Жаңа оқыту технологиясы арқылы колледж студенттерінің ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың маңызы


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

Кіріспе . . . 2

І бөлім. Жаңа оқыту технологиясы арқылы колледж студенттерінің ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың маңызы.

  1. Колледж студенттерінің ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың ғылыми- педагогикалық негіздері . . . 7
  2. «Жаңа Оқу технологиясы» түсінігі, мәні, мағынасы . . . 18

II бөлім. Колледж студенттерін жаңа оқыту технологиясы арқылы
дүниетанымын қалыптастыру

2. 1 Колледж студенттерінің ғылыми дүниетанымын жаңа технология негізінде қалыптастырудың педагогикалық негіздері . . . 41

2. 2. Жаңа оқыту технологясы арқылы колледж студенттерінің ғылыми дүниетанымын қалыптастыру әдістемелері . . . 48

Қорытынды . . . 60

Пайдаланылған әдебиет . . . 63

Кіріспе

Зерттеудің көкейтестілігі: Егеменді қоғамымыздың әлеуметтік,
экономикалық және саяси жедел жаңарулары, экономика мен өндірістік
күштердің қарқынды дамулары орта мектептің жоғары оқу орындарының,
тікелей оқу процесінің жетілдіруін талап етеді.

Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық іс-әрекетін арттыру мәселелері
педагогика ғылымы мен практикасының ең бір көкейтесті проблемаларының
біріне жатады.

Адамдар өмірінің барлық салаларында-матералдық өндірісте, қоғамдық
қатынастарда болып жатқан терең өзгерістер, интенсивті беріліп жатқан
ақпараттар, мектеп бітірушілерден, қазіргі білім беру жүйесінен ақыл-ой мен
дененің жоғары дамуын, өндірістің ғылыми-техникалық және экономикалық
негізгін терең білуді талап етеді. Нарықтық экономика жағдайында адамның
кәдеге асуының шешуші факторы болып оның белсенділігі, жаңа әлеуметтік-
экономикалық қарым-қатынастарда өз позициясын табу қабілеті болып
табылады. Сондықтан қазіргі мектеп оқушыларының белсенділігін
қалыптастыруға бағытталуы тиіс. Мұнда шешуші болып мектеп жасындағы
іс-әрекеттің негізгісі ретіндегі ғылыми дүние танымдық іс-әрекетті
қалыптастыру болып табылады. Педагогика саласында қызмет атқарып жүрген алдыңғы қатарлы
ғалымдардың, психологтар мен педагогтардың әр-түрлі жастағы
оқушылардың ғылыми дүние танымдық іс-әрекетінің интенсивті
дамытудың заңдылықтары мен шарттары өзіне назарын аудартады.
Оқушылардың ғылыми дүниетанымдық іс-әрекеттің табиғаты терең
педагогикалық зертеуді талап ететін күрделі психологиялық проблема. Ол
білім берудің қазіргі жағдайларындағы жаңа деңгейіне ерекше мәнділікке ие
болады. Колледжді қажетті талаптарға сай даярлау, түрлендіру арқылы,
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптарын лайықты дәрежеде оқу орнын жетілдіру басты шарттардың бірі. Әрине, ең алдымен
оқу процесін халықаралық талаптарға сай жасалынған мемлекеттік
жалпыға міндетті білім беру стандарты талаптары бойынша оқу процесін
жоспарлау өткізу қажет, сонда болашақ маманды жетілдіру, дамытып,
олардың кәсіби мәдениетін жоғары, сапалы дәрежеге жеткізеді. Білім беруді сапаландыру, оқушылардың ғылыми дүниетанымдық
қабілетін интенсивті арттыру, біліктілігін арттыру, кәсіби мәдениетті
деңгейге жеткізу үшін әрбір оқу уақыттарын ұтымды пайдалану, қарқын мен
тиімділікті еселеу, мақсатты оқуды жетілдіру арқылы оқу процесін нәтижелі
етуге болады. Біздің қоғамның оқу-тәрбие процесін дамытуға талаптарын Елбасы
Жолдауларынан айқын көреміз, егерде ҚР Президентінің дәстүрлі жылдағы
Жолдауларын тыңғылықты, мүлтіксіз жұмыс істеу арқылы
орындасақ, адамның сана сезімінің дамуы таным үдерісі бойынша іске асады.
Табиғаттағы заттар, қоршаған ортадағы құбылыстар, қоғамдағы өзгерістер,
даму үдерісі, олардың қасиетттері, өзара қарым-қатынастарының адам
санасында нақты бейнелерді жасау, оларды тану жүйесі ретінде білінуін,
оларды білуіміз таным. Таным-ол жинақталған білім, тәжірибелерді үйрену, іс-тәжірибелерді өзі
байқау, өзінің тіршілікке үлесі, еңбек етуі барысында адамның өзін қоршаған
әлем жайлы: заттар, құбылыстар, процестер, қоғам, олардың қарым-
қатынастары, заңдылықтар, өсу-өну, даму динамикасы және оларды көру,
есту, зерделеу, салыстыру қорытындылау көзқарастарын қалыптастыру
себеп-салдарын, қасиеттерін, олардың ақиқаттығын шынайы болмысын тани
білу. Дүние-ол тек бізді қоршаған әлем-табиғат қана емес, ол адам, адам мен
адамның қарым қатынасы, ол табиғат, табиғат заттары мен құбылыстары, ол-
қоғам. Таным дегеніміз айнала қоршаған әлем объективті түрде өмір сүретін
болғандықтан, оның заттары мен құбылыстары санада бейнеленеді. Көру, сезіну, түйсіну, сезім талдаушылары арқылы заттар мен
кұбылыстарды қабылдаймыз, олар сол күйінде санада бейнеленеді.

Таным үдерісінің негізгі заңдылықтарына таным теориясы - гносеология
зерттейді. Таным теориясы бойынша болмысқа қатысты ұғымдардың
қалыптасуы мен дамуы, оның акиқаттылығы мен нысанды қатынастары
айқындалады. Таным үдерісінің даму динамикасы, табиғаты, зандылықтары,
тарихы, жолы ғылыми тұрғыдан зерттеліп, зерделеу диалектикалық
материализм тұрғысынан сараланады.

Диалектикалық материализм таным үдерісінде бейнелеу ұстанымен
басшылыққа алады, ал оның қозғаушы күші-практика, қарама-қайшылықтар,
теориялық және практикалық ғылыми түсініктердің бірін-бірі қуаттамауы
болып шығады, егер бірін-бірі толықтыратын болса, олардың дұрыс
шындықты білдіргені болып табылады. Бейнелеу-танып білуге тиісті нысан
және танушы субъектінің арасындағы карым-қатынас.

Табиғаттағы кез-келген зерттеліп, зерделенген нысанның ішкі жақтары,
олардың өзара байланыстары, оның өмір сүруі және даму заңдылықтары
ғылыми теорияда тұжырымдалады. Теория-ғылыми танымның ең жоғары
нәтижесі. Теория-белгілі бір ғылым саласында басшылыққа алатын идеялар
жүйесі. Теориямен әдіс философиялық ілімнің жүйесін құрайды. Ал, ғылыми тұрғыдан дәлелденбеген болжамға негізделген теория-
гипотеза болып есептеледі. Гипотеза-сенімді ғылыми теория болуы үшін
тәжірибеде дәлелденіп, фактілермен расталып ұсынылған болжамның
ғылыми негізделуін қажет етеді. Әдіснамалық (зерттеу әдістері туралы ілім)
тұрғьдан ғылыми теория мынадай міндеттерді атқарады:

  1. Түсіндіру-нысанның болмысын, мән-мағынасын, даму заңдылықтарынашу;
  2. Болжау-теориялық зерттеу нысанының болмысын, ішкі табиғатын ашуарқылы оның болашақтағы даму бағытын көрсету;
  3. Әдіснамалық міндет-теория арқылы сол ғылымның салаларына сайдамуына жол ашу;
  4. Оқушылардың өзіндік жұмыстарын интенсификациялау оқусапасын арттыруды қамтамасыз ететіндігін эксперимент көрсетті(олимпиадалар, сайыстар, ¥БТ, кешенді тест, тәртіптің жақсаруы, өзін-өзітани түсуі) ;
  5. Оқытудың техникалық құралдарын оқыту техникамен, мультимедиалық дүниемен қатар, үйлесімдіпайдалану арқылы оқу процесін интенсификациялауды зерделеу, зерттеу;
  6. Зерттеу жұмыстарының нәтижелерін байқаулардан өткізу, жетілдірулер жасау, оқу процесін интенсификациялауға жүйелі тәсілдерменұштай түсу;
  7. Оқу процесін интенсификациялау мен кемшіліктерін зертеулер, талдаулар арқылыоқытудың методологиялық негіздерін нақтылау.

Зерттеудің ақиқаттығы жоғары сынып оқушыларын қарқынды оқытудың
методологиялық негіздері, оқу процесін қарқындатудың жүйелік
тәсілдемесі, мектептен тыс ағарту жүйелерінің оқу процесін
интенсификациялау үлесі, педагогикалық шарттар, жайлы түсініктер,
құралдар, оқытудың мазмұны Қазақстанның, Ресейдің, Түркияның оқу
орындарындағы мәліметтер, зерттеу нәтижелері конференцияларды
салыстырылды, талдаулар жасалды. Көптеген факторлар есепке алынып,
ұсыныстар толықтырылып, түзетулер енгізіліп, қосымша бағдарламалар
жасалып, зерттеу және өңдеу әдістері педагогика-методологиялық
негіздердің толықтырылуына жеткізілді.

Зерттеудің мақсаты: Жалпы орта білім беретін колледждерге заманауи ақпараттық технологияларды қолдану жүйесін ғылыми-теориялық жағынан негіздеу және әдістемелік талдау жасау.

Зерттеудің объектісі: Жалпы орта білім беруші колледждердегі қолданылатын жаңа білім беру технологиялары.

Зерттеу пәні: Орта білім беруші колледждердегі оқыту процесіне енгізіліп отырған жаңа технологияларды жан-жақты зерттеу.

Зерттеу міндеттері:

1. Оқу процесін оқушылардың ғылыми дүниетанымдық
қабілетінің интенсивті қалыптасу технологиясының түсінігін ашу.

  1. Оқу процесінде мемлекеттік жалпыға міндетті білім берустандарттары талаптарын жүзеге асырудың жүйелі , дидактикалық талдамалар жасап, ғылыми дүниетанымдық қабілеті интенсивті қалыптасу технологиясының педагогикалық шарттарын анықтап, оны жүзеге сапалы асырудың теориялық негіздерін, әдістемелік бағытын ашу.
  2. Оқу процесін интенсификациялауға технологиясыныңжүйелі тәсілдемесін іске асыру формуласын алу.
  3. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартты талаптарын орындау үшін оқу процесін интенсификациялау технологиясына жүйелі тәсілдеме мазмұнын және кұралдарына талдама жасау, тәсілдемесінің озық тәжірибелері зерделенді, интенсивті оқытудың технологиясына талдама жасалды және оны байқауларданөткізді.

Зерттеудің әдіснамалық негіздері: Жаңа технологиялардың оқыту үдерісін жақсарту туралы танымдық пікірлер, тұжырымдамалыр, пікірлер, ғылыми зерттеулер мен болжамдар.

Зерттеудің көздері: педагогтар, философтар, психологтар, жүйелік
тәсілдеме саласындағы мамандардың еңбектері, оқулықтар, оқу құралдары,
ғылыми-әдістемелік жұмыстар, автордың жетекшілігінде жүргізілген
еңбектер мен зерттеулері арқылы алынған нәтижелері.
«Қазақстан -2050 даму» Стратегиялық жолдауы-жасампаздық жолдауы
аталынған, кезең-кезеңмен жүзеге асырылып келеді, сонда ғана біздер
бәсекеге лайықты білім беруді қамтамасыз етеміз, дамыған 50 елдің
қатарына ену және жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан болып калыптасу
еңбек, бірлік, тірлік, тәжірибелерге талдау жасай жоспарлау арқылы ілгері
дамып жетілеміз. Бұл үлкен жоспар, ал оларды жүзеге асыру біздерден
жауапкершілікті талап етеді.

Қоғамның талабы мен мектептің ғылыми дүниетанымдық іс-әрекет
оқушыны субъект ретінде дамытудағы қарама-қайшылықты шешуге
бағытталған зерттеу жүргізудің қажеттігі тұды. Сондай-ақ бұл
қажеттілік ғылыми дүниетанымдық іс-әрекетті белсенділендірудің ғылыми
негізінің және әдістемесінің жеткілікті зерттелуінен де туындайды. Бұл
біздің ғылыми зерттеуге алған проблемамыздың мәнін құрайды және
біздің дипломдық жұмыстың тақырыбын төмендегідей
тұжырымдауға мүмкіндік береді: «Жаңа оқыту технологиясы арқылы жоғары сынып оқушыларының ғылыми дүниетанымын қалыптастыру».

Оқу процесінде оқушылардың ғылыми дүниетанымдық қабілетін
интенсивті дамыту үшін педагогика саласындағы отандық және шет
елдік ғалымдардың жалпы педагогика, психология, философия т. б.
салаларындағы зерттеу нәтижелерін жүйелілікпен, шығармашылық
қорытындылаулар бойына тиісті шешімдер, ұсыныстар, нұсқаулар жасап,
игеріп, іс-тәжірибелерде пайдалану керек. Жүйелі тәсілдеме жасау, оқу-танымдық ойлауларын жүйелендіру, оқу-танымдық, еңбек ету, өзін-өзі дамыту қызметтерін өздері басқара білуге үйрету, баулу.

Зерттеу жұмысының құрылымы:

Зерттеу кезінде (2013-2014 жылы) оқу процесінің жалпы
жағдайлары, оқу процесінің тиімділігінің төмендігінің себептері және білім
алушылардың өзіндік жұмысының нашарлығы, әрине оларды жетілдіру және
дамыту жолдары, оқытуды қарқындатудың теориясы және практикасы,
философия, психология, педагогика, пәндерді оқыту методикасы, жүйелі тәсілдеме және басқа білімдер саласының ғалымдары және мамандардың
еңбектері жете қатыстырылды.

І тарау. Жаңа оқыту технологиясы арқылы колледж студенттерінің ғылыми дүниетанымын қалыптастырудың маңызы.

1. 1 Колледж студенттерінің ғылыми дүниетанымын қалыптастырудыц ғылыми-педагогикалық негіздері

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың 2014 жылы 17 қаңтардағы «Қазақстан жолы-2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Қазақстан халқына жолдауындағы алтыншы басымдығында былай деген болатын: Біздің болашаққа барар жолымыз қазақстандықтардың әлеуетін ашатын жаңа мүмкіндіктер жасауға байланысты. ХХІ ғасырдағы дамыған ел дегеніміз - белсенді, білімді және денсаулығы мықты азаматтар. Бұл үшін біз не істеуіміз керек? Біріншіден, барлық дамыған елдердің сапалы бірегей білім беру жүйесі бар. Ұлттық білім берудің барлық буынының сапасын жақсартуда бізді ауқымды жұмыс күтіп тұр. 2020 жылға қарай Қазақстандағы 3-6 жас аралығындағы балаларды мектепке дейінгі біліммен 100 пайыз қамту жоспарлануда. Сондықтан оларға заманауи бағдарламалар мен оқыту әдістемелерін, білікті мамандар ұсыну маңызды. Орта білім жүйесінде жалпы білім беретін мектептерді Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі оқыту деңгейіне жеткізу керек. Мектеп түлектері қазақ, орыс және ағылшын тілдерін білуге тиіс. Оларды оқытуда жаңа технологияларды қолдау нәтижесі оқушылардың сындарлы ойлау, өзіндік ізденіс пен ақпаратты терең талдау машығын игеру болуға тиіс. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеті - ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктері негізінде жеке адамды қалыптастыруға және кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу», - деп білім беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін әрбір білім беру мекемесіндегі ұжымның, әрбір мұғалімнің күнделікті ізденісі арқылы барлық жаңалықтармен қайта құру, өзкерістерге батыл жол ашатын жаңа практикаға, жаңа қарым-қатынасқа өту қажеттігі туындайды. Қазіргі кездегі жоғарі білім беру қоғам талаптарын қанағаттандырудың бірнеше жүйелерін қарастырады, яғни ғылымды, білімді және өндірісті интеграциялау түрі ретінде ғылыми оқу-өндірістік кешендер құру; оқытуды және студент еңбегін дараландыру, білім берруді ізгілендіру; оқытушылардың кәсіби даярлығына жоғары талап қою, жоғары оқу орнында болашақ мұғалімдерді даярлау мен олардың кәксіби деңгейін көтеруде педагог құзыреттітітілігін жаңа технологиялар негізінде көтеру. Мұндай процесс әлемнің түрлі елдерінде олардың ұлттық ерекшеліктеріне, экономикалық жағдайына, білім беру жүйесінің дәстүрлеріне қарай әртүрлі деңгейде көрініс тапқан. Жеке тұлғаны жан-жақты дамыту шеңберінде білім берудің, мақсаты мен мәнінің өзгеруі «Білім беру технологиясы» деп аталатын жаңа ұғымның пайда болуына ықпал етті. Бұл ұғымның мәнін білім беру процесін өздігінше дамытатын жүйе деп түсінуге болады, онда білім алушылардың қызметті жетекші факторы болып табылып, оқыту мұғаліммен білім алушының субъектаралық өзара әрекетін қарастыратын және олардың мүмкіндіктерін қамтамасыз ететін рефлекциялық басқару ретінде көрінеді. Н. Ә. Назарбаевтың «Инновациялар мен оқу-білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына» - атты тақырыпты оқыған лекциясында «Мұғалімдердің жаңа ұрпағы білім деңгейі жөнінен әлдеқайда жоғары болуы керек. Ол шін формацияның педагогы қажет», - деген. Қазіргі мұғалім:

  1. Педагогикалық үдерісті жүйелі жұмыс істей алатын;
  2. Педагогикалық өзгерістерге тез төселгіш;
  3. Жаңаша ойлау жүйесін меңгере алатын;
  4. Оқушымен ортақ тіл табыса алатын;
  5. Білімді, шебер, іскер болуы тиіс.

Келер ұрпаққа қоғам талабына сай тәрбие мен білім беруде мұғалімдердің инновациялық іс-әрекеттің ғылыми - педагогикалық негізерін меңгеруі- маңызды мәселелердің бірі. Ал ғылым мен техниканың жедел дамыған, мәліметтер ағыны күшейген ХХІ ғасырда жан-жақты дамыған шығармашыл жеке тұлғаны қалыптастыру мектептің басты міндеті болып саналады. Қазіргі заманғы Қазақстан Республикасындағы білім жүйесінің даму кезеңі оның түпкі негізі мен әдіснамасын қозғайтын кең көлемді реформалармен сипатталады. Мемлекеттік бағдарлама бойынша 2010-2020 жылдар аралығында Қазақстан Республикасында үздіксіз білім беру жүйесі дамуының әр деңгейінде толығымен жаңа білім беру үлгісі енгізіледі. Егер де жалпы білім беретін мектептер мен жоғары оқу орындары жас ұрпақтарға жинақталған білім қорын тапсыру мәселелерін тиімді түрде шешетін болса, үздіксіз білім беру идеясы қазіргі жағдайларда жүзеге асырылуы мүмкін, олар мыналар: ақпаратпен жұмыс істеу, жаңа білім құру, мұнымен қоса негізгісі- дамушы әлем жайында қажетті білім деңгейін қолдау әдістеріне үйрету. Сондықтан да әр оқытушы мен оқушыға «оқыту» мен «оқу» процестерін меңгеру үшін, ең алдымен, міндетті түрле, туған тілін, ғылым тілін және технология тілдерін игеру сонымен қатар оларды кәсіби қызмет негізі ретінде қарастыру қажет. Уақыт өткен сайын білім саласының әлеуметтік рөлі де нығайып келеді. Бұған дәлел- бүгінгі таңда еліміздің білім беру мекемелерінің алдында Қазақстан Республикасының 2050-жылға дейінгі стратегиялық дамуын жүзеге асыру, 2015 жылға дейінгі Қазақстандағы білім беру Тұжырымдамасының бекітілуі. Осы аталған құжаттардың көздеген мақсаттары бір арнаға тоғысады. Ондағы мақсат- білім беру мекемелерінің мамандарына еліміздің болашағы- жастарды терең біліммен сусындату, яғни бір сөзбен айтқанда бәсекеге қабілетті ұрпақ дайындау мәселесі болып табылады. Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2050» Республика халқына жолдауында айқындалған негізгі басымдармен міндеттерді жүзеге асыру үшін білім мазмұнын жаңартумен қатар оқудың өзіндік жаңа жолын, қазіргі заманғы педагогикалық технологиясын қалыптастыру- өмірдің талабы болып отыр. Сондай-ақ «Қазақстан-білім» деп аталатын Назарбаев университетінде оқыған лекциясында білім сапасн арттыру жөнінде тұжырымды ой айта келіп, білім нәрімен сусындататын біздің асыл да ардақты ұстаздарымызда ға үлкен міндеттерді жүктегені барлығымызға мәлім. Ендеше, келешекте Қазақстанның қарыштап дамуына үлес қосатын бүгінгі ұрпақ- ертеңгі азамат болғандықтан, оқу-тәрбие үдерісін жаңартып, білім сапасын арттыру- оқытушылар құзырындағы өте үлкен жауапты іс. Біздің қоршаған әлемді ақиқат тану жаңа білім алуға, жинақталған
білімдерімізді, өмірлік тәжірибемізді дамытуға, өзара салыстырып бағалауға
жеткізеді, білімдер жүйесін қорытындылап, түрлендіріп, толықтыра беруге,
оқу процесі арқылы жаңа білімдерді игеруге ұмтылдырады, игерілген
білімдер негізінде іс-тәжірибеміздегі алда тұрған міндеттерді шешуге жол
табады. Оқыту процесіндегі таным теориясын зерделесек экономикалық
жедел даму кезеңінде, әлеуметтік-экономикалық қатынастардың қазіргі
кезеңінде, ғылыми-техникалық прогрестің дамуы, жалпыға міндетті білім беру стандарты, сапа менеджменті жүйесі, ұлттық бірыңғай тестілеу, т. б. «Ел межесі елулік» деп түйінделген асыл арман-мақсатымызға жетуге лайықталған баспалдақтар іспеттес. «Қазақстанның стратегиясы: инновациялар мен білім беруді дамыту арқылы-
білім экономикасьша өту жолы. Білім ақпараттық қоғамда құнның негізіне
айналып барады. Білім беру ұғымдарының өзі өзгеруде және кеңеюде. Жеке
тұлғаны функциялық әзірлеу тұжырымдамасынан жеке тұлғаны дамыту
тұжырымдамасына көшу жүріп жатыр. Үздіксіз білім беру, ересектердің
білім алуы барған сайын үлкен мәнге ие болуда. Ақыр соңында, білім берудің
халықаралық интеграциясы жүріп жатыр» деген маңызды, тарихи мәні бар,
алдағы жылдарға арналған бағдарлама есебінде түсінуге болатын
тұжырымдамаларды санамызға сіңіріп, белгіленген «Ел межесі-елуліктің»
іске асырылуы тиісті күрделі жауапты, абыройға жеткізетін жасампаздық
жоспар деп түсінеміз (Н. Ә. Назарбаев Инновациялармен оқу білімді жетілдіру арқылы білім экономикасына «Егемен Қазақстан» 2010 жылдың 27 мамыры) .
Жаңа білімнің туындау проблемасы, көпшілік оқыту процесінде оларды
қарқынды игеруге, оларды практикада қолдану, нақты маңызды
жағдайлардан оңтайлы жол таба білуге жеткізетін білім, біліктілік тәжірибе
осы қазіргі XXI ғасырға лайықталынуы осы кезендегі таным теориясы мен
методологиясының сапалылығын байқатады. Оқу процесін интенсификациялау технологиясының педагогикалық шарты
методологиялық негізі диалектикалық әдіс, таным процесін динамикада
қарастырады, білмеуден білуге, жеткілікті түсінбеуден жете түсінуге, терең
тиянақты, сапалы білуге және іс-тәжірибеде қолдана білуге, нысандарды
(заттар, құбылыстар, ұғымдар, ақпараттар, уақиғалар, жағдайлар және т. б. )
танудан олардың мәнін білуге, заңдылақтары, байланыстары және
қатынастарын жете-түсінуге қатысты жылжу, белестерге көтерілу деп
қарастырылады. Ғылыми дүниетаным білімге, біліктілікке,
тәжірибеге сүйенеді, таным теориясының заңдылықтары адамның
ойлау қызметін адамның сезімдік қабылдау және ойлауына тәуелсіз
қоршаған ақиқатты нысанды түсіну және игеруге бағыттайды. Ғылыми
дүниетаным процесі философиялық тұрғыдан қарағанда мақсатты
ұйымдастырылған арнаулы оқу процесіндегі танымнан сезу, қабылдау,
елестету, түсіну және басқа ойлау амалдарының әрекеттерімен өзгешілігі
байқалады. Оқу орындарындағы оқу процестері зерделену нысандарын тануда сезімдік түрлеріне қосымша түрлі дәрежедегі, формадағы тақырыпқа
тікелей байланысты көрнекті құралдар, электронды, мультимедиялық
құралдар арқылы танымның ойлау процесі кеңінен түсінуге, тануға жеткізе
түседі, практикалық әрекеттермен толықтыру көзделеді. Түрлі техникалық
құралдар, жабдықтар, приборлар, аппаратуралар адамдардың ойлау,
қабылдау мүмкіндіктерін ұлғайтады және тереңдетеді, қоршаған әлемді
тиімді және қарқынды тануының тиімділігін арттырады. ҚРҰҒА академигі Ж. М. Әбділдиннің пікірі бойынша ғылыми дүниетаным
дегеніміз ол нысанды қайта шығарып, түсінігін баяндайтын күрделі
диалектикалық процесс. Нысанды акиқатты теориялық ойлаумен қайта
шығару мүмкін, егерде нысан барлық құбылыстармен барлық
байланыстармен қарастырылса, ол дегеніміз тұтас және нақты. Сонымен,
қоршаған ақиқат ортаны тұтас қарастыру диалектикалық танымның маңызды
элементі. Танымал ғалым Ж. М. Әбділдин өзінің еңбегінде нысанды ақиқатты
танудың нақгылығы диалектикалық болуы маңызды, субъектінің танымдағы
белсенділігік принципі аса қажет. Адамның ойлауы білімге негізделіп,
біріншіден денені тұтас қарастыруы қажет, екіншіден санақ жүйесінде,
салыстыру ескеріліп, ол дене қайда, қалай бағалануы тиісті, сонда таным
процесінде қателіктер азаяды, таным жеделдетіледі, қисынды дұрыс танитын
болады.

Нысанды ақиқатты тану ерекше бейнеленуімен тұтас таным түрінде
қарастырылады. Бейнелеу ақиқаттың дұрыс байқалуы, білінуі, түсінуі таным
теориясының пәні, гносеология.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогикалық колледждерде бастауыш мектеп мұғалімдерінің математикадан дамыта оқытуға әдістемелік даярлығын арттыру
Білім беру мазмұны және оқу жоспары, бағдарламалар, оқулықтар
Саралап оқыту технологиясының мәні
Колледж студенттерінің танымдық іс-әрекетін дамытудағы оқу үрдісіндегі белсенді педагогикалық-психологиялық құралдардың әсері
Колледжде дуальді оқыту жүйесін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
Математика курсын кәсіптік - бағдарлы оқыту мәселелері
Студенттердің өзіндік жұмысын ұйымдастыру
Техникалық және кәсіптік білім беруде аналитикалық химияны арнайы пәндермен байланыстыра оқыту әдістемесі
ОҚЫТУДЫҢ ҮШ ӨЛШЕМДІ ӘДІСТЕМЕЛІК ЖҮЙЕСІ ТЕХНОЛОГИЯСЫ АРҚЫЛЫ ОҚЫТУДЫҢ ТӘСІЛДЕРІ
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz