Интерактивті тақтамен жұмыс істеу



І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Интерактивтік тақта түсінігі
2.2 Бастауыш сыныптарда интерактивті тақтаны қолдану
2.3 Интерактивті тақтамен жұмыс істеу
ІІІ Жаттығулар
Пайдаланылған әдебиеттер
Интерактивтік тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі. Ол тақтаның /IPBOARD, ActivStudio, Smart Board/ бағдарламасы арқылы іске қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Активті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
Қазіргі уақытта білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі – inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін – бір толықтырып, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын оқыту барысы.
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы. Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың барлығы көрсетіледі.
“Активті экран” кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе болып табылады.
“Активті экран” бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатын белгілі болады.
Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне құжаттарды, Интернет ресурстарын қолдана алады.

Жоспар
І Кіріспе
ІІ Негізгі бөлім
2.1 Интерактивтік тақта түсінігі
2.2 Бастауыш сыныптарда интерактивті тақтаны қолдану
2.3 Интерактивті тақтамен жұмыс істеу
ІІІ Жаттығулар
Пайдаланылған әдебиеттер

Интерактивтік тақта түсінігі
Интерактивтік тақта – бұл компьютердің қосымша құрылғыларының бірі. Ол
тақтаның IPBOARD, ActivStudio, Smart Board бағдарламасы арқылы іске
қосылады. Бұл құрылғы компьютер, мультимедиялық проектор және ақпараттарды
енгізуге арналған активті қаламнан тұрады.
Активті қалам – бұл меңзерді басқару құрылғысы және компьютер мен тақта
арасындағы байланысты іске асырушы құрылғы.
Қазіргі уақытта білім беруде сабақ барысында интерактивті құралдарды
қолдануда. Интерактивті құралдардың көмегімен мұғалімнің, оқушының
шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылып отыр.
Білім берудегі интерактивті технология – мұндағы интерактивті сөзі –
inter (бірлесу), act (әрекет жасау) ұғымын білдіреді, сабақ барысында
оқушының топпен жұмыс жасауға қатыспауы мүмкін емес, бірін – бір
толықтырып, сабақ барысында барлық оқушылардың қатысуын ұйымдастыратын
оқыту барысы.
Флипчарт – бұл бірнеше қажетті беттерден тұратын негізгі жұмыс аймағы.
Бұл аймақта презентацияны құруға және оны көрсетуге қажетті құралдардың
барлығы көрсетіледі.
“Активті экран” кешені білім үрдісінде қолданылатын ақпаратты көрсетуге
және оны компьютермен басқаруға тағайындалған әмбебап интерактивтік жүйе
болып табылады.
“Активті экран” бағдарламалық – техникалық кешенінің дидактикалық
мақсатта пайдалану барысында олардың негізгі қызметі – жалпы ақпаратпен
кәсіби біліктілікті жетілдіру бағытында қолданып, сонымен қатар бұл
құралдың оқушылардың, ойлау және ойын қысқа және түсінікті түрде жеткізе
білу қабілетін, арттырып өз ойларын жаңа технология құралдары көмегімен
жүзеге асыруын қалыптастыруды қамтамасыз ете алатын белгілі болады.
Бағдарламалық – техникалық кешеннің құрамына кіретін интерактивтік
тақтаны оқытушыға сабақты қызықты және динамикалық түрде мультимедиялық
құралдар көмегімен оқушылардың қызығушылықтарын тудыратындай оқуға
мүмкіндік беретін визуалды қор деп те атауға болады. Сабақты түсіндіру
барысында мұғалім тақта алдында тұрып, бір мезетте мәтіндік, аудио, бейне
құжаттарды, Интернет ресурстарын қолдана алады.
Интерактивті құралдарды сабаққа пайдаланғанда дидактикалық бірнеше
мәселелерді шешуге көмектеседі:
Пән бойынша базалық білімді меңгеру;
Алған білімді жүйелеу;
Өзін - өзі бақылау дағдыларын қалыптастыру;
Жалпы оқуға деген ынтасын арттыру;
Оқушыларға оқу материалдарымен өздігінен жұмыс істегенде әдістемелік
көмек беру.

Бастауыш сыныптарда интерактивті тақтаны қолдану
Интерактивті тақтамен жаттығулар орындау барысында оқушының білім
меңгеруі барысында маңызды орын алады, өйткені жаттығулар қандай да бір
қызметтің, іс-әрекеттің негізін қалайды. Осындай маңызды қызметі бар
жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді нәтижелерге қол жеткізу
үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау шарттарын ғылыми негізде
анықтау қажет.
Оқушылардың тілі дамыған сайын мұғалімнің жетекшілігі азайып,
жаттығуларды балалар өз бетімен орындайды. Алғашында мұғалім балаларға
бақылау үлгісін көрсетіп, ойын жетектеп тиісті сөздерді ауыздарына салып,
басшылық етеді. Жаттығу балалардың ойын дамытатындай болуы тиіс.
Бастауыш сыныптарда қазақ тілін оқыту методикасы деген кітапта:
Түрлі жаттығулар жүйесін үзбей жүргізу нәтижесінде оқушылардың қазақ
тілінен алған білімі жетілдіріледі, өздігінен жұмыс істеудің машықтары
қалыптасады деп көрсетіледі.
Жаттығулар оқушының білім меңгеруі барысында маңызды орын алады,
өйткені жаттығулар қандай да бір қызметтің, іс-әрекеттің негізін қалайды.
Осындай маңызды қызметі бар жаттығу оқушының теориялық білім алуында тиімді
нәтижелерге қол жеткізу үшін, оларды тиімділікпен жасау, нәтижелі орындау
шарттарын ғылыми негізде анықтау керек.
Жаңа тақырып түсіндірілгеннен кейін жаттығу жұмыстары
орындалады.Жаттығу нәтижесінде оқушылар алған теориялық білімдерін
практикада тез де дәл қолдана алу дағдысына ие болады.Оқушының білімін
нақтылайды, әрі нығайтады; әрі өздігінен жұмыс істеуге жаттықтырады, ой
қабілетін арттырады. Шәкірттердің алған білімдерін бекіту мақсатында
жүргізілетін жаттығуларда мынадай талап қамтылуы керек.
Қазіргі таңда электрондық - есептеу техникаларын кеңінен пайдалану сол
немесе өзге елдердің экономикасы мен технологиясын дамыту көрсеткіштерінің
бірі болып табылады. Компьютерлік техниканың үдемелі, қарқынды дамуына
байланысты қоғамның ақпараттану процесі дамудың материалдық, энергетикалық
қөздеріне қарағанда маңызды факторға айналуда. Сондықтан, мектеп алдына
оқытудың дәстүрлі әдістемелерінің қайта қаралуын талап ететін жаңа
міндеттер қойылады: ол өсер ұрпақты қоғамның толық комьютеризациялау
шартындағы жұмысқа, өмірге дайындау.
Бастауыш мектептің білім саласындағы комьютеризация мәселесі
біріншіден, комьютерлік оқудың тиісті материалдық базасын, яғни техникалық
күрделіліктерден хабары жоқ пайдаланушыға қажетті операцияларды жүргізуге
мүмкіндік беретін сенімді, кеңінен таралған комьютерлерді жасау, екіншіден,
оқушыларды информатика мен есептеу техникалары негіздерімен таныстыру,
үшіншіден, компьютерді оқу процесінде қолданудың бағдарламалық, оқу-
әдістемелік және ұйымдық қамтамасыз етілуін әзірлеу және пайдалану болып
табылады.
Оқушылардың білімі мен дағдыларын бақылау үшін интерактивті тақтаны
пайдалану бақылаудың дәстүрлі әдістері мен құралдарында табылатын көптеген
кемшіліктерді жояды. Бұл компьютердің бақылаулық дәстүрлі құралдарының
алдында келесі артықшылықтары негізінде мүмкін болып табылады:
1. Ол оқу ақпаратының ұсыну мүмкіндігін елеулі түрде кеңейтеді.
Түстерді, графикаларды, мультипликацияларды, дыбысты,бейнетехниканың
барлық заманалы құралдарын қолдану қызметтің іс жүзіндегі жағдаятын
жасауға мүмкіндік береді.
2. Компьютер оқу мотивациясын күшейтуге мүмкіндік береді. Дұрыс
шешімдерін кеңейтіп, сонымен қатар педагогтардың оқушыға жиі
қолданатын насихаты мен сөгіс жариялауын қолданбай отырып, оқу
есептерінің ұсыныстарын реттеуге мүмкіндік береді.
3. Оқу материалдарын ұсынумен бірге жауаптарды тіркеп қана қоймай,
оқушылардың жауаптары мен сұраныстарын талдау мүмкіндігі;
4. Жұмыс барысында оқушылар тарапынан жасалатын қателерге диагностика
жүргізу мүмкіндігімен кері байланыстың болуы- оқытудың дәстүрлі
түрлерінің негізгі кемшіліктерінің бірі мұғалімнің оқу қызметінің
аса маңызды сәттерін бақылауға алуына мүмкіндіктерінің жоқтығынан
болады.
Қазақстан Республикасының Білім туралы жаңа Заңында Жастардың жалпы
орта білімін одан әрі жетілдіру және жалпы білім беретін мектептің жұмыс
жағдайын жақсарту туралы қаулысында Бастауыш мектеп балаларды жан-жақты
дамытудың негізін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интерактивті тақта – жаңа заман талабы
Бастауыш сынып математика сабағындағы интерактивті тақтаны қолдану тиімділігі
Химияны оқыту әдістемсі
Интерактивті тақтаны орнату
«Математика пәнін оқытуда СТО технологиясын пайдалану»
Көркем еңбекті оқытудың педагогикалық негіздері
Activ studio жалпы мағлұмат
Физика пәндерін оқытуда ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану
Оқыту үрдісінде интерактивті тақтаны пайдалану әдістері
Бастауыш сынып оқушыларын техникалық құралдар арқылы оқытудың тиімділігі
Пәндер