгі заманнан бастап ХІХ ғасырдың басына дейін созылып, туризмнің
тарихи басы деп аталады. Бұл кезеңге сауда мақсаттарындағы, білім ой-
өрісті кеңейтуге, емдеу және қажылыққа байланысты сапарлар тән. Бұл
кезеңнің ерекшелігі - саяхаттардың элитарлығы және қозғалыс құралдарының
онша дамымағандығы.
2-кезең.
Бұл ХІХ ғасырдың басынан ХХ ғасырдың басына дейінгі кезеңді қамтиды.
Бұл кезеңде бай адамдар ғана саяхаттай алу мүмкіндігі болған соң
элитарлық туризмнің кезеңі ретінде сипатталады. Бұл кезеңде сонымен бірге,
жаппай туризмнің қалыптасуының негізі қаланды.
ХІХ ғасырдың басында пароход, паровоз сияқты көлік құралдарының пайда
болғандығынан бастап және жол желістерінің кеңеюінен туризм кең масштаб ала
бастады. Осылай жаппай туризмнің өскіндері пайда болды.
Жаппай туризмді дамытудың алғышарттар мыналар болып табылады:
-қоғам жағдайының өсуі;
-алдымен ақысы төленбейтін демалыстың одан соң ақысы төленетін
демалыстардың пайда болуы;
-ғылыми-техникалық прогресс, ол тек көліктің дамуына себепкер ғана
емес, сонымен оның арзандауына да себепші болды.
Алғашқы ұйымдастырған турды 1841 жылы ағылшындық Томас Кук
ұйымдастырды. Ол тур әлеуметтік мақсаттарға көзделген. Сөйтіп, Томас Кук
ұйымдасқан туризмді дамытудың негізін қалаушысына айналды. Ол туризмнің
көмегімен ағылшындардың бос уақыттарын өткізуді ұйымдастырды.
Сапар Франциядағы көрмеге ағылшын халқына арналып ұйымдастырылды.
Жолдаманың құны барлығ 14 шиллингті құрады. Бірақта Томас Кук бұл кезде
туризмді пайда алу үшін қолдануға болатынын білмеді.
1855 жылы алғашқы саяхат бюросы құрылды. Бұл бюро алғашқы турларды
қалыптастырып, оларды тұтынушыға өткізді. Бұл кезең үшін өзіндік
туризмнен басқа туризмнің ұйымдасқан түрлерінің пайда болуы тән. Томас Кук
алғаш рет 1856 жылы туристік агенттік ұйымдастырды. 1870 жылы өзінде
Томас Кук фирмасының 500 мың клиент-туристі болған. Бұл компанияның
клиенттерінің арасында әйгілі адамдар да болған. Мысалы, Марк Твен – ол
өзінің саяхатын толық жазған. Томас Кук сонымен бірге жерді айналып шығу
саяхатын ұсынған алғашқы адам болған. Ол турисерге жол чектерін қолдануды
да ұсынған. Яғни, қауіпсіздік мақсатында қолма-қол ақшаларды өзімен тасымас
үшін. 1882 жылы Томас Кук қоғамы алғашқы жерді айналып шығу турын
ұйымдастырды. Томас Кук 1892 ж. қайтыс болды. Оның ісін оның ұлы мен
компаньондары жалғастырды. Қазіргі кезде Томас Кук компаниясының әлемнің
барлық елдерінде 12 000 туристік фирмасы бар және 20 млн туристерге қызмет
көрсетеді.
Бұл кезеңді жеке сапарлардан ұйымдасқан туризмге көшу кезеңі деп
атауға болады. Саяхат бюроларын құрылуы басталды. Алғашқы отельдер мен
қонақүйлер іске қосылды.
3-кезең.
ХХ ғасырдың басынан ІІ дүниежүзілік соғысқа дейінгі кезеңді қамтиды.
Бұл кезеңде жаппай туризмге ауысу жүзеге асырылады және әлеуметтік
туризм даму алды. Бірақта 30-жылдардағы дағдарыс пен І дүниежүзілік соғыс
туризмнің дамуына кері әсерін тигізді.
4-кезең.
Бұл ІІ дүниежүзілік соғыстан кейін басталып, қазіргі кезге дейін
кезеңді қамтиды. Бұл кезеңде институттар, өнімдер, өндірістік циклдерді
ұйымдастыру және өндірістік әдістері бар туризмнің мықты индустриясы
қалыптастырылды. [9,75б].
Қазақ КСР-да туризмнің даму тарихы
КСРО – ның басқа да аудандары сияқты Қазақстанда да туризм екпінді
түрде дами бастады.
Қазақстанда туризмнің дамуы ХІХ ғасырда жергілікті немесе аймақтардан
келген әуесқой адамдар жалғыз басына немесе топ түрінде экскурсияларды,
жорықтарды және көрікті жерлерге серуендерді өткізе бастады. Ал ондай
көрікті жерлер Қазақстанның таулы аумақтарында көп болды.
ХІХ ғасырдың басында-ақ Верный қаласында Орыс тау қоғамының бөлімшесі
ашылып, 1927 жылға дейін іс-әрекет аясына болды. Жетісудің ең бірінші
туристі деп казак есаулы А.В. Хорошхинді айтуға болады, ол Іле-Алатауының
тау бөктерлерімен көп саяхат етіп, 1875 жылы оның ең биік шыңы Талғарды
бағындыруға әрекет жасады. Алайда, ол тек 4 мың метрлік биіктікке шыға
алды. Таулар Верный қаласының көптеген тұрғындарын өзіне тартты, бұл ұғымда
оқушы жастар мен интеллегенция үлесі көп болды. Мұндай жорықтарға Верныйда
тұрған Лев Толстойдың немересі Михаил Сухотин де қатысты. Тау инженері К.И.
Богданович оқушылармен жергілікті шатқалдарға экскурсиялар ұйымдастырды.
Олармен бірге Мүшкетовтың баласы да барып отырды. Верныйдың әйгілі ағаш
ұстасы П. Зенков Алма-Арасаннан Жусалы Кезең асуы арқылы Үлкен Алматы
көліне дейін өтті.
Әліби Жангельдин 1910-1912 жылдары таяу жер дүниесін айналып өтетін
саяхатын жүзеге асырды. Бұл саяхаттың мақсаты - өзінің білімін арттыру,
әуесқой адамның басқа елдермен танысуға ұмтылысы.
Ең алғашқы нұсқаушылардың бірі Г.И. Белоглазов болатын. 1925 жылдың
жазында ол әскерге шақырылатын жігіттермен Алматыдан Ыстық көлге дейін жаяу
жорық шекті. Ол басқарған жас туристтер тобы Озерный, Ақсу асуларын аты.
Чон-Ақсу өзені бойымен Сазановкаға (қазіргі Ананьево) дейін түсті.
Г.И. Белоглазов Алматының №10 мектебінде дене шынықтыру мұғалімі болып
жұмыс істеген. Өзінің оқушыларымен ол жақын жатқан шаткалға жиілеп шығып
отырды. 1926 жылы жазғы демалысында ол қайтадан оқушылармен Ыстық көл
жағалауларына сапар шекті. Біртіндеп секция жалпы қалалық масштабқа ие
болды.
1931 жылы республикамыздың астанасында Жетісу губерниялық мұражайы
жанынан Пролетарлық туризм мен экскурсиялардың бүкілодақтық қоғамының
бастауыш ұйымы ашылды (ТЭКҰ). Оның құрамында 10 адам енді. Оның
белсенділері арасында Г.И. Белоглазов, В.Д. Городецкий, Н.Н. Дублицкий және
т.б. Болды. Олардың бастауымен Қазақтық өлкетанымдық кеңесі құрылды.
Туристтік актив күшімен Горель шатқалында туристтер үшін тау лашығы
(үй) құрылып, 1936 жылы 50 орынды Горельник туристтік базасына айналады.
1936 жылдың қыркүйегінде ТЭҚҰ жабылып, оның орнына кәсіподақтар жанына
ұйымдастырылған Қазақтық туристтік-экскурсиялық басқармасы (ТЭБ) ашылды.
1955 жылы Алматыда Интурист Бүкілодақтық Акционерлік қоғамның
Қазақстандық бөлімшесі ашылды. 1956 жылдың 12 мамырында Алматыға 25
шетелдік турист келді, келесі жылы олардың саны 157-ге, ал 1971 жылы
Қазақстан 8 мың адам қабылдады. 1995 жылы әртүрлі елдерден келген
туристтердің саны 28 мың адамға, 2001 жылы 2507 адамға жетті. 1991 жылы
қоғам Қазақстан Интуристі ұлттық компаниясы болып қайта құрылды.
1965 жылы Қазақстан Республикасына туризм мен экскурсия одағы
ұйымдастырылады және 5- облыстық одақ құрылады: Алматы облысында, Шығыс
Қазақстан, Қарағанды, Орал және Шымкент облыстарында, сондай-ақ бұл
облыстарда экскурсия бюролары да ашылды.
Республиканың өте көркем жерлерінде жаңа туристтік базалар салына
бастайды: Баян аул – Павлодар облысындағы, Жансыбай көлінің жағасында,
Қарқаралы – Қарағанды облысының тау-орман көгалды алқабында, Алтай –
қойнау – Шығыс Қазақстан облысы Бұқтарма су қоймасының жағасында алтын бор
– Көкшетаудың тауларында. Қазақстан туристтік базасы Қырғызстанда Ыстық -
Көлінің жағалауында.
Туризмнің дамуына серпінді күш берген Елдегі туризм мен
экскурсиялардың ары қарай дамуы жөніндегі шаралар туралы қаулы болды (1969
ж). Қазақстанда туризм және экскурсиялар бойынша облыстық кеңестер,
экскурсиялық бюролар, саяхат және экскурсия бюролары ашыла бастады. Маңызды
орынды Республикадағы туризмнің материалдық базасын күшейту бойынша шаралар
– жаңа туристтік базалар мен қонақ үйлерді салу, оларды мейрамханалар,
кинотеатрлар және басқа да мәдени және тұрмыстық қызметтермен жабдықтау
алды. Туристтік құрал-жабдықтарды жалға беру орындары, моторлы қайық
стансциялары, мамандалған автобазалар ашылды.
Елдің бас қаласы Алматы: туризм қарқынды түрде дамыды. 1959 жылы
облыста Алматы турбазасы ашылып, қаланың сыртында орналасты. 1972 жылы
Алматыға жақын жерде Талғар ауданының Горный садовод ауылынан жоғарырақта
Алматау турбазасы ашылды. 1970 жылдан бастап Алматылық автобаза қаланың
және облыстық туристтік ұйымдарына қызмет көрсетіп келеді. 1975 жылы
биіктаулы мұз айдыны Медеу салынғалы Медеу және Алатау атты туристтік
қонақ үйлер де салына бастады. Алайда, мұның барлығы әлі де жеткіліксіз
еді.
1979 жылы Алматылық туристтердің қалалық клубының мәліметтері бойынша,
қалада 100 шақты туристтік секциялар, 7 туристтік клубы жұмыс істеді.
Туризммен айналысатындардың саны 213 мың адамнан асты (Алматыда бұл кезде
900 мыңдай тұрғын халық болды).
Тау туризмнің техникасы бойынша, жарыстар әдетке айналып, туристік
слеттер, туристтік кештер, Турист күні мейрамдары жыл сайын Горький
атындағы мәдениет пен демалыс Орталық паркінде ұйымдастырылып отырды.
1988 жылы КСРО-да туризмді басқару құрылымы өзгереді. Туризм мен
экскурсиялар бойынша кеңестердің орнына туристтік – экскурсиялық
бірлестіктер (ТЭБ) аймақтық қағидаға байланысты құрыла бастады.
Басқа республикалардағыдай, Қазақстанда ТЭБ – ге бұрын кеңестер
басшылығындағы туристтік кәсіпорындар мен ұйымдар енді (турбазалар, қонақ
үйлер, кемпингтер, тамақтандыру кәсіпорындары, автобазалар және т.б.).
Туризмде басталған қайта құрылыс туристтер клубтарының
қаржыландырылуын бірден қысқартып, кейіннен оларды шаруашылық есепке
өткізді. Олардың халықтың денсаулығын жақсартуға бағытталған іс-әрекеті
нашарлай бастады. Жорықтар, слеттер мен жарыстардың ұйымдастырылуы сирей
береді. Кейбір туристтік клубтар жабыла бастады.
Терең экономикалық дағдарыс Қазақстанға 1990 жылы келді, сонымен қатар
елдің нарықтық қатынастарға көшуі туризмнің дамуына үлкен әсерін тигізді.
Қоғамның кедейленуі мен әлеуметтік жағдайының әркелкілілігі туристтік
қозғалыстың бірден қысқаруына әкеліп соқты. 90-шы жылдарда туристтік
саяхаттарға қатысушы адамдардың саны күрт төмендеді. Қортыа келгенде,
қазіргі шақта жас егеменді Қазақстан Республикасына қазіргі тұрғыдағы
туризм индустриясын құру үшін барлық жұмыстарды жаңадан бастау керек.
Бүгінгі күнде туризм коммерциялық қызметтің ең қарқынды түрде дамып
келе жатқан түрі болып табылады. Қазіргі заманда әлемдегі әрбір 15-ші
жұмыскер туристтік және қонақ жай бизнесінде жұмыс істейді. Туризм үлесіне
әлемдік жалпы ұлттық өнімнің 6 % және әлемдік тұтынушылық шығындардың 11%
келеді. 1996 жылы халықаралық туризмнен түскен елдердің жиынтық табысы 425
млрд. АҚШ долларына жетті, ал ол әлемдік экспорттың 8 % және әлемдік қызмет
экспортының 13 бөлігін құрайды. Дүниежүзілік туристтік ұйымның болжамы
бойынша 2020 жылы туристтік сапарлардың саны 3 есеге көбейіп, 1,6 млрд.
адамға жетеді.
Қазақстан Республикасының Статистика Агенттігінің мәліметтері бойынша
соңғы жылдары кіру туризмі көлемінің 2002 жылы 3,7 млн.-ға, ал 2004 жылы
4,3 млн. туристтерге жеткен. Соңғы жылдары туризм географиясы кеңейіп келе
жатқанына қарамастан, Қазақстанға туристтердің көп бөлігі Германиядан (51,1
%) келеді, екінші орынды Ресей (30,6 %), үшінші орынды - Өзбекістан (24,6
%), төртінші орынды – Қытай (22,6 %), бесінші – АҚШ (5,7 %) алады.
[10,13б].
Қазақстан Республикасында туризмнің даму ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Спорттық-сауықтыру лагерьлер мен студентердің дене тәрбиесінің әдісі мен ұйымдастырылуы
Аудит түсінігі туралы
Халықаралық қонақ үй ісін ұйымдастырудың теориялық – әдістемелік негізі
Plaza Hotel қонақ үйіндегі ақпараттық технологияларға жалпы сипаттама
Кіші кәсіпорын жүйелерінің дамуы
Бюджеттік бағдарламалардың орындалуын бағалау проблемалары
Инновациялық экономиканың институттарының даму перспективасы
Спорттық - сауықтыру туризмі және салауатты өмір салтының қалыптасуы
Жалпы орта мектептерде оқушылардың дене мәдениетін қалыптастыру
Туристік қызметтің аспектілері
Пәндер